Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Музыкалық терапияның тәрбиелік мәні және оның қызметі

Қазақстан Республикасының Орта білімді дамыту тұжырымдамасында білім беру саласының ең негізгі талабы: кең дүниетанымдық көзқарас, толық құзыреттілік, шығармашылық әрекетке бейім тұлға тәрбиелеу. Тұлға тәрбиесі барысында педагогика және психология саласындағы қолданылатын тиімді әдістердің бірі – музыкалық терапия.

Әлемде музыкасыз ұлт жоқ. Музыка адамзатқа ортақ. Ең әсерлі, сиқырлы сұлу сөз де адам сезіміне музыкадай әсер ете алмайды. Шынында музыканың берер әсерін тілмен, сөзбен айтып жеткізуге болатын болса онда музыканың қажеті болмас еді. Музыканың құдіретін ұлы Абай Құнанбаев «Құлақтан кіріп бойды алар, әнді сүйсең менше сүй» – дегендей, музыканың сезім мүшелерімізге әсер етіп, бүкіл ағзамызға жағымды әсерін әсем ән мен тәтті күй арқылы әдемі суреттеп берген. Ұлы Абай музыканың құдіретін, оның емдік қасиетін сол кезде-ақ көрсете білген.

Біздің халқымыздың музыка өнері және оның адам сезіміне әсері мен қуат күші жайында айтылған тұжырымды ойларымен тартымды пікірлерінің бастауында Әбу насыр әл-Фараби тұрады. Оның музыка жайында жазған трактаттарында саз өнерінің адамды тәрбиелеу мен түзетуге деген мүмкіндіктері айтылған. Әл-Фараби бабамыздың бұл мұрасы педагогикалық жағынан да, психологиялық жағынан да көптеген зерттеулерге негіз болатыны айқын.

Жасынан бейім болған өнерлердің бірі – музыка болғандықтан, әл-Фараби саз өнерінің қыры-сыры туралы көп ізденген. Музыканың адамды көзсіз еліктіретіндігі жөнінде де жанына жағымды әсер ететін тәрбиелік әлеуметі жайлы да көптеген пікірлері бар.

Мысалы: Аристотель, музыка – бос уақытты пайдалану ең ақылды дамыту үшін қажет қылады. Ол тек қосымша пайдалы пән ретінде ғана емес, адамды тәрбиелеу жүйесіне қосылған пәнге айналды. Музыка адамды ізгілікке жетелейді, ол адам жанының адамгершілік қасиетін қалыптастыруға әсерін тигізеді.

В.А. Сухомлинский: «Музыка арқылы тәрбиелеу – бұл музыкантты тәрбиелеу емес, ең алдымен адамды тәрбиелеу» – деген.

«Терапия» – латын тілінен аударғанда емдеу деген ұғымды білдіреді, сонда музыкалық терапия дегеніміз музыкамен емдеу болып шығады. Қазіргі таңда музыкасыз өмірді елестету әсте мүмкін емес. Үйде, көлікте, сыртта, офисте, жұмыста, барлық жерде музыка бізбен бірге. Адамзат музыканың емдік қасиетін барын тым ертеде-ақ білген. Адам тәнін музыкалық аспап ретінде қарастырсақ жүректің соғуы ең үлкен ырғақ болады. Сонымен қатар адам қорыққанда, уайымдағанда немесе қуаныпшаттанғандағы жүректің соғуы нағыз ырғақтық музыкаға айналады. Жаны жоқ дейтін өсімдіктерде жақсы музыкамен тез өсіп, жақсы өнім беретіні белгілі. Музыка жан-жануарларға да әсер ете алатыны бүгінгі күні жаңалық емес. Адамның жан-жүйкесіне, сезімі мен көңіл-күйіне әсер ететін музыканы – қазақтар тәңірдің күбіріне теңеген. Ежелгі гректердің ұлы ойшылдары Демокрит: «Флейтаның сиқырлы сазымен кейбір ауруларды емдеуге болады» десе, Гиппократ музыканы барлық ауруды емдеуге қолданған. Платон, Аристотель және Пифагор музыканың емдік қасиеті барын мойындаса, Гомер жағымсыз эмоциялармен күресуге музыканың көп көмегі барын айтқан.

