Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Халықаралық ақпарат көздерінің Араб әлемінің бүгінгі болмысына қатысты әртүрлі көзқарастары

Кіріспе. Батыс БАҚ-тары бір жақтан Америка халқының Уолл-Стриттегі наразылық қозғалыстары мен Британия мен өзге еуропалық елдердегі халық пен студенттердің толқуларын "бүлік" және "содырлар қозғалысы" деп атап, екінші жағынан Араб елдеріндегі халықтық жаппай әрекеттердің исламдық болмысын жасыру үшін оны "Араб көктемі" деп атап отыр. Қазіргі Араб әлеміндегі халықаралық жағдай әртүрлі болып өтіп жатыр. Алайда бұл он жыл кездердегіден айырмашылығы қатты байқалмайды. Соңғы үш-төрт жыл ішінде Африка солтүстігі (Мағриб елдері) мен Таяу Шығыстағы кейбір Араб елдерінде болған халықтық көтерілістерге бүкіл әлем куә бол-  ды. Күн сайын осы Араб әлеміндегі халықтық толқулар жайында халықаралық басылымдар мен ақпарат агенттіктерінде және де әрбір елдің теледидар, газет-журнал беттерінде жаңалықтар таратылып жатты. Мысыр, Ливия, Тунис, Йемен, Сирия және Бахрейн жөнінде әлемде соңғы бірнеше жылда көптеген хабарлар таратылды. Сондай-ақ, мақалада халықаралық БАҚ-тағы Араб әлемінің 2012 жылдың басына дейінгі мәселелері қарастырылады.

Әлем БАҚ-тарының исламдық оянуға қатысты екіұдай көзқарастары 2010 жылы 17 желтоқсан күні басталған әрекет әлі де болса тоқтаған жоқ. Осы күні тунистік сатушы жігіт Мұхаммад Буазизи қаржы қиындықтары мен бір әйел полиция қызметкерінің тіл тигізуіне наразылық ретінде өзін-өзі өртеді. Сол жігіт күйген оттың жалындары халықтың ашуын қоздырып, оларды әкімбилеушілердің жанына от салуға итермеледі. Бен Әли, Мүбәрак және Каддафи осындай жалынға түскен диктаторлық жүйелердің символдары еді. Олар халықтық толқулардың нәтижесінде саяси сахнадан тайдырылды. Каир мен Сана сияқты қала алаңдары мен көшелері көктем, жаз және күзде үйлеріне қайтпай, талаптарына қол жеткізу үшін көшеде болуды таңдаған наразы халықтың құзырына әлі де халықаралық ақпарат көздері арқылы әлем куә болып отыр.

Әрине, 2011 жылы халықтық толқулар араб елдерімен ғана шектеліп қалмай әлемнің өзге аймақтарында да орын алды. Америкадағы "Уолл-Стрит қозғалысы" мен еуропалық елдердегі халықтық наразылықтар соңғы жылы әлем БАҚ-тарының бірінші бетіне шыққан  өзге оқиғалардың қатарына кіреді. Алайда Батыс БАҚ-тары сол алғашқы күннен бастап, ерекше әдебиеті мен осы елдердегі оқиғаларды таратуға кірісіп, бұл оқиғаларға екіұдай және тіпті неше түрлі көзқарастық қатынастар көрсетті. Олар  бір жақтан Америка халқының Уолл-Стриттегі наразылық қозғалыстары мен Британия мен өзге еуропалық елдердегі халық пен студенттердің толқуларын "бүлік" және "содырлар қозғалысы" деп атап, екінші жағынан Ислам елдеріндегі халықтық жаппай әрекеттердің исламдық болмысын жасыру үшін оны "Араб көктемі" деп атады. Шын мәнінде халықаралық БАҚ-тардың осы оқиғаларға деген көзқарасы халықтың әрекетін бұрмалап, бағытын өзгерту үшін жаппай жоспар жасаумен қатар жүрді. Әлбетте айтарлықтай табысқа қол жеткізе алған жоқ.

Батыстағы ұжымдық ақпараттық байланыс құралдары экономикалық жағдай мен әкімбилеушілердің озбырлығына деген наразылықты халықты қобалжытудың факторы деп біліп, халықаралық хабар арналары диктаторлықтың аяқталғанын және жаңа дәуірдің келгенін айтып, демократия басталды деген сараптамаларды да ұсынды.

