Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазіргі отбасылардың әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктері

2012 жылдың 24  желтоқсанында  мемлекет  басшысы  Нұрсұлтан  Әбішұлы   Назарбаев «Қазақстан-2050 стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты тақырыппен Қазақстан халқына арнайы стратегиялық бағдарламасын жариялады. Ел өмірін 2050 жылға дейін өркендетудің жан-жақты жолдарын қамтыған бағдарлама жиыны жеті бағыттан тұрады. Олар: экономикалық саясат, кәсіпкерлікті қолдау, әлеуметтік  қамтамасыз ету, білімді өркендетіп, мемлекеттілік пен демократияны дамыту және сыртқы саясат пен қауіпсіздікті нығайтып, елдегі патриотизмді күшейту. «Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері әлеуметтік кепілдіктер және жеке жауапкершілік» деп көрсетілген жаңа бағытта халықты, оның ішінде қоғамның әртүрлі санатындағы мұқтаж жандарды және қоғамның ең маңызды іргетасы – отбасын қолдау шаралары қарастырылған. Бұл бағыттың басты мақсаты - әлеуметтік қауіпсіздік және азаматтардың бақуаттылығы. Елбасының    айтуы  бойынша:

«Бұл бағыт – қоғамдағы тұрақтылықтың ең жақсы кепілі. Біздің қоғамда уақыт сынына төтеп бере алатын жаңартылған және әлдеқайда тиімді әлеуметтік саясатқа деген сұраныс өсіп келеді. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, әлеуметтік саясаттың мінсіз  және  әмбебап  үлгісі  жоқ. Бұл барлық азаматтары сол әлеуметтік жүйеге қанағаттанатындай бірде-бір қоғамның жоқтығы сияқты.

Әлеуметтік қауіпсіздік және азаматтардың бақуаттығы мәселелерін шешу – бұл әрбір қазақстандыққа   әсер   ететін   қиын   және   өте маңызды міндет. Сондықтан бұл  тұста  әр  қадам мұқият ойластырылған болуы тиіс» [1]. Адамның бойына тұрақтылық пен психологиялық жайлылық үмітін жандыра алатын жалғыз әлеуметтік институт – Отбасын, аналық және балалық шақты қолдау жүйесі (тууға жәрдемақы,1 жасқа дейінгі балаларды күтуге арналған жәрдемақы).

Әлеуметтік тәуекелдер пайда болып, әлеуметтік қызметтерді көрсету қажет болғанда әлеуметтік қолдау жүйесі.

Халықтың әлжуаз, аз қамтылған топтарын әлеуметтік қорғау жүйесі (көпбалалы отбасылар, еңбекке жарамсыз халық).

Зейнеткерлік жүйе.

Тегін білім алуға қол жетімділікті қамтамасыз ету жүйесі (жалпы және кәсіби).

Міндетті медициналық көмекке кепілдік ету жүйесі.

Мемлекеттік қызметкерлерді, бюджет саласы мен жас отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету жүйесі.

2006  жылдан  бері  Қазақстанда  балала-   ры бар отбасыларды қолдаудың жаңа кешенді жүйесі енгізілді, онда баланың дүниеге келуінде берілетін өтемақыны, бір жасқа дейінгі балаға төленетін өтемақыны және аз қамтылған отбасылардан 18 жасқа дейінгі балаларға өтемақы беру қарастырылған. 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап, әлеуметтік сақтандырудың Мемлекеттік қорынан жұмыс жасайтын әйелдерге жүктілігі және босанғанға дейінгі әлеуметтік өтемақылар және де балаға қарау үшін орташа жалақының 40%-ын құрайтын әлеуметтік төлемдер төленеді.

Бала дүниеге келгенде төленетін жәрдемақыны 2012 жылдың 1 шілдесінде 212,3 мың адам алды, ол 2011 жылдың баламалы кезеңіне қарағанда 23,4 % артық. Оның өзінде өтемақыларға төленетін шығындар 10,4 млрд теңгені құрады, ол өткен жылға қарағанда 33,3 %-дан артық. Бұл көрсеткіштер үкіметтің бала туу мен оның күтіміне беретін әлеуметтік төлемдерінің басқа елдермен салыстыранда аз болғанына қарамастан туудың өсуі жоғарылағанын көрсетеді.

Баланы күтіміне жәрдемақыға орташа есеппен 142,2 мың адам қамтылған, ол өткен кезеңмен салыстырғанда 2,9 % артық. Оның өзінде өтемақына төлеуге жұмсалатын шығындар 12,9 млрд. теңгені құрады немесе өткен жылдың баламалы кезеңімен салыстырғанда 24,0 %  артты [8].

