Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Әлемдік классика негізгі капиталға инвестициялау туралы

XX ғасырда экономикалық теорияға едәуір үлес қосқан атақты ғалымдар зерттеген проблемалардың әрқилы болуына қарамастан олардың еңбектерінің теориялық негізін экономикалық өсу және бәсекелестіктің кейнсиандық үлгісі құраған еді. Біз мұны олардың ғылыми шығармашылығына Дж.М. Кейнстің едәуір әсері болғанын қайсыбір еңбектерінде арнайы атап өтулерінен байқаймыз. Олар белгілі Кембридж, Гарвард экономикалық мектептерінің өкілдерінен құралған ғалым-экономистер шоғыры болатын.

Дж. Кейнс 1936 жылдың ақпанында жарық  көрген  өзі-  нің атақты «Жұмыспен қамту, пайыз және ақшаның жалпы теориясы» еңбегін 1930 жылдардың бірінші жартысында жазып бітірді. Кейнстің теориялық жүйесіндегі басты мәселелер жиынтық сұраныс элементтері, соның ішінде, әсіресе негізгі капиталды инвестициялау болып табылады. Негізгі капиталды инвестициялау үдерістеріндегі өзгерістер нақты ұлттық табыс пен жұмыспен қамту деңгейлеріндегі өзгерістердің негізгі себебі болатындығы жан-жақты сараптау арқылы дәлелденген еді. Қисынды тізбек нәтижесінде рыноктық экономиканың ішкі тұрақсыздығы көрсетіліп, оның қалыпты жағдайының өзі мәжбүрлі жұмыссыздықпен сипатталатындығы анықталды. Сондықтан да рыноктық шаруашылықтың макроэкономикалық қызметі мемлекеттік бақылауды қажетсінеді.

Адам ақша инвестициялаған кезде шығарылатын өнімді сатудан ағымдағы шығындарды шегергеннен кейінгі алынатын болашақ табыстарды иемденуге құқылы. Бұл табыстарға ол мүлікті пайдалану мерзімі барысында қол жеткізуге тырысады. Дж. Кейнс бұл жылдық табыстар қатарын Q1 Q2…Qn деп белгілеп, инвестициядан күтілетін табыстар деп атайды. Инвестициядан күтілетін табыстарға қарама-қарсы күрделі мүліктің ұсыныс бағасын осы сәтте рыноктан сатып алынатын мүліктің рыноктық бағасы деп емес, осы мүліктің қосымша бірлігін шығаруға өндірушіні ниеттендіруге жеткілікті баға деп түсініп, оны мүліктің орнын толтыру құны деп атайды. Күтілген табысты күрделі мүліктің ұсыныс бағасымен немесе орның толтыру құнымен байланыстыратын қатынас, яғни күрделі мүліктің осы түрінің қосымша бірлігі әкелетін күтілген табыс пен осы бірлікті  өндіру  бағасы  арасындағы  қатынас  капиталдың осы түрінің шекті тиімділігін көрсетеді. Дәлірек айтқанда дейді Дж. Кейнс «Мен капиталдың шекті тиімділігін күрделі мүліктен қызмет мерзімі барысында күтілетін табыстарды бірқатар жылдық табыстардың қазіргі құнын оның ұсыныс бағасымен теңдестіре алатын есептеу ставкасының мөлшері деп санаймын. Осылайша біз күрделі мүліктің жекелеген түрлерінің шекті тиімділігін анықтай аламыз. Бұл шекті тиімділіктердің ең үлкенін бүкіл капиталдың шекті тиімділігі ретінде қарастыруға болады»[1].

Бұл жерде капиталдың шекті тиімділігі күтілетін табыс және күрделі мүліктің ағымдағы ұсыныс бағасы негізінде анықталып отыр. Ол мүліктің қызмет мерзімі соңында оның бастапқы құнына қатысты инвестициялаудың нәтижесінен емес, жаңадан өңдірілген мүлікке ақша салудан түсетін табыс нормасына тәуелді.

Егер уақыттың қайсыбір кезеңі  барысын-  да капиталдың бір түріне инвсетиция көбейген болса, онда инвестиция өскен сайын оның шекті тиімділігі кеми түседі – оның бір себебі капиталдың осы түрінің ұсынысы өскен сайын күтілетін табыс құлдырайды, тағы бір себебі тиісті күрделі игіліктер өндірісі қуаттарына көбірек салмақ түссе, олардың ұсыныс бағасы да жоғарылай түседі. Уақыттың қысқа аралықтарында тепе-теңдікті орнықтыру үшін көрсетілген екінші фактор маңызды, бірақ ұзақ кезеңдерді қарастыратын болсақ, бірінші фактордың маңыздылығы арта түседі.

