Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Интеллектуалды капитал қоғамның постиндустриалды даму кезеңіндегі білімге негізделген экономиканың бастауы ретінде

Қазақстан Республикасының индустриалды даму концепциясы қоғам дамуының инновациялық түріне көшуді, интеллектуалды сыйымды  адам  потенциалын  қалыптастыруды, жастардың интеллектуалды капиталын мақсатты дамытуды көздейді. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық жүйесінің инновациялық даму жолына  өтуі  жағдайында  және  оның  сыртқы әлемге ашықтығының өсуіне құзыреттілік құндылықтары, еңбек мәдениеті, рационалды кәсіби жоғары деңгейі бар жас мамандар қажет. Қазақстанның қазіргі әлеуметтік-экономикалық жүйесінің бәсекеге қабілеттілігі бір жағынан білім беру процестері мен кадрлердің кәсібилігінің сапасымен, еңбек мәдениетінің дамуымен анықталады. Екінші жағынан, инновациялық даму жағдайында қоғамдық байлықтың өсуі жастардың мәдени капиталының өсу динамикасына, жоғары оқу орындары түектерінің интеллектуалды қабілетінің жинақталуына, студенттік кездегі жалпы кәсіптік және тұлғалық құзіреттіліктерді қалыптастыру мен жаңа білімдерді игере білуіне, оларды қоғамның инновациялық ресурсына айналдыра білуіне байланысты.

Интеллектуалды капитал концепциясы постиндустриалды даму кезеңіндегі қоғам ұғымымен тығыз байланысты. Постиндустриалды қоғамды ақпараттық қоғам деп те атауға болады, өйткенi оның ядросы ақпараттық технологиялардың қарқынды және шапшаң дамуы болып табылады [1].

Егер индустриалды қоғам индустриалды революцияның нәтижесi болса, онда постиндустриалды қоғам ақпараттық революция нәтижесi:

  1. экономикада өндiрiстiң рөлi төмендеп ақпарат өндiру және  оған қызмет көрсетудiң (сервис) рөлi күнненкүнге жоғарылайды. Қазіргі заманда ақпарат негiзгi байлыққа айналуда, оның ерекше белгiлерi ретінде  жер  мен  капиталға  қарағанда  ол шексiз, бәрiне де қолайлы және қолданған кезде азаймайды, арзан, ал оны сақтау қиынға түспейді, ал бұл  оның  өнiмдiлiгiн  арттырады;
  2.  оның техникалық базасы компьютерлік технологиялар  мен  коммуникация құралдары;
  3. «ұлтаралық шекаралардың» бұзылуы, батыс Еуропа елдерi Шенген келiсiмi бойынша қай елге болсын визасыз бара алады, танертең Германия, Бельгия, Голландия, Францияда кешке Испанияда болуы мүмкiн немесе АҚШ-та және Канадада;
  4. халықаралық ұйымдардың рөлiнiң көтерiлуi (БҰҰ, ЕҚЫҰ);
  5. демократияның дамуы; жеке меншiктiң орнына корпоративтi және институционалды меншiк келедi, ақпараттық техникаға негiзделген адамның дене күшi емес оның интеллектуалды күшi пайдаланылады, өндiрiс тәсiлi бiлiмге негiзделедi (ақша-ақпарат, ақша-кредит карточкасы, электронды ақша, өндiрiсте капитал,  акция);  
  6.  зауыт  –  кеңсе;
  7. интеллектуалды еңбекпен айналысушыларға тән субурбанизация  –  қала  шетiнде  орналасу;
  8. функционалды сауатсыздық, оқу, жазу, есептеу дағдылардың жойылуы, ақпараттық игiлiктердi материалдықпен салыстырғанда өзiне алып алуға болмайды, оны тек түсiну, ұғу қажет [2].

Ақпараттық қоғам – өндіріс пен ғылымитехникалық және басқа ақпаратты қолдануды қоғам дамуының басты факторы ретінде қарастыратын әлеуметтік және футурологиялық тұжырымдама; өндірістің жоғары деңгейімен және ақпарат пен ақпараттық қызметтер мүддесімен сипатталатын қоғам. Әлемнің дамыған елдері қатарында болған компьютерлік революция адам жан дүниесінің, қоғам идеологиясының, білім мазмұнын анықтау мен жаңа ақпаратты білім технологияларын құрастыру жолдарының өзгеруіне әкеліп соқтырады. Ақпараттық қоғам тұжырымдамасы З. Бжезинский, Д. Белл, А. Тоффлер негізін қалаған постиндустриалды қоғамның бір түрі болып табылады. «Ақпараттық қоғам» ұғымынан басқа әртүрлі  авторлар  әркелкі   атаулар қолданады: «ағартылған қоғам» (К. Флекснер), «қатер қоғамы» (У. Бек),  «посткапиталистік  қоғам» (П. Друккер), «ашық қоғам» (Дж. Сорос). 1950-1970-жылдары техниканың, компьютердің қарқынды дамуы, жалпы ҒТТ  салған  жол арқылы адамзат баласының жаңа дәуірге аяқ басқандығы айқын байқалды. Адам баласының  толық «техникаландырылған» және «ақпараттандырылған» әлемде өмір сүру, тіршілік ету мәселесі оқымыстыларды, сонымен қатар әлеуметтанушыларды да толғандырмай қоймады, соның әсерінен «ақпараттық қоғам» тұжырымдамасы пайда болды [3].