Төмендегі 1-кестеде, ана мен балалық шақты әлеуметтік қолдау Қазақстанда бес бағыт бойынша дифференцияланғанын көруге болады. Әлеуметтік өтемақылардың жаңа түрлері бойынша 2010 жылдан бері өтемақы ата-аналарға, қамқоршыларға, мүгедек-балалардың тәрбиешілеріне бір минималды жалақы мөлшерінде беріледі.

 1-кесте – Демографиялық ахуалды арттыруға әрекет. Балалары бар отбасыларға өтемақы мөлшерінің артуы     

 Кедей топты қолдауда әлеуметтік бағдарламалар өз мақсаттарына жетіп отырғандығын немесе отырмағандығын анықтауға мүмкіндік беруші маңызды көрсеткіштер кедейшілік көрсеткіштері болып табылады: кедейлердің үлесі, кедейлік ауқымдылығы, кедейлік өткірлігі.

Абсолютті  кедейшілікті  азайтудың  жалпы үрдісінде бағалау жағдайында «кедейлер үлесі» көрсеткіші саралаудың толық көлемдегі оңтайлы құралы болып табылады. Алайда, кейбір жағдайларда, осындай немесе өзге де шаралардың  әсер  ету  саралауын  қоса отырып,халық арасындағы кедейлік үлесінің көрсеткішін қолдану алынған әсерлерді бағалауға мүмкіндік береді. Кедейлік ауқымдылығы мен кедейлік өткірлігі – кедей халық арасындағы табыстардың алшақтығын көрсетеді де аз қамтылған халыққа әлеуметтік бағдарламалар көмегі үшін аса маңызды ақпаратты ұсынады. Осылайша, барлық үш көрсеткішті бір уақытта мақсатты қолдану кедейлік бойынша жағдайды мейлінше толық түсіндіреді. Әлеуметтік бағдарламалар көмегі үшін мақсатты көрсеткіштің қандай болатындығына байланысты, мемлекет тарапынан  аз  қамтылғандарға   мақсатты  топ және көмекті қажет ететіндерді таңдау әдісі өзгеруі мүмкін. Осылай, егер басты көрсеткіш ретінде кедейлік деңгейі анықталса (күн көріс минимунынан төмен табысы бар үй шаруашылығы), онда мемлекеттің әлеуметтік көмегі кедейшіліктен шығуы оңай топқа бағытталуы тиіс. Бұл – табыстары күн көріс деңгейінен сәл төмен адамдар. Егер индикативті үшін күн көріс деңгейінен төмен табысы бар адамдарды «кедейлік ауқымдылығы» көрсеткіші таңдалса, онда мақсатты топ мейлінше кедей болулары тиіс, бұл шара олардың табыс алшақтығы мен күн көріс деңгейін азайту үшін жасалады.

2000 жылы қыркүйекте Нью-Йоркте Президент  Н.А.Назарбаев  әлемдік  көшбасшылар қол қойған мыңжылдық декларациясында алдағы міндеттердің бірі: «1999 жыл мен 2015 жылдар аралығында табысы күн көріс деңгейінен төмен адамдар үлесін екі есе азайту» деп мәлімдеген болатын. Осылай, аз қамтылғандарға әлеуметтік бағдарламалар тиімділігін бағалаудың басты индикаторы – табысы күн көріс деңгейінен төмен халық үлесі болып табылады.

Ресми статистика мен үкімет есептерінен 20032012 жылдары кедей халықтың үлесі анық түрде елде 7,2 есе (46,7%-дан  6,5%-ға дейін) кеміді.

Кедейлік үлесі ауылда да тез қарқынмен төмендеген (59,4%-дан 2003 ж. 10,1%-ға дейін 2013 ж.,) бірақ қала халқының кедейлік үлесімен салыстырғанда үш есе жоғары.

  2-кесте – Қазақстанның ауылдық және қалалық жерлердегі 2003-2012 жылдар аралығындағы кедейшілік деңгейін бейнелеуші көрсеткіштер

Осылайша, кедей халық үлесінің төмендеу үрдісі 2003 жылдан бері байқалуда және 2008 жылғы қаржылық дағдарысқа қарамастан сақталып қалуда, бұл дамудың экономикалық теориясына қайшы келеді. Кедейліктің төмендеуі, дағдарыстың қысқа уақытында болмасын, мемлекеттік әлеуметтік саясат шараларымен негізделген: 2009-2010 жылдары Жол картасы бағдарламасының жүргізілуі, зейнетақының өсуі, бюджеттік саладағы жалақының артуы және т.б.

