Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

ГАТТ шеңберінде ауылшаруашылық жабдықтарының импортына қатысты кемсітушілік жөніндегі дауға құқықтық талдау

Дауларды реттеу жүйесі көпжақты сауда жүйесін алдын ала болжауға мүмкіндік береді және қауіпсіздікті қамтамасыз етеді [1]. Бүгінгі күні Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болып кіруіне байланысты келіссөздерін ескере отырып, аталған ұйымдағы дауларды мұқият зерттеу еліміздің маңызды және өзекті мәселелердің біріне айналуда.

Елбасы Н.Ә. Назарбаев «2012 жылы Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі бойынша келіссөздер аяқталуы тиіс» [2] дей отырып, «Үкімет Қазақстанның экономикалық даму басымдықтарына сай келетін жағдайларда Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру үдерісін жандандыруы тиіс» [3] екенін атап өтеді.

ДСҰ-ның көптеген келісімдері Қазақстан үшін өзекті болып табылатындығы екені бәрімізге мәлім: ол ұйымға косылу ел экономикасына жағымды әсерлерімен қатар жағымсыз әсер етуі де мүмкін. Алайда осыған орай, Қазақстанның аталмыш ұйымға кіруінің салдарына дайын болу үшін ДСҰ қызметін мұқият жан-жақты зерттеу қажет. Алдымен, мүшелікке дайындалу және болашақта осыдан пайда табу үшін ДСҰ шеңберінде туындаған дауларды реттеу тетіктері қалай жұмыс істейтінін, ДСҰ мүше-мемлекеттеріне қандай мүмкіндіктер берілетінін, бұл процедураларға жүгінген кезде қандай киындықтар туындауы мүмкін екенін анықтап, түсініп алған жөн.

Халықаралық интеграциялық үрдістерге Қазақстанның белсенді қатысуы сыртқы  нарыққа отандық тауарларды экспорттауға ықпалын тигізеді. Бұл Қазақстанның құқықтық негізіне және тәжірибесіне бағытталған жағдайды жандандыру үшін әлеммен мойындалған дауларды реттеу тетіктерінің элементтерін халықаралық ұлттық стандарттарға айналдыруды қажет етеді. Осы тұрғыдан алғанда, халықаралық сауда мәселелерін шешуде үкіметаралық ұйымдардың  мүмкіндіктерін  жиі  қолдану  –  жаһандық кезеңдегі әдістердің негізі. Бүгінгі күні Қазақстан тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің қазақстандық нарығына қолжетімділік бойынша ДСҰ-ға 29 мүше елмен екіжақты келіссөздерін аяқтап, тиісті хаттамаларға қол қойды [4].

Жалпы Дүниежүзілік сауда ұйымы 1995 жылы халықаралық сауданы либерализациялау және мүше-мемлекеттердің сауда-саяси қатынастарын реттеу мақсатында құрылып, өзінің келісімдерімен бүкіл әлемдегі мемлекеттердің арасында туындайтын дауларды шешудің дамыған жүйесін қалыптастырды. Аталған жүйе бойынша 1995 жылдың қаңтар айынан бастап 460 шағым беріліп, соның ішінде шамамен 200ге жуығы толық құқықтық сараптамадан өткен. Ал қалғаны дауласқан елдердің өз мүдделері үшін сот талқылауынсыз реттелген. Олардың барлығы ұзаққа созылмай өңделген болатын. Дүниежүзілік сауда ұйымы өзінің бастауын 1947-1994 жылдар аралығында халықаралық сауда-экономикалық байланыстарды реттеп отырған Тарифтер мен сауда жөніндегі Бас келісімнен алады. Ол әлемдік сауданы реттейтін маңызды аппаратқа айналды. Әрине, Дүниежүзілік сауда ұйымы ұзақ уақыт бойы Бас келісімге жүгініп келе жатқаны анық, дегенмен ДСҰ халықаралық аренада пайда болған бір ерекше құбылыс. Себебі қазіргі кезде оған мүшелік етіп отырған 160 [5] мемлекеттің экономикасын реттеп, олардың арасында әртүрлі салаларда туындап отырған дауларды бейбіт жолмен шешу аса күрделі міндеті аталған ұйымға жүктеледі.

