Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ағылшын тілінен қазақ тіліне аударудың трансформациялық үлгісі

Мақалада аударманың дәлдігі мақсатында пайдаланылатын трансформациялық әдістің тиімділігі дәріптеледі. Аудару әдістерінің теориясы мен практикасын ұштастыру арқылы аударманың трансформациялық үлгісі талданады. Аударма барысында кездесетін көп варианттылық, эквиваленттілік мәселелері қарастырылады. Аударманың трансформациялық үлгісі мен аудару сатыларын анықтайды.

Аудару дәлдігі мәселесін филологтар бұрыннан бері қарастырып келе жатыр. Қазіргі кезде бұл мәселе әр түрлі аудармалық бағытта зерттелуде (Қазақстан мектебі: Г. И. Исина, А. Алдашева және т.б., Рессей мектебі: А. Т. Алексеева, В. Н. Комиссаров, Н. Р. Ткачев және т.б., Германия мектебі: Г. Егер, К. Райс, Е. Штойберг және т.б.). Жоғарыда аталған лингвисттердің зерттеулерінде назар эквиваленттілік терминіне аударылады [1, 134]. «Эквиваленттілік» термині қазіргі аударма теориясында аз уақыттан бері қолданылып келе жатыр (1938 жылдан бастап Лейпциг аударма мектебінде). П. М. Топер пікірлердің көп қырлылығын белгілеп, аудару теориясына «эквивалент» терминінің қашан және қайдан кіргенін анықтайды. «Алғаш рет «эквивалент» терминін «Аударманың лингвистикалық аспектілері» туралы мақаласында Р. Якобсон ұсынған еді» («О лингвистических аспектах перевода») [5, 176].

Аударма теориясы үшін осы термин қандай мағынада қолданылады және басқа терминдермен қалай араласады? Мысалы, Вине және Дарбельне «Француз және ағылшын тілдерінің салыстырмалы стиликасы» («Сопоставительная стилистика французского и английского языков») атты еңбектерінде (1958 жылы) эквивалент және эквиваленттілік терминдерін біз үшін дағдылы мағынада емес, аударманың тәсілдерінің бірі ретінде қолданған.

Аударманың трансформациялық үлгісі Н. Хомскийдің трансформациялық грамматика теориясына негізделеді. Н. Хомский негізін салған грамматикалық лексемалар мен логика-синтаксистік құрылымдардың өзара тығыз байланысын сипаттайтын синтаксистік құрылымдар ережелерін белгілейді. Трансформациялық грамматика бойынша көптеген синтаксистік құрылымдар саны шектелген қарапайым ядролық құрылымдар бола алады. Онда логика-синтаксистік байланыстар әлдеқайда анық көрінеді. Ядролық құрылымдардан туынды құрылымдар алынады. Олардың ғылыми атауы трансформа.

Барабарлық (эквиваленттілік) – аудару теориясында өте күрделі және көп қырлы ұғым ретінде қарастырылады. В. Н. Комиссаровтың пікірінше «эквиваленттілік ұғымы аударманың негізгі ерекшелігін ашып, қазіргі аударматануда негізгі ұғымдардың бірі болып табылады» [2, 176].

Аударманың трансформациялық теориясы аясында индивидтің тілдік санасының құрылымына мұндай көзқарас тіларалық әрекеттер шартынан туады. Аударманың денотативті теориясында аударма үрдісі кезіндегі нақты екі тілдің ұқсастықтарына назар аударылса, ал аударманың трансформациялық теориясы түпнұсқа тілінің бірліктерін аударма тілінің бірліктеріне айналдырып, түрлендіруді назарға алынады [1, 191]. Қарапайым сөзбен айтсақ, аудармашы түпнұсқа мәтінімен трансформациялық операциялар жасап, нәтижесінде аударма мәтінін алады.

Н. Хомскийдің теориясын негізге алып, аударманың трансформациялық үлгісін алғашқы боп дамытқан ғалымдардың қатарына танымал американдық аударма теорияшы Ю. Найд жатады. Сондай-ақ аталған үлгінің кей маңызды аспектілері О. Каде, В. Коллер еңбектерінде зерттелген [2, 191].

Сондай ғалымдардың бірі А.Д. Швейцер «Перевод и лингвистика» еңбегінде ядролық және туынды құрылымдарды терең талдап, мынадай мысалдар келтіреді:

Ядролық құрылым – John hit Bill. Одан алынатын туынды құрылымдар:

  • Bill was hit by John.
  • John’s hitting Bill.
  • Bill’s being hit by John.
  • The hitting of Bill by John.
  • It was John who hit Bill.
  • It was Bill who was hit by John.

