Табиғат пен тарихтың сан қилы кереметтерінің бірі – адам баласының ұлттық жəне этникалық өзгешелік сапаларын жасап шығаруы. Қазақ халқының тарихи-мəдени құрылымындағы рушылдық, ру-руға бөліну сонау ерте кезден ата-бабамыз салған сара жол десек те болғандай. Қазақтың дархан даласына кең жайласқан халқымыз ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз деп жеке-жеке қоныстанды. Төле, Қазыбек, Əйтеке билер басшылығындағы бұл жүздерге түрлі рулар енгені бізге мəлім. Сол рулар өз руын дəріптеп, оның əр отбасының əрбір баласы өз ата тегін, жеті атасын, қала берді халқының тарихын біліп өсті. Бұл жағдай психологиялық тұрғыдан оқшаулану, жекешелену проблемасын болдырмай, бауырмалдықты, ұйымшылдықты, бірлікті арттырды. Яғни əр рудың мүшесі өз руының абырой-атағына нұқсан келтірмей, қолынан келгенінше намысын қорғаса, ал бүкіл ру өзінің əрбір жеке мүшесін қорғауға міндетті болған [1]. Рушылдық деген сөз қазақ арасында туысшылдық, тайпашылдық, жүзшілдік, жершілдік психологиясының жиынтық сипатын беретін ұғым ретінде қолданылады. Сондықтан бұдан былай да, бұл сөз адамдарды туыстық байланыстарына, жеріне, тайпа, жүзіне қарай жіктеудің жиынтық ұғымы ретінде қолданылатын болады. Рушылдықтың ғылымдағы атауы – трайболизм. Ол латынның “тайпа” деген сөзінен шыққан. Əуел баста бұл түсінік əлі ұлысқа бірікпеген, жекеленген тайпаларды білдірсе, қазір тайпалардың немесе өзге де адамдар қауымдастықтарының арасындағы қақтығыстарды білдіреді. Рушылдық психологияның өзгешеліктері рулардың біркелкі өмір сүруі мен күресіне, əлеуметтік, табиғигеографиялық, материалдық мəдени жағдайдың жеріне лайық қалыптасты. Соның əсерінен, əрбір адамда рушылдық ұлттық мінез-құлықтың көріністері, дəстүрлері мен əдет-ғұрыптары пайда болды. Мысалы, қазақ халқының рулық дəстүрлері ас беру, бір-бірімен татуласқандағы тойы, жауды жеңгенде жасаған тойлары, жерлеу тағы басқа əдет-ғұрыптарын өткізуде руға сөз келтірмеуге тырысқан.
Сонымен, рушылдық психологияның ерекшеліктері тарихи негізі бар əлеуметтік процесс болып шықты. Оның қалыптасуы, əрбір рудың өмірімен біте қайнасып, əртүрлі себепсалдардың нəтижесінде туды. Сайып келгенде, өнегелі өмір қасиеттерімен қосыла қарамақайшы психологиялық дағдылар да болды. Бұл айырмашылықтар рулық, таптық негізді құрайды. Əр рудың өмір сүрген географиялық ортасы айналысқан шаруашылық дəстүрлері мен оған бейімделген дағдысы бірте-бірте оқшау тұрады [2].
Қай ұлттың, қай халықтың болмасын өзіне тəн мəдени тарихы, əдет-ғұрпы, салт-дəстүрі, ұлттық болмысы, қалыптасу кезеңі, т.б. бар. Осы қалыптасу кезеңінде, сол ұлттың түрлі жетістіктері, ұтымды сəттіліктері, шарықтау шақтары да болады. Жəне осы аталғандармен қоса іргелесіп, тарихта таңба болып қалатын, түбі тереңде жатқан құлдырау кезеңдері, сəтсіздіктері немесе ұлттық болмыстың кемшіліктері де жүретіні айғақ. Халқымыздың əлеуметтік қалыптасуы мен өркендеуіне зор ықпалын жасап, санамыздан əлі де өшпей, керісінше басқа арнада жанданып бара жатқан рушылдық мəселесін, қазіргі таңда ұлттық санамыздың негізі де басты кемшілігі де дей аламыз. Неліктен? Рушылдық психологияны ұлттық санамыздың негізі дейтініміз, ол тарихымыздағы шарықтау шақтың себепшісі болмаса да, халқымызды ұйымдастыру, басқару мəселелерінің өзегі болды. Себебі руға, тайпаға бөлінуден рулық-тайпалық құрылыс көшпелі мал шаруашылығына сəйкес қалыпты, тиімді жүйе еді. Мыңдаған жылдар бойы бұл жүйе көшпелі қоғамды ұжымдастырып халқымыз рулық-тайпалық құрылыс заңдары бойынша өмір сүрді. Көшпелілерде абақты да, полиция да, балалар мен қарттар үйі де болмағаны белгілі. Бұл аталғандардың функциясын рулық қауым өзі басқарып, өзі шешіп отырған. Оның сыртында, қауымдық психологияға сүйенген рулықтайпалық жүйе талантты адамның өз қабілетін толықтай іске асыруына мүмкіндік жасайтын. Бəсекешілдік қасиет көшпелі өмірдің барлық салаларын да ынталандырып отырды. Ру, тайпа немесе оның көсемдері, рудың абыройы үшін ең талантты деген ақындарын, əншілерін, күйшілері мен батыр-балуандарын алға жылжытуға мүдделі. Дарыны, өнері асып, кемеріне сыймаған, ру мен тайпаны тар көрген талант иелері ханның ордасынан еңселі орын иемденді, олардың өнері ұлттық деңгейге көтеріліп, бүкіл халыққа қызмет көрсетті. Руының, өз тайпасының ханға айта алмаған мұң-мұқтажын, арыз-талабын сол ақын-жыршы, батыр-балуаны жеткізіп отырды.
Тұжырып айтатын болсақ, рулық-тайпалық жүйе өзінің қалыпты ахуалында панасыздарға пана болған, асып туғандарды биік дəрежеге жеткізген, осылайша, өзін-өзі қайта жаратып, өркендеп отырған. Бұл – халқымыздың жақсысын асырып, жаманын жасыратын жағымды тұсы. Ал оның кемшілігі рулық-тайпалық құрылымнан туатын, сол руды меншіктеу, иемдену, яғни рушылдық сана-сезімде көрінеді [3].
