Кіріспе
ХХI ғасырда әлемдік өркениет төрінен орын алуы үшін, Қазақстанның жан-жақты дамуының бірден-бір жолы ғылымды әр қырынан меңгеру қажет болып отырғаны белгілі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «100 нақты қадам» – бұл жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап
ЖАУАП және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына енуі жөніндегі жоспарында» 76-қадам ретінде ЭЫДҰ елдері стандарттарының негізінде адам капиталының сапасын көтеру, 12 жылдық білім беруді кезең-кезеңімен енгізу, функциялық сауаттылықты дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттарын жаңарту. Жоғары сыныптарда жанбасылық қаржыландыруды енгізу, табысты мектептерді ынталандыру жүйесін құру делінген [1]. Мұның өзі бүгінгі күні 12 жылдық білім беруді жүзеге асыру, ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет ете алатын, дүниетанымы жоғары, білімдік бәсекеге қабілетті жан-жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу мәселелерімен тікелей байланысты.
Яғни, 12 жылдық білім беру жүйесінің негізгі мақсаты – құзіретті оқушы дайындап шығару үшін, ең алдымен, мектепке шығармашылық қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалім даярлау қажет. Бір уақытта педагог, психолог және оқу процесін ұйымдастырушы технолог бола білу керек. Сонымен қатар, оқушының шектеусіз қабілетін дамыта алатындай білім берудің кеңістігін құруға қабілетті бола білуі шарт. Бұдан мұғалімнің мамандық шеберлігі анықталады.
Қазіргі таңдағы білім беру салаларында бұрынғы біліммен салыстырғанда көп айырмашылық бар. Бүгінгі білім саласында ақпараттық-комуникативтік құралдар, техникалық құралдар, аудио-визуалды құралдарды кеңінен пайдаланып, оқушының тек кітаптан оқып, құлақпен естіп қана қоймай, оны іс жүзінде көруге де көп мүмкіндігі бар. Сондықтан да мұғалім өзінің шеберлігінің, ізденімпаздығының арқасында ең жоғары деген нәтижеге жетуге құзіретті.
Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында: «Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингтердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай-ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру» мәселелеріне үлкен мән берілген [2]. Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сындарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір болашақ өнер маманның ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен, жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық. Білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтердың, зиялылар қауымының деңгейіне байланысты.
12 жылдық білім берудің теориясы мен практикасы
Дәстүрлі білім беру жүйесінде білікті мамандар даярлаушы кәсіби білім беретін оқу орындарының басты мақсаты – мамандықтарды игерту ғана болса, білім беру жүйесінде мамандарының құзыреттілігін қалыптастыру нәтижесіне бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің бірі.
Н.Н. Нұрахметовтың жетекшілігімен орындалған ғылыми-зерттеу жұмысының аралық есебінде 12 жылдық мектептің үш сатысына арналған құзыреттілік білім беруге негізделген оқулық мәселесін қарастырып, құрылымдық-мазмұндық ерекшеліктерін бейнелейтін ғылыми-дидактикалық тұғырлары мен қағидалары жасалған [3].
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі – маңызды мәселелердің бірі. Білім мазмұнының жаңаруы, оқыту үрдісіне инновациялық технологиялардың енуі 12 жылдық мектеп мамандарының кәсіби біліктілігі деңгейіне қойылатын талаптардан айқындалады. Осындай талаптарды іске асыру мақсатында мынадай міндеттер қойып отыр:
- білім беруді бейіндендіру, полимәдениеттендіру және ақпараттандыру, білім беру мазмұнын жаңарту;
- инновациялық технологияларды тарату және іске асыру;
- білім беру үрдісіндегі диагностика және мониторингті, эксперименталды және ғылымипедагогикалық қызметтерді үйлестіру;
- оқушылардың шығармашылығын арттыру, сыни ойлай алатын, бәсекеге қабілетті және құзыретті тұлға қалыптастыру [4].
