Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Үндістан және Оңтүстік Азиядағы аймақтық қауіпсіздік мәселесі

Оңтүстік Азия бұл өзіне Үндістан, Пәкістан, Бангладеш, Непал, Бутан мен Мальдив аралдарын біріктіретін аймақ. Геостратегиялық орналасуы  бойынша  Үндістан  орталығы,  сонымен бірге, геосаяси тұрғыдан аймақтағы мемлекеттер аралық қатынастар жүйесін бақылауда, маңызды рөл атқарады. Бұл аймақтағы елдер Оңтүстік Азия   елдері  ассоциациясы  (АСЕАН)  сынды алып бірлестікке мүше. Оңтүстік Азия елдерінде мәдени-өркениеттік құндылықтар қатары қалыптасқан. Сонымен қатар, психологиялық факторларды да естен шығармағанымыз абзал. Себебі бұл елдер Ұлыбритания сынды алып державалар құрсауында болғандықтан, бұл кезең аймақ тарихында құқықтық теңсіздік пен әлемдік еңбек бөлінуіне әкелді. Қазіргі таңда Оңтүстік Азия аймағы орталықтанған сыртқы күштерге бірлесе қарсы тұратын ірі бірлестік ретінде танымал.

Үндістанмен көптеген көршілес мемлекеттер гегемониялық саясатты ұстанушылықта айыптайды. Бірақ, Үндістан бірнеше рет өз мүдделеріне қысым жасай отырып, көршілеріне жеңіс бергендіктен, саясат та шынайы сипатқа ие бола алмады. Үнді саясаттанушыларының айтуынша: Үндістан аймақтағы елдермен қатынасындаөтемұқиятболғаныабзал, себебіжеке егемендігіне нұқсан келуі мүмкін деп есептейді. Ал, Үндістанның саяси көшбасшылары тарапынан да мынадай пікірлер туындайды, яғни субконтиненттік шынайы жақындыққа байланысты, оңтүстіказиаттық үндістердің шығу тегі бір деп қабылдаушылар бар. Сондықтан да бұл Үндістанның негізгі мүдделерінің бірі болып саналады.

Аймақтағы көршілес мемлекеттер жағдайы Үндістанмен арадағы қарым-қатынастарына да тікелей әсер етеді. Тәжірибеден көрінгендей, Непал мен отыз жыл ішінде ішкі саяси үзілістер болмады, сонымен қатар Бутанмен де, тұрақты қатынастарға ие бола алды. Үнді-Бангладеш қатынастарындағы ең ауытқыған кезең, Бангладеш үкіметінің ауысуы мен бірнеше рет болған әскери қақтығыстар, Оңтүстік Азиядағы халықаралық жүйе байланысымен оның сыртқы саяси курсының тұрақсыздығына әкеліп соқтырды.

Үндістанның сенімі бойынша, мұндағы диктаторлық режим қатал және тұрақты емес, ал басты мәселе – шағын әлеуметтік билеуші топтар  базасы.  Соңғы  кездегі   жағдайларға көз жүгіртер болсақ, көрші мемлекеттер ара қатынастарындағы пайдакүнемдік мақсаттағы байланыстардың белең алуы және  халықты ішкі мәселелерден назарын аудартып, үкіметтік билік күшін нығайту еді. Үндістанның назарына іліккен тағы бір жағдай, Пәкістандық билікті азаматтық билеуші топ өкілдері орнын басқанда,үнді–пәкістан арасындағы шиеленісті жағдайлар көзге ілінбеді және бұл мәселе билікте қараусыз қалып отырады деген пікірге еліп отыр [1].

Үнді үкіметі көп уақыттан бері Оңтүстік Азия елдеріне өзіндік қызығушылығын білдіріп келеді. Себебі, Оңтүстік Азия елдерінде болып жатқан ішкі саяси жағдайды қалпына келтіруге, аймақтағы жағдайды тұрақтандыруға,  ын-  талы реакциялық режимдегі эволюциялық демократизацияға қол жеткізуге, сонымен қатар, буржуазиялық демократиялық қозғалыстарды қолдауға мүдделі екендігін көрсетеді.

