Қазір жаңа Қазақстан өндіріс сферасы, рухани даму сферасы болсын өркендеудің жаңа кезеңдерін бастан кешіруде. Қазақстандық қоғам нарыққа бағдарланған. Нарық ол тек басқа экономика ғана емес, əрі басқа идеология, басқа құндылықтар, басқаша айтсақ, «əлеуметтік мінездер», яғни басқа мəдениет. Оның негізгі сипаты мынада, ол индивидуализм мен бəсекелеуші сипатқа ие, сондықтан да білімдер мен ғылым сферасында осы құндылықтарға сəйкес бағыттылық болады. Қазіргі жаңа уақыт жағдайында жаңа этнопсихологиялық білімдер аса қажет болып саналады, нарыққа дейін біздердің менталитетіміз процеске бағдарланды, ал нарықта нəтижеге бағытталу негізгі жағдай болып табылады.
Психология басқа ғылыми жүйелерге қарағанда қоғамдағы өзгерістерге тез екпін жасайды, əрі соның механизмдерін көрсетеді. Əлеуметтікэкономикалық өзгерістер, қоғамдағы жаңалықтар білім-ғылым сферасында да өз ерекшеліктерін соларға сəйкес адаптациялап, өз құрылымдарын жасайды. Нарықтық өзгерістердің жаңа жағдайында адам, жаңа интеллектік жəне тұлғалық сапаларды жəне этномəдени құндылықтарды дамыту арқылы бейімделуге қабілетті қажет етеді. Сондықтан да, бір жағынан, қазақ мəдениетінің терең тарихи тамырлары, басқа жағынан, ұлттық мəдени киелі мұрасы – фольклорды этнопсихологиялық зерттеу, жоғарыда көрсетілген қабілетті дамыту бұл күндері үлкен маңыздылыққа ие.
Этнос біз үшін, ең алдымен, психологиялық бірлік, қоршаған болмыста бағдарлану, өмірлік құндылықтар беру, тек əлеуметтік ғана емес физикалық өзіндік сезінуді қорғау болып табылады. Қазіргі жаңа уақыт жағдайында ұлттық көңіл күйде психологиялық алдыға жылжу бар – яғни өз «тамырларына» қызығу белсендірілуде.
Қазақ халқының ұлттық өмірі ұлттың құрылу процесінде жасалатын өзінің фундаменталды құндылықтарына ие. Өте жоғарғы құндылықтар беретін дəстүрлерге ол шешендік сөз бен халық ауыз əдебиетіндегі халық творчествосы, яғни фольклор жатады. Фольклор өзіндік мақсат емес, адамның өзін бекіту тəсілдерінің бірі. Ұлттық психологияны талдаудың мотивациялық деңгейі сол бір этносқа жататын өкілдерінің іс-əрекетінің ниеттенуші (оятушы) күштерін сипаттайды жəне олардың мотивтерін, мақсатын жəне ұлттық құндылықтарға бағдарлануын, сол сипаттамалардың өзара əрекетке қалай əсер ететінін зерттейді.
Этнос – менталдылықты өрнектейтін феномен, ендеше этнос – алғашқы менталдылық феномені. Оның менталдылығы аса ерекше қасиет деп саналады. Ол – əлеуметтік модельдеуге келмейтін халықтың табиғи индивидуалдылығының тірі экзистенциясы. Руханилық пен табиғилық бір бірімен ұштасып, қайталанбас ерекшелікпен, олардың жалпы генезисінде үйлеседі. Этнос – индивидуалдылығымен халық даналығы, ал фольклор – сол даналықтың өзіндік ерекше творчестволық көрінісі болып саналады.
Қазіргі жаңа этнологтар мен этнопсихологтардың методологиялық жəне теориялық позицияларында айырмашылық болса да, олардың көпшілігі этностық немесе ұлттық өзіндік сананың маңызды құрылымдық компоненттеріне этноұлттық идентификация мен этноұлттық түсініктерді, этномəдени құндылықтарды жатқызады. Адамның қоршаған əлеммен қатынасында адамзаттық бірліктің мəдени-құндылықтар потенциалы байқалады. Олар медиаторлар (белгі, сөз, символ, миф, қозғалыс, ритуал, этномəдени белгілер, фольклор) арқылы (Л.С. Выготский) жүзеге асып, халықтың тіршілік əрекеттерінде мəнге айналады (А.Н. Леонтьев). Нəтижесінде индивид өз мəдениетін меңгереді: мінез-құлық мəдениеті (қажеттіліктер, аффектілер, қарым-қатынас, əрекет), рухани мəдениет (ойлау мəдениеті, сөз мəдениеті) психикалықтың реалды (натуралды) формасы идеалды, мəдени формаға айналады.
