Тұлғаның эмоционалдық аймағы гендрлік айырмашылық ретінде

Ерлер мен әйелдердің психологиялық ерекшеліктерін зерттеу тек бір адамға ғана қатысты емес, бұкіл қоғамды қамтитын мәселе.

Соңғы уақытта адамның жыныстық  ерекшеліктері  және олардың психологиялық айырмашылықтары жаңа қоғамда белсенді талданып жатқан сұрақтар қатарында. Мәселен, ер адам мен әйел адамның қазіргі қоғамдағы рөлі үлкен өзгерістерге ұшырап жатыр. Бұл өз кезегінде қоғамның талабына сәйкес нарықтық-экономикалық қатынаста субъект-субъект қарым-қатынасының жағымды орнатуына қажет алғышарт ретінде қарастырылатын көрсеткіштер болып отыр.

Гендрлік психология – тұлғаны белгілі-бір жыныс өкілі ретінде оның қалыптасу мен дамуының заңдылықтарын зерттейтін психологияның бір саласы болып табылады. Ал оның жыныстық психологиядан айырмашылығына келетін болсақ, гендрлік психология ерлер мен әйелдердің психологиялық ерекшеліктерін ғана емес, жыныстық дифференциация, стратификация, иерархизация құбылыстары нәтижесіндегі тұлғаның даму заңдылықтарын зерттейді. Жыныс психологиясын әйел мен ерлер арасындағы физиологиялық және биологиялық айырмашылықтарды қарастыратын болса, ал гендрлік психология бұл айырмашылықтардың әлеуметтік (статустық, әлеуметтік позиция, рөлдік, қарым-қатынастық, таптаурындық, т.б.) жағын зерттейді [1]. Бұл мақалада біз гендрлік айырмашылықтың адамның эмоция аймағымен байланыстырып қарастырамыз, атап айтқанда эмоционалдылық немесе эмоциялық интеллект сферасындағы өзгешеліктер.

Жалпы эмоциялық интеллектті (ЭИ) зерттеуге қызығушылықтың өсуі осы феноменнің концептуалды өрісінің көптеген ақ дақтарымен байланысты болғанындай, қолданбалы зерттеулер қажеттіліктерімен де байланысты. Эмоциялық интеллект мәселесін шетелдік ғалымдар барынша белсенді зерттеуде. Дж. Мейер, П. Сэловей, Д. Карузо, Д. Гоулман,  Г.  Орме,  Д Слайтер, X. Вейсингер, Р. Стернберг, Дж. Блок секілді есімдерді еске түсірсек жеткілікті. Ресейлік психология ғылымында эмоциялық интеллект ұғымын алғаш рет Г.Г. Гарскова қолданды [2]. Қазіргі таңда посткеңестік кеңістікте эмоциялық интеллект зерттеумен Д.В. Люсин, Э.Л. Носенко, Н.В. Коврига, О.И. Власова, Г.В. Юсупова, М.А. Манойлова, Т.П. Березовская, А.П. Лобанов, А.С. Петровская және т.б. айналысып жүр. Өз зерттеуімізде біз шетел психологиясындағы «эмоциялық интеллект» ұғымын дайындау процесін қарастырып, осы терминді отандық психология ғылымының категориялық аппаратына енгізудің алғышарттарын анықтаймыз.

1970-1980 жылдардың соңында эмоция мен ойлаудың өзара әрекеттесуін зерттеуге деген қызығушылықтың артқаны байқалады [2]. Эмоционалды және когнитивтік процестердің өзара өнімді әрекеттесуі туралы идеяны біраз зерттеулер дәлелдеп шықты. Бұл кезеңде эмоциялар туралы сананың ішкі жүйесінің бірі ретінде айтылады. Эмоцияның когнитивті теориясы  оны ақылдың функциясы ретінде қарастырады. Р. Лазарустың когнитивті концепциясында эмоцияның танымдық детерминациясы туралы идея орталық болып табылады. Когнитивті жанамалау эмоцияның пайда болуы үшін қажетті шарт ретінде қарастырылады.

