«Əскери-саяси өлшем» Азиядағы өзара ықпалдастық жəне сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) Алматыда 2004 жылғы 22 қазанда өткен мүше елдердің Сыртқы істер министрлерінің екінші кездесуі де Кеңес аясында сенім шараларын жүзеге асыру принциптерін бекіткен АӨСШК Сенім шаралары тізімдемесі (Каталог) қабылданған бірінші кезектегі өлшем болып табылады.
Тарихқа шолу жасайтын болсақ, Кеңесті құру жайында бастаманы 1992 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының XVII сессиясында көтерген Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ə. Назарбаев еді [2]. Бұл бастама Қазақстанның аймақтық бейбітшілік пен қауіпсіздікке жəрдемдесуге деген ұмтылысы мен саяси ерік-жігерін толық мəнде танытты. Сол жиырма жыл ішінде Қазақстан тарабының зор ынталандырушы рөлі жəне қатысушы барлық елдердің бірлескен күш-жігерінің арқасында АӨСШК Азиядағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық мəселелерін талқылаудың бірегей де пайдалы форумына біртіндеп айнала бастады. Дегенмен АӨСШК құру бастамасын көтермес бұрын көптеген талқылаулар мен дискуссиялар жүргізілді. Ол орынды да, өйткені мүше елдер арасындағы түсініспеушілік, сонымен қатар қару-жарақты таратпау мен оны залалсыздандыру, ішкі істерге араласпау, лаңкестік, сеператизм, экстремизм жəне есірткі тасымалы сияқты мəселелер алдыңғы орында еді. Əрине, бұл мəселелерді шешу оңайға соқпайтыны, ортақ көпжақты тетіктерді дамытуды қажет етті. Осыған қарамастан мүше елдер бұл мəселелердің шешімдері АӨСШК тетіктері арқылы жүзеге асырылады деп сенген еді. Дей келе, алғашқы күндерден-ақ бұл бастама азияттық мемлекеттердің қолдауына ие болды [3].
АӨСШК əу бастан-ақ Азия мемлекеттерінің өкілдері аймақтағы қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың кез келген өзекті мəселелерін көтеріп, гуманитарлық, əлеуметтік, сонымен қатар əскери-саяси жəне де басқа да салаларда ынтымақтасып, талқылай алатын форум түрінде ойластырылған болатын. Кеңесті шақыраудың идеологиялық негізі мынаған саяды: аймақтың жетекші мемлекеттерінің ұзақ мерзімді даму стратегиясы бүгінде ғаламдық жəне аймақтық сипаттағы сынақтарға үн қатудағы олардың күшжігерін біріктіруді талап ету.
Кеңес сенім шараларының өрісі əдеттегі концепциялардың шеңберінен кең. Азиякеңеске мүше елдер жетекшілері XXІ ғасырдың өзара байланысты əрі өзара тəуелді заманында əлеуметтік-экономикалық өлшемдердегі сенім шараларыныңмаңызыныңəскери-саясиөлшемдегіден ешбір кем еместігін түсінді. Сондықтан АӨСШК Сенім шаралары тізімдемесі бес өлшемді, яғни бес саланы қамтиды: (І) əскери-саяси; (ІІ) жаңа сындар мен қатерлерге қарсы тұру; (ІІІ) экономика; (ІV) экология жəне (V) гуманитарлық мəселелер.
Əдетте сенім шаралары ретінде мемлекеттердің өзара қауіп-қатер мен сенімсіздікті азайтуға, оның ішінде соғыс қаупін азайтуға бағытталған шаралары деген түсінік қалыптасқан. Сенім шаралары тұжырымдамасының өзі “қырғи-қабақ соғыс” кезінде кездейсоқ апат немесе қателер нəтижесінде ядролық соғыстың тууын болдырмауды көздеген талпыныстардан пайда болған. Нақты айтсақ, осыған дейін сенім шараларын мемлекеттер арасындағы шиеленісті бəсеңдету үшін əскери-саяси саладағы ынтымақтастық ретінде қарастырып келген болатын [4].
2004 ж. Сенім Каталогында əскери-саяси өлшемге арналып, яғни: «мүше-мемлекеттер өздерінің қауіпсіздік саласындағы заңды мүдделерін ескере отырып, əскери-саяси өлшемдегі өзара сенімділікті нығайта келе, ұзақмерзімді тұрақтылықты қамтамасыз етуде-ақпараттармен алмасу, əскери оқуларға бақылаушы мүше-мемлекеттерді шақыру...» деген бірнеше баптар қарастырылған болатын [1]. Бірақ əскери-саяси өлшем бойынша нақты шаралар атқарылған жоқ еді. 2007 ж. АӨСШК басты міндеттерінің орындауда маңызды қадамдардың бірі-сенім шараларын жүзеге асыру. «АӨСШК сенім шаралары тізімдемесі» негізінде мамыр айында Бангкокте қабылданған «АӨСШК сенім шараларын жүзеге асыру үшін Ұжымдық шара» атты құжат дайындалды [5]. Сол кезде Аға лауазымды Коммитетінің отырысы Тайланд делегация мүшелерінің ұсынысы бойынша Қазақстаннан тысқары өткізілді.