Рушылдық психологияның өзіндік маңызы бар жəне өте күрделі элементтерінің бірі, рушылдық сезім болып есептеледі. Яғни со- нау заманнан бері, əрбір ру-тайпа мүшелері өз руын дəріптеп “Адаймын, танымасаң құдаймын” деген сияқты артықшылықтарын көрсете мақтаншылық ететін. Оның аяғы əр ру басқалардан қалмауға тырысып, бəсекелесіп отырған. “Бөлінгенді бөрі жейді”, енді бірі бұл бөлінгендік емес ата тегін білу деп түсіндіреді.
Ұлттық қарым-қатынас тар саласындағы күрделі де нəзік, қарама-қарсы қасиеттерді жинақтаған белгілі ұлттық психологияның ерекшеліктері. Оның қалыптасуы мен өрбу заңдылықтары бойынша ру халықтың тарихымен етенелесіп келе жатыр. Оның көріністеріне абыздары, ойшылдары, жыраулар, ақынжазушылар қалам тартып ұрпақ игілігіне қалдырған. Бұл мəселеден ғалымдар мен саясаткерлер қоғам қайраткерлері де шет қалмаған. Дегенмен бұрынғы Одақ дəуірінде ұлттық психологияларының проблемаларына ден қою шет қақпайлыққа ұшырап келді. Соның салдарынан халықтар рухындағы ұлтаралық достық, бірліктің ұрандық сипаты басым болды [4].
Қазақ халқының ежелгі заманындағы озық ойлы қайраткерлері мен білікті адамдарды ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан ата-бабалар шежіресін, өзінің ұлттық тарихы жасап қалдырған. Өзінен бастап, жеті атасына дейін білу, қазақ баласының дəстүрлі борышы болған. Мұны таныту – ана тəрбиесінің əліппесі еді. Тек ата-анасынан жастай қалған жетімдер ғана білімнен мақұрым болатын: “Жеті атасын білмеген жетімдіктің салдары” деген осыдан қалған. Ал білікті, көшелі ауыл ақсақалдары мен рудың билері ең кем дегенде, өз руының шежіресіне қанық болатын «Шежіреші» деген даңқты атаққа ие болған біліктілер он бес, жиырма атаға дейін тарата білген. Бүкіл бір жүздің, жалпы қазақтың үш жүзінің шежіресін, яғни “жетпіс жеті атасын тарататын” жетік шежірешілері де болған. Бұлар ата таратумен қатар, сол аталардың жасаған дəуірлерін, халық басынан қандай ірі оқиғалардың өткенін де ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып келген. Қазақтың əрбір ру-тайпасының, əрбір жүзінің өз шежіресі болған. Бұл шежірелер қазақтың байырғы күн тізбесінен ай, күн есептерін де, ғұрып-əдет, салт-сана заңдарын да жақсы білген. Келе-келе осы ұрпақтан-ұрпаққа көшіп келген ауызекі тарихи шежірелер, қауырсын қаламмен жазылып, ру басылар мен билердің, хан-сұлтандардың қолында сақталған болатын. Бірақ ұзақ заман бойына ауыздан-ауызға көшіп келгендіктен, онда көптеген күңгірттіктер, жаңсақтықтар, қайшылықтар, аңыздар, тағы басқа жамау-жасқаулар кездеседі. Оларды есепке алмағанда, байырғы қазақ шежіресінде тарихи мол мұралар мен аңыздар жинақталып, сақталып келген. Ол 1905-1907 жылдары біріктіріліп, кітап болып шықты. Мұны жинақтап зерттеген жəне бастырғандар Н. Наушабаев, Ш. Құдайбердіұлы, М. Тынышбаев, Мəшһүр Жүсіп Көпеевтер болды [5].
Жалпы қазақ шежірелерінің барлығында мынандай мазмұн баяндалған. Қазақтың арғы атасы – Алаш, Алаштан қазақ туған. Қазақтың Бекарыс, Ақарыс, Жанарыс деген үш ұлы болыпты дейді. Бекарыстың тұқымы ұлы жүз деп аталынып, одан: үйсін, қаңлы, дулат, сары үйсін, жалайыр, суан, шапырашты, ошақты, шанышқылы, сіргеш, т.б. таратылды. Ақарыстың тұқымынан ортажүз деп атап, одан: арғын, керей, уақ, қоңырат, қыпшақ, найман тарайды. Жанарыстың ұрпағынан кіші жүз деп, одан алшын, алшыннан Əлімұлы, Байұлы, Жетіруды таратады.
Осы жоғарыдағы аталғандардың əрқайсысы талай тайпаның одағы болып келді. Осы рутайпалар мен тайпалық одақтың аты қазіргі күнге дейін сақталуда. Əрбір рудың өзіне тəн таңбасы жəне ұраны, туы бар. Бұл таңбаны ерте кезде рудың малынан басына тасқа ойып орнатқан. Бірнеше ру бірлесіп тоқтам жасасқан. Ал ұран сол рудың ата-бабаларының немесе сол рудан шыққан батырларының атымен, соғыс кезінде тығыз-таяң үндесу ретінде аттанысқа аталған. Ру таңбасы сол рудың нышаны орнында қолданылып, рудың жалауына салынған. Қазақтың көптеген ру аттары сол рудың таңбасы арқылы аталған. Мысалы: бағаналы, балиалы, шанышқылы, ергенекті, тарақты, ошанайлы, ошақты, тарақ таңбалы, теріс таңбалы тағы басқалары. Ру, тайпа аттарының тағы бір түрі сол рудың тотемдік ұғымынан туған. Əдетте қазақ рулары өз ішінен қыз алыспайды, қыз алысу үшін, кемінде жеті атаға толған болуы жəне олардың қонысының арасында жеті өзен болуы шарт. Туыстас рулар бір-бірінен бөлек ру болуы үшін, арада он үш ата өткен болу керек. Міне, осы себептерден, қазақ шежіресі өз ұлтының тарихнамасы жəне үйелменді ұйымдастырудың өлшемі болған. [6]. Қарындастық қатынасын ру-тайпа мүшелерінің санасына сіңіріп, оларды ру ұранының туы астында топтастырып келген. Бір атадан тараған ру мүшелері өздерін туыс деп санаған, оның жыртысын жыртып, намысын жақтауға жұмылдырылған. Ру-тайпа мүшелерінің бірі басқа ру жағынан өлтірілсе, жалпы ру мүшелері жиналып, оның құнын алған, яғни кісі өлтіруші ру құнын төлеуге жауапты болған. Бір рудың жесірінің, екінші руға кетуіне жол берілмеген. Осы рулық қатынастардың шаруашылық негізі ретінде, жайлаулық, жерге жалпы рулық меншік сақталған [7].
