Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Үндістан-пәкістан Кашмир территориясындағы қауіпсіздік мүдделері

Кіріспе. ХХ ғасырда әлемдік тарихта айтарлықтай халықаралық проблемалар және мемлекетаралық қақтығыстар орын алды, олардың бірқатары бүгінге дейін шешімін таппады. Алайда ұзақтығы жағынан, қиян-кескілігі жағынан және де қазірге дейін қауіп әлеуетінің жоғарылығы жағынан Үндістан мен Пәкістан арасындағы Кашмир мәселесін ерекше атап өткен жөн. Екі тарапта да  ядролық  қарудың  бар болуы мәселені әлемдік деңгейге шығарды. Қазірде Пәкістанда және Үндістанда екі елдің жақындасу идеясы ерекше мәнге ие болып отыр. Кейбір мамандардың айтуы бойынша, бұл мәселенің себебі болған Кашмир шиеленісінің өз шешімін табуы мүмкін болған келіссөздердің жүрізілуінің бастамасы.

Үндістан мен Пәкістан арасындағы қақтығыстар

Үндістанға егемендік берілген соң, үнді үкіметі Кашмирді британ отарлаушы әкімшілігі үнді махараджаларына  ресми  түрде  сатқан  деп бұл өлкені өз меншігі деп жарияламаққа шешім шығарады. Алайда, Үндістанмен дерлік бір уақытта тәуелсіздік алған Пәкістан, Кашмир тұрғындарының көп бөлігі мұсылмандар болғанына негізделіп, оны өзіне тиесілі болу керек деп есептеді. Шынында да, осы кезде Кашмирде халықтың 77%-ы мұсылмандар болатын, бірақ басшысы махараджа Хари Сингх болды  және  өзге   жоғары   лауазымдағылар   да үндістандықтар  еді.  Кашмир  махараджасы Үндістанға қосылу туралы ресми шешім қабылдайды. Осының негізінде тәуелсіздік алғандарына бір ай болар болмастай екі ел арасында қарулы қақтығыс өрті орын алды. Бірінші Кашмир соғысы 1947 жылдың қыркүйек айынан 1948 жылдың  соңына  дейін  жалғасты. 1949 жылы 1 қаңтарда соғыс қимылдары тоқтатылды. Соғыс нәтижесінде келісім орнап, оның негізінде Кашмирдің 60%-ы Үндістанға, ал қалған бөлігі Пәкістанға өтті. Ал тамыз айында БҰҰ шешімімен аумақта уақытша демаркациялық сызық жүргізілді [1]. 1954 жылы  жиналыста Кашмирдің  үнді бөлігінен сайланған өкілдері, Үндістан құрамына белгілі бір автономияға ие штат ретінде ғана қосылу туралы шешім қабылдады. Осылайша, Үндістан Конституциясының 370-бабына сәйкес, үнді парламентімен қабылданған қорғанысқа және сыртқы саясатқа байланысты жарлықтардан басқа бір де бір заң штат парламентінің келісімінсіз бұл өңірде ешқандай күшке ие бола алмайды. Штатта 10  миллионға  жуық  адам 222 мың шаршы шақырым болған территорияда өмір сүріп келуде [2]. Діни себептерге байланысты халықтың көпшілігі Пәкістанға өтуді қалап, штатта сепаратистік қимылдар көптеп орын алады. Үндістандық ғалымдардың мәліметтеріне сүйенсек, штатта халықтың 67%-ы мұсылман, 30%-ы индуист, 2%-ы сикх, және 1%-ға жуығы буддистер  болып  келеді.  Үндістан  заңды түрде мәселені шешілген деп есептейді және қорытынды іс-шаралар территорияның қалған бөлігін Пәкістан  әскерлері  мен  үкіметінен  азат етуден тұрады деп отыр, алайда Пәкістан мәселенің мұндай шешімімен тіптен келіспеді.