Дүниежүзілік сауда ұйымының дауларды шешу бойынша осы уақытқа дейінгі жинаған тәжірибесінің жалпы бүкіл әлемдегі мемлекеттердің дауларын бейбіт және нәтижелі шешілуінде алатын орны ерекше екені белгілі. ДСҰ шеңберіндегі дауларды тауарларға, зияткерлік меншікке және қызметтерге қатысты туындаған даулар деп бөліп қарастыруға болады. Соның ішінде тауарларға байланысты туындаған даулардың саны айтарлықтай өте көп екендігін атап өту қажет.

Дегенмен тікелей ДСҰ аясында қарастырылған тауарларға қатысты дауларға көшпес бұрын, оның ізашары болған Бас келісімнің өз тәжірибесінде орын алған осындай даулардың кейбіреулеріне ерекше тоқталу қажет.

 Негізгі бөлім

 ГАТТ тәжірибесінде де даулар көбінесе тауарларға және оның импорты мен экспортына байланысты болған. Мәселен, ГАТТ дауларды шешу тәжірибесінде орын алған Ұлыбритания мен Италия арасындағы «Ауылшаруашылық жабдықтарының импортына қатысты кемсітушілік» дауын сарапқа салатын болсақ, бұл істе негізгі шағымның ГАТТ-ң ІІІ бабы, яғни Ұлттық режимге қатысты түскендігін аңғаруға болады. ГАТТ аралық тобының баяндамасы Келісуші тараптармен 1958 жылы 23 қазанда қабылданған болатын [6]. Бұл істе Ұлыбритания – жауапкер, ал Италия – талапкер болды.

Даудың мән-жайына үңілетін болсақ, 1952 жылдың 25 шілдесіндегі №949 Заң негізінде Италия үкіметімен арнайы қор құрылды. Ол Ауылшаруашылығы және орман шаруашылығы министрлігімен бөлінетін қаражаттар арқылы италиялық ауылшаруашылық техниканы иеленуге арнайы inter alia несиесін беруді қамтыған болатын. Аталған қор бюджеттік қаражаттан құрылған. Несиелер бес жылдық мерзімге 3% жылдық ставкалармен ұсынылып, жабдықтар құнының 75%-ын жауып отыратын болды. Сонымен қатар пайыздар мен несиенің негізгі сомасы қаражаттың алдағы уақытта несие ретінде қолданылуы үшін қорға қайтарылып отырды. Несие алушы шетелде шығарылған жабдықтарды алатын жағдайда, несиелеу шарттары азырақ жағымды болды. Нақтырақ айтатын болсақ, несие 10% жылдық ставкалармен беріліп отырған. 1949 жылы бұл заң күшіне енбей тұрып, әр үрлі ауылшаруашылық техникаға импорттық баж салықтары Бас келісім нормаларымен  байлаулы болған. Соның ішінде цилиндрлерінің көлемі 7000 текше см-ге дейінгі ішкі жану қозғалтқышты тракторларға 40%-дық адвалорлық баж бекітілген. 1956 жылы болған келіссөздер барысында Италия осы тракторларға салынатын бажды 32%-дық мөлшерлемеге төмендеткен болатын.

