Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазіргі өркениет қалаларындағы адам проблемасы

Өркениеттің негізгі ошағы қашаннан қала болып есептеледі. Жаңашыл адам қаладан тыс өмір сүре алмайды. Өркениеттің сақтаушысы, дамытушысы, дем берушісі, яғни барлық мәдени құндылықтың жиналатын жері – қала. Бүгінгі өркениетке тән барлық пробемалардың шешілуі тікелей қалалармен байланысты. Оның ішінде өркениеттің өзін адастырып, тұйыққа тірейтін экологиялық, әлеуметтік, ұлтаралық, дінаралық, психологиялық проблемалар бар.

Қала – адам тұрағының жаңа формасы болып қана қоймай, адамзат мәдениетінің даму дәрежесінің көрсеткіші, жетістігі. Себебі, (батыстық көзқарас бойынша) алғашқы адам физикалық тұрғыда тірі қалуы үшін жабайы табиғатпен күресіп, оны зерттеп, игергеннен кейін, өзіне керектіні өз қолымен жасай алатын жағдайға жеткенде өзін табиғаттың қожасы санады, жеткен жетістігін мәдениет деп бағалады. Тұратын үйін, қаласын өз қолымен өзіне ыңғайластырып, өз қалауынша әсемдеп, белгілі бір жүйеге, стандартқа келтіріп, жасап алды. Бірақ, ол адам қолымен жасалғандықтан, онда бәрі жасанды. Қазіргі заманғы қалада адамның өмір сүруі барынша жеңілдетіліп, күнделікті қарапайым қажеттіліктерін қанағаттандыру: биологиялық қажеттіліктері және ақпарат алмасу, қатынас, байланыс, яғни коммуникация, көңіл көтеру т.б қажеттіліктерімен қамтамасыз ету өте жоғары деңгейде және сапасы күннен күнге жаңарып, даму үстінде.

Қала адамының өмірлік проблемалары сан қырлы және біржақты емес. Оларды қаланың тұрмыс-тіршілігіне негізделген проблемалар деп айтсақ та болады. Себебі адамның өзі қаланың бір тетігі іспеттес секілді. Үлкен жүйе қала болса, сол жүйенің атқарушы функциясы немесе бір ғана тетігі адам. Қаладағы адамның орны қандай? Әрине қаланы құрап отырған адам. Адамсыз қала жоқ. Қалалардың қалыптасуының және дамуының өзі адамның оған ынталылығына байланысты. Адамдардың талпынып, урбандалуындағы орны – қала. Қала – үлкен қоқыс және ондағы тұрғындар қоқысты өндірушілер. Күніне қаншама қоқыстар шығады? Оның қажеті қаншама? Себебі біз қоқысты өндірмей өмір сүре алмаймыз емес пе?! Қаланың өлшемі – адам [1].

Қала адамдары өзара бір-бірімен тығыз орналасқан. Сондықтан да олар бір-бірін танымайды және мән бермейді. Олар тек асығыс үстінде. Алған бағытында ешнәрсеге мән бермейді. Жүздесіп жатқан адамдарға қарамайды. Әр баста бір қиял. Тоқтайтын, аялдайтын жерлері анықталған. Ол бағдаршамға шартты түрде тоқтайды. Егер бағдаршамға тоқтамаса, уақыт шығармашылығынан айрылады. Аялдамаларға жаттанған түрде келеді.  Себебі ол орындар адам өмірінің құрамдас бір бөлігі. Аялдамада бірнеше адам бір бағытқа қарап, автобусты күтеді, оның қай уақытта келетінін де білмейді. Әйтеуір келеді деген үмітпен «тез келсе ғоймен» уақыт өткізеді. Қоғамдық транспорт келгенде, әсіресе оған кірер жолда адамдар бірбірімен таласады... Дегенмен қоғамдық көліктің ішіне кіруге адамдар неге таласады? Онда адамдарға толық жағдай да жасалмаған. Оның ішінде отыру түгілі тұрып тұрудың өзі қиямет емес пе? Иә, амалы жоқтан мінеді. Ал отырғандары терезеден қаланы көріп қиял ғажайып әлеміне түсіп кеткендей болады. Шын мәнінде қала әлеміне ол мән бермейді, бірақ өзін жұбататындай. Ол қиял әлемінен түскісі келмейді, өйтені мұнда өзін не күтіп тұрғанын тағы білмейді. Басқа жол таба алмайтындай болады. «Амалым қанша», – деп өзін басатындай. Көліктің ішінде адамдарға қарасаң бір-бірінен сақ болып, әлдебір нәрсеге дайын күйде тұрғандай болады.