Кашмирдің пәкістандық бөлігіне келетін болсақ, ол бірнеше әкімшілік аумақтарға бөлінген.

Пәкістан Кашмирінің бір бөлігі әлемдегі мемлекеттер ішінде Пәкістаннан басқа ешбірі мойындамаған тәуелсіз мемлекет ретінде жарияланып, Азад Кашмир (Азат Кашмир) деген атқа ие. Территориясы 13 мың шаршы шақырым, халық саны 4,5 миллион адам. Экономикалық және саяси жағынан Пәкістанмен тығыз байланысты, оның бір бөлігі, алайда мойындалмаған мемлекет атрибуттарына толық ие. 1970 жылы Пәкістанда Гиллит-Балтистан әкімшілік облысы ұйымдастырылды. Бұл облыс 73 мың шаршы шақырым территорияда бір миллионға жуық халыққа ие. Бұл өлкенің біршама бөлігі 70-жылдары Қытайға өтіп кетті. Бұл территорияның ресми мәртебесі – «Кашмирдің Пәкістандық территориясы». Бұл атау да Пәкістанның аймақтық мүддесін айқындайды.

Пәкістан үнді штаттары Джамму мен Кашмирдің легитимділігін мойындамай, бұл территорияны «Үндістан оккупациясындағы Кашмир» деп атайды [3]. Қазіргі кезеңде Кашмирдегі жағдай біршама өзгерген. Ол шиеленіске үшінші жақтың араласуымен, яғни Үнді-Қытай соғысы барысында үнді Кашмирі территориясы болған, аумағы 42 шаршы шақырым Аксай-чинның (Жалпы Кашмирдің 20%) Қытай территориясына өтуі де мәселені шиеленістірді. Бұл облысты Үндістан да Пәкістан да мойындамайды. Осылайша, қазіргі таңда Кашмир территориясы үш мемлекет, яғни Үндістан, Пәкістан және Қытай арасында бөліп алынған [3].

Кашмирдің бөлінісі уақытша құбылыс болып, БҰҰ резолюцияларына сәйкес князьдікте бүкіл Кашмирдің қай мемлекет  құрамына енуін шешіп беретін плебисцит өткізуге тиіс болатын. Пәкістан әлі күнге дейін бұл мәселені шешудің жалғыз жолы деп біледі.  Үндістан  бір кездері бұл ұсынысқа келісім берген болатын, алайда кейін Пәкістанның АҚШ-пен әскери одақ құруына байланысты бұл шешімін өзгертті.  Қазіргі  кезде  Кашмирге  байланысты барлық келісім  процестері өз  шешімін таба алмай келуде. Оған Пәкістан үкіметінің қаржылай көмегі негізінде құрылған «Сенім үшін күресушілер қозғалысы», «Мұхаммед Армиясы» сияқты әскери қауымдастықтарының Кашмирдің  үнді   бөлігіндегі   қимылдары негіз болып отыр [4]. Заманауи зерттеушілер Кашмир мәселесін әлемнің ең үлкен территориялық мәселелерінің бірі ретінде қарастырады және оның жақын арада шешіле қоймайтындығын айтады. Жоғарыда айтып өткендей,  Үндістан мен   Пәкістан   арасында көбінесе Кашмир мәселесіне байланысты бірнеше қарулы қақтығыстар туындаған, олар бірнеше онжылдықтар барысында аймақтағы тұрақсыздықтың негізгі себебі  болды.

Тараптардың арасындағы бұл соғыстың аяқталуынан кейiн «суық соғысы» жағдайы шартты түрде «ыстық» ерекше сарынға ауыса бастады. Соңғы мысалдардың бiрi – Каргиль қақтығысы – Кашмирдегі екі тараппен де ресми мойындалмаған Үндістан және Пәкістанның шекаралық  қақтығысы.  Соғыста  ешбір   тарап жеңіске жете алған жоқ, алайда Пәкістан үшін ерекше аяқталды, соғыстан кейін әлемдік қауымдастық Пәкістанды соғыстың террористік әдістерін қолдануда айыптады. Соңғы қақтығыс естен кетпестей болды және бұл атом қаруы қолданылуы  мүмкін  болған   бiрiншi аймақтық дау болатын, себебі 1999 жылы Пәкістанда да, Үндістанда да ядролық қару бар болатын [5].

