«Табиғи ресурстар қарғысына» қарсы тұрудың халықаралық тәжірибесі

Елдерге «табиғи ресурстардың қарғысына» қарсы тұруға мүмкіндік беретін тәсілдерді енгізуге бағытталған күш-жігер үлкен пікірталастардың [1], сонымен бірге халықаралық ұйымдардың, әсіресе, Дүниежүзілік банктің араласуының негізіне айналды. J. Sachs and A. Warner «қарғыстан құтылу» бойынша саяси ұсынымдардың ортасында «жариялылық пен есеп беру» болды деп атап көрсетеді [2]. Осылайша, мемлекеттік саясат табиғи ресурстардың тұрақты дамуы жоспарында маңызды рөл атқарады.

«Табиғи ресурстардың қарғысына» қарсы тұрудың және ресурстардың байлығымен байланысты қоғамдар үшін барынша көп тұрақты пайда алудың стратегиялары бірқатар жағдайлармен   қатар   жүргізіліп,   жалпы  бүкіл әлемде Дүниежүзілік банк жариялаған негізделген басқарудың қағидаларымен сәйкес келеді [3].

Дүниежүзілік банк дамудың жағымды нәтижелерінде қарым-қатынас орнататын елдер үшін негізделген басқарудың алты жиынтық көрсеткіштерін бөліп көрсетті [4]:

  • әділ өткізілетін сайлауларды, белсенді азаматтық қоғамды және тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарын қоса алғандар «жариялылық пен есеп беру»;
  • кенеттен болатын шиеленістердің, этникалық шиеленістерді, саяси бөлінушілік пен кенеттен болатын әлеуметтік шиеленістерді қоса алғанда саяси тұрақтылық;
  • институционалдық тұрақтылық пен саясаттандырылмаған азаматтық қызметті қоса алғанда үкімет жұмысының тиімділігі;
  • жеке меншік сектор басымдық көрсетпейтін реттеу жүктемесінің тиісті деңгейі;
  • меншік құқығын қорғау және сот жүйесінің тәуелсіздігін қоса алғанда заңдардың жоғары тұрушылығы; сонымен бірге – сыбайлас жемқорлықтың болмауы.

«Ресурстар қарғысынан» ойдағыдай аман қалған елдерге біршама деңгейде мұнай мен сәйкесінше мысты өндіруге тәуелді экономикасы бар Норвегия мен Чили жатады. «Табиғи ресурстардың қарғысына» қарсы тұру үшін бұл елдер бірқатар шаралар қабылдады [5]:

  • фискалдық шығындарды шектеу және бюджеттерді тепе-теңдікте ұстау, бұл инфляцияны ұстап тұруға мүмкіндік берді;
  • болашақ ұрпақ үшін ресурстар қорларын құру, оларға ресурстардан алынған табыстар халықаралық деңгейде салынады;
  • бюджеттің профицитін адам капиталына (білім беруге), инфрақұрылым мен инновацияларға инвестициялау;
  • ресурстарға тәуелді әлсіз дамитын салалардағы шағын және орта жергілікті кәсіпорындардың дамуын ынталандыратын амалдарды қоса алғанда (әсіресе Норвегияда) олардың экономикасын ырықтандыру үшін саясатты қабылдау;
  • жоғары сапалы азаматтық қызмет мен реттеушілік бюрократияға негізделген жемқорлықтың төменгі деңгейін, сенімді меншік құқықтарын, тәуелсіз сот пен шешімдерді қабылдау жүйесіндегі ашық теңестіруші күштерді қоса алғанда байыпты институттарды қамтамасыз ету.

«Табиғи ресурстар қарғысының» едәуір жақын рельефтік мысалына Нигерия жатады. 1965 ж. – мұнай кенорындарын дайындаудың басталуы уақытына қарай – Нигерия ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттауға бағытталған әлсіз дамыған ел болды. 1970-ші жылдардың басындағы баға серпілісімен қатар жүрген мұнай экспорты 1970-ші жылдардың бірінші жартысында  жылына  орташа  есеп-  пен 4,6% қарқынмен экономикалық өсімді қамтамасыз етті [6].