Халықтың  табысын   арттыру  мақсатында қолдау көрсете отырып және елдің мейлінше кедей тобына әлеуметтік кепілдемелер ұсына отырып мемлекет басты рөлді ойнайды.

Осылай, 2010 жылы зейнетақының ең төменгі мөлшері зейнеткердің күн көріс минимунынан асып түссе де 2001 жылмен салыстырғанда 3,1 есеге өскен, бірақ халықтың күн көріс минимунынан айтарлықтай төмен деңгейде.

Мемлекет орнатқан, жалақының минималды мөлшері көрсетілген уақытта 4,3 есеге өсіп, 2005 жылдан бері еңбекке қабілетті адамның күн көріс минимунынан асып түсті.

2003-2012 жылдар аралығындағы корреляциялық саралау нәтижесінің негізінде жалақының минималды мөлшері мен кедей халық үлесінің арасындағы және де зейнетақының минималды мөлшерімен тығыз теріс деңгей анықталды,(корреляция    коэффициенті    r  =-0,82 және -0,97 сәйкесінше, тәуелділіктің жоғары деңгейі). Бұл жалақының минималды мөлшерінен асып түскенде кедей халық үлесі азаятынын көрсетеді. Бұл кедей халық үлесін төмендетуге қабілетті механизмдердің бірі болуы ықтимал.

ҚР статистика Агенттігінің мәліметтері бойынша 2012 жылы үй шаруашылығындағы кедей топтардың бір жылдағы жан басына кеткен қаржы – 132 476 тг, ал жақсы қамтамасыз етілген отбасылардың қаражаты жан басына 533190 тг теңге. Кірістің қатынасы 2012 жылы эквивалент шкаласының көрсеткішімен 4,5 есеге, ал эквивалент шкаласының есебінсіз 5,3 есеге қамтамасыз етілген.

Отбасының кірісіне байланысты олардың тамақтарды   тұтыну  түрінде  де ерекшеліктер болады. Азық-түліктің тұтыну түрі азаяды. Салыстыратын болсақ, 2011 жылы аз қамтамасыз етілген  отбасылардың 10%-ы жеміс  жидек, ет және ет өнімдерін   5 есеге аз пайдаланған,   ал балық және теңіз тағамдарын 4 есеге аз тұтынған.

Қазақстан халқының ақшалай кірістері құрылымының динамикасын қарастыратын болсақ, 2003-2012 жылдар аралығында айтарлықтай өзгерістер болған жоқ.

Осы он жыл ішінде еңбек кірісінің үлес салмағы 2003 жылы 77%-дан  2012 жылы 81%ға өсті және осы жоғарғы қалпында қалып отыр. Соған қарамастан, әлеуметтік трансферттер үлесі 2%-ға  төмендеді  және ол 2012 жылы  15%-ды құрады, басқа да ақшалай түсімдер 2%-ға азайды. Отбасы кірісінің  құрамындағы жалданып жұмыс істеуден түскен кірістің үлесі 2006 жылғы 67,9%-дан 2010 жылы 71,3%-ға өсті. Осыған байланысты, мемлекеттегі кедей халық үлесі динамикасының өзгеруі мен жағдайды жақсартуға қол жеткізудің басты көзі жалдамалы жұмыстың еңбекақысы болып табылады.

2сурет – ҚР халқының 2003-2012 жж. ақшалай кірісі құрылымының өзгерісі Дереккөз: ҚР Статистика агенттігінің мәліметтері негізінде құрастырылды

Отбасы кірістерінің құрамындағы жеке меншіктен түскен кіріс үлесі мен кәсіпкерлік қызметтен түскен кіріс үлесін анықтаудың маңызы зор. Соңғы жылдары Қазақстанда орын алған шағын бизнес масштабының кеңеюі мен қаржылық инфрақұрылымның дамуы жеке  меншіктен және кәсіпкерлік қызметтен түскен кірістер үлесінің  артуын  қамтамасыз  етуі  тиіс  және  де халықтың ақшалай кірісінің құрамындағы бұл көрсеткіштердің үлесі өсуі қажет. Бірақ Қазақстанда  жеке  меншіктен  түсетін кірістің үлесі төмен деңгейде: 2003-2011жж. аралығында 0,4%-дан 0,7%-ға өсті, ал 2012 жылы 0,5%-ға кеміді. 2008-2012 жж. аралығындағы өзін-өзі жұмыспен қамтудан және кәсіпкерлік қызметтен түскен кірістердің үлесі тұрақты кему тенденциясында болды: 2008 жылғы 11,8%-дан 2010 жылы 9,6%-ға төмендеді. Жұмыспен қамтылған халықтың 33%-ын құрайтын, шағын бизнесті қолдау  және өзін-өзі жұмыспен қамтитындарды оқытуға арналған мемлекеттік бағдарламаларды дамыту және олардың халық кірісіндегі үлесін,белсенді кәсіпкерлер санын арттыра отырып, кем дегенде 20%-ға көбейту қажет.