Қазақты қалыптастырған жоғарыдағы рутайпалардың көпшілігі ежелгі заманнан бері, Орта Азия мен Орталық Азияның кең даласында, Шығыста Байкалдан бастап, батыста Каспий теңізі, Еділ өзеніне дейінгі ұлан байтақ өңірде көшіп-қонып, мал өсірген түркі тілдес тайпалар еді. Қазақ халқының тарихи дамуы барысында осы ру-тайпалардан құралып халық болған. Алайда бұл тек бір дəуірдің ғана жемісі ғана емес, сан ғасырлық тарихи дамудың барысы.
«Біздің қазақтың» – деп жазды ұлы ойшыл, ақын Абай – достығы, дұшпандығы, мақтаны, мықтылығы, мал іздеуі, өнер іздеуі, жұрт таңдауы ешбір халыққа ұқсамайды. Бірімізді біріміз аңдып, жаулап, ұрлап, кірпік қақтырмай отырғанымыз. Ел арасындағы ынтымақ, бірліктің жоқтығын, берекесіздікті жəне басқа кемшіліктерді надандықтың көрінісіне теңейді [8].
Халқымыздың көңілін, сана-сезімін жетілдіруі осы жағдайлардың кедергі келтіргеніне ашынады. «Біз шын мəнісінде тарихымызды білмей өскен халықпыз», – дейді белгілі философ, саясаткер Ғарифолла Есім. Байқап отырсақ, тарихымызды білмеушілік қазіргі саяси өмірге белсенді араласуымызға елеулі бөгет болып отыр. Ұлттық саяси санамыз жетілуі үшін де тарихты тану қажет, төл тарихымызды білуге талпыныс – рушылдықты қоздыру немесе трайболизм деп түсіндіруге тырыстық. Мұның теріс екенін өмір өзі көрсетіп отыр.
Трайболизм қазақ тарихында болған, бірақ біз ол сатыдан өткенбіз. Оған ең айшықты бір ғана дəлел, XV ғасырда адамзат тарихына Қазақ Ордасы деген атпен енген консолидацияның басы. Əрине, трайболизм бірден іс-түзсіз жойылып кететін көрініс емес, онымен күрес əманда жүріп келеді. Жоғарыда айтылған Төле би, Қазыбек би жəне Əйтеке билердің ісəрекеттері осы аталғанға қарсы бағытталған. Олар халықтың мүдде жанашырлары. Осылай өшіп-жойылып бара жатқан трайболизмнің бір көрінісі – рушылдық, ХІХ ғасырда түрленіп, құлпырып шыға келді. Ол трайболизмнің жандануы емес, оны біртұтас халыққа іріткі салу үшін құрал ретінде пайдаланушылық. Жалпы трайболизмнен ешқандай үркудің қажеті жоқ.
Ол адамдардың қауымдасып өмір сүрген кезіне сай көрінетін əлеуметтік – сол жағдайға қажетті заңдылық. Ал XVII ғасырда трайболизмнің қазақ тұрмысына қажеті жоқ болатын, этнос дамуына кедергі болатын, сондықтан билер, жыраулар онымен күрескен. Трайболизм сонда кімге қажет болды деген сұраққа келсек, себеп пен салдар диалектикасына тірелеміз [9].
1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде де рушылдық, жүзшілдік жіктелу қазақ қауымында да орын алып келеді. Қазақ халқы, алдымен, үш жүзге, сонан соң ру, тайпаларға бөлініп алып, бір-бірімен қырғи қабақ ақи көз болып, өзара қырқысты толық тоқтата алмады. Алайда бұл құбылыстың алғашқы қауымдық құрылыс адамдарына тəн психологияның ғарыш ғасырының табалдырығына дейін өмір сүріп келу құбылысының өзіндік саралы себептері бар болатын.
Рулық-ұлыстық жікшілдіктің тыйылатын кезі – орталықтандырылған мемлекеттің құрылып, абсолюттік биліктің орнығу тұсы. Елді күшті бір ғана монарх басқарып, билік орнатса, оған дін көмектессе, мешіттің айналасына ел жиналып, отырықшылық өркендесе, қолөнершілік дамып, ұлттық базар пайда болса, капиталистік қатынастар үстемдік алса, рулық психологияға орын қалмас еді. Өкінішке орай, қазақ жерінде орталықтандырылған капиталистік мемлекет орнауына бөгде күштер мүмкіндік бермеді. Моңғол, татарлар мен жоңғар басқыншылары қазақ мемлекетінің дамуын бінеше ғасырға тежеді. Сол себепті Ресейге “өз еркімен” қосылар тұсында өмір сүретін адамдар қауымдастықтарына тəн психологияның қалдықтары сақталып қалған болатын [10].
Жоңғар шапқыншылығы тұсында қол бастап, көзге түскен батырлар кейіннен ел басқарды. Олардың көбі қарапайым халық арасынан шыққан адамдар болатын. Басқарудың бұл формасын қазақтар арасында белең алуына қарап, тарихшылар бұл кезеңді əскери демократиялық басқару кезеңі деп атады. Үш жүздің басын қосып, ұлы хан сайлауға қол жеткізу қарапайым халық арасынан шыққан адамдардың ел билеуге сол кездегі қазақтардың ел бірлігі туралы салауатты түсініктерінің болғандығының дəлеліндей. Содан былайғы кезеңде қазақтар ұлттық тұтастыққа қол жеткізе алар еді. Бірақ тағы да үлкен кедергі шықты, қазақ елі орыс патшалығының отарына айналды.
Кез келген көпсанды, əскери қуаты күшті халық аз санды, əскери жағынан əлсіз халықты басып алуға қолынан келсе өзін құртып, жерін иеленуге тырысып бағатыны белгілі. Осындай мақсаттарын жүзеге асыру үшін көпсанды халықтардың əрқайсысы ақылы жеткен- ше айла-шарғыларын қолданып бағады. Бұл тұрғыда орыстар өзінің Батыс Еуропалық қарсыластарының бəрінен озды. Олар өзге халықтарды ұстап тұру тəсілдерін ғылыми саралай алды жəне оларға аз санды халықтарды қосып əкету ниетін большевиктік қызыл ұрандармен үйттеуі, коммунистік идеологияның түпкілікті мақсатын түсінбеген бұқараның оларды көпшілік болып қолдап, соңынан көзсіз еріп, кете баруы да көмек болды.