Музыкалық терапия – ақыл-ой мен эмоциялық әрекетке байланысты ауруларды ғасырлар бойы анықталған емдеудің түрі. Музыканың емдік күші ежелгі түріктерге, египеттіктерге, үндістерге, қытайларға, парсы, гректерге мәлім болған. Әуен арқылы адам психикасына оң әсер етуді музыкалық терапия деп те атайды. Музыкалық терапия сөзін қазақшаға тікелей аударғанда «музыкамен, әуезбен емдеу» деген мағынаны білдіреді. Музыкалық терапия жүздеген жылдар бойы өнер адамдар үшін әуезден, әуеннен ләззат алу көзі болды, ал өнердің көмегімен емдеу салыстырмалы түрде жаңа құбылыс болып табылады.

Музыка адамның денсаулығына, санасына, тәртібіне ықпал етеді. Музыкалық дыбыстар адамның ағзалары мен жасушаларына да үлкен әсер етеді. Музыкалық дыбыстар адам ағзасына, жасушаларына үлкен әсер тигізіп, түрлі дыбыстардан адам ағзасында үлкен энергетикалық алаң пайда болады. Яғни, олар айналадағы кеңістіктегі қозғалыстарды тудырады. Ал біз сол энергияны қабылдаймыз және біздің ағзамызға әсер етеді [1]. Музыка біздің өмірімізге қатты әсер ететіні мәлім. Сондықтан, музыка барлық ғасырларда да ерлер мен әйелдерге, діннің түрлі бағытын ұстанушы адамдар мен ұлттардың, түрлі ұлт өкілдеріне түсінікті тіл болып есептелінеді. Музыка адамның интеллектуалдық деңгейіне, табысына, әлеуметтік жағдайына қарамастан кімге болса да, қатысы бар.

Музыка терапиясы адамның жүйке жүйесінің шаршауы мен қажуын, көңіл-күйін ретке келтіру мақсатында қолданатын психотерапиясының бір әдісі. Балаға музыка арқылы жағымды әсер етудің өзіндік әдіс-тәсілдері бар. Бұл әдісті белгілі бір жүйемен қолдана білу аса маңызды. Ол үшін баланың жас ерекшелігі, дәл сол сәттегі жағдайы, психикалық өзгерістері, оның себептері туралы мәліметпен таныс болу шарт, әйтпесе, кез келген жағдайда музыка терапиясын қолдану өз нәтижесін бере бермейді.

Музыка арқылы балаға психологиялық әсер етуде әуенді үш түрлі сипатта қолдану керек:

  • тыныштандыратын әуендер;
  • жігерлілік тудыратын әуендер;
  • босаңсытуға арналған әуендер. Психологтардың айтуы  бойынша,  музыканың керемет күші баланың физикалық және психикалық дамуын нығайтуда, әрі жақсы нәтижелерге жеткізуде өзіндік мәні бар. Ал түрлі музыкалық терапияның әдістерін ойынмен байланыстыра отырып және психотерапевтік техникаларды қолданса әсерлері жоғарылайды [2].

