Əлемдік жаһанданудың қытайлық үлгісі

ХХ ғасыр соңы мен ХХІ ғасырда «жаһандану» (глобализация) термині күнделікті қолданысқа енді. Бүгінгі күні жаһандану үрдісі əртүрлі деңгейде барлығымызға да əсер етіп отыр. Сырттай барлығымызға түсінікті жаһандану терминіне əлі күнге дейін ортақ ғылыми анықтама берілген жоқ. Жаһандану үрдісінің басталу мерзімінің өзін əркім əртүрлі түсіндіреді. Бірақ бір белгілі дүние, жаһандану дегеніміз – ықпалы күшті белгілі бір қозғалыстың (мемлекет, саяси ұйым немесе сауда компаниясы болсын) əлсіз топтарға əсер етуі арқылы барлық басқа дүниені өз маңына шоғарландыруы.   «Жаһандану»   терминінің   қалыптасуын   əлеуметтанушы   америкалық   ғалым   Р. Ровертсонмен байланыстырады. Ол «глоболизация» сөзіне 1985 жылы түсініктеме жасады жəне 1992 жылы өзінің ғылыми еңбегіндегі ұстанымында «жаһандану» терминінің ғылыми негізін енгізді. Р. Ровертсон анықтамасы бойынша: Жаһандану – бұл халықаралық мағынаға ие (мысалы, тығыз экономикалық, саяси байланыстар, мəдени жəне ақпараттық алмасу) əртүрлі фокторлардың  жекелеген мемлекеттердің əлеуметтік болмысына қарқынды əсер етіп келе жатқан үрдіс [1].

Бүгінгі күнгі жаһандану үрдісінде батыс елдері басымдыққа ие болып отыр. Əсіресе АҚШ жаһандану терминін жамылу арқылы əлімдік билікті өз қолында ұстағысы келеді. Халықаралық қатынастардағы АҚШ-тың жеке-дара көшбасшылығына келіспейтін Қытай Халық Республикасы əлемдік жаһанданудың қытайлық үлгісін ұсынып отыр.

Қарқынды дамып келе жатқан ҚХР қуаты халықаралық саясатта маңызды факторлардың біріне айналды. ҚХР төрағасы – Ху Цзиньтао билікке келген күннен бастап, ҚХР сыртқы саясатының стратегиялық бағыттары белсенді түрде жаңа даму жолдарын іздестіре бастады. ҚХР туралы халықаралық сарапшылардың арасында ресми Бейжің қарулы қақтығысқа алып келетін əрекеттер жасауы мүмкін деген пікірлер айтылуда. Өз кезегінде қытай əкімшілігі қалыптасқан əлемдік теріс көзқарастарды өзгерту үшін ҚХР басқа мемлекеттерге залал келтірмей-ақ қуатты жəне даңқты бола алатындығын мəлімдеді.

Əлемдік теріс көзқарасты өзгерту мақсатында қытай басшылығы 2003 жылы «Бейбіт өрлеу» деп аталатын бастаманы ҚКП орталық партия мектебінің проректоры Чжен Бицзянның қоғамдық баяндамасында көтерген болатын. Қытайлық сарапшылар тез арада бұл бастама туралы кең ауқымды талдаулар жасай бастады. Қоғамдық-саяси басылымдардың беттерінде «Бейбіт өрлеу» туралы көптеген мақалалар жарық көріп, ғылыми конференциялар ұйымдастырылды жəне қысқа мерзімнің ішінде ауқымды зерттеулер даярланды. 2003 жылдың соңы мен 2004 жылдың басында Ху Цзиньтаоның жəне премьер Вэнь Цзябаоның мəлімдемелерінде де бірнеше мəрте айтылды [2]. Бірақ 2004 жылдың жазында   бұл бастама ресми түрде қолданыстан алынып тасталды. Себебі Қытайдың амбициялық «өрлеу» жоспары, тіпті «бейбіт» болса да, бұрынғысынша шетелдік аудиторияның алаңдатушылығын тудырды. Мұнымен қоса бұл бастама қытайдың ішкі ортасында да едəуір күмəн тудырып отырған- дығын қытайлық сарапшылардың өздері де түсінген еді. Нəтижесінде билік Қытайдың сыртқы саясатындағы «бейбіт даму» жолының негізін қалыптастыра отырып, 1980 жылдардағы «бейбітшілік жəне даму» бастамасына қайта оралды.