Патша шенеуніктері қазақты бағындырып, ұстап тұру үшін ел арасынан шыққан атқа мінерлерді олардың өзара қырқысып жүретін мінездерін шебер пайдалана білді. Отарға түскен елдер өкілдерінің психологиясындағы өзгерістерді қазақ зиялылары да байқап жазып қалдырды. Патша өкіметі тарапынан жүргізген бағындыру мен орыстандыру шаралары жөнінде Ж. Аймауытов былай деп жазды: “Қазақтың жерін тілгілеп, келімсек мұжықтарға аударып бере бастады, тілін бұзуға, дінін бұзуға ауылнай, өкілдер, миссионерлер таратты, əдет-ғұрпын, салт-санасын өзгертіп, орысқа бас игізуге жаңа закон, мировой судья, крестьянский начальниктер шығарды. Қазақты ішінен тоздыруға, сайлау штат деген шырға тастап, өзді-өзін жұлыстырып, қырқыстырды”. Құдайберген Жұбанов былай деген екен: “Ресейге қосылғаннан бері... шет жаудан қорғану міндеті де, ішкі көпшілікті дегенге көндіру міндеті де үкімет қолына көшті. Бұрын қоғамдық санасы бар қазақ, енді малшы болды. Өз малы мен өз басының қамынан басқа енді оған ойлайтын ештеңе қалған жоқ. Ел қолына тигені – ауылнай, болыс билерінің қанауы мен зорлық-зомбылықтары еді. Сондықтан қазақтың үстем табының ісі де, ермегі де осы ауылнайлық пен болыстық болды” [11].
Патша шенеуніктерінің сайлауды, шен мен атақ үлестіруді жергілікті халықты іштей шіріту мақсатында шебер пайдалана білгенін байқау қиын емес. Болыстық пен ауылнайлық қызметтер жауласқан ру, тайпаларды одан əрі мүриттеу үшін таптырмайтын құрал болды. Əрбір билік орын, атақ үшін қазақтар қатты қырқысып, жүз шайысып отырған. Шенеуніктердің қырқыстың қайткен күнде ұзағырақ болуын қамтамасыз етуге тырысып, жеңіліп бара жатқан жаққа көбірек көмектесіп отырған. Бұл ақыл ел билеушілік орындарға ең надан күштердің шоғырлануын қамтамасыз еткен. Жергілікті халықтардың арасынан барынша кертартпа күштер ірік- теліп алынған соң, енді отаршылар ұлттық мүдделерге, ұлтты қорғау жағындағы алдыңғы қатарын адамдарға қарсы күш ретінде жұмсады. Осы жағдайларды көзімен көріп, жанымен сезініп, күйзеле де, күңірене көтергендердің бірі ұлы Абай болды [12].
XVIII ғасырдың басынан ХХ ғасырдың басына дейінгі кезеңдегі қазақтардың психологиясындағы өзгерістерге бағытталған отарлық саясаттың іздері сайрап жатыр. Олардың ең көзге көрінерлігі рушылдық психологияның қайта жандануы Жоңғар шапқыншылығына азат етілер тұстағы ұлт бірлігінің нығаюы, ұлттық рухтың өсуі патшалық Ресейге бағынған кезден бастап қайта солғын тартқаны айқын көрінеді.
Байқап отырсақ, күні өтіп кеткен рулықтайпалық жікшілдіктің қайта жандануының, ал ішіндегі өзара қырқыстың қайта өрлеуінің басты себебінің қазақтарға қатысты жүргізілген отаршылдық саясатта жатқанын көру қиын емес. Қазақтардың санасындағы рушылдық-жершілдік дерліктей жойылып кеткен екінші кезеңі 1917 жылдан 1950 жылдарға дейінгі кезең болды. Бұл құбылыс, біріншіден, аталған кезеңде рушылдыққа жол бермейтін ұлттық рухы күшті топтардың – зиялы мен жұмысшы табының Қазақстан қоғамдық-əлеуметтік өміріндегі елеулі күш бола алғандығымен түсіндіреді. 20-жылдары талқандалған «Алашордашылар» мен 1937-1939 жылдары қырылған қазақ зиялылары сол кезеңдегі қала өнеркəсібіне араласуға кіріскен қазақ жұмысшыларының алдыңғы қатарлы өкілдері, рушылдық ұлы сезімнен аулақ болды. Осы кезеңде ел басқарып, кейіннен репрессияға ұшыраған мемлекеттік қайраткерлердің ешқайсысының санасына қайдағы бір ру мен тайпаның күйін күйіттеу келген жоқ. Олар тек бүкіл ұлттық прогреске кетудің ұлттық мемлекеттің келешегін қамтамасыз етудің қамын ойлайды. Екіншіден, аталмыш кезеңдерде рушылдық өрістейтіндей жағдай да болған жоқ. Ірі саяси науқандар əлеуметтік, тұрмыстық қиындықтар, соғыстар руды қойып, ұлттың бірігіп əрекет ету қажеттілігін тудырды. Үшіншіден, жоғары шовинистік əкімшіліктің де мəселенің бұл жағымен айналысуға мұршасы болған жоқ. Сөйтіп, рушылдық психология да күрделі жойылуға бет алған болатын [13].
Алайда қазақ тарихы осы бір алғашқы қауымдық құрылыс адамдарына тəн психологияны “коммунизмге” таяп қалған мезгілде де қайта қоздыруға болатынын көрсетті. Ол былайша іске асырылды, екінші дүниежүзілік соғыс Кеңестер Одағының жеңісімен аяқталды. Атомдар мен термоядролық бомбалар сыналды. Құрлық аралық ракеталар пайда болды. Жердің жасанды серігі ұшырылды. “Социализм толық жəне түпкілікті жеңіске жетіп”, “əлемдік жүйеге айналып”, 50-жылдардың аяғына қарай бұл “жетістіктер” шынында да əлемдік қоғамның алдында алдамшы əсер туғызып, КСРО-ның беделін едəуір арттырып тастаған болатын. Бұған іште қалыптасқан пəтуасыз жағдайды бұқараның коммунизм идеяларына сеніп, тоталитарлық саясатты көзсіз қолдауын, əміршіл əкімшіліктің мығымдығын қосыңыз. Бұл жағдайлар шовинистік пиғылдағы отаршылдар салдарынан “Тілдерді жойылатынын” ұлттардың қосылатыны басты бағыттаушы идеологияға айналып, КОКП-ның бағдарламасына жазылды. Ендігі жерде тұтас күш ретінде көріне алатын жұмысшы табы мен зиялы қауымы жоқ халықты жағымпаз, күншіл, ұсақ мамандардың қолымен, қай қапасқа айдасаң да жүре беретін тобырға айналдыру қиын емес болатын. Ол үшін бір ғана шартты іске асыру жетіп жатыр: қазақтан шыққан басшы надан болуы керек, маңына наданын жинайтын адам болуы керек. Осы кезде бұрынғыдан гөрі күш алып келе жатқан əміршіл əкімшіліктің ойына, патша заманының тəжірибесі түсті.
