Əлеуметтану ғылымының негізі қаланғаннан бері, теңдік пен теңсіздік мəселесі зерттеліп келеді. Қоғам – ол жалпы кең ауқымды дүние болып табылатынын бəріміз білеміз. Табиғаттың өзінде көптеген теңсіздік бар екенін байқау қиын емес. Ал қазіргі таңда зерттеліп отырған теңсіздіктің бірнеше бағыттары – материалдық теңсіздік, рухани теңсіздік, саяси теңсіздік, сонымен қатар жыныс теңсіздігі. Əлеуметтану ғылымы 150 жылдан астам уақыт зерттеліп келеді, осы уақыт аралығында қоғамның көптеген бағыттары анықталды. Əлеуметтану ғылымының əр даму кезеңдерінде теңдік жəне теңсіздік мəселесі терең қарастырылып, келеді.
Қоғам мүшелерінің арасында əлеуметтік теңсіздіктің табиғатын, себептерін, оның заңды құбылыс ретіндегі мəнін түсінуде əлеуметтік стратификация теориясының маңызы зор.
«Стратта» деген геология термині жердің құрылымындағы қабаттарды анықтауға байланысты қолданылады. Ал қоғамға байланысты біздің ана тілімізде қабаттан гөрі «жік» деген ұғымды пайдаланғанымыз жөн. Біз тарихтан қоғамның əр даму сатысына тəн түрлі стратталардың болғанын білеміз.
Біз қоғамның əлеуметтік құрылымын сөз еткенде қоғам өзінің құрылымы жағынан бірдей емес екендігін айтып кеткен едік. Қоғам адамдарының арасында теңсіздік бар. Соған байланысты олардың əлеуметтік жүйедегі алатын орындары да бірдей емес. Жекелеген индивидтер мен адам топтарының арасында əлеуметтік жіктелу бар. Оларды жіктегенде бірқатар өлшемдер басшылыққа алынады, мəселен, табыстарының көлемі, білім деңгейі, мамандықтағы мəртебесі, билікке қатынастары.
Қоғам адамдарын стратталарға жіктеудің тарихи үш типі белгілі. Олар: а) касталар; ə) сословиелер; б) таптар. Осы аталған жіктеудің үш типіне байланысты стратификациялық жүйе ашық жəне жабық жүйелерге бөлінеді. Қоғам мүшелерінің статустары мен əлеуметтік жағдайларын өзгертулеріне мүмкіндік бар əлеуметтік құрылым ашық стратификациялық жүйе деп алады да, ал мұндай мүмкіндік болмайтын қоғам жабық стратификациялық жүйе деп аталады.
Қоғамдағы қалыптасқан діни-наным мен дəстүр бойынша, жоғары каста мен төменгі каста адамдарының араласуларына, қарым-қатынас асауларына қатаң тыйым салынған. Брахмалық діни-наным бойынша, əр адам құдайдың берген тағдырына көніп, өмір бойы сонымен келісімде болуы керек.
Сословиелік жүйелер – феодалдық қоғамда орын алған стратификациялық жіктеу типі. Бұл қоғамдағы адамдар жоғары жəне төменгі сословиелерге бөлінген. Сословиелік статустар атадан балаға мұра ретінде беріліп отырған. Жоғары сословиеге дворяндар, дін иелері, ал төменгі сословиеге қолөнершілер, шаруалар, көпестер жатқан. Бұл аталған жүйеде бір сословиеден екіншісіне өту шектелгенімен, олардың арасында кейбір жағдайда некенің орын алуы жəне төменгі сословие адамдарының сіңірген еңбектеріне байланысты билік тарапынан оларға жоғары сословиелік статусты сый ретінде беру сияқты жағдайлар орын алған.
«Тап» деген ұғым ғылыми айналымға жаңа заманда енді. Əсіресе XVIII-XIX ғасырларда Батыс Еуропа ойшылдарының еңбектерінде бұл ұғымның мəні негізделіп, қоғамда таптардың бар екендігін мойындау болды. Бастапқы кезде таптар деген ұғымның саяси мазмұны баса айтылды.
Тек кейін К. Маркс жəне М. Вебер еңбектерінде қоғамдағы таптық жіктелудің экономикалық себептері мен астарларына терең назар аударыла бастады. К. Маркс өз заманында таптар туралы ілімді одан əрі дамытып, өзінің тап күресі туралы теориясын негіздеді. Соның нəтижесінде ол əлеуметтік стратификация теориясына өз үлесін қосты. Ол таптардың пайда болуының экономикалық себептерін ашып көрсетті, бұл себептерге К. Маркс қоғамдық еңбек бөлінісі мен жеке меншіктің шығуын жатқызады. Сонымен, К. Маркс қоғамда негізгі жəне негізгі емес таптардың болатынын атап көрсеткен. Негізгі таптар қоғамдағы өмір сүріп тұрған негізгі меншік қатынастарының түрінен туындайды. Сонда құл иеленушілік қоғамдықэкономикалық формацияның негізі таптары – құл иеленушілер мен құлдар; феодалдық қоғамда – феодалдар мен шаруалар; капиталистік қоғамда буржуазия мен жұмысшы табы негізгі таптар болып есептеледі.
