Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

БҰҰ жəне аймақтық ұйымдардың бітімгершілік саласындағы ықпалдастығы (НАТО мысалында)

Аймақтық тұрақсыздық мəселелері ХХІ ғасырдың күрделі жаһанды қауіп-қатерлерінің біріне айналды. Блоктық қарсыластықтың аяқталуы халықаралық қауіпсіздік саласында түбегейлі    өзгерістерге алып келмеді. Жаһандану дəуірінде əлем мемлекеттерінің өзара тəуелділігі тез арада нығаюда, ал кейбір мемлекеттердің қауіпсіздік мəселелері көршілес жəне алыс орналасқан мемлекеттердің мүдделерін қозғап отыр.  Этникааралық,  конфессиялық, əлеуметтік-экономикалық сипаттағы қақтығыстар халықаралық өлшемге ие болуда жəне «халықаралық ортаның тұрақтылығына ықпал ете отырып, халықаралық қатынастар субъектілерін жауап қайтаруға итермелейді, сонымен қатар халықаралық қоғамның араласу объектісі болып отыр» [1]. Қақтығыстарды  реттеу, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз  етудің маңызды құралы ретінде бітімгершілік болып табылады. БҰҰ Бас Хатшысы Пан Ги Мун бейбітшілікті қамтамасыз ету операцияларына арналған Қауіпсіздік Кеңесінің арнайы отырысында сөйлеген сөзінде:    «Халықаралық ынтымақтастықтың басқа құралдарының біреуі де бітімгершілік тəрізді саяси қолғабыс, қауіпсіздік пен құқықтың басымдылығын жəне адам  құқықтарының қорғалуы секілді аспектілерді қамтымайды» деген болатын [2].

БҰҰ бастауымен бейбітшілікті қолдау бойынша алғашқы операциясы 1948 жылы Израиль мен Палестина арасындағы қақтығыстың ушығуы салдарынан жүзеге асырылды. Сол жылдан бастау алып, бітімгершілік операциялары кейін Үндістан мен Пəкістан, Ливан, Йемен, Батыс Жаңа Гвинея, Конго, Доминикан Республикасы, Кипр, Ангола, Гаити жəне т.б. елдерде орын алған болатын.

2013 жылы халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздіктің маңызды құралы – БҰҰ бітімгершілігі өзінің алпыс бес жылдық мерейтойын атап өтті. Бұл елеулі жыл БҰҰ қызметінің осы бағытын қорытындылап қана қоймай, сонымен қатар халықаралық қауымдастықтың болашақтағы көз тігетін жаңа бағыттарын анықтауға мүмкіндік берді. 2013 жылдың желтоқсан айында басқаруында 122 елдің өкілі бар, адам құрамының жалпы саны 100 мыңға жуық болатын жəне жылдық бюджеті 7 млрд АҚШ долларын құрайтын БҰҰ Хатшылығының Бейбітшілікті қамтамасыз ету операциялары департаменті 16 операцияны жүзеге асырды [3]. Бұл бітімгершілік саласындағы БҰҰ-ның ерекше рөлін айқындайтындығы шүбəсіз.

БҰҰ Бас Хатшысы қызметін атқарған Бутрос Бутрос Гали «Əлем үшін күн тəртібі» баяндамасында бітімгершілікті «аймақта БҰҰ өкілдерінің қақтығысқа қатысушы барлық тараптардың келісімі негізінде орналастырылуы» ретінде айқындаған болатын [4]. Дегенмен соңғы жылдары қақтығысқа халықаралық деңгейде араласу тəжірибесіне БҰҰ-дан басқа да көптеген қатысушылар тартылуда.