Батыс БАҚ-тарының басым бөлігі халықтық әрекеттерді "Араб көктемі" деп атап, осы қозғалыстарға ерекше бағыт-бағдар беруге талпыныс жасады.  Алайда  бұл  ұмтылыстан түк шықпай, оның нәтижесіз екені анықталды. Араб үкіметтері тәуелсіздіктен кейін халықты билікке қатыстыру үшін дұрыс бағыт ұстана алмады. Сол себепті қазір түрлі араб елдеріндегі халықтың наразылығы мен ашуына куә болып отырмыз [1].

Жалпы халықаралық ақпарат көздеріндегі Араб әлемінің болмысы, әлемдік БАҚ-тардың "Араб көктемі" деп атап отырған мәселе "арабтың екінші оянуы ма?" деген сауал туады. Өзгерістер үрдісі осы әрекеттердің бірбірінен айырмашылығы бар екенін көрсетеді. Жаппай исламдық ұрандар айту, исламдық топтардың жаппай атсалысуы және қозғалыс барысында халықтың оларға бет бұруы, Жұма намаз сияқты рәсімдерде талаптарын баяндауы, сондай-ақ жастардың қатысуы мен электрондық БАҚ-тарды қолдануы – соңғы жылдардағы халықаралық халықтық толқулардың өзге ерекшеліктеріне жатады.

Араб әлеміндегі исламдық әрекеттерге қатысты   шындыққа   қайшы   Батыс БАҚ-тары мен мамандары олармен бағыттас болып, өз ұмтылысын өзге бағытта шоғырландырып отыр. Мысалы: мысырлық зайырлы экономист Сәмир Әмин 2011 жылы 11 желтоқсандағы мақаласында: "Кедейлердің қалың тобы 2011 жылғы ақпанда Мысырдағы шеруге белсенді түрде қатысты. Олар көбінесе революцияны қорғау үшін халықтық комитеттерде қызмет атқарады. Осы пақырлардың сақалы, хиджабы, киімі, жалпы сыртқы кескін-келбеті исламдық Мысыр қоғамы деген ой тудыруы мүмкін. Алайда шындығына келсек, олардың сахнаға енуі осы қозғалысты ұйымдастырушыларға таңылған. Олар сахнаға кенеттен енді. Қозғалыс жетекшілерінің өз жолын жалғастыра  бе-  руден басқа амалы болмады", – деп жазды.  Осы жазушының пікірінше, "Мысыр қоғамы исламдық емес" және "олар өз еркімен қатысқан жоқ". Дегенмен Араб әлеміндегі өзіндік орны бар Мысыр қоғамының діни қоғам екені баршаға аян. Парламенттік сайлаудың қорытындылары мен халықтың қазіргі наразылықтарының шындығы Сәмир Әминнің пікірінің дұрыс еместігін және Құрама Штаттар мен Батыс елдері қалайтын үстірт түсіндірмелер екенін көрсетеді. Ол өз мақаласының өзге бір жерінде: "Америка мен Еуропа көбірек нағыз демократиялық Мысырдан қорқады. Олар бұған жол бермеуге қолдан келгенін істейді", – деп жазады [2].

Араб әлемінің  түрленуіндегі  исламдық ояну барысында соңғы жылдары әлемдік БАҚ қожайындары отқа май құйып, жалған ақпарат таратумен демократия мен азаттықты сөз етті. Алайда құбылыстарды халықтың ұрандарымен және тіпті олардың сайлау барысындағы ойлары немесе қазіргі кездегі наразылықтарымен сараптаған дұрыс болар. Араб әлемінде Ислам дінінің болуы және халықтың Құран сияқты исламдық белгілермен шерулерге қатысуы, сондай-ақ Жұма намазынан кейін диктаторларға қарсы   жаппай шерулердің  қалыптасуы мен «Аллаһу Акбар» ұрандары күрестердің негізгі ұрандарының бірі ретінде осыны айғақтайды. Мұсылмандардың аймақтағы ең үлкен дұшпаны, яғни сионистік режиммен күресуді талап ету және Тунисте Бен Әли құлағаннан кейін исламдық белгі ретінде хиджабқа бет бұру осының барлығы бұл елдерде қалыптасқан қозғалыстарда Исламшылдық рух пен Иран Ислам революциясының күрес тәсілінің бар екендігін аңғартады.

