Бұл мақалада изафеттің ІІ түрі және Әбілғазы баһадүр ханның «Түркі шежіресінің тезаурус сөздігінде» кездесетін изафеттік тіркестер жайлы айтылады. Тілдің морфология саласында изафеттік тіркесті құрылым түсінігі бар. Араб тілінің «Аль – идафату» сөзінен қалыптасқан бұл түсінік тікелей аударғанда қосымша, үстеме деген ұғымды білдіреді. Изафеттің ІІ түрінің мағыналық қатынастары да көне түркі дәуірінен белгілі және меншіктілік қатынасты білдірудің өзі бірнеше топқа бөлінетіні туралы сөз қозғалады. Изафеттер туралы және оның үш түрінің сөйлемдегі қызметі жөнінде белгілі профессор Талғат Сауранбаевтың пікірі айтылған. Сонымен қатар изафет жайлы көптеген ғалымдардың ойлары келтірілген. Изафеттің екінші түріне жататын тіркестерде де тіркес құраушы сөздердің орын тәртібі тұрақты болады, олардың арасына басқа сөз қосуға болмайды. Изафеттің бұл түрі де бұрыннан келе жатқан көне тіркестер қатарына жатады. Өйткені бұл үлгі қазіргі түркі тілдерінің барлығында бар әрі көне түркі жазбаларында да ұшырасады.
Изафет мәселесін зерттеген ғалымдар пікіріне сүйенетін болсақ, кез-келген сөздердің тіркесі изафетті құрай алмайды. Изафет болу үшін оған бірнеше белгілер тән. Олардың негізгілері мыналар: 1) зат есімдердің тіркесінен тұрады
2) бірі екіншісіне бағына, сабақтаса байланысады; 3) лексикалық мағынасы бар кемінде екі сөзден тұрады; 4) толықтауыштық не пысықтауыштық қатынасты емес, тек анықтауыштық қатынасты білдіреді. Демек, 1) қызыл орамал, үшінші үй 2) ананы сыйлау 3) орындықта отыр
4) есік алды 5) қант қызылшасы тәрізділер изафетке жатпайды. Себебі, бірінші топтағылар анықтауыштық қатынасты білдіргенімен, екі зат есімнен емес, сын есім, сан есім және зат есімдерден құралған. Екінші, үшінші топтағылар анықтауыштық емес, толықтауыштық, пысықтауыштық қатынасты білдіреді әрі зат есім мен етістіктің тіркесінен тұрады. Төртінші топтағылар толық лексикалық мағынасы бар сөздер мен көмекші сөздердің тіркесінен тұрады. Төртінші топтағылар толық лексикалық мағынасы бар сөздер мен көмекші сөздердің тіркесінен тұрады, ал изафет құрамындағы сөздердің әрқайсысының толық лексикалық мағынасы болады. Ал бесінші топтағы тәрізді тіркестер изафетке жата ма, әлде жатпай ма деген мәселенің төңірегінде әлі де болса шешімін таппай, бір арнаға түспей жатқан жайттар молынан кездеседі. [1, 25]
Изафеттің ІІ түрінің мағыналық қатынастары да көне түркі дәуірінен белгілі. Меншіктілік қатынасты білдірудің өзі бірнеше топқа бөлінеді. 1. Заттың кісіге меншіктілігі. Алы Шалчы ақ атын бініп тэгміш – Алып Шалшының ақ атын мініп жауға шапты. 2. Кісінің этникалық топқа қатысы. Он оқ сүсі қалықсыз тасықды – Он оқ әскері толық жорыққа шықты.
3. Абстрактылық ұғымның конкретті затқа қатысы. Осы мысалдардан изафеттің бұл түрінің түркі тілдерінде ерте дәуірден келе жатқан көне құрылым болуымен қатар, семантикалық жүйеге түскен, нормаланған құбылыс екендігі байқалады.
Қазіргі норма бойынша изафеттің ІІ түріндегі анықтауыш мүшенің айқындауышы болса, ондай бағыныңқы компонентке де ілік септік жалғауының міндетті. [2, 22]
Изафеттің екінші түрі теңіздің балығы түрінде құрылған сөз тіркесінің үнемді болып ұйымдасқан түрі болып статус алды: теңіздің балығы – теңіз балығы, үйдің есігі – үй есігі т.т. Осы себептен теңіздің балығы типті сөз тіркесін толымды матасу амалымен (матасудың толымды түрі) құрылған деп, ал теңіз балығы типті сөз тіркесін толымсыз матасу амалы арқылы (матасудың толымсыз түрі) құрылған деп аталып жүр. Теңіз балығы сөз тіркесінде басыңқы сөз бастапқы байланыстағы қалпын сақтап, тәуелдік жалғауын қабылдап тұр: балығы. Бағыныңқы сөз (теңіз) ілік септік, жалғауын түсіріп, қабысу амалымен байланысқа түскен.