Қазіргі таңда бітімгершілік қызметтің теориясы мен тəжірибесі айтарлықтай өзгерістерге ұшырауда. Бұл, біріншіден, бітімгершілік операцияларды жүзеге асыруға қажеттіліктің артуы, ал екіншіден, бұл саладағы БҰҰ əлеуетінің шектеулі болуы себебінен халықаралық қатынастар жүйесіндегі қақтығыстарды реттеу институтының тығырыққа тірелуімен анықталады. Біріккен Ұлттар Ұйымының жүзеге асырып отырған бейбітшілікті қолдау операциялары жиі қақтығыстардың реттелуін қамтамасыз етуге қауқарсыз болуы, ал көптеген жағдайларда БҰҰ күрделі халықаралық дағдарыстарды реттеуге тартылмауда.

 БҰҰ жəне НАТО-ның бітімгершілік саласындағы ықпалдастығы

 Қазіргі бітімгершілік қызмет халықаралық құқықтың нормалары мен принциптеріне сəйкес жүргізілетін жəне халықаралық  бейбітшілік  пен қауіпсіздікке қауіпті жоюға, халықаралық даулардың реттелуіне, бейбіт жолмен əскери қақтығыстарды алдын алу мен тоқтатуға бағытталған халықаралық ұйымдардың саяси, экономикалық, əскери жəне басқа да сипаттағы ұжымдық əрекеттерімен сипатталады.

Соңғы жылдары БҰҰ бастауындағы операциялармен қатар аймақтық ұйымдар жүзеге асыратын жаңа бітімгершілік операциялардың түрі қалыптасты. Бұл тұрғыда НАТО сияқты халықаралық қатынастар жүйесіндегі беделді ұйымның бітімгершілік бағытын қарастыру аса маңызды болып табылады.

НАТО бітімгершілік стратегиясының дайындалуы Солтүстікатлантикалық одақтың жалпы трансформациясы үдерісінің маңызды бір құрауышына айналды. Қазақстандық сарапшы В. Алесиннің пікірінше, «Еуропада жəне əлемде қалыптасқан жағдайға жауап ретінде орын алған НАТО-ның түбегейлі өзгеру үдерісі дағдарысты еңсеру бойынша міндеттерді жүзеге асыру  үшін қажетті тетіктерді құруға, сондай-ақ жаңа серіктес-мемлекеттермен ынтымақтастықтаса отырып, бітімгершілік жəне бейбітшілікті қолдау операцияларын жүргізуге бағытталған НАТО əскери құрылымдары мен қарулы күштерінің қайта ұйымдастырылуымен айқындалады» [5].

НАТО бітімгершілік қызметі бірқатар құжаттармен реттеледі, соның ішінде ең маңыздысы – Солтүстікатлантикалық одақтың 1999 жылғы стратегиялық    концепциясы.

1999 жылғы стратегиялық концепциясында НАТО басқа ұйымдармен ынтымақтаса отырып, қақтығыстардың алдын алуға ықпалдасатындығы, ал дағдарыстың пайда болуы жағдайында халықаралық құқыққа сəйкес тиімді түрде реттеуге қатысатындығы, белгілі бір жағдайға байланысты жəне өзінің тəртіптеріне сəйкес бітімгершілік жəне басқа да операцияларды БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі бастауымен немесе ЕҚЫҰ жауапкершілігі аясында, оның ішінде өзінің ресурстарымен жəне тəжірибесімен бөлісу арқылы жүргізетіндігі көрсетілген болатын [6].

Лиссабонда өткен саммитте қабылданған одақтың  жаңа  стратегиялық  концепциясында НАТО-ның дағдарысты реттеуге қатысты бірыңғай көзқарасы ұйымның дағдарыстың барлық кезеңдеріне қатысуын көздейді, сондықтан «НАТО дағдарыстарды алдын алу, оларды реттеу, қақтығыстан кейінгі жағдайды тұрақтандыру жəне қайта қалпына келтіруді қолдау мақсатында мүмкін болатын жəне қажетті аумақта əрекет етеді» [7].

БҰҰ Жарғысының VIII бөлімі жəне Солтүстікатлантикалық одақтың БҰҰ негізін қалаушы қағидаттарына бейілділігін растайтын Вашингтон келісімі (1949 ж.) осындай мəселелерді шешу үшін құқықтық негіз болып табылады.