XX ғасырдың 70-80-жылдарында болашақты супериндустриалды, технотронды, кибернетикалық, ақпараттық қоғамдар шеңберінде қарастырған бірнеше тұжырымдама пайда болды. Оларға мынадай екі алғышарт  тән: 1) қоғамның негізгі факторларының бірі ретінде ақпараттық техника аталады, соның арқасында «ақпараттық қоғам» ұғымы біртіндеп басқаларды ығыстырады; 2) ақпараттық қоғамды техносфераның, қоғамның тарихи,  мәдени  және әлеуметтік-экономикалық дамуының ерекше кезеңі ретінде қарастырады. Тоффлердің айтуынша, техникалық өзгерістер үш кезеңнен өтеді: біріншісі аграрлық мәдениетпен байланысты,   екіншісі   –   индустриалды, үшіншісі ақпараттық. Жер, еңбек, капитал, шикізатқа қарағанда ақпарат аса маңызды мәнге ие болады, ал бұқаралық стандарттандырылған өндіріс информатика мен супертехнологияларға сүйенетін қолөнері, ой еңбегі негізінде жасалатын жеке «кәсіптік» жаңа жүйемен алмастырылады. Мұндай өндірістің соңғы өнімі стандарттандырылған миллиондаған бірдей тауарлар емес, жекелеген, қайталанбас тұтыну және қызмет өнімі болып табылады. Көптеген авторлардың пікірінше, мұндай қоғамды орнатудың ең жақсы тәсілі бюрократия емес, адхократия (қандай да бір нақтылы міндетті шешуге бағытталған уақытша ұйым). Тоффлердің пікірінше, ақпараттық қоғамға тән ең басты белгілер мыналар:

  • экономикалық және   әлеуметтік  өмірдің барлық қырын бұқаралық және стандарттық сипаттардан арылту;
  • қоғамда болып     жатқан   өзгерістердің қарқындылығы, инновациялардың жоғары деңгейлілігі.

Қалыптасып келе жатқан ғаламдық ақпараттық қоғамда ақпараттың рөлі мен мәні артып отыр. Ақпараттық технологиялардың төңкерістік іс-әрекеттері ақпараттық қоғамда таптарды әлеуметтік жіктелмеген «ақпараттық қауымдастықтармен» алмастыруға алып келеді. Тоффлер  дәстүрлі  корпорацияларға «шағын» экономикалық  қалыптарды  –  үйдегі жеке индивидуалды қызметті, «электронды коттеджді» қарсы қояды. Олар ақпараттық қоғамның инфо, техно және адам тұрмысының басқа да салаларының жалпы құрылымына енгізілген. Теледидар, компьютер қызметі    және    энергетика  синтезі  негізінде «Ғаламдық    электрондық    өркениет»   жобасы «телекомпьютерэнергетика» жасалуда (Дж. Пелтон). «Компьютерлік төңкеріс» біртіндеп дәстүрлі баспаны «электрондық кітаптармен» алмастыруда, идеологияны өзгертіп, жұмыссыздықты, бос уақытын қызықты өткізуге айналдыруда (X. Эванс). Әлеуметтік және саяси өзгерістер ақпараттық қоғам теориясында «микроэлектронды төңкерістің» тікелей нәтижесі ретінде қарастырылады. Демократияны дамыту болашағы ақпараттық техниканы таратумен байланыстырылады. Тоффлер және Дж. Мартин оның басты рөлін азаматтар мен үкіметті тікелей байланыстыратын, шешім қабылдауда олардың пікірін есепке алатын телекоммуникациялық  «кабельдік  желіден» көреді. Ақпараттық қоғам тұжырымдамасы технологиялық детерминизмнің әлсіздігін, қоғамды компьютерлендірудің жағымсыз қырларын алға тартқан гуманистік бағытты ұстанатын философтар мен ғалымдардың тарапынан сынға ұшырады [4].

Білім   экономикасы   –    постиндустриалды экономика мен инновациялық экономиканың дамуының жоғарғы кезеңі. Білім экономикасы термині инновациялық экономика ұғымының синонимі ретінде жиі қолданылады. Алайда білім экономикасы – инновациялық экономиканың дамуының жоғарғы кезеңі және білім қоғамы мен ақпараттық қоғамның негізі болып табылады [5]. Білім экономикасы – білімге негізделген экономика. Заманауи нарықтық экономика білім нарығы мен материалдық – заттық тауарлар мен ресурстар нарығындағы ақпараттарды игерумен сипатталады.

Қорлардағы инвестицияға қарағанда, білімге салынған инвестиция жылдам өседі.  Жаңа білімдерді жасау процесіндегі болжау қажеттілігі, бағалар мен ғылыми-техникалық дамудың шарттарын анықтау салаларды классикалық классификациялаудың орнына технологиялар қолданылатын ғылыми сыйымды деңгейде бағалау негізіндегі классификациялау байқалады.

Білім экономикасының дамуы мен қалыптасуының негізгі факторы  адам  капиталы болып табылады. Адам капиталы дамыған мемлекеттерде жаңа технологиялар жасауда, өндірістің дамуында, олардың тиімділігін арттыруда, ғылым, мәдениет, денсаулық сақтау, қауіпсіздік, әлеуметтік салалардың дамуында басты өндірістік факторға айналды.

Адам капиталын зерттеу тек ХХ ғасырдың ортасында ғана жүзеге аса бастады. Тек осы уақытта ғана «адам капиталы» теориясын жасауға алғы шарттар туады. «Адам капиталы» теориясының  методологиялық  негізі  мен басты    бағыттарын    Г.    Беккер,    У. Боуэн, Э. Дженисон, Т. Щульц сияқты экономистер қалыптастырды. ХХ ғасырдың соңында «адам капиталы теориясы» экономика бойынша 1979 жылы Теодор В. Щульцқа, 1992 жылы Гэри Беккерге берілген Нобель сыйлығы арқылы өзін мойындатты. Ғылыми-техникалық революция дәуірінде экономикалық өсудің факторы тікелей  жұмысшының  өзі  болып табылады.

«Адам капиталы» – табиғи ресурстар мен жиналған  байлықтан  маңыздырақ  өте  бағалы ресурс. Зауыттар, құрал – жабдықтар және өндірістік қосалқылар емес, дәл адам капиталы бәсекеге қабілеттіліктің, экономикалық өсу мен тиімділіктің негізі болып табылады [6].