«Бейбіт  өрлеу»  жоспарын  екінші  түрге түрлендіре отырып, қытай  басшылығы  дəстүрлі конфуцийлік ойларды негізге алу арқылы шетелдердегі өзінің болмысын гуманистік бағытта қалыптастыруға тырысты. Қытай көшбасшысы Ху Цзиньтао алғаш рет 2005 жылдың сəуір айында Джакарта қаласында «Гармониялық əлемді бірігіп орнату» идеясын көтерді. Дəл осы жылы қыркүйек айында БҰҰ-ның 60 жылдық мерейтойын атап өту кезінде де ҚХР төрағасы Ху Цзиньтао «Бірге гүлденудің гармониялық əлемін» құруды ұсынды. Оның «Гармониялық əлем» туралы баяндамасы екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде теорияның мəні, мағынасы, шараның жүзеге асуы, екінші бөлімде ҚХР-дың бұл жоспарды іске асырудағы атқаратын міндеттері туралы айтылады. Өзінің баяндама- сында Ху Цзиньтао: «Бүгінгі күні əлемде əркелкі даму үрдісі, кедейшілік пен аштық əлі де əлемнің көптеген мемлекеттерінде сақталып отыр. Осы мəселелердің шешілуінің ең басты жолы ынтымақ- тастықты тереңдету жəне барлық əлем біртұтас даму бағытын таңдау керек екендігін бүгінгі күнгі халықаралық қатынастардың өзі анықтап беріп отыр жəне барлық мемлекеттердің бүгінгі күнгі таңдауы да осы. Жаңашыл əлемде əртүрлі қарсылықтар мен қақтығыстардың көрініс беруі жəне белгілі бір бағытсыз дамудың көбеюі мен тұрақтылықтың сақталмауы болып отырса да, бейбітшілік пен даму қазіргі заманның басты тақырыптары болып қала береді. Əлем бейбітшілікті, мемлекеттер дамуды, адамдар ынтымақтастықты қалайды. Бұл – ешқашан өзгермейтін тарихи тенденция.  Осындай қиын əлемдік жағдайлармен кезігіп отырғанда, əлемдік гармонияға үлкен басымдылық бере отырып, оның іске асуына атсалысуымыз керек» [3], - деп үндеу тастаған еді. Ху Цзиньтаоның пікірінше, ұзақ мерзімді бейбітшілік пен гүлдену мақсатындағы гармониялық əлемді  құруға  барынша еңбектену барлық адамзат баласының ортақ мүддесіне бағытталады. Қауіпсіздікті жəне тұрақтылықты қамтамасыз етудің жəне əлем гүлденуінің бірден-бір жолы – гармониялық əлем. Соныман қатар бұл - адамзат қоғамының даму үрдісінің ең басты талабы.

Қытай дəстүріндегі «гармониялық» құндылықтарды қазіргі заманғы ҚХР-дың мақсаттарымен жəне мемлекеттің сыртқы саясатымен байланыстыруға ұмтылған кезекті ұсынысын 2006 жылдың сəуір айында Йель университетінде оқыған ғылыми дəрісінде де көтерді. Ол: Қытай өркениеті əрқа- шан əлеуметтік гармония, бірлік пен өзара көмек көрсету мəселелерін басты назарда ұстағандығын айта отырып, бүгінгі күні де қытай гармониялық қоғам құруға ұмтылатындығын жеткізді. Мұнымен қоса Ху Цзиньтао, қытай өркениеті əрқашан өз көршілерімен тату болуға баса назар аударғандығын жəне барлық мемлекеттер бір-бірімен үйлесімді (гармониялы) өмір сүргендерін қалайтындығын айтты. Бүгінгі күні ҚХР - бейбітшілікті, даму жəне ынтымақтастықты, өзара тиімді стратегиялық бастамаларда ашықтықты қолдап отырған мемлекет. Сонымен қатар бейбітшілік пен дамуға ынты- мақтастық арқылы жету үшін басқа өркениеттердің жетістіктерін пайдалануға, сол арқылы гармониялық əлем құрудағы өз рөлін белсенді атқаруға ұмтылады [4].