Бұл трансформаларда бастапқы ядролық құрылым сақталған [4, 35].

Ал, В. Н. Коммисаровтың түсінігінше, мазмұнның жоспары жағынан трансформалар әлдеқайда инвариантты болады, әрқайсысының құрамдас бөліктері, яғни бірліктер формасы жағынан әр түрлі болады [3, 37].

Туынды құрылымдарға қарағанда ядролық құрылымдарда мағыналық байланыстар анық көрінеді. Заттың пәні зат есім, іс-әрекет етістік болады, субъектісі бастауыш, объектісі толықтауыш болады. А. Д. Швейцердің сөзімен айтсақ, туынды құрылымдарды ядролыққа қайта трансформацияласақ, грамматикалық және семантикалық категориялар арасында дара мағыналы сәйкестіктерді немесе басқаша айтқанда, түпнұсқалық мәтіннің грамматикалық конструкцияларының дара мағыналы ұғымдық интерпретациясын анықтаймыз [5, 40].

А. Д. Швейцер, С. В. Тюленев, В. В. Сдобников пен О. В. Петрова еңбектерінде аудармадағы трансформациялық құбылыс бойынша, аударма үдерісі 3 сатыдан тұрады:

  • Талдау;
  • Тасымалдау;
  • Синтез.

Осы 3 сатыға толығырақ тоқталсақ, С.В. Тюленев былай дейді: талдаудың мәнісі, түпнұсқа құрылымдары ядролық құрылымдарға айналып, кері трансформациялық үдеріс жүреді. Екінші сатыда, яғни тасымалдауда, түпнұсқаның ядролық құрылымдарын инвариантты болатын аударма тілінің ядролық құрылымдармен алмастырады. Үшінші саты, синтез немесе қайта құру кезінде аударма тілінің ядролық құрылымдары ақырғы нәтиже – аударма мәтінінің құрылымдары алынады [6, 193].

3 сатысына дәл осындай сипаттама жасайды. В. В. Сдобников пен О. В. Петрова талдауды бір тіл ішіндегі трансформация десе, тасымалдауды тіларалық трансформация деп есептейді [8, 234]. Ал, А. Д. Швейцер 3-ші сатыға қатысты мынадай ескерілуі тиіс жайтты айтады:

«синтез кезінде қос тілдегі бірқатар трансформациялар әр алуан перифразалау нұсқаларын, стилистикалық айырмашылықтары зор нұсқаларды қолдануға мүмкіндік беретіндіктен, аударма тілінің ядролық құрылымдарын туынды құрылымға айналдыруда стилистика заңдылықтары орындалуы тиіс» [5, 37].

Аударманың трансформациялық үлгісін талқылау үшін мынадай мысал келтірейік:

The Trade Union pressurized the government into reconsidering its decision. Осы түпнұсқалық сөйлемді кері трасформацияласақ, мынадай екі ядролық құрылым алынады:

  1. The Trade Union pressurized the government.
  2. The government reconsidered its decision.

Осы тұста ең маңызды екі сөйлем арасындағы «себеп – салдар» байланысын жоғалтпау қажет. Сол үшін құрмалас сөйлем жасаймыз:

The Trade Union pressurized the government and it reconsidered its decision немесе The Trade Union pressurized the government so that it should reconsider its decision.

Бұдан кейін екінші сатыға өтеміз де, келесі варианттардың бірін қолданамыз:

  1. Кәсіподақ үкіметке қысым жасады да, соңғысы шешімін кері қайтарды.
  2. Үкімет шешімін кері қайтару үшін кәсіподақ оған қысым жасады.

Соңғы үшінші сатыда аудармашы контексті мен мәтіннің стилистикалық ерекшеліктерін ескере отырып, түпнұсқа және аударма тілдерінің туынды құрылымдары бір-біріне мүмкіндігінше максималды сәйкес болуы үшін аударма тілінің құрылымдарына қосымша өзгертулер мен түрлендірулер жасайды. Бұл жағдай аудармашылырдың жиі қолданатын тәсілдерінің бірі болып саналады. Мұндай варианттардың басқа түрлерін де табуға болады. Біздің мысалымыздың аудармасы осы 2 вариантпен шектеліп қалмайды, оны зерттеуіміздің барысында мысалдар арқылы береміз.