«Адам капиталы» ұғымын қолдану әлеуметтік институттардың рөлін түсінуге, әлеуметтік параметрлерін анықтап қана қоймай, сонымен қатар әлеуметтік фактордың нарықтық экономикаға тигізетін әсеріне экономикалық талдау жүргізуге мүмкіндік береді. «Адам капиталы» ұғымы қоғамдық өндірістің категориясы ретінде анықтамаға ие болады: «адам капиталы – бұл жүйелі құрылымдық – функционалдық ұйымға ие қоғамдық өндірістің күрделі категориясы» [7].

Постиндустриалды қоғам теориясын американ зерттеушілері қалыптастырғанымен, оның тамыры тереңде – еуропалық философиялық дәстүрде жатыр. А. де Сен-Симон, О. Конт және   Дж.   Ст.   Милль  өздерінің еңбектерінде

«өнеркәсіп қоғамы» немесе индустриалды қоғамды бөліп көрсетті, олардың ойынша әлеуметтік дамудың негізгі қағидасы өндірістік технологиялық ұйымдастырылуы болып табылады. Кейінірек, өткен ғасырдың басында белгілі экономист және социолог Т. Веблен өнеркәсіптік жүйенің дамуын терең зерттеу мен қосымша қоғам құрылымын институтционалды қарастыру негізінде прогресс теориясын жасауда сәтті қадам жасады.

Бұл идеяны екінші дүние жүзілік соғыстан кейін дамыта, зерттеушілер технологиялық прогресстің жеделдетілу жағдайында қоғамның жаңғыруы мәселелерін қарастыруға тырысты. ХХ ғ. 40-жылдардың соңында К.  Кларка  мен Ж. Фурастье постиндустриалды қоғам теориясының негізгі методологиялық принциптерін қалыптастырды. Олар қоғамдық өндірісті: біріншілік (ауыл шаруашылығы), екіншілік (өнеркәсіп), үшіншілік (қызмет көрсету саласы) секторларға бөлді. Постиндустриалды қоғамда ғылым, білім және т.б. үлкен мағынаға ие болады. Осы орайда ғылым өндірістік күш пе, өнім бағасына материалдық емес активтер бағасының қандай әсері бар деген қызық сұрақтар туындайды. Бұл мағынада К. Маркстің ғылымды өндірістік күш ретінде қарастырған көзқарасы маңызды болып табылады. Маркстің ойларынан мынадай қорытындыға келуге болады: ғылым сөзсіз өндірістік күш, сөзсіз өндіріске қатысады және оның дамуына әсер етеді [8].

Қазіргі түсініктегі қоғамның постиндустриалды теориясының туындауы ХХ ғасырдың 60-жылдарына  жатады. «Постиндустриалды қоғам» терминін алғашқылардың бірі болып өз еңбектері мен лекцияларында Р.  Арон,  Д. Рисман, Д. Белл, У. Ростоу, А. Турен және т.б. қолдана бастады. Д. Белл бұл түсінікке келесідей анықтама береді: «Постиндустриалды қоғам экономикасындағы басымдылық тауарды өндірудегі артықшылықтан, қызмет көрсетуге, зерттеу жүргізуге, білім жүйесін ұйымдастыру мен өмір сүру сапасын жақсартуға көшкен қоғам болып табылады; сонымен қатар техникалық мамандар табы негізгі кәсіпқой топқа айналады және ең маңыздысы жаңашылдықты енгізу үлкен дәрежеде теоретикалық білімдердің жетістігіне тәуелді болды. Постиндустриалды қоғам жаңа таптың пайда болатынын болжайды, олардың өкілдері саяси деңгейде кеңес беруші, эксперт, технократ  ретінде шығады».

Д. Белл постиндустриалды қатардың маңызды экономикалық ерекшелігі қызмет пен ақпаратты өндіру негізіндегі қоғамның қалыптасуы деп санайды.

Збигнев Бжезинскийдің сөзі бойынша, «постиндустриалды қоғам технотронды қоғамға айналуда, мәдениет, психология, әлеуметтік өмір мен экономика техника мен электрониканың, әсіресе компьютер мен коммуникацияның әсерінен қалыптасады. Өндірістік процесс құндылықтарға, әлеуметтік қатар мен қоғам құндылықтарынаәсерететін өзгерістердіңнегізгі факторы болып табылмайды». Қызмет көрсету саласының дамуы экономикалық реттеудегі дәстүрлі әдістер мен формалардың дұрыстығына күмән келтіреді, жеке компанияларды, тіпті, жалпы қоғамды басқаратын үлкен көлемді басқару формасы қажет. Мәселенің тереңдеуіне байланысты екі ыңғай пайда болды. Біріншісі социумның қазіргі жағдайын алдыңғылардан айырмашылығын көрсетеді. Екіншісі жаңа кезеңнің позитивті анықтамалардың қалыптасуына бағытталған.

Білім экономикасы – бұл әртүрлі салаларға жататын қызметтерге жататын салалардың жиынтығы. Оған тән сипаттық белгілер:

  • интеллектуалды адам  капиталына  материалдық   элементпен   салыстырғанда  инвестициялық салым көп;
  • ерекшелігі жоғары және материалды емес активтердің бірегейлігі;
  • компанияның қызметіндегі үлкен инновациялық бөлік;
  • шынайы экономикадағыдан  қарағанда,өндірістің жаңару темпі жоғары;
  • өндірістік технологиялардың немесе өнімдер мен қызметтердің жаңаруы перманентті сипатқа ие (бұл «білім экономикасы» мен жоғарғы технологиялар саласын жақындаттырады).

