Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан Жапон қатынастары – экономикалық даму кепілі

Күн шығыс елі Қазақстанның сыртқы саяси экономикалық бағыты күннен күнге  ерекше үлкен рольге ие болып келеді. Жылдан жылға әртүрлі салаларда экономикада, мәдени гуманитарлық  салаларда  екіжақты тиімді қатынастар дамып жатқанына бәріміз де куәміз. Қазақстандықтардың да осы ғажайып елге деген қызығушылығы күнсайын артып отыр. Тура жиырма екі жыл бұрын қаңтарда екі ел үшін    де маңызды оқиға орын алды. Яғни Қазақстан мен Жапония арасында дипломатиялық қатынастардың орнағанына биыл жиырма екі жыл толды.

1991 жылы Жапония ресми түрде Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін мойындады. 1992 жылы дипломатиялық қатынастар орнатылды.

1997 жылдың ақпанынан бері Токиода Қазақстан Республикасының елшілігі қызмет етеді [1].

Қазақстан  тәуелсіздігін   жариялағаннан соң үлкен қиындықтарға тап болды. Сол қиын кезеңде Жапонияжасмемлекеткеэкономикалық, техникалық   жағынан   және жапон үкіметінің «Дамуға ресми көмек» бағдарламасы аясында қайтарылмайтын көмек көрсетті.

Одан бері Қазақстан дамып аяғына нық тұрып, экономикалық дамуы тұрақты елдер қатарына қосылды. Екі жақты қатынастар барлық салаларда да жақсы дамып келеді деуге негіз бар.

Екіжақты саяси байланыстарға келетін болсақ бұл жерде де қарқынды жағымды жоғарғы деңгейдегі түсіністік байқалады. Бұған Жапонияның премьер министрі Синдзо Абэ мен Қазақстан президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2013 жылы Санк Петербургте G20 саммиті кезінде өткен сұхбаты дәлел бола алады. Жалпы екі ел арасында үкіметаралық, парламент аралық және мемлекеттік қызметкерлер, кәсіпкерлер арасында екіжақты пікірлестік жақсы дамыған.

2011 жыл екі ел үшін де жемісті болды. Қазақстан жағы 2011 жылдың наурызында Жапонияның Шығысында болған апатты жер сілкінісінен кейін жанашырлық білдіріп, қолдау көрсетіп, біздің ел жапон халқының қасіретіне ортақ екендігін білдірді.

Сол жылы Жапонияның бұрынғы премьерминистрі Ю. Хатояма мырза Қазақстанға келіп, Астанада өткен Астана экономикалық форумына қатысып, президент Назарбаевпен кездесіп екі жақты қатынастарды одан әрі дамыту жайлы мәселелерді талқылады.

Екі ел арасындағы қатынастардың тағы да бір маңызды жағы және екі елдің пікірлестігінің дәлелі – қарусыздану мен ядролық қаруды таратпау мәселелеріне байланысты болып отыр. Екі ел арасында мүдделестік көп. Жапония мен Қазақстан атом бомбасы мен ядролық сынақ зардабын тартқан елдер. Атом энергиясын бейбіт мақсаттарда қолдану жайлы көзқарастарымыз да ортақ. Екі ел басшылары жаһандық ядролық қарусыздану мен жаппай қырып жою қаруларын таратпауға бағытталған шараларға барына барынша күш салысып отыр.

2010 жылдың қазан айында Семей ядролық полигонының жабылуына 20 жыл  толуына  орай Астанада өткен «Ядросыз әлем» атты Халықаралық форумға Жапониядан парламент депутаттарымен Нагасаки қаласы әкімінің келуі тегін еместі. Аталмыш шара екі елдің атом мен ядролық сынақтың зардабын шеккен және бірбірін жақсы түсінетін елдер екендігін дәлелдеді. Бұл мәселелер бойынша екі елдің ұстанымдары бір жерден шығатындығын тағыда баса көрсетті. Осы мәселелер бойынша Қазастан – Жапон қатынастарын әлі де дамытамыз деп жапондық өкілдер сенім білдірді.

Әлемде экономикалық дамыған елдер ішінде үшінші орынға ие болып отырған  Күншығыс елі біздің еліміздегі инвесторлардың ондығына кіреді.

