Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі: артықшылықтары мен қауіп-қатерлері

Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру үдерісі 1996 жылдың 26 қаңтарында ДСҰ-ға Қазақстанның мүше болып кіру туралы өтініші ресми түрде ДСҰ-ның Хатшылығына берілген сəттен басталды. Сонымен қатар 1996 жылдың ақпан айында Қазақстанға ДСҰ-ның бақылаушы ел мəртебесі берілді [1].

Елбасы Н.Ə. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында «Қазақстанның БСҰ-ға кіруі жолындағы келіссөз үдерісі тоқтаусыз жүргізіліп жатыр. Республиканың сыртқы сауда режимін реттейтін заңдарының едəуір бөлігі қазірдің өзінде БСҰ нормаларына сəйкес келтірілді немесе Парламентте талқылану үстінде» [2]. Қазіргі уақыттағы ДСҰ-ның Бас директоры Паскаль Лами «Қазақстан қазіргі уақытта ДСҰ-ға кіру жөніндегі келіссөздері жеткілікті деңгейде ілгері алға басу кезеңінде жəне менің  болжап  айтуым бойынша ДСҰ-ға Қазақстанның кіруін осы жылы күтуге болады» деп Гайдаров форумынан тысқары уақытында болған сұхбатында айтқан [3], яғни 2013 жылы Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік сауда ұйымның мүшесі болуына жақын арада қосылады.

Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына енген сəттен бастап ДСҰ мүше мемлекеттермен еркін сауда қағидасы мен сыртқы сауда қатынастарында либералды саясат ұстануы тиіс. Кез келген мемлекет үшін ДСҰ-ға ену көптеген міндеттемелер жүктейді. Көп жағдайда бұл міндеттемелер аймақтық жəне мемлекеттің ішкі өнім өндірушілерінің мүддесіне қайшы келіп жатады. Сол үшін ұйымға енуші мемлекет ДСҰ туралы келісімде көрсетілген міндеттемелердің барлығын орындауға дайын болуы керек. Əрине, ДСҰ-ның көптеген келісімдері Қазақстанның экономикасына жағымды жəне жағымсыз əсерлері əбден болуы мүмкін.

Дегенмен мемлекетіміздің аталған халықаралық экономикалық ұйымда мүше болуы Қазақстанның бүкілəлемдік нарықтағы бəсекеге қабілеттілігін нығайту үшін кең мүмкіндіктер ашатыны сөзсіз. Ең бастысы, сол мүмкіндіктерді ғылыми тұрғыда жан-жақты зерттеп жəне оның нəтижесін ұтымды əрі тиімді пайдалана білуге тиіспіз. Сондықтан да ДСҰ құқығы мемлекеттің ұлттық құқығынан басымдырақ. Егер «ДСҰ құзіретінде қандай да бір мəселеге ұлттық құқық қарама-қайшы келсе, онда ДСҰ құқықтың нормасы əрекет етеді, ал ұлттық құқықтың нормалары өзгертілуі тиіс» [4].

Жакупованың  көзқарасы  бойынша,  ДСҰ мемлекеттен үстем тұратын халықаралық ұйым ретінде қалыптасуда, оған дəлел – келісімнің қатаң міндеттемелік сипат алуы жəне көпшілік дауыспен шешім қабылдау қағидасы. Алайда бұл ДСҰ мемлекеттен үстем тұратын ұйымдарға жатқызуға негіз бола алмайды, себебі ДСҰ шешімдері мүше-мемлекеттердің аумағында тікелей əрекет етпейді, сонымен қатар жеке жəне заңды тұлғаларды тікелей міндеттей алмайды [5].

Қазақстанның ДСҰ аясындағы ынтымақтастығы ұлттық экономикамыздың бəсекеге қабілеттілігін  арттыруға,  инвестициялық   ахуалды жақсартуға, жаңа технологияларды енгізуге, ұлттық заңнамаларды жетілдіруге, экспорттаушы субъектілердің əлемдік саудаға толыққанды қатысуымен өркениетті даму жолына түскен мемлекетіміздің оң саяси имиджін қалыптастыруды ынталандырады. Жакупованың пікірі бойынша:

  • Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі ұзақ мерзім аралығында оңды нəтижелер  əкелуі  мүмкін,  ал   қазіргі   жағдайда   Қазақстан   экономикасы ДСҰ-ға бірден кіруге дайын емес, өйткені жаңа заңдарды қолданыстан өткізуге, отандық өндірушілердің күшеюіне, жеңіл өнеркəсіптің жандануына, экспорттық қабілетті арттыруға, сыртқы қарыздардан құтылуға, білікті мамандар дайындауға, аграрлық жəне өнеркəсіп саласын ашуға уақыт керек. Себебі олар ішкі нарықты толық əрі қауіпсіз деңгейде қамтамасыз етуі тиіс.
  • Мемлекеттiң нақты ұстанымы ДСҰ-ға мүшелiктiң артықшылықтарын есепке алуымен ғана емес, керiсiнше нақты қауiп-қатердi бағалаудан кейiн қалыптасады, себебі ең басты мақсат ДС-ға мүшелікке өту ғана емес, сонымен қатар мүшелілік шарттары Қазақстанға тиiмдi келісімдерге қол жеткізуді қамтамасыз етуде. Қазақстандық тараптың ұстанымы ДСҰ-ның дауларын реттеу бойынша Органның шешiмдерi жəне халықаралық тəжiрибенiң негiздері ДСҰға мүшелердiң мiндеттерiн жəне халықаралық құқықтарын дұрыс түсiну мен талқылауға негiздеуi тиіс;
  • ДСҰ көпжақты сауда келісімдеріне жанжақты талдау жасау арқылы қазақстандық тарап көптеген артықшылықтар мен құқықтарға ие болуы мүмкін.
  • ҚР-ның заңнамаларында аздаған кемшіліктер бары рас. Алғашқы бейiмделу кезеңдерде ДСҰ талаптарын бұзды деп басқа мемлекеттер мен ҚР арасында даулар туындамас үшін осы кемшіліктерді міндетті түрде жою керек [5, 7-8 б.].

Атап өтетін жағдай 2000 жылы қазан айында ЕО, ал 2002 жылы АҚШ қазақстандық нарықтық сипаттағы экономиканы ресми түрде мойындады. Бұл  Қазақстанға  сыртқы  сауда-  ны əлемнің барлық елдерімен ортақ ережелер бойынша демпингке қарсы зерттеуден бөлек жүргізуге мүмкіндік берді. Мұндай зерттеулерге қазақстандық шойын, уран импорты, əртүрлi елдердегi басқа да тауарлар ұшырады. 2002 жылдың сəуiрiнде Қазақстан уран импорты бойынша демпингке қарсы АҚШ округтік сотында жеңіп шықты. Еліміз қазақстандық түстi металлургия өнiмі, ферросилиций, феррохром, жоғарғы байытылған уран жəне тағы басқалар экспортында Үндістан, Мексика, Бразилия, Колумбия жəне Венесуэла тарапынан зерттеулерге ұшырады. Осыларды қарастыра келе аталған мемлекеттер Қазақстан экономикасын нарықтық емес ел ретiнде танып дискриминациялық шараларды қолдануда жəне өнiмнiң өзіндік құнын есептегенде кəсiпорындағы нақты деректермен емес, «жауапқа қабілетті өзіндік құн» бойынша анықтайды. Украина мен Қазақстаннан енгізетін шойын қатынастарында Ресейде демпингке қарсы тергеуді талап ететiн дауыстар естiледi. Қазіргі кезде демпингке қарсы процедуралар АҚШ-тан басқасын алғанда, Австралия, ЕО, Канада, Үндістан, ОАР, Аргентина, Бразилия, Корей Республикасы жəне Мексика мемлекеттерінде өте жиi қолданылады. Бұл елдердің барлығымен Қазақстан сауда жасайды [6].

Алайда Қазақстан экономиканың нарықтық мəртебесі оның тауарларына қатысты демпингке қарсы тергеулердi қолданумен  қатар,  басқа да дискриминациялық шараларды алып тастау мүмкiндiгі жөнінде елдерге əлi кепiл бере алмайды. Сондықтан егер Қазақстан ДСҰ-ға мүше болмаса, қандай да бір ұқсас жағдай орын алса онда ол бұл ұйымның құқықтық тетіктерімен қолдану мүмкіндігі болмайды [6, 13 б.].