Ұлыбритания Италия әрекеттеріне ұлттық режимді бұзды деген айыппен шағым жасады. ГАТТ ІІІ бабының 1-тармағында: «Келісуші Тараптар, ішкі сауда-саттыққа, тауарларды сату, сатып алу, тасымалдау, бөлу және қолдану ұсыныстарына қатысты ішкі салықтар мен басқа да ішкі алымдар, ережелер, заңдар мен талаптар, сондай-ақ тауарлардың белгілі бір мөлшерлерде және үлестерде араласуын, жасап шығарылуын және қолданылуын талап ететін сандық реттеудің ішкі ережелері импортталушы немесе отандық тауарға ішкі өндірісті қорғайтындай қолданылмауы тиіс», – делінген. Іс жүзінде, шетелдік ауылшаруашылық жабдықтарын сатып алуға, отандық ауылшаруашылық жабдықтарын иеленумен салыстырғанда, айтарлықтай қолайсыз жағдайлар туғызылды. Ұлыбритания делегациясының пікірінше, бұл ГАТТ-ң ІІІ бабына ашық түрде қайшы келді, сонымен қатар Ұлыбритания делегациясы бұл шағымда үкімет тарапынан ауылшаруашылық жабдықтарының италиялық жасап шығарушыларына бөлінуі мүмкін болған болжамды субсидиялар таласқа түспейтіндігін жариялады.

Бұған жауап ретінде италиялық делегация Бас келісімнің әрекет ету аясы сауданы реттейтін шаралармен ғана шектелгендігін, ал ІІІ: 4-баптың мәтіні тек тікелей сауда шарттарына, тасымалдануына және т.б. байланысты заңдарға, регламенттерге және талаптарға ғана қатысты болғандығын, сонымен қатар бұл баптың ережелерін кең түрде талқылаудың қажеті болмағандығын жария етті. Соның ішінде, қарастырылып отырған бапқа сәйкес, Келісуші Тараптардың міндеттемелері тауарларға деген сандық және сапалық талаптармен шектеліп, ал осы талаптарға сәйкес олар ішкі нарықта сату не сатып алу заты боуы мүмкін болған деп белгіленді. Сонымен қатар Италияның №949 заңы елдің экономикасының дамуы мен жұмысбастылық жағдайын жақсартуға бағытталған, ГАТТ ІІІ бабының жалғыз реттеу заты болып табылатын импортталушы немесе отандық тауарларды сату, сатып алу, тасымалдау шарттарына қатысы болмағандығын жариялады. Осылайша, ГАТТ ІІІ бабының ережелерін кең түрде талқылау дұрыс болмады. Себебі бұл Келісуші Тараптардың ішкі экономикалық саясаттарын қалыптастыруда және жүзеге асыруда олардың құқықтарының шектелуіне алып келді.

Топ баяндамасын сараптайтын болсақ, Аралық топ негізгі назарын Италияның №949 заңының әрекет етуі Ұлыбританияға залал тигізді ме және ондай залал Бас келісімге сәйкес берілген Италия артықшылықтарының төмендеуіне әкелді ме деген сұрақтарға аударды.

Топ сияқты, екі Тарап та ГАТТ ІІІ бабы бойынша, артықшылықтарды жою немесе қысқарту Бас келісім ережелеріне қарама-қайшы келетін шаралар нәтижесі де, Бас келісімге қайшы келмеген шаралар нәтижесі де болуы мүмкін деген бір пікірде болды. Топ 1952-1957 жылдар аралығында Италияға тракторлардың импортталу статистикасын зерттеп, абсолютті сандарда болар-болмас өзгерістерге қарамастан, бірте-бірте импортталушы тракторлар санының қысқаруы орын алғандығы туралы қорытындыға келді. Бір жағынан италиялық тракторлар өндірісі өскен. Осы статистикаға сүйене отырып, Ұлыбритания үкіметі импорт үлесінің қысқаруы №949 заң салдарынан болды деп жариялады. Оған Италия делегациясы италиялық нарықта ұлттық өндірушілердің үлесі Екінші дүниежүзілік соғысынан кейінгі кезеңде жеткізілімдердің жақсаруы мен италиялық тракторлардың ұлттық ауылшаруашылық жағдайларына жақсы бейімделуіне байланысты болды деген жауап қайтарды.