Екі ел үшін экономикалық қатынастарды дамыту өте маңызды болып отыр. Айта кетер жайт қазан айында Астанада Жапон Қазақстан үкіметтері мен жекеменшік сектордың біріккен комиссиясының отырысы өтті. Бұл кездесуге 200 ден астам бизнес өкілдері қатысты. Мұның бәрі де Жапон кәсіпкерлерінің Қазақстан экономикасына, қазба байлығына деген қызығушылығының артып отырғандығының дәлелі.

Бастапқыда жапондық кәсіпкерлер Қазақстанның  шикізат  көздеріне, әсіресе қазба байлығымызға көңіл бөлді. Бүгінде екі ел арасында тек шикізат көздеріне байланысты ғана емес өңдеу, ауылшаруашылығы салаларында жапондық кәсіпорындардың алдынғы қатарлы технологияларын пайдалану туралы мәселелер көтеріліп  отыр.  Әсіресе  еліміз дамыған  елу ел қатарына қосылуға ұмтылып отырғанда жапондық жетістіктерді пайдалану біз үшін бірден бір тиімді мүмкіншілік болып табылады. Қазіргі кезде қазақстандық кәсіпорын «Қазатомпром» жапондық кәсіпорындар «Марубени корпорейшн» мен «Сумитомо корпорейшн»мен бірігіп уранды өндіру жөніндегі жобаларды жүзеге асыруда. Ал «Тошибамен»бірігіп сирек кездесетін металлдарды өндіру жөніндегі жоба бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Екі жақты қатынастардың жылдар бойы қалыптасқансалалыққұрылымымемлекеттердің экономикалықмақсаттастығынанқұрылыпотыр. Яғни ең бастысы бүгінгі таңда Қазақстанның бай табиғи ресурстарын Жапонияның алдынғы қатарлы технологияларымен біріктіріп тиімді пайдалану.

Жапондық компаниялар көбінесе мұнай, уран және сирек кездесетін металл түрлерін өндіру салаларында қызмет етеді. Ал өндірістік салаға келетін болсақ "Тойота Мотор Корпорейшн" Қостанайда Toyota Fortuner маркалы көліктер жинауға кірісті. Яғни бүгінде Жапония Қазақстан экономикасын модернизациялауда айтарлықтай үлес қосып отыр.

Токио мен Астана арасында мүдделестік көп, әсіресе атомды бейбіт шараларда қолдану саласында. Қазақстан мен  Жапония  арасын-  да атом энергиясын бейбіт шараларда қолдану жайлы келісімге қол қойылып іске асуда. Еске сала кетейік, Жапония әлемдегі атом энергетикасын өндіруші елдер арасындағы АҚШ пен Франциядан кейінгі үшінші орынға ие. Жапонияда ел энергетикасының 29 пайызы ядролық энергетиканың үлесіне тиеді. Алайда белгілі себептерге байланысты Токио энергетикалық реакторларға тұрақты  отын  жеткізіліп  тұруына мүдделі, бұл мәселе біздің елге деген мүдделілікті айқындайды. Осы орайда уран көздеріне бай Қазақстан жапон энергетиктеріне үлкен көмек көрсете алады.

ХХғасырдаЖапонияатомшапқыншылығына ұшырағанына қарамастан, XXI ғасырда Фукусимада үлкен атом электростанциясында болған апатқа қарамастан халық арасында радияцияға деген үрей бәсеңсіп келеді.

Соңғы жылдары екі жақты қатынастардың жеделдетілуіне екіжақты ресми сапарлардың жиілеуі  куә.  Соның  бірі,  әрі  маңыздысы,  2013 жылғы Парламент сенатының төрағасы кезіндегі Қайрат Мамидің жұмыс сапары. Бірінші күні Парламент сенатының бұрынғы төрағасы кезіндегі Қайрат Мамидің Жапония парламентінің өкілдер палатасының спикері Бунмэй  Ибукимен  кездесіп, Жапонияның «Достық айырбас халықаралық форумының» жұмысына   қатысты. Ибуки   мырза Қазақстан қысқа мерзімде экономикалық дамудың жоғары қарқынына қол жеткізіп, Орталық Азияда көшбасшылық орынға ие болғандығын атап өтті. Спикер мырза екіжақты қатынастарды кеңейтуге және парламент аралық қатынастарды үдетуді мақұлдайтындығын жеткізді [2].