Қазақстанның ДСҰ-ға қосылуынан кейiн күтетін артықшылықтары мен тəуекелдерін анықтау өте маңызды жəне:

  • Қазақстан iшкi нарығы «тар» ел болып табылады, сондықтан да оған экономикалық өсудiң көздерiн iздеу ғана қалады, ол үшін сыртқы нарықтарға өз тауарлары мен қызметтерінің артықшылықтарын үлкен көлемде алға басу мүмкiндігі бар, бұдан сыртқы сауданың белсенді дамуын болжауда;
  • ДСҰ-ға мүше болуы Қазақстанға бір жүйеге келтірілген халықаралық құқықтық сауда кеңістігіне шығатын жолды қамтамасыз етеді, яғни барлық экспорттаушылар мен импорттаушылардың тұрақты жəне болжамды талаптарды ұсыныуы, бұл оған 78-82% сауда əріптестерімен танылған ДСҰ-ның ережелері мен тетіктерін пайдалануға жəне халықаралық саудаға қатысудың өркениетті түрлерін жетiлдiруге мүмкіндік береді. Нəтижесінде Қазақстанның басқа елдер тарапынан тежеу шараларынан қорғалуы едəуір жоғары дəрежеде қамтамасыз етіледі (оларға демпингке қарсы процедураларды ұйымдастыру қиынға соғады), сонымен қатар қазақстандық экспорт жолындағы сыртқы бөгеттерді шеттетеді.
  • ДСҰ-ға мүшелік ету, қазіргі заманғы технологиялар мен еңбекті ұйымдастыру əдістері, еркін жəне тез капитал айналысын, өнеркəсіп өндірісіндегі шетел инвестициясы ағынының көбеюін кең көлемде таратуына жəрдемдеседі.
  • Экономиканың ашықтығы мен бəсекелестіктің өсуі отандық салалар мен кəсіпорындарды өз өнімдерінің бəсекеге қабілеттілігін көтерумен жəне өндірісті жаңарту жəне қайта құрылымдаумен белсенді айналысуға мəжбүр етеді;
  • Қаржылық ағымдар мен кəсіпкерлердің шаруашылық қызметтері үкіметтік сатып алулардың тұнықтығы жоғарылайды;
  • ДСҰ шеңберіндегі Қазақстан үшін Сингапур мəселесіне қатысты төрт маңызды сұрақтар бойынша өте күрделі келіссөздер жүргізілуде: бəсекелестік жəне инвестиция аясында тəжірибедегі жан-жақты ережелерді дайындау мен жүзеге асыру, сонымен қатар үкіметтік сатып алулардың тұнықтығын қамтамасыз ету бойынша шаралар жəне ең алдымен, дамушы елдердегі сыртқы сауда  операцияларына  жəрдемдесу. Сол кездегі үдеріс барысында қарастырылған талаптарға сай Қазақстан келіссөздердің жаңа рауындының толық құқықты қатысушысы бола алады [6, 17-19 б.].
  • Бұдан басқа қазақстандық шикiзат өнеркəсiбiнiң секторы экспортқа бағытталғанын ескеру қажет, ал қазақстандық тауарларға экспорттық баж бекiтiлмейдi. Егер бұл сектордың кəсiпорындары инвестициялық тауарларды импорттаса, онда олар кедендік баждардан босатылады, сондықтан да бұл сектордың мəселелері ДСҰ-ның мүшелігімен байланысты пайда болмайды, олар Қазақстанның ДСҰ-ға кiруiне кез келген уақытта дайын. Өңделетін өнеркəсіп секторындағы ең басты мəселе – сол салалар мен кəсіпоорындардың көпшілігінің бəсекеге қаблеттілігінің төмен болуында. Бұған қосымша егер ДСҰ-да кедендік тарифтің орташа өлшемдік мөлшері 4% құраса жəне сол салалар бойынша 7%-дан 15%-ға дейін толыққса, онда бұндай мөлшерлер Қазақстан үшін əбден қолайлы, əсіресе орташа өлшемдік тариф мөлшері оларда 8-9%, яғни ДСҰ мөлшерінен алыс емес. Жалпы алғанда, Қазақстандағы орташа өлшенген мөлшерінің деңгейі ДСҰ-да 9%-дан 10% қарсы құрайды.