Үндістан әдетте, Оңтүстік Азияда болып жатқан демократиялық қозғалыстарды қолдаушы мемлекет. Соның дәлелі ретінде, Пәкістандағы болған «Демократияны қайта жаңғырту қозғалысын» дәстүрлі түрде қолдады. Үндістандағы әр түрлі күштер реформистік сипаттағы саяси партиялармен өте тығыз байланыс орнатқан. Мысал ретінде Бангладештегі «Ава Лигасы», Шри-Ланкадағы «Бостандық партиясымен», Непалдағы «Непал конгресімен» т.б. Бұл байланыстар негізгі  сылтау  ретінде,  ал шындығында, анти үнділік мақсаттағы азғындатушы компанияларға қарсы әрекет етеді және оппозициялық сипаттағы реформистік партиялардың билік басына келгенінде, ол компаниялармен сенімді байланыс орнатуға жәрдемдеседі.

Үндістан мен осы аймақтағы елдерде түрлі саяси жүйелердің болуы екі жақты қарымқатынастың дамуын қиындатты. Алайда, 80-90 жылдар аралығында Оңтүстік Азия елдерінде авторитарлық тәртіп жойылды, және 1998 жылы Пәкістандағы жалпы сайлау нәтижесінде билік басына азаматтық үкіметтің келуі; Непалда 1990 жылы көп партиялық жүйе орнауы; Бангладеште 1991 жылы әскери тәртіпті жойған соң, жалпы сайлаудың өтуі осының айғағы. Аймақтағы елдерде буржуазиялық-демократиялық реформаны жүзеге асыру Оңтүстік Азиядағы жағдайды бірқалыпты етуге септігін тигізеді. Халықтың саяси мәдениеті, мәдени ерекшеліктері, әлеуметтік-экономикалық даму дәрежесі сол  жерде контреформа және контртөңкеріс жасауға мүмкіндік береді. (Осылай Пәкістанда 90 жылдары үкімет 3 рет биліктен аластатылды)[2].

Үндістан Ұлттық Конгресінің үкіметі Оңтүстік Азиядағы кіші мемлекеттерге қатысты қатаң  позицияны ұстанғанын айтып кеткен жөн.Соған  қарағанда  бұл  әсіресе конгрестің «Үндістанның ашылуында» қалыптасқан Джавахарлал Нерудің кіші елдерге деген дәстүрлі амалы   дей   келе,   мына   пікірді  жариялайды:

«Шағын ұлттық мемлекетке жойылу жазылған. Ол тәуелсіз саяси құрылым емес, жай ғана мәдени-автономиялық территория ретінде өмір сүруі мүмкін».

1998 жылы билік басына келген бірнеше партиядан құралған оппозиционерлік үкімет ұлттық фронтының ҮҰК, Оңтүстік Азия елдерімен қарым қатынасын жақсарту үшін біршама күш салу керектігін жариялады. 1990 жылдың жазына қарай В.П.Сингхтың министрлер кабинеті (Пәкістаннан өзге) көрші елдердің барлығымен қарым-қатынас орнатты. Алайда, шынайы болып жатқан факторлар қарым-қатынастарды одан әрі жақсарту мүмкіндіктерін бірден шектеді.