«Білім экономикасы» термині бүгінде дамудың постиндустриалды кезеңінің синонимі ретінде қолданылады, онда дәстүрлі экономика секторлары жаңа элементтермен табиғи үйлесімділік тауып, барлық жүйені принципті  түрде  жаңа  сапаға  жеткізеді. Кейде «білім экономикасын» заманауи индустриалды экономикада экономикалық ортаға жоғарғы технологиялардың әсерінен туындайтын әр түрлі өзгерістердің жиынтығы ретінде түсінеді [9].

Дегенмен де, «білім экономикасының» өзіндік ерекшелік белгілері бар:

Материалдық құндылықтардың интеллектуалды құндылықтарымен салыстырғанда айтарлықтай арзандауы. Бұған сенімді болу үшін, бүгінгі таңда жетістікке жетіп отырған бір компанияның қазіргі құнымен, он жыл бұрынғы құнын салыстырмалы түрде қарап, оның активтерінің құрылымы қалай өзгергендігін көруге болады.

  • Нарықтардың жаһандануы. Бұрын географиялық орналасу бәсекеге қабілеттілікті анықтайтын факторлың   бірі   болса,   қазір  бұл фактор жоғалады, дегенмен мыңдаған шақырымдағы басқа континенттегі бәсекелестер саны арта береді. Мысалы, АҚШ-та адам үйден шықпай-ақ жолаушылар самолетіне ие болған жағдай тіркелеген. Барлық авиаөнеркәсіп диллерімен ғаламтор арқылы алдын ала хабарласып, өзіне тиімдірек ұсынысты таңдап, ұшақты сатып алған.
  • Нарықтың қас-қағым әсері. Нарық субъектілерінің өзара әрекеттестіктері қазіргі уақытта экономиканың ақпараттық бейнесін ғана емес, тіптен мағынасында өзгертіп отыр. Нарық болып жатқан процестерге бейімделгіш келеді деген аксиомалық ой қалыптасқан. Ал «білім экономикасында» кейде мұндай бейімделу процестері қас-қағым сәтте жүзеге асады: бұл тек пайда көлемін азайтып қана қоймай, субъектінің мүлдем құлдырауына да әкелуі мүмкін.
  • «Адами фактор». «Білім экономикасы» адам сана   сезімін   басты   қозғаушы факторға айналдырады. Тек «білім экономикасы» жағдайында ғана жаңа идеялар, креативті ойлар, жаңа міндеттер қою, оларды жүзеге асырудағы нақты әдістер пайда әкеледі. Жаңа технологиялар мен бизнес-модельдердің негізінде адамның терең ақыл ойы жатыр. Жаңа идеяларды тудыратын адамдар өте құнды капиталға айналды. Сәйкесінше  мұндай   персоналды   басқару  әдісі де өзгеріске ұшырайды. Мұнда тек жаңа басқару алгоритмі қажет. Мысалы, Microsoft компаниясының басшылығы бүкіл әлемдегі ақпараттық технологиялар мен бағдарламалық қамтамасыз ету саласындағы тек талантты мамандарды жинап, оларға компанияның көптеген миллиардтар тұратын акцияларын  беру арқылы қызметкерлерінің компанияның қаржылық-экономикалық қызметінің нәтижесіне қызығушылығын арттыра түсті. Креативті критерийдің    теоретикалық  негіздемесі австро
  • америкалық экономист Йозеф Шумпетердің жұмыстарында көрініс тапты [10], ол алғаш рет шығармашылықты экономикалық дамудың басты факторы ретінде қарастырды.
  • Қас-қағымда өсу әсері. «Білім экономикасы» жағдайында өнім немесе қызмет нарыққа қас-қағым сәтте еніп кетеді. Барлық дерлік маркетинг нарық жағдайында жылдам ақпарат таратуға негізделген.
  • Жоғарыда айтылғандардан   байқағанымыз, «білім экономикасы» постиндустриалды экономиканың дамуының интеллектуалды капиталдың   жетілгендігімен,  инновациялық технологияларды  белсенді түрде  өндірісте қолданумен, нарықтың  жаһандануымен  байланысты кезеңі болып табылады. Сәйкесінше, айтылған ұғымдардың мағынасы толық дерлік жақын  болғандықтан, оларды синонимдер десекте болады. «Білім экономикасы» және постиндустриалды экономика      түсініктерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстырмалы түрде талдай келе, мынадай қорытындыға келуге болады: білім экономикасын постиндустриалды  қоғамның экономикалық дамуының моделі ретінде қарастыруға болады [11]. Интеллектуалды капитал құндылықтары мен экономикалық тұрақты даму. Интеллектуалды ресурстар, интеллектуалды капитал, интеллектуалды потенциал, адам капиталы түсініктері экономикалық және әлеуметтанулық зерттеулерде       қолданылатын  белсенді  категориялар қатарына жатады. Оларды жиі тепе-тең ұғымдар ретінде  қолданылса, кейде   олардың  арасында белгілі бір  айырмашылықтарды  да  табады. Интеллектуалды ресурстар концепциясын талдаудағы көңіл аударатын қызықты факт, бұл осы уақытқа дейін экономика ғылымында интеллектуалды ресурс ұғымы екі жақты түсіндіріледі: бір жағынан, қоғамның дамуындағы ғылым мен білімнің маңызды рөлін мойындаған, екінші жағынан, оларды талдаудың аясынан шығарды. Мәселен, К. Маркс өндірістегі техниканың дамуы мен ғылымға тәуелді «агенттердің» рөлінің артуын айта кеткен [8; 544–545 б]. Дегенмен де, интеллектуалды ресурстарды жүзеге асыру жолымен қоғамдық өндірісті дамытуды қамтамасыз ететін факторлар экономикалық өсуге қатысты экзогенді болып саналды.

Бұл сипат менеджмент теориясына да қатысты болатын. Олар басқару құрылымын, еңбекті ұйымдастыруға, жұмысшылардың мотивациясына көп көңіл бөлді, ал интеллектуалды  ресурстар  талдау  саласынан  тыс  қалды.