2007 жылы қазан айының 15-жұлдызында Бейжің қаласында Қытай Компартиясының Ху Цзиньтаоның басшылығымен өткен алғашқы бесжылдықтың қорытындыларын шығарған кезекті  XVII съезі болып өтті. Есеп беру баяндамасында ҚКП ОК бағдарламаларында жаңа бастамалар көтеріле бастады. ҚХР ішкі аумағында «гармониялық қоғам», сыртқы саясатында «гармониялық əлем» деген бастамалар мен ұсыныстар жасалды. «ХVІ съезден кейінгі бес жыл жай ғана бес жыл болған жоқ. Бұл кезеңде ҚКП өзімен бірге мемлекет халқына жетекшілік етіп, барлық қиындықтарды жеңе отырып, Қытайға тəн ерекшелікпен жаңа социализмді құрды жəне маркизмнің қытайланған жаңа бағытын ашты», - деп Ху Цзиньтао баяндама жасады. Сонымен қатар бүгінгі күнге дейінгі қытай басшылығының алдынғы 3 буын өкілдерінің еңбектері мен атқарған қызметтеріне зор алғыс айта отырып, Ху Цзиньтао ҚХР-дың кезекті басшылығымен реттеліп, өзінің модернизациялық құрылымын қалыптастырып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын алдағы 50 жылға жоспарын жариялады:

  • Ұзақ мерзімді екіжақты келісімдердің жəне қытай басшылығының қарқынды түрде еңбектенуінің нəтижесінде территорияның бейбіт түрде бірігуі (бұл жерде Тайваньның орталық Қытаймен бірігуі туралы айтылып отыр);
  • ҚХР-дың егемендігін жəне территориялық тұтастығын сақтау;
  • Бүкіл əлемде бейбітшіліктің, дамудың жəне ынтымақтастықтың қалыптасуына көмектесу;
  • «Гармониялық Азия жəне гармониялық əлем» қалыптастыру бағытында табанды түрде жұмыс істеу [5].

Көрсетілген мақсаттар бойынша XVII съезд аяқталған күннің ертеңінен бастап қарқынды шаралар атқарыла бастады. Жеке-жеке тоқталсақ, Тайвань мəселесі бойынша 2008 жылдың мамыр айында Ху Цзиньтаомен Тайваньды басқарушы «Гоминьдан» партиясының көшбасшысы У Босюнның тарихи кездесу болды. Бұл кездесу – осы деңгейдегі басшылардың соңғы 60 жылдағы алғашқы кездесулері. Кездесудің екінші жəне үшінші кезеңдерінде де көптеген келіссөздерге қол жеткізілді. Ал Ху Цзиньтаоның 2008 жылдың 31 желтоқсанында мəлімдеген Тайвань мəселесін шешу  жөніндегі жаңа алты тезисі Тайваньға ғана емес, барлық халықаралық қоғамға жасаған сыйлығы болды. Осы алты тезисі арқылы ҚХР мен Тайвань арасындағы барлық мəселелерді бейбіт түрде, келісім негізінде шешуге шақырды [6]. Қытай-Тайвань диалогы – ҚХР сыртқы саясатының ең бір əлсіз тұсы. Тайвань мəселесін шешпей ҚХР өзінің саяси жəне геосаяси болашағын елестете де алмайды.