Аймақ  елдеріндегі  исламдық  оянудың  осы елдердің сыртқы өзгешеліктеріне қарамастан, көптеген ортақ тұстары бар. Оған ықпал еткен ең маңызды элемент – Иран Ислам революциясының көзқарастары болды. Аймақтағы исламдық ояну мәселесінің тамыры Иран Ислам революциясының ойлары мен жалпы мақсаттарында жатқанын талқылау соңғы жылдардағы халықаралық ақпарат көздеріндегі пікірталас туғызған ең маңызды мәселе болды.

Америка   мен   Еуропадағы   Батыс    БАҚтары осы  араб  елдеріндегі  көтерілістерге қатысты ақпараттар мен оқиғаларды таратуға "Араб көктемі" сөзін қолданғанымен, бірақ олардың маңызды мақсаттарының бірі – Ислам  революциясынан  туындаған  діни  ойлары мен әсерлерінің бояуын азайтып көрсету болып табылады. Мәселе ретінде: халық қозғалыстарындағы  диктаторлық,тәртіпке қарсы сыбайлас   жемқорлық,   бірақ    оның жүрісінде исламшыл идеология басымырақ, өйткені нағыз демократиялық күштер әлі нашар, жөнді ұйымдастырылмаған. Соған орай, революция жемісін исламшылдар пайдалануда. Ұлыбританиялық журналист Роберт Фиск "Араб көктемі" терминін қолданудың ең негізгі себебін Таяу Шығысты дүрліктірген "Араб немесе исламдық оянудың" болмысы мен бейнесін бұрмалау деп біледі. Ол "The Independent" газетінде жарық көрген мақаласында осы оқиғаларды   қазір    Батыста   болып   жатқан толқулармен салыстырады. Роберт Фиск осы мақаласында Батыс тілшілерінің Батыстағы әлеуметтік наразылықтар туралы ақпарат тарату тәсілін сынап: "Батыс журналистерінің айтатындары лепірме сөздер. Олар араб диктаторларына қарсы араб революцияларын дәріптеуде асыра сілтейді де, Батыстағы демократиялық үкіметтерге  қарсы наразылықтарға араб әлеміндегі  соңғы оқиғаларды  хабарлау желеуімен көзжұмбайлық танытады", – деп жазады. Британдық журналист мұсылман елдеріндегі революциялардың ақиқатын сол ұлттардың ізеттілікке мұқтаждығы мен елінің әкім-билеушілердің отбасының меншігіне айналуына қарсылығы деп біледі. Роберт Фиск Батыс үкіметтерінің сионистерді қолдауын халықаралық БАҚ-тардың араб елдеріндегі халық әрекетінің болмысына сілтеме жасамауының себебі дейді. Халықтың ең маңызды талаптарының бірі – сионистік режимге тосқауыл қою және осы жалған режиммен қарым-қатынасты доғару болып табылады [3].

Араб елдеріндегі саяси өзгерістердің халықаралық БАҚ-тағы көрінісі Халықаралық бұқаралық ақпарат құралдары мейлі газет-журналдар, теледидар, ра-  дио және  тіпті  интернет  пен  блогтар  болсын және әрбір дамыған және дамушы елдердегі әлеуметтік тораптар, халықтарды Араб әлеміндегі өзгерістермен таныстыруда маңызды рөл атқарады және атқарды. Мысалы: Ұлыбританияның: ВВС, Financial Times, The Independent, Францияның: Agence France Presse, Le monde, Испанияның: El Pais, El Mundo, ABC, АҚШ-тан: CNN, Reuters, Wall Street Journal, New York Times, Business Daily Review, Араб әлемінен: Al Arabiya, Al Jazeera, Ираннан: IRNA, "Al-Alam" және тағы басқа халықаралық сыртқа хабар тарататын жалпы бұқаралық ақпарат құралдары араб әлемінің бүгінгі болмысын сипаттауда және араб халықтарының хақты  талап  еткен  үнін  жеткізуде  шешуші рөл атқарып, өздерінің парасатты және кәсіби бағдарламаларымен де осы көтерілістерге қатысты жаңалықтар мен бейнетаспалары әлем халықтарына таратуда белсенділік танытып отыр.