Ағымдағы инвестициялардың нақты мөлшері, шекті тиімділігі ағымдағы пайыз нормасынан аспайтын күрделі мүліктің ешқандай түрі қалмағанға дейін өсуге ұмтылады. Басқаша айтқанда, инвестицияның мөлшері жиынтық капиталдың жекті тиімділігі рыноктық пайыз нормасына тең болғанға дейінгі инвестициялық сұраныстың графигі нүктесіне қарай жылжи береді.

Бұдан шығатыны инвестициялауға ниет жартылай инвестициялық сұраныс графигіне тәуелді болса, жартылай пайыз нормасына тәуелді болып келеді.

Шекті өтімділік немесе табыс, тиімділік немесе пайдалылық – капиталдың біз жиі пайдаланылатын терминдері осылар.

Ең кем дегенде Кейнстің пікірінше, «мұнда түсініксіз үш пункт бар. Біріншіден, әңгіме қосымша натуралды бірліктегі капиталды пайдалануға байланысты натуралды мәндегі өнімнің нақты бірлігіндегі өсімі туралы болып отыр ма, жоқ әлде пайдаланылатын капиталдың қосымша бірлігінің құндылығы жоғарылауымен байланысты өнім құндылығының өсімі туралы ма?

Бірінші жағдайда, капиталдың натуралды бірлігін анықтау кезінде қиыншылықтар туады. Екіншіден, капиталдың шекті тиімділігі қандай болмасын абсолютті шама болып табыла ма деген сұрақ туындайды немесе мүмкін ол арақатынас түрінде көрінетін шығар. Егер оның астарындағы мәніне зер салатын болсақ және оны пайыз нормасындай шама ретінде қарастырсақ, онда оны арақатынас деп есептеуге болады. Солай болғанның өзінде, бұл қандай екі шаманың арақатынасы екендігі түсініксіз»[2].

Ең соңында, ескерусіз қалдырылса бәрінен де үлкен шатасулар мен түсініксіздіктерді туындататын ерекшеліктер бар – ол қалыптасқан жағдайда қосымша капиталды пайдалану арқылы алынатын құндылықтың өсімі мен қосымша күрделі мүліктердің қызмет етуінің толық мерзімі бойынша алынатын бірқатар өсімдер арасындағы айырмашылық, яғни Q1,Q2…Qn.... арасындағы айырмашылықтар. Мұның өзі экономикалық теориядағы жорамалдардың рөлі туралы үлкен проблеманы көтереді. Капиталдың шекті тиімділігі туралы пікірталастардың көпшілігінде Q1ден басқа көрсетілген қатардың ешқайсысына ешқандай назар аударылмай келеді. Егер біз Q барлық жағдайда бірдей болатын статистикалық теория шеңберінде қалғымыз келмесе, мұны сол қалпында қалдыруға болмайды. Капитал әрбір ағымдағы уақыт кезеңінде өзінің шекті өнімін алады деген бөлу теориясында қабылданған қағида қозғалыссыз жағдайда бейімделген және солай түсіндірілгенде ғана шындыққа жанасады. Капиталдан түсетін ағымдағы жиынтық табыстың оның шекті тиімділігіне тікелей қатысы жоқ. Сонымен берге, капиталдың шекті бірлігінен түсетін ағымдағы табыс (яғни өнім ұсынысы бағасын анықтауға қатысатын капиталдан табыс) пайдаланудың шекті шығындарына тең болады және мұның да капиталдың шекті тиімділігімен тікелей байланысы жоқ.

Дж. Кейнс ұсынған анықтама А. Маршаллдың пікірлеріне өте жақын тұр деп есептеуге болады. А. Маршаллдың өзі өндіріс факторының «шекті таза тиімділігі» деген түсінікті қолданған немесе басқаша айтқанда капиталдың шекті пайдалылығы деп атауға әбден болады. А. Маршаллдың пікірінше: «Қандай болмасын фабрикада құны 100 фунт стерлинг тұратын қосымша машиналарды қолдану арқылы осы машиналардың амортизациясын шегере отырып, қосымша шығын шығармай-ақ фабрикаға жыл сайын қосымша 3 фунт стерлинг таза түсімді қамтамасыз етуге болады. Егер инвесторлар жоғары пайда табу есебімен капиталын өзі қалаған жерге салатын болса және осы атқарылып, тепе-теңдік орнықтырылғаннан кейін түскен табыс осы машиналарды қолдану бойынша шығындарды дәлме-дәл жабады, олай болса біз бұдан пайыздың жылдық нормасы 3% деген қорытынды шығарамыз. Бірақ мұндай мысалдар құнды анықтайтын ішкі күштердің бір бөлігіне ғана тән. Оларды пайыз теориясында да, жалақы теориясында да ашып, анықтау шыға алмайтын шеңберге түскенмен бірдей мүмкін емес [3].