Негізгі емес таптар – өткен дəуірден қалған немесе жаңадан қалыптасып келе жатқан қоғамдық-экономикалық формацияның таптары.
Мəселен, капиталистік қоғамда феодал мен шаруа таптарының сақталуы мүмкін.
К. Маркс қоғамда негізгі жəне негізгі емес таптардан басқа əлеуметтік жіктердің болатынын ескертеді. Əлеуметтік жіктер – таптың белгілерін бойына толық сіңіре қоймаған аралық таптар. Мысалы, жұмысшы ақсүйектерін алсақ, олардың жұмысшылардан артықшылықтары бар, ал буржуазиядан айырмашылығы меншік иесі емес. Олай болса, бұл тапты өз алдына бір тапқа жатқызу қиынға түседі.
К. Маркс интеллигенцияны əлеуметтік топқа жатқызады, өйткені бұл топтың да белгілі бір тапқа ұқсас белгілері аз жəне олар шығу тегі жағынан да əртүрлі таптардың өкілі болуы мүмкін. Сол себепті К. Маркстің ізін қуушылар интеллигенцияның өзін буржуазиялық, ұқсас буржуазиялық жəне пролетарлық деп жіктеуді ұсынған.
К. Маркс қоғамды таптарға жіктеумен ғана шектелген жоқ. Ол капиталистік өндіріс тəсіліне жан-жақты талдау жасап, бұл қоғамдағы қанаудың мəнін түсіндірді жəне өзінің тап күресі туралы теориясын негіздеді.
К. Маркстің таптар жөніндегі ілімін одан əрі дамытқан В.И. Ленин болды. Ол өзінің 1919 жылы жазған «Ұлы бастама» деген еңбегінде таптарға мынадай анықтама берген: «Таптар дегеніміз – қоғамдық өндіріс жүйесінде ала- тын орны мен өндіріс құрал-жабдықтарына, қатынасына қарай жəне қоғамдық байлықтан алатын үлесінің көлемі мен сол үлесті алудың əдісіне байланысты жіктелетін адамдардың үлкен тобы, сонымен қатар таптар деп, бір топтың қоғамдық өндірістегі алатын орнындағы айырмашылыққа байланысты екінші бір топ адамдарының еңбегін қанауды айтамыз». Сонымен, маркстік ілім тапты құрайтын басты белгілерге:
- адамдар тобының өндіріс жүйесінде алатын орнын;
- олардың өндіріс құрал-жабдықтарына қатынастарын;
- еңбекті ұйымдастырудағы адамдар арасындағы қарым-қатынасты;
- қоғамдық байлықтан алатын үлестің көлемі мен оны алудың əдісін;
- қоғамдық өндірісте бір топтың басқа адамдардың еңбегін қанауын жатқызады.
Бұл белгілердің таза экономикалық сипа- ты болғандықтан, таптар тек экономикалық категория ретінде көрінеді.
Əлеуметтік стратификация теориясына өз үлесін қосқан М. Вебер бұл мəселеге байланысты тұжырымдамаларында К. Маркстің теориясынан өзгеше жəне оған ұқсас жақтары да бар екендігін айта кету керек. М. Вебер К. Маркстың қоғамның тапқа жіктелуінің объективтік экономикалық негіздері бар де- ген ойымен келіседі. Ол пікірді ол басқа да экономикалық факторлармен толықтырады. Біріншіден, М. Вебер таптық айырмашылықтар тек меншіктің болу, болмауына байланысты емес, сол сияқты адамдардың жоғары білімінің болуына, мамандық түріне, кəсіби дəрежесі мен шеберліктеріне де байланысты дейді.
Екіншіден, М. Вебер адамның статусын саяси партияға, яғни билікке қатынасы деген стратаға жіктеудің өлшемдерін енгізеді.
М. Вебердің пікірінше, статус əлеуметтік топтар мен индивидтердің қоғамдағы алатын орны мен мəртебесіндегі айырмашылықты көрсетеді. Адамның белгілі бір тапқа жатуы объективтік факторларға байланысты да, ал адамның статусы білімі мен шеберлігінің дəрежесі, өмір салты сияқты субъективтік факторлармен түсіндіріледі дейді.
М. Вебер қоғамдағы тапқа бөлінуге əсер ететін факторларды ескере отырып, 4 түрлі таптарды атап көрсетеді. Олар:
- капитал иелерінің табы;
- интеллектуалдар мен менеджерлерден, басқарушылардан тұратын тап;
- дəстүрлі ұсақ буржуазия табы;
- жұмысшы табы.
