Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Экономикадағы «Голландық ауру» тұжырымдамасы

«Голландық ауру» (ағылш. the Dutch disease) терминінің пайда болуы Нидерландыда ХХ ғ. 50-жылдарының соңы мен 60-жылдардың басында табиғи газдың біршама қорларының ашылуымен байланысты, бұл экономиканың экспорттық секторының құрылымына теріс ықпал етті. «Голландық ауру» ең алдымен өнеркәсіптен шикізат секторына, сондай-ақ сатылмайтын тауарлардың секторын анықтайтын қызмет көрсету саласына өндірістік ресурстар трансфері ретінде көрінеді (шикізаттың жоғары таратушылық экспорты сыртқы нарықтарда кедергісіз өткізілетін сауда тауарларының секторына жататыны түсінікті).

Осылайша, ғылыми әдебиетте «голландық ауру» деп газ, мұнай мен өзге де табиғи шикізаттың кен орнын дайындау немесе оған әлемдік бағаның өсуі салдарынан нарықтық экономиканың сатылатын (tradable) тауарлар (Т-секторлар) шығаратын секторының қысқаруы түсіндіріледі [1].

«Голландық ауру» термині алғаш рет ғылыми айналымға 1982 ж. енгізілді. M. Corden and Neary, олар осы терминмен шикізат нарықтарының қызған әлемдік жағдаяты кезеңінде сатылатын игіліктерді өндіретін экономиканың өңдеуші секторына шикізат (өндіруші) сектордың басым болып келетін теріс әсерін белгілеген» [2].

«Голландық ауру» феномені – өсудің әлсіз көрсеткіштерінің себептері ретінде – қолда бар инвестициялық құралдарды шикізат тауарларын өндіру мен тарату секторына бұрудан және экономикалық қызметтің басқа салаларын бәсекеге қабілетсіз етуден тұрады. Бұл жағдай, әсіресе, экспортталатын ресурстардың күннен күнге өсетін құны кезінде көрінеді.

Осылайша, «голландық ауру» газ немесе мұнай секілді белгілі бір табиғи ресурсты экспорттау көлемінің біршама артуы нәтижесінде туындайды. Оның экспортының төлемі ретінде елге келіп түсетін шетелдік валюта түсімдерінің біршама артуы ұлттық валютаның номиналды құнының төмендеуіне ықпал етеді. Осының нәтижесінде ел өнеркәсібінің шикізаттық емес салалары өнімдерінің халықаралық бәсекеге қабілеттілігі төмендейді, бұл салаларда өндіріс пен жұмыспен қамтылу көлемдерінің құлдырауы орын алады, жұмыссыздық пайда болады, өңдеуші салалардың тиісті тауарларын импорттау қажеттігі туындайды. Өңдеуші саладан ресурстардың қосылған құнның шамалы мөлшерін жасайтын  шикізаттық  салаға  ауысуы   жүреді.

Соңғысы таза экспорттың төмендеуімен экономикалық даму қарқынының баяулауына алып келеді.

Табиғи ресурстардың экспортынан елдің кірістерінің өсуі, оның валютасының ревальвациясы мен өнеркәсіп өндірісінің төмендеуі арасындағы байланысты байқау және дәлелдеу қиын емес. Сондықтан «голландық ауру» – бұл ресурстар экспортының шамадан артық болуымен байланысты тәуекелдер туралы ескертетін теориялық сызба және оның үстіне ел осы экономикалық белгіден шынымен зиян шегетіндігіне толық көлемде сенімді болуға болмайды, сондықтан «голландық ауру» диагнозы белгілі бір елдің өнеркәсібінде құрылымдық реформалар жүргізу қажеттігі туралы нақты ұсынымдар беруге қарағанда туындауы мүмкін қиындықтар туралы белгі беру болып табылады.

Бұл еңбекте Ресей мен Қазақстанда «голландық аурудың» болуы туралы мәселе ерекше қызығушылық тудырады.

Ресейге қатысты осы мәселеге өте көп зерттеулер арналған [3]. Бірқатар авторлар уақыт аралықтарын талдау әдістемесін пайдалана отырып, Ресейдің ЖІӨ мен мемлекет кірістерінің мұнайдың әлемдік бағаларына біршама тәуелділігі бар екендігін көрсетеді [4]. Кейбір авторлар өтпелі экономикалардың кейбір ерекшеліктерін: ұлттық валютаның құнсыздануы; қаржы жүйесінің әлсіздігі; капитал ағымындағы ұлғаюларды назарға алу үшін «голландық аурудың» стандартты үш секторлық моделін қарастырады.

