Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ежелгі мифтердегі Ұмай ана бейнесі

Мақалада ежелгі мифтердегі Ұмай ана әлемдік мифологиядағы бейнелермен салыстырыла қаралады. Автор грек, шумер, үнді және қазақ мифтеріндегі ұқсас сюжеттерді компаративистика тұрғысынан саралауға тырысқан.

Мифке жеке iлiм ретiнде көңiл бөлу XVІІІ ғасырда өмiр сүрген итальяндық философ Дж. Виконың 1725 жылы жарық көрген «Основания новой науки об общей природе нации» деген еңбегiнен басталады. Мифтiк шығармашылықтың, алғашқы қауым адамының болмыс жағдайларына бейiмделуiне мүмкiндiк беретiн ерекше тәсiлдерi көрсетiлген мифтер «адамзаттық ақылойы сөздiгiнiң» тұңғыш басылымы деп көрсетедi. XІX ғасырдың екiншi жартысында мифологияны қарастырудың негiзгi екi бағытын атап өтуге болады. Оны бiрiншiсi Я.Гримм, А.Кун, В.Шварц, В.Манхардт, М.Мюллер, А.Афанасьев, А.Потебня, т.б. ғалымдар бастаған мектеп. Ол үндiеуропалық салыстырмалы-тарихи тiл бiлiмiнiң ғылыми жетiстiктерiне және үндiеуропалық тiлдердегi этимологиялық салыстырулар арқылы көне үндiеуропа мифологиясын реконструкциялауға, жаңғыртуға негiзделген. Екiншiсi анропологиялық және эволюционистiк мектеп. Оның негiзгi өкiлдерi Э.Тейлор, Э.Ленг, Г.Спенсер сияқты ғалымдар болды. Бұл мектептiң негiзгi бағыты салыстырмалы-этнографиялық зерттеулердi адам дамуы туралы ғылыми нәтижелермен тығыз байланыста қарастыру. ХХ ғасыр басында ағылшын этнографы Б.Малиновский этнографиядағы функционалдық мектептiң негiзiн салды. Осымен байланысты ол мифтi символдық, аллегориялық, т.б. мағынаны бiлдiретiн аңыз, әңгiме ғана емес, сонымен бiрге әлем мен адам дүниесiне ұласатын ақиқат шындық деп таниды. Француздың социологиялық мектебi – Э.Дюркгейм, Л.Леви-Брюль, т.б. Ғалымдар мифтi әлеуметтiк психологиямен бiрлiкте қарап, тотемдiк мифологияны рулық қауымдастықтың алғашқы моделiн жасаушысы ретiнде көрсеттi. Бұдан кейiнгi зерттеулер мифтiң мәнiнен гөрi, мифологиялық ойлаудың танымдық ерекшелiктерiн ашуға бағытталады. Нақтылап айтсақ, мифтiң психоаналитикалық концепциясын жасаушылар З.Фрейд, К.Г.Юнг, т.б. ғалымдар адамның психикасындағы құбылыстарды алғашқы қауымдық кезеңнен қалған «архаикалық қалдықтар» немесе «архетиптермен» байланыстырса, мифтiң құрылымдық теориясын ұсынған француз этнологы К.Леви-Стросс мифологиялық ойлау ерекшелiктерiн негiзге ала отырып, мифтiң сансыз мағыналық трансформацияға бейiм екендiгiн көрсетедi.Ол ХІХ ғасырдағы ғылым ойлағандай өтірік емес, ертегі де емес (қарабайырланып кетіп ертегіге айналуы мүмкін). Ол белгілі бір ұлттың, нәсілдің қоршаған дүние туралы, өзі туралы, өзінің тарихи жолы туралы астарлап айтқан шындығы. Серікбол Қондыбай былай деп жазады: «Мифология, миф ойдан шығарылған қиял емес, ол өткен заман адамының шындығын бойына сақтап қалған ата-баба сарқыты. Ол өткенді саналы түрде бұрмалаудың, жалғандықтың ескерткіші емес, бірнеше мәрте бүктетіліп, оралып, ақиқаты мен қатесі қатар өрілген, еріксіз шатасудың тозаңының арасында байқалмай қалған ақиқаттың өрім қамшысы».