Музыкалық терапияны қолданудың төмендегідей әсері бар:

  • Психологиялық қорғаныстан өтуге мүмкіндік береді – тыныштандыру немесе жандандыру, қызықтыру немесе көңіл соқтыру.
  • Адамдардың шығармашылық және қарымқатынас мүмкіндіктерін дамытуға көмектесу.
  • Өзін-өзі кемелдендіру негізінде өзін бағалауды жоғарылатады.
  • Сезімдерді әсерлетіп шығаруға септігін тигізеді.
  • Эмпатикалық мүмкіндіктерді дамытады.
  • Адам арасындағы қарым-қатынастардың орнап, дамуына, психология және басқа адамдармен қарым-қатынастарды нығайтуға жәрдемдеседі.
  • Әлеуметтік белсенділігін жоғарылатады.
  • Жаңа қарым-қатынасты құрып орнатуды жеңілдетеді.
  • Агрессиялық мінез-құлықтан арылуға көмектеседі.
  • Адамды білімділікке жетелейді, интеллектуалдық тәрбие береді.

Зерттеушілердің айтуынша, музыка тыңдаудың бірнеше қызметі бар. Шындығында, музыка жаңаша білім береді, қажетті көңіл-күйге бөлейді, шығармашылық ісіне шабыт береді, сабасына түсіреді және ісіне шабыт береді, күрестерге рух береді, сабасына түсіреді және жұбатады, көңілін аулайды және тәрбиелейді. Музыка музыканттар мен музыка тыңдаушылар арасында түрлі қатынас орнатып, алуан сезімдерді шығарады [3].

Сондай-ақ музыкалық терапияның элементтерін дамытушы-түзетуші трениенгтер кешенімен бірге байланыстыра отырып, оқу-тәрбие процесінде жүйелі түрде ұйымдастырып қолданып отырса жеке тұлғаның интеллектісін дамытуда үлкен жетістікке жетуге болады. Өйткені музыкатерапияның жоғарыда көрсетілген қызметтерінен бөлек, төмендегідей қызметтерді де атқарады.

  • психодиагностикалық;
  • психопрофилактикалық;
  • психокоррекциялық.

Музыкалық   терапияның   диагностикалық ерекшелігіне тоқталып кетер болсақ, ол адамның психикалық қасиеті мен күйін көптеген әдіс-тәсілдері арқылы сандық сипатта бағалайды және нақты сапалық тұрғыда талдайды. Соның нәтижесінде, адам психологиясының көрінісі туралы дұрыс болжамдық мәлімет беретін ізденіс аумағы болып табылады. Музыка терапияның психопрофилактикалық қызметі– адамның өмірінде кездесетін қиын-қыстау кезеңдердің салдарынан пайда болатын, адам психикасына кері әсерін тигізетін жағымсыз психикалық жағдайларды көптеген әдіс-тәсілдердің көмегімен анықтай отырып, алдын алу болып табылады [4]. Музыка позитивтік сеніммен (сендірумен) қатар жан мен рухтың бірігуіне ықпал етеді. Оқу барысында пайда болатын шаршау мен жағымсыз сезімдерден арылтады, бағыт-бағдарлы іс-әрекеттерді атқаруына ықпал етеді. Зерттеушілердің байқауы бойынша Бах, Вивальди, Темман, Корелли, Гендельдердің баяу пассаждық шығармаларының ырғақтық қасиеттері қантамырының соғысын баяулатады, адамды босаңсытып, оның сана-сезімін үйлесімділік күйге әкеледі. Осылайша адам шаршаудан арылады. Осы жаңа әдістер оқушыларды еркін тәрбиелеу мен тиімді оқытудың қомақты бөлшегі болып табылады. Олар босаңсыту, жинақыландыру және барынша ықыластарын арттыру (музыкаға деген көңілін арттыру). Осындай музыканың ырғақтық мүмкіншіліктерін пайдалану әдістері тіл  үйрену,  спортшыларды  жаттықтыру, қатты аурудан айықтыру барысында қолданады.

Әлемдік өнердің шынайы құндылықтары болып композитор-классиктер дәрежесіне жеткен авторлардың музыкалық шығармалары есептеледі. Нақ классикалық музыканы (ұлттық қана емес, әлемдік мәдениетте құндылығы жоғары) функциялық музыка ретінде қолдануға болады [5].