Оңтүстік Азия аймағындағы елдер 1990 жылы қараша айында, Чандра Шекхар үкіметі билік басына келгенде, ҮҰК, министрлер кабинетін, аймақтық саясаттағы қатаң қағидаларға мәжбүрлеп еріксіз көндірді және Жаңа үкіметтің билік басындағы қысқа кезеңінде, күрделі ішкі  саяси қиындықтар мен Парсы шығанағындағы жаһандық дағдарысқа тап  келіп, Оңтүстік Азияның басқа да елдерімен қарым-қатынасын дамытуға көңіл бөлмеді. ҮҰК көшбасшысы Памуапарти Веннета Нарасимхи Рао үкіметі 19911996 жылдары билік басында болып, Оңтүстіказиаттық бағыттағы байланыстарды дамытуға көңіл бөлмеген болатын. Сонымен үкімет пен центризмдік партиялар, Біріккен коалициялық фронт пен 1996 жылы билікке келген үкімет көрші мемлекеттермен қарапайым сипаттағы қатынастар орнатуға қол жеткізді және де Оңтүстік Азиялық жағдайды жақсартуға да өзіндік септігін тигізе білді. Ең айрықша байқалған жағдай, үнді-бангладеш пен үнді-ланкийлік байланыстарының біршама жақсарғандығы еді. 1998 жылы көктем айында Бхаратия Джаната басқаруындағы партияның билік басына келуі, Оңтүстік Азияда үлкен бір қызығушылық тудырды, себебі: Бұл партия көрші елдермен өте күрделі де қатаң  сипаттағы ұстанымда  болды. Бірақ 1998-1999 жылдары халықаралық қатынастар жүйесіндегі Оңтүстік Азия мүдделер тұрғысынан аса бір өзгерістерге ұшырамады [3]. Оңтүстік Азия елдерінің Үндістан мен Пәкістан қатынастарындағы мәселелері  бойын Халықаралық қатынастар жүйесінде Оңтүстік Азия Үнді-Пәкістан қатынастарына байланысты негізгі рөл ойнайды және екі елдің саяси, экономикалық және әскери салмағын көрсетуде, бұл тоқтаусыз келе жатқан қарсылықтың салдары. Пәкістан мұсылман мемлекеті болғандықтан, қосымша экономикалық және әскери мүмкіндіктер мен ұстанымдары бойынша Үндістанға қарсы көзқараста.

Үндістан мен Пәкістанның аймақтық мемлекеттер аралық  қатынастарының  дамуына-  да, әр түрлі 2 диаметрлі әрекеттерін байланыстыру қиынға соғуда, яғни Пәкістан өзінің Үндістан мен арадағы мәселеде, өзінің мүдделі екендіктерін алға тартып, бұл жағдайда басқа  да сыртқы күштермен әскери-саяси салада ынтымақтастық орнатуда, ал Дели өз кезегінде аймақтық қауіпсіздік жүйесіне байланысты сыртқы күштердің кірігуін қажет деп таппады.

Бұл екі елдің де өткір даулы мәселесі Кашмирдың кімге тиесілі екендігінде. Бірақ Дж.Неру Кашмир сырқат емес, ол симптомдық мәселе және бұл мәселе «Пәкістанның Үндістанды жек көрушілігінен» туындап отыр деген. Тәуелсіз зерттеушілерде, ол мемлекет аралық деңгейдегі жек көрушіліктің күшеюін көрсетеді деп, бұл пікірмен келісуде.

Әсіресе, екі жақты қатынастардағы мәдени өркениеттік факторлар да кері әсерін тигізеді. Бірақ екі елдің ұқастығы мәдени өркениеттер ара белгілі бір деңгейде жақын қатынастардың болуы, олар: Индуизм мен Ислам діндерінің тоғысуы. Жаһандық үрдістердің бастамасы ретінде, Үндістан мен Пәкістандағы ревайвализмнің қарама қайшылығы тек мәселені ушықтыруда [7].

Дін Пәкістанда айрықша рөл ойнайды, ал Үндістан Оңтүстік Азияда ұлттық индивидтік шарттарын сақтап қалғысы келеді (ол мәдени шеңберде де). Пәкістандық ғалым Вахиз-узЗаманның айтуынша: «Егер арабтар, түркілер, ирандықтар ислам дінінен бас тартқан жағдайда да, арабтар араб болып, түріктер түрік болып, ирандықтар иран болып қалады. Бірақ біз исламнан бас тартсақ, кім боламыз?» деді. Екі ұлттың негізгі теориялары, яғни М.А.Джинн мен М.Гандидың біріңғай ұлттық концепциясы қарама қайшы пікірді тудырады. Үнді қоғамын басқа да щығыс қоғамынан бөліп тұрған «Дамудың ұжымдық векторы. Бұл жоспарда     Үндістан әрқашанда Еуропалық классикалық қоғамға біртабан жақын болып, өзіне индивидуализмді» ту етті.