Жалпы алғанда, ХХ-ХХІ ғасырдағы гуманитарлық ғылымда мифке көзқарас қатты өзгерді, ұлттың санасын, түпсанасын да миф арқылы зерттеуге болатыны анықталды. Фридрих Ницше мифті кез келген дені сау мәдениеттің көкжиегін қоршап тұратын, сол мәдениетті, сол халықтын санасын қорғап тұратын шекара деп білген. Бізге сол шекара әсіресе кәзіргі жаһандану дәуірінде қандай керек екені сөзсіз түсінікті.Адамзат танымға қаншалықты құмартса, сенімге де соншалық көп көңіл бөлген. Қазақтарда көне заманда генотеистік наным басым болғаны аян. Көрнекті мәдениеттанушы ғалым Т.Ғабитов: «Генотиптік жүйе деп рулық-тайпалық қауымға тін арғы ата-текті қастерлеп, оларды жаратушы және қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы шешуші күш ретінде қабылдайтын сенімдер мен нанымдардың бірлігін айтады» [1, 309], дейді.

Көшпенді бабаларымыз үшін «атаның қаны, ананың жасы сіңген» байтақ жері басты қазынасы болғаны аян. Ұрпақтарының тұрағы, ырыс-берекенің қайнар көзі Жер-Ананы мадақтаған, қасиетіне табынған, оның құдіретін мойындап, қаһарынан қорыққан.

Притхиви («кең») үнді миф-аңыздарында жер иесі, әйел бастауы, ана. Дьяус (гректерде Зевс) ер адам бастауы, әке. Притхиви Дьяустан шыққан жаңбыр, бал және майдан барлық тіршілік иелерін жаратады [2, 336].

Энки шумерше «Жер қожайыны» тұщы және жер асты суларының қорғаушысы, адам мен табиғатты жаратушы, құдайлардың өнері мен айласын адамдарға үйрететін тылсым күш иесі. Энки жаратылыс негіздері мен заңдарын жүзеге асырғанды ұнатады. Ол Абзудың (жер асты суларының құдайы) эміршісі, данышпандықтың жебеушісі, әрі адам баласын басқа құдайлардың кесапатынан қорғаушы ретінде әспеттеледі. Энкидің көптеген аспактілері қарастырылады: құнарлылық, өсімділік құдайы, адамдарды жаратушы [2, 662].

«Энки және Шумер» мифінде Энки жердегі тәртіп пен тұрақтылықты реттейді. Жер шарын айналып, саяхат барысында көгалдандырып, гүлдендіреді. Қалалар мен мемлекеттердің «болашағын белгілейді». Тигр және Евфрат өзендерімен жоғары көтерілгенде бүкіл жер әлеміне ырыс пен береке себеді. Соқа, кетпен, кірпіш құятын құралдарды өз қолымен жасап, шаруашылықты келесідей бөледі: Энки құдайға

арықтар мен су жолдарын, «Тау патшасы» Сумуканға өсімдіктер мен жануарлар мекендейтін далалар мен жазықтарды, Димузи бақташыға сүт пен май қорына бай мал шаруашылығын иелікке береді [2, 662].

Гея грек халқының Жердегі тіршілікті тудырушы Жер-ана ретінде әспеттеледі. «Ол Хаостан кейін жаратылған. Алғашқы төрттік ішіне енеді: Хаос, Жер, Тартар, Эрос. Өзіне өмірліке серік етіп Уранды (Аспан) алып, одан алты титандар мен алты титанидаларды дүниеге әкеледі. Солардың ішінде Кронос пен Реядан туған Зевс басты олимпиялық құдайға айналды. Гея Олимп құдайларының өміріне араласпағанмен, оларға құнды ақыл-кеңестерін беріп отырады. Ол Реяға Кроностан өзінің баласы Зевсті құтқарудың амалын, кейін баласының тағдыры бақытты, сәтті болатындығын айтады. Геяның дана кеңесімен Зевс жүзқолдыларды (гекатонхейрларды) құтқарып қалады. Геяның адамға деген шексіз қамқорлығы, жасампаздығы мен аналық мейірімі кейін

Деметраның бойынан ішінара көрініс тапты» [2, 300].

Гея − космосты жаратуға қатысқан төрт потенцияның (Хаос, Жер, Тартар, Эрос) бірі. Ол өз-өзінен Уран-Аспанды жаратып, оны жұбай еткен. Осының өзі – матриархаттың бастапқы дәуір болғанының тағы бір айғағы. Гея Уранмен қосылып, алты ер жынысты, алты ұрғашы жынысты титанды жаратқаны белгілі. Сондайақ Гея Уранға қатыссыз да Понт теңізін, тауларды, үш киклопты және үш жүзқолды құбыжықтарды туған.