Сөйтіп, алдымен, республикалық жəне облыстық деңгейдегі қазақтардың үлесіне тиесілі орындарға орыс патшалығының нұсқауымен, жергілікті шовинистердің басқыншылармен жұмыс істейтін тіл алғыш “басшылар” іріктелініп алынды. Содан соң олардың қолымен өзге мамандарды ұсақтау жүзеге асырылды. Бұл процесті тездету үшін ауылшаруашылық мамандарын партия совет органдарына алдымен өрлету керек деген “даналық” қағида ойлап шығарылды. Мұның түпкілікті мақсаты ауылшаруашылық мамандарының сапалық деңгейлерінің төмендігінде, əлеуметтік-психологиялық жарамдылығының кемдігінде, рушылдық шырмауына тез түсетіндігінде, қоғам дамуының заңдылықтарынан хабарының аздығында, ұлттық прогресс қамын ойлауға ойөрісінің жете бермейтіндігінде, ғылым мен мəдениеттен аулақтығында еді. Күтілгендегідей олардың біреуі маңайына рулас-тайпаластарын, туыс-жекжаттарын жинап “үлгі” көрсетіп еді, қалғандары іліп əкетті. Қызметке тағайындалған, қазақтан шыққан басшы атаулы нөкерімен, рутайпа болып көшіп жүретін болды. Ауданға бір басшы ауысып келсе, ондаған ірілі-ұсақты орындықта отырғандар орнынан алынып, жаңа басшының адамдарына жол берді. Облысқа келген басшы жүздеген адамды судай сапыра алады. Шаруашылықтың жекеленген салаларында, мекемелерде, оқу орындарында белгілі ру, тайпа немесе жүздердің өкілдері үстемдік ететін континенттер қалыптасты. Рушылдықты қоздыру жергілікті ұлт өкілдерінен шыққан кадрларды іріктеудегі принципті жүзеге асыру үшін таптырмайтын əдіс [14].
Бұл принцип жергілікті ұлттан шыққан мамандардың барынша əлсіздігін, сонысымен шын мəніндегі биліктің шовинистерден жасақталған аппараттың қолына өтуін қамтамасыз етіп берді. Əрі осы принцип бойынша ұлттық санасы оянбаған ұлттық мүддемен санаспайтын, қазақшағақатыстыныңбəрінеқарсыəрекетететін жағымпаз əлеуметтік-психологиялық нышандарды қоздырып, жүрген жерін ірітіп-шірітетін шын мəнінде, шовинистердің қол шоқпарына, олардың алақанындағы қуыршаққа айналған мамандар іріктелініп алынып, халық шаруашылығы саласындағы басшылық орындарға орналастырылды. Отаршыларға жергілікті халықты еркін билеп тұру үшін сондай адамдар керек бол- ды. Олар керекті адамдарын оңай-ақ табатын. Оларды өздерінің қолайына жақпайтындарға қарсы шебер пайдаланатын. Əсіресе шен, атақ, əкімшілік орын үлестіру, жауласқан рулар мен тайпалар арасындағы алауыздықты өршіту үшін таптырмайтын құрал еді. Осы жағдайлар қазақ халқының арасында мансапқорлық, жағымпаздық, арызқойлық, атаққұмарлық сияқты отар елдің өкілдеріне тəн мінездердің қалыптасуын қамтамсыз етті.
Рушылдық – ұлтқа қарсы əрекет етуші психология. Бұл құбылыс екі рет халықтың санасынан өшіп бара жатып, қайта жанданды. Екі жағдайда да, бөгде күштердің араласуымен қайта тірілді жəне де сол күштердің мүддесі үшін қызмет етті. Халық бұқарасы рушыл емес, рушылдар – өткен ғасырлардағы ауылнай, би, болыстар, қазіргі елдердегі күдікті жолмен болашаққа келген уақ мамандар.
Рулық құрылыс – этностық жерге қауымдық меншік болған кезге сай келетін қоғам формасы. Қазақстан отар елге айналған соң қауымдық меншік жойылып, жерге жеке меншік орнай бастады. Бұрын көшпелілерге қазақ даласы ортақ болатын. Қазақ даласында əскери бекіністер салынып, Ресейден көшіп келген орыстар жерге иелік ете бастады, қалған жерлерді ру-руға бөліп беріп, қазақтардың бүкіл сахара бойына көшуіне тыйым салынды. Бұл рулық құрылыстың ыдырауына байланысты əлеуметтік-экономикалық шара болатын. Бірақ патша чиновниктері рулық құрылысты сақтап қалуға мейлінше мүдделі болды. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін шағын руларды билеу еркін қазақтардың өзіне берді. Сөйтіп, “болыс” деген лауазым пайда болды. Ал аймақ, облыс, бүкіл халық билігі орыс əкімдерінің қолдарында қалды. Ендігі жерде Төле, Қазыбек, Əйтеке билердің ешқандай қажеті болмады. Қазақ халқының “қамын” ойлаушы, оның “жоғын жоқтаушы” Россия чиновниктері еді. Ал халықты жарылқаушы – “ақ патша”. Халық қамын ойлаудан ада болған болыстар ұсақтүйекпен айналысып, мейлінше өзге күйге еніп, ендігі жерде отар елдің қорғанышы емес, төл қанаушысына айналды. Олар рушылдықты оттай маздатты. Рулар арасындағы жанжалдар бұрын болып көрмеген жағдайға душар болды. Сонымен, рушылдықтың нақтылы, ең басты себебі – Патшалық Россияның отаршылдық саясаты.