Нигерия 1970-тен 2000 жылдарға дейінгі кезеңде 350 млрд. дол. сомасына мұнай табысына қол жеткізді. Осыған қарамастан осы уақыт кезеңінде абсолюттік кедейшілікте өмір сүретін халықтың бөлігі екі есеге артып, 70% құрады [7]. Нигериялықтардың 40%-ы сумен және кәріз желісімен жабдықталмаған; елдегі өмір сүру ұзақтығы дүние жүзіндегі ең төменгі көрсеткіштердің бірі, ал бала өлімі – ең жоғарғы көрсеткіштерге ие.

Мұнай байлығын тиімсіз пайдаланудың мысалына айналған Нигерияның экономикасы автордың пікірінше келесі факторлардан зиян шекті. Біріншіден, «голландық ауру» өзінің теріс әсерін тигізді. Нигерияда ол барынша айқын көрінді. Нигерия проциклдық салық саясаты мен инфляцияда көрініс тапқан тұрақсыз ғаламдық энергетикалық нарықтардың (1 суретті қараңыз) нәтижесі болып табылатын макроэкономикалық өзгерістерге барынша әлсіз болды. Екіншіден, Нигерияда    үлкен    институционалдық   қиындықтар бар. «Transparency International» бағалауы бойынша бұл ел сыбайлас жемқорлық деңгейі бойынша 180 мемлекеттің ішінде 56-шы орынға ие [8]. Рентаға бағытталған іс-әрекеттің мұндай деңгейі теңестірілген макроэкономикалы саясатты жүргізуге және бизнестің дамуы үшін қолайлы жағдай қалыптастыруға мүмкіндік бермейді.

Алайда, елдердің барлығында да «ресурстар қарғысы» тән болмайды. Кейбір елдер, мысалы, Ботсвана, Индонезия, Норвегия, Австралия және Канада экономикалық өсу мен әлеуметтік дамудың тұрақты және жоғары қарқындылығын көрсетеді. М. Ross бұдан 30 жыл бұрын Индонезия мен Нигерия, екі мұнай өндіруші елде адам басына шаққандағы ЖІӨ шамамен теңдей көрсеткіштеріне ие болған деп атап өтеді. 2003 ж. Нигерияда адам басына  шаққандағы  та-  быс Индонезияның табыс көрсеткішінің 30%ын ғана құраған [7]. 1993 жылы Әлемдік банк Индонезияның экономикасын «шығыс азиялық керемет» деп атады.

Алмас кенорындарына бай елдер  Боствана мен Сьерра-Леона да осындай ұқсас әдіспен бұдан отыз жыл бұрын экономикалық дамудың шамамен бірдей деңгейінде болған. Алайда, Боствана уақыт өте келе оның аумағына 1970ші жылдары алмас кенорындары шығарылған кезден бастап таң қалдырарлық экономикалық өрлеуді    көрсете    білді. 1970 – 1990  жж. аралығында бұл ел шамамен 7% орташа жылдық даму қарқынымен әлемдегі едәуір жылдам дамушы экономикаға ие болды. Сарапшылардың бағалаулары бойынша осы өсімнің 40%-ын алмас өндірісі қамтамасыз етті [9]. Бұл орай-  да, Боствананың бастаушылық ұстанымы тропикалық климат мен тұйық мономәдени экономика нәтижесінде әлемдегі ең нашар ұстанымдардың бірі болды. Осы негізде Сьерра-Леонада адам басына шаққандағы ЖІӨ 1970 ж. 350 доллардан 2000 ж. 150 долларға дейін төмендеді. Тек 1994 – 1998 жж.  аралығында  бұл елдің нақты ЖІӨ 21%-ға қысқарған, ал бұл уақытта халықтың саны 13%-ға өскен.