Сонымен, М. Вебердің ұсынған əлеуметтік стратификация теориясында қоғамды стратаға жіктеудің біршама кең өлшемдері берілген.
Ғылыми əдебиетте қоғамның страталарға жіктелуінің басқа да өлшемдері кездеседі. Ғалымдардың көпшілігі стратификациялық құрылымның негізі адамдар арасында болатын табиғи жəне əлеуметтік теңсіздік екендігін мойындайды. Осы теңсіздік деген өлшем қоғам адамдарының біреулерінің басқалардан жоғары, екінші біреулерінің төмен орналасуына ықпал етеді.
Табиғи теңсіздік адамдардың табиғи жаратылыстарына байланысты (жыныс, жас мөлшері, темперамент, терісінің түсі, бойы, ақыл-ойының деңгейі) ерекшеліктерінен туындайды. Мəселен, ақыл – парасатымен, күш – қайратымен ерекшеленетін адамдар көпшілікке ықпал етіп, оларды өзіне бағынышты етуге ұмтылады.
Ерлер мен əйелдер арасындағы теңсіздік ерте заманда пайда болып, күні бүгінге дейін сақталып келеді. Барлық дерлік ерлерде əйелдерінің табыстарының көлемі ерлерге қарағанда төмен. Əйелдер арасындағы жұмыссыздықтың да деңгейі жоғары.
Əлеуметтік теңсіздіктің пайда болуына қоғамдық еңбек бөлінісі, яғни адамдардың кəсіби мамандануы ықпал етеді.
Ең көлемді қоғамдық еңбек бөлінісі еңбектің аграрлық жəне өнеркəсіптік деп жіктелуіне байланысты болды. Мұның өзі қала мен село өмір салтының қалыптасуына, халықтың территориялық-аймақтық жағынан жіктелуіне əкелді. Қала өмірінің селоға қарағанда бірқатар артықшылықтары бар. Атап айтсақ, еңбектің мазмұны мен түрлерінің сан алуандылығы, тұрмыстық жəне мəдени қызмет көрсету салаларының, саяси жəне басқару орталықтары мен бұқаралық ақпарат жүйесінің, ғылым мен білімнің кеңінен дамуы қалаларға тəн сипатты белгілер.
Қоғамдық еңбек бөлінісі ой еңбегі мен дене еңбегінің арасындағы айырмашылықтың пайда болуына, соның нəтижесінде қоғамда білімі мен кəсіби деңгейлері жоғары адамдар тобының қалыптасуына ықпал етті. Aғылшын тiлiнен аударғанда гендер «тек» деген мағынаны (ағыл. gеndеr – тек, грамматикалық ұғымы: орыс тiлiндегi женский род, мужской род, средний род) бiлдiредi. Америкалық сөздiкте оның тағы бiр мағынасын табуға болады, мұнда «гендер» терминi қай топқа, тапқа, caнатқa жататындығын көрсететін қатынас көрінісі. Басқаша айтқанда, гендер бiр нысан (не затпен) мен бұрыннан белгiлi (тап, топ) басқа заттың қатынасын бiлдiредi.
Яғни гендер тап iшiндегi бiр нысанға не индивидке сол тап iшiндегi ұстанымды, сондайақ қалыптасқан таптардың басқаларға қатысты ұстанымын белгiлейдi жəне бекiтедi. Гендер дегенiмiз – əлеуметтiк қатынас (биологиялық жыныс емес); немесе əрбiр жеке тұлғаның арнайы əлеуметтiк катынастар терминiндегi көзқарасы.
Гендерлiк теңсiздiк бұл, ең алдымен, əлеуметтік теңсіздік. Қоғамдағы əлеуметтiк теңсiздiк негiзiнен, тоқырау – қоғамдық таптардың сатылық ретке келтiрiлген рангпен бөлiнуi (мысалы, мынадай критерийлер бойынша: байлығы, билiгi, мəртебесi жəне басқалары) peтiндe ұғынылады.
Теңсiздiк адамзат қоғамының түбегейлi сипаттамасы болып табылады. Teңдiк пен теңсiздiк идеясының түп-тамыры ежелгi мифтер мен ертедегi дiни iлiмдерге барып тiреледi. Қоғамдық ой жасаған социум идеалы едəуiр дережеде уақыттан тыс, түйiндi сипатты иеленді: ол iштeй қарама-қайшылыққа душар болып, ақыр coңындa, күйреуге ұшырады. ХХ ғасырдың соңында П. Сорокиннiң өз заманында жасаған қоғамның таптарға бөлiнбей өз мүшелерiнiң нақты тeңдiктe болуы – миф, ол адамзат қоғамында ешқашан да ақиқатқа айналмайды деген ғылыми болжамы расталды.