Топ Ұлыбритания мен Италия арасындағы келіссөздер барысында Италия үкіметі ауылшаруашылық техникасын алу жүйесіне қатысты кез келген өзгеріс салдарлары белгілі  бір қиындықтар себебіне айналуы мүмкін деген ұстанымда болғандығын атап өтті. Соның ішінде №949 заң шығарылған жеріне қарамай, барлық тракторларға қолданылатын болса, бұл ел бюджетіне қиындықтар алып келетіні анық. Италиялық өндіріс тракторларын сатып алушыларға жеңілдікті несие беру сияқты орнатылған шектеулер италиялық машина жасауды дамытуға  көмектесу  мақсатында  қажет  болды. Топ

№949 заң әрекетінің италиялық және шетелдік өндіріс тракторларын иемденуге таралуы италиялық үкіметте қаржылық қиындықтардың туындауына алып келуі мүмкін емес деген қорытындыға келді. Ұлыбритания бюджеттік ақша бөлулерді (ассигнация) қысқартуды емес, шетелдік ауылшаруашылық техникасын сатып алушылар үшін тең жағдай жасауды сұраған болатын. Италиялық өнеркәсіп 32 %-дық адвалорлық импорттық баж арқылы қорғалып отырғандығы тағы да бар. Сондықтан да Топ италиялық сияқты шетелдік ауылшаруашылық техникасын сатып алушыларға жеңілдікті несиелер беру мемлекеттің экономикалық дамуына қайткенде де кедергі бола алады деген италиялық тарап қорытындысының негізсіздігіне сілтеді. Нәтижесінде, Италия шаралары ГАТТ-ң ІІІ бабына сәйкес емес деп танылып, бақталастық жағдайына тигізген қолайсыз әсерін жою үшін орынды мерзім аралығында №949 заңға өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар берілген болатын.

Қорытынды

 Аталмыш дау тәжірибесінде ГАТТ-ң ІІІ бабы бойынша ұлттық режимге байланысты туындаған алғашқы прецедент (үлгі боларлық) болып табылатындығын атап өту қажет. Ұлттық режим қағидасы ГАТТ/ДСҰ-ның негізін қалаушы қағида болып табылады. Ұлттық режимнің мақсаты шетелдік және ұлттық тауарлар үшін тең бәсекелестік жағдайын жасау болып табылады. Бұл қағиданы кез келген бұзу көпжақты сауда келіссөздерін жүргізу кезінде мемлекеттер өзара ұсынатын шөгінулерді жояды, ал ол артықшылықтардың жойылуына немесе қысқаруына алып келеді. Ұлттық режимді бұзу шетелдік тауарларға қосымша алымдар мен салықтар салу түрінде ғана емес, сонымен қатар ондай тауарларға отандық тауарларға қойылмайтын белгілі бір талаптар қойылуы түрінде орын алуы мүмкіндігін атап өту маңызды. Ұлттық режимді бұзу мемлекет тарапынан отандық тауарлар тұтынушыларын ынталандыратын белгілі бір жағдайлар жасау кезінде орын алады. Италиялық ауылшаруашылығы техникасына жасалған жеңілдікті несиелер осыған айқын мысал бола алады. Осыдан Италияның іс-әрекеттері Ұлыбритания үкіметінің ауылшаруашылық техникасының экспортына кертартпа фактор ретінде әсер еткені және Бас келісімнің нормаларына қарама-қайшы болып отырғаны айқындалды. 1958 жылдың қарашасында Ұлыбритания мен Италия арасындағы бұл дауды реттеу жөнінде Уағдаластыққа қол жеткізілді.