Табиғи ресурстарға бай елдердің дамуының әр түрлі сипаты табиғи ресурстар  табысты даму үшін кедергі де, экономикалық коллапстан кепілдік те болып табылмайтынын көрсетеді. Табиғи ресурстардан түсетін табыстар едәуір мөлшерде шикізат бағаларының біршама ауытқулары, ресурстардың көлемі, шикізат компаниялары төлейтін тарифтер мен роялти деңгейлері өзгерістерінің нәтижесінде құбылмалылыққа бейім болып келеді. Осыған байланысты егер мұнай елдердің қаржы институттарытабыстардинамикасынақарайбағыталатын болса, құбылмалылық макроэкономикалық деңгейге, ең  алдымен  мемлекеттік  тұтыну  мен инвестициялаудың құбылмалығы түрінде беріледі.

  Сурет 1 – Мұнайдың бағасы, Нигерия экономикасының қоғамдық секторындағы кірістер мен шығыстар, 1970-2011 жж.

  Мұндай даму үшін  «голландық  ауру» үлкен қауіп төндіреді. Ол ресурстық серпілісі кезеңінде ұлттық валютаның айырбастау бағамы шикізаттық емес салалардың, әсіресе ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп салаларының бәсекеге қабілеттілігіне теріс ықпал ете отырып, артатын жағдайды білдіреді. Атап өтілгендей бұл термин Солтүстік теңіздегі Нидерландының аумақтық суларында 1960-шы жылдары табиғи газдың үлкен қоры анықталғаннан кейін пайда болды. 1976 жылы бұл елдің газдан түскен табыстары 5,5 млрд. долларға жетті, бұл соманың басым бөлігі өмір сүру деңгейін арттыруға жұмсалды. Бұл ұлттық валюта – гульденнің өсуіне алып келді, осының нәтижесінде өңдеуші кәсіпорынның дамуында баяулаулар орын алып, жұмыс істейтін халықтың саны 16%-ға азайып кетті. Мемлекет әлеуметтік инвестицияларды арттыра отырып, жұмыс орындарын сақтап қалуға тырысты, осының нәтижесінде 1982 жылы бюджеттің дефициті ЖІӨ-нің 7%-на жетті.

Сонымен бірге «голландық ауру» шикізат табыстары серпілісінің сөзсіз болатын салдары емес, оған Боствана, Индонезия мен Норвегияның  тәжірибесі  дәлел.   Сарапшы-  лар атап өткендей бұл дұрыс жүргізілмеген экономикалық саясаттың, атап айтқанда қаржы және валюта саясатының, сондай-ақ елге шикізатты сатудан түсетін кірістерді тиімді басқара алмаудың нәтижесі.

Жалпы, бұл елдер үшін проциклдық қаржылық саясат тән болды, ал дамыған  ел-  дер үшін ол контрциклдық сипатта болды [9].

«Ресурстары мол» елдер үшін проциклдық саясат ресурстық серпіліс кезінде қаржылық ресурстардың таралуынан және дағдарыс кездерінде олардың қысқаруынан көрінді. Нәтижесінде қарапайым экономикалық циклдар денсаулықты қорғау мен білім беруге жұмсалатын шығындарды қоса алғанда үлкен мемлекеттік жобаларға жұмсалған мемлекеттік шығындардағы циклдармен күшейе түсті. Көбіне проциклдық саясат «кенеттен келген» күтпеген кірістерді адам капиталын дамытудың орнына ғаламат инвестициялық, көбіне тиімсіз жобаларға орынсыз жұмсаумен қатар жүреді.