Этникалық сана-сезімдердің элементтері тұлғаның этномəдени дамуында белсенді көрінеді. Этникалық топтардың сана-сезімдері өз ұлтының мəдениетіне, творчествосына, құндылықтарына деген белсенді қызығуларымен байланысты. Этникалық сана-сезімдер этникалық сана шеңберінде пайда болып дамиды. Адамның этномəдени дамуын талдау пəніне мəдени практика, іс-əрекеттің мəдени формалары, яғни фольклорды зерттеу жатады.
Қоғам дамуының негізгі бір сұрағы жəне психология ғылымы қойып отырған мəселенің бірі – адамзат факторларын белсендіру, оның творчестволық сипатын ашу, əр ұлттың өзінің ұлттық сипаттағы творчестволық іс-əрекеттерін жетілдіру, творчестволық тұлғаны дамыту мəселелері қазіргі жаңа уақыт талабының бір негізгі сұрақтары болып отыр. Қазақ халқының киелі мəдени ұлттық мұрасы – айтыстың психологиялық табиғатын зерттеу арқылы адамның творчестволық іс-əрекетінің этнопсихологиялық ерекшеліктері анықталды.
Айтысты бірлескен диалогты творчестволық ойлау іс-əрекеті, творчестволық сөз жарысы деп психологиялық анықтау – ұлттық этномəдени құндылықтарға деген бүгінгі жаңа уақыт жастарында жаңа көзқарастарды қалыптастыруға, творчесволық-интеллектік сапаларды дамытуға байланысты мемлекеттік бағдарламалармен үндесіп, осы саладағы ғылыми ізденістерге өз үлесін қосады.
Творчестволық сөз жарысы – айтыстың мақсаты кез келген бағамен жеке бір адамның жеңіске жетуі емес, оның мақсаты бір мəдениеттің өкілдері ретінде айтушылар мен тыңдаушылардың бірлескен творчестволық процесін бастан берге кешіру, творчествоны бірге жасау. Қазіргі жаңа жағдайында реконструкциялау кезеңі келгенде, сол халық мұраларын этнопсихологиялық тұрғыдан талдайтын уақыт келіп отыр. Бұл этностық дүниетанымды халықтың ұлттық мəдени құндылықтары мен халық творчествосы негізінде көру, этнопсихологиялық дамуды жалпы адамзатқа ортақ даму заңдылықтарында қарау болып табылады.
Тұлғаның дамуы, мəдени тарихи тəжірибені меңгеруі арқылы жүзеге асатындықтан, адамның құндылықтарға бағдарлануының даму мəселесіне деген қызығу туындайды. Əсіресе халық даналығы мен өнегелік нормалардың кең көлемді күші мен потенциалын құрайтын фольклор арқылы тəжірибені игеру мектептерін қалыптастыруды қажет етеді. Əрине бұл этнопсихологиялық, педагогикалық ұғынуды қажетсінетін күрделі процесс. Құндылықтарға бағдарлану мəселесін этнопсихологиялық тұрғыдан шешуде, яғни адамзат жасаған рухани тəжірибені меңгеру (халықтық фольклор, ұлттық дəстүрлер) білімдер жүйесінде, əсіресе мектепте, оның ішінде бастауыш кезеңі өте сензитивті. Себебі, бұл жаста берілген рөлге тез ену, жаңа əсерлерге деген қажеттіліктерге жоғарғы танымдық белсенділік, қоршаған əлемге деген қызығулар, сенгіштік, қайырымдылық, эмоциалылық, ашықтық сияқты сапалармен шарттанады. Осы маңызды объективті шарттар негізінде балада, жеке адам дамуының негізгі қайнар көзі болар фольклор жанры, прогрессивті халықтық салт-дəстүрлері арқылы құндылықтарға бағдарлануды қалыптастыруға болады.