Рушылдықтың жандануының себебі қазақ халқының саяси бостандығынан айырылуында. Патшалы Россияның отаршылдықты жүргізген əкімдері тұрақты қаласы жоқ, діні, тілі өзге халықты басып-жаныштап, өз құзырында ұстаудың таптырмайтын құралы, оларды ру-руға бөліп, басын біріктірмеу болды. Қазақтарды бірбіріне айдап салу мейлінше тиімді тəсіл еді. Бірбірінен жапа шеккен қазақтар əділдік іздеп, орыс ұлықтарына барады. Патша чиновниктері рулық құрылысты сақтап қалуға мейлінше мүдделі болды. Олар рушылдықты оттай маздатты. Рулар арасындағы жанжалдар бұрын болып көрмеген жағдайға ұрынды. Бұл қазақ халқының тұтас ұлт болып қалыптасуына үлкен кедергі келтірген құбылыс еді [15].
Рушылдықты ұлтшылдықтың бір түрі ретінде қарастыру да, ешқандай нəтижеге жеткізе қоймайды. Ұлтшылдық – ұлт пайда болғаннан кейінгі кезеңде көрініс бере бастаған құбылыс. Ал рушылдық болса, адамдардың ұятқа дейінгі тұрақсыз қауымдастығының кезінде пайда болып, етек алған халықты феодалдық бытыраңқылықа əкеп ұрындырған психология. Рушылдық пен жікшілдік қазақтың орталықтандырылған ұлттық мемлекетін құруға да кедергі келтірген. Түптеп келгенде, əрине, қай құбылыстың қоғамдық дамудың қай сатысында пайдаболғандығынаемес, оныңсаяси-əлеуметтік мəнінде, қоғамдық дамуға ететін ықпалында. Ұлтшылдық өзге ұлттардың мүдделеріне қиянат жасаудың есебінен, өз ұлтының мүддесін қанағаттандыруды көздеген əрекеттердің жиынтығы болса, рушылдарға ұлттық мүдде деген түсіне де кірмейді. Бұл тұрғыда олар ұлттықмемлекеттік мүдделердің өзін сатып кетіп отыратын, компордорларға ұқсайды. Рушылдар мен жүзшілдер – өздерінің жəне рулас туыстарының құлқыны үшін ұлттық мемлекетті ойланбай-ақ айырбастап жіберетін, ұлттық санадан жұрдай, протекцияның күшімен басқару аппаратына əкелген дипломды мамандардың оқшау тобы.
Рушылдық кадрларды іріктеу жəне орналастыру ісінде кездесетін кертартпа принцип – протекционизмнің ерекше формасы. Протекция құбылысының соңғы жылдарында басшы кадрларды іріктеу жəне орналастыру процесінде бұрынғы одақтас республикалардың бəрінде, өлкелерменоблыстардаорыналыпкелгенібелгілі. Жершілдік, жікшілдік, таныстық механизмдерін пайдалану тек қазақтарға ғана тəн құбылыс емес-тін. Мұндай құбылыс бұрынғы Кеңес Одағының қай түкпірінен болса көп кездесетін. Алайда Қазақстандағы кадр мəселесін шешу барысындағы жағдайларды өзге жерлердегімен салыстыруға болмайтын, өзіндік ерекше сипатта еді. Ол ерекшеліктің бастысы біздегі рушылдық дегеннің өте ауқымдылығымен көзге ұратындығы. Əсіресе тұрғындарының ішінде қазағы көп аудандар мен облыстардағы кадр мəселесін шешетін басты принцип осы болып табылады. Біздегі протекционизмде текшілдік пен тартысудың, жеке басқа деген табыну мен өзара тіл табысушылықтан гөрі рушылдық пен туысқаншылдық, жүзшілдік пен жершілдік реңкі басымырақ көрініс берді. Сондықтан да бұл əлеуметтік қырсық қазақтардың ішкі мəселесі ретінде ғана алыны келеді. Əрі бұл құбылыс өзара күңкіл, күбір сыбыр деңгейінен аспай, ары кеткенде «осыны қойсақ қайтеді» деген тəуір пікір дəрежесінде ғана көрініс беріп келеді.
Рушылдық психологияның өзге жағымсыз ұлттық-психологиялық əдет-дағдылардан гөрі тигізетін зияны мол, əлде қайда қатерлі. Рушылдық дерті қазіргі кезеңдегі кадр саясатын жүргізу, кадрларды іріктеу жəне орналастыру ісін қайта құрудың алдында тұрған ең үлкен тосқауыл болып отыр. Оның зардаптары бірден қоғамдық-əлеуметтік, мəдени-рухани дамудың барлық салаларынан көрініп те жүр.
Рушылдық үстемдік еткен жерде халықтың бірлігіне, қоғамдық ой тұтастығына, «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаратын» бүкіл ұлттық ынтымақтастыққа қол жеткізу мүмкін емес. Рушылдық, жершілдік механизмі халықтың демографиялық өрлеу мен ішкі миграциясына да кедергі жасайды [16]. Рушылдықтың халық шаруашылығына келтіріп жатқан зияны да ұшантеңіз. Рушылдық, туысшылдық арналарымен лауазымды орынға келіп, бас аяғын қамтып алған басшы, өзінің шаруашылық миссиясына арнап сəнді сарай салғызудан бастайды да, сосын мемлекет мүлкін судай шашып, сеңдей соғыстырады. Өз міндетін қазіргі ғылыми талаптарға сай орындай білмейтін, ондай ойы да, ниеті де жоқ, жеке басының қамымен шаруашылық қарқынын түсіріп жүрген кейбіреулердің мұндай əрекеттерін, біржақты əкімшілік тар шеңберде ғана алып, қарастыру түпкілікті нəтижеге жеткізе алмайды. Бұл құбылысқа əлеуметтікэкономикалық, моральдық-этикалық жəне саяси позициялардан қарап, ұлттық мүдделердің бағасына соқпай бұл мінезді өзгерту қиынға соғады. Осы уақытқа дейін мұндай қылықтардың төте соққыдан жалтарып, бұқпантайлап күн көріп келуінің себебі осы. Рушылдықты қайта жандандырған, оны өліп бара жатқан жерінен қайта тұрғызып, өмір əперген қандай күш екенін жоғарыда атап өттік. Ол – қазақты ұлт ретінде жою мақсатын көздеген сол мақсатқа жету үшін зиялыны ұсақ кадрмен айырбастау стратегиясын шығармашылықпен айқындап, ұтымды тактикамен жүзеге асырып келген, осы уақытқа дейін басқарудың барлық тұтқаларын өз қолына жинақтап келген – əміршіл-əкімшілік аппарат. Ол аппаратты құрушылар – бұрынғы Кеңес Одағында тұратын жүздеген ұлтты ассимиляциялауды көздеген орыс шовинистері екенін түсіну қиын емес. Демек, рушылдық дегеніміз қазақтарға (рулық психологияның іздері өше қоймаған өзге Орта Азия халықтарына да) қарсы күресте қолданылған, ұлы державалық шовинизмнің қаруы.