Көптеген қоғамдар биологиялық айырмашылық нəтижесiнде қашып құтылуға болмайтын жыныстар арасында əлеуметтiк айырманы белгiледi. Гендерлiк теңсiздiк проблемасының тарихын зерттеушiлер осы күнге дейiн мифологиялық бейненің қоғамдық санада əйел табиғатының жетiлмегендiгiн бiлдiретiн Еваның Адамның қабырғасынан жаратылуы туралы өзектендiрiлу себебiн таба алмауда. Адам мен Еваның тарихынан мыңдаған жыл бұрын ежелгi өркениет өзiнің жаратушысы жəне түпкi тeгi peтiндe Ұлы құдай ана деген ұғым кең тapaғaн. Өркениет бесiгi қоныc тепкен барлық ауқымды аймақтарда еркек құдайлар салыстырмалы түрде, адамдар жер өңдеудi, жазуды үйренгеннен кейiн пайда болған. Ертедегi жазба ескерткiштерде Ұлы құдай ананы Көк Падишасы деп aтaғaн. Жазу, даналық, сот жəне соғыс құдай аналары болған.
Ұлы құдай анаға табынған қоғамда əйелдер кейiнгi кезеңдерге қарағанда көбiрек билiк пен теуелсiздiкті иеленген. Б.з.д. 3000 жылға жуық уақыт бұрын Шумерде Ұлы құдай ана храм тұрғызған, онда тек Жрецтер қызмет еткен. Олар iскерлiк мəселелермен де айналысқан: олардың қолында храм шаруашылығы болған. Олардың кейбiреуi сауатты болған. Шумер аңызына сай саз кестелер мен жазуды осы əйел құдай жасаған. Ұлы құдай ана культi туралы, ежелгi өркениетте əйелге қалай табынғаны жəне құрметтегенi туралы жұртшылықтың көпшiлiк бөлiгi азырақ бiледi, бiз бұл үшiн құдай-əйел болып саналған патриархиалдық коғамда тəрбиеленген археолог еркектердің XIX ғасырдағы ашқан жаңалықтарына қарыздармыз. Олар өздерiнiң ғылыми табыстарын сипаттай отырып, ежелгi өркениетте əйелдердiң рөлiне барабар баға бере алмады (каламады?).
Орта ғасырларда, рыцарлық кезеңде көркем əйел культi өмip сүрдi, ал əйелдердiң жағдайы теңсiз болды. Еркек əйелдi жоғары көтередi, оның бейнесiн идеалдандырады, бiрақ нақты өмiрде оған басшылық жасайды. Еркек ұғымында əйел мейiрiмдiлiк, адамгершiлiк жəне əдемiлiк символы, тек ешқандай да тең құқықты тұлға емес. Орта ғасырда қоғамдағы əйелдердің жағдайына, əсiресе дiн айрықша ықпал еттi.
Орта ғасырдағы əйелдің ақиқат жағдайын толық бейнелейтiн дiни бастауға Библия жатады. Өз кезеңiнде əлемдiк дiннiң негiзiн қалаушы Христосты алып келген рухани өмiрдiң «жұмсақ» принциптерi патриархалды қоғамда шiркеудің қаруы болды.
XVIII ғасырдағы Еуропа революциясы кезеңi жер бетiндегi адамдардың баршасының теңдiгi туралы идеяны алға шығарды, бұл кезең феминизмдi дүниеге əкелдi. Ол əйелдердің қоғамдағы бағыныштылығынa қарсы наразылығынан пайда болды. ХІХ ғасырда əйелдер жалпыға бiрдей сайлау құқығы үшiн күреске қосылды, содан кейiн феминистердiң қозғалысы абсолютті құқыққа жету үшiн күресе бастады. Осы құбылыс толық заңды тең құқыққа жетуге бағытталған қозғалысты туғызды.
Тек индустриалды революция ғана елеулi өзгерiстер алып келдi, өйткенi жаңа тарихи кезеңде əйелге деген қарым-қатынас қоғам кажеттiлiктерiне қарай айқындалды, оның басты мақсаты əйелдi қоғамдық еңбекке тарту болды жəне бұл мiндeт табысты жүзеге асырылды, ал бүкiл əлемдегi əйелдердiң гендерлiк бiрегейленуi ендi əлеуметтiк теңсiздiкпен күнделiктi корреляцияланады. Əйелдердің шектеулi үй жəне отбасы əлемiнен əлеуметтiк аренаға белсендi түрде шығуы адам құқығы үшін күрестің елеулi бөлiгi болды. Сонымен қатар еркектер мен əйелдердің арасындағы тең құқық үшiн күрес жəне олардың қоғам өмipiнe бiрдей қатысуы əйелдердiң, қыздардың, үй шаруашылығындағы əйелдiң жəне т.б. құқықтарын кең көлемде тану арқылы жүзеге асты.
Жыныстар арасындағы айырма гендерлiк рөлi бойынша дəстүрлi əлеуметтену механизмi арқылы орныққан.