«Интеллектуалды ресурстар» түсінігінің жалпылама түрде интеллектуалды капиталды қалыптастыратын жеке  компоненттер,  мысалы технологиялар, патенттер, адами қабілеттер ретінде анықтауға болады. Интеллектуалды капитал және интеллектуалды ресурстармен байланысты түсініктердің алғашқы тарихи қатарында классикалық экономика теориясының негізін салушылар Адам Смит пен Джон  Стюарт Милль енгізген адам (интеллектуалды, гуманитарлы) капиталы түсінігі болды. Олардың еңбектерінде интеллектуалды капитал түсінігінің бастаушысы, қалыптастырушысы адамдардың еңбекке қабілеттілігінің саны мен сапасы туралы жинақталған түсініктер болды [9;14б]. Ғалымдардың үлкен қызығушылығын адам капиталының сапасы мен еңбек тиімділігін арттыру мүмкіндігін анықтайтын факторлар тудырды. Бұл аспектіде адам капиталының мәсеселерімен, адам капиталына білімнің әсер етуін қарастыратын неоклассикалық бағыттың өкілдері айналысты [12].

Адам капиталының заманауи концепциясы ХХ  ғасырдың  50-60-жылдарында  Чикаго мектебінің аясында В.Теодор Шульц қалыптастырды, ол 1961 ж. «Адам капиталына инвестиция» жұмысын жариялады [9], сонымен қатар бұл мәселеге Г. Беккердің жұмыстары арналды [12]. Берілген концепцияда адам экономикалық мағынада өндірісте қолданылатын заттық капиталмен теңдестірілді, ал білім адам капиталына инвестиция ретінде қарастырылады.

Бұл көзқарас бүгінде ғылыми әдебиеттерде кеңінен көрініс табады. Бұл концепциясының жетістігі адам капиталына көптеген заттық потенциалға әділ біршама жағдайлар қатары жеңіл ауысқандығы болып табылады. Г. Беккердің берілген категорияны талдау саласы кеңейіп тіпті микроэкономика шегінен шықты;

  • адам капиталы  иемденушісіне  табыс әкелетін адам қабілеттерінің жиынтығы ретінде қарастырылады;
  • адам  капиталы  адамның  туа біткен сапаларының негізінде, оның дамуына бағытты инвестиция арқылы қалыптасады;
  • инвестициялар көп болған сайын берілген өндіріс факторынан қайтарым жоғары болады;
  • жұмысшы күшін  иемденуші    үшін адам капиталының жоғарғылығы оның жеке табыстарының көрсеткішінің жоғарлануына әкеледі;
  • қоғамдық қайта  өндіру  деңгейінде  адам капиталының сапасы өндірістің тиімділігі мен экономикалық өсудің темпінен көрініс табады.

Г. Беккер адам капиталы, яғни индивидуалды деңгейде интеллектуалды ресурстар туралы айтқанымен, ғалым аса жоғары деңгейге қарай, нақтырақ айтқанда, жалпы қоғамның интеллектуалды потенциалын зерттеуге аяқ басты. Бұл жағдайда адам капиталына салынған инвестиция ұлттық экономикаға үлкен табыс әкеледі, өсуге мүмкіндік жасайды, сонымен қатар олар жаңа білімдерге деген қажеттілік деңгейін, технология саласындағы инновацияны анықтайды, даму мотивациясын қалыптастырады. Сондықтан білім беруге салынған капитал тиімді салым формасы ретінде қарастырылады, яғни индивидуалды потенциал арқылы қоғамның интеллектуалды потенциалын қалыптастыру.

Интеллектуалды капиталдың заманауи түсінігінің қалыптасуына ХХ ғасырдың басында жазылған Й. Шумпетердің еңбектері үлкен әсерін тигізді [10]. Шумпетер бойынша экономикалық даму негізінде шаруашылық қызметтің шарттары мен факторларын жаңа комбинацияларын жүзеге асыратын инновациялық процестер жатыр. Өйткені инновация қызметі кәсіпкерге жүктеледі. Дегенмен де Шумпетер инновацияның құрылымының келесідей нұсқаларын ажыратады: бар өнімге жаңа  сапа  енгізу  немесе жаңа өнім дайындау; өндірістің жаңа технологиялық әдісін енгізу (бұл ретте ғылыми ашылудың болуы міндетті дегенді білдірмейді); жаңа  өткізу  нарықтарын  игеру;  жаңа  шикізат көзін табу және кәсіпорынның өткізу мен ресурстар нарығындағы жағдайын бекітуге мүмкіндік туғызатын ішкі құрылымының жетілуі. Бұл процестердің эволюциялық сипаттамасы, олардың көпшілігінің  өзі  бұрыннан бар кәсіпорындарда, бұрынғы шаруашылық шарттарында жүзеге асуында. Шумпетер экономикалық дамудың маңызды факторы инновацияның диффузиясы деп санады, яғни игерілген және қолданылған инновацияның жаңа жағдайда таралуы. Й. Шумпетердің идеялары ХХ ғ. 80-жылдарының басында пайда болған экономиканың эволюциялық теорияларынң негізгісі болды. Эволюцияшылар Р. Нельсон  мен С. Винтер [13] өздерінің назарын жалпы экономикалық жүйенің өзгерістерінің себебі ретінде шаруашылық қызметтің субъектілерінің эволюциясына аударды. Инновация, ашылулар, кең түсініктегі білім беру эволюция механизмдерін сипаттауда маңызды орында.