Мемлекеттің табиғи ресурстарды экспорттаудан кенеттен пайда болған кірістерді талан-тараждаудың  едәуір  жиі  кездесетін   түрі   экономиканың   мемлекеттік   секторында жаңа жұмыс орындарын шамадан көп ашуға, жалақыны өсіруге, өңірлер мен өнеркәсіп салаларына трансферттер мен  субсидиялар бөлуге ағымдағы шығындарын  кеңейту  болып табылады. Көбіне субсидиялар шығынды мемлекеттік кәсіпорындарды қолдауға бағытталады. Күтпеген кірістердің айтарлықтай бөлігі денсаулықты қорғау, білім беру мен инфрақұрылымға салынатын инвестициялардың орнына әкімшілік аппаратты күтіп ұстауға жұмсалады.

Зерттеушілер түрлі шикізатты елдердің экономикалық саясатындағы тәсілдердің алуан түрлілігі мен олардың экономикалық дамуға ықпал ету мәселелерін қарастырды. Алайда, неге бір елдер барынша тиімді саясат жүргізеді, ал кейбіреулері – жүргізбейді деген сұрақ шешімін таппады. Бұл  сұрақ  соңғы  жылда-  ры сарапшылардың назарын өзіне аудартады. Мамандардың көпшілігі бұл сұрақтың жауабын осы елдердің саяси және институционалдық жүйелерінің ерекшелерінен табуға болады деген қорытындыға келуде. Көптеген әдебиеттерде түрлі мүдделер тобының «рентаға бағытталған» саясаты мен оның жалпы экономикалық саясатқа әсеріне меңзейді.

Оған  байланысты  көптеген шикізатқа  бай елдердің  қауіпті  болатын   сипаттамасы – «ренталық мемлекет» немесе «ренталық экономика». Ренталық мемлекетте табиғи ресурстарға роялти мен салықтар түріндегі сыртқы ресурстардан рентаны барлық  кірістердің  басым   бөлігін   құрайды.   Ренталық  мемлекетте «ренталық ментальдылық» басым болып келеді, бұл жағдайда үнемі өсіп отыратын кірістерді күтудегі рантье кезек күттірмейтін жылдам өсумен  қатар  жүреді.   Табиғи   ресурстарға бай және кедей елдердің қайта бөлу және өндірістік  функцияларына  көңіл  бөле отырып,

«ренталық ментальдылықты» түсіндіруге болады. «Өндіруші мемлекеттер» деп аталатын табиғи ресурстарға кедей елдер экономикаға салық салуға ерекше көңіл аударады; олар үшін экономикалық өсу барынша жоғары кірістердің негізі ретінде императивтік болады. Осыған қарама-қарсы ренталық мемлекеттер «қайта бөлуші мемлекеттер» болып табылады. Оларға тән белгілер субсидиялар мен трансферттер болып табылады.

Бұл сипаттамалар табиғи ресурстарды тиімді басқаратын елдерден осындай басқаруды жүргізе алмаған елдердің арасындағы айырмашылықтарды айқындау кезінде өте маңызды болып табылады. S. Asfaha Боствана мен Норвегия табиғи ресурстарды өндірумен және қайта өңдеумен байланысты емес, нақтырақ  айтқанда экономиканың баламалы секторларына салынған салықтардың арқасында ел табысының белгілі бір бөлігін шоғырландыруды қажет ететін саясатты ұстанғанын көрсетеді [10].

Керісінше, Нигерия, Замбия, Венесуэла, Эквадор мен Мексика секілді елдер  шикізат кірістерін экономиканың мемлекеттік секторының қызметкерлерін қоса алғанда, мүдделі әлеуметтік топтарға трансферттеуді жүзеге асырды. Олар салықтарды тиімді жинауға, салықтық әкімшілік ету жүйесін күшейтуге, салық салынатын субъектілерде кәсіпкерлік рухты қалыптастыруға аз көңіл бөлген.