3-сурет – ҚР 2006-2010 жж. аралығындағы өзін-өзі жұмыспен қамту, жеке және кәсіпкерлік қызмет бойынша халық кірісінің динамикасы

 Қазақстанның қалалық және ауылдық жерлерінде тұратындардың үй шаруашылығындағы кіріс құрылымдарының арасында айтарлықтай ерекшеліктері бар. 2012 жылы қалалық жерлердегі үй шаруашылығының кірісі келесі табыс көздерінен: жалданып жұмыс істейтіндердің еңбекақысынан (75,1%), жеке және кәсіпкерлік қызметтен түскен табысынан (6,6%), сонымен қатар зейнетақыдан (11,6%) құралды. Ауылдағы үй шаруашылығы кірісінің көп бөлігін жалданып жұмыс істейтіндердің еңбекақысы (63,5%) құрады, бірақ бұл қаладағыға қарағанда салыстырмалы түрде төмен болды. Сонымен қатар қалада да ауылда да кірістің айтарлықтай бөлігін шаруа қожалықтары мен жеке қосалқы шаруашылықтарда өндірілген ауылшаруашылық өнімдерін сатудан жиналған ақшалай түсімдерден қалыптасқан жеке және кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстар (15,8%) құрады.

Жоғарыда  көрсеткеніміздей, Қазақстандағы отбасылардың еңбектен түскен табыс құрамының негізгі көзі – жалдамалы жұмыстан түскен табыс. Орташа жалақы мөлшері жан басына шаққандағы номиналды ақшалай табыс пен зейнетақы үлесінен айтарлықтай жоғары (3кесте). 2007-2012 жылдар аралығында экономикалық өсімнің негізінде  номиналды  орта-  ша айлық табыс мөлшерінің өскені байқалды,  ал орташа еңбекақы мөлшері мен кірістің арасындағы айырмашылық  қысқарып,  ор-  таша еңбекақы мөлшері мен зейнетақының арасындағы айырмашылық керісінше өскен. 2010 жылғы экономикалық дағдарыс бүкіл Қазақстан бойынша еңбекке ақы төлеудің өсу темпіне әсерін тигізді, ал мемлекетпен қабылданған бағдарламалар халықтың осал топтарын қолдауға пайдаланылды, мысалы, зейнеткерлер, сондықтан орташа еңбекақы мөлшері мен зейнетақы арасындағы айырмашылық айтарлықтай төмендеді.

 3-кесте 2007-2012жылдардағы ҚР халқының ақшалай кіріс көздері көрсеткішінің динамикасы

 Көптеген ғалымдардың пікірінше (Karoly 1993; Burkhauser 1996; Gottschalk, Smeeding 1997 және басқалар), еңбекақы мөлшеріндегі өзгерістер жеке табысты бөлудегі теңсіздіктің өсуінің негізгі себебі болып табылады, бұл құбылыс 20  ғасырдың  80-жылдарынан  бастап барлық дамыған елдерде байқалып отыр. Lawrence E. Raffalovich, Shannon M. Monnatb и Hui-shien Tsa (2012 ж.) жүргізген зерттеулері барысында анықталғандай, үй шаруашылығының отбасылық табысының негізгі құраушысы жұмыспен қамтудан түскен табыс, ал аз қамтылған үй шаруашылықтары үшін бұл құраушылар  әлеуметтік  жәрдемақылар  болуы мүмкін. Pierre Fréchette айтуы бойынша нарықтық экономикада адамдар өздерінің табысын жалданған болса, жалақысынан, кәсіпкер немесе жалға беруші болса, кіріс ретіндегі табыстан, егер жеке меншігі болса, түскен табыстан жинайды. Солай бола тұра, бұл кірістердің 85%-ын ғана  жалақы  құрайды. 2007-2012 жылдар аралығында номиналды орташа айлық еңбекақының өсу темпінің мөлшері орташа жылдың көрсеткіші 19,8%-ды құрады. Сонымен қатар нақты еңбекақының мөлшерінің өсімі де белгіленген – 2007-2012 жылдардағы оның орташа жылдық көрсеткіші 7,9%-ға жетті.