Үндістанның қазіргі кезеңде қауымдастық тенденциялары мен ұлттық басымдылық ерекшеліктерінде Оңтүстік Азия аймақтық қауіпсіздік мүдделері өзара тәуелді. Ал, Кашмир мәселесінде Үндістанның территориялық тұтастығына қауіп тудыратын аймақ шеңберіндегі этносаяси қақтығыстарды реттеуде үнді үкіметінің қатаң ұстанымдары байқалады. Үндістанның Шри-Ланка, Мальдивия, Бангладештегі сеператистік қозғалыстарға деген көзқарастары қарама-қайшы яғни, Үндістанды ұлттық мүдделерімен қатар жаһандық қауіпсіздік пен аймақтық басымдықтары да алаңдатады. Ал, бұл сеператистік қозғалыстар Үндістанның тұрақтылық сипатындағы көзқарастарына кереғар екені баршаға аян.

Территориялық шекаралық, діни-этникалық, иммиграциялық мәселе, су байлықтарын бөлісу, милитаризация және ядролық бағдарламаларды жүзеге асыру Үндістанның көрші елдермен екі жақты қарым-қатынастарының күрделенуіне әкеліпсоқтыруда.Алайда,Үндістанныңкөршілес елдеріндегі экономикалық мәселелердің өсуі аймақтық серіктестік құруға мұрындық болады, сонымен қатар Үндістанның байланыстарын ұлғайтады. Үндістан алдындағы қорқыныш пен экономикалық тұрғыда пайдаға ие болу ниеттері бір-біріне қайшы келетіндіктен, Үндістанның көршілес елдері үнемі айласын асыруға мәжбүр болады. Үндістан экономика саласында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізгендігін атап өту керек. 1997 жылы Үндістанның Жалпы ішкі өнімі көрсеткіші Ресейден екі есе көп болды. «Рэнд корпарэйшн» мамандары 2015 жылы Үндістанның ЖІӨ 4трлн. долларға жетеді деп болжам жасауда, және ол Жапониямен теңеседі. Батыстың бірқатар өзге мамандары 2025 жылы Үндістанның ЖІӨ жан басына шаққанда, АҚШ тың жан басына шаққандағы ЖІӨ нің 24,4% құрайды. (1995 жылы 7,8% құраған). Олардың ойынша, Үндістанның потенциялы 30 жылдық көрсеткіш бойынша ЖІӨ күнделікті 9% ға өсіріп отыруына мүмкіндік бар [4].

Мемлекеттер мен аймақтардағы халықтар ара сенімсіздіктің туындауын жою мен аймақтық қауіпсіздікті нығайту үшін Оңтүстік Азия елдерінің аймақтық ынтымақтастық Ассоцациясы (СААРК) маңызды рөл ойнайды. Осы күнге дейін оның ықпалы шынайы аз нәтижеге қол жеткізсе де, Оңтүстік Азиядағы құрылған  ең алғашқы ұйым ретінде тарихта қалды. СААРК 1985 желтоқсан айында Дакка қаасында, Үндістанның аймақтық ассоцациясын құруға деген өзіндік шарттар арқылы алғаш рет институциализацияландырылды. Мүше  мемлекеттер өкілдері бұл ұйым барысында, аймақтық даулы мәселелерді талқылауға  арнаған  форум ретінде, сонымен қатар ұзақ мақсатты көздеген саяси сипатқа әкелетін немесе әскери сипаттағы мәселелерді талқылауға бөгет жа-  сап отырды. Дей келгенмен, Үндістан СААРК әскери саяси ұйымдардың идеясын өзгертуге қарсылық таныта келе, болашақта да көрші елдердің СААРК да экономикалық, техникалық және мәдени салалардағы ынтымақтастық бойынша жұмыстарды қарастыруға байланысты ауызбіршілікке қол жеткізуіне сенімді. Алайда, ресми түрде, екі жақты келісімдерді талқылауға байланысты, бірлескен форумдарда даулы мәселелер мен сауаладарды талқылауға тиым салуға және шешім шығаруда барша тараптардың келісілген түрінде қабылданады. СААРК қазірше АСЕАН мен басқа да «Үшінші әлем елдері» ассоцациаларынан алшақтап, аймақ қауіпсіздігіне қатысты қауіп тудыратын ішкі аймақтық және аймақтан тыс мәселелерді шешуде қатынаса алмайды.