Соғыс басталғанда Үндістанда ірі ереуілдердің ұлғаюы бүгінгі күні өзіндік ізін қалдырып отыр. Азық-түлік бағалары 10 есе қымбаттап кетті. Ашаршылықтан 5-6 млн адам қырылып қалды. Ағылшындардың қысымы тұрмыстың нашарлауы мен саяси ұйымдардың араздасуы ереуілдердің бәсеңдеуіне әкеп соқты. Сонда да ағылшындар билігі төмендей берді. Беделден жұрдай болған Линлитгоу орнына жаңа вице-король А. Уэйвелл тағайындалды. Ағылшындардың араласуымен М.К.  Ганди  мен М. Жинанның пікір алмасуы 1944 жылы өтті. Онда МЛ жетекшісі тәуелсіздік мәселесін қарастыру алдында жеке Пәкістан мемлекетін құру туралы уағдаласуды жоспарлады. Конгресс партиясы оны тәуелсіздікке жеткен плебесцит арқылы реттеу керек деген пікірде болды. Екі саяси күш келіссөздері 1945 жылы көктемде мынадай келісіммен  аяқталды:  Уақытша үкімет құрамында әр партия 40 % орынды иеленеді, қалған 20 % орын кесапаттыларға, христиндарға, парсыларға, сингтерге тиесілі болды. Ал елді екіге бөлу туралы мәселені қарастыру Үндістанның саяси мәртебесін реттеген соң кейінге қалдырылды [6].

1947  жылы  үздіксіз  қанды  қақтығыстар-   дан соң британдық Үндістан екі тәуелсіз доминионға – Үнді одағы (индуистер) мен Пәкістанға (мұсылмандар) бөлінді. Тәуелсіз Үндістанның бірінші премьер-министрі болып Үнді ұлттық конгресі партиясының өкілі Джавахарлал Неру сайланды. 1950 жылы Үнді одағынсыз Үндістан Британ достастығы құрамындағы Үндістан Республикасына айналды. 1962 жылы Қытаймен шекара жөнінде қысқа мерзімдік соғыс болып, Үндістан жеңіліс тапты. 1965 жылы Үндістан Пәкістанмен соғыста Кашмирді өзіне қалдырды. 1966 жылы  сайлауда  премьер-министр  болып Дж. Нерудың қызы Индира Ганди сайланды [7]. 1971 жылғы соғыста Үндістан Пәкістанды жеңіп, Шығыс Пәкістанға тәуелсіздік алуға көмектесті. Шығыс Пәкістан өз атауын Бангладеш деп өзгертті. 1984 жылы үкімет әскерлері Амритсардағы Алтын храмды сикх күштерінен тазартты. Көп ұзамай қаза тапты. Оған өштескен сикх оққағары көп ұзамай Гандиді атып өлтірді. Премьер-министр болып Гандидің ұлы Раджив Ганди тағайындалды. Ол да 1991 жылы сайлау науқаны кезінде адам өлтірушілердің қолынан қаза тапты.

1998 жылы Үндістан бес жер асты ядролық сынағын өткізді. Бұл дүниежүзіндегі бейбітшілік күштерінің  наразылығын  тудырды.  1999 жылы Үндістан ядролық сынақтарды тоқтату жөніндегі жан-жақты келісімге қол қоюға уәде берді. Кашмир жөнінде бейбіт келіссөздер өткізуге Пәкістан үкіметіне ұсыныс жасалды.