Sarah   O’Hara   and   Michael   Gentile  өзінің Household Incomes in  Central Asia: The  Case  of  Post-Soviet   Kazakhstan»   зерттеулерінде 2000 жылдан бері Қазақстан экономикасының өсімін орта есеппен 10% сипаттайды, бұл жанама зерттеулерден-ақ көрінетіндей өмір  сүру деңгейін көтеруге де септігін тигізгенін айқындаған [9]. ҚР Статистика Агенттігі 2007-2012 жылдар аралығында номиналды еңбекақының өскендігін растайды, сонымен қатар үй шаруашылықтарының материалдық жағдайынының жоғарылағанын және сәйкесінше өмір сүру деңгейінің жоғарылағанын да айқындайды, ол төмендегі диаграммада көрсетілген.

4-сурет – 2005-2012 жж. Қазақстан халқының күнкөріс деңгейінің көрсеткіштері, % Дереккөз: ҚР Статистика агенттігінің мәліметі негізінде құрастырылды

 4-суретте көрсетілгендей, Қазақстан халқының күнкөріс деңгейінің көрсеткіштері: табысы күнкөрістің ең төменгі шамасынан төмен халықтың үлесі және табысы азық-түлік қоржынының құнынан төмен халықтың үлесі болып табылады. Табысы күнкөрістің ең төменгі шамасынан төмен халықтың үлесі 2012 жылы 2011 жылмен салыстарғанда 1,5%-ға, 2011 жылы 2010 жылмен салыстырғанда 1,2%-ға, 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда 1,7%-ға, 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 3,9%-ға, 2008 жылы 2007 жылмен салыстырғанда 0,6%-ға, 2007 жылы 2006 жылмен салыстырғанда 5,5%-ға, 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 13,4%-ға төмендеген. Табысы азық-түлік қоржынының құнынан  төмен  халықтың  үлесі  2012 жылы 2011 жылмен салыстарғанда 0,9%-ға өскен, 2011 жылы 2010 жылмен салыстырғанда 0,1%-ға    өскен, 2010 жылы  2009 жылмен салыстырғанда 0,2%-ға, 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 0,6%-ға, 2008 жылы 2007 жылмен салыстырғанда 0,2%-ға, 2007 жылы 2006  жылмен салыстырғанда 1,3%-ға, 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 2,5%-ға төмендеген. Осы кезде еңбекке ақы төлеуді ұйымдастырудың маңызды ауытқушылықтары орын алады. Ең бірінші экономикалық қызмет және аймақтар бойынша орташа жалақы мөлшерінің өзгерісі байқалады. Сонымен, 2010 жылы ең төмен орташа жалақы мөлшері ауылшаруашылығы, орман және балық шаруашылықтарында байқалды  – 36 477 тг., ең жоғарғысы (экстратерриториялық ұйымдар мен органдардағы қызметтерді есептемегенде) – қаржылық және сақтандыру қызметтінде 158 121 тг. Осылай, максималды және минималды еңбекақы мөлшерлемесі бойынша еңбекке ақы төлеу үлесінің коэффициенті 4,5 болды.

Сонымен, біздің мемлекетіміз – демографиялық ахуалды көтеруге, ана мен бала денсаулығына жіті назар аударуға, көпбалалы аналарға қолдау жасауға аса мән беріп отырған елдердің бірі. Ерлі-зайыптылардың,  ата-ана  мен балалардың арасында қалыптасатын патологиялық проблемалар отбасының әлеуметтік мәртебесіне қарамай, нашар қамтылған  немесе сауаты төмен шаңырақтар сияқты, дәулетті, зиялы отбасыларда да болуы мүмкін. Отбасы және отбасы қарым-қатынастары институты қоғамның біртұтастығына елеулі түрде ықпал ететіні белгілі.

Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайының бұдан әрі жақсаруына орай отбасы саясатын, отбасы қарым-қатынастарын жетілдіру проблемалары алдыңғы орынға шығады. Сондықтан заңды неке институтына жан-жақты қолдау көрсету, отбасы құндылықтарын нығайту, оның абыройын көтеру барша қоғамның  басты міндеттерінің бірі болып табылады. Бүгінгі тәрбие берудің негізгі міндеттерінің өзі «ең алдымен, дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, ар-ожданы мол, мәдениетті, парасатты, еңбекқор, іскер, бойында басқа да ізгі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу» деп көрсетілген Қазақстан Республикасының тәлімтәрбие тұжырымдамасында.