Сонымен  қатар   өкілдері П. Ромер мен Р.Лукас [14; 22б] болып табылатын «өсудің жаңа теориялары» аталатын теорияларды да атап кету қажет. Олар ғылыми-техникалық прогресті экономикалық өсудің ішкі, эндогенді факторы ретінде қарастыра бастайды және белгілі бір мөлшерде адам капиталы концепциясына жүгінді. Р. Лукас Кубба Дугластың өндірістік қызметтің классикалық теңдігіне интеллектуалды капитал факторын  қосады және пайда болған модельдің көмегімен Оңтүстік Корея мен Тайванның экономикалық өсу  саласындағы  жетістіктерін  түсіндіреді. Бұл елдердегі физикалық, заттық капиталдың жетіспеушілігінің орнын интеллектуалды ресрустардың жоғарғы деңгейлігі толтырады. П.Ромер жаңа ойларды тудырып, экономикалық өсуді қамтамасыз ететін білім индустриясының моделін  өңдеді. Адам  капиталының жиналуын «өсудің жаңа теориялары» білім беру жүйесі қызметінің  нәтижесі ретінде қарастырады. Бір жағынан, білім беру индустриясы адам капиталын инвестиция ретінде пайдаланады.

Заманауи экономикалық даму концепцияларының өзара байланыстылығы интеллектуалды ресурстардың сапасы мен оның қоғамдық өндірісте қолдану дәрежесінің жеке мемлекеттердегі экономикалық өсу темпі мен ұлттық байлықтың деңгейіне тікелей әсерін тигізетінінде. Сонымен қатар қоғамның интеллектуалды капиталының, интеллектуалды ресурстардың   сәйкесінше   адам  капиталының динамикасы арқылы дамуын қарастыру мүмкіндігі расталады.  Экономикалық  ойлаудың  бұл бағытының дамуы ұлттық байлық түсінігін жаңаша түсінуге әкелді, оған көптеген ұрпақтардың еңбегінен құрылған материалдық байлығы табиғат ресурстары ғана емес, сонымен қатар интеллектуалды ресурстар, адам капиталы кірді. Дегенмен де бұл идея ауқымды өңдеуді қажет етеді. Бұл жағдайдың растамасын Дж. Кендрик [14] пен Т. Шульцтен [9, 15б] таба аламыз, интеллектуалды ресурстарды ұлттық байлық пен өсу факторы ретінде қарастырғанда туындайтын негізгі мәселелерді көрсетеді:

  • интеллектуалды ресурстарды қалыптастыру нақты сектордағы салалармен жақында ғана қатар орын алған жас салаларды қамтамасыз етеді:
  • интеллектуалды ресурстарды   шығаратын салалардың өзара әрекеттері қарапайым нарықтық қатынастар жүйесінде нақты сектормен сәйкес келмейді;
  • интеллектуалды ресурстарды макродеңгейде құнын бағалау қиын
  • интеллектуалды ресурстарға  жұмсалғандар ұзақ мерзімді инвестициялық сипатқа ие. Интеллектуалды    ресурстарды     зерттеуге Ресей ғалымдары да өз үлестерін қосты. Алғашқылардың бірі болып өз назарын өндірістің ерекше факторы ретіндегі интеллектуалды ресурстар мәселесіне И.К. Бабст [15]  пен Д.И. Пихно [16] аударды. И.К. Бабст экономист, тарихшы Мәскеу университетінің профессоры мемлекеттің дамуындағы халықтың білім беру мен квалификациялық басқарудың рөлінің маңыздылығын атап өткен. Д.И. Пихно белгілі экономист және саяси қайраткер Ресейдегі басқару ресурстары мен менеджменттің қалыптасу ерекшеліктеріне ерекше назарын аударған. Дегенмен де бұл дәстүр үзілді, заманауи Ресей экономикалық әдебиеттерде бұл мәселеге деген қызығушылық тек ХХ ғасырдың 90-жылдары ғана жанданды. Сол кезде Ресейдегі адам капиталын қарастырудағы сұрақтарға арналған бірқатар зерттеулер пайда болды. Бұл жұмыстардың ішінен А.Н. Козыревтің [17], М.М. Критскийдің [18], Е.В. Галаеваның [19], А.И. Добрынинаның [20],  С.А.  Дятловтың  [21],  И.В. Ильинскийдің [22], Р.И. Капелюшниковтың [23], А.И. Саградвтың [24] және т.б. зерттеулерін айтып кетуге болады. Бұл зерттеулер өзара байланысқан бағытқа бөлінді:
  • адам капиталын өндіріс факторы ретінде талдау және өндіріс шегінде оны басқару мәселелеріне көшу;
  • білім беруді талдау,  оның берілген саладағы экономиканың және адам капиталының қалыптасуындағы рөлі.

Жалпы алғанда, интеллектуалды ресурстарды зерттеудің негізгі бағыттарының дамуы тарихында екі түрлі бағытты көруге болады: кеңірек және толық теоретикалық көрсетілген бағыт, индивид пен жеке кәсіпорынның интеллектуалды капиталын қарастыру мен байланысты. Екінші бағытта экономикалық өсу мен ұлттық байлықтың интеллектуалды концепциясымен, сонымен қатар қоғамның интеллетуалды капиталын бағалау әдістемесімен біріктіруге болады. Бірінші бағыттың  теориялық  жағынан мықтырақ болған Э. Брукингтің, Л. Эдвинссон мен М. Мэлоунның, Д.Дж. Тисаның, Б. Марраның ұйымның  интеллектуалды  капиталы концепциясы болды. Екінші бағыт – қоғамның интеллектуалды концепциясы жеткілікті дәрежеде  өңделмеді,  сондықтан   теоретикалық ойлар үшін қызық болып табылады. Бұл жерде бәрінен  бұрын  А.  Бонфурдың, Н.  Бонтистің, Й. Малхорттың,   Д.Г.Андриессен    мен К.Д. Стамның, Х.М. Виедма-Мартидің [30] еңбектерін атап кету қажет. Бірінші бағыттың концепциялары ұйымдардың интеллектуалды ресурстар деңгейінде қызмет етеді және осы деңгейдегі интеллектуалды капиталды нақты бағалау әдістерінің көзі ретінде қызығушылық танытады.Соңғы  уақытта  кейбір  авторлар ұйымның интеллектуалды  ресурстарының теоретикалық концепциясының дамуында тоқыраудың келгенін айтады. Мысалы, А.Н. Козырев Батыста соңғы жылдары интеллектуалды капиталды   талдаудың  ғылыми   сипаттамасы ұйымдық имидж үшін күресте құрбан болғанын атап кетеді. Көптеген компаниялардың интеллектуалды    капитал  туралы  есеп берулерде өздерінің  бейнесін   ғылымның  элементтерін ескермей  тым  әсірелеп  көрсетеді.  Дегенмен де интеллектуалды ресурстарды бағалау әдіснамасының тәжірибеде тиісті дәрежеде қолданылмағандықтан  ғана оның  теоретикалық өңделгенін теріске шығару дұрыс емес.