Р. Лазарустың концепциясында екі ереже басты болып табылады [4]:

  1. Әрбір эмоциялық реакция мазмұнына қарамастан танымның немесе бағалаудың ерекше түрінің функциясы болып табылады;
  2. Эмоциялық жауап әлдебір синдромды білдіреді, оның әр компоненттері жалпы реакцияда қандай да бір маңызды сәтті көрсетеді. Эмоциялардың пайда болу схемасы, концепция авторларының пікірінше, былайша болып келеді: қабылдау – бастапқы бағалау – зерттеу белсенділігі – (бағаланатын ситуациядағы эмоцияның жеке мәні) – екінші бағалау – әрекет тенденциясы – күйзелістер, физиологиялық өзгерістер және моторлы реакциялар тенденциясы түріндегі эмоция [6].

Нейрофизиологиялық, аффективтік және когнитивтік процестердің өзара байланысы туралы түсініктің дамуына отандық нейропсихологияның негізін қалаушы А.Р. Лурия мол үлесін қосты. Ол егер интеллектуалдық процестерге жеке қабілеттерге сияқты емес, күрделі функционалдық жүйелер ретінде қарайтын болсақ, осы функциялардың тар локализациясының мүмкіндіктері туралы идеяларды қайта қарау қажеттігін анықтады [13].

Дегенмен, ЭИ – жаңа кейіптегі ескінің кө-   зі және психологияға жаңа катергория енгізудің мәні жоқ деп ойлауға болмайды. А.В. Брушлинскийдің ойынша, эмоция мен когниция арасындағы өзара қатынасты тек ойлауға ғана емес, эмоцияға да тиесілі бірліктерді шығаруға мүмкіндік беретін түсінік аппараты болған жағдайда ғана табу түптеп келгенде маңызды.

Ричард Робертс, Джеральд Мэттьюс, Моше Зайднер және Дмитрий Люсин өздерінің эмоциялық интеллектті зерттеулерінің толық шолуларында осы конструкттың негізгі екі моделін ажыратады, осының негіздемесінде оны зерттеудің методикасы жасалады [1].

Ревен Бар-Он тұлғааралық және тұлғаның ішкі эмоциялық интеллекті деп бөледі, ал өзінің EQ-i (Bar-On Emotional Quotient Inventory) атты сұрақ-жауабына бейімделу, стрестерді басқару және жалпы көңіл-күй шкалаларын қосады [15]. Қабілеттер моделінде эмоциялық интеллект дұрыс және бұрыс жауаптары бар тапсырмалардан тұратын тесттердің көмегімен өлшенетін қабілеттер топтамасымен анықталады. Ең танымал мұндай әдістеме MSCEIT, V.2.0 [16] болып табылады, мұнда эмоциялық интеллекттің төрт деңгейі бөлініп беріледі, оның әрқайсысын анықтауға тапсырмалар дайындалған.

Мэйер мен Сэловей эмоциялық интеллект когнитивтік интеллектпен тығыз байланысты деп ойлайды, өйткені аффект пен  интеллект-  тің бірлігі дәлелдеуді қажет етпейді [16], бұл Л.С. Выготский мен С.Л. Рубинштейн мектептерінің отандық дәстүріне сәйкес келеді. Мұндай шешімді Ушаков та ұсынады, ол «әлеуметтік интеллект  танымдық  қызметтің  жоғары түріне жалпыланған және орталықтандырылған түрлеріне қабілет орната отырып интеллектің басқа түрлерімен бір қатарда тұр» деп шамалайды [12]. Біз интеллект адаптивтік функция сияқты қоршаған ортада бейімделуге және белсенуге сөзсіз артықшылық береді деп білеміз. Мұндай түсінік Пиаженің ізімен жалпы когнитивтік қабілеттермен шектік қатынастар арқылы байланысқан эмоциялық интеллект үшін ерекше өзекті болып көрінеді. Интеллекттің орташа деңгейі индивидтің қоршаған ортаға бейімделуі үшін қажетті болғанымен, жеткілікті емес.

Келесі кезекте, эмоция, эмоциялық ителлект аймағындағы негізгі гендрлік айырмашылықтарға тоқталғанды жөн көріп отырмыз.

Гендрлік айырмашылықтар мәселесі, яғни адам психологиясының оның жынысына, физиологиялық ерекшеліктеріне қатысты тәуелділігі, психологтардың назарын ХХ ғасырдың 50-жылдардан бастап аудара  бастады.  Осы  мәселе-  нің ғылыми зерттелуі 1957 жылы Дж. Мак-Ки мен А. Шериффстің жыныстық айырмашылық мәселесіне арналған мақаласынан  басталды.  ХХ ғасырдың 70-жылдарының ортасынан бастап, әлемде жыныстық айырмашылық бойынша жылына бір жарым мың жұмыстар басылып шыға бастады [1].