Кенжи Хиратаның пікірінше қазақ жапон қатынастары достық сипатқа ие және әртүрлі салаларды қамтиды. Осы жылдың ақпанында инвестицияны либерализация, қолдау мен қорғау жөніндегі жобаны талқылау аяқталды, қазір құжат ресми қол қоюға дайындалып жатыр.

Токио сапары барысында қазақстандық парламинтарилер Жапон синтоистік шіркеулер ассоциациясының   президенті    Цунекиомен  де кездесті, айта кетерлік жай ол 2012 жылы Астанада өткен IV әлемдік және дәстүрлі дін басшыларының съезіне қатысып Діни басшылар Кеңесінің мүшесі болып сайланған болатын.

Жапония табиғи байлықтардан құр алақан, бұл жағдай Күншығыс елінің дамуына ғана  емес екі ел арасындағы қатынастардың сипатына да әсер етпей қоймайды. Біздің азиялық серіктесіміз шикізатқа мұқтаж, әрине бұл олардың Қазақстанға көз тігіп отырғандарының бірден бір себебі. Бір айтарлық жай Ел басы Н.Ә.Назарбаевтың 2000 жылдары Токиоға ресми сапар барысында «табиғи байлықты технологияға айырбастау» деген принципті ұсынған болатын. Елбасының бұл ұсынысын достық ниеттегі Жапония құптаған еді.

Екіжақты қатынастарда инновациялық технологиялар, IT және коммуникация салаларында серіктестік жөнінде және ғарышты игеру, медицина мен биотехнология салалары да жиі талқыға түсіп отыр. Әрине аталмыш салалар-  да серіктестікке қол жеткізу дегеніміз екі елдің де әлемдік аренада беделінің арта түсуіне алып келері сөзсіз.

Атап айтқанда өткен жылы екіжақты қатынастарда көптеген жағымды оқиғалар орын алды. Олардың бірі Жапония мен Қазақастанның үкіметтік және жеке сектор өкілдерінің экономикалық байланыстың біріккен комиссиясының 4-ші отырысы шеңберінде бір күндік  роудшоу өтті. Қазақстандық делегацияны Премьерминистрдің орынбасары, индустрия мен жаңа технологиялар министрі А.Исекешов басқарды. Жапон жағынан экономика, сауда және өнеркәсіп министрлігінің халықаралық істер бойынша вице-министрі, сонымен қатар Біріккен екіжақты комиссияның жапон жағынан қосымша басшысы Н.Сасаки қатысты. Кездесуде жапон  –  қазақстан   экономикалық қатынастарының басым жақтары мен даму жолдары талқыланды. Атап айтқанда, табиғи байлықтарды өндіруде  бірлесіп  жұмыс  жасау мәселелері қарастырылды: уранды өндіріп өңдіеу, сирек кездесетін металлдарды, темір мен түрлітүсті металлдарды өндірумен мұнайгаз кенорындарын ашу туралы айтылды. Сонымен қатар екіжақ инновациялық технологиялар мен өндіріс саласында да серіктестікке қол жеткізу туралы сөз қозғалды. Отырыстың бірі экология мен энергия саласындағы мәселелерге арналды. Шара екіжақты  құжатқа қол қоюмен аяқталды. Жамбыл облысының әкімшілігі мен жапондық концерн COKEY SYSTEMS CO. Ltd арасында бірінбірі қолдау мемарандумына қол қойылды. Еліміздің Оңтүстігінде солодка тамырын терең өңдеп, жоғары үстеме бағалы өнім өндіру жайлы келісімге қол қойылды. Аталмыш жоба солодканы елімізден тек шикізат ретінде ғана  шығармай,   дайын  өнім  ретінде сатуға келісілді.