Əйел теңсiздiгiнiң тарихын Ежелгi Египет кезеңiнен бастап ХХ ғасырдың ортасына дейiн қарастырып шыққан француз социологы Э. Сюллеро оны белгiлi бiр шамада «алданған үмiттер ғасыры», əйелдер туралы əлеуметтiк стереотиптер, олардың шектеулi қабiлеттерi жəне с.с. ғасырын бiлдiредi деп тұжырымдады. Егер əйел өндipicтeгi өзiнiң кəсiби қызметiн орындап, содан кейiн үйiнде «екiншi ауысымды» кəсiби түрде атқарса, американ социологтарының зерттеуi бойынша, аптасына 60 сағат жұмыс icтece, «шектеулi қабiлеттерi» туралы айтудың жөнi бар ма? Сонымен бiрге əйелдер, зерттеушiлер атап керсеткендей, қызмет көрсету нарығындағы бағаламалар бойынша 600$-ға бағаланатындай жұмыс көлемiн орындайды екен. Əйелдік белсенділіктің өзіндік ерекшелігі еңбек қызметі мен үй шаруашылығын бірлестіру қажеттілігінен, сондай-ақ аналық қызметін орындаудан тұрады, сондықтан еркек жəне əйел жұмыс күшін дифференциялау биологиялық, сол сияқты əлеуметтік фактормен де байланысты болды.
Аналық қызметін атқара отырып əйел қоғамдық өндірістегі өз қызметін үзуге мəжбүр болады, бұл оның мансабының өсу жолына жиі теріс əсер етеді. Осы теріс салдарды жеңуге тырыса отырып, əйел бала тууды шектейді, үнемі уақыт тапшылығы жағдайында үлкен салмаққа, күйзеліске душар болады. Аналитиктердің мəліметінше, Қазақстанда бизнеспен дербес айналысушы кəсіпкерлердің негізгі бөлігі – еркектер, əйелдер тек 28 пайызын құрайды екен [1].
Өзiндiк сана мен қоғамдық пiкiр арасындағы мынадай ұқсастықтар типтi болып келедi: жұмыс iстемейтiн жəне толықтай тұрмыспен жəне отбасымен шұғылданатын əйел – «үй шаруашылығын жүргiзушi»; көп жұмыс icтейтiн, тұрмыспен жəне отбасымен аз шұғылданатын əйел – «мансапқор»; көп жұмыс iстейтiн, тұрмыспен жəне отбасымен көп шұғылданатын əйел – «еңбекқор». Əйелдің жұмыспен қамтылу тұрғысынан өзiндiк сана мен нақты əлеуметтiк жағдай үшiн мұрат ететiндей нұсқаны табу – өте қиын мiндeт. Бiрқатар дамыған елдерде əйелдер үшiн кəсiби, ақы төленетiн үй шаруашылығымен айналысу идеясы белсендi талқылануда, бiрақ оған қарсыласушылар көп болып отыр [2].
Социум қалыптастыратын гендерлік рөлдерді орындау тұлғаның іштей ширығысымен жəне күйреуімен қабысып жатыр. Пробле- маны зерттеушілер көптеген жұмыс істейтін əйелдердің балалары мен күйеуінің алдында өзі отбасына бөлетін уақыт тапшылығы үшін кінəлі сезінетінін атап көрсетеді.
Отбасылық рөлдiң дəстүрлi стереотипi, феминдiлiк пен əйелге тəн нəзіктіктің бейнесi, көбiнесе, қазiргi адамның қажеттiлiктерiне сəйкес келмейдi. Жынысына қойылатын талаптардың қатаңдығы оларды жиi мазасыздандырады.
Еңбек нарығында əрқашан қатаң бəсекелес күреске бара отырып, өзiн əрқашан да «асыраушы» жəне əке рөлiнде көрсете алмайды. Олар жауапкершiлiктен жəне қоғамның қажеттiлiгiнен қашу құралы ретiнде алкогольдi, ecipткінi жəне еркектер ережесiне мазмұны жағынан емес, тек формасы жағынан жауап беретiн девиантты мiнез-құлықтың басқа формаларын таңдап алады. Еркектерге отбасының ақшамен, жайлылықпен, жоғары мəртебемен бiрегей болып келетiн «табысын» қамтамасыз ету жөнiндегi түпкiлiктi жүктелген инструментальды рөл экономикалық тұрақсыздық жағдайында оны жаншиды. Отбасын материалдық тұрғыдан қамтамасыз ету жөнiндегi epкектік рөлi мəнi бойынша олардың құлықтық жəне эмоционалдық мазмұнын құнсыздандырады. Əке мен жұбайдың меркантильдi, тұтынушылық тұрғыдан қабылдануы ic жүзiнде күйеуi мен əйелi, əкeci мен балалары арасындағы эмоционалдық байланыстың күйреуiне əкеледi, отбасының iшiнара бұзылуына соқтырады. Əcipece дəстүрлi стереотиптердің үстeмдiк eтyi əйелдерге өте ауыр болады [3].