Осы күнге дейін СААРК экономикалық ықпалы қалыпты нәтижеге жетпеді және Оңтүстік Азия елдерімен арадағы экономикалық серіктестік үрдісі бір-бірінен өте алшақтай берді. (90 жылдары ішкі аймақтық сауда айналым СААРК мүше елдер ара сауда айналымы 1%-ды ғана құрады). Ал мұнда көптеген кедергілерден өту көзделеді. Атап айтып өткенімдей, аймақтық елдердің әлеуметтік экономикалық дамуы әр түрлі деңгейде  және  олардың  сая-  си шеңберінде де көрініс тауып отыр. 1947 жылы субконтинентті бөлу нәтижесінде, экономикалық байланыстарына да нұқсан келді. 80 жылдары әр елдердің өзіндік экономикалық құрылымдары қалыптасты, олардың басты мақсаты ішкі нарықты көтеруге арналды.

Осыдан байқалып тұрған әрқашанғы беталыс ішкі аймақта ғана емес, сонымен қатар әлемдік  еңбек  бөлінісінен  де  көрініс  тап-   ты. Оңтүстік Азия елдерінің экономикалық құрылымы  өзара  байланысты  болмады,   тіпті,бір-бірінен әлдеқайда алшақ болды деуге болады. үндістанмен көршілес жатқан елдер (бәрінен бұрын Пәкістан) қауіптене түсті, себебі СААРК шеңберінде ұзақ уақыт бойы жиналған күшті үнді капиталы, осы елдер арқылы деп үрейленді. Дегенмен, уақыт өте келе Оңтүстік  Азия  елдері күшін жинақтай түсіп, ішкі аймақтық экономикалық байланыстарын нығайта түсті. СААРК ның 9 форумында (1997 жылы мамырда) 2005 жылы құрылған Оңтүстік Азиаттық еркін сауда аймағын құруды талқылап, бірлескен инвестиция көлемі мен сауда айналамын дамытуға бірден ден қоя түсті.

Бәлкім,аймақтағыжағдайдытұрақтандыруды СААРК-ның қомақты үлесі қатысушы елдердің бейресми кездесулерін ұйымдастыруы болған шығар. Шынында, жеті басшының екі жақты кездесуі соңғы жылдардағы форумдармен қатар, Оңтүстік Азиядағы жоғарғы деңгейдегі келіссөздерден асып жығылды [5].

Үндістанның көршілес елдермен екіжақты карым-қатынастарына бір фактор әр түрлі әсер етуі мүмкін яғни, Пәкістан мен Үндістанның әлеуметтік құрылымдарының ұқсастығы бірнеше рет арақататынастарына кері  әсер  етсе, дәл осы фактор Үндістанның ШриЛанкамен ара қатынасында жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Үндістан мен көршілес елдер арасындағы мәдени идеологиялық қатынастар, ұзақ мерзімді сипатта және күрделі  мағынаға ие. Алайда, белгілі бір жағдайға байланысты, бұл  айырмашылықтар  жойылады.  Мальдивия (мұсылман халықтары) аралдары және Бутан (будда халқы) секілді кішкентай елдерге, Үндістан (Мальдивияның) қауіпсіздігін қамтамасыз етуге немесе (Будданың) экономикалық дамуына әсер ететіндігі маңыздырақ. Үндістан мен аталған аймақтар бойынша байланысын жақсартуды көздеген Шри-Ланка да осы позицияны ұстанған. 19871989 жж. Үнді әскерінің Шри-Ланкада болғаны арадағы шиеленіскен мәселенің  шешілуіне және аралдағы террористік және сеператистік қимылдарды тоқтатуға септігін тигізе  алма-  ды. Бұл елдегі ішкі мәселелерді туындаған келіспеушіліктің негізгі ішкі көздерін жоймайынша, сыртқы күштердің әсерімен шешу мүмкін еместігін көрсетті.