Психологиядағы гендр мәселесіне тоқталып кететін болсақ, жалпы психологияда гендр адамға «ер» және «әйел»  деген  ұғым  бере-  тін әлеуметтік психологиялық категория болып есептелінеді. Гендр үнемі ер адам қызметі мен әйел адам қызметі туралы мәдени нормалар мен бағдарлардың әсерінде жүреді [18].

Гендр бұл индивид атаулы биологиялық түрдің әлеуметтік-психологиялық сипаты. Ерлер мен әйелдер арасында мағыналы психологиялық айырмашылықтар бар екендігі қарапайым тұрмыстық өмірде де айқын көрінеді.

Соңғы 15 жылда жүргізілген зерттеулер нәтижесі жыныстық айырмашылықтардың негізгі көрсеткішінде әлеуметтік-мәдени детерминациялар басымдылық танытатындығын көрсетеді. Егер 80-жылдарға дейін жыныстық айырмашылықтар тәрбие мен сыртқы ортаға тәуелсіз үш белгі (математикалық қабілеттер, кеңістік бейне және вербалды интеллект) бойынша ға-  на ажыратылса, қазіргі таңда эмоциялық интеллет те бір критерий ретінде қарастырылады. Э. Маккоби және К. Джеклин көптеген американдық және батыс-еуропалық зерттеушілердің қабылдау, үйрену, ес, интеллект, когнитивті стиль, мотивация, өзіндік сана, темперамент, белсенділік  деңгейі  мен  эмоционалдылық бойынша жыныстық ерекшеліктерді айқындауға байланысты жүргізген зерттеулерін талдап, жалпылауға тырысты. Маккоби мен Джеклин сенімді дәйектер күткеннен аз болғанын хабарлап, нақты дәлелденген фактілерге тоқталып өтті: қыздарда ұлдарға қарағанда вербальді қасиеттері жоғары дамыған; ұлдарда қыздарға қарағанда визуалды-кеңістік қабілеттері жақсы дамыған; ұлдарда математикалық қабілеттер жақсы дамып, агрессивті болады [19].

Ендігі кезекте, гендрдің қалыптасу ерекшеліктері, соның ішінде биологиялық дамуы мен индивидте эмоциялық интеллекттің қалыптасу ерекшеліктеріне тоқталған жөн.

Тұрмыстық көзқарастар бойынша индивидтің жыныстық сәйкестілігі биологиялық тұрғыдан «беріледі» дегенмен, жыныстық сәйкестілік (идентификация), яғни белгілі-бір жынысқа өзін саналы түрде жатқызу – онтогенезді, жыныстық әлеуметтену мен өзіндік сана дамуын байланыстыратын күрделі био-әлеуметтік процесс болып табылады [20]. Бұл процесс жыныстық ұяшық даму сәтінен бастау алып, бірнеше сатылар көлемінде қалыптасады және әр даму сатысының өзіндік спецификалық міндеттері бар. Американдық ғалым Д. Мани жыныстық дифференциацияның келесі сатылары мен компоненттерін жіктейді [6]:

 Д. Мани жыныстық дифференциацияның келесі сатылары мен компоненттерін жіктейді

 

Бұл ұзақ эволюциялық қатардың ең негізі – жыныстық дифференциацияға жауап беретін, организмнің болашақ гентикалық бағдарламасын анықтайтын хромосомдық немесе генетикалық жыныс.  Алғашқы  пайда  болған  ұрық жынысқа ажыратылмайды. Сонан соң иммуналогиялық әйел оргнизммен сәйкес келмейтін тек ер жасушаларына сәйкес Н-У антиген (1976 жылы ашылған) орын алады, бұл ұрықтың ер жыныста (андроген)  дамуына  алғышарт  болады. Гормональді жыныс ұрықтың ішкі репродуктивті органдары (ішкі морфологиялық жыныс) мен сыртқы генитальді, «жыныстық орталық» деп аталып, кейінірек феминді немесе маскульдік мінез-құлықты анықтайтын ерекше жүйке механизмдерін ажыратады [6]. Егер ұрықтың дағдарыстық даму кезінде андрогендер жетіспейтін болса, жыныстық дифференциация автоматты түрде, хромосомалар санына тәуелсіз әйел типі бойынша құрылады (Бұл Мани бойынша маскульдік аддитивтілік ұстанымы деп аталады). Жыныстық орталықтар орналасқан гипоталамус гомондар әсерінен ажыратылып, психоэндокринді орган болып табылады; оның гренатальді бағдарламасы ұрықтың ер немесе әйелдік мінез-құлығын бағдарлайды, пубертантты кезеңде жыныстық гормондарға реакция сипатын анықтайды.