Таяу Шығыстағы халықтық көтерілістерге қатысты ирандық "Әл-Алам" телеарнасының ұстанымы бірдей және осы қозғалыстарды қолдауға негізделген. Алайда БАҚ құралдарының көбісі осы көтерілістер жөнінде кемсітушілік әрекет жасайды. Мысал ретінде, Бахрейн халқының көтерілісі, АҚШ-тың бесінші флоты осы елде болуы және бұл елде көпшілігі шииттерді құрап отырғандығынан Батыс БАҚ құралдары тарапынан айтарлықтай ескерілмейді. Тіпті осындай көтерілістерге қатысты жаңалықтарды салыстырмалы түрде ойдағыдай таратқан Катардың "Әл-Жазира" халықаралық телеарнасы Бахрейн өзгерістерін күткендей–ақ назар аудармай отыр. Бахрейндік жазушы және саяси белсенді Надір Әлмалах кейбір БАҚ құралдарының Бахрейндегі өзгерістер мен халықтық  наразылықтарға  көңіл бөлмей  отырғанына  қапалы.  Ол  Пар-  сы Шығанағы өңіріндегі араб елдері БАҚ құралдарының ақпараттық үнсіздігін осы елдердің жасқаншақтығынан  деп  біліп  бы-  лай дейді: "Араб БАҚ құралдарының үнсіздігі таң  қаларлық  емес.  Өйткені  Парсы Шығанағы өңіріндегі араб елдері халықтың жеңісінен және елде өзгеріс болуынан қауіптенеді. Сол себепті осы елдер Бахрейнге қатысты жаңалықтарға цензура жасауға бір–бірімен ынтымақтастық жасайды. Надір Әлмалах сөзінің жалғасында: "мен Бахрейн халқының тілегі үкіметтің отставкаға кетуі және қылмыскерлерді соттау екенін ашық айтамын" – дейді [4].

Әлемдегі қазіргі  жағдайдағы  маңызды  БАҚ құралдарының өзге бірі – интернет. АҚШ осы БАҚ құралын Батыстың саясаттарына келіспейтін үкіметтерге қарсы қолдануға үміт артқан еді, алайда интернет жылдамдықпен Араб әлеміндегі арабтың диктатор биліктеріне қарсыластардың қысым құралына айналды. Халықаралық қатынастардағы ақпараттық соңғы мәліметтер бойынша, Мысырда интернетті қолданушылар саны 20 миллион адамнан астам болып табылады және осы ел халқының төрттен біріне жуығын құрайды. Сонымен қатар, Мағриб елдерінде де интернетті қолданушылар біршама артып отыр. Қолданушылардың орташа жасы 24 жас  болып  табылады.  Тунисте де интернетті қолданушылар осы ел халқының шамамен үштен бірін дерлік құрайды. Алайда ұзақ жылдар бойы Каддафидің озбыр билігінің астында болған Ливия секілді елде халықтың 18 пайызының ғана интернетке қолы жеткен.

Қолданушылардыңорташажасынақарағанда олардың барлығы жас болғаны байқалады. Осы мерзімде де ел ішіндегі оқиғалардан әлем халқын хабардар ету үшін төңкерісшіл халық тарапынан іске қосылған түрлі сайттар мен блогтар осы елдерде революцияның жылдамдықпен алға ілгерілеуінде маңызды рөл атқарған. Әсіресе Ливияда жаңалықтарға қатаң цензура жасалуы себепті халықтың оқиғаларды баяндауы және сондай-ақ өз еркімен қызметтен кеткен кейбір қайраткерлердің мәлімдемелері ең маңызды ақпарат көздеріне айналды. Халықаралық БАҚ құралдары Ливияның Мысыр және Туниспен шекараларында тілшілерін орналастырып, қақтығыс болып жатқан жерлерден оралған жұрттың сөзін өз көрермендеріне таратты [5].