Егер осы пайымдаулар тізбегімен жүре берсек, шын мәніде пайыз нормасы қанша болуы керек деген анықтаманы іздеу жолында шыға алмайтын шеңбердің ішінде  қалатынымызды  А. Маршалл жақсы түсінген.

Капиталдың шекті тиімділігі ұғымының мәні мен мағынасы туралы мәселедегі ең үлкен шатасу – ол тиімділік көрсеткіші капиталдың ағымдағы қайтарымына емес, капиталдың күтілетін табысқа тәуелді екендігі фактісін түсінбеуден туындап отыр. Мұны дұрыстап көрсету үшін капиталдың шекті тиімділігіне болашақта күтілетін өндіріс шығындары өзгерістерінің – мейлі ол еңбек бағасының өзгеруі нәтижесінде пайда болсын (яғни жалақы бірлігінде) немесе технологияны жаңғырту мен қайта құру нәтижесінде мүмкін болсын, тигізетін әсерін көрсету арқылы жетуге болады. Ал, жаңа жабдықтар болса өндірілетін өнімнің бағасы тиісті деңгейге төмендегенге дейін қосымша үлкен мөлшерде көбейтіліп қолдана береді. Бұдан басқа, жабдықтардың ескісін бе, жаңасын ба пайдаланудан түсетін кәсіпкерлік пайда (ақшалай), егер бұл жабдықтарда арзан өнім шығарылатын болса төмендетілетін болады. Осындай өзгерістердің ертерек қолға алуының жоғары немесе төмен ықтималдығына байланысты қолданыста бар капиталдың шекті тиімділігі керісінше кеми түседі.

Мұның өзі ақшаның құндылығының өзгерісі жөніндегі болжамдардың ағымдағы өндіріс көлеміне әсер ету факторы болып табылады. Ақшаның құнсыздануы туралы болжам инвестицияларды ынталандырады және соған сәйкес жалпы жұмыспен қамтуды жоғарылатады, себебі ол капиталдың шекті тиімділігі графигін жоғары жылжытады, яғни бұл инвестициялық сұраныс графигі жоғарылай түседі деген сөз. Ақша құнының жоғарылауы туралы жорамалдың күйзелісті әсері де бар, себебі ондай жорамал капиталдың шекті тиімділігі графигінің төмен жылжуына едәуір ықпал етеді.

Болашақта орын алатын ақша құнының өзгерістерін капиталдың қолда бар қорының шекті тиімділігі емес, оны бірінші болып пайыз нарығы сезеді деген жорамал да қателік болып табылады. Қолданыстағы активтердің әрқашан ақша құнының болашақта күтілетін өзгерістеріне автоматты түрде жаңасы кетеді. Мұндай күтілетін өзгерістердің маңыздылығы олардың жаңа активтерді өндіруге дайындыққа әсерінде (капиталдың шекті тиімділігі арқылы) болса керек. Бағалардың күтілетін өсуінің ынталандырушы әсері осыған байланысты пайыз қойылымының жоғарлауымен емес, осыған байланысты капиталдың қолда бар қорының шекті тиімділігінің жоғарылауы негізінде мүмкін болады. Егер пайыз нормасы капиталдың шекті тиімділігемен қатар жоғарласа баға өсуін күту ешқандай да ынталандырушы әсер етпес еді. Өндірісті кеңейтуге ынталылық пайыз нормасына қатысты капиталдың шекті тиімділігінің өсуімен анықталатыны даусыз.

Пайыз нормасының төмендеуін күту капиталдың шекті тиімділігі графигіне төмендеткіш әсер етеді, себебі қолда бар жабдықта өндірілген өнім осы жабдықтың қызмет мерзімі бір бөлігінің ұзақтығы бойынша оның таза түсімі кем болғанның өзінде тиімділігі жоғары жабдықтарда өндірілген өніммен бәсекелесе алуы тиіс. Көрсетілген күтулердің аса көп күйзелісті әсері болмайды, себебі әртүрлі мерзімдегі займдар бойынша болашақ пайыз мөлшерлемелері туралы түсініктер қолданыстағы мөлшерлемелер жиынтығынан да өз көрінісін табады. Дегенмен, кейбір күйзелісті әсердің болуы да мүмкін, өйткені қолданыстағы жабдықта оның қызмет мерзімі соңына қарай шығарылған өнімнің жаңа жабдықта шығарылған өніммен бәсекелесуіне тура келеді. Ал, жаңа жабдықта өндірілген өнім қазіргі қолданыстағы жабдықтың қызмет мерзімі аяқталған соң да пайыз нормасы төмендеуіне сәйкес табыс нормасы жоғарылаған кезде де өнім шығаруды жалғастыруы әбден ықтимал жағдай болып табылады.