Экономикалық саясатты саяси қайраткерлер жүзеге асыратыны белгілі және бұл мағынада ол жалпы саяси үдерістің бір бөлігі болып табылады. Кезкелгенсаясаткердіңбастыміндеті«дұрыс саяси шешім» қабылдау. Дұрыс экономикалық саясат саяси қайраткерлердің мүддесімен сәйкес келе бермейді. Егер жақсы саяси қызмет саяси қайраткерлердің мүдделерінің азаматтардың мүдделерімен сәйкес келуінің нәтижесі деп айтатын болсақ, онда  Боствана,  Индонезия мен Норвегия секілді елдерде осындай сәйкес келушілік болды деген қорытынды жасауға болады. Басқа табиғи ресурстарға бай елдерде бұл мүдделер сәйкес келмеген.

Ең алдымен, бұл халықтың рентаға бағытталған топтары секілді. Бірқатар зерттеушілер мұндай топтарға көбіне әскери адамдар тобы мен шенеуніктерді жатқызады. Мысалы, H. Bienen Норвегияда фермерлердің ешқандай саяси ықпалы жоқ және олардың елдің саяси құрылымдарында ешқандай  өкілдері жоқ, ал керісінше әскери мен азаматтық шенеуніктердің айтарлықтай саяси билігі бар деп атап көрсетеді. Мысалы, сарапшылар атап өткендей Ajakouta белгілі металлургиялық кешені Норвегиядаелдіңэкономикалықдамуына ат салысатындықтан емес, оның демеушілеріне саяси дивидендтер әкелетіндіктен қызмет етеді [11]. Сәйкесінше, мемлекет оның ұстанымын күшейтіп, осы топтардың мүддесіне сай  келетін шешімдер қабылдаған. Мұндай жағдай басқа    елдерде:    экономикалық  саясат ұзақ мерзімді экономикалық дамудың орнына қысқа мерзімді саяси мүдделер мен басымдықтарды басшылыққа алған Чадта, Эквадорда, Мексикада, Венесуэлада, Замбияда да қалыптасқан.

Мұндай   елдерде   экономикалық    саясат экономикалық дамудың құралдары мен механизмдері емес, негізінен беделді топтар-  ды қолдауды шоғырландыруға бағытталған саяси құралдарға айналады.  Осы  себептер-  мен шикізатқа бай елдерде мемлекет өзінің ұлттық валютасын девальвациялауға ниетті емес екендігін түсіндіруге болады.  Осылай-  ша, табиғи ресурстарға бай елдердегі айырбастау бағамының жоғарылауы, экспорттың қысқаруы мен шикізат кірістердің жұтылуы экономикалықпен қатар саяси  феномен  болып  табылады.  Бұл  мағынада  алғанда  «саяси голландық ауру» [12] және «ресурстық қарғыстың саяси факторы» [13] терминологиялары ерекше мәнге ие.

Жоғарыда аталғандардың барлығы экономикалық саясаттың стандартты әдістерін пайдалана отырып, голландық ауруды емдеуді қиындататын   «ресурстық   қарғыстың»   саяси құрамдас бөлігі болып табылады. Қажетті құрылымдық ауысымдарға бағытталған экономикалық саясат саяси ықпал ету агенттерінің мүддесімен сәйкес келмейтін мөлшерде ол тұрақты бола алмайды. Мұндай топтар мәселе табиғи рентаны бөлуге қатысты болғанға дейін «статус квоның» қорғаушылары болады. Бұл рөлінде мұндай топтар «нашар экономикалық саясаттың» агенттері болып табылады.

Рентаға бағытталған саясат экономикалық және саяси күштің элитаның қолына шоғырлануына, жемқорлықтың тереңдеуіне, экономикалық тиімділіктің төмендеуіне және әлеуметтік теңсіздіктің өсуіне алып келеді. Мексика, Венесуэла немесе Норвегия секілді елдерде рентаны алуға бағытталу қауіпті сипатта, саяси және экономикалық институттар өте әлсіз, негізгі нарық агенттерінің ашықтығы мен есеп берушілігі жоқ. Боствана, Индонезия мен Норвегияға келетін болсақ бірқатар зерттеулерде бұл елдерде «дұрыс экономикалық саясатты» жүргізуге ықпал ететін саяси және институционалдық құрылымдардың болуы атап өтіледі.