Территория тұтастығының сақталуы ҚХР экономикасының тұрақты дамуы үшін аса маңызды. Бұл бағытта қытай басшылығын ойландыратын екі маңызды мəселе бар. Олар: Тибет жəне Шыңжаң Ұйғыр автономиялық аудандары. 2008 жылдың басында Тибетте болған бассыздықтарға қатысушылардың алғашқы соттық үкімдері жарияланды. Отызға жуық адам үш жылдан бастап өмір бойы бас бостандықтарынан айырылды. Сəл ертеректе осы көтерілістерді ұйымдастырды деп айыптаған Далай- ламамен мəселені бейбіт жолмен шешу жолдарын қарастыру үшін Қытай үкіметі тікелей диалогқа дайын екендіктерін мəлімдеді. 2008 жылдың 10 наурызынан 14 наурызына дейін жалғасқан Тибеттегі оқиғаның ұйымдастырушысы ретінде Қытай үкіметі «Далай-ламаның үндеулерін» айыптаған еді. Ал Далай-лама өз кезегінде өзіне тағылған айыптаулармен келіспейтіндігін жəне ол күш көрсетуге қарсы екіндігін, сонымен қатар ресми Бейжіңмен мəселені бейбіт жолмен шешу үшін тілдесуге дайын екендігін мəлімдеді. Қытай үкіметі Олимпиада қарсаңында елдегі тыныштықтың ең маңызды көрсеткіштердің бірі екендігін түсіне отырып, тибеттіктердің рухани көсемдерінің ресми өкілі Тенцин Такламен кездесулердің тəртібін жоспарлай бастады. Тенцин Такла «бұл қадамдардың бағыты дұрыс екендігін жəне жеке кездесулер ғана бұл мəселені оң шешуге бастайтындығын, екі жақтың да дұрыс бағытта қадамдар жасап жатқандықтарын» басып айтты.

ҚХР СІМ ресми өкілі Цзян Юдың мəлімдемелеріне сілтеме келтіре отырып, «Синьхуа» агенттігі «қытай үкіметінің тиісті мекемелері Далай-ламамен қатынасқа келісімдерін бергендіктерін» жариялады. «Синьхуа» агенттігінің мəлімдемесінде Қытай үкіметі: «Далай-лама осы мүмкіндікті пайдалана отырып, жағдайды терең түсініп дұрыс шешім қабылдайды деп үміт артатындықтарын, басқыншылық актілерін тоқтатуға нақты шаралар қолдану, Бейжің Олимпиадасына кедергі келтір- мей, ішкі тыныштықты қамтамасыз ету керектігін, сол арқылы бейбіт келісімдердің келесі кезеңіне аяқ басуға əрекет ететіндіктерін сенім білдірді» [7].

Ал Шыңжаң Ұйғыр автономиясының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында ішкі Қытай- дан солтүстік аудандарға қытай ұлтының өкілдерін көптеп қоныстандыру саясаты қарқынды түрде жүргізілуде. Бұл тиісінше ірілі-ұсақты ұлтаралық қақтығыстарға алып келді. 2009 жылы болған Үрімжі оқиғасын қытай орталығының асқан қаталдықпен басуының өзі ҚХР территориялық тұтас- тықты сақтау мақсатына кез келген жолмен қол жеткізетіндіктерін көрсетуде. ҚХР бұл мəселені Орта Азиялық мемлекеттермен тығыз қарым-қатынас орнату арқылы да реттеуді көздейді. ҚХР бұл аумақтағы мемлекеттермен шекара мəселелеріне аса басымдылық береді. Шекара мəселелері қаншалықты дұрыс шешілсе, соншалықты аймақтағы тұрақтылық артпақ. Аймақтық тұрақтылықты сақтау арқылы территориялық тұтастықты қамтамасыз етуге болады.

«Гармониялық қоғам» жəне «гармониялық əлем» ұстанымдары қытай үкіметіне ұзақ уақыттардан бері осындай ҚХР көлеңкелі тұстарын көрсететін ауқымды шиеленіскен мəселелерге соқтықпай жүрулеріне мүмкіндік туғызады. Бас-аяғы үш жылдың ішінде «гармониялық əлем» бастамасы ресми идеологиялық қолданысқа еніп, Ху Цзиньтао үкіметінің символдарының біріне айналды. XVII съезде бұл бастама баяндамада айтылып қана қойған жоқ, компартияның жаңартылған жарғысына басымдылықпен енгізілді. Бұл Ху Цзиньтао 2012 жылы орнын өзінің мұрагеріне өткізіп бергеннен кейін де жаңа бастаманың компартияның негізгі даму бағыты, ұстанымы болып қала беретіндігін көрсетеді.