Музыка, сурет, поэзия да өнердің басқа түрлері сияқты, адамды жігерлендіретін, рухтандыратын және босаңсытатын, ашу-ызаны қайтаратын, қатты қиналу күйінен арылтатын қасиеті бар. Шығармашылық әрекетке қажетті дене, ақыл-ой, сана, жан дүниенің бірігуіне ықпал етеді. Бірлестік пен үндестік принциптерінен сезім де, әрекет те ой-сана да, сөз де шығармашылық та, сұлулық деген ұғым пайда болған. Сұлулық үйлесімділік пен жігерлендіру әсері қабілеттіліктің интеграциялық принциптерін көрсетеді. Адамның күштік интеллектуалдық және эмоционалдық мүмкіншіліктердің дамуына әсер етеді. Өкінішке орай қазіргі заман өнердің көптеген түрлері мәдениеттің, өмір нығайту заңдылықтарынан алшақтап, дөрекі көшірмелер деңгейіне түсіп кетті.

Музыка біздің өмірімізде адамның өзін-өзі тану, өзін-өзі көрсету жөніндегі өмірлік білім. Музыканы түсіну мен түйсіну оны тынысымен, бұлшық еттерімен, қозғалысымен сезіну. Негізгі акцент балаларға классикалық туындылар арқылы интеллектуалдық тәрбие беру. Бұл шығармалар оқушылардың оқу кезінде түрлі кезеңдерде қайталанады. Классикалық музыканы музыкалық терапия мақсатында қолдана отырып, қазіргі бағыттағы әндерін де қасиетін ұмытпаған жөн, яғни бұл рок, джаз. Пластикалық импровизация балалардың музыкаға деген эмоциялық дамуының жалғасы. Көбінесе, музыкалық терапияны жүргізетін педагог пластикалық импровизациясы үшін музыкалық образы ашық, айқын ашылатын музыкалық шығарманы таңдағаны жөн.

Өнердің кез келген түрі сияқты, музыка – бұл қоғамдық құбылыс, ол идеал мазмұн (шындықты бейнелеу) мен материалдық форманың бірлігі болып табылады. Сондықтан оған әртүрлі жақтарынан келуге, оны әртүрлі деңгейлерге қарастыруға болады.

Оның бірі – физикалық: музыка белгілі бір акустикалық заңдылықтарға бағынатын «дыбыстық материя» ретінде алынады. Екіншісі – биологиялық: музыкалық шығармашылықтың, орындаудың және қабылдаудың материалдық, физикалық механизмі ретінде  қарастырыла-  ды. Келесі психологиялық деңгейде қарастыру объектісі идеал болып табылады: музыка мазмұнының, шығармашылықтың, орындаудың және қабылдаудың адам психикасының өзіндік заңдылықтарына бағынатын жақтары мен ерекшіліктері. Осы жердің өзінде қоғамдық құбылыс ретінде музыкаға келіс элементтері байқалады. Бұлар музыкада қоғамдық болмысты бейнелейтін және жанайтып қоғамдық сананы жалпы заңдылықтарының білінуіне назар аударылатын әлеуметтік деңгейде жүзеге асады. Ең ақырында өнердің (өнер қоғамдық сананың ерекше формасы) түрі ретінде музыка ерекшелігі интеллектуалдық деңгейде танылады.

Музыканттың психо-маторлы қабілеті – музыкалық шығарманы орындау кезіндегі шығарманы мазмұнын өзінің түсінігімен жеткізу мүмкіндігі. В.М. Теплов «музыкалық дарынды адамның қасиеттерінің арнайы жиынтығы мен үстемділігінің көрсеткіші, оның музыкалылығы және оның әуенге эмоционалдық қағілеттілігі соның негізін қалайды» дейді. Музыкалық жеке адамның реактивті қасиеті болғандықтан баяу дамиды.

