Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының университеті (ШЫҰУ) халықаралық білім берудің жаңа моделі

Бүгінгі таңда елдің бəсекеге қабілеттілігі – ғаламдық экономика мен саясатты дамытудың ең маңызды факторларының бірі. Бəсекеге қабілеттіліктің басты көрсеткіші – халық өмірінің жоғары деңгейі мен сапасы. Білім берудің деңгейіне, адами капиталды дамытуға, атқарушылық сапасына айрықша орын беріледі. Айрықша назар аударуды талап ететін негізгі міндеттер ЖОО-дағы білім сапасы, «бірыңғай білім беру кеңістігін» жəне біртұтас білім беру стандарттарын қалыптастыру мəселелері болып табылады. Бұл міндеттерді шешу мүмкіндігі білім берудің интеграциялық шеңберінде.

1999 жылдың маусымында отыз еуропалық мемлекеттің Білім министрлері Болон декларациясына қол қойды. Оның мақсаты – жоғары білім берудің еуропалық аумағын құру, сонымен қатар жоғары білім берудің еуропалық жүйесін əлемдік масштабта белсендендіре түсу. Қабылданған Декларацияның негізгі мазмұны – Еуропалық үрдіс кейінгі жылдардағы табысқа жетуі нəтижесінде біршама нақты сипатқа ие болып, ЕО құрамына кіретін елдердің шынайылығына, азаматтарының сұраныстарына толық жауап беретіндігі туралы.

Болон үрдісін қалыптастыруға түрткі болған негізгі ішкі себеп: білімге негізделген қоғамды құру, білім беру жүйесіндегі түбірлі реформалар қажеттілігімен ұштасатын жаппай білім беруге өту.

Болондық кездесуге қатысушылар өздеріне қысқа мерзім ішінде (соңғы мерзім – үшінші мыңжылдықтың бірінші онжылдығының соңына дейін) жоғары білім берудің жалпы еуропалық кеңістігін қалыптастыруға қатысты мақсаттардың орындалуын қамтамасыз етуді жəне жоғары білім    берудің    еуропалық    жүйесіне  əлемдік сахнада қолдау көрсетуге міндеткерліктерді алды. Декларациядағы қабылданғандар төмендегідей:

  • студенттердің ірі масштабты мобильділігін қолдаудың құралы ретінде;
  • тиімді мобильділік жолындағы кедергілерден арылу ретінде қарастырылған дəрежелердің анық жəне салыстырмалы жүйесін құру (көбінесе, дипломға қосымшаны енгізу арқылы);
  • дайындаудың екі деңгейлі жүйесіне өту: бакалавр жəне магистр (дипломданған маман);
  • кредиттер жүйесін енгізу (кредиттік трансферлердің еуропалық жүйесінің типінде).

Болондық үдеріс көптеген жақта еуропалық жоғары білім беру саласындағы төңкеріс болды. Оның алғашқы бастамасын Еуропалық Одақ Министрлер кеңесінің білім беру саласындағы ынтымақтастықтың бірінші бағдарламасы туралы қаулысы қабылданған 1970 жылдардың орта кезіне жатқызуға болады. Содан кейін 1998 жылы Париждегі Сорбона университетінің 800 жылдық мерекесіне қатысқан Білім министрлерінің төртеуі еуропалық жоғары білім берудің сегментациясы Еуропадағы білім мен ғылымның дамуына кедергі келтіреді деген пікірмен келіспеген еді. Олар Сорбона декларациясына қол қойды. Жоғары білім берудің еуропалық кеңістігін құрудың ерікті үрдісіне қатысу туралы шешім бір жылдан кейін 29 ел өкілдерінің қатысуымен Болонияда жасалған еді [1]. Қазір үрдіске Еуропа кеңесінің еуропалық мəдени конвенциясын (1954) ратификациялаған 49 елдің 47-сі қатысады. Үрдістің басталуының ресми уақыты болондық келісімге қол қойылған 1999 жылдың 19 маусымы болып табылады. Болон үдерісі басқа елдердің қосылуына ашық.