Америкалық "Newsweek" апталық басылымының америкалық тілшісі Стефан Кинзер өзінің жаңа мақаласында екі ұдай  теорияларды ұсынған. Ол АҚШ-тың саясатын жуықтағы мазасыздықтардан саяси жағынан шеттеу деп ескеріп, есесіне  Араб  әлеміндегі  Иран  Ислам  Республикасын  осы  аймақта   келешектегі биліктің негізгі жүргізушісі деп біледі. Ол осы мақалада Иран құдіретіне қатты алаңдаушылық білдіріп, АҚШ-қа дипломатиялық бөлімде өз саясатын өзгертуді тапсырады. Сондай-ақ, сарапшы АҚШ-тың қауіп төніп отырған ұлттық мүдделерін жандандыра алады деген пікірде [6]. Халықаралық "Stratfor Commentary" сараптама орталығы 2013 жылы қаңтардың 16-сы күні «Екі жылдан соңғы «Араб көктемі» деген мақала жариялады. Онда Араб әлеміндегі халық толқулары болған бес елдің қазіргі жағдайына талдау жасалған. 2010 жылы 18 қаңтар күні араб елдерінде билікке қарсы көтерілістер басталды. Халықаралық бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) оны «Араб көктемі» деп атаған болатыны әлем назарында.

"Stratfor Commentary" орталығының кейбір мақалалары Тунис президенті Зин әл-Әбидин Бен Әлидің елінен қашқанына екі жыл толғанын баяндаудан    басталады.    «Халықаралық  БАҚ «Араб көктемі» деп аталған оқиға осы елден басталды. «Араб көктемі» – араб елдеріндегі бұқара халықтың сыбайлас жемқорлық жайлаған ескі режимге қарсы шығып, демократиялы, либералды ел болуға ұмтылуы. Қазір сол оқиғаларға шолу жасайтын сәт туды» деп жазады. Бұдан ары қарай мақала «Барлық бас көтерулер революция емес, барлық революция демократиялық қоғамға ұмтылады деуге келмейді және демократияланудың бәрі либералдану дегенді де білдірмейді» деген ойлармен жалғасады. 2011 жылы 25 қарашада "Араб көктемінен" кейінгі сайлауда жеңіске жеткен Тунис исламшылары елде жеңістерін тойлады. Жалпы халықаралық ақпарат көздерінде Араб әлеміндегі толқулар жайлы сақтанып сөйлеу керектігін ескерткен "Stratfor Commentary": «Біздің  сақтығымыз  осы жоғарыда аталған тұжырымдар шекарасынан шықпайды» дейді. Яғни, мақалада америкалық саясаттанушы, аталмыш ұйымның негізін қалаушы Джордж Фридман былай дейді:

«Әрине, араб әлемінде түрлену, көтеріліс болды. Кей жердегі шерулердің ауқымы теледидарда көрсеткеннен де асып түсті. Кей елдерде үкімет толқуды басып отырды. Кейбір жағдайда басшының өзі биліктен кетті, бірақ оның режимі сақталып қалды. Ливия сияқты елдерде ескі режим құлап, ешкім түсінбейтін аласапыран кезең басталды. Ал Египетте демократияның жаңа, сенімділеу түрі орнады. Бірақ Египеттегі демократиялық  режимді  либералды режиммен шатастырмау керек. Египет демократиясына қазіргі кезде «Мұсылман бауырлар» ұйымы ықпал етіп отыр. Сондықтан елдегі режимді либералды дей алмаймыз. Бірақ «Араб көктемінің» келе жатқаны сол кезде-ақ анық болды».

«Араб көктемі» дегенде көп жағдайда Египеттегі саяси оқиғаларға баса мән беріледі. Себебі бұл мемлекет – араб елдерінің ішіндегі ең үлкені. Бірақ ондағы жағдайды дөп басып түсіндіру әлі күнге дейін мүмкін емес. Қуатты әскердің билікті қалай бере салғаны түсініксіз, «Мұсылман бауырлар»  ұйымының  либералды режимді қаншалықты  қолдайтындықтары  да белгісіз. Египеттегі оқиға адамды екіұшты ойға жетелейді. Көтерілісшілер не пайда тапты? Бұл елде не болғаны, болашақта қандай жағдай болатыны әлі күнге айқын емес» дейді мақала авторы. «Араб көктемі» кезінде шынымен көне режимді талқандаған ел деп Ливияны атауға болар. Бірақ оны тұтас халықтық көтеріліс деу де қиын, НАТО-ның ықпалы аз болған жоқ. НАТО «Муаммар Каддафи Бенгазидегі қарсыластарын бауыздамақ болғаны үшін араластық» деп ақталды» деп жазады "Stratfor Commentary".

«Бахрейндегі режим Сауд Арабиясының араласуымен аман қалды. Көтерілісшілердің билікті төңкеруге күші жетпеді. Йеменде президент Әли Абдулла Салех қарсыластарының талаптарына құлақ асып, биліктен бас  тарт-  ты. Бірақ ел ішіндегі бұрынғы бей-берекет жағдай, қақтығыстар мен шиеленістер және ескі режимнің қағидалары өзгеріссіз қалды».