Постнатальді онтогенезде жыныстық дифференциацияның биологиялық факторлары әлеуметтікпен толықтырылады. Генитальді сырт бейне жыныстық анықтама бойынша берілетін ересектер үшін бағдарлама. Бұл жыныстық әлеуметтену,  яғни баланы жыныстық рөлге  үйренуі баланың қоғамдық, мәдени дәстүрлер мен нормаларына байланысты.

Мұнда ең басты жыныстық рөлдерді ажырату, яғни еңбекті жыныстық бөлу, ер мен әйелге арнайы қосып жазылатын жыныстық-рөлдік құқықтар мен міндеттер және олармен байланысты маскульдік немесе феминдік туралы таптаурындар жүйесі, яғни ер мен әйел қандай немесе қандай болу қажет ұғымдары қамтылады. Бұл норма мен қарым-қатынастың күрделі жүйесі неке-отбасылық және басқа да институттарда қалыптасып, жыныстық әлеуметтенудің типін анықтайды [6].

Бәрімізге мәлім, қарапайым интеллект көрсеткіші біздің өміріміздің сәтті болуына кепіл бола алмайды, пайыздық көрсеткішпен алғанда 20 пайыздық көлемді ғана құрайды екен. Ал эмоциялық интеллект анағұрлым үлкен мәнділікке ие.

Интеллекттің стандартты түрі ретінде қарастырылу үшін эмоциялық интеллект ақыл қабілеті ретінде операционализациялану керек.

Уақыт өте келе эмоциялық интеллект расында да осы критерийлерді қанағаттандыратыны айқын болды. Ол ақыл қабілеті ретінде операционализацияланды. Қазіргі уақытта оны өлшеу үшін біраз әдістемелер қолданылуда, оның ішінде беріктіктің ең жоғары деңгейін MEIS (r=0,96) көрсетті. Ч. Спирменнің g интеллектінің бас факторымен аналогия бойынша факторлық анализдің нәтижесінде gei эмоциялық интеллектінің жалпы факторы бөлінді [21].

«Эмоциялық интеллект» ұғымымен «эмоциялық білімділік» ұғымдары өзара тығыз байланыста десек қателеспейміз, яғни баланың әлеуметтік және эмоциялық компитенттілігін қалыптастырушы. Осы бағытта, эмоциялық интеллектті дамытуға арналған арнайы бағдарламалар қалыптасуда. Бұл бағыттар балаға өзгенің эмоциялық күйін түсінуге, эмпатия, рефлексияға үйретумен айналысады. Бала өз ортасында өз өзін ұстауы барынша үйлесімді болуына, өзіндік жеке индивидуалды қасиеттерінің көрінуіне эмоциялық интеллект рөлі басым. Баланың эмоциялық интеллект дәрежесі тәрбие арқылы берілетіні біршама анықталды. Дегенмен, эмоциялық интеллект дәрежесі ата-анасының эмоциялық интеллект дәрежесімен де тікелей байланысты. Оң жақ жарты шарлық ойлау типі бойынша эмоциялық қабілеттілік, темперамент қасиеті, ақпаратты өңдеу тәсілі тұқым қуалаушылық арқылы берілетіні дәлелденіп отыр. Оң жақ жарты шарлы ойлау типіне жататын балаларда вербалды емес интеллект, сөйлеуде эмоциялық бояуды тану қабілетіне ие. Вербалды емес интеллектті дамыған адамдар, эмоционалды белсенді, өзіне қарағанда қоршаған ортадағы адамдардың эмоциялық күйлерін тану қабілеті басым келетіні белгілі [21].