Қазақ халқының фольклорының мəдени мұрасы өсіп келе жатқан ұрпақтың ұлттық жəне тарихи сана-сезімдерінің қалыптасуына, олардың рухани биіктігіне, ұлттық жəне адамзаттық мəдениет сфераларындағы құндылықтарға бағдарланулар жүйесін қалыптастыруда аса маңызды орны бар. Қай фольклорды талдасақ та, оларды мəдениет дамуының бірыңғай тұтас процесі, жалпы адамзатқа тəн барлық рухани тəжірибені тасушы деп қарап, əр этнос өзінің мəдениетін, рухани дүниесін байытады деп ой түйінделеді. Қазақ фольклорының өзіндік таным мен дүниені қабылдаудағы рөлін түсіну үшін халық фольклорын рухани мəдениеттің категориясы, құндылықтарды таратушы, социумда бағдарланудың жəне идеалдарды тəрбиелеудің негізі деп қабылдау керек.
Құндылықтарға бағдарлану табиғаты бойынша əлеуметтік жəне индивидуалды феномен, жеке адамның когнитивті құрылымдары мен мотивациялық – қажеттілік сферасының элементтері болып табылады. Ендеше этнопсихологиялық аспектіде құндылықтарға бағдарлану, дəлірек айтсақ оларды халықтың асыл мұралары фольклор творчествосы арқылы индивидті дамытуға негізделген зерттеулер ең маңызды мəселелердің бірі.
Тұлғаның социализациясының маңызды факторының бірі фольклорды оқытып үйрету, талдау, оларға жастардың икемделуі де жатады. Фольклорда халықтың бостандыққа, тəуелсіздікке деген жолдары бейнеленген, адам жанының барлық психологиялық болмыстары, тəрбие негіздері де беріледі. Мұның өзі халқымыздың ерлікпен қатар жан тəрбиесін қатар беруді мақсат еткендігін байқатады. Фольклордың психологиялық, эстетикалық, педагогикалық рөлі зор, ол ешуақытта да өз мəнін жоймайды.
Өнердің барлық түрлері тəрізді, фольклордың да түпкі негізі – күллі байлығы, əр алуандылығымен, өзіне тəн қайшылықтармен қоса халық өмірі, сол этностың этнопсихологиялық ерекшелігі болып саналады. Фольклордан халықтың басынан кешірген сан алуан тарихын, психологиялық болмысын, өмірін тұтастай көруге болады. Фолькларда тек тарихтың жекелеген оқиғалары ғана суреттелмейді, сол этностың ғасырлар бойғы мұрат-мүдделері, арман-тілектері, яғни ішкі мотивациялары, туған елге деген сүйіспеншілік, адалдық, батылдық сияқты құндылықтарға бағдарланған бейнелеулерді көреміз.
Индивид үшін құндылықтар болмысты бағалаудың кей белгілерінің бірі. Құндылықтар бір мезгілде мотивациялық əрі когнитивті құрылулар болып табылады. Олар адамның мінез-құлқын белгілі бір мақсатқа бағыттайды, ұйымдастырады, бағдарлайды жəне информациялармен когнитивті жұмысты детерминациялайды. Индивид əлемді құндылықтар призмасы арқылы ұғынады, яғни «құндылықтар адам арқылы таным процесінде əлеуметтік əлемді детерминациялайды». Құндылықтарға бағдарлану адамның мақсатқа сəйкестік процесін бағыттап, түзетеді жəне əлеуметтік ортада субъектінің мінез-құлқы мен əлеуметтік ісəрекетін психологиялық реттеуді жүзеге асырады. Жеке адамның дамуы мəдени тарихи тəжірибені меңгеруі арқылы жүзеге асатындықтан адамның құндылықтарға бағдарлануының даму мəселесіне деген қызығу туындайды.
Көптеген зерттеулерді талдау барысында (В. Вундт, Г. Вернер, Л.С. Выготский, К. Юнг) халықтық фольклор арқылы жеке адамды дамытудың психологиялық терең мазмұнын көруге болады. Фольклорды, ұлттық салт-дəстүрлерді интериоризациялау индивидтің мінез-құлқын реттейді, соның негізінде əлемге, басқа адамдарға, өзіне деген қатынасы өзгереді. Этнопсихологиялық тұрғыдан фольклор индивидтің рухани əлемін қалыптастыру құралы жəне мəдениетінің, санасезімдерінің формасы, индивидтің əлеуметтік мəдени тіршілігін қамтитын мəдениетті индивидуализациялау тəсілі мен жеке адам социализациясының маңызды шарты болып табылады.
Адамзат баласы жасаған мəдени жетістіктерді тарихи шоғырлай отырып, адамзат тіршілігінің аксиологиялық жəне семантикалық кеңістігін белгілеуге болады. Қазақ халқының фольклоры шексіз, көптеген мағыналар мен экзистенциалдарды береді, олар адам мен əлем көрінісін құруда индивиудалды авторлық формаға ұлттық мəдени жағдайды шоғырландырады.