Норвегия экономикалық жүйенің тұтастығы аясында шикізат секторын тепе-тең басқарудың ең сенімді мысалдарының бірін көрсете білді [14]. Мұнай мен газды экспорттаушы ретінде ол Ресей мен Сауда Арабиясынан кейін үшінші орынды иеленеді.

2-суретте берілген деректер 1970-ші жылдардың ортасында Норвегияда адам басына шаққанда ЖІӨ-нің біршама артуын көрсетеді. Норвегияны көрші Швециямен салыстыра отырып, елдің ЖІӨ-нің жылына шамамен 20% артуы мұнай ресурстарының арқасында орын алатынын байқауға болады.

Норвегияның табиғи ресурстарды басқару моделі мұнай газ қорларына мемлекеттік меншіктің болуына және мемлекеттік мұнайды өндіруді толығымен бақылауына негізделеді. Соңғысында  мемлекеттік  компаниялар басымдыққа ие және мемлекеттік әрбір сатыдағы үлесін шығара отырып, кірістердің толық есебі жүргізіледі. Мемлекет тікелей – мемлекеттік компаниялар арқылы, сондай-ақ мемлекеттің үлесін бөлу, лицензиялар беру, рұқсат беру қызметі және басқалар арқылы барлық дерлік кенорындарын пайдалануға қатысады.

Норвегиядағы мұнай табыстарын басқару ісіндегі табыс деп сарапшылар осы елдегі ерекше әлеуметтік тәртіпті есептейді [16]. «Әлеуметтік келісімшарт», «келісілген ұжымдық әрекеттер» және «протестандық еңбек этикасы» санаттарын пайдалана отырып, М. Вебера, Е. Larsen Норвегияда белгіленген әлеуметтік нормалар элиталардың рентаға бағытталған әрекетіне  кедергі  жасайды, ал келісілген ұжымдық әрекеттер тәжірибесі осы елдің әрбір азаматының мұнай мен газды өндірумен алынатынбайлыққақолжеткізуінқамтамасызетедідеп тұжырымдайды [17]. Елде көмірсутек қорлары пайда болғанға дейін бұрын қалыптасқан норвегиялық демократиялық дәстүр рентаға бағытталған әрекеттерге кедергі жасайтын маңызды фактор болып табылады. S. Asfaha норвегиялық тұрақты және демократиялық саяси жүйе, дамыған және транспаренттік заң жүйесі, мықты бұқаралық ақпарат құралдары қаржы саясатының тиімділігін және мемлекеттік шығындардың әділ сипатын қамтамасыз етеді [10].

Сурет 2 – Норвегия халқының адам басына шаққандағы ЖІӨ, Швеция = 100

  Сурет 3 – Венесуэла халқының бір адам басына шаққандағы ЖІӨ-нің нақты өсімі

 Алайда, Норвегия да экономикадағы басқа елдер шикізат доминанттары бетпе-бет келетін қиындықтардан айналып өте алмады. Мұнай мен газды өткізуден түсетін жоғары деңгейдегі экспорттық   кірістер   өңдеуші    кәсіпорын мен оның жоғары технологиялық құрамдас бөліктеріне мүддесі үшін емес, өндіруші саланың мүддесі үшін экономика салаларының арасында қаржы құралдарының қайта бөлінуін алып келеді. Бұл заңды түрде шикізаттық мамандануды консервілейді және ел экономикасының кешенді түрде дамуын тежейді.

Қазіргі уақытта Норвегия ғана емес, белгілі мөлшерде Венесуэла да экономиканың тұтас дамуына шикізат (мұнай газ) секторының ықпалдасуының өзіндік экономикалық және әлеуметтік өлшемдерін тауып, осылайша дағдарыс жағдайларынан аман қалды.