Хосе, Ортега-и-Гассеттің «Трамвайдағы эстетика» деген эссесінде Ортега-и-Гассет трамвайдың ішінде отырып ондағы адамдардың болмысын түгел еркін сипаттайды. Маңыздысы, ондағы трамвай ішінің кеңдігі, Хосенің сұлулық жайлы ойлауы. Өкінішті біздің қалада басым қоғамдық көліктер – автобустар. Айырмашылығы жоқ. Себебі біздің автобустарды мен «пандора сандығына» теңер едім. Ал ондағы адамдардың ой еркіндігін айтпағанда физикалық еркіндігін көрсеңіз адам түгілі ине шаншыр жер болмайды. Онда адамдар домбыраның шегі секілді тартылып тұрады. Егер сіз күнде автобусқа мінсеңіз күнде бір жағымсыз оқиғаның куәсі боласыз. Сондықтан да ол «пандора сандығы» [2]. Ал біздің қазақ халқының мақтанышы ретінде сондай сабырлығын айтар едім, аталмыш мәселелерге біз байсалдықпен, сабырмен қараймыз!

Қол жетімсіз ақша табу жолындағы өз тәнін жаралаған адамдар, ішімдікке салынып, қала кеңістігінде өз бағытын жоғалтқан адамдар, асығыс-үсігіс, талас пен тармас, ұрыс пен айқай, шуылдаған көліктер, жағымсыз иістердің өңделуі, адамдардың бір-біріне көз қиығымен қарауы т.б. қала тұрмыс-тіршілігінің бір көрінісі. Әр бұрышта домаланып жатқан белгісіз, үмітін үзген адамдар, қолын жайып қайыр тілеген науқастар, ішімдік пен табак ләззатына бөленген жастарды т.б. көзің шалады. Өзге өңірлерден келген топтоп студенттер, көшелер мен базарларда жайма жайып отырған шаруалар да қаланың сәні. Кітапханалар, театрлар мен түрлі мәдениет орындары, саябақтар және ондағы серуенге шыққан қаланың жергілікті тұрғындары. Базарлар, автобустар мен трамвайлар, троллейбустар ішіндегі ұрылар, заңсыз жүрген таксисттер, жол-жөнекей жатқан адамдардың аузынан шыққан көң-қоқыстың бәрі-бәрі біздің қалада бар. Көшедегі шұбырған иттер, аяғыңа оратылып қу тамағының қамын ойлап, жолыңды кесіп «тамақ бер» деп, болмысынан айрылған кептерлер мен мысықтарға мән берілмейді. Жол кептелісінде тізілген көліктер, бағдаршамның бұзылу салдарынан жолдың ортасындағы аяғынан тік тұрып, аяғынан қалған бағдарлаушы қызметкер назардан тыс. Көп қабатты үйлердің мыңдаған терезелері, ондағы қылтиған бастар, подъездердегі шылым түтінінің иісі мен шөлмектер жиынтығы тағы бар. Біреуі жымиып, біреуі қабақ шытып кетіп бара жатқан адамдардың құлақ қаппен ән тыңдап, екіншілері ұялы телефонмен сөйлесіп жанжағындағы құбылыстарға мүлде мән бермейді. Вокзалдың бір есігінен кіріп, екінші есігінен шығып кеткендей қалаға да адамдар келіп-кетіп жатыр. Театрлар мен кинотеатрларда қуаныпкүлген адамдар болса, ауруханаларда жаны қиналып, қан мен дәрі сасыған адамдар, ал түрмеде өмірден үмітін үзіп, бостандығынан айрылған, тор тауқыметін тартқан жандар бар. Солтүстік мұзды мұхитының пингвиндері немесе саваннаның зебралары, біздің қаланың кептерлерінің тобыры іспеттес студенттер, эстетикалық көріністерінен айрылған базар саудагерлері, кеңселерде жұмыс жасайтын ақ саусақтылар, нан үшін, өмір үшін күрескен жандар, бақыт, болашақ үшін күрескен құрылысшы жандар. Мағынасынан айрылған көше есімдері, тарихи тұлғалар, олардың күзде жапырақтардың, қыста қардың астында қалған жалған бейнеленген ескерткіштері бәрінбәрін көзбен көр де, жүрекпен сез.