Э. Брукинг зерттеуінің негізгі сәті ұйымның интеллектуалды капиталын төрт бөлікке бөлуінде:

  • нарықтық активтер (нарықтық операциялармен байланысты материалдық емес активтер: тарату арналары, тапсырыстар портфелі, шарттар мен келісімдер, лицензиялау, франшиза);
  • интеллектуалды меншік   актив  ретінде (ноу-хау, патенттер, сауда құпиялары, авторлық құқық);
  • адами активтер (қызметкерлердің ұжымдық білімінің жиынтығы, олардың қабілеттері және т.б.):
  • инфрақұрылымдық активтер  (ұжымдық мәдениет, басқару әдістері, коммуникация, қаржылық жүйе) [26].

Э. Брукинг құрамында интеллектуалды капитал бар әр топты бағалаудың бірқатар әдістерін ұсынады. Л. Эдвинссон мен М. Мэлоунның концепциясы компанияның интеллектуалды капиталының есептеу әдістемесінің ғана негізі болған жоқ, қоғамның интеллектуалды капиталын бағалау әдістемесін өңдеуде де қолданылды. Олардың басты идеясы интеллектуалды капиталды адам капиталы мен құрылымдық капиталдың соммасы ретінде көрсетуінде [27].

Бұл концепциялар мен үлгілер екінші бағыттың әдістемесін өңдеуде қоғамның интеллектуалды капиталын бағалау үлкен мағынаға ие, себебі олар адам капиталы мен қоғамның интеллектуалды капиталына кіретін өзге де интеллектуалды ресурстардың түрлерімен логикалық байланыстыра тізбектей, өнеркәсіп деңгейінде интеллектуалды капиталының болмысын көру мен түсінуге мүмкіндік  береді. Қоғамның  интеллектуалды  капиталы ақпараттық және адам ресрустарының дамуымен байланыстының бәрін өзіне қосатын жаңа, күрделі көпфакторлы түсінік, яғни, бұл тақырыптың әлем экономистері арасында даңқының арта түсуінің себебін түсіндіреді. Бұл бағыттың аясын Эдвинссон мен Мэлоунның интеллектуалды капиталға берілген анықтамасы Н. Бонтис, Й. Малхорт және тағы басқа бірқатар зерттеушілер кеңейте түсті, олар компанияның интеллектуалды капиталын бағалаудан, қоғамның интеллектуалды капиталын бағалауға өтті.

Қоғамның интеллектуалды капиталын бағалаудың тағы бір әдісі Д.Г. Андриессен мен К.Д. Стамның ЕО мемлекеттерінің интеллектуалды капиталының мониторингі концепциясы болып табылады. Бұл концепцияда әртүрлі мемлекеттердегі интеллектуалды капиталдың даму деңгейін бағалау көрсеткіштерін үш топта қарастырады: интеллектуалды активтер, интеллектуалды капиталға салынған инвестициялар мен интеллектуалды капиталды қолданудан туған әсер. Х.М. Виедма-Марти жұмысында сонымен қатар қаланың шегіндегі интеллектуалды ресурстардың дамуын басқару мен қадағалауға мүмкіндік беретін қаланың интеллектуалды капиталының индекстерін есептеу әдіснамасын жасады. Одан басқа Л. Эдвинссон мен А. Бонфурдың «Қоғамның интеллектуалды капиталы» [28] жұмысында қоғамның интеллектуалды ресурстарын бағалаудағы мәселелерге әртүрлі көзқарас танытатын жаңа заман авторлары туралы да айтылады. Мұндай авторларға М. Хан (ЭЫДҰ мемлекеттерінің интеллектуалды ресрустарын талдау), Ж.-Э. Обер (білім қоғамының болшағын бағалау), Л. Накамура (АҚШ-тың сезілмейтін активтерін бағалау), Ж.Ж. Мертен және Ж. ван дер Меер (Еуропалық инвестициялық  банкінің  жобаларын  талдау), Э. Пашер (Израилдің интеллектуалды ресурстарын бағалау), Б.фон Мутиус  (әлеуметтік  және интеллектуалды капиталдың интеграция мәселелері), С. Масуяма (Жапония  мен  басқа да Шығыс Азия мемлекеттерінің дамуын білім сыйымды экономика ретінде талдау), А. Пулич, Д. Корпакис, А. Шмедлунд мен А. Пойхонен және т.б. жатады. А.Н. Козырев атап кеткендей интеллектуалды ресурстар тақырыбындағы жарияланымдардың көлемі жылдам артуда және бұл тақырыптың өзектілігі арта түсуде. Бұған қарамастан Ресей экономикалық әдебиетінде қоғамның интеллектуалды капиталы тақырыбында ақпаратты жоқ деуге де болады. Жақын уақытта жарық көрген жұмыстардың  ішінде  бұл тақырыпқа қалай болғанда да қатысы бар деген С.М. Климовтың, А.Д.  Косьминның,  А.П. Панкрухинның, В.А. Супрунның  және В.А. Кадомцеваның зерттеулерін қарастыруға болады. Мәселен, В.А. Супрунның кітабында қоғамның интеллектуалды капиталының құрылымы  көрсетілген   29]. Мұнда интеллектуалды капиталды мәдени потенциалды иемденуші мен кәсіпкерден тұратын адам капиталына және ақпараттық құрылымынан, ғылыми тұжырымдамалар жүйесінен, білім беру жүйесі мен институтционалдық құрылымнан тұратын   құрылымдық  капиталға  бөлді.  В.А. Кадомцеваның жұмысында қоғамның интеллектуалды потенциалының сипаттамасы ретінде мемлекеттің инновациялық дамуының индексін есептеп шығару әдісі көрсетілеген. Интеллектуалды капитал түсінігінің талдауы, бұл категория өзінің даму жолында адам деңгейінен ұйым деңгейі арқылы қоғам деңгейіне өтті деген қорытындыға келуге мүмкіндік береді. Дегенмен де әрбір иерархиялық жоғарғы деңгейде бұл түсінік баи түсіп, жаңа мағынаға ие болатынын ескеру қажет. Жүргізілген талдаудың негізінде интеллектуалды капиталдың ықшамдалған үшдеңгейлі құрылымын ұсынуға болады, ол қазіргі иетеллектуалды капитал теориясын түсінуде кілт мағынаға ие:

  • индивид деңгейі: адамның интеллектуалды ресурстары, адам капиталы индивидтің, тұлғаның жинақталған ғылыми –  білім потенциалы мен тәжірибиесі (білім қоры, тәжірибие, қабілет);
  • ұйым деңгейі  –  өзіне  жұмысшылардың адам капиталын, клиенттік капитал, ұйымдық капиталды қосатын ұйымның интеллектуалды ресурстары, интеллектуалды капиталы;
  • қоғам деңгейі – қоғамның интеллектуалды ресурстары, интеллектуалды капиталы.

Қазіргі таңда, интеллектуалды капитал және потенциал түсініктері экономика мен қоғамның әртүрлі деңгейінде белсенді талқылануда. Осыған байланысты экономикалық тұрғыдан үш өзара байланысты түсініктер қарастырылады: потенциал, ресурстар және капитал, бұл жерде алғашқы түсінік кейінгісінің бөлігі болып табылады.

 

 

әдебиеттер

  1. Климов С.М. Интеллектуальные ресурсы общества. – СПб.: СПбИВЭСЭП,
  2. Александровская В.Н. Информационная парадигма прогресса. − Донецк: Изд-во ДонНМУ,
  3. Экономика знаний. Экология и жизнь. – № 1. –
  4. Дятлов С.А. Теория человеческого капитала: Учебное пособие. СПб.: Изд. СПбУЭФ. – С. 38.
  5. Экономическая теория: учебник для вузов / под. ред. Добрынина А.И., Тарасевича Л.С. – СПб.: Изд. СПбГУЭФ,«Питерком». 1999. С. 366,
  6. Маличенко И.П. Институциональные условия и предпосылки становления «экономики знаний» в постиндустриальном обществе. Электронды ресурс. Қол жеткізу режимі: http://www.lerc.ru/?part=bulletin&art=26&page=17
  7. Рогова А. Экономика знаний //В мире науки. – № 10. 3.
  8. Маркс К. Капитал. Критика политической экономии. Т– .1. Кн. 1: Процесс производства капитала. – М.: ОАО «ЦСЭ», 2001. – С. 544–545.
  9. Шульц Т., Инвестиция человеческого капитала 1961, 1–17, American Economic Association Presidential
  10. Шумпетер Й. Теория экономического развития. – М.: Прогресс,
  11. Климов С.М. Интеллектуальные ресурсы организации. – СПб.,
  12. Беккер Г., Человеческий капитал, Columbia University Press,
  13. Nelson R., Winter S.G., An Evolutionary Theory of Economic Change, Cambridge, Mass.: Harvard University Press,
  14. Кендрик Дж. Совокупный капитал США и его формирование / Под ред. А.И. Анчишкина. – М.: «Прогресс»,
  15. Бабст И.К. Избранные труды / Под ред. М.Г. Покидченко, Е.Н. Калмычковой. – М.: Наука,
  16. Мухин А.Б., К вопросу о развитии управленческой мысли в России: взгляды Д.И. Пихно // Вестн. С.Петерб. ун-та. Сер. 8. – 2002. – Вып. 2 (№16).
  17. Козырев А.Н. Оценка интеллектуальной собственности. – М.: Экспертное бюро,
  18. Критский М.М. Человеческий капитал. – Л.: Изд-во Ленингр. ун-та,
  19. Галаева Е.В. Управление творческим потенциалом предприятий и организаций: Докт. дисс.,
  20. Добрынин А.И., Дятлов С.А., Цыренова. Е.Д. Человеческий капитал в транзитивной экономике: формирование, оценка, эффективность использования. – СПб.: Наука,
  21. Дятлов С.А. Основы теории человеческого капитала. – СПб.: СПбУЭФ,
  22. Ильинский И.В. Инвестиции в будущее: образование в инновационном воспроизводстве. – СПб.: Изд-во СПбГУЭФ, 1996.
  23. Капелюшников Р.И. Экономический подход Гэри Беккера к человеческому поведению // США: экономика, политика, идеология. – 1993. – №
  24. Саградов А.А. Россия и индекс человеческого развития // Мир России. – 2000. – Т. IX. №
  25. Интеллектуальный капитал: состояние, проблемы, перспективы / Под ред. В.Л. Макарова. – М.: ЦЭМИ,
  26. Брукинг Э., Интеллектуальный капитал: ключ к успеху в новом тысячелетии. – СПб: Питер
  27. Эдвинссон Л., Мэлоун М., Интеллектуальный капитал: определение истинной стоимости компании / Новая постиндустриальная волна на Западе / Под ред. В.Л. Иноземцева. – М.: Academia,
  28. Л. Эдвинссон и А. Бонфура «Интеллектуальный капитал обществ»

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.