Нақты жанбасылық ЖІӨ 10%-ға төмендеген 1996 жылдан бастап 2006 жылға дейін қырық жылдың ішінде Венесуэланың экономикалық дамуы экономикалық феномен: «венесуэлалық ауру» атауын тудырды, оны мұнай саласын мемлекет қарауына алумен және соңынан осы индустрияның тиімділігінің төмендеуімен байланыстырады.

«Голландық ауру» Венесуэланың экономикасы үшін күрделі фактор болмағанын айта кету қажет. БҰҰ-ның материалдарына сәйкес Венесуэла ұлттық валютаның нақты түріндегі толығымен бағаланбаған кезде 1997 – 2003 ж. аралығындағы кезеңде елде теріс экономикалық өсу байқалған ерекше жағдай болып табылады (3-суретті қараңыз).

Венесуэланың экономикалық қиындықтарының түп тамыры Венесуэла қоғамындағы экономикалық   жіктелудің   жоғары деңгейімен байланысты болатын соңғы он жылдағы табиғи рентаға қол жеткізу үшін күреспен жүйелі түрде қиындайтын қолайсыз институционалдық ортамен байланысты. Рентаға бағытталған әрекеті мен мемлекеттік шенеуніктердің сыбайлас жемқорлық әрекеттері, сондай-ақ бизнес үшін шамадан тыс кедергілер айтарлықтай өзекті мәселелер болып табылады.

Жоғарыда атап өтілгендей, голландық аурудың саяси құрамдас бөлігі бұл мәселеге күрделі кешенді сипат береді, оны тек экономикалық институттардың көмегімен шешу мүмкінемес. Дәлсондықтанресурстықкірістерді басқару саласындағы халықаралық бастамалар осы үдерістің ашықтығы мен есеп берушілігіне ерекше көңіл бөледі. Осы тұрғыдан алғанда, едәуір белгілі бастамалар Халықаралық валюта қорының «Ресурстық кірістердің ашықтығын қамтамасыз ету жөніндегі  нұсқаулығы»  болып табылады, «Ақшаны бақылау: бюджеттік және мұнай газ кірістеріне мониторинг жасау жөніндегінұсқаулық» ашыққоғамыныңбастамасы, британдық үкіметтің «Өндіруші салалардағы ашықтықты қамтамасыз ету бойынша бастама» (Extract Industry Transparence Initiative, EITI), ол Әзірбайжанда, Ганада, Либерияда, Монғолияда іске асырылуда және Норвегияға, Қазақстанға, Грузияға, Қырғызстанға, Нигерия мен басқа да 26 елге енгізілуі тиіс.

Осы үш бастаманың негізінде қаржылық ашықтық басшы қатысушылардың есеп берушілігін қамтамасыз етеді деген үміт жатыр, ал бұл, өз кезегінде жақсы экономикалық саясат үшін мемлекеттік шешімдерді қабылдаудың өзгеруіне алып келеді және азаматтар мен жергілікті билік органдарының биліктік өкілеттіктер берілуінің арқасында рента алуға бағытталуды қиындатады.

Соған қарамастан, бұл көзқарасты барлық сарапшылар қолдамайды. Мысалы, олардың кейбіреулері мемлекеттің ресурстық кірістерді экономикалық даму үшін қайта бөлуіне сенбейді және мұнай кірістерінің қоғам мүддесі үшін тікелей бөлінуін алға тартады [19]. Басқа сарапшылар жекешелендіруді табиғи байлықты басқару мәселелерін шешудің баламалы жолы ретінде көреді.