12 жылдық мектеп оқушыларының сыни ойлауға жету біліктілігін тұрақтандыру үшін «сыни тұрғыдан ойлауды қалыптастыру» жобасымен таныстырдық. Сыни тұрғыдан ойлау – саналы мағынаны іздеу: өзінің көзқарасының болуымен, басқалардың да пікірін ескеріп, қандай да обьективті ойлау және қисыны бар өзіндік қате сенімінен бас тарта білу [5, 112 б.]. Сыни тұрғыдан ойлаудың жаңа идеяларды ұсынуға және жаңа мүмкіндіктерді көруге қабілетті, мәселелерді шешу кезінде маңызы зор.
Оқушыларде сыни тұрғыдан ойлау біліктілігі болу үшін төмендегідей сұрақтарға жауап іздейді:
Мен не білемін?
Мен жаңаша нені білдім? Менің білімім қалай өзгерді?
Мен осы біліммен не істей аламын?
XX ғасырда білім берудің мақсаттары мен міндеттері өзгереді, өйткені келешекте мәліметтердің жинақталуы жүктеменің оқушылардың шамасынан тыс болуына әкеледі және оқытушының міндеті білімді көбейту емес, осы білімдерін өз бетімен алуға мүмкіндік беретіндей құралмен қамтамасыз ету болмақ.
Сындарлы ойлай алатын оқушы тұлғасын қалыптастыру жолдары
«Сыни тұрғыдан ойлауды қалыптастыру» жобасы бойынша үш кезеңнен тұратын модулдік сабақты пайдалануға болады: шақыру; іске асыру (ұғыну, мәнін түсіну); рефлексия (сананың өзіне, өзінің психикалық күйіне назар аударуы).
«Сыни тұрғыдан ойлауды қалыптастыру» жобасы бойынша мақсаттары мен стратегиялары туралы мәліметтерін төмендегі кестеде көрсеттік (1-кесте).
Кестеде көрсетілген жүйемен жұмыс істеу арқылы 12 жылдық мектеп оқушыларының сыни ойлау біліктіліктері артады.
12 жылдық мектеп оқушыларының пән бойынша тапсырмалардың қолдану аймағына талдау жасауға үлкен орын берілуде және оны оқу үрдісінің түрлі бөлімдерінде қолданудың әдістемесі де жетілдірілуде. Зерттеу жүргізуге педагогикалық жетекшілік ету мен оқушылардың өз бетінше қызметінің қатынасы туралы мәселе қойылып отыр.
Қорытынды
Қазіргі кезде ғалымдар өз бетінше оқу жұмысын кеңінен қолданбайынша оқушыларды терең, берік игерілген білімдер мен дағдыларды қалыптастыру мүмкін емес екендігін мақұлдап отыр.
Сөйтіп оқыту үрдісінде 12 жылдық мектеп оқушыларының пәнге деген қызығушылықтарын ұйымдастыру және оқушылардың сындарлы ойлау әрекетін ұйымдастыру мынандай жағдайларда орын алады:
- оқушылардың оқу-зерттеу жұмысын жүргізуіне жетекшілік етуге мұғалім дайын болса;
- оқушылардың өз бетінше әрекеттеулеріне икемділігі болса;
- оқу тапсырмаларының бағалау элементі туралы анық жүйесі бар болса.
12 жылдық мектеп оқушылары оқу үрдісінде тек қана білім деңгейін игеріп қана қоймай сындарлы ойлау жұмыстарын жүргізудің әдістерімен танысуын, оқып үйрену мақсатында пәнге деген қызығушылық әрекетті арттыруға негіз болатын оқытудың арнайы моделін, оның өлшемдері мен көрсеткіштерін, әдістемелік жүйесін жасау қажет деген қорытындыға келдік.
Әдебиеттер
- Назарбаев Н.Ә. Ұлт жоспары – 100 нақты қадам // Қазақ газеттері. – 20 мамыр. –
- Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы / http://www.pdfspot.com/ebook