Үндістан мен Пәкістан арасындағы ядролық бақталастықтың жалғасуы

Биполярлық жүйенің құлауымен, Үндістан өзінің   ядролық   бағдарламасын   жандандыра түсті. Оған себеп болған, біріншіден, Үндістанның геосаяси мүдделері және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін құрайтын «ядролық клуб» мүшелігіне кіруге талпынысы. Үндістан әлемдік держава мәртебесіне қуатты  ядролық  қаруға  ие болып және «ядролық клубқа» мүше болу арқылы немесе ядролық қаруды мүлде жою арқылы ғана жетуге болады деп қарастырды. Өзінің нақты саяси қызметінде ол бұл екі жолды қатар ұстануды жөн көрді, яғни әлемді тез арада ядролық қарудан тазарту жөніндегі ұсыныстарды қолдаумен қатар, оның іс жүзінде жүзеге асуына атүсті қарады. Осылай алғашында ол ядролық қарудың тез арада жойылуын қамтамасыз етеді деген үмітпен ЯҚТШ-на қолдау көрсетіп, кейін бұл Шарттың тек ядролық «бестік» мүдделерін қорғайтындығына көзі жеткен соң Шартты толық жоққа шығарып оны «ядролық апартеид» деп қарастыруды жөн көрді. 1996 жылы қыркүйек айында БҰҰ Бас Ассамблеясы отырысында Дели бұл Келісімге өзінің қарсылығын білдірді [8]. Бұл қарсылықты білдіру арқылы Дели өз ядролық жарылыстарын жүргізуде еркін таңдауға ие бола алды. Тағы атап өтетін бір фактор, ядролық Қытай мен ядролық Пәкістан. 1998 жылдың 26-27 мамырда жүргізілген сауалнама бойынша халықтың 80%-ы ядролық сынақ жүргізу туралы Үкімет шешімін қолдап, 65%-ы респонденттер ядролық сынақтардың елдің ұлттық қауіпсіздігін нығайтатындығын айтқан. Бұл сынақтарға тағы бір себеп болған түрткі, Пәкістанмен арада сақталып қалған шиеленісті жағдай, Кашмир дауының шешімін таппауы. Бұл жағдайлар екі жақтың ортақ шекара сызығында кең көлемде баллистикалық ракеталар шоғырландандыруына итермеледі. Шекаралық аймақтарда әскери қақтығыстардың жиілеуі, Қашғардағы лаңкестік әрекеттердің жандануы, Пәкістанның орта қашықтықтағы ракеталар  жасап  шығаруы.  Төртіншіден, Дели ядролық сынақтар өткізбес бұрын, ең басты себеп ретінде, «қытай факторын» анықтады. Үндістан дереу ядролық сынақтардан кейін Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесін (ҰҚК) құрды. Кеңестің басты мақсаты – халықаралық және аймақтық жағдайды зерттеу,  болашақта  болуы мүмкін саяси және әскери іс-қимылдарды болжау және оған сараптама жүргізу. Кеңестің тағы бір маңызды функциясы –  азаматтық  және әскери жетекшіліктің өзара әрекеттесуін нығайту [9].

Кахута қаласында уран өндiру зауытының құрылысы басталады, Франциямен бiрлескен уранды қайта өңдеу бойынша зауыттың құрылысы туралы белсендi түрде келiссөздер жүргізіле бастады. Алайда «Ұлы державалар» Пәкістанға оның жоспарында көмектесуге ұмтылған жоқ. Жұмыс қарқыны біршама баяу жүрді және пәкістандық басқару бүкіл уақыт бойына өзiн Үндістан «соққысы астында» сияқты сезіндi. Екi елдiң арасындағы қатынастар кернеулi болды, дегенмен ашық қарсыластыққа дейiн жеткен жоқ.