Қорыта келе, табиғи ресурстарға бай елдердің дамуын талдау «голландық ауруға» қарсы тұруда экономикалық саясаттың сипа-  ты  басты  рөл  атқаратындығын  көрсетеді.  Боствана, Индонезия, Норвегия секілді елдерде тиімді экономикалық саясаттың нәтижесінде голландық аурудан аман қалып, айтарлықтай экономикалық өсуге қол жеткізе алды. Бұл елдерде қаржылық саясат контрциклдық сипатта болды. Қаржылық саясаттың консервативтік сипаты айырбастау бағамдарының бәсекелі саясатын жүзеге асыруға және ұлттық валютаның девальвациясы әсерін сақтау үшін пайдаланылған біршама валюта резервтерінің жинақталуына  ықпал  етті.

Керісінше,  табиғи ресурстарға бай көптеген елдерде проциклдық қаржылық саясат жүргізілді, ол шикізатты өндіруден түскен кірістерді мемлекеттік секторды, тиімділігі төмен пайдасыз арманшыл жобаларды қаржыландыруға бағытталды. Мұндай елдерге шектелмеген қаржылық  шығындар  мен шикізаттық серпіліс жағдайында ауқымды қарыздар алудың арқасында қалыптасқан үлкен мөлшердегі қарыздарының болу белгісі тән. Сәйкесінше, мұндай елдердің экономикасы өндіруші емес, «қайта бөлуші» деген атау алды.

 

 

 

Литература

 

  1. Humphreys , Sachs J. & Stiglitz, J. Escaping the Resource Curse. – New York: Columbia University Press. – 2007. – 408 p.
  2. Sachs D., & Warner A.M. The curse of natural resources // European Economic Review. – 2001. – Vol. 87, № 2. – Р. 184-88.
  3. World Governance: The World Bank Experience. – Washington; DC: The World Bank, 1994.
  4. Kaufmann D., Kraay A., and Zoido-Lobaton Governance Matters, Policy Research Working Paper // The World Bank Development Research Group and the World Bank Institute. – 1999. – № 2196. – 60 p.
  5. Havro G., and Santiso J. To benefit from plenty: Lessons from Chile and Norway // OECD Development Centre, Policy– 2008. – № 37.
  6. Transparency International. – 2012 // http://transparency.org
  7. Ross M. How can mineral rich states reduce inequality? / // Escaping the resource course – New York: Columbia university press, 2003. – 445 р.
  8. Фетисов Г. Альтернативы сырьевой модели развития российской экономики // Российский экономический журнал – 2008. – № 1. – С. 21-34.
  9. Asfaha S. National revenue funds: their efficacy for fiscal stability and intergenerational equity // International institute for sustainable development. – 2007.
  10. Bienen Н. Nigeria: from windfall gains to welfare losses? // Oil windfalls: blessing or – New York: OXFORD UP, 1988.– P. 39-48.
  11. Robinson J. Political foundations of the resource course. // Journal of development economics. – 2006. – №79. – 34-47.
  12. Larsen Е. Escaping the resource curse and the Dutch disease? When and why Norway caught up with and forged ahead of its neighbors. // American journal of economics and sociology. – 2006. – Vol. 65, issue 3. – P. 89-102.
  13. Андрюшина Н. Норвежская модель управления ресурсами // Экономист. – 2005. – № 11. – С. 63–74.
  14. Olsen Ø Мonetary policy and wealth management in a small petroleum economy, speech, at Harvard Kennedy School. – Cambridge; MA, 2013, april.
  15. Рoteete А. Overlapping sectors: botswana's inoculation against Dutch disease? // Global prosperity initiative working paper – Mercatus center, George Mason university. – 2005. – № 56. – P. 67-79.
  16. Larsen Е. Escaping the resource curse and the Dutch disease? When and why Norway caught up with and forged ahead of its neighbors. // American journal of economics and sociology. – 2006. – Vol. 65, issue 3. – P. 89-102.
  17. UN World Economic and Social Survey. – 2006.
  18. Weinthal E. Combating the resource curse: an al ternative solution to managing mineral weal th. // Perspectives on politics.-2006.–Vol.1, № 4. – P. 41-55.
Жыл: 2014
Қала: Алматы