Қазақстандықмұнай-газсаласындақұбырлар шығару мен айналысатын өнеркәсіп KSP Steel, жапондық кәсіпкерлермен қарым-қатынас орнатуға келісті. Атап айтқанда өз өнімдерін жаһандық нарықтарға шығару жөнінде келісім сөздер өткізді, ұлттық мұнайгаз саласында бірігіп қызмет істеуге және жапондық жақ болат өнімдерін экспортқа халықаралық нарыққа шығаруға қолдау көрсететін болып келісті, бұл, әрине, Қазақстанның экспорттық мүмкіндіктерін арттырары сөзсіз. Ең маңыздысы бұл шикізатты емес дайын өнімді экспортқа шығару болып табылады.  Нақ  осындай  екіжақты  келісім ЖШК

«DALA MINING» мен ITOCHU Corporation арасында Көктенкөл вольфрам-молибден жобасын жүзеге асыру жөнінде жасалды. Жоба бойынша Қарағанды облысында орналасқан Көктенкөл вольфрам молибден кенорнында өндіру мен өңдеу туралы біріккен жоба жасап жүзеге асыру көзделіп отыр. Бұл шара экономиканын шикізат  секторына  байланысты  болғанымен де нәтижесінде ол сапалы жаңа деңгейге көтерілді.

Ұлттық ядролық орталық Жапония атом энергиясы агенттігімен (JAEA) және Жапондық атом энергетикалық өнеркәсібімен (JAPC) түсіністікпен бірінбірі қолдау мемарандумына қол қойды. Бұл шара отандық атом энергетика саласындағы кадр дайындау, разработке ТЭО құру, атом электро станциясын салумен іске қосу сияқты мәселелерде көмек көрсетеді.

Kaznex Invest ұлттық агенттік екі құжатқа қол қойды: бірі молибден ұнтағымен жылына 120 тонналық плитаны өндіру туралы, екіншісі Sumitomo Corporationмен энергетикалық жобалар жасау жөнінде.

Жағымды жетістіктердің бір қуантарлығы екі жақты экономикалық қатынастар тек шикізат көзіне деген қызығушылықпен шектелмей қарқынды дамуға бет алғандығында. Соңғы кездері жиі болып отыратын кездесулер барысында жаңа технологиялар жайында және «жасыл экономиканы» қалыптастыру мен дамыту мәселелері де талқылануда. Әсіресе, Астанада өткізу көзделіп  отырған халықаралық көрме «EXPO-2017» «болашақ энергиясы» шарасына байланысты өзекті мәселеге айналды.

Соңғы кездері экологиялық мәселелердің жиі талқыланып жүргені мәлім. Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс әрекеттері жедел қолға алынып жүргенінің дәлелі және ең маңыздысы экономиканы да соған орай қызмет істеуге бейімдеу жобалануда. Әрине бұл мәселе бойынша Жапонияның тәжірибесі мол және біздің ел үшін сол тәжірибенің пайдаға асары сөзсіз.

Астанада өткізілетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінде әрине жаңа технологиялар көшбасшысы атағына ие Жапонияның көрсетері де жұртты таңқалдырары да сөзсіз.

Қазақстан мен Жапоня арасындағы тауар айналымы 2008-2012 жылдар аралығында 7 млрд. АҚШ долларын құрады, импорт – 3,4 млрд. АҚШ доллары, ал экспорт – 3,5 млрд. АҚШ доллары болды. Жапонияның тікелей инвестициялар мөлшері өткен жылдары 4,4 млрд. АҚШ долларына жетті.Әлі жалпы құны шамамен 2,6 млрд. АҚШ долларын құрайтын жапондық 45 жоба талқылануда. Екі ел арасындағы қатынастар жылдары 70 астам біріккен кәсіпорындар ашылды [3].

Биылғы жылы да наурыз айында Қазақстан республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев Жапония премьер-министрі Синдзо Абэмен кездесу өткізді. Кездесу барысында  прези-  дент Қазақстанның серіктестікті дамытуға қызығушылық танытып отырғанын баса айтты. Жапонияға екі рет ресми сапармен келгенін айта отырып, Жапонияның Орталық Азия мемлекеттерімен қарым-қатынастарды нығайту туралы ойларын қолдайтындығын атап өтті. Жапония біздің Азиядағы досымыз және әлемдегі ірі экономикалардың бірі деп, соңғы кездегі екіжақты қатынастардың нығайып барлық салаларда белсенділік көрсетуі қуантады деп көрсетті. Қатынастардың басым бағыты бұл энергетика, әсіресе атом энергетикасы екендігін атады. Қазақстан уран өндіруші ірі елдердің бірі ретінде уранды Жапония атом станцияларына жеткізуші ретінде қызмет атқаруы әбден мүмкін деді елбасы [4].