Академик Жабайхан Əбілдин айтқандай, өзінің ұлт ретінде кеш қалыптасуына орай, қазақтар ғасырдың басында жүздері мен руларын əлі ұмытқан жоқ болатын. Қазақ халқының тарихында ру-тайпалық құрылымының əрқашан да реакциялық рөл атқарып келгені де шын. «Ол ұлттың бірігуіне де, ұлттық өзіндік сана мен ұлттық психологияның қалыптасуына да кедергі жасады. Рулық жікшілдік қазақ халқының күш біріктіруіне ылғи кедергі келтірді; саяси өмірдегі əртүрлі сепаратистік пен сатқындықтың негізі болып келді. Əрі академиктің «социализм жағдайында», «Қазақтың социалистік ұлт бо- лып қалыптасуы интенсивті жүріп жатқанда» дегендерін сол кезеңнің идеологиялық ықпалынан шыға алмаушылық екенін түсіндіре отырып, рушылдықтың қайта жандануы туралы ойларды ден қоярлық екенін айта кету керек.
«Алайда тоқырау кезеңінде республикада көңіл сөнбес іс болды, – деп таңданады академик, – артта қалған соңғы демін алып жатқан, тіпті өліп бара жатқан форма кенет қайта жанданып, күш ала бастады. Өзінің зиянкес вирусымен білімді адамдарды, республиканың маман корпусының жоғарғы эшелонын ластады. Ру-тайпалық идеологияға партия – совет қызметкерлері, ғалымдар мен жазушылар, институттардың ректорлары мен директорлары, т.б. бой алдырды».
Қазіргі уақытта елімізде рушылдық қарымқатынастың деңгейі біршама жақсарды. Тəуелсіз мемлекеттің ішкі өмірі мен оның саяси экономикалық жағдайы мəселенің негізгі арқауы деп бағалауға болады.
Ұлт санасына қарамастан ұлттық мүдделер мен мұқтаждарды қанағаттандыруға, таба білуге көңіл бөлініп ұлттық мəселелерді шешуде əдептілік сақтап, бұқараның психологиясын түсіну қажеттілігіне назар аударды. Қазіргі кезеңде ұлт мəселесінің əдет-ғұрпын, ділін, дінін сақтаудың ешбір өзгеруі болмайтынын ескеріп отыр.
Ұлттық тілдің көмегімен ұлттық ой-сезімді, мінез-құлық пен көңіл күйді білдіріп эмоциялық халді жеткізе аламыз. Рушылдық мінез-құлық ұлттардың бүгінгі күні арқылы байқалады. Ерік дегеніміз – индивидуалды жəне ұлттық психологияның, сонымен бірге əлеуметтік психологияның категориясы. Ол сананы бейнелейді, таптардың, ұлттардың, рулардың, жеке адамдардың мақсатпен бағытталған əрекеті, олардың қоғамдық қызметінің жемісі.
Қазіргі кезеңде рушылдық ынтымағымыздың тамыры ұлт пен ұлтты, халық пен халықты, ру мен руды, ағайын мен ағайынды ынтымақтастыру саясаты қайта гүлдене бастады. Қорыта келгенде, қазақ халқының бүгінгі рушылдық психологиясы тəуелсіздігімізді алғаннан кейін өз дəрежесіне жетті, əрине, біренсаран бұрынғы кеңес кезінің орыстандырған саясатының қалдықтары да кездеседі. Өз руын, ұлтын, тілін білмейтін қазақтар да бар. Кейбір мекемелерде руға бөліну де бірді-екілі кездесіп жатады. Бірақ бұның бəрі қалпына келетін мəселе. Ертеңгі жас ұрпақ тегіне жақсы бағдарламалар жасалынып жатыр. Тарихты рушылдыққа бұрмалау кездеседі. Бүгінде Қазақстан мемлекетті егеменді ел ретінде əлемдік нарықтық қатынастар күшіне ілесіп отыр.
Ру тұтастығы мен қазақ тұтастығы қажеттілік тұрғысынан жəне ар-намыс ұшыраспайтын білім жəне өнер бар. Ол – рушылдық философиясы, оның пəні мен мəселелерін толықтыру. Бүгініміздің даму дағдысын танып табу үшін, таңдау үшін жинақталған тарихи білімдер жеткіліксіз, бұған методологиялық ізденіс пен жаңа дүниетанымдық көзқарасты қолдана білу абзал. Екеуінің де үш негізгі сипатын – заттық мазмұнын, іс-əрекетінің бағдарын, жүйелілігін арттыру қазақты келбеттеудің болжамдық қызметін жандырумен барабар.
Ұлтымыздың рухы мен намысы тарихиəлеуметтік жағдайға орай қарастырылмағандықтан, біріншіден, рулардың басын қосатын фактордың: атамекеннің, атакəсіптің, атамұраның өзара тəуелділігі қайырылды, екіншіден, халқымыздың тарихтағы жаңа рөлін көрсете алмадық, үшіншіден Қазақстандағы əлеуметтік нəтижелі, жүйелі болжау міндеттері назардан тыс қалып қойды. Алдағы жерде осы мəселелерді ғылыми сарапқа салған аб- зал. Рушылдық тəлім-тəрбие жайлы түсініктер, қай заманда болмасын адамзат алдында тұрған мұрат-міндеттердің ең бастысы – өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты саналы ұрпақ тəрбиелеу.
Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында» атты еңбегі Қазақстанда этикалық білім берудің кейбір мəселелеріне қолдау көрсетіп, қозғау салып отыр.
Рушылдық ерекшеліктердің ұлттық сезімдер арқылы көрініс беретінін, оның ұлт тілдері мен ұлт мəдениетінен айшықты орын алатынын айта келіп, ел басшысы Н.Ə. Назарбаев оның өмірден алатын тұрақты құбылыс екенін, оны жою мүмкін еместігін əрбір рушылдық мəдениеттің беріктігі, ұлттық қағидалардың қоғамда қозғаушы күш екеніне жəне оның тəлімгерлік рөліне назар аударады.