90-жылдардан бастап НАТО төрт бітімгершілік операцияларға қатысты: Югославия аумағында (Босния мен Герцеговина Республикасы, Косово аймағы), Ауғанстан жəне Ирак. НАТО өзінің алғашқы үш бітімгершілік операцияларын жүзеге асыру үшін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тарапынан қолдауға ие болғандығын айтып өту қажет.

НАТО-ның бітімгершілік стратегиясының іс жүзінде жүзеге асырылуы Босния мен Герцеговина аумағындағы қарулы қақтығысты реттеу барысында көрініс тапты. Жалпы, НАТО-ның босниялық  операциясы   бейбітшілікті   орнату операцияларын жүргізудің негізгі принциптеріне сəйкес келгендігін, халықаралық құқық  нормаларын  бұзбағандығын   мойындау  керек.  Босниядағы  НАТО  əрекеттері  БҰҰ «көгілдір каскаларының» операциясы мен басқа да делдалдық жəне гуманитарлық ұйымдардың əрекеттерімен қатар балқан дағдарысының халықаралық реттелуінің бір құралы ретінде бағаланды. Алайда қақтығыстың дамуы барысында НАТО əрекеттерінің дербестігі арта түсті,   бұл   өз   кезегінде   Босния аумағындағы бейбітшілікті қайта қалпына келтіру үдерісінен БҰҰ-ның біртіндеп ығыстырылуына алып келді. Осылайша, балқан дағдарысы бітімгершілік стратегиясыныңісжүзіндежүзегеасырылуорнына айналды, сонымен қатар НАТО-ның БҰҰ-дан өзінің құқықтық тəуелсіздігін бекіту талпынысын айқындады. Солтүстікатлантикалық одақтың босниялық қақтығысты реттеуге белсенді араласуы қазіргі халықаралық қатынастар жүйесінің қалыптасуына, халықаралық  бітімгершілік қызмет тетіктерінің өзгеруіне тікелей ықпал етті. Бұл бейбітшілікті қолдау мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында бірнеше халықаралық ұйымдар арасында өзіндік «еңбек бөлінісіне» негізделген бітімгершіліктің  жаңа үлгісінің қалыптасуына түрткі болды.

Егер де НАТО-ның Косоводағы бітімгершілік операциясының ұйғарғандылығы кең таралған талқылауға ұшыраса, керісінше, Ауғанстандағы операция мүдделі тараптың  келісімінің  болуы негізінде жүргізілгендігі жəне бұл ұйымның бітімгершіліктің негізгі қағидатын ұстанғандығының айқын дəлелі болды.

НАТО-ның Ауғанстандағы операциясы Солтүстікатлантикалық одақтың қырғи-қабақ соғысынан кейінгі жаһандық ниеттерінің айқын көрінісі болды. Солтүстікатлантикалық одақ өз тарихында алғаш рет дəстүрлі жауапкершілік аумағынан тыс аймақта халықаралық операция жүргізу жауапкершілігін өз мойнына алды.  Одақтың  Ауғанстандағы  операциясы мен қақтығыстан кейінгі жағдайды орнықтыру ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жəне қазіргі кезде басты қауіптердің бірі болып табылатын халықаралық лаңкестікпен күреске қатысты НАТО-ның концептуалды көзқарасы өзгерісінің іс жүзінде жүзеге асырылуының айғағы болды.