Қазақстанның индустриалды-инновациялық бағдарламасы шеңберінде технологиялық және инновациялық екіжақты қатынастарды дамытуға шақырды. С.Абэ еліміздің барлық бастамадарын қолдайтындығын жеткізіп, 2008 жылғы кездесу экономикалық  қатынастардың  одан  әрі дамып жаңа стратегиялық серіктестік сатысына көтерілгенін айта отырып, Жапония мен Орталық Азия елдері арасындағы қатынастарды дамытуға Қазақстан бар мүмкіндігін пайдаланатынын. Сонымен қатар Қазақстанның Ауғаныстандағы жағдайдын тұрақтануына үнемі елеулі көмек көрсететінін атап өтті.

Он екінші жылы Қазақстан мен Жапония бірлесіп  әскери  жабдықтар  да  өндіру   жайлы  келісті.  Авияциялық  құрал  жабдықтар  мен    байланыс    жүйелері мен  оптика электронды құрылғыларды Қазақстанда біріккен кәсіпорындарда өндіру көзделіп отыр. Күншығыс елінің Астанада әскери атташе офисі ашылуымен әскери салада екіжақты қатынастар жаңа қарқынға ие болатыны түсінікті [5].

Қорғаныс ведомстваның басшысы Әділбек Жаксыбеков пен оның жапондық әріптесі Хиронори Канадзава екеуі екіжақты қатынастардың басым жақтарына тоқталды. Атап айтқанда әскери құрал жабдық шығару, битимгершилик шараларында біріге қызмет атқару мен әскери білім беру салалары да сөз болды.

Екіжақты қатынастарда көптеген жағымды жақтар болғанымен де әттеген ай дегізетін мәселелерде бар. Жапондық кәсіпкерлер Қазақстанға инвестия салуға және сауда жасауға қызығушылық танытқанымен шетелдік бизнестің инвестия салуы бірнеше факторларға тәуелді екендігі аян, олардың ең бастысы  елдегі инвестициялық ахуал. Атап көрсетсек инвестицияға байланысты салық салу мен заң жүйесінің айқындық, әділдік пен заң негізіне сәйкестігі кәсіпкерлерді көп ойландырады деп Жапонияның  Қазақстандағы  елшісі  Масаёси Камохара мырза айтты. Екі еларасындағы экономикалық мүмкіндіктер толықтай пайдаланылып отырған жоқ бұған елші мырзаның ойынша бүгінгі уақыт  тапшы  заманда  Астана мен Токио арасында тіке әуе қатынасының жоқтығыда кері әсерін тигізеді, өйткені Токиодан Алматыға жету үшін Сеул арқылы ұшу кемінде 15 сағат уақытты талап етеді. «Бірақ бұл мәселе де жақында өз шешімін тауып қалар, Қазақстанның Жапониядағы елшісі Ақылбек Қамалдинов екеуіміз іс жүзінде мәселені шешу жолдарын іздестіріп отырмыз» – деп үмітін білдірді [6].

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Официальный сайт посольства Японии в Казахстане//http://www.kz.emb-japan.go.jp/relations/index.html
  2. Отношения между Казахстаном и Японией выходят на новый уровень, 20 апреля 2013 //http://www.zakon.kz/4552854otnoshenija-mezhdu-kazakhstanom-i.html
  3. Каштелюк Арий. О развитии казахстанско-японских отношений говорили председатель Мажилиса и посол Японии в РК, 26 марта 2014 //http://www.liter.kz/news/view/45382
  4. Казахстанско-японские международные отношения, 7 сентября, 2013//http://www.alinur.kz/novosti/kazahstanskoyaponskie-mezhdunarodny-e-otnosheniya.html
  5. Казахстан и Япония будут производить военное оборудование, 07.2012//http://total.kz/politics/2012/07/11/kazahstan_i_ yaponiya_budut_proiz.
  6. Наталья Абсалямова.Масаёси Камохара: у наших стран много общего// № 17 (17856) от 01.2014//http://www.express-k. kz/show_article.php?art_id=92019

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.