Құжатты талқылау барысында «əрбір мүше мемлекет немесе мүше мемлекеттер тобы өз еріктерімен, өз араларында келісім бойынша, Сенім шаралары аясында ақпараттармен алмасу жəне бұл ақпаратты АӨСШК Хатшылығына жіберу» жөнінде келісілді [5]. Осы жетістік белгілі бір дəрежеде басқа тапсырмалармен қатар, сенім шараларын іске асыру механизмін түзуге де жауапты Хатшылық құрылғаннан кейін барып мүмкін болғанын айтып өткен жөн.
Алайда «Ұжымдық шарада» əскери-саяси өлшем жөнінде бір ауыз сөз айтылмаған. Алматы актісінде бұл бағыт бойынша ықпалдасуға бірнеше маңызды баптар арналған. Бангкогте Азия елдерінің кейбіреулері, басқа өлшемдердің жүзеге асыру үдерісін бақылау мақсатында, əскери-саяси бағытында сенім шараларын жүзеге асыруды белгісіз уақытқа кейін қалдыруды ұйғарды. Сол кезде кейбір мемлекеттердің қатаң да, компромиссіз саясаты арқасында əскерисаяси өлшемге көшу кейінге қалдырылды [6].
Дегенмен Тайландтағы кездесуден кейін, Қазақстан Республикасын төраға ретінде қоса алғанда, кейбір мүше-мемлекеттер əскерисаяси салада ынтықмақтасу – АӨСШК басым бағыттарының бірі жəне де бұл бағыт АӨСШК Алматы актісінде жəне Сенім Катологында орын тапқан. Осы кезден бастап, 2008 жылы 25 тамызда Алматыда өткен Үшінші министрлік кездесудің қорытындысы бойынша жəне Декларацияда Сыртқы істер министрлерімен əскери-саяси мəселелер талқылау бастамасы маңызды деп танылды [7].
Осы кездесуге Əзірбайжан, Ауғанстан, Египет, Израиль, Үндістан, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Моңғолия, Пəкістан, Палестина, Ресей, Тəжікстан, Тайланд, Түркия жəне Өзбекстан елдерінің Сыртқы істер ведомство өкілдері қатысты. Өз сөзінде Қазақстан Республикасының Басшысы Н.Ə. Назарбаев:
«Ұжымдық дипломатияның барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, бар күш-жігерді лаңкестік, ұйымдасқан діни экстремизм, есірткі саудасы мен заңсыз көші-қон мəселесіне бағыттауымыз тиіс. Əрине, бұл үшін əскерисаяси салада ынтымақтасуды дамыту жəне нығайтуда тəжірибелік шаралар атқару жөн, ал ол өз кезегінде болашақта Сенім шаралар тізімдемесінің маңызды бағыттарына айналу қажет», – деп мəлімдеген болатын [8].
Айта кететін бір жайт, Төраға тұрақты түрде мүдделі мемлекеттермен кеңесіп отырды. Бұл өлшемді бастау үшін ерекше қадамдар қажет екені айдан анық еді. Ең алдымен, кейбір мемлекеттердің түсініспеушілігінен арылу керек болды. Консенсусқа қол жеткізу үшін оқшаулану мəселелерден бастауды ұсыну керек еді.
Министрлердің қолдауынан соң Төраға Төрағаның көзқарасы» деген жұмысшы атпен құжат ұсынды [8]. Бұл құжат 2009 жылы маусымда Алматыда өткен Арнайы жұмысшы тобының мəжілісінде талқыланған болатын. Өкінішке орай, бұл жоба құжаттары бойынша мемлекеттер консенсусқа келе алмады, өйткені кейбір мемлекеттер өкілдері үшін жоба «бірнеше кеудемсоқтық мақсаттарды» көксеген болатын. Сондықтан да бұл жоба 2009 жылы қазанда Пекин қаласында өтетін Арнайы жұмысшы топтың отырысында талқыланып, қайтадан жаңартылады деп шешілді.