Рушылдық психологияның ерекшеліктері тарихи дəуірлер қоғамының əлеуметтік бұлаңдар салған іздің белгілерін жинақтап, сақтап бүгінгі ұрпақтың рухани қасиеттерімен аралас өрбіп отырады. Оның табиғатпен бірге қалыптасуына мына факторлар əсер етеді. Белгілі бір халықтың ұзақ мекендеген географиялық ортасы, халықтың тарихи жолы, былайша айтқанда, халық «тағдыры» оқиғалары, мəселе, азаттық күрес пен байланысты ортақ қуаныш, ортақ қайғы, күйзеліс, жеңістер, түрлі ұлт өкілдері арасындағы əлеуметтік психологиялық қарымқатынастар, өзара əрекеттерінің байланыс деңгейі. Аталған жағдайлар халықтың рухани психологиялық қасиеттеріне із қалдырды, соған бейімді дағдыларды қалыптастырды.
Рушылдық психологияның белгілері көп. Тарих пен саясат, оған қоса табиғат ықпалы ғасырлар бойы өзінің іздерін қалдырып отырған. Сондықтан рушылдық психологияның ерекшеліктері тарихи жəне əлеуметтік құбылыс. Дегенмен уақыт өрнегі заман талабы ұлттық психологияны өзгертіп, дамытып əрі жаңартып отырады. Тарихтың белгілі кезеңдерінде өзгерістерге ұшырап тиісті сапаларға ие болады деп ойлаймыз. Оның қозғалысы мен өзгерістеріне əлеуметтік-саяси жағдай мен саясат идеологиясы анық ықпал жасап, тіптен тездетіп те жатады. Рушылдық психология белгілерінің қалыптасуы мен жіктелуі, қоғамның кейбір таптарының, топтарының мүдде-мақсаттары да тікелей байланысты саяси мəселелерге де тіреліп отырады.
Рушылдық психологияның ерекшеліктері дегеніміз – рулардың тарих дамуы негізіндегі өзгешелігі мен əлеуметтік экономикалық, рухани өмірінің алғышарттарына байланысты қалыптасып жəне мəдениет пен тұрмыста дəстүрлер мен əдет-ғұрыптардан байқалатын рушылдық сезім əрекетінің көрінісі. Рушылдық психологиясын өзгермейтін құбылыс деп қарауға болмайды. Өйткені ол қоғамдық дамуға, əлеуметтік экономикалық өзгерістерге байланысты дамып, белгілі қасиеттерге жаңаланып отыруы қажет.
Анығына келгенде, əлеуметтік əділеттілікті бұзып біртектілікті іріткіге салатын рулық бөлініс, халқымызға береке əкелмейді деп ойлаймыз. Сонымен бірге зиянды көріністер мен жүйелі күрес жүргізбейінше достығын нығайту жолында біртұтас интернационалдық рухтағы ұлттық сана-сезімді қалыптастыра алмаймыз.
Білімді, жан-жақты тəрбиелі, қабілетті ұрпақ – ұлтымыздың баға жетпес қазынасы. Əр халықтың тəлім-тəрбиесі мəдениеттің маңызды мұрасы болып табылады. Ертеңгі өркениетті қоғам мүшесі, өз ұлтының рухани байлығын, ізгі қасиеттерін бойына сіңірген, өз жері мен елін қорғай алатын ұлтжанды, жоғары мəдениетті адамды тəрбиелеу, бүгінгі күннің талабы. Жастарды жан-жақты қабілетті адамзат етіп өсіруде, рушылдық тəлім-тəрбие принципін басшылыққа алу қате құбылыс. Сондықтан да біздің негізгі бағыт-бағдарымыз ана тіліміздің табиғи тазалығы, мектепте оқытылатын түрлі ғылым негіздерінің ұлттық болмысымызға үйлесуі, мектептегі оқу-тəрбие процесін жаңа мазмұнда əрі халқымыздың озық салт-дəстүрі мен əдет-ғұрпына негіздеу дұрыс болмақ [17].
Əдебиеттер
- Жүкеш Қ. Ұлттық психологияның сипаты. – Алматы, 1993. – 82 б.
- Елікбаев Н. Ұлттық психология. – Алматы: Қазақ университеті, 1993. – 74 б.
- Елікбаев Н. Қазақстан 2030: Қазақ ұлты психологиясының методологиялық мəселелері. – Қарағанды, 1999. – 81 б.
- Жарықбаев Қ.Б. Қазақ психологиясының тарихы. – Алматы: Қазақстан, 1996. – 43-45 б.
- Елікбаев Н. Дəуір тынысы. Қазақ ұлтының психологиясы. – Қарағанды, 2000. – 89-90 б.
- Ғарифолла Есім. Сана болмысы: саясат жəне мəдениет туралы ойлар. Алматы: РИМП, «Экитто», ПКП, «Верена»,– 32-35 юб.
- Елікбаев Н. Қазақтың ұлттық психологиясы // «Ақиқат» журналы,
- Қазақ психологиясының мəселелері. – Алматы, 1974. – 14-15-б.
- Сəрсенбаев Т. Ұлттық сана-сезім мен ұлттық қадір-қасиет. – Алматы, 1990. – 11 б. 10 Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетəлі Қ. – Алматы: Жеті жарғы, 1999. – 146-147 бб.
- 11 Қожабекұлы Б. Тарихи таным: Ежелгі халықтар, тайпалар, рулар, жер жұтқан қалалар. – Алматы: Ататек, 1994. – 24-31 б. 12 Жұмағұлов Н. Қазақ шежіресі. – Алматы: Қанағат, 1993. – 117-118 бб.
- Арғынбаев Қ. Қазақ шежіресі хақында. – Алматы: Атамұра, 2000. – 24-27 бб.
- Қазақстан тəрбиелік ой-пікірлер анотомиясы (ХІІІ-ХХ ғғ.). – Алматы: Рауан, – 51-52.б. 15 Қазақ психологиясының мəселелері. – Алматы, 1974. – 14-15 бб.
- Назарбаев Н. Қазақ халқының азаматтық таңдауы – тарихи зерде, ұлттық татулық жəне демократия реформалары. –Ақмола, 1997. – 37-39 бб.
- Назарбаев Н. Тарихи толқын. – Алматы, 1999. – 77-78 бб.