Экономикалық дағдарысты басынан кешiп жатқан елдерде ерлерге қарағанда жұмыссыз əйелдер пайызы анағұрлым жоғары. Мысалы, Қазақстанда соңғы бес жыл iшiнде жұмыссыз əйелдер пайызы барлық жұмыссыздардың 5760 пайызы аралығын қамтиды. Бiздiң елiмiзде əйелдер бүкiл халықтың 51 пайызын құрайды жəне еңбек нарығында бəсекелестiгi аз азаматтар caнaтынa жатады. Олардың қомақты пайызын маргиналдылық пен люмпениза- ция процесiне тартылған əлеуметтiк топтар құрайды. Əлеуметтiк фактi ретiнде əйелдер жұмыссыздығы ерекше əлеуметтiк проблеманы (алкогольизм, наркомания жəне оның салдары – баласыздық немесе жарымжан бала туу; қоғамдағы құлықты ыдыратуға соқтыратын жеңiл жүрiске салынy) тудырады.
2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» заңы қолданысқа ендi, ол қолданысқа енгiзiлгеннен кейiнгi туындаған еңбек құқықтық қатынасына қолданылады [4]. Еңбек туралы жаңа заңның жобалары (жетеу) талқыланып, Республика азаматтарының мүдделерiн, əcipece əлеуметтiк жағынан аз қорғалған: əйелдердiң, жастардың мүддесiн сақтау шеңберiнде жетiлдiру мақсатында қайта пысықтауға қайтарылды. Алайда мамандар Еңбек туралы жаңа заңның жұмыс берушiлер тарапынан лоббилеуге ұшырағанын, оның негiзiнен, əлеуметтiк қажеттiлiктер үшiн азырақ қаражат шығындауы үшiн жаңа қожайынға бағытталғанын айтады. «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» жаңа заңда осы санатқа арналған арнайы тарау жоқ; онда екі бап бар (6-тарау. «Демалыс уақыты»), оның бірінде (66-бап) жүктілігі жəне босануы, бір жарым жасқа дейін бала күту бойынша кезекті еңбек демалысы жөніндегі ереже бар. Көрсетілген қажеттіліктер бойынша кезекті демалысын, оның ішінде жалақысы сақталмайтын қосымша еңбек демалысын көздейтін осы екі бапта əйелдермен қатар (жақшада) еркектер де: ұл немесе қыз асырап алғанда кезекті еңбек демалысын алуға болатыны көрсетілген.
Қазіргі дамыған қоғамда əйел мен еркектердің əлеуметтік рөлдері жалпы үлкен өзгерістерге ұшырап, атап айтсақ: отбасы, еңбек, саясат сияқты барлық өмір сүру аумақтарында əлеуметтік рөлдердің мазмұны да өзгеріп отыр. Сонымен қатар гендерлік рөлдердің ішкі құрылымдары да өте динамикалы болып табылады, əсіресе қазіргі постмодернистік қоғамда əйелдердіңəлеуметтікрөлдерідəстүрліқоғамның барлық компоненттерімен қоса (аналық, отбасылық құндылық, т.б.) жаңа əлеуметтік-кəсіби, экономикалық, саяси рөлдерді де қамтып отыр.
Постиндустриалды қоғамда мəдени құндылықтар, сонымен қатар гендерлік жүйе де өзгеріске ұшырады. Қазіргі таңдағы əйелдер отбасының экономикалық жағдайын жақсартуға өз үлестерін қосу мақсатында, отбасылық өмірге қарағанда, сыртта көбірек жұмыс істейді. Əйел еңбектерінің ерекшеліктері туралы туындаған сұрақтарға байланысты, эмпирикалық зерттеулердің бірнеше эмпирикалық нəтижелерін көрсетейік.
Сіздің жұмыс күніңіздің ұзақтылығы қаншалықты?
Сіздің жұбайыңыздың (егер тұрмыста болсаңыз) жұмыс уақытының ұзақтылығы?
Алынған мəліметтерге сүйенсек, көптеген əйелдердің жұмыс жасау ұзақтылығы 8 сағат, яғни олар 46,2 пайызды құрайды. Сонымен қатар айта кететін тағы бір қызықты жайт осы сұраққа жауап берген бірнеше əйел «Жұмыс күніміз нормаланбаған» (13,4 пайыз) деп жауап берді.
Бұл сұрақ-жауаптарға салыстырмалы талдау жасайтын болсақ, жалпы алғанда, əйелдердің жұмыс күн ұзақтылығы еркектермен салыстырғанда ондай алшақ емес екендігін байқауға болады [5]. Жауап берушілердің шамамен жартысына жуығы еркектермен бірдей 8.30-дан 18.30-ға дейін үйден тыста болатынын көрсетті.