Шындығында, Үндістан мен Непалдың мәдени  идеологиялық жақындығы екі ел арасындағы байланыстарды нығайтты және әлеуметтік экономикалық артта  қалушылық  пен ұлттық мүдделердің  сәйкес  келуіне  әкелді. Бангладеш халқы мен  Батыс  Бен-  галия штаттарындағы үнді халықтарының ұлттық экономикалық жақындығы діни гетерогенділікке қарсы тұрады. Бірақ ұлттық этникалық жақындығы Бангладеш пен Үндістан ара мәдени байланыстарының  кепілі  болып,  екі жақты бағыттағы ішкі саяси демократияны тоғыстырды.

Аймақтағы геосаяси реализмді  атап көрсетер  болсақ   географиялық   орналасуына,   территориялық   өлшеміне   және   жалпы ұлттық өнім мен халық санына байла-  нысты  болып  келеді  Үндістанның  әскери және экономикалық мүмкіндіктері шағын мемлекеттердің қажеттіліктерін өтей алады. Бірақ,  географиялық  алшақ  орналасқан  аумақ– Мальдивия, Үндістанның саяси мүдделеріне кереғар [6].

Қорытынды.

Қазіргі таңда Үндістан Оңтүстік Азияда аймақтық интеграциялық процесінің негізгі қозғаушы күшінің рөлін атқаруда. Үндістаннің аймақтық экономикалық ынтымақтасуға  деген ұмтылысының түбірі оның төл мәдениетіні негіздеткен ұлттық сана сезім мен дәстүрлерінде жатыр. Кезінде Үндістандық саяси дәстүрлерін басына алған елдің сыртқы саясат ұстанымы Үндістанның халықаралық сахнадағы өзін өзі аңғаруға жәрдемдесіп, күллі азиаттық мемлекеттерге байланысты өз бағытын негіздетуге көмегін тигізді. Қазірдің өзінде Үндістан сыртқы саясатында Азия елдерімен қарым қатынастары мағызды бір орынды құрайды. Әсіресе Үндістан Оңтүстік азия субаймағында көршілес мемлекеттермен қатынастарына баса назари аударуда. Дегенмен, қазіргі  кездегі  Азия елдерімен қалыпты қатынастарының тамырлары ХХ ғасырдың ортасында, яғни Үндістан және басқа да отарлық езгіде болған мемелекеттердің тәуелсіздікке қол жеткізуі немесе Азия құрлығының ояну кезеңінен бастама алды. Сондықтан Үндістанның қазіргі аймақтық экономикалық ынтымақтасу саясатының мән мағынасын айқын түсіну үшін азиаттық елдердің ұстанған саясаты, яғни үндістандық сыртқы саясат концепциясының ұйытқысын айқындауға керек етіледі.

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Лунев С.И. Ведущие позиции Индии в системе международных отношений в Южной Азии и ее противоборство с Пакистаном. М.,Наука, 1995. 80 С.
  2. Лунев С.И. Дипломатия в Южной Азии. Москва, 1995. – 142 с.
  3. Торкунов А. Современные международные отношения // МО в Южной Азии. – М., РОССПЭН, 1999. 46 С. 4 Белокренецкий В.Я. Южная Азия в мировой политике // Международные отношение. – М., 2003-368 с.
  4. Joint Press Statement on the meeting between Foreign Secretaries of India and – New Dehli, 04.09.2004.– Online:<http://www.mea.gov.in/>
  5. Абдыхалықов Қ.С. Үндістанның экономикалық модернизациясы және халықаралық қатынастардағы рөлінің нығаюы.– Алматы,2006. – 97 б.
  6. ШироковГ.К. Мирнаперепутье: расхождениевекторовобщественногоразвитияЗапад-Восток. – М., 2000. – 17 C. 8 Indian foreign policy. Agenda for the 21st century. – vol.1-2.New Dehli 1998 – 351.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.