Қаланың объектілері, адамдардың қолдан жасаған дүниелері адамдардың өздерін реттеп жатыр. Біздің тұрып жатқан көп қабатты үйіміз, біз мінетін «қоғамдық көліктер», тіптен біздің отыратын орындығымыз да бізді реттейді. Адамдар бірінің үстінде бірі тұрып жатыр. Үлкен ғимараттардың, тұрғын үйлердің сыртқы келбеті сүйкімді, қаланың көркін беріп, аспанмен таласып тұрғанымен, анықтап қарасаң үлкен-үлкен қорапша іспетті. Қорапша адамдардың қорғанышы. Күнделікті өткізетін тіршілік ортасы да сол. Оның бар бір күндік мақсаты бір қорапшада белгіленген уақытты өткізіп, қысылып  автобусқа мініп, кептеліспен екінші жеке қорапшасына қайту. Бірақ, қалада ондай қорапшалар болмаса да хаос. Иа, кешкісін барлығымыз қорапшаға кіреміз. Онда келесі күнгі мәселелерді ойланып, ұйқыға кетеміз.

Қаладан алшақтаған адам, қауымдық дәуірдегі ортадан тыс қалған адаммен тең. Қауымнан алшақтаған адам өліммен теңеледі. Сол секілді қазіргі қала адамы қаласыз өмір де сүре алмайды. Адамдар каланың сан қилы асып-тасып жатқан дүрбелеңімен бірге. Күнделікті құбылыстар, дыбыстар мен қозғалыстар оның құлағына майдай жағады. Ондағы өндірілген түрлі-түрлі иістер біздің мазамызды алмайды. Жылдам өтіп жатқан бағалы уақытымызға да мазаланбаймыз. Бәріне-бәріне көніп, қала жағдайы біздің өмір сүру салтымызға айналды. Адамдардың үнемі асығыс-үсігіс жүрулері де түсінікті. Бостандығымыз тәуелділігімізге байланысты. Тіпті қаладаға еркін жүріп-тұруымыз да белгілі шарттармен іске асырылады.