Жер-Ана–Гея Гера Зевске тұрмысқа шыққанында оған мәңгілік жастық беретін алтын алма берген. Бұл − оның аналық сезімін және сәбилердің жебеушісі болатынын білдіруі, аналардың қамқоршысы, олардың тілеуін тілейтінінің көрінісі.

Геяның стихиялық күштерді жаратушы болуы кейінгі кезеңдерде алға шықпай, ол даналық танытушы ретінде танылған. Мұның бәрі анаеркі дәуіріндегі әйелдердің ақылшы болуымен және сәуегейліктің алғашқы кезде әйелдер арқылы жасалғанын түсінуге көмектеседі.

Геяның өнімділік қасиеті кейін бірнеше образдарға таралды. Соның бірі – Деметра. Халық санасы бойынша ол Келейдің баласы Демофонтпен кездестіріліп, оны мәңгілік жасағысы келген. Мұнда екі түрлі таным бар. Бірі – Жер-Ана қызметінің ұмытылмағаны. Ал, баланы мәңгілік жасауға қарсылық көру бастапқы мифологияға селкеулік түсе бастаған стадиялық ерекшелікті танытады.

Зевс жұбайы Гераны құшақтағанда жер гүлденіп сала берген. Геракл атақты он екі ерлігін жасап келген соң Зевс оны құдайлар санатына қабылдаған. Осы мақсатта жасалған рәсім түркілік салтпен сабақтас көрінді. Зевс Гераның Гераклге жылы сезіммен қарауын сұрап, бала асырап алғанда жасалатын рәсімді орындатқан. Бұл туралы сицилиялық Диодордың «Историческая библиотека» атты кітабында жазылған. Рәсім бір болғанымен, екі түрлі қолданыс бар. Қазақ рәсімінде ол шынайы тұрмыстық бөлшек ретінде жасалса, Гераның әрекеті классикалық мифологияға тән құдайлар қатарын толықтыру мақсатымен қосылған.

Қазіргі Моңғолия жеріндегі Орхон өзені бойындағы Қарақорымда, түркі тастарынан 35 шақырым жердегі тауды моңғолдар Ұмай деп табынады. Өйткені, жер ортасы саналған тау – кең мағынада алғанда, әлемдік құрылымның басты тірегі. Кіші Азияны мекендеген ежелгі халықтардың бірі − хеттердің мифологиясында Вашитта тауы кәдімгідей босанатын әйел бейнесінде қабылданған, яғни туады [3, 121].

Сол сияқты Кіші Азиялық Кибела да, ежелгі үнді мифологиясындағы Ума да таумен байланысын үзбеген. Ежелгі түркілердің нанымындағы жер-су құдайы – жоғарғы әлем мен төменгі әлемді байланыстырушы болуы Ана-құдай образымен қатар қабылдау болып шығады.

Гея теомахияға (құдайлардың ауысуындағы өзара соғыстары) қатыспайды. Және демондық қасиеттен аулақ. Сондықтан архаикалық құдай болса да, кейінгі буын құдайлар оны өлтірмейді де, оның денесін бөлшектеп, космостық дүниелер жасамайды [4, 300].