Сондай-ақ классикалық музыкамен қатар музыкалық терапия жүргізу барысында музыкалық аспаптарды да қолдану арқылы тәрбие үрдісіне және мінез-құлық, адам дене мүшесіне әсер етуге болады [6].

  • Флейта – адамның ми құрылысына (физикалық тұрғыда).
  • Кларнет – оң жақ ми құрылысына(эмоциональдық, логикадан тыс қабылдау).
  • Арфа – жүрек қантамырларының жұмысына көмектеседі, тыныштандырады.
  • Скрипка – рухани дамуына септігін тигізеді.
  • Ұрмалы аспатар – күш-қуат береді. Жоғарыда көрсетілген музыкалық аспаптармен қатар, зерттеушілер музыкалық терапияда симфониялық оркестрді қолдануды ұсынады. Симфониялық оркестрде көптеген аспаптар қолданылғандықтан, олар адамға жан-жақты және жалпылама әсерін тигізеді.
  • Гипертония белгілері мен өзге адамдармен қарым-қатынастағы  кернеулікті  жою үшін
  • Бах. Скрипкаға арналған «Концерт ре-минор», соль минор, ля минор.
  • Эмоциялық кернеулікпен байланысты бас ауруды азайту үшін – Моцарт «Дон Жуан», Лист «Венгерская рапсодия №1», Хачатурян «Сюита Маскарад».
  • Көңіл-күйді жақсарту, белсенділікті көтеру үшін – Чайковский «Шестая симфония», 3 бөлім, Бетховен «Уверюта Эдмонд».
  • Қорқыныш және өзін-өзіне сенімсіздікті азайту үшін  –  Шопен  «Мазурка», Штраустың «Летущяя мышь», «Весенний вальс», Рубинштейннің «Пьеса» (Фортепианоға арналған).
  • Ашуланшақтықты, шаршағанды басу үшін Бах, «Кантата №2», Бетховен «Лунная соната». «Прелюдия и фуга» ре минор (d moll, a moll).
  • Жалпы тыныштандыру  үшін  –  Бетховен «Симфония №6», 2 бөлім, Брамс «Колыбельная»,  «Венгерский танец 1,5,6» Шуберт «Аве Мария».
  • Гипертония белгілері мен өзге адамдармен қарым-қатынастағы кернеулікті жою үшін – Бах. Скрипкаға арналған «Концерт ре-минор», соль минор, ля минор.
  • Эмоциялық кернеулікпен байланысты бас ауруды азайту үшін – Моцарт «Дон Жуан», Лист «Венгерская рапсодия №1», Хачатурян «Сюита Маскарад» [10].

Музыкалық терапия материалы ретінде әр ұлттың фольклорлық музыкасын қолдануға да болады. Бірақ ұлттық ерекшеліктерге байланысты әр ұлттың студенттеріне түрліше әсер етуі мүмкін. Дегенмен ұлттық музыканы мүлдем қолдануға болмайды деген сөз емес. Музыка – ой – сана мен сезімдердің, толғаныстардың шамшырағы десек те болады. Өйткені қуаныш та, шаттық та, уайым-қайғы да – бәрі музыка мазмұнында табылады. Сондықтан адамның музыкасыз өмір сүріп, өсіп жетілуі мүмкін емес. Ерте кездің өзінде-ақ музыканың және бәрінен бұрын ең әуелі оның негізгі компоненттері – мелодиясы және ритмі адамның көңіл-күйін өзгертеді, оның ішкі күйін қайта құрады. Классикалық Грецияда музыка поэзияның, бидің және музыканың өзінің үштік бірлігі ретінде қабылданады. Музыканың өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі мәні жөніндегі ертедегі грек ойшылдары ерекше айтты. Өйткені қоғамның болашақ мүшесінің адамгершілік, эстетикалық, интеллектуалдық және т.б. сапалары балалық шақта қалыптасады. Сол кезде музыка бұл сапаларды қалыптастырудың қуатты қаруы деп саналды [8].