Баладағы эмоциялық интеллектінің оптималды жағдайда дамуына, ерлі зайыптылардың өзара қатынастары, ата-ананың өздері қалыптастырған отбасылық өмірлеріне қанағаттанғануының ба әсері бар. АҚШ-тағы жүргізілген зерттеу нәтижелері көрсеткендей, отбасылық өмірлері-  не разы ерлі-зайыптылардың балаларының эмоциялық интеллект дәрежесі отбасылық өмірлеріне разы емес адамдардың балаларына қарағанда әлдеқайда жоғары болғандығы анықталды [22]. Ата-ананың эмоциялық мәселелерді талқылауы, баладағы өзіндік эмоцияны түсінуі мен өзіндік реттеуінің дамуына себепкер бола алады. Әр отбасындағы «ашылып сөйлесудің» жиілігі мен мағынасы әртүрлі болады. Осының өзінде сандық сипаттағы жағдайдың сапалыққа ауысуында айқын көрінетін тенденция байқалады: ана өз балаларымен әр түрлі сипаттағы эмоциялық күйлерді талқылайтын болса, алты жасқа келгенде балалар тіпті бөтен ересектер тарапынан болатын әртүрлі эмоциялық күйлерге бейімделген болады [8].

Бала дамуындғы эмоциялық интеллекттің қалыптасуына әсер ететін бірнеше факторлар тізіміне адам ағзасының физиологиялық тұрғыдағы жағдайын да кіргізуге болады.

Андрогинділік эмоциялық интеллекттің алғы шарты ретінде белгілі бір стратегиялық тәрбие нәтиже қарастырылады, мысалы, қыз баладағы шыдамдылық пен өзіндік бақылау, реттеу эмпатия мен нәзік сезімдердің көрінуі мадақтаудың көп болуына байланысты деп қарастырылады, ал ұл балаларда мұндай жағдайлар егер бала ересектер тарапынан ешқандай сынға ұшырамаса, қалыптасады. Бұл жағдай эмоциялық интеллекттің қалыптасуындағы гендерлік айырмашылықтарды көрсетеді, яғни маскулинді және феминді сипаттағы қасиеттердің қалыптасуына алғышарт болады [14].

Атап айтқандай, әйел және ер жынысты андрогинді индивидтерде өнімді эмоциялық стратегия қосылысы бар. Басқаша айтар болсақ, оларға айқын көрінетін қабілеттерге – өзіндік бақылау, эмоцияны сыртқа шығару және тану тән. Андрогинділік пен эмоциялық интеллекттің өзара байланысын Д.Д. Гуастелло, С.Дж. Гуастелло зерттеулерінен білеміз [18].

Гендрлік айырмашылықтар индивидуалды қасиеттермен қоса, қалыптасып дамуда да айқын көрінеді: қыздарда есею процесі ерте жүреді, мұнда көптеген көрсеткіштер жыныстық айырмашылық ретінде орын алады. Сонымен қатар, ер мен әйелді ажырататын көрсеткіш ретінде бөлек ми құрылымындағы айырмашылықтар да қарастырылады. Жаңа  туылған  сәби мен бір айлық сәбидің ми биотоктарындағы айырмашылықтарды айқындауда, осы кезден бастап ұл мен қыз баланың ми дамуындағы айырмашылықтар бар екендігі айқындалған [18].  Әртүрлі  жыныстағы  балаларда  қабылдау мен сөздерді ұғынуда эмоциялары әртүрлі әсер етеді: қыздарда ми толығымен іске қосылады, яғни оң жақ және сол жақ жарты шарлар; ал ұлдарда ми таңдамалы іске қосылады, яғни оң немесе тек сол жақ жарты шар. Ер адамдар жағдайды ойда саралап, одан шығу жолды іздейді, ал әйел адамдар жедел түрде жалпы белсенділік жоғарлап, ми қыртысының тонусы жоғарлайды, яғни әйелдердің миы кез келген аяқ асты орын алған жағдайға жауап дайындайды және мидың барлық құрылымдары дайындық жағдайында болады [22].

Біздің экспериментте «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне Р.Б. Кеттелдің дербес мәдени интеллектуалды тесті көмегімен психодиагностикалық жұмыс жасалды. Зерттеушілердің эмоционалды-еріктік қасиеттері Р.Б. Кеттел және Р.В. Коан сұрақтамасының 12-факторы арқылы анықталады. Зерттеуге 65 адам қатысты, олардың 30 – әйел жынысты, 35 ер жынысты.