Пекиндегі отырыста Төраға жаңа жобаны ұсынған болатын. Ол əскери-саяси саладағы əрі қарайғы келіссөздерге негіз болатынына сенді [9]. Таиланд, АСЕАН жəне ААФ (АСЕАН Аймақты Форумы) сол кездегі Төрағасы ретінде ААФ əскери жəне саяси саладағы тəжірибесімен алмасуды ұсынды. Бұл ұсынысты сол кездегі, келешек АӨСШК Төрағалары (Қазақстан) жəне (Түркия) Таиландпен үшжақты кеңес алмасу өткізетіні арқылы құптағанын көрсетті.
Тайланд, Қазақстан жəне Түркия арасындағы үшжақты кеңес алмасу 2010 жылдың 18 қаңтарында Бангкокте өткен болатын. Əскери-саяси өлшемге қатысты Арнайы жұмысшы топтың отырыстары Баку қаласында 2010 жылы 10-
11 мамырда жалғасын тапты. Бұл отырыста түрік делегаттары Түркия Төрағалығының 2010-2012 жылдардағы Концепциясын ұсынды. Концепцияда қауіпсіздік мəселелері жəне əскерисаяси салада сенім шараларын жүзеге асыру үшін диалогтың қажеттілігі айтылды. Түркияның сол отырыстағы Елшісі, Түркия Республикасының жанындағы АӨСШК жөніндегі жедел топтың басшысы Балент Тулун бұл салада консенсусқа қол жеткізетініне сендірді [9].
Əскери-саяси өлшемге қатысты бірнеше кездесулерде ден қойылып, назар аударылды, соның ішінде, айта кететін кездесу – АӨСШК Астанада өткен 2012 жылғы 12 қыркүйектегі Сыртқы істер министрлерінің төртінші кездесуі. Онда кездесудің қорытындысы бойынша мүшемемлекеттер Декларация қабылдады [10].
2012 жылдың 5 қазанында Астана қаласында «АӨСШК: Азиядағы қауіпсіздік архитектурасын құру идеясынан нақты жүзеге асыру» атты ғылыми-тəжірибелік конференция өтті. Конференцияның күн тəртібінде экономикалық ынтымақтастықты нығайту, əскери-саяси ықпалдастықтың дамуы жəне Кеңестің Ұйымға ауысуы сынды мəселелер қарастырылды [11].
Əскери жəне саяси өлшемді жүзеге асыруда алғашқы қадам Арнайы жұмысшы топ, Аға лауазымды Комитеті жəне əскери-саяси өлшем бойынша бірінші ерікті кездесу деңгейінде Алматыда 2012 жылы ақпанда жасалған болатын. 2013 жылдың 15 қаңтарында мүше-мемлекеттер əскери-саяси өлшемдегі сенім шараларын төрт бағыт бойынша жүзеге асыратынын мақұлдады:
- əскери ведомство жəне əскери колледж өкілдерінің өзара сапарлары;
- ұлттық мейрамдарда, мəдени жəне спорттық іс-шараларда ат салысу үшін əскери күш өкілдерінің өзара шақыртулары;
- жоғары əскери басшылардың өмірбаяны жайлы мəліметтермен алмасу;
- қарулану жəне қарусыздандыруды бақылау, сонымен қатар əуе кеңістігі жөніндегі Конвенцияға көпжақты құрылымдардың қосылуы немесе ратификациялану мəртебесі бойынша ақпараттармен алмасу.
Жоғарыда аталған сенім шараларына қосылу тек мүше-мемлекеттердің еркіне беріледі жəне жүзеге асыруы сол қағидамен жүреді [12].
Жалпы айтқанда, мүше елдердің əркелкілігін жəне құрлықтағы қалыптасқан ахуалды еске- ре отырып, сенім шараларын орындауды жаңа сындар мен қатерлерге қарсы тұру, экономика, экология жəне гуманитарлық ынтымақтастық салаларында бастау жөнінде түсінікке қол жетті. Аталмыш əлеуметтік-экономикалық өлшемдерде сенім шараларын жүзеге асыру айтарлықтай ізгі ниет атмосферасын қалыптастырып, мүше елдер арасындағы қарым-қатынастарды нығайтпақ, ал бұл ұзақ мерзімді перспективада əскери-саяси өлшемдегі сенім шараларының жүзеге асуына да негіз бола алады.