Франц Кафканың «Процесс», «Қамал» романдарындағы бюрократиялық құбылыстар қалаға тән. «Қамал» қожайыны бар болғанымен оны ешкім толығымен сипаттап бере алмайды. Онымен сұхбаттаспақ түгілі адамдар ол жататын қонақ үйге кіруге құқығы жоқ. Аталмыш романдардың басты кейіпкерінің жай ғана К. атануының астарында үлкен мән бар. «... жақындаған сайын Қамал оны таң қалдыра бастады, кейбіреулерінің үйлері тастан тұрғызылған және сылақтары құзданып, тастары  мүжілген. К. шала-шарпы өз қаласын есіне түсірді, ол бұл Қамалдан еш кем емес еді», – дейді. [2, 157 б.]. Кезекті оқиғаның барлығы қала пішіндегі «Қамалда» болады. К. мырзаның қала іспеттес үлкен ауылға келуі оның осы ауылдың түрлі тәртібі мен ережелерін білмеуінен осы ауылдың тұрғылықты адамы емес екендігі бірден білінеді. «Қамалға» жұмыс істегелі келген К., жұмысына орналаса алмағандықтан осында амалсыз қалған. Қайтарға жол жоқ. Ол осында арнайы шақыртылса, екінші жағынан осы «Қамал» іспеттес өзінің қаласында жұмыстың ыңғайы жоқ. К. өзінің құқығын қорғап әрбір кеңсе есігіне тұмсығын тықса да, ешбір нәтиже шығара алмайды. Нәтижесі болғанымен оған қанағат қылар К. жоқ. Қанағаттанбағандықтан терең ой үстінде. Әрбір ойының сөзбен жеткізілуі Қамал тұрғындарына, әсіресе кеңсе азаматтарына қызыл шоқтай тиеді. Ақыры К. күресі нәтижелі болса да, ол футбол ойнаушылардың добы іспеттес орны жоқ адам. Әрбір жұмысын амалының жоқтығынан дәрменсіз жасайды. Әлде қала адамы тек еңбек үшін жаратылғандай оның зығырын шығарған.  Яғни адамдардың өзі қаланың бір бөлігіне айнала-  ды. Ондағы тәртіп пен ережелер адамды кейінгі орындарға ығыстырады. Адамның жаттану бірінші орынға шығады.

Қала адамының адамгершілігі жайлы не айтуға болады? Күндегі көретініміз де, еститініміз де айқай мен жүйкеңді тоздыратын шу. Араның ұясы іспеттес қозғалып жатқан жүйе. Осындай жағдайға әбден үйренгеніміз соншалық, мүмкін Асанқайғының аңсаған «Жер ұйығы» осы біз өмір сүріп жатқан қала шығар! Табиғаттан алшақ, малға шұрайлы жерді іздеудің де қажеті жоқ. Қорқыт атамыздың қашқан өлімі де бізді қорқыта алмайды. Қала адамына болашақтағы немесе қазір күтіп тұрған өлім емес, қала жүйесінің бір тетігі бола алмай қалу қорқыныштардың қорқынышы. Ал өлім бізде шешілген нәрсе. Себебі қала адамының өлім түсінігі осындай. «Қаламен танысудың ең қолайлы тәсілі – жұрттың қалай жұмыс істейтінін, бірін-бірі қалай сүйетіні, тұрғындардың қалай өлетінін білуге тырысу. Бәлкім, ауа райының әсері болуы керек, біздің қалада бәрі де мидай араласып, бәрі де түк көрмегендей асығыс-үсігіс жасалады», – деп, А.Камю айтады [3, 8 б.]. Суицид мәселесінің ошағы да қала. Оның себептерінің бірі көптеген адамдардың әлдебір әлеуметтік статусқа ие бола алмауымен байланысты. Табиғаттағы сұрыпталу секілді қаладағы түрлі ойындардың қорытындысы әлдебіреулер үшін жеңіс пен жеңілісіпен аяқталады.

А. Камюдің «Обасындағы» қотыр иттің бейнесі біздің қала жануарларынан орын тапқан. Қай қайсысы болса да ешбір табиғи қасиеттерінен айрылған. Қаланың жануар әлемінің күйі осылай. Тіпті «Обадағы» ең алғашқы обаның белгісі егеуқұйрықтардың ең алғашқы өлімінен басталса, ол егеуқұйрықтарды тірі күнінде байқамаған адамдар олардың ең алғашқы өліктерін үйлерінің ішінен тауып алып, еш таңданбастан тысқа шығарған. Сол секілді біздің қала әлемінің жан-жануарлары адам назарынан тыс. Немесе оба қала адамын сынамақ мақсаттағы індет іспетті. Оба ауру, індет емес, ол – қала. Қаламен күресушілер, оған мойын сұнғандар да бар. Күресушілер өздерінің адамгершілік парызы мен қарызын өтеушілерміз немесе атқарушыларымыз десе, өзгелері керісінше індеттің қашан келіп тиіп, қашан ауырып өлетінін күтуде. Кейбіреулерінің қаладан қашып кетпек әрекеттері де бар, бірақ қашарға жол, рұқсат жоқ. Індетке қарсы күресуші Рие дәрігер індетпен қанша күресіп бақса да, оған ем таба алмай қатты қиналған. Оба басылысымен індеттен жапа шеккен халық мәзмейрам болып баяғы қалпында. Дәрігердің еңбегі мен қиналысы бір жағынан зая болса, екінші жағынан айтып жеткізуі қиын парызы мен адамгершілік міндеті.