Капиталдың қолда бар қорының шекті тиімділігінің күтулердегі өзгерістерден тәуелділігін түсіну маңызды, өйткені дәл осы тәуелділіктің өзі капиталдың шекті тиімділігін қатты тербелістерге ұшыратады да, экономикалық циклдарды түсінуге мүмкіндік береді.

Инвестиция көлеміне әсер ететін, кейде шатастырылатын, бірақ ажыратылуы қажет тәуекелдің екі түрі белгілі. Оның біріншісі – күтілген табысқа қолының жетер-жетпесіне күдігі бар кәсіпкердің немесе қарыз алушының тәуекелі. Егер адам картаға өзінің меншікті ақшасын салатын болса, онда әңгіме тәуекелдің дәл осы түрі туралы. Ал ақшаны қарызға және несиеге беретін жүйеде тәуекелдің екінші түрі орын алады, оның қарыз берушінің тәуекелі деп атаймыз. Бұл тәуекел қарыз алушының адалдығына күдіктенумен байланысты болуы мүмкін, яғни әдейі ұйымдастырылған банкроттық қауіп-қатерден немесе міндеттемесін орындаудан жалтару әрекетімен немесе қарыз алушының өзін ақтамаған есептеулерінен немесе қарыздың орнын толтыру көлемінің жеткіліксіздігінен туындайтын амалсыз банкроттық қатерлермен байланысты болуы мүмкін. Бұл қатарға тәуекелдің тағы да үшінші түрін қосуға болар еді – ол ақшалай қарыздың нақты мүлікпен салыстырғандағы сенімділігі төменду екендігіне байланысты тәуекел және ақша стандарты бірлігінің ықтимал құнсыздануы қаупінен пайда болатын тәуекел. Дегенмен, мұндай қатердің орны толығымен немесе толықтай дерлік ұзақ пайдаланылатын мүлікпен толтырылуы тиіс.

Байқасақ, тәуекелдің бірінші түрі белгілі мағынада қоғамдық қажетті шығындар түрінде көрінеді екен, соның өзінде де оларды тәуекелдіктерді өзара теңестіру жолымен де, жорамалдың дәлдігін жоғарылату жолымен де төмендету мүмкіндіктері бар. Ал, тәуекелдің екінші түрі кредитор мен қарыз алушы бір тұлға ретінде көрінген жағдайда орын алмайтын инвестиция құнына таза қосымша болып табылады. Егер қолға алынып отырған іс тәуекелді болса, онда қарыз алушы күтілетін табыс пен қарыз алу үшін тиімді деген пайыз нормасы арасындағы айырмашылықтың едәуір қашықтығын қалаған болу еді. Сонымен бірге дәл осы себептің өзі қарыз берушіні берген қарыз ақшасының көбірек пайда әкелуін көздеген пиғылы таза пайыз нормасына қарағанда оның тағайындаған ставкасының жоғарылау болуына итермелейді. Қарыз алушының тәуекелді теңестіретін ұтымды нәтижесіне деген үміті қарыз берушіге ешқандай жұбаныш бола алмайды.

Капиталдың шекті тиімділігі графигінің іргелі маңызы бар, себебі негізінен осы фактор арқылы (пайыз нормасынан едәуір артық) жорамалданған болашақ, қазіргі ағымдағы жағдайға әсер етеді. Капиталдың шекті тиімділігін күрделі жабдықтардан түсетін ағымдағы табыс деп қате анықтау осы шақпен болар шақтың теориясы байланыстарының бұзылуына алып келеді.

Белгілі ағылшын ғалымы Р.Ф. Харрод мультипликатор тұжырымдамасын сыртқы  сауда-  ға қатысты дамытты, сондай-ақ экономикалық циклға кейнсиандық түсіндірме бере отырып, оның себептерін мультипликатор мен акселератордың  өзара  әрекеттесуінен  тапты.  Р. Харрод өзінің «Экономикалық динамика теориясы туралы» еңбегінде «...дегенмен Кейнстің «Жал-  пы теориясында» басты рөлді статикалық емес ұғым атқарады, сондықтан да «Жалпы теория» динамикамен байланыстырылғанға дейін бізді қанағаттандыра алмайды. Көптеген экономистер статика теориясына таңуға құмартқан шектеулер өздерінің мағынасыздығымен мені таң қалдырады. Ал, шын мәніндегі түбегейлі шектеулер бар, бірақ олар танымал емес. «Жалпы теорияда» үлкен рөл атқаратын оңды жинақ өзінің мән-мазмұны бойынша динамикалық ұғым болып табылады», – деп қорытты [4].