Əскери-саяси өлшем Азиядағы өзара ықпалдастық жəне сенім шаралары жөніндегі Кеңестің Сенім шаралары Каталогында бірінші басымды өлшем ретінде қарастырылған. Мұны 2012 жылдың 12 қыркүйегінде Алматыда өткен АӨСШК Төртінші Министрлер кездесуінде, АӨСШК қазіргі Төрағасы, Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі Ахмет Даулетұлының: «Түркия Төрағалығы үшін əскери-саяси салада сенім шаралары қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, ынтымақтастық негізінде құрылған негізгі құрылымдық элемент. Оған қоса келешек аймақтық қауіпсіздіктің архитектурасы ретінде АӨСШК əскери-саяси өлшемінің маңызы зор. Бұл бастаманы қолдау мүше-мемлекеттердің еркіне берілгеніне қарамастан, əскери-саяси өлшемдегі сенім шараларын жүзеге асырудың алғашқы қадамдары көңілге сенім тудырып отыр», – деген мəлімдемесі айғақтайды [13].
Азиядағы өзара іс-қимыл жəне сенім шаралары жөніндегі кеңесті шақыру идеясының дүниеге келгеніне жиырма жылдан астам уақыт болды. Осыған қарамастан қысқа уақыт ішінде сенімсіздік, қорқыныш, қырғи-қабақтық пен жауласу себептерін жоюдың, сондай-ақ азиялық мемлекеттер мен халықтардың баян- ды экономикалық дамуына қолайлы жағдайлар жасаудың жолы мен тетіктерін іздестіруде Кеңес əжептəуір жол еңсерді. Кеңестің бастамашы- сы, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев атап өткендей: «Кеңес – көбінекөп соқтықпалы, соқпақсыз жолмен жүріп келе жатқан, сондықтан да барша жағдаяттың бəріне бірдей жарай беретін дауаны таба қоймаған жас Форум. Көкейге қонымды шешімдер диалог процесінің барысында туындайды» [14]. Осылайша, Азия кеңестің алға қойған мақсат-міндеті айқын, ол – аймақтағы бірегей қауіпсіздік құрылымын құру. Ал осы мақсаттың қандай формада жүзеге асатыны толығымен Кеңес мүшелерінің ерік-жігері мен өзара түсінігіне байланысты.
Əдебиеттер
- Каталог мер доверия СВМДА. 22.10.2004 г. // Официальный сайт Секретариата СВМДА [Электронный ресурс] URL: http://www.s-cica.org/page.php?page_id=179&lang=2
- Выступление на 47-й сессии Генеральной Ассамблеи ООН. Нью-Йорк, 5 октября 1992 г./ Внешнеполитические инициативы Президента Республики Казахстан Н. А. Назарбаева. Историко-документальное исследование. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2010. – С.128
- Абусеитов К.Х. СВМДА: видение Казахстана // Дипломатический курьер. – 2001. – № 1-2. – С. 109—112. 4 Асанов Ж.. Парасатты бастаманың игі жалғасы // Егемен Қазақстан. – 2010, наурыз. – 12
- Cooperative Approach for the Implementation of the CICA CMBs // CICA – 2007 Азиядағы өзара ықпалдастық жəне сенім шаралары жөніндегі кеңес Хатшылығы // АӨСШК хатшылығының ресми сайты [Электронды ресурс] URL:http://www.scica.kz/page.php?page_id=395&lang=2&year=2012&month=9&day=0&parent_id=139
- Заключения Третьей встречи министров иностранных дел СВМДА // Официальный сайт Секретариата СВМДА[Электронный ресурс] URL: http://www.s-cica.org/page.php?page_id=542&lang=2
- Третья Министерская встреча, 25 августа 2008г // Официальный сайт Секретариата СВМДА [Электронный ресурс] URL: http://www.s-cica.org/page.php?page_id=542&lang=2
- Chairman’s Perception Paper on Implementation of CICA Confidence Building Measures in Military –Political Dimension
- Декларация четвертой встречи Министров иностранных дел Совещания по взаимодействию и мерам доверия в Азии // Официальная страница Секретариата СВМДА [Электронный ресурс] URL http://www.s-cica.org/page.php?page_id=183&lang=2 11 Отчет о научно-практической конференции «СВМДА: от идеи к построению архитектуры безопасности в Азии» (Астана, 5 октября 2012 г.) // http://www.s-cica.org/page.php?page_id=659&lang=1
- Азиядағы өзара ықпалдастық жəне сенім шаралары жөніндегі кеңес Хатшылығы // АӨСШК хатшылығының ресми сайты [Электронды ресурс] http://www.s-cica.org/page.php?page_id=76&lang=1.
- Выступление Председателя Е.П. г-на Ахмета Давутоглу, Министра иностранных дел Турецкой Республики на Четвертой Министеской встрече СВМДА, 12 сентября 2012 года // Официальный сайт Секретариата СВМДА [Электронный ресурс] URL: http://www.s-cica.org/page.php?page_id=645&lang=1