«Сирияда президенті Башар Асад режимінің қақтығыстан көз ашпағанына бір жылдай болды, ол орнынан кетеді деген болжам да орындалмады. Асад биліктен кетпесе, Сириядағы саяси жағдай шиеленісті жағдайда қала беруі ғажап емес. Асад Сирияны да Ливан сияқты үкіметі әлсіз, ал әскери қуаты мықты ел  жасап, өзі ең мықты әскери қолбасшыға айналуы ықтимал. Ондай жағдай туып жатса, Асадқа қарсыластарының қауқары жетпеуі мүмкін. Оның үстіне Асадтың қарсыластары либералды демократия құруға ниетті ме? Керісінше, Сириядағы топтар Асад режимін исламдық режиммен алмастырғысы келетін сияқты» деп жазады мақала авторы.

«Араб әлемінде болған өзгерістер мен түрленулер екі түрлі болды. Ливия мен Сирия сияқты елдерде жағдай ушығып, хаос  орна-  ды.  Египет  тәрізді  мемлекеттер  либерализмге жетпейтін демократияны қанағат етті. Араб әлемі 1989 жылғы Шығыс Еуропаның күйін кешеді деген  жорамал  шындыққа  айналмады. Бір қарағанда оқиғалар ұқсас  көрінеді, бірақ ол – тек сыртқы ұқсастық» деп жазады "Stratfor Commentary". Мақаланың соңында саясаттанушы  Фридманның  «Бірақ  осының бәрі «Араб көктемі» мақсатына жетпеді дегенді білдірмейді» деген сөзі берілген. Фридманның ойынша, «Араб көктемі» Батыс көзқарасымен қараған адамға мақсатына жетпегендей көрінуі мүмкін. Өйткені либерализм араб елдеріне бармады. Егер «Араб көктемінің» мақсаты либерализм болды деп ойласақ, әрине, ол бұл мақсатқа жеткен жоқ. Егер мәселеге либерализм тұрғысынан қарайтын болсақ, онда Бен Әлидің елінен  қашуы  да либералдық  дамуға   әкелген жоқ, соғыс пен дағдарыс, хаостың бастамасы болып шығады» деген сарында аяқтаған [7].

Қорытынды. Халықаралық ақпарат көздерінде кейбір БАҚ құралдарының Таяу Шығыс пен араб әлемі елдеріндегі халықтық өзгерістерге қатысты көзқарастарына қысқаша шолулар өте көп. Осы көзқарастардан кейбір БАҚ құралдарының халықты бұрыс бейнелеуін жұрттың елемейтінін білуге болады. Олар өздерінің жылдар бойы үкіметтері тарапынан аяққа тапталған құқықтарына қол жеткізуге мүдделі. Ал, Араб әлеміндегі қарапайым халықтардың наразылығы халықаралық БАҚ құралдарының у-шуы арасында өз жолын тауып, толық жеңіске жеткенше ілгері басуда, яғни бұл арабтардың пікірінше, Алланың уәдесі және тарихи үкім болып табылады.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. 1 Васильев А. М. Восстание в Арабском мире: посевы и всходы // журнал Азия и Африка сегодня. – М., 2011. № 6. – С. 3. 2 Samir Amin. Le monde arabe dans la longue durée: un printemps des peuples?,aux éditions Le Temps des Cerises, – Paris,2011.– P. 216.
  2. Robert Fisk. 'The Arab awakening began not in Tunisia this year, but in Lebanon in 2005', The Independent. 2011. http://www.independent.co.uk/voices/commentators/fisk/robert-fisk-the-arab-awakening-began-not-in-tunisia-this-year-but-in-lebanon-in-2005-2268002.html
  3. Ghannam J. Social media in the Arab world: Leading up to the u prisings of 2011. Center for International Media Assistance, – Washington, 2011. – 16.
  4. ЦирельС.В. Революции, волны революций и арабская весна. – Москва, 2011. – С.153.
  5. Stephen Egypt Protests Show American Foreign-Policy Folly. Newspaper Newsweek. – New York, 28.01.2011. 7 www.stratfor.com Join Press The Arab spring matures. – Texas, 26.09.2012. 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.