Əйелдерді əлеуметтік дискриминациялаудың түрлері еңбек саласында да өзінше ерекшелікке ие. Өндіріс саласына əйел қауымының барлығы емес тек оның еңбекке жарамды (жасына қарай) бөлігі ғана тартылады, олар 16 жас- тан 54 жасқа дейінгілер, яғни бірінші орында репродуктивті жастағы əйелдер. Сондықтан да экономикалық бір қалыптылықты сақтау үшін, əйел жұмыс күшінің сұранысының төмендеуі еңбек нарығында жағымды фактор болып табылады. Еңбекке жарамды жастағы əйелдердің жұмысбастылығының орташа деңгейі 75,5 пайызды құрайды. Яғни орташа жас – 39,4 жас, бұның бестен бір бөлігі – 30 жасқа дейінгі жас əйелдер, ал 10 пайызы – зейнет жасындағы əйелдер.
Өндіріс саласында əйелдерді əлеуметтік дискриминациялаудың екінші бір ерекшелігі, ол мемлекеттік өнеркəсіп орындарымен салыстырғанда, жеке жұмыс секторларында, жұмыс беруші еркектердің жұмысшы əйел адында беделінің айқын сипатталуы. Жеке фирмаларда көбінесе кəсіподақтар жұмыс жасамайды немесе қызметін дұрыс атқармайды. Осы жеке секторларда əйелдер жағдайы көбінесе «жыныстық теңсіздікпен» айқындалады. Сонымен қатар «əйелге деген дискриминациялық қатынас» түсінігін сипаттағанда оның үш аспектісін көрсетуге болады:
- кəсіби сегрегация;
- еркек пен əйел еңбегінің төлемақысының тең болмауы;
- «екі еселенген жұмыс күні» [6].
Қазақстан саясатындағы гендерлік теңдік пен теңсіздікке тағы кішкене тоқталып кет- сек, Қазақстан Республикасының Парламент мəжілісінде қазіргі таңда жалпы депутаттардың 24 пайызын əйелдер саны құрап отыр. Ал маслихатта 17,1 пайызы – əйелдер. Жалпы, дамыған елдердің билік органдарында депутаттардың ішінде əйелдер саны 30 пайызды құрайды. Бүгінгі күні мемлекеттік атқарушы органдарында əйелдер саны біршама өсті, яғни олар 58 пайызды құрады. Ал саяси мемлекеттік қызметшілер, яғни шешім қабылдау деңгейінде, əйелдер 10,3 пайызды ғана құрап отыр [7].
Қазақстан саясатындағы гендерлік теңдік жəне теңсіздік мəселесіне кішігірім зерттеу жүргізіп көрдім жəне де ол зерттеуімді сіздерге ұсынып отырмын.
Қазақстан саясатында теңдік мəселесі жайында халыққа 10 сұрақтан тұратын сауалнама ұсынылды.
Олар:
- Гендерлік теңдік дегенді қалай түсінесіз?
- Қазақстан саясатында теңсіздік бар ма?
- Біздің қоғамда əйелге қатысты теңсіздіктің мысалын келтіре аласыз ба?
- Саясатта əйелдер қанша пайызды құрау керек?
- Саясаттың қандай саласында əйелдер басым болуы қажет?
- Əйелдерге саясатта істеу қаншалықты қиын?
- Саясатта теңсіздіктің себептері неде деп ойлайсыз?
- Саясаттағы «ерлер-əйелдер» балансын қалай теңдестіру керек? Қай жолмен саясаттағы əйелдердің санын көбейтуге болады?
- Саясатта əйел санын көбейтуден қандай нəтиже шығады деп ойлайсыз?
- Сіздің жынысыңыз?
- Мамандығыңыз қандай?
- Жасыңыз нешеде?
Міне, осындай сұрақтарға келген жауаптарды талдасақ:
Гендерлік теңдік деген ұғымға анықтама беруде ешбір респондент қиналмай, түрлі жауап берді. Жауап берушілердің жартысынан көбі гендерлік теңдік ұғымын əйел құқығының барлық салаларында сақталып, орындалуы; оған саяси өмір белестері де, қоғамдық өмірдегі процестер де; мəдени, əлеуметтік мəселелердің тиімді шешілуі жататынын айтып кетті. Яғни əйел мен еркектің қазіргі қоғамда тең құқылы болу қажеттілігін қоғамның бəрі мойындауда, «гендерлік теңдік» деген ұғымды респонденттердің 100 пайызы анық біледі жəне өз көзқарасын анық білдіреді.
Қазақстан саясатында теңсіздік бар ма, деген сұрақ əртүрлі дискуссияны тудырды. Осы сұрақ аясында жалпы респонденттердің жынысына қарай бөлінуін көрейік (№1 диаграмма).