Түркі мифологиясындағы Жер-Ана да осындай, оның өзінен кейінгі құдайлармен «соғысқаны» туралы мәлімет жоқ және сол үшін олардың тарапынан космосты қайта құру амалына құрал болмағаны оның образындағы алғашқы Жер-Ана қызметінде, дана типіндегі архаикалық сипатын танытады. Л.Я. Штернберг және С.М. Абрамзонның кеңестік дәуірде жазған пікірлеріне сүйеніп, түрік халықтарының фольклорындағы Ұмай–Ана образын парсы мифологиясындағы Хұмай құспен генетикалық байланысты деп түсіндіру қалыптасқан. Бұл бір жағы, Ұмай сөзінің этимологиясын ашуға, екіншіден – Хұмай құстың көлеңкесі түскен адам бақытты болады деген түсінікпен қатар қабылданған. Дегенмен, біздің ойымызша, Ұмайдың шығу тегі парсылық емес, ал, ежелгі үнді мифологиясындағы Умамен байланысты жоққа шығаруға асықпаймыз, бірақ әзірше ежелгі түріктік ұғымнан шығу мүмкіндігін де ойда ұстаймыз. Түрік халықтарындағы Ұмай қызметін антикалық мифтердегі Зевстің әйелдері – Гера, Деметрамен, т.б. салыстыруға болады. Құдайлардың антропоморфты бейнеде қалыптасуы классикалық мифологияға сәйкес орныққан. Әйел архаикалық мифология бойынша жер құдайы, өнім жерден өнеді, сондықтан ол – өнімнің де құдайы, бұл адамның нәрестелі болып, оған жебеушілік қызмет көрсетуі де олардың классикалық құдай дәрежесіне дейінақ басталса керек. Зерттеу барасында Ұмайдың үлкен екі қызметі анықталды. Соңғы кезеңдегі түсінік бойынша Ұмайдың шаңырақтың және нәрестенің жебеушісі ретіндегі қызметі алға шығады. Қазақ халқының мифтерінде: «Көк пен Жерді жаратып, оларды бір-бірінен ажыратқан соң, Тәңір өмірге ұрпақ әкелу үшін өзі еркек пен әйелге бөлінді. Құдай әйелді Ұмай деп атап, оны Сумер тауының ұшар басына, сүтті көлі (Сүткөл) бар Асапн тауының қия шыңына қондырды. Көк жүзінде жол қалдыра сарқырай ағып, Сүткөлге құятын жұлдыздар жолы, Құс жолы – осы Ұмай Тәңір ананың сүті» [6, 10], делінген. Ұмайдың Жер-Ана ретінде сүтімен асыраушылық қызметі қырғыз фольклорында да сақталған. Қырғыздар Ұмайды егін мен малдың өнімділігін қамтамасыз етеді деп сенген. Өнім көп жиналғанда «Ұмайененің омырауынан сүт ағады» деп түсінген.

Ұмай ежелгі үндінің Ума құдайымен байланысты деген ойымызға негізгі тірек – Дьявустың жұбайы Притхиви туралы миф. Ол Притхи патшаның бұзық мінезінен шаршаған соң одан қашып жүргенінде адамдар аштан қырыла жаздаған. Өз қызметіне «кірісіп», өнім беруі үшін жерден бұзау шығаруды талап еткен және ол талабы орындалған соң Жердің омырауынан аққан сүт сай-салаға тарап, жұрт өнім алып, тамақ жасайтын болған. Бұл мифте Притхивидің кейде Жер деп те аталуы оның Жер-Анамен байланыстылығын танытады. Сондай-ақ Геяның омырауы арқылы Жердің өнім беруіне қызмет еткені туралы миф жетпесе де, «үлкен омыраулы» (широкогрудая Гея) деп аталуы – оның Жер-Ана қызметіндегі басты қызметтерінің бірі болғанын танытады. Демек, бұл ежелгі дәуірдегі түркі халықтарымен бірге үнділер, гректер үшін де универсал түсінік болған.

«Ума құдай-ана әлем қуаты мен ғарыштың күшін бейнелейді, сондықтан оған «нұрлы, жарқын» деген эпитеттер телінген. Ол әкесі Дакшидің рұқсатынсыз Шиваға тұрмысқа шығады. Ол өнімділік, ұрпақ жалғастырушылық пен аналық сезімді оятушы» [5, 28].

Ума әсіресе көп балалы отбасыларға мейірімділік танытады. Оның жебеуінсіз адам қойған мақсаттарына жете алмайтын жай ғана арманшыл болып қалады. Құдай-ана «тірі» тағамдармен (жеміс-жидек, жаңғақ, көкөніс, сүт өнімдері) тамақтанатындарды жақсы көреді.

Қорыта айтқанда, Ұмай туралы аңыздар мен мифтер ежелден бастау алады. Көне замандағы қазақ, грек, үнді және шумер мифологиясында әйелдерді жебеп, демеп жүретін аналар символдық бейнеге көтерілген, олар өмір сыйлаушы, әрі ошақтың киесі ретінде әспеттеледі.

 

Әдебиеттер

  1. Ғабитов Т. Мәдениеттану. − Алматы: Қаржы-қаражат, 2003. − 408 б.
  2. Мифы народов мира. − Москва: Советская энциклопедия, 1988. − 2-том. К-Я.
  3. Қасқабасов С. Елзерде: әр жылғы зерттеулер. − Алматы: Жібек жолы, 2008. − 504 б.
  4. Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. 1-том. А-Ә. − Алматы: «Қазақ энциклопендиясының» бас редакциясы, 1998.
  5. Мифы древней Индии. − Москва: Наука, 1975. − 238 с.
  6. Жанайдаров О. Ежелгі Қазақ мифтері. − Алматы: «Аруна» баспасы, 2008. − 256 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.