Осылайша, ДСҰ-ға кіру Қазақстан үшін үлкен қызығушылық білдіретін тауарлар бойынша қолданыстағы кедендік баж мөлшерінің елеулі төмендеуін тудырмайды. Тіпті жекелеген тауарлар бойынша оларды бірнеше пайыздық пункттерге төмендетуге тура келсе де, бұл отандық тауар өндірушілерінің ұстанымдарына да, мемлекеттік бюджетке де айтарлықтай əсерін тигізбейді. Қазақстандық экономистердің бұл есептеулері Қазақстанның ДСҰ-ға кіруден туындайтын қауіптер тек қиялдық сипатта екенін көрсетеді [6, 21-24 б.].

Қазақстандық экономистердің пікірі бойынша, Қазақстан экономикасының барлық салалары ішінен ДСҰ-ға кіруде қорғау мен қолдауды қажет ететін жалғыз сала – ол ауылшаруашылығы. Қазақ ұлтының генофонын қалыптастыратын жəне ұлтттық мəдениеттің, рухани байлықтардың, салт-дəстүрлердің басты қорғаушысы мен  тасымалдаушысы  болып табылатын Қазақстан халқының 44% күнделікті қызметімен жəне өмірлік əрекетімен ауылшаруашылығының дамуы мен жұмыс істеуіне байланысты болып келеді. Бұдан басқа, ауылшаруашылығымен мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігі тікелей байланысты.  Қазақстан үшін бұл сала көптеген маңызды қызметтерді атқарады жəне оның дамуы бүкіл елдердің өркендеуі үшін мультипликативтік əсер тигізеді. Бір жағынан,  ол  бірнеше  өнеркəсіп  салала-  ры үшін шикізаттың əралуан құнды түрлерін жеткізеді, екінші жағынан, ол отандық өнеркəсіп өнімдерінің көрнекті тұтынушысы болып табылады, атап айтқанда, ауылшаруашылық техникасы, жанар-жағармай өнімдері, құрылыс, көлік. Осылайша, көрсетілген сала басқа да экономика салаларындағы халықтың жұмыспен қамтылуы мен олардың өнімдеріне деген сұранысын   қамтамасыз   етеді. Бүгінгі таңда халық шығыстарының шамамен 55,8%-ы ауылшаруашылық жəне өнеркəсіптік өнімдерді сатып алуға жұмсалады, ал бұл ақшалар  отандық өндіріс пен қайта өндіру процесінің дамуына  жұмсалады.  Бұл  ретте   Республи-   ка астық шаруашылығының басым бөлігі тəуекелді егін шаруашылығы зонасында тұр, мал шаруашылығы да үлкен тəуекелмен дамып келе жатыр. Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерінің бір бөлігі оларды өткізу нарығына тікелей шығу мүмкіндігіне ие болмай, көлік жəне теміржолдары арқылы экспортталады.  Бұл жағдайларда ауылшаруашылық өндірісін қолдау мен қорғаудан бас тарту мемлекет үшін өте қаупті болатын жағымсыз салдарларға алып келуі мүмкін, өйткені өнеркəсіптік өндірісте импорттық тауарлармен бəсекелестік жағдайды жақсарта алатын болса, оған қарағанда ауылшаруашылық өндірісі жекелеген тауарлар бойынша импорттық тауарлармен бəсекеге түсе алмайды, ол тек қайтымсыз құлдырауға келеді, ал бұған жол бермеу керек, себебі мұндай жағдайда 6 млн адам көрші мемлекеттер мен қалаларға қоныс аударуға мəжбүр болады. Мұның нəтижесінде болжамсыз əлеуметтік-экономикалық жəне саяси жағдайдың қалыптасуы пайда болады. Сондықтан ауылшаруашылық өндірушілері мен ауыл жұмыскерлеріне салық салудан  бас  тарту, ауылшаруашылық тауарларының өндірісіне берілетін мақсатты көмекқаржы Қазақстанға дамыған мемлекеттер тарапынан жасалатын миллиардттаған көмекке қарағанда түкке де тұрмай қалады, егер мұндай жағдай болып жатса [6, 37-38 б.].