Алғашында «гармониялық қоғам» құру жоспарлары елдің ішкі əлеуметтік-экономикалық жəне саяси мəселелерін шешуге бағытталды. Бұл бастама пайда болғаннан кейін, Қытай басшылығына сыртқы саяси бағытты жаңартуына мүмкіндік туды. Бұған дейінгі жылдары оны жүзеге асыру қиынға түсетін, өйткені шетелдік серіктестерді марксизм идеялары мен оны талқылауды жалғастырушы Мао Цзэдун, Дэн Сяопин, Цзян Цзэмин идеяларын біріктіретін «қытайға тəн ерекшелікке ие социализм» ішкі идеологиясы қызықтырмайтын. ҚКП ресми идеологиясында экономикалық дамудың басымдықтарын жəне буржуазиямен бəсекелестіктен бас тартуды жариялаған реформаторлық нұсқамалар болғандығына қарамастан, социалистік ұрандар Батысқа қырғи-қабақ соғыс кезеңдерін, екі жүйенің қарама-қайшылығын еске түсіретін. Бұл жағдай Пекинді қазіргі Қытай бұрынғы КСРО-ға ұқсамайтындығын қайта-қайта қайталап айта беруіне мəжбүрледі. Жаңа «гармония» бастамасы  Қытай басшылығына «гармониялық қоғам» құру ішкі саяси бағдарламасы мен «гармониялы əлем» құру сыртқы саяси стратегияларын ұштастыруға мүмкіндік берді.

Ху Цзиньтаоның өзі пікірлеріне əрдайым құлақ асып отыратын экономикалық жəне саяси салыстырмалы зерттеу  орталығының  бастығы Юй Кэпин: «Гармониялық əлем» адамзат  баласының ежелден бергі талаптарын орындайды жəне ежелгі қытай уақытынан бері келе жатқан мұраты «қытай елінің ұлы бірігуіне» жол ашады», - деп баға берді. Саясаттанушы «гармониялық əлем» идеясы қытайлық «гармониялық қоғам» идеясының тікелей жалғасы екендігін жəне олардың бір-бірімен тығыз байланыстылығын, құндылықтары мен саяси ойлау жүйесінің өзі сəйкес екендігін айтады. Сонымен қатар «гармониялық əлем» бастамасын қазіргі күнгі саясаттану ғылымы былай түсіндіреді:

«Қытайдың ұсынған гармониялық əлем теориясы əлемде кең тараған глобалды басқару теориясымен ұқсастықтары көп. Екеуі де жалпы адамзат тағдырын ойлайды, екеуі де унилатерилизм мен гегомонизмге қарсы, екеуі де əр мемлекеттің жалпы сұрақтарын халықаралық ынтымақтастықпен шешуге ерекше көңіл бөледі, екеуі де «Америка басқаратын əлемге қарсы», БҰҰ рөлін асқақтатуды көздейді, екеуі де əлемдік жаңа саяси-экономикалық жүйені бекітеді. Бұл əлемдік басқаруға деген Қытайдың көзқарасы, бұл өзгеруші əлемдегі жаңа идеялар мен тенденцияларға көзқарасы. Оны Қытайдың ресми түрде ұсынған «əлемдік басқару» үлгісі деп қарауға болады».

«Гармониялық қоғам» ұстанымының ресми анықтамасын «демократия жəне заң билігі, теңдік жəне əділдік, шынайылық жəне достық, өмірлік қуаттылықтың толықтығы, тұрақтылық пен тəртіп, адам  мен  табиғат  арасындағы  гармония»  деп  түсіндіреді.  Ал  Юй  Кэпиннің  көзқарасы бойынша, «гармониялық əлем» дегеніміз - «демократиялық, əділетті жəне тең дəрежелі əлемдік саяси-эконо- микалық тəртіп орнату, əлемде ұзақ мерзімді жəне жалпыға ортақ гүлденуді іске асыру. Қайталанбас гармониялық əлем, гармониялық қоғамдағы сияқты жан-жақтылықтың, демократияның, əділеттіліктің, шыдамдылықтың, сенімділіктің, ынтымақтастық жəне өзара көмектесудің, тұрақты дамудың əлемі болуы керек». Сонымен қатар «гармониялық əлемнің» тағы бір қайталанбас тұсы – адам мен табиғат арасындағы гармонияны қалыптастыру, табиғи байлықтарды саналы түрде, табиғаттың өзіне зиянсыз игеру жəне тиімді пайдалану [8].