Ресей  болондық  үрдіске 2003 жылдың  қыркүйегінде еуропалық елдердің білім министрлерінің берлиндік кездесуінде қосылды. 2005 жылы Бергенде Болон декларациясына Украинаның Білім министрі қол қойды. 2010 жылы Будапештте Қазақстанның болондық үрдіске қосылуы туралы соңғы шешім қабылданды. Қазақстан – еуропалық білім кеңістігінің толық құқылы мүшесі ретінде мойындалған бірінші орталықазиялық мемлекет. «Қазақстанның қосылуы туралы шешімді Болон декларациясына қол қойған 46 елдің өкілдері бірауыздан қолдады. Қазақстан туы Болон үрдісіне қатысушы елдердің туларының галереясына енгізіліп құрылды. Енді Қазақстан – еуропалық білім кеңістігінің толық құқылы мүшесі ретінде мойындалған бірінші орталықазиялық мемлекет», – деп көрсетілген баспасөз мəлімдемесінде [2].

Жоғары білім беруді жетілдіру ШЫҰ интеграциялық жобаларының шеңберінде де жүзеге асырылуда. «ШЫҰ шеңберінде барлығы да гуманитарлық өлшем жайлы сенімдірек мəлімдейді» [3]. «2001 жылы құрылған  ШЫҰ тез арада салмаққа ие болып, ықпалды аймақтық ұйымға айналды. Қазіргі таңда «ШЫҰ факторы» – бұл ұланғайыр еуразиялық кеңістіктегі тұрақтылықтың маңызды элементі. Бұл – қазіргі аймақтық жəне ғаламдық саясаттың шынайылығы».

Қазіргі халықаралық қатынастар тарихында ШЫҰ құрылуы мен дамуы интеграциялық үрдістердің жағымды үлгісі болып табылады. Ол қауіпсіздікке деген өзара сенім, қарусыздану, ынтымақтастық пен қауіпсіздік принциптеріне толы жаңа дүниетанымның бастамасы болып, одақ емес, серіктестік негізіндегі жаңа типті мемлекетаралық қатынастарды байыта түсіп, айрықша ерекшелігі біріккен бастама, қауіпсіздікке басымдық беру, ірі жəне ұсақ мемлекеттердің өзара тиімді байланысы болып табылатын аймақтық ынтымақтастықтың үлгісін көрсетті. ШЫҰ-ға кірген мемлекеттердің жалпы территориясы 30 млн шаршы км, яғни Еуразияның   60 пайызын құрайды [4]. Оның демографиялық потенциалы жер шары халқының төрт бөлігін құрайды – 1 млрд 455 млн адам [5]. ШЫҰ-ға қайталанбас өркениеттер бірікті жəне олардың тығыз ынтымақтастығы əрқайсысының жекелей дами түсуінің көзіне айналады. Ғылыми күшқуаттың интеграциялануы біздің қоғамымыздың бар саласындағы инновациялық технологиялардың дамуына ықпал етуі заңдылық.

Ресми  құжаттарға  сай,  Шанхай ынтымақтастық ұйымының мақсаттарына халықаралық терроризммен жəне экстремизммен, ұйымдасқан қылмыспен, есірткі мен қару-жарақтың заңсыз айналымымен, қылмыстың басқа түрлерімен жəне   жаппай  заңсыз   миграциямен   бірлесіп күресу кіреді. Шанхай ынтымақтастық ұйымының мақсаттарына, сондай-ақ қатысушы елдер арасындағы өзара сенім мен тату көршілікті нығайту; саяси, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық жəне мəдени салалардағы, сонымен бірге білім беру, энергетика, көлік, туризм, қоршаған ортаны  қорғау  салаларында  тиімді ынтымақтастыққа ықпал ету; аймақтағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті, тұрақтылықты бірлесіп қамтамасыз ету мен қолдау; демократиялық, əділетті тиімді халықаралық саяси жəне экономикалық тəртіптің құрылуына итермелеу жатады [6]. Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуы Орталық Азия елдеріне өзара тиімді қатынастар үрдісі мен интеграциялық байланыстарға тек қауіпсіздік жəне трансшекаралық байланыстар тұрғысынан ғана емес, білім беру саласы мен социо-мəдени  жобалар  тұрғысынан  қарауға мүмкіндік берді. ШЫҰ-ға мүше елдері арасындағы білім беру саласындағы үйлестіру мəселесі айрықша мəнге ие болуда. Болондық үрдіс шеңберінде жоғары мектептер жүйесін стандарттау бағытында дами отырып, ШЫҰ-ға мүше-мемлекеттер Қытайдың, Ресейдің дəстүрлі ұлттық білім беру модельдеріне сəйкес талаптар жиынтығы  арқылы  болондық  жүйе  мазмұнын байыта түсудің қайталанбас мүмкіндіктеріне ие. 2006  жылдың  15  маусымында Шанхайдағы ШЫҰ-ның мерейтойлық саммитінде Білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Тараптар, сонымен бірге ШЫҰ басқаруындағы Біртұтас білім беру орталығын құру мүмкіндігін қарастыра бастады. 2007 жылы Бішкектегі ШЫҰ саммитінде Ресей Президенті В.В. Путин Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының университетін (ШЫҰУ) құру туралы бастама көтерді.