Пәкістанның бiрiншi  зеңбiректік  плутониы тек қана 1995 жылда алынды. Атом қаруының сынаулары 1998 жылы 28-30 мамырда Чагай полигонында жүргiзiлдi. Бұл жерде  түрлі  мәлiметтерге  қарағанда   3-тен 7-ге дейінгі аралығындағы жарылғыштарды сынақтан  өткізді.  Пәкістанның  қазіргі   кезде 65-120-ға жуық атом жарылғыштары бар, және бұл тұрғыда Үндістанмен теңдесе алады[10].

1998 жылдағы Пәкістандық сынақтар аймақтық қауiпсiздiк үшiн жаңа маңызды фактор болды. Пәкістан дерлік ғасыр ширегі бойы да үндi Кашмирына ие болуға ешбір шара қолданбады. Алайда 1999 жылы ядролық қару сынақтары өтіп-ақ шекаралық дау қайта өрбіді.

Сайып келгенде, аймақтағы басты қарсыластықтың негізгі мәселесі – жоғарыда қарастырылған «Кашмир мәселесі» болып, соны-  мен бiрге екiншi дүниежүзілік соғыстан кейiн Үндістанмен және Пәкістан арасындағы орын алған әскери даулардың саяси, экономикалық және мәдени зардаптары болып отырғандығын атап  кету керек [2, 16 б.].

Қорытынды. Қазіргі таңда екі елдің де ядролық  әлеуеттері  тең  дәрежеде. Екi ел де «ядролық қаруды  таратпау  туралы  шартқа»  қол  қоймаған  және  бүгінде  бұл  саладағы  өз зерттеулерін тоқтатпай отыр. Бұл аймақтық саясаттың мағыналы факторы болып табылады, Үндістан және Пәкістанның басқару жүйесінде, Ұлы державалардың (АҚШ,  Ресей, Ұлыбритания, Қытай және Франция) мемлекеттік басқару жүйесін үлгі етуі көзделеді. Бұл елдердiң ядролық қарусыздануы – халықаралық бiрлестiктiң басты мәселелерiнiң бiрi. Қарусыздану онсыз да саяси мәселелері көп болған аймақтағы кернеулiкті түсіруге мүмкiндiк бередi. Қазіргі таңда екі ел өзара келісім орнатуға талпыныстар жасады, 2004 жылдың қаңтарында басталған бейбіт келісім нәтижесінде нақты нәтижелерге қол жеткізілді:

  • Кашмирдің үнді және пәкістандық бөліктерін автобус жолы біріктірді;
  • мемлекетаралық теміржол   қатынасы жақсарды;
  • сауда және мәдени салада ілгерілеу байқалды.

 

 әдебиеттер

 

  1. Розалиев Ю. Н. Новая и новейшая история стран Азии и Африки. – М.: Высшая школа, – 351 с.
  2. Новиков В.Е. Проблемы создания Индией ядерного потенциала // Ядерное распространение. Сб. документов и материалов. – М.: 2000, январь-март 2000, выпуск 34. – С.10-11.
  3. Квок Б. Ядерные испытания в Индии и Пакистане // Международная жизнь. – 1998. – №8. – С. 36-40.
  4. Соловьев В. В. Пакистане нет раскола // http://www.ng.ru/world/2001-12-05/1_pakistan.html
  5. Орлов В.А. Контроль над ядерными вооружениями и военной деятельностью. – М.: ПИР-Центр,  – Т.1. – 528 с.
  6. Туник С. XXi век: ядерная угроза остается реальностью // Экспресс К – 2001. – 30 августа.
  7. Нераспространение ядерного оружия: Сб. документов. – М.: Международные отношения, 1993. – 240 С.
  8. Бакланов А. После ядерных взрывов в Индии и Пакистане: [о новой ситуации в вопросах нераспространения ядерного оружия после взрывов в Индии и Пакистане] // Международная жизнь. – 1998. – №7. – С. 21-29.
  9. Набаев Б.Н. Особенности внешней политики Пакистана в отношении Индии и Афганистана на современном этапе // Аналитик 2003. – №1. – С.13.
  10. Резолюция Совета безопасности ООН 1172 (1998). – 6 июня

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.