Аударма теориясы үшін аударманың трансформациялық үлгісін жасау аса пайдалы да маңызды мәселе. Трансформациялық үлгінің артықшылықтары мен кемшіліктеріне келсек, В.Н. Коммисаров бойынша, оның артықшылықтары:

  • Әр тілдің формаларын салыстырып зерттеу арқылы аударманың трансформациялық теориясын, аудармалық сәйкестіктерді анықтап, нақты екі тіл арасында аударма жасаудың теориялық базасын құрайды.
  • Аударманың трансформациялық үлгісі көмегімен аудармадағы трансформациялық үрдістердің түрлері анықталады.
  • Аударма үрдісі барысында түпнұсқалық бірлікке аударма тілінде сәйкес балама табылмағанда, түпнұсқа тілінің ішінде тілдік трансформация жасау, яғни талдау сатысы өте қажет. Сонымен қатар мынадай кемшіліктер де бар:
  • Аударманың трансформациялық үлгісі синтез сатысында қандай талаптар бойынша бірнеше трансформалар ішінен біреуі таңдалып алынатынын көрсетпейді, себебі, бұл сатыға келгенде, түпнұсқалық және аударма құрылымдары бір-бірінен тәуелсізденеді.
  • Аналог болмайтын кей ядролық құрылымдар арасында орнайтын сәйкестікті түсіндіре алмайды.
  • Кей құрылымдар арасындағы сәйкестікті түсіндіре алмайды. Мысалы, instant coffee – ерітінді кофе [6, 40].

«Аударманың трансформациялық үлгісін» қорытындылай келсек, тіларалық трансформациялар түпнұсқалық мәтіннің семантикалық талдауы мен ақырғы нәтиже – аударма мәтінін жасаудың бір тәсілі ретінде пайдаланылады. Әйтсе де, аударма үрдісінде басқа да ситуативтік-прагматикалық факторларға байланысты лексика-синтаксистік перифразалау, семантикалық модификация сияқты амал-тәсілдері қолданылады. Сол себепті аударманың трансформациялық үлгісі басқа да семантикалық, денотативтік үлгілер сияқты шектеулі, бірақ аса қажет маңызды мүмкіншіліктер береді. Аударманы қабылдаушының реакциясы берілген мәтіннің мазмұнын жеткізу мәселесімен байланысты. Ол қандай элементтерден тұратынын анықтау қажет. Л. К. Латышев А. Д. Швейцердің көзқарасын бөліп, келесі төрт элементтерді белгілейді:

  1. заттық жағдайларды белгілеуімен байланысты денотативті мағына (яғни, заттық-логикалық);
  2. пікір элементтерінің арасындағы синтаксистік (яғни, оның синтаксистік құрылымымен) байланысты белгілейтін синтаксистік мағына;
  3. функционалды-стилистикалық және экспрессивті бояумен белгіленген коннотативті мағына;
  4. тілдік пікірдің және коммуникацияға түскен адамдардың қарым-қатынасымен анықталатын прагматикалық мағына.

Ішкі тілдік мазмұн – бұл тіл белгілерінің арасындағы және толық тіл кодымен сәйкестілігі. Бұл аспект прагматикалық мазмұнға байланысты. Өйткені прагматика – бұл семиотиканың және тіл білімінің зерттеу аймағы. Онда адресат ойының субъектіге, коммуникацияға қатысқан адамдардың арасындағы қарым-қатынасына, қарым-қатынас жағдайына байланысты тіл белгілерінің сөйлеудегі қызметі зерттелінеді [7, 4].

Аудару кезінде түпнұсқаның жалпы мағынасы сақталуы керек.

 

Әдебиеттер

  1. Гарбовский Н. К. Переводческие трансформации и обучение переводу// Перевод как лингвистическая проблема. Сборник статей. – М.: Издательство МГУ, 1982. – 119 с.
  2. Гарбовский Н. К. Теория перевода. – М.: Издательство МГУ, 2004. – 544 с.
  3. Гутнер М. Д. Пособие по переводу с английского на русский. – М.: Высшая школа, 1982. – 158 с.
  4. Жақыпов Ж. А. Аударматануды аңдату. – Алматы: InnoPRESS, 2004. – 192 б.
  5. Казакова Т. А. Практические основы перевода. – СПб.: Союз, 2000. – 320 с.
  6. Катфорд Джон К. Лингвистическая теория перевода. – М.: Едиториал УРСС, 2004. – 208 с.
  7. Козлова М. С. Философия и язык. – М.: Наука, 1981. – 248 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.