Қаладағы мифтердің де  адамдарға  ықпа-  лы өте зор. Қалыптасқан мифтер де адамдардаң туындылары. Мифтердің күштілігі сонша, онымен өмір сүреміз. Кейде түрлі қорқынышты мифтер болады. Кейде өзіне тартатын иллюзиялар да кездеседі. Сенетініміздің барлығы миф болса – ол шындық. Өйткені мифтің орнын екінші жаңа миф басатынын біз білеміз. Сол секілді түрлі кризистердің адам санасын жаулауы адамдардың сана кризисін туындатады. Экономикалық, ақпараттық кризистердің қуаттылығы сонша одан бой алып жүре алмайсың. Көшпенділер тұрмысындағы жұтты мен түсінер едім, ал қаладағы ақпараттық, экономикалық кризисті түсіну мен үшін қиын. Мүмкін экономика сферасының логикалық қисындылығы күрделілігінен де болар оның түсініксіздігі. 2012 жайлы апакалипсис жайлы айтпасақ та түсінікті. Яғни ХХІ ғасырдың өзінде ғылым мен білім дамыған заманда мифтердің үстемдік етуіне таң қаласың.

Қаланың тағы бір ерекшелігі, ондағы таңбалар мен белгілер жүйесі. Барлығы адамдарға арналған және адамдарға қызмет етеді немесе керісінше. Көшелердің аттары, бағдаршамдар, дүкендер мен түрлі т.б. сән үйлерінің атауларынан алғашында басың айналады. Оларды шатастырып адасып та кетесің. Кейін оларға жаттанып, үйренесің.

Жиналған көптеген топтарды да қаладан көреміз. Олардың тамашалайтындары тобырға сәйкес қызықтар мен ләззаттар, жұбаныштар. Тұрғындар шартты бес немесе алты күндік жұмыстарынан шаршағандағы жиналған сезімдерін шығаратын орындар да бізде жеткілікті. Мұнсыз да қалада өмір жоқ. Ол бір заңдылық іспеттес. Қалған жүйке стрестер мен қиналыстардағы адамдардың қайдан барып жұбаныш табатындары анық. Кімге қайсысы ұнайды соған барады. Біріне саябақ, театр, концерт, кино болса, ендігі біріне... жатады. Оноре де Бальзак «Шегірен былғарыда»: «Иа, ләззат үйінен басқа күштірек жағымды нәрсе бар ма? Қорқынышты іс!», – деп, сол кездегі Парижде орналасқан сауық-сайран үйлерін дәріптейді [4, 20 б.].

Қаланың болмысының иррационалды тұсы оның уақыты мен кеңістігі. Бір қарағанға кеңістік пен уақыт бір қалыпта, тіпті олар жоқ секілді, ал оның қаладағы атқарар қызметі қандай? Әрине, өте жылдам, активті, шапшаң. Тар, қысыңқы кеңістіктің ауқымдылығы, уақыттың көптігін қажет ету қала заңдылықтарының бірі. Сондықтан да қала адамдары үнемі асығыс және белсенді. Асығыстық пен белсенділік – адамның қалаға тәуелділігі. Ол асығыстық пен белсенділіктің мақсатын білсе де, екінші жағынан тұтас жүйені қозғалысқа келтіруші және оған бағынышты.

Қаладағы уақыттың өлшемі 24 сағаттың, әрбір минут-секундтың толық игерілуімен маңызды. Олардың игерілмеуі адам үшін үлкен трагедия. Секундтардың қолданбалы өзіндік сәттері бар. Тіпті 24 сағаттың өзі қала адамы үшін аз.