2003 жылдан бері Солтүстікатлантикалық одақ БҰҰ мандаты бойынша халықаралық қауіпсіздікке жəрдемдесу күштерін (ХҚЖК) басқарып келеді. Алғашқы кезде халықаралық қауіпсіздікке   жəрдемдесу   күштері   алдында Кабул мен жақын орналасқан аудандарда қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жəрдемдесу міндеті тұрды. Кейінгі БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі қабылдаған резолюциялары халықаралық қауіпсіздікке жəрдемдесу күштеріне мемлекеттің басқа да  аудандарында  орталық  үкіметтің билік құзыреттілігін кеңейтуді, мемлекеттің дамуы мен қайта қалпына келуіне қолдау көрсетуді   жүктеді. НАТО мен ХҚЖК  БҰҰ-ның Ауғанстандағы миссиясымен, сондай-ақ мемлекеттік басқару, жағдайды қалпына келтіру мен тұрақтандыру бойынша жұмыс жүргізіп отырған басқа да халықаралық құрылымдармен тығыз ықпалдасуда.

Атап өтілгентығызықпалдастық Ауғанстанда да, БҰҰ мен НАТО елдерінің астаналарында да түрлі форматта жүзеге асуда. Бұл халықаралық қауымдастық бекіткен Ауған келісімінің орындалуына бақылауды жүзеге асыратын үйлестіру мен мониторинг жөніндегі біріккен кеңеске мүше болуды, Ауғанстан үкіметінің қатысуымен аймақтарды қалпына келтіру топтарының атқарушы бас комитетінде, сонымен қатар Ауғанстан мен халықаралық қауымдастық бірге қатысатын басқа да органдарда бірлескен төрағалық етуді қамтиды.

Қазіргі таңда бақылауға болатын Ауғанстандағы салыстырмалы тұрақтылыққа қарамастан, бұл аумақтағы ішкісаяси жағдайын не халықаралық қауіпсіздікке жəрдемдесу күштерінің, не НАТО-ның іс жүзінде толықтай бақылай алмай жатқандығын айтып көрсеткен жөн.  Бұл  елдің  қазіргі  дамуындағы  белгілі бір жағымды тұстар  аясында  сыртқы жəне ішкі тəуекелдерге ұшырайтын əскери-саяси жағдайы шиеленісті сипатын сақтап отыр жəне де жағдайдың тұрақтануында НАТО негізгі рөлді ойнайды деп айту ерте. Ауғанстанның бейбітшілік, ішкі тыныштық пен экономикалық қайта жаңаруға бағытталған жолға түсу мəселесі қайшылықты болып табылады. Соғыстан кейінгі жағдайдағы ең маңыздысы – бұл Ауғанстан төңірегіндегі жаһандық жəне аймақтық жағдайдың елеулі өзгеруі болып табылады. Қазіргі таңда Ауғанстандағы жағдайға шешуші ықпал ету қауқары бар түрлі саяси күштер арасындағы қарама-қайшылықтардың ушығу мүмкіндігі үлкен қауіп төндіруде.

 Қорытынды

 Жоғарыда атап өтілген БҰҰ мен НАТО-ның іс жүзіндегі ықпалдасу мысалдары негізінде əр ұйымныңрөліменміндеттеріндегіайырмашылық аталған ұйымдардың белгілі бір аймақта да жəне тұтастай халықаралық қауіпсіздік кеңістігінде де ынтымақтастық əлеуетін айтарлықтай шектеп отыр деп қорытынды  жасауға  бола-  ды. Ұйымдардың  бітімгершілік   саласындағы өзара  əрекеттесуінің  сараптамасы  ресми түрде жарияланған ынтымақтастық деңгейі іс жүзіндегі жүзеге асырылатын ықпалдастықтың мазмұнына сəйкес келмейтіндігін көрсетуге мүмкіндік береді.

Жалпы алғанда, БҰҰ мен Солтүстікатлантикалық одақтың өзара қарым-қатынастары «қырғи-қабақ соғысының» аяқталуымен елеулі өзгерістерге ұшырады. 1990 жылдардан  бастап Одақты жаңа шынайылыққа бейімдеу, Батыс саясатындағы жəне тұтастай халықаралық қатынастардағы жаңа рөлін айқындау бойынша түрлі бастамалар жүзеге асырылып отыр.