Қазақстанда «голландық аурудың» болуы туралы мәселеге де бірқатар зерттеулер арналған [5, 6]. Мысалы, сипаттаушы статистика негізінде экономикалық көрсеткіштерді талдау, сондай-ақ мұнай бағаларының нақты валюта бағамына әсерін талдау нәтижесінде авторлар Қазақстанның экономикасында 1998 жылдан 2005 жылға дейінгі кезеңде «голландық аурудың» тек екі симптомы ғана байқалды деген қорытындыға келді: теңгенің нақты айырбастау бағамын нығайту және мұнай бағасының өсуі [7].

А.Е. Есентүгелов «…бүгінде Қазақстанда«голландық ауру» – бұл қауіп-қатер емес, нақты шынайылық», – деп атап өтеді және оның белгілерінің  көрінуін  келесі  сызбамен   көрсетеді:«шикізатқа әлемдік бағалардың өсуі – шикізат экспортының артуы – шикізаттық емес сектордағы өндіріс шығындарының өсуі, бәсекеге қабілеттіліктің жоғалуы, импорттың өсуі, нарықтан отандық тауарларды ығыстыру» [8].

Г. Смаилова «шикізат» экспортының жылдам өсуі және елдегі ақша көлемінің артуы, ұлттық валютаның нақты айырбастау бағамының жоғарылауы, «шикізат» секторларындағы еңбекақы деңгейінің артуы және нәтижесінде жалпы экономикадағы жалақының өсуі секілді белгілерін бөліп көрсетеді [9].

А.М. Тлеппаев атап өткендей Қазақстанның экономикасы шикізатқа тәуелді және онда голландық аурудың белгілері байқалады. Бұл үдеріс пен 90-жылдардағы экономикалық дағдарыс экономика құрылымының шикізаттық түріне өзгеруіне және машина жасау, тоқыма өнеркәсібі және т.б. секілді дайын өнімді шығарумен байланысты салалардың құлдырауына алып келді [10]. К.М. Сағынбекова «голландық аурудың»: мұнай бағасының өсуі; мұнай газ секторына тікелей шетелдік инвестициялардың өсуі; теңгенің нақты айырбастау бағамын нығайту; бастапқы деңгеймен салыстырғанда өндірістік саланың қысқаруы және теңгенің нақты айырбастау бағамын нығайту нәтижесінде оның құрылымының өзгеруі; білімге сұраныс құрылымының өзгеруі; сондай-ақ жемқорлықтың жоғары деңгейі секілді симптомдарын анықтады [11].

Алайда, көптеген зерттеушілер табиғи ресурстарды экспорттаушы елдерде «голландық аурудың» тек кейбір симптомдарының бар екендігін жартылай дәлелдеді немесе мұндай растауларды мүлдем таппады [12]. Осылайша, кейбір зерттеушілер шикізат секторының даму қарқыны мен өңдеуші саланың дамуындағы бәсеңдеулер арасында байланыстылықтың бар екендігін белгіледі, ал басқалары жоқ; «корреляцияның өзі-өздігінен себептілікті тудырмайды» деп атап көрсетті [13].

Өте көп зерттеулерге тән бір фактордың үлестік салмағын анықтауға талпыну кезінде корреляция мен себептіліктің тепе-теңдігі және дара түсініктердің әртүрлілігі орын алады [14]. Excel-гі қателіктер Гавай университетінің профессоры Р. Панко күнделікті шындыққа айналғанын тұжырымдайды, ол 60-жылдардың соңынан бастап осындай есептердегі қателіктерді зерттеуге маманданады: «Excel бағдарламалардағы барлық кестелердің 84%-да айтарлықтай қателіктер кездеседі. Қателіктердің өзі емес, біреудің есептеулер жүргізіп, қателіктерді анықтаған жағдайлардың өте сирек кездесуі ерекше» [15].

Осындай қателіктің белгілі бір мысалдарының біреуін келтірген жөн. 2013 ж. сәуір айында экономикалық блогтарда барынша көп талқыланатын тақырыптардың бірі К. Rogoff және С. Reinhart беделді ғалымдардың осындай қателігін талқылау болды. 2010 ж. осы екі гарвардтық экономист экономикалық саясаттың басты сұрағына жауап берілген ғылыми еңбекті жариялады: тапшылыққа бақылау жасауды өзіне қайтарып алу үшін мемлекеттік шығындарды қысқарту керек пе әлде экономикалық өсуді қалпына келтіру үшін мемлекеттің барлық ресурстарын пайдалану қажет пе? Әлемдегі жетекші 20 дамыған елдің 1946-2009 ж. кезеңіндегі мемлекеттік қарызының көлемі мен экономикасының даму қарқындарының арақатынасына талдау жасай отырып, авторлар мынадай қорытындыға келді: мемлекеттің қарыз деңгейі ЖІӨ-нің 90%нан асқан кезде экономиканың даму қарқыны төмендейді [16]. К. Rogoff 2001-2003 жылдары ДВҚ басты экономисті болды, ол ғылыми әлемдегі макроэкономика саласындағы ең беделді және ықпалды мамандардың бірі. Ол келтірген қорытындылар екі жыл бойы мысалға келті-  ріп айтылып жүрді, оларға халықаралық қаржы институттарының ұсынымдары және белгілі бір деңгейде әлемнің көптеген елдерінің экономикалық саясаты негізделді. Ал, 2013 ж. Массачусетс университетінің студенті Т. Херндон мен оның оқытушылары М. Эш пен Р. Полин бұл ұсынымдар «қате деректерге негізделгенін және тексерілмеген статистикалық әдістемелерді пайдалану арқылы алынғаны» кездейсоқ анықтады – өзінің есептеулерінде К. Rogoff және С. Reinhart Excel құралдарын пайдалану кезінде  қателескен.