«Өзгеге ұқсамайтын өзіндік салт деп айтуға бұл да келмейді. Барлық жердегідей, жұрт Оранда да уақыттың тарлығынан, ойлау қабілетінің аздығынан сүйе тұрып, сүйетінін білмейді немесе елемейді» [5, 9 б.]. Қаладағы уақытқа байланысты  интенсивті  қозғалыс  Оноре  де  Бальзактың «Шегірен былғары» романындағы талисманмен түсіндіруге болады. Онда (талисмандағы  жазу):

«Мені игеру арқылы сен барлығын игересің, бірақ сенің өмірің маған тиесілі болады. Құдайға осы ыңғайлы. Арманда және сенің арманыңның барлығы орындалады. Бірақ армандарыңды өміріңмен өлше» [4, 45 б.]. Яғни қаланың табиғаты сол талисманға ұқсайды. Себебі, қала адамының бір нысаннан екінші нысанға жетудегі уақыттық ерекшеліктерді кеңістігімен қоса ескерсек, ол өте жылдам. Айырмашылығы қала қаталдығын жеңіп, мақсатқа адамның өзі жетуі. Бұл қала уақыты мен кеңістігінің заңды көріністерінің бірі. Яғни қаладағы әрбір қозғалысымызда уақыттық шығармашылығыз да арта түседі. Өз мәресіне жақындай береді.

Қаланың әлеуметтік құрылымы өте қызық. Оны қарапайым түрде  жоғарғы,  орта,  төмен-  гі деп бөлуге болады. Дегенмен, қайда болсақ та, өз ісімізге өзіміз жауаптымыз. Нені таңдап, нені шешсек те ол өзіміздің таңдауымыз. Біреу таңдап берді деген болмайтын секілді. Сондықтан да таңдамалы өмірімізге өзіміз жауаптымыз. Жоғары-төмен, қарама-қайшы емес, тек айырмашылық.

Адамның бақытты өмір сүруіне бүкіл жағдайлар жасалып жатқанымен қазіргі дамыған халқы көп үлкен қалалардың да кері қырлары мен проблемалары бар. Әсіресе Жан Бодрийяр, Георг Зиммель және Осфальд Шпенглер сияқты батыстық ғалымдардың шығармаларынан көреміз.

Георг Зиммель «Үлкен қалалар және рухани өмір» деген еңбегінде қазіргі заманғы өмір сүру жағдайы, соның ішінде қалалық өмір адамға өзіндік ерекшелігін сақтауға ұмтылуына, өзі үшін күресуіне итермелейді. Қазіргі адам өзін заң жүзінде т.б. формальді бостандықтарына сүйеніп өзін ерікті, еркін адам дегенімен, қоғам тарапынан болған қысымдардан, соның  ішін-  де өмір техникасы мен ішкі мәдениетке тәуелді, сондықтан оған өзі үшін күресуге тура келеді дейді [4].

Жан Бодрийяр «Қала және өшпенділік» деген еңбегінде француздық «Өшпенділік» филмін негізге алады. Фильмде үлкен қаланың шеткі аудандары мен аймақтарында орын алған түрлі қылмыстар мен жағдайлар және бойларын «өшпенділік» пен «жек көрушілік» сезімдері буған сотқар жастар көрсетілген. Фильмдегі кейіпкерлердің бірінің «жек көрем» деп айтқан сөзінен оның тек субъективті эмоциясы  мен субъективті қалін емес, ол одан да ауқымды өшпенділіктің тууына қоқыс тастайтын жерге айналған қаланың шеткі аймақтарында және мәнсіз бос кеңістікке айналған қалалар себеп болатын оның объективті халін суреттейді. Неліктен жастардың бойында (шын мәнінде басқа да адамдар болуы мүмкін) себепсіз ашу-ызаның туып, қылмысқа итермелейтін нендей себеп және неге өркениеттің бүкіл жетістігі орын алған дамыған үлкен қалаларда, ең бастысы неліктен шеткі аудандарда мұндай қылмыстар көп болады деген сұрақ туындайды. Мұндай жағдайлар көп болатындықтан, біздің  қоғамдағы жағдайлар мен проблемалар деп «Өшпенділік» сияқты киноларды күнде түсіруге болатын еді. Айтылған бұл жағдайлардан тұтас қоғамдық өмірдің бір қырын, яғни халықтың көп шоғырлануынан және соған сәйкес қалдықтың көп өндірілуінен пайда болатын бүкіләлемдік қалдық проблемасы жайында болмақ. Егер зорлық-зомбылық қанау, қысым көрсету негізінде пайда болса, ал өшпенділік сезімі адамның мәні кетіп, адам ретінде құны қалмай қоқыс тасталатын жерге тасталса туады [1].