Жоғарыдағы фактілерден ГАТТ аясындағы даулар көбінесе тауарларға байланысты туындаған сауда даулары болғандығына көзіміз жетті. өзінің елу жылға жетпеген қызметі барысында (1948-1995 ж.) ДСҰ-да барлығы 98 дау қарастырылған болатын, ал ДСҰ 1995-2005 жылдар аралығында ДСҰ Дауларды шешу бойынша органына 329 шағым келіп, олардың 70-і кеңесу арқылы өз шешімдерін тапқан және ДСҰ дауларды шешу бойынша органы аралық топтар мен Аппеляциялық органдар баяндамаларын 84 дау бойынша қабылдап, нақты шешімдерге келген болатын [7]. Сонымен қатар 1995-2012 жылдар аралығында ДСҰ-ға барлығы 438 дау келіп түскен. Жалпы 2013 жылдың қарашасы басында ДСҰ аясындағы жалпы даулар саны 469-ды құрады [8]. Осылардың ішінде 2013 жылдан бастап Куба, Индонезия, Панама, Ресей және Вьетнам елдері дауларды шешу тәжірибесі жеткіліксіз екенін көрсетті [1].

Дегенмен халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу үшін бірегейлі үрдіс болып табылатын, құқықтық тұтастықты және саяси икемділікті құрайтын – квазисоттық сипат. ГАТТ дауларды шешу Баяндамалар қабылдануына қатысты белгісіздік бұл жүйенің үлкен кемшілігі болды. Сондықтан мемлекеттер ГАТТ-ң аралық топтарына өте сирек жүгінетін. Осы және басқа да кемшіліктерге қарамастан ГАТТ-ң дауларды шешу тетіктері арқылы 94 даудың өз шешімін табуы сол кезде ұйым ретінде бекітілмеген келісім үшін үлкен жетістік болғаны анық.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Dispute settlement: Jonathan t. Fried. 2013 in Wto Dispute settlement// ДСҰ ресми сайты: http://www.wto.org/english/ tratop_e/dispu_e/jfried_13_e.htm (14.11.2014 ж.).
  2. Қазақстан Республикасының Президенті-Елбасы Н.ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» 2012 жылғы 27 қаңтар. Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты: http://www.akorda.kz/kz/page/kazakstan-respulikasynyn-prezidenti-n-a-nazarbaevtyn-kazakstankhalkyna-zholdauy-27-01-2012zh_1341124121 (14.11.2014 ж.).
  3. Қазақстан Республикасының Президенті Н.ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2010 жылғы 29 қаңтар.
  4. «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері». Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты: http://www.akorda.kz/kz/page/kazakstan-respublikasynyn-prezidenti-n-a-nazarbaevtyn-khalykkazholdauy-2010-zh_1341123470 (14.11.2014 ж.).
  5. «Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2014-2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
  6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1587 қаулысы». «әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі ресми сайты: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/ P1300001587 (14.11.2014 ж.).
  7. 5 Члены ВТО и наблюдатели 160 стран-членов на 26 июня 2014 // Центр экспертизы по вопросам ВТО Россия и Всемирная торговая организация Режим доступа: онлайн http://www.wto.ru/chto.asp?f=memb&t=7 (15.11.2014 ж.).
  8. italian Discrimination against imported agricultural Machinery, report adopted on 10.1958 (l/833 – 7s/60). Режим доступа: онлайн http://www.wto.org/english/tratop_e/dispu_e/58agrmch.pdf (15.11.2014 ж.).
  9. Полуэтков А.Б. ВТО как инструмент экономической политики стран-членов // Российский внешнеэкономический вестник. – 2006. – № 1 (Январь). – С. 19. Режим доступа: онлайн http://www.rfej.ru/rvv/id/2beCe2/$file/19-25.pdf (18.11.2014 ж).
  10. 9th Wto ministerial conference, bali, 2013 // briefing note: Dispute settlement – force of argument, not argument of force. ДСҰ ресми сайты: http://www.wto.org/english/thewto_e/minist_e/mc9_e/brief_dispu_e.htm(19.11.2014 ж.). 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.