ШЫҰ университеті дегеніміз не? ШЫҰ университеті – елдердің негізгі базалық жоғары оқу орындарының жүйесі. Бұл дайындықтың бес бағыты экология, энергетика, IT-технология, аймақтану жəне нанотехнологиялар бойынша жұмыс істейтін 62 жоғары оқу орны.

Бұл бес бағыт, яғни экология, энергетика, ITтехнология, аймақтану жəне нанотехнологиялар ШЫҰ   кеңістігін, еңбек жəне ШЫҰ елдері дамуында кездесетін проблемаларды талдау негізінде іріктелінген. Біршама өзекті ортақ мəселелер таңдап алынған. Еңбек нарығында қандай ортақ мамандықтардың сұранысқа ие екендігі сараланды. Осының нəтижесінде министрлер бүгінгі таңда аталмыш бес бағыттағы мамандықтар сұранысқа ие деген шешім қабылдады.

2008 жылдың 24 қазанында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Білім министрлері тарапынан Астанада қабылданған ШЫҰУ Тұжырымдамасына сай [7], «Университет ШЫҰ-ға мүшемемлекеттеріндегі жəне бақылаушы мемлекеттердегі (Моңғолия, Үндістан, Иран, Пəкістан) қазіргі университеттердің жүйесі ретінде қызмет етуі керек». Онда ШЫҰУ құрудың мақсаттары, негізгі міндеттері анықталған. Белгіленген ШЫҰУ моделіне сай «Жоғары білікті кадрларды дайындау білім беру бағдарламасының төмендегі түрлері бойынша жүзеге асуы тиіс: тілдік дайындық курстар, бакалавриат (4 жыл); магистратура (2 жыл); екіжақты келісімдер арқылы қарастырылған аспирантура (3 жыл); докторантура (3 жыл); біліктілікті жоғарылату бағдарламалары, кəсіби қайта дайындау, қашықтықтан оқыту жəне күндізгі, сырттай білім беру бағдарламалары». ШЫҰ университеті негізгі тілдер орналасқан елдің тілі немесе ШЫҰ ресми тілдері – орыс жəне қытай тілдері болады.

Сонымен бірге ШЫҰ университетінде білім алу сызбанұсқасы анықталды. Бұл сызбанұсқаға сəйкес, «ШЫҰ университетінің бағдарламасы бойынша оқитын студенттің өз білімін кез келген семестрден аталмыш бағдарламаны жүзеге асырушы негізгі шетелдік университетте жалғастыруға мүмкіндігі бар». Студент шетелдік серіктес жоғары оқу орнында бір семестрден кем білім алмауы керек. Студенттерді қабылдау ШЫҰ университеті бойынша анықталған университеттерге қабылдаудың өзара келісілген квоталары негізінде жүзеге асырылады. Білім алу қорытындысы бойынша студент өзі оқуды алғаш бастаған немесе оқу мерзімінің басым бөлігін өткізген жоғары оқу орнының дипломын жəне бастапқы кезеңде ШЫҰ университеті сертификатын, кейінірек ШЫҰ университетінің бірыңғай дипломын алады».

Бір жылдан кейін 2009 жылдың 28 қазанында Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы жəне Тəжікстан Республикасы  үкіметтерінің арасында Шанхай ынтымақтастық ұйымы университетінің құрылғандығы туралы келісімге Астанада қол қойылды.

2010 жылы 26 сəуірде Мəскеу қаласында Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы жəне Тəжікстан Республикасы Шанхай ынтымақтастық ұйымы Университетінің құрылғандығы жөнінде жоғары оқу орындарының ынтымақтастығы туралы Меморандумға қол қойылды. Бұл жерде сөз жоғары білім берудің халықаралық интеграциясы туралы болып отыр. Осындай себептердің нəтижесінде білім беру ұлттық басым бағыттық категориядан əлемдік басымдық категориясына өтеді.