«Американдық Кейнс» атанған Гарвард университетінің профессоры Элвин Хансен әлемдік танымалдыққа 1951 жылы жарияланған «Экономикалық циклдар және ұлттық табыс» еңбегі арқылы жетті. Сараптаудың кейнстік сипатын тереңдету арқылы Э. Хансен Дж.М. Кейнстің көптеген қорытындыларын толықтырып, негіздей түсті. «Ұлттық табысты жан-жақты зерттеу қазір дәстүрлі кейнсиандық көзқарас деп саналатын жинақ және инвестиция тұжырымдамасын да дамыта түседі. Таза инвестициялар деңгейін анықтайтын факторлар капиталдың шекті өнімділігі, жаңашылдық, біліктілік деңгейі, күтулер сияқты факторлардан құралады» [5].

Атақты «Кембридж мектебінің» түлегі және мақтанышы Джон Вайолет Робинсон 1936 жылға дейін А. Маршаллдың ең сенімді ізбасары болды, ал одан кейін кейнсиандықтың ең жалынды жақтасы болды, ал кейін неорикардиандық және неокейнсиандық мектеп көшбасшыларының бірі болды. 1956 жылы Дж. Робинсон өзінің белгілі шығармасы «Капиталдың қорлануы» кітабын жариялады. Бұл шығарма Кейнс теориясын ұзақ мерзімді өсу және капиталдың қорлануы мәселелерімен толықтырды. «Біз, – дейді Дж. Робинсон,бизнесменнің капиталға алған пайда нормасы туралы айтқанда пайда мен капиталды ақша сомалары ретінде қарастыруға үйреніп алдық. Капитал инвестицияланбаған қаржы шағында бизнесменнің таза түсімінің ақшалай сомасы секілді ақша сомасы болып табылады. Бірақ, бұл екеуі уақыт ағымы бойынша бірдей емес. Капитал ақша сомасы ретінде қалыптасқанда пайда әлі жасала қоймады. Пайда жасалғанда капитал ақша болудан қалып, зауытқа айналып кетеді. Зауыттың құнын оның бастапқы бағасынан ауытқуына себепкер кез келген жағдай туындауы мүмкін. Сонда, біз бағаның күтілмеген құлдырауы жағдайындағы немесе зауытты инвестициялау қолға алынған кездегі зауыттың қарамағында қалған капиталды  қалайша  қарастыруымыз керек?» [6]. Дж. Робинсон сөздерінің мәні мынада: капиталдың құндық шамасын тап басып, анықтау мүмкін емес. Оның өзгерістерінің себептері көптүрлі, сондықтан құны бойынша капиталды санау арқылы өлшейтін бірлікті табу мүмкіндіктері жоққа тән.

Әлемдік экономика классиктерінің XX ғасырдың бастауындағы ойшыл тұжырымдары бүгінгі күні де өздерінің көкейкестілігінен айырылған жоқ. Бұған мысал ретінде АҚШ Федералды Резервінің, Еуроодақ орталық банкінің капиталға инвестициялауды қолдауға бағытталған пайыз мөлшерлемелерін төмендету арқылы сандық жұмсарту, жеңілдету шараларын айтсақ жеткілікті. Әңгіме экономикалық теория классиктерін айна-қатесіз қайталауда емес, әңгіме олардың іргелі идеялары мен тұжырымдарын басшылыққа ала отырып бүгінгі қаржы-экономикалық болмыс тәжірибесінде шығармашылықпен қолдануда болса керек.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Кейнс Дж. Общая теория занятости, процентов и денег. – М: Дело, 2001. – С.158-159.
  2. Кейнс Дж. Общая теория занятости, процентов и денег. – М: Дело, 2001. – С.183-186.
  3. Marshall Principles of Economics (Принципы экономики). – М: Мысль, 1986. – С.116-117.
  4. Horrod F. Towards and Dynamic Economics. – London: Macmillan & Co, 1964. – P.47-48.
  5. Hansen E. Business Cycles and National Income. – Ма: Дело, 1986. – С.96-97.
  6. Robinson J. The Accumulation of Capital. – М: Мысль, 986. – С.81-82.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.