Жоғарыда айтылып өткен мəн-жағдайларды ескере отырып, қазақстандық экономистер Қазақстан үшін стратегиялық маңызы  бар  астық пен етті, Жапония күрішке қатысты жасаған сияқты, ДСҰ шартының əрекет ету өрісінен шығаруға қол жеткізу маңызды деп есептейді.  Олардың  пікірінше,  оның  орны-  на, бəрібір фермерлерге жетпей, түрлі делдалдарда қалып қоятын ауылшаруашылық экспортын қаражаттандырудан бас тарту керек. Қазіргі кездегі жағдайларда Қазақстанның ауылшаруашылық тауарлар топтарының импорттарына қойылатын қорғаныштық тарифтері көптеген ДСҰ-ға мүше-мемлекеттердегіден əлдеқайда төмен. Осылайша, қазақстандық орташа өлшенген мөлшерлеме ДСҰ-ға мүше ретінде Аргентина – 33%, Венгрия – 22,2%, Норвегия – 123,7%, ЕО – 19,5%, Румыния – 99%, Польша –53%, Болгария – 35% жəне Латвия – 34% сияқты мемлекеттерге қарсы 16,3 %-ды құрайды [6, 3739б.]. Қазақстанның көрсетілген шарттарға қол жеткізе алатындығын уақыт көрсетеді.

ДСҰ-ға кірумен байланысты Қазақстан үшін жалпы алғанда артықшылықтар мен тəуекелдер осындай сипатқа ие.

Осылайша, қазақстандық ғалым-экономистердің пайымдауынша, ДСҰ жүйесі ең əмбе-  бап  жəне  толық  жетілген  болып  табылады,  ал əлемдік сауданың басым көпшілігі бұл ұйымға мүше-мемлекеттермен жүзеге асырылады, сондықтан шағын ішкі нарығы бар жəне ұлғайып  бара  жатқан  əлемдік  нарықтарға  қол жеткізуді қажет ететін Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі əлемдік экономикалық жүйеде өзінің позициясын нығайту жолындағы тосқауылдар  мен мəселелердің жойылуын қамтамасыз етеді. Бүгінгі таңда, олардың əділетті пікірінше, бұл ұйымға кіруге балама негіздер бойынша іс жүзінде жоқ, мəселе тек қана бұл ұйымға қандай негіздерде кіру керек екенінде [7]. Осыны ескеретін болсақ, халықаралық саудаға қатысу кез келген мемлекет үшін жаңа мүмкіндіктер ашатыны айқын көрінеді. Жоғарыдағы ұйымға мүше 157 мемлекет үшін осындай артықшылықтар мен мүмкіндіктерді ДСҰ беріп отыр.

 

 

 

Əдебиеттер

 

  1. Основные этапы переговоров. Информационный центр по вопросам вступления Казахстана в ВТО. АО «Центр развития торговой политики» при Министерстве экономического развития и торговли Республики Казахстан 2012 // http://www.wto.kz/ru/kazwto/join/phases/ (28.11.2013)
  2. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында.ҚР-ның Президенті Н.Ə. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.01.03.2006.// http://akorda.kz/pda.php?r=page/view&sefname=page_kazakstan-respublikasynyn-prezidentin-a-nazarbaevtyn-kazakstan-khalkyna-zholdauy-2006-zhylhy-1-nauryz_1343986805&language=kz#page (29.11.2013 ж.)
  3. Казахстан может вступить в ВТО в 2013 году гендиректор ВТО. 1999 2013 Информационное агентство Zakon.kz// http://www.zakon.kz/4536060-kazakhstan-mozhet-vstupit-v-vto-v-2013.html (29.11.2013 ж.)
  4. Шумилов В. М. «Право ВТО и законодательство России» опубликовано: 29.05.2013 09:32 // http://www. info/index.php?option =com_content &view=category&id=1:eurasianintegration&layout=blog&Itemid=1 04.12.2013 ж.)
  5. Жакупова Р.Б. Перспективы правового регулирования сотрудничества Республики Казахстан со Всемирной торговой организацией (ВТО). Автореферат диссертации кандидата юридических наук: 12.00.10. – Алматы, 2002. – 30 с. – С.10.
  6. Есентугелов А., Оразбаков Г., Джантемирова Д., Есентугелов К. Проблемы и последствия вступления Казахстана во Всемирную торговую организацию. – Алматы, 2002. – 97 с. – С.15.
  7. Вступление Казахстана в ВТО: последствия для устойчивого развития. – Алматы, 2002. – 112 с. – С.26. 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.