2010 жылы 28 сəуірде Мəскеу қаласында Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы жəне Тəжікстан Республикасы басты жоғары оқу орындарының ректорлары, ұлттық білім министрліктері тарапынан ұсынылған жетекші жоғары оқу орындары бола отырып, Шанхай ынтымақтастық ұйымы Университетінің кəсіби білім берудің ЖОО жүйесіне өтетіндігі жəне Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы жəне Тəжікстан Республикасы үкіметтерінің арасында Шанхай ынтымақтастық ұйымы Университетінің құрылғандығы туралы келісімде жəне ШЫҰ университетінің Тұжырымдамасында көрсетілген ШЫҰ университетінің негізгі принциптерін, мақсаттары мен міндеттерін жəне үлгісін сақтау міндеткерлігін алатындықтары туралы ШЫҰУ Хартиясына қол қойды [8].

Осылайша, ШЫҰ университетінің халықаралық бағдарламалары аясында елдердің білім беру саласындағы ынтымақтастығы шынайы түрде кеңейе бастады. Барлық ЖОО бес бағыт бойынша магистрлік бағдарламаларды үйлестіру жолдарын келісті. Əрбір елдің осы бағыттарды таңдаған барлық жоғары оқу орындары, пекиндік университеттердің, ресейлік жоғары оқу орындарының, қазақстандық жоғары оқу орындарының бағдарламаларының өзіндік түйткілдері бар екендігін түсінеді. Бірақ олар өзіндік түйткілдері бола тұра, білім берудің нəтижелерін қабылдауға келісті.

Қазақстанда ШЫҰ университеті «Нанотехнологиялар», «Экология», «Энергетика», «ITтехнологиялар», «Аймақтану» бағыттары бойынша инновациялық зерттеу университеттеріне трансформацияланған 15 жетекші ЖОО базасында жұмысын жүргізуде.

Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ШЫҰ қатысушы базалық үйлестіруші ЖОО ретінде 2010 жылдың 26 сəуірінде Мəскеу қаласында Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы жəне Тəжікстан Республикасы Шанхай ынтымақтастық ұйымы университетінің құрылғандығы жөнінде жоғары оқу орындарының ынтымақтастығы туралы Меморандумға қол қойды. Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ ШЫҰ кеңістігінде жұмыс істеуге қабілетті мамандардың жаңа буынын бірге дайындау туралы ШЫҰ елдерінің серіктес ЖОО-мен көпжақты жəне екіжақты келісімдерге келіп, қол қойып, жүзеге асыруды бастады.

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің көпжақты форматтағы ЖОО инновациялық білім беру жобаларын жандандыру жəне табысты түрде іске асыру үшін əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да бағдарламаның жобалануын, жіберілуін жəне іске асуын қамтитын Шанхай ынтымақтастық ұйымы университетінің оқу орталығы құрылды. ШЫҰУ шеңберіндегі магистрлік бағдарламаларды жүзеге асыру туралы келісімдер жəне əл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің серіктес ЖОО арасындағы ынтымақтастық  туралы келісімшарттарға  сай ҚазҰУ магистранттарын 2011/2012 оқу жылының күзгі семестрінде Ресейдің ЖОО: «Экология» бағыты бойынша Ресейдің Халықтар достығы университетінде; «Аймақтану» бағыты бойынша Мəскеу мемлекеттік лингвистикалық университетінде жəне т.б., сондай-ақ ҚХР ЖОО: Солтүстік Шығыс университет (Химия жəне биология), Ланьчжоу университеті (Экология), Синьцзян мұнай университеті жəне Солтүстік Батыс техникалық университетінде оқуға жіберу туралы келісімге қол жеткізді.

Қазіргі таңда Шанхай ынтымақтастық ұйымы университеті шеңберіндегі магистрлік бағдарламаларды жүзеге асыру туралы келісімге сай келіссөздерге тартылатын серіктес жоғары оқу орындарының саны артуда.

2011 жылдың 23-24 қыркүйегінде ҚХР батыс қытайлық Сиан қаласында ШЫҰ құрылуының 10 жылдығына орай, Еуразиялық экономикалық форум-2011 өткізілді. Форум аясында «ШЫҰ университеті – жоғары білім берудің инновациялық халықаралық платформасы» тақырыбында білім берудегі ынтымақтастықтың еуразиялық мəжілісі өтті. Оған ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің білім министрліктерінің өкілдері, 50-ден астам қытайлық жəне шетелдік ЖОО ректорлары қатысты. Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы ШЫҰУ оқу орталығы еуразиялық экономикалық форумның білім беру секциясының жұмысына қатысты.