АҚШ-тағы 2001 жылдың 11 қыркүйегінде орын алған лаңкестік оқиғалардан кейін НАТОда стратегияларды, тактика мен əскери-саяси əлеуетті ауқымы мен  қарқындылығын  болжау қиынға соғатын халықаралық қауіпсіздік жағдайының өзгеруіне бейімдеу мақсатында көпсатылы трансформациялық үдеріс жүруде. Жүйелі трансформация жолына түскен НАТО ұзақ мерзімді болашақта өзінің өмір сүруін тоқтатпай, одан əрі дамуын жалғастыратындығы айқын көрінеді.

Қазіргі таңда НАТО дипломатиялық құралдар мен қоғамдық  дипломатияны,  ресми жəне бейресми механизмдерді қамтитын саяси   құралдардың   жиынтығын   қолдануда, ал əскери-қорғаныстық сипаттағы дəстүрлі міндеттерге бітімгершілік миссиялар, гуманитарлы сипаттағы операциялар кешені жəне түрлі қарусыздандыру, ғылыми, гуманитарлық, экологиялық бағдарламалар қосылды.

Осылайша, альянстың стратегиялық белсенділігінің географиялық шекараларының кеңеюі қазіргі халықаралық қауіпсіздік жүйесінің маңызды факторы ретінде нығаюына алып келді. Бүгінгі күні БҰҰ мен НАТО қауіпсіздіктің қазіргі қыр көрсетулері сияқты күрделі мəселелер бойынша өзара ықпалдастығын дамытып отырса да, ынтымақтастықтың нəтижелері жеткіліксіз деп қорытындылауға болады. Ұйымдардың тəжірибе жүзіндегі өзара қарым-қатынастары ресми  түрде жарияланған стратегиялық серіктестікке сəйкес келмейді, олардың атқарымдық алмастырушылығы артып келеді жəне бұл бітімгершілік жəне қауіпсіздіктің жаңа қауіп-қатерлерімен күресу сияқты əрекет ету салаларында деструктивті бəсекелестік элементтерінің пайда болуына алып келуі мүмкін.

 

 

Əдебиеттер

 

  1. Nikitin A.I. Mezhdunarodniye konflikty i ih regulirovaniye // Mirovaya politika: problemy teoreticheskoi identifikacii I sovremennogo Politicheskaya nauka. Ezhegodnik. 2005. М. 2006. S. 99.
  2. Remarks to Security Council open debate on United Nations Peacekeeping: A Multidisciplinary Approach. SecretaryGeneral Ban Ki-moon, Security Council, 21 January 2013. // un.org: URL: <http://www.un.org/News/Press/docs/ 2013/ sc10888.doc.htm> Accessed: 6/02/2014
  3. 2013 Year in Review // un.org: URL:<http://www.un.org/en/ peacekeeping/news/yir2013.shtml#timeline> Accessed: 6/02/2014; Boutros Boutros Ghali. An Agenda for Peace: Preventive Diplomacy. Peacemaking and Peacekeeping. Report of the Secretary-General pursuant to the statement adopted by the Summit Meeting of the Security Council on 31 January 1992. A/47/277-S/24111. N.Y.17 June 1992. P.6.
  4. Alessin NATO v novoi arkhetikture mezhdunarodnoi bezopasnosti // www.kisi.kz: URL: <http://kisi.kz/img/ docs/1085.pdf> Accessed: 6/02/2014
  5. The Alliance’s Strategic Approved by the Heads of State and Government participating in the meeting of the North Atlantic Council in Washington D.C. // www.nato.int: URL <http://www.nato.int/cps/en/natolive/ official_texts_27433. htm?selectedLocale =en> Accessed: 6/02/2014
  6. Strategic Concept For the Defence and Security of The Members of the North Atlantic Treaty Adopted by Heads of State and Government in Lisbon // www.nato.int: URL <http://www.nato.int lisbon2010 /strategic-concept -2010-eng. pdf> Accessed: 6/02/2014

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.