Мәліметтерді статистикалық өңдеуде факторлы талдау қолданылды. Ол үшін STATISTICA бағдарламалық пакеті қолданылды [23]. Факторлы талдауда ең кеңінен таралған Varimax әдісі, бұл факторлы жүктемелерді нәтижелі қалыпты көрсеткіштердің маңызды бөліктерін көрсету. Мұның нәтижесінде 4 негізгі факторды бөлдік, олардың суммалық (S) жүктемесі әртүрлі жағдайға байланысты 55-тен 85 пайызға дейін болды. Факторлы талдау нәтижесінің көрінісі кестеде көрсетілген (1-кесте).

 1-кесте – Зерттеушілердің факторлы талдау бойынша нәтижелері

 Ескерту. Р.Б. Кеттел және Р.В. Коан сұрақтамасындағы 12 фактордағы тұлғалық қасиеттер интерпретациясы (ESPQ) A – ашық-тұйық; C – эмоционалды тұрақтылық-тұрақсыздық; D – қозу – қалыптылық; E – тәуелсіздік-иланушылық; F сенімділік – уайымшылдық; G – жоғары-төмен адал ниеттілік; Н – батырлық-жасқаншақтық; I-жұмасқытық-қаттылық; J – энергетикалық-ұстамдылық; N – аңқаулық-пысықтық; O – қобалжу-тыныштық; Q4 – кернеулік-босаңдық.

Эксперименттік мәліметтер нәтижесінің қорытындысы: Әйелдердің ерлерге қарағанда қарым-қатынасқа, өзара сөйлесуге деген қажеттілігі жоғары.

Тұлғалық қалыптасу кезінде әйел адамдардың интеллектісі – қарым-қатынасқа байланысты болады, ал ер аламдарда – доминанттылықтың төмендігіне байланысты.

Динамикалық қасиеттер мен қарым-қатынастағы эмоционалды қырлардың дамуы әлеуметтену процесімен тікелей байланысты.

Аталған төрт факторға енетін негізгі тұлғалық қасиеттер осы жас кезеңінде төменгі инфатильділік және есеюдің жоғарғы деңгейін көрсетеді.

Келесі кезекте, алынған нәтижелердің бейнелік көрініс 1 суретте көрсетілген.

 1-сурет – Зерттеушілердің факторлы талдау бойынша нәтижелері

 Әйелдерде бастапқы сатыда интеллект эмоционалды тұрақтылық пен қарым-қатынас факторларымен сәйкестендірілді. Әйел адамдарда интеллект қарым-қатынаспен сәйкестендірелетіндігі оның тұлғалық қасиеттері даму кезінде орын алатын жайт екендігін ескерте кеткен жөн. Жалпы сыртқы жағдайлар ескерілген сұрақтар нәтижесіне келетін болсақ, қобалжу доминанттылықпен, ал тыныштық мойынсұнумен байланысты. Мәселен, мойынсұну, тәуелділік сезімін бастан кешкен әйел өзін тыныш сезінеді.

Әйел адамадар да эмоционалды-еріктік жағдай тікелей қобалжу фрустрациямен байланысты. Екі қасиет өзара тәуелді және де мінез-құлық нормалары мен еріктік өзіндік реттеу қасиеттеріне кері тәуелділік орын алады. Мәселен, қобалжу мен фрустрация жоғары болған сайын мінезқұлық нормаларын сақтау мен еріктік өзіндік реттеу төмен болады.

Ер адамдар да керісінше, тыныштық пен реакция қайтарудың төмен деңгейі еріктік өзіндік реттелумен байланыстырылады. Бұл факторда тәртіптілік төменгі доминанттылық пен жауапкершілікпен сәйкестендіріледі. Ер адамдар да алынған мәліметтер бойынша келесідей қорытынды жасауға болады: әйелдердің интеллектісі қарым-қатынаспен шартталады, ал ерлер де интеллекттің ең жоғарғы деңгейі төменгі доминанттылықта байқалады. Ер адамдарда интеллект пен еріктік қасиеттерінің арасында тікелей байланыс жоқ екендігі анықталды. Сонымен қатар ер адамдарда ашықтық пен батылдық қасиеттерінің факторлары бір сызықта, яғни өзара байланысты жүзеге асатын қасиеттер болып табылады. Ер адамдарда эмоционалды тұрақсыздыққа әсер ететін ең бірінші фактор – тәрбие.