Гармониялық əлемнің қытайлық жоспарының басымдылығы - бұл тек ҚХР ғана емес, əлемнің көптеген  мемлекеттерінің  даму  стратегияларымен  үндестігі.  Юй  Кэпиннің  сараптамаларындағыдай,

«гармониялық əлем» идеясын ұсынуда Қытай əкімшілігі бүкіл адамзат баласы ұмтылып отырған құндылықты басты назарда ұстаған. Атап өтейік, əлем гармониясының қытайлық жоспары көптеген елдерде қызығушылық тудыруы мүмкін. Юй Кэпин айтуы бойынша, «гармониялық  əлем»  идеясына бүкіл адамзат ұмтылады, ал «əлем жəне даму, қазіргі уақыттың екі ұлы тақырыбы ретінде гармониялы əлем құрудың маңызды мазмұны болып табылады. Экономикалық глобализациялану тереңдеген сайын мемлекеттер мен халықтардың қызығушылығы көпжоспарлы, саясат көпжақтылы, мəдениет сан алуан бола береді». Қытай «өз өркениетінің құндылықтары мен құрылымын басқа мемлекеттерге күшпен тарату» əрекеттеріне қарсы шығады. АҚШ өз құндылықтарын тарату үшін «қатал күш» қолданса, Қытай өзгелердің істеріне араласпау, елдер мен мəдениеттердің өзіндік даму жолына құрмет көрсету идеясын айқындайды. Қытайдың дипломатия секторының меңгерушісі Лю Цзяньфэйдің жорамалы бойынша, халықаралық статусты шынайы күштерді ескере отырып анықтау керек. Қытайды халықаралық мəселелерде ықпалы бар, социализм жолындағы, даму кезеңінде тұрған ірі аймақтық держава деп есептеуге болады. «Болашақта Қытайдың халықаралық жауапкершілігі, негізінен, материалды емес, рухани жағынан көрініп тұрады. Басқаша айтсақ, əлемдік мəселелердегі жауапкершілікке келгенде Қытай негізінен қатты емес, жұмсақ күш қолданады. Қытай əлемдегі барлық елдердің ортақ қызығушылықтарына сай келетін көптеген көзқарастар мен идеялар ұсынды. Уақыт өте олардың ықпалы күшейе береді». ҚХР «жұмсақ күшінің» бір дерек көзі «гармониялы» дипломатия болуы керек. Ол алдымен барлық дамушы елдер мүддесіне сай дамудың көпжақты моделі, глобалды тұрақтылықты қолдау, «бəріне ортақ гүлдену» жағдайын туғызу негізінде құрылуы керек.

Юй Кэпин, Қытайдың жаңа халықаралық стратегиясы глобализациялану процесіне жəне глобалды ережелер жасауға белсенді араласуға, барлық бағыт бойынша саяси, экономикалық, мəдени жəне халықаралық ынтымақтастық орнатуға бағытталуы керек деп атап өтеді. Қытай халықаралық мəселелерде белсенді рөл ойнауы керек, халықаралық қауымдастықтың көпжақтылығын жəне барлық халықтардың əр алуан мəдениетін қорғауы керек, халықаралық қатынастың демократизациялануын бағыттап іске асырып отыруы тиіс, жаңа əлемдік саяси-экономикалық тəртіпті іске асыруы керек, мультилатерализм мен көп жақты дипломатияны ұстануы керек. Өз кезегінде ҚХР «гармониялық дипломатиясы» барлық адамзаттың ортақ қызығушылығын қорғауы керек; қысқаша оны мына формуламен суреттеуге болады: «диалог жəне кеңес беру, ынтымақтастық жəне бірлескен пайда, ерекшелікті сақтай отырып ортақты іздеу, толеранттылық пен ашықтық» [9].