Фольклордың функцияларымен оған сəйкес потенциалдары, ерекше қырлары олардың антропологиялық бағыттылығымен анықталады жəне жеке бастық дамудың негізі болып табылады. Осы «идеалды» модельдердің көріну, сақталу, жинақталу формасын қазақ халқының фольклорынан көреміз. Қазақ халқының фольклоры адамның рухани энергиясының «шоғырлануы» тəріздес. Қазақ халқының фольклорындағы көріністер əлеуметтік интеграция процестерін оптимизациялауда жəне индивидуализациялауда, индивидтің жоғарғы құндылыққа бағдарлануында, идентификациясында жəне өзін тарату потенциалдарында ерекше рөл атқарады.
Сондықтанда қазақ фольклорын мұра боп қалған халық даналығы деп қана қарамай, оны өсіп келе жатқан ұрпақтың сана-сезімдері мен ұлттық мақтанышын, ұлттық психологиясы мен мінезін қалыптастырудың қайнар көздері деп қарастыру керек. Рухани құндылықтарды саналы таңдауды қамтамасыз ететін нақты міндеттерді шешу, жеке бастық даму мəдени құндылықтарды интериоризациялау процесі болып табылады, яғни оларды меңгеру. Адамның руханилығы ең жоғарғы деңгейде тек меңгерумен ғана емес, сондай-ақ жеке адамның мотивациялық қажеттілік сферасында – əсемдік заңымен əрекет етуде көрінеді. Мұндай құрылымдық мазмұнды сипаттаманы ұйымдастыруда, фольклорды арнайы талдау жəне сəйкес жүйелеу оларды бейімдеу үшін арнайы зерттеулер жасау керек.
Ең алдымен, фольклордың психологиялық сипаттамасын талдап, этнопсихологіялық өзгешеліктерін тауып, олардың жалпыланған психологиялық портретін құру жəне негізгі жеке бастық параметрлерін анықтап, персонализациясын индивидтің жеке бастық дамуына апару мүмкіндіктерін табу. Этнопсихологиялық негізгі міндет – танымда əлемнің этникалық категориялы бейнесін құру, творчестволық қиялды дамыту, парадокстерді іздеу. Ерікті мінез-құлықты ұйымдастыруда мақсатқа сəйкестікті, тəсілдерді іздеу, нəтижелерді бағалау. Əлеммен эмоциялық байланысқа түсу, сезіну, оқиғалардың мəнділігін түсіну, құндылықтарға бағдарланған өзіндік анықталу.
Индивидтің интериоризациясы – жалпы адамзат пен ұлттық мəдениетті, творчествоны бағалау əрекетін жүзеге асыруда, іс-əрекетті қоғамдық эталондармен сəйкес, ұлттық құндылықтарға сай келетін жоспарларды құруға көмектеседі. Сондықтанда фольклор этникалық санасезімдермен өте жақын. Фольклор этносты зерттеудің қайнар көзі. Фольклор индивидке терең психологиялық мазмұн қалдырады.
Индивидте этникалық сана-сезімді дамыту негізінде – халық мəдениеті – ол тек өткен тарих ғана емес, қазіргі жаңа ұрпақ үшін руханилық пен өнегеліліктің репрезентация тəсілінің бірі екенін түсіндіре отырып, тұтас бір этностың психологиялық, мəдени, əлеуметтік, ұлттық ерекшеліктері жайлы түсініктерді қалыптастыруға болады.
Этнопсихология үшін ең маңыздысы, көп ғасырлар бұрын жазылған фольклорда ұлттық құндылықтардың иерархиясы тұтасымен немесе қандай дəрежеде сақталғанын зерттеу маңызды. Адамзаттың асыл, əрі ұлттық құндылықтары болып табылатын құндылықтар бүгінде өнегелі гуманистік құндылықтардың тірегі болып табылады.
Әдебиеттер
- Бубнова С.С. Ценностные ориентации личности как многомерная нелинейная система. // Психологический журнал.– №5. – C. 38-44.
- Гусев В.Е. Проблемы фольклора в истории эстетики. – М. – Л., 1963. – С.607
- Лебедова Н.М. Введение в этническую и кросскультурную психологию. – М.: Ключ-С, 1999. – 230 с.
- Собкина В.С.Этнос. Идентичность. Образование: Труды по социологии образования. – М.: Наука, 1998. – 270 с.