Бәрінен ең қорқыныштысы жан-жағымыздан үйіліп қалған қалдықтар емес, адамдар, біз өзіміздің қалдыққа айналғанымыз қорқынышты [1]. Айналамыздағы заттардың бәрі қалдық, қоқысқа, яғни, ешкімге керексіз, ешкім қалай құтыларын білмейтін, мәнсіз дүниеге айналды. Тау-тау болып үйіліп қалған өндірістік органикалық қалдықтар бұмен салыстырғанда түк емес. Жүріп өтіп артта қалған оқиғалар ғана емес болып жатқан қазіргі жағдайлар аяғына жетіп үлгермей жатып мәнін жоғалтады, ешкімге керексіз қалдыққа айналды. Бұл жердегі мәселенің мәнісі қазіргі нарықтық қоғамға байланысты адамдардың арасында өндірушілік және тұтынушылық байланыстың орнауы басты себеп. Көп жағдайда адам тұтынуды ғана білетін жансыз машина сияқты. Ол тек материялдық қажеттіліктерге ғана емес, рухани қажеттіліктерге де солай қарайды.

Қала өмірі әр бір адамға: «Мен бұл әлемде не істеп жүрмін? Мен кіммін? Көмекті тек сырттан күтіп отыратын қамқорсыз тіршілік иесімін бе, әлде ұлы творчестволық бастаманың ұшқыны бар, осы әлемді жасаушымын ба?» – деген сұрақтар қоюға мәжбүрлейді. Экзистенциялизм бойынша бұл сұраққа бір ауыз сөзбен ғана жауап береді: Иә, біздің бәрімізде де бұл ұшқын бар. Әйтпесе біз неге қарабайырлық пен иесізденуден қашып, шынайы өмір сүруге талпынамыз? Бұл ұшқынды өзімізді және басқаларды да жылытатын жалынға айналдыруға немесе жанбай жатып сөндіре салуымызға болады.

Қаладағы болмыстың трагедиялығына қарамастан адам бойында ылғи және тежеусіз «қалаға деген құштарлық» сезімі болады. Қаланы осылай қабылдаудың негізгі бастауын қаланы универсалды метафораға айналдырған, тұрақты образдар мен архетиптер жасырылған адам санасынан тыс, тереңнен іздеу керек.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Бодрийяр Ж. Город и неновисть // www.klinamen.com
  2. Сыргакбаева А.С. Город как культурфилософская проблема. Экзистенциальный анализ бытия человека в городе: Дис. .... д-ра филос наук: 09.00.13. – А.: КазНУ им. Аль-Фараби, 2008 – 150 бет.
  3. Камю Альбер. Оба. Роман және повесть. Аударған С.Ақтаев. Астана: Аударма, – 360 бет.
  4. Зиммель Г. Большие города и духовная жизнь// http: // magazines. russ.ru // logos/2002/3/ zim.html.
  5. Тыхеева Ю.Ц. Человек в городском пространстве. Философско-антропологические основания урбаналогии: Дис. д-ра филос.наук: 09.00.13. – Спб.: СПбГУ, – 337 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.