Сұрауға қатысқандардың 68%-ы саясатта əйелге қатысты теңсіздік бар деп есептейді (№2 диаграмма) жəне бұлай жауап берушінің көбісі əйелдер болды. Ал қалған 30 пайызы саясатта да, басқа ешбір салада да теңсіздік орын алған жоқ деп есептейді. Бұл көбінесе ер адамдардың пікірі. Олардың ойынша, дамыған, демократиялы Қазақстанда əйел адамының толыққанды дамуына еш кедергі жоқ, əйтсе де саясатта басым орынды əйелге берудің қажеттілігі жоқ. Себебі қазақ əйелі – ең біріншіден, ана, аяулы жар болуы қажет, содан кейін ғана мансабын ойлау керек деп есептейді.
Келесі «Біздің қоғамдағы əйелге қатысты теңсіздіктің мысалын келтіре аласыз ба?» деген ашық сұрақ еді. Бұл жерде жауаптар көбінесе экономикалық жəне саяси аспектіде болды. Респонденттер саясатта əйел-депутаттарының, əйел-министрлердің аз болуын; сонымен қатар əйелдің жалақысының төмендігін; жұмысқа тұрарда баласының болуы салдарынан жұмысқа алмауын – ең басты теңсіздіктер деп есептейді.
Сондай-ақ қызық сұрақтардың бірі – статистикалық сұрақта қойылды. Бұл жерде респонденттерге саясаттағы əйелдердің қанша үлес құру қажеттілігі жайында өз пікірін білдіру қажет болды (№3 диаграмма).
Диаграммадан көріп отырғанымыздай, респонденттердің көбісі 63 пайызы саясаттағы əйелдердің үлесін 10-20 пайыз көлемінде көріп отыр. Қалған 19 пайызы – əйелдің биліктегі басым көпшілік болуын дұрыс деп санайды, яғни 20-50 пайызы əйел болуы қажет деген жауапты таңдады.
«Саясаттың қай бағытында əйелдер басым болуы қажет?» – деген келесі сұраққа жауаптарды талдайық.
Ұсынылған нұсқалардың ішінен ең көп белгіленгені – əлеуметтік сала; екінші орында – денсаулық сақтау саласы; қалған нұсқалары – экономика, партия үшінші орында (№ 4 диаграмма).
Маңызды сұрақтардың бірі – гендерлік теңсіздіктің себептерін анықтау болды. Респонденттер көбінесе гендерлік теңсіздіктің себебін шығыс менталитетімен жəне қоғамда қалыптасып қалған көзқарастармен байланыстырды.
Соңғы сұрақтардың бірі – саясатта əйелдің саны көбейсе, қандай өзгерістер болатынын анықтау. Респонденттер əйелдің анағұрлым төзімді, дипломат, ісіне адал болатынын атап кеткен. Əйел адам күмəнді мəмілеге, авантюраға, басы артық тəуекелшілдікке бармайды. Ғалымдардың зерттеуі бойынша, əйелдер өздерінің табиғи қасиетіне орай тұрақтылықты жанжалдан жоғары қояды, сондықтан олар қолдағы билікті теріс пайдалануға бара бермейді. Ең маңыздысы – мұның мемлекет игілігі үшін істелуі. Егер де əйел мемлекеттің дамуына қарқын бере алатын болса, онда неге оған саясатқа араласпасқа?
Зерттеу нəтижесі бойынша мынадай тұжырымдама жасалды:
- Қазақстан қоғамында, соның ішінде саясатта гендерлік теңсіздік бар.
- Теңсіздіктің себебі шығыс менталитеті мен «əйел саясатқа көп араласпауы керек» деген сияқты көзқарастар.
- Саясаттағы теңсіздіктің мысалы – əйел депутат пен министрлердің аз саны.
- Əйелдер саясаттың əлеуметтік, денсаулық сақтау сияқты бағыттарында басым болуы қажет.
- Əйелдер саясатта 25 пайыздай үлеске тиесілі.
Əдебиеттер
- Михайлов А. Кое-что о малом бизнесе // Ковчег. – 1998. – № 25. – С.30. 2 Дорин А.В. Экономическая социология. Минск, 1997. – С.74.
- Ажгихина Н. На пути к обретению силы //WE/МЫ: Диалог женщин. Специальный выпуск. – М.: Эслан, 2000. – С.16.
- «О труде в Республике Казахстан». Закон Республики Казахстан (в сравнении с КЗоТ Казахской ССР): практическое пособие. Алматы, 2000.
- 2008 г. – Итоги социологического исследования «Защита прав наемных работников в г. Алматы». – Алматы: Компьютерно-издательский центр ОО ДОИВА, 2009. – С.100; 2009 г. – Итоги социологического исследования «Отцы и дети», МКИ Лот№141.
- Франковский С., Гольдман Р., Лентовская Э. Верховная Суд США о гражданских правах и свободах. – С.39-42.
- Доклад «О ситуации с правами человека в Республике Казахстан в 2011 году». Комиссия по правам человека при Президенте РК / под редакцией К. Султанова, Т. Абишева. – Астана, 2012. – С.80-81.