«Дамыған елдердегі және түрлі тарихи кезеңдердегі экономикалық өсу мен мемлекеттік қарыздың арасындағы өзара байланыс әртүрлі көрінген; даму қарқынының баяулау себептерін және оның жоғары деңгейдегі мемлекеттік қарызбен өзара байланысын талдай отырып, бірқатар айрықша факторлар мен жағдайларды қарастыру қажет – тек сонда ғана байыпты қорытындылар жасауға болады» [17].

Мұның барлығы бірқатар авторларға ғылыми тұрғыдан алғанда шикізат секторының өсуі мен ұлттық экономиканың өңдеуші салаларының дамуындағы бәсеңдеулердің өзара байланыстың дәлелденбеген, ол жай гипотеза күйінде қалды деп пайымдауға мүмкіндік берді.

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Gylfason T. Lessons from the Dutch Disease: Causes, Treatment, and Cures // Insitute of economic studies. Working paper series. – 2001, аugust. – № 1-6.
  2. Corden , Neary J.P. Booming Sector and Deindustrialization in a Small Open Economy // Economic Journal. – 1982. – Vol. 92. – P. 825-848.
  3. Минерально-сырьевые ресурсы и экономическое развитие: Сборник научных трудов. / отв.ред. В.Б. Кондратьев. – М.: ИМЭМО РАН, 2010 – 211 с.
  4. Забелина О. Российская специфика «голландской болезни» // Вопросы экономики. – 2004. – № 11. – С. 60-75.
  5. Pomfret Will Oil beа Blessing or аСurse for Kаzаkhstаn? – pаper presented аt the British Аssoсiаtion for Slаvoniсаnd Eаst Europeаn Studies сonferenсe in Саmbridge. – UK, 2006, аpril 1-3.
  6. Мухамедиев Б.М. Есть ли «голландская болезнь» в экономике Казахстана // Вестник КазНУ. Серия экономическая.– 2001. – №5. – C. 12-17.
  7. Égert B., Leonard, C. Dutсhdiseаsesсаre in Kаzаkhstаn: Is it reаl? // BOFIT Disсussion Pаpers 9. 2007.
  8. Есентугелов А. Лекарство от «голландской болезни» // Деловой мир. – 2005. – №2. – С. 42-43.
  9. Смаилова Г. Особенности «голландской болезни» и угроза для Казахстана // Бизнес-путеводитель. 2006, 21 марта. –№11 (209). – С. 12-13.
  10. Тлеппаев А.М. Моделирование экономического роста страны, богатой природными ресурсами, на примере Казахстана: дис…. док. фил. (PhD) в области экономики. – Алматы: КазНУ, 2008. – С. 59-64.
  11. Сагинбекова К.М. «Голландская болезнь»: концептуальные принципы и оценка ее влияния на экономику Казахстана: дис… док. фил. (PhD) по экон. наукам. – Астана, 2009. – 127 с.
  12. Sala-i-Martin X., Subramanian A. Addressing the Natural Resource Curse: an Illustration from Nigeria // NBER Working Paper. – 2003. – №
  13. Wilkinson How economic inequality harms societies, TED Conferences, 2011 // http://ted.com/talks/richard_wilkinson.html
  14. Rosenzweig The Halo Effect... And the Eight other Business Delusions that Deceive Managers. – New York: Free Press, 2007. – P. 232.
  15. Long The Weird and Very Real World of Excel-Error Research The Rogoff-Reinhart blunder is a prominent example of a very common problem // New republic. – 2013, april – 18 // http://newrepublic.com/article/112951/kenneth-rogoff-carmenreinhart-and-world-excel-error-research#
  16. Reinhart C.M., Rogoff K.S. Growth in a Time of Debt // American Economic Review. American Economic Association. – 2010, May. – Vol. 100. – № 2. – P. 573-78.
  17. Herndon T., Ash M., Pollin R. Does High Public Debt Consistently Stifle Economic Growth? A Critique of Reinhart and Rogoff. Political Economy Research Institute. – 2013.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.