Форумның ашылу салтанатында жəне секциялық  отырыстарында  қатысушылар   (көптеген азиялық  жəне  еуропалық  елдердің,  со-  ның ішінде ШЫҰ-ға мүше елдердің көсемдері, халықаралық ұйымдардың өкілдері, танымал ғалымдар) «Еуразиядағы инновациялық ынтымақтастық  жəне  трансформация   мүмкіндіктерін бірлесіп пайдалану» тақырыбындағы форумының ағымдағы жəне басым бағыттағы мəселелерін талқылады. Еуразия аймағы үшін дəстүрлі жəне өзекті, экономикаға, экологиялық қауіпсіздікке қатысты мəселелермен қатар, секциялық отырыстарға білім беру саласындағы мүлдем жаңа мəселелер енгізілді, бұл – Еуразия елдері экономикасын дамыту үшін мамандар даярлайтын ШЫҰ университетін əрі қарай дамыту. Гуманитарлық өлшем Шанхай ынтымақтастығы ұйымы аумағының құрамдас бағытына айналды.

Сонымен, Шанхай ынтымақтастығы ұйымының қызметі дамуының қазіргі кезеңінде білім беру саласында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттері арасындағы əрекеттерді үйлестіру мəселесі айрықша маңызға ие болып отыр. РФ, Қытай, Орталық Азиялық мемлекеттердің гуманитарлық жəне жаратылыстану ғылымдарының бар салаларында білікті мамандар дайындаудағы қызметтерін үйлестіру қажеттілігі айқын. Болондық үрдіс шеңберінде жоғарғы мектептер жүйесін стандарттау бағытында дами отырып, ШЫҰ-ға мүше-мемлекеттер Қытайдың, Ресейдің, Қазақстанның жəне басқа елдердің дəстүрлі ұлттық білім  беру  модельдеріне сəйкес талаптар жиынтығы арқылы болондық жүйе мазмұнын байыта түсудің қайталанбас мүмкіндіктеріне ие. Өзара байланыс логикасы айқын – қарама-қарсы қою емес, керісінше бірін-бірі толықтыру.

Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуы Орталық Азия елдеріне өзара тиімді қатынастар үрдісі мен интеграциялық байланыстарға тек қауіпсіздік жəне трансшекаралық байланыстар тұрғысынан  ғана  емес,  білім  беру  саласы мен социо-мəдени жобалар тұрғысынан қарауға мүмкіндік берді. Шанхай ынтымақтастық ұйымы университеті халықаралық білім беру кеңістігіне интеграциялана отырып, өзінің потенциалы мен халықаралық деңгейдегі құзіреттіліктерге ие жоғары білікті мамандарды дайындаудың инновациялық тұрғыда дайындаудың жинақталған тəжірибесін жүзеге асыруға дайын Қазақстан жоғары оқу орындарына тамаша мүмкіндіктер беріп отыр. Шанхай ынтымақтастық ұйымының университеті халықаралық білім берудің жаңа моделі болып табылады.

 

 

 

Əдебиеттер

 

  1. Болонская декларация. Совместное заявление европейских министров образования. г. Болонья, 19 июня 1999 года // http:// www.inf.tsu.ru/Webdesign/ bpros.nsf/news/
  2. kz. – 2010 жыл 12 наурыз
  3. Путин В.В. ШОС – новая модель успешного международного сотрудничества // http://www.rg.ru/2006/06/14/putin-shos.
  4. Комиссина И.Н., Куртов А. А. Шанхайская организация сотрудничества //Кокарев К. А. Россия в Азии: проблемы взаимодействия: сборник статей. — М.: Изд-во Российского института стратегических исследований, -С.251
  5. Дмитриев И.Один за всех и шесть за одного. Страны ШОС вырабатывают принципы взаимодействия Российская газета – 23 августа 2007 года.
  6. ХАРТИЯ ШАНХАЙСКОЙ ОРГАНИЗАЦИИ СОТРУДНИЧЕСТВА // http://www.scokz/shos/hartr.php 7 Концепция УШОС // http://www.kaznu.kz/ru/3538/page8 Хартия УШОС // http://www.kaznu.kz/ru/3538/page

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.