Атқарылған шаралардың нəтижесінде халықаралық сахнадағы ҚХР сыртқы саясатында едəуір ілгерілеушілік бар. Ал америкалық сарапшылардың ақпараттарында, қазіргі таңда Батыс ҚХР дамуына қалай «тұсау» саламыз деп емес, оның ықпалының артуына «икемделу» жолдарына шынайы түрде терең ойлану керектігі туралы көзқарастар кездесе бастады.

Танымал америкалық саясаттанушы, журналист Фарид Закарианың апталық Newsweek беттерінде АҚШ өзінің жеке мүдделері жолында «Қытай бастаған Азиялық екпінді дамуға икемделуге» тура келетіндігін ешбір жасқанбастан жариялаған мəлімдемелері көрініс беруде. Осының барлығы ҚХР сыртқы саясатындағы ұтымды жəне дұрыс таңдалған бағыттардың нəтижелері еді.

Əлемдік басымдылыққа ие болу жолында «жаһандық тату көршілік стратегиясына» иек арта отырып, ҚХР аймақтық серіктестеріне арқа сүйеді. Ресми Бейжің қазіргі халықаралық тəртіптерді өзгертуге талпынбайды, керісінше, конфрантациядан қаша отырып, халықаралық тəртіптерге икемделу арқылы өз ыңғайына жақындатуға тырысады. Бұл жағынан алып қарағанда қытай саясатын «сыртқы қауіптерді залалсыздандыру стратегиясы» деп атауға болады. Ол қауіп төндіруге потенциалды мүмкіндіктері бар мемлекеттермен терең ынтымақтастық ортатуға бағытталған. ҚХР қуатты державалармен де, аймақтық ұсақ серіктестерімен де бүгінгі күні жақсы деңгейде қарым- қатынас орнатуда. Тіпті кейбір екінші деңгейдегі мəселелерге келгенде аймақтық ұсақ серіктестеріне жол беруден де қашып отырған жоқ. Мəселен, Қазақстан Республикасымен екіжақты сыртқы саясатта жұмсақтық таныта отырып, экономикалық салаларды айтпағанның өзінде мəдени-ғылыми салаларда көптеген жетістіктерге қол жеткізуде. Қазақстан территориясында 2009 жылдың өзінде Астана қаласында Л. Гумилев атындағы Еуразия университетінің жанынан жəне Алматы қаласында əл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жанынан құрылған ҚХР мəдениетін, тілін, дəстүрін жəне тарихын насихаттайтын Конфуций атындағы институттардың ашылуы - соның көрінісі. Мұндай 130-дан астам институттар əлемнің 50-ден астам елінде жемісті жұмыс істеуде. Бұл Қытайдың жұмсақтық саясаты мен «гармониялық əлем» ұстанымының жемісі. «Гармониялық əлем» аталатын жаһанданудың қытайлық үлгісі бейбіт болса да, терең ойландырмай қоймайды.

 

Әдебиеттер

  1. Евгений Николаев. Альтернативные концепции глобализации в контексте усиления мировой конкуренции. // www.univer. omsk.su/ omsk/ socstuds/glob/index.html
  2. 2.Ольга Борох, Александр Ломанов. Скромное обаяние Китая. //Россия в глобальной политике, Том 5, №6 ноябрь- декабрь  2007 г.
  3. Выступление председателя КНР Ху Цзиньтао на саммите ООН. 22.2006 жыл.// http://tj.china-embassy.org.
  4. Выступление председателя КНР Ху Цзиньтао в Йельском университете США. 04.27.2006 жыл. // агенство Синьхуа.
  5. Серебрякова Н.В. Центральноазиатская политика КНР как региональная проекция «теории гармоничного мира».// Россия в глобальной политике., Том 6, №1 январь-февраль 2008 г.
  6. Азат Чарыяров. Шесть тезисов Ху - новый подход к решению тайваньской проблемы. — Время Востока, 04.03.2009 г.
  7. Фуад Мамедов-Пашабейли. Великое единение поднебесной., 03.05.2008 жыл. //http://zerkalo.az/rubric.php?id=32464.
  8. Китайская Народная Республика: политика, экономика, культура. - М.,
  9. Якоб Бергер. Китайская модель развития// Мировая экономика и международные отношения. - № – Сентябрь. - 2009.
Жыл: 2010
Қала: Алматы