Жалпы қорытындылай келе, ерлер әйелдерге қарағанда эмоционалдылық көрінісі тұрақты болады. Мұның себебі зерттеу нәтижелерінен алынған көрсеткіштерге қоса, олардың нейропсихологиялық даму жолы да дәлел, мәселен, әйел адамдар да сыртқы орта тітіркендіргіштерге ми қыртысы жалпылама жауап беріп, тұтастай белсенділік орын алса (мидың екі жарты шары да іске қосылады), ал ер адамдар да сыртқы орта тітіркендіргіштеріне таңдамалы жауап болады, яғни әсер етуші факторға сәйкес не сол жақ, не оң жақ жарты шарлар функциялары іске қосылады.

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Бендас Т. Гендерная психология: учебное пособие. – СПб.: Питер, 2007. 431с.
  2. Андреева И.Н. Эмоциональный интеллект: исследования феномена // Вопр. психол. -2006.№ 3.С. 78-86.
  3. Гарскова Г.Г. Введение понятия «эмоциональный интеллект» в психологическую теорию // Тез. науч.-практ.  конф.
  4. «Ананьевские чтения». – СПб.: Изд-во СПб. ун-та. 1999. – С. 25-26.
  5. Изард К. Психолгия эмоций. – СПб.: Питер,
  6. Лафренье П. Эмоциональное развитие детей и подростков. – СПб.: Прайм-ЕВРОЗНАК,
  7. Mayer D., Salovey P., Caruso D. Emotional intelligence: Theory, findings, and implications // Psychol. Inq. 2004. – V. 15.– № 3. P. 197-215.
  8. Goleman D. Emotional intelligence. – Y.: Bantam Books, 1995
  9. Орме Г. Эмоциональное мышление как инструмент достижения успеха. М: КСП+,
  10. Вайсбах Х., Дакс У. Эмоциональный интеллект. – М.: Лик Пресс,
  11. Тихомиров О.К. Психология мышления. – M.: Изд-во МГУ,
  12. Выготский Л.С. Мышление и речь. – М.; Л.: учпедгиз, 1934. – С. 13-14.
  13. Рубинштейн С.Л. Проблемы общей психологии. – М.,
  14. Тхостов А.Ш., Колымба И.Г. Феноменология эмоциональных явлений // Вестн. Моск. ун-та. Сер. 14. Психология. 1999. – № 2. – С. 3–14.
  15. Андреева И.Н. Понятие и структура эмоционального интеллекта // Социально-психологические проблемы ментальности: 6-я Междунар. научно-практ. конф. 26–27 ноября 2004 г., г. Смоленск: В 2 ч. Ч. Смоленск: Изд-во СГПУ, 2004.– С. 22–26.
  16. Goleman D. Working with emotional intelligence. – Y.: Bantam Books, 1998.
  17. Salovey ,  Mayer  J.D.  Emotional  intelligence  //  Imagination,  Cognition  and  Personality.  1990.  N  9.  –  P.  185  –
  18. 211.
  19. Harrod R., Sheer S.D. An exploration of adolescent emotional intelligence in relation to demographic characteristics //
  20. Adolescence. 2005.
  21. Андреева И.Н. Гендерные различия в сфере эмоционального интеллекта // Материалы Междунар. междисциплинарной научно-практ. конф., 19–20 декабря 2003 г., г. Минск. – Минск, 2004. – С. 147–149.
  22. Ильин Е.П. Эмоции и чувства. – СПб.: Питер, 2001. С. 242–244.
  23. Андреева И.Н. Взаимосвязь эмоционального интеллекта и личностной тревожности в подростковом возрасте // Психологическое здоровье в контексте развития личности: Материалы республ. научно-практ. конф., 30–31 января 2004 г., г. Брест. Брест, 2004. – С. 12–13.
  24. Рейковский Я. Экспериментальная психология эмоций. Пер.с польского. – М.: Прогресс.
  25. Андреева И.Н. Взаимосвязь социальной компетентности и эмоционального интеллекта у подростков // Женщина. Образование. Демократия: Материалы 5-й Междунар. междисциплинарной научно-практ. конф. 6–7 ноября 2002 г., г. Минск. Минск, 2003. С. 194–196.
  26. Hudspeth J. Pribram K.H. Psycholophsyiological indeces of cerebral maturation// Int. J. Psychophysyol. 1992. V.12PP. 19-29. 
Жыл: 2015
Қала: Алматы
Категория: Социология