Қазіргі кезде мемлекеттің көптеген саясаты отбасы мәселесіне алаңдаушылығымен байланысты және ол жұртшылық назарын қазіргі отбасының жағдайына аудару, қоғамның негізгі институты ретінде отбасы мәнін арттыруға бағытталған шара болып есептеледі.

Қорыта келгенде, қазақстандық отбасылардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуда төмендегі мәселерге назар аудару керек сияқты:

  • халықтың өмір сүру деңгейінің негізгі әлуеметтік стандарттарын есептеудің әдістемесін қайта қарау қажет: күнкөріс деңгейінің мөлшері мен әлеуметтік көмек көрсетілу үшін қолданылатын «кедейлік шегін», күнкөріс деңгейінің минималды мөлшерін орташа жалақының 0,19-дан 0,30-ға дейін (1,0) жеткізу керек, мысалы, Ресей мен Беларусияда бұл көрсеткіш 0,35 құрайды;
  • әлеуметтік қолдау деңгейін 2010 жылы ЖІӨ-нің 4,2%-ы нан 2015 жылы 10%-ға дейін жеткізу. Әлеуметтік қолдау бағдарламалары қажетті жергілікті еңбек нарығына сай еңбек және бейімделу тағылымдарын беруге негізделуі тиіс, оның ішінде кәсіпкерлік қызметке демеу болу, өткізу нарығын ұйымдастыру;
  • теңсіздікті өлшеуді орташа ақшалай табыспен ғана емес, үй шаруашылығының таңдамалы қадағалану нәтижелерін макроэкономикалық көрсеткіштерді есептей отырып жүргізілуі тиіс.
  • отбасына қолдау өтемақысы табыстарының құрылымында және де «Кедей балалар үлесі» көрсеткішін, «Үй шаруашалықтарының балалар өтемақысымен – балалары бар отбасыларды қолдау үшін қамтылуы» көрсеткішін жеке жүйеге қосу қажет. Балалар өтемақысының әсерін бағалау үшін балалары бар отбасыларға номиналды ақша табыстарының құрылымын, бұл өтемақы түрінің осы әлжуаз топ үшін әсерінің өтеамақы алатын және алмайтын кедей отбасыларды есептеу үшін адекватты бағалауға мүмкіндік  береді.  Бұл  өтемақының  осы  санат қатарындағы әсерін бағалауға мүмкіндік береді; әлеуметтік қорғаудың статистикалық индикаторларының жүйесін құрауда тиімділігін бағалау үшін аз қамтылған отбасыларды, балала-ры бар отбасыларды және кедейлер қатарына түсу қаупі бар әлжуаз топтарды анықтап алу қажет.

 

 

әдебиеттер

 

  1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2050 стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы, 2012 жыл 24 желтоқсан, Астана.
  2. Арғынбаев Х. «Қазақ отбасы: қазақ отбасының кешегісі мен бүгінгісі жайындағы ғылыми зерттеу еңбегі». – Алматы: Қайнар, 1996. – 22-23 б.
  3. Отбасылық тәрбие, оның тарихи негіздері. Бегалиев Т.Б., Әжібаева Р. Е. Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз. – 2009. – 45 б.
  4. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. – Алматы, 2006. IV-том. – 156-157 б.
  5. «Қазақстан» Ұлттық энциклопедия, Бас ред. Б. Аяған. – Алматы: «Қазақстан энциклопедиясының» Бас редакциясы, 2005. VII-том. – 220-223 б.
  6. Энгельс Ф. «Отбасының, жекеменшіктің және мемлекеттің шығуы». – Алматы, 1984. – 5-7б.
  7. Жаназарова З.Ж. Социология семьи: учебное пособие. – Алматы: Қазақ университеті, – 192-б.
  8. Абдыкаликова Г.Н. Становление и развитие системы социальной защиты населения в Республике Казахстан // Материалы международной научно-практической конференции «Социальная модернизация новая социальная политика» 30 сентября 2011 г., Астана.
  9. Sarah O’Hara, Michael Gentile Household Incomes in Central Asia: The Case of Post-Soviet Kazakhstan // Eurasian Geography and Economics, Volume 50, Number 3, May-June 2009, 327 б.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.