Изафеттік құрылыстың екінші түрі – қазіргі қазақ тілінде белгілі семантикалық жүйеге түскен, нормаланған құбылыс. Мағына ауқымының кеңеюі жаңа семантикалық топтың пайда болуына ықпал етті. Заттық, қатыстық, меншіктілік мағына қатарласа жүргенмен, бұл үлгісіндегі газет, журнал, жер-су аттары, күрделі атаулар атауыш қызметіне ауысып, лексикалық единицаға айналды. Тіліміздің сөздік құрамының нәтижесінде пайда болған жаңа сөздер осы үлгі бойынша жаңа сөз тіркестерін жасауға қатысады. Оның бірден-бір себебі: қоғамдық өмірдегі өзгерістер, мәдениет, өнер-білім және ғылым мен техника, информатика саласындағы жетістіктер, аударма т.б.
Изафеттер туралы және оның үш түрінің сөйлемдегі қызметі жөнінде белгілі профессор Н.Т.Сауранбаев мынадай қорытынды шығарады: 1) изафеттердің жалғаусыз және ілік жалғаусыз түрлері лексикалық мағынада айтылады.
изафеттің ілік жалғауы толық синтаксистік мәнде айтылады, сондықтан оны синтаксистік изафет деп атау дұрыс. Синтаксистік изафет тұтас қалпында сөйлемнің жеке мүшесі болумен бірге, әрбір сыңарларының жеке сөйлемдерге мұше болуы арқылы сөйлемнен синтагмаға алналдырудың тәсілі болып та қолданылады. Ондай синтагмалар басқа тілдердегі бағыныңқы сөйлемнің орнына жүреді. [3,24]
Әбілғазы баһадүр ханның «Түркі шежіресінің тезаурус сөздігінде» кездесетін изафеттік тіркестердің ІІ түрі:
-
- Анда ұйғыр халқының ақсақаллары иығылыб орда ешікіке келділер/Онда ұйғыр халқының ақсақалдары жиылып орда есігіне келді.
- Бөрте қожын ұғланларының анасы ерді. /
Бөрте қожын ұлдарының анасы еді.
-
- Аңларның арасында бір кіші бар ерді Айналшық ашынасы ерді./ Олардың арасындағы бір кісі Айналшықтың танысы еді.
- Иесуки баһадүрнің көзі шаһла ерді мұғұл шаһланы боржыған дерлер ол себебден Иесуки баһадүрнің нәсілі боржыған қиятмыз теділер қиат елі Қабұлханның ұғланларындын соң тақы таза болды. / Есугей баһадүрдің көзі көк еді, моңғол көкті боржыған дейді, сол себептен Есугей баһадүрдің ұрпақтары боржыған қиапсыз дейтін, қиат елі Қабұлханның ұлдарынан соң (көздері) тағы өзгерді.
- Алынча хан падша болғандын соң халық башы уа малы көб болды./Алынша хан патша болғаннан кейін халық саны мен малдары көбейді.
- Бұлақның суы аз ерді иахшы иетішмеді аның үчүн олтұра білмей көчділер. /Бұлақтың суы аз еді, жақсы жетпеді, сол үшін (ол жерде) отыра алмай көшті.
- Тізенден бұтының жаны иоқ ерді. /
Тізеден төмен аяғының жаны жоқ еді.
-
- Аслы ләфәз мұғұл ол тұрұр ғауамның тілі келмеслікдін бара бара мұғұл айтдылар./ Моңғол сөзінің шығу тегі мынадай, қарапайым халықтың тілі келмегендіктен бара-бара мұғұл деп кеткен.
- Мерунің диһқанлары мал уа ниғметінің көблікінің ғарурындын халқы өзлеріні падшаһ уа беклерден артұқырақ тұтарлар ерділер./
Изафеттің ІІ түрі және Әбілғазы баһадүр ханның «Түркі шежіресінің тезаурус сөздігінде»... 205
Мерудің егіншілері дүние мен байлықтың көптігінен мақтанып, патша мен бектерден өздерін артығырақ ұстайтын еді.
- Үргенічден өзбек иортауылы келіб Хиұқны чабар ерді. / Үргеніштен өзбек шапқыншысы келіп Хиұқты шабатын.
- Хажымұхаммед ханның күчі Абдолла ханның бір нөкерінден артұқ ермес ерді Абдолла ханның күчі иетер ерді ерінді тақы барыб менің хақымны алыб бермеді. / Хажымұхаммед ханның күші Абдолла ханның нөкерінен артық емес еді, Абдолла ханның күші жететін еді, бірақ менің кегімді алып беруге ерінді.
Әдебиеттер
- Қамзаев К. Изафеттің екінші түрі және оның атаулық тіркеске ұласуы // Ізденіс. Гуманитарлық ғылыми сериясы. – 1998. – № 6. – 25-28 б.
- Қамзаева Г. Изафеттік құрылыс // Қазақ тілі мен әдебиеті. – 1999. – № 1. – 21-24 б.
- Сауранбаев Н.Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесі. – Алматы, 1948. – 20-24 б.
- Мамырбекова Г.М., Сейтбекова А.А. Әбілғазы баһадүр ханның «Түркі шежіресінің тезаурус сөздігі». – Алматы, 2011. – 320 б.