Музыкалық терапия арттерапияның бір түрі, емдеу немесе түзету мақсатында қолданады. Олар үш формада жүзеге асырылады:

  1. Арнайы рецепт бойынша (музыка тыңдау, музыканы қабылдау, музыканы сезіну).
  2. Белсенді (музыкалық іс-әрекет, музыкалық аспаптарда ойнау, мелотерапия, хореотерапия);
  3. Интегративті (музыкалық изотерапия, музыкалық тустер терапиясы мен арнайы рецепт формаларының бірігуі).

Музыка өнері дүниеге көзқарасты қалыптастырудың ықпалды құралы ретінде, жастардың адамгершілік қасиеттерін, моральдық интеллектуалдық ортасын, оқушылардың тұлғалық сезімдерін байытады [9]. Өз елінің патриоттық мазмұндағы, классикалық бағыттағы музыкалық шығармаларын үйрену жеткіншектерге интеллектуалдық тәрбие берудің құрамдас бір бөлігіне айналды. Музыкалық терапия жүргізу барысында таным және ақыл-ой іс-әрекеттері жетіледі. Оқушылар   шығарманы тыңдап отырып, көп нәрсені біледі. Дегенмен, олар оның жалпы сипатын, жарқын образдарын қабылдайды. Мұның өзінде, егер баланың алдында беріле тыңдау, айыра білу, салыстыру, мәнерлеу құралдарын бөліп қарау міндеттері қойылатын болса, эмоциялық үн қосу өз мәнін жоғалтпайды. Осындай ақыл-ой іс-әрекеттері олардың сезімдер өрісі мен әсерленуін байыта және кеңейтеді, ойлы мән береді яғни осының нәтижесінде интеллектуалдық тәрбие алады.

Қорытындылайтын болсақ, музыкалық терапия – қазіргі кезде музыкалық психологияда және  психотерапияда  адам  ағзасына  оң  әсер тудыратын ең тиімді әдістердің бірі болып табылады. Музыкалық терапияның адам психикасына әсері жайлы айтылып жүрген көптеген көңіл аударарлық пікірлер бар. Әлеуметтік сала мамандары үшін музыканы қабылдау олардың өздерін тәрбиелеу және түрлі қажетті нәрселерді орындауға ықпалын тигізеді. Жалпы музыкалық терапияның негізгі мақсаты – уайым, қобалжу, түңілу сынды теріс сезімдерді санадан шығарып жіберіп, оның орнын жағымды эмоцияларды ендіру. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін көркем музыкалық шығармалар қолдану тиімді болып табылады.

 

Әдебиеттер

 

  1. Киселова М.В. Арт-терапия в практической психологии и социольной работе – СПб.: Речь, 2007. –336 с.
  2. Бапаева Г. Музыкалық терапияның адам психикасына жағымды әсерлері. «Жантану мәселелері». – №4 (20). –
  3. Ченемисова Л. Музыка адамның жан арқауы. – «Жантану мәселелері». – №5. – 2013. – 13 б.
  4. Халабузарь П., Попов В., Добровольская Н. Методика музыкального воспитания. – М.: Музыка, 1990.
  5. http://apreleva.com/musictherapy
  6. Семенова А. Исцеление словом. – СПб.: ИД «Невский поспект», 1998. – 205 с.
  7. Мелдебекова У.И. Бастауыш сынып оқушыларына музыка арқылы эстетикалық тәрбие беру: дис. пед. ғыл. канд. – Түркістан, 2008. – 32 б.
  8. Рысбекова Р.М. – Қазақ халық музыкасы арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беру. – Алматы, 2007. – 30 б.
  9. Декер Фойгт Г.Г. Введение в музыкотерапию – СПб.:Питер, 2003. – 60 с.
  10. Мирманов Н.Б. Музыкалық терапия арқылы студенттердің шығармашылық ойлауын дамыту: дис. авт. – 5-6 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.