Мақалада Тәуелсіздіктен кейінгі жылдары ақындар мен жалпы халықты мазалаған әлеуметтік тақырыптар жайында айтылған. Кейбір авторлардың өлеңдеріне талдау жасалып, ерекшеліктері мен көтерілген тақырыптардың сол бастапқы кезең үшін қаншалықты маңызды болғаны жайлы айтылады. Тоқсаныншы жылдардың аяғында-ақ тәуелсіздіктің лебі сезіліп, поэзияның бағыты көрінді. Ал тәуелсіздік алғаннан кейін ұлттық рәміздердің жырға қосылып, қазақ тілінің қоғамдағы орны мен тағдыры туралы жыр жазу қолға алынды. Жаңа қоғам құру үшін өткен қоғамдағы тарихымызда нендей құндылықтар ескерусіз қалып еді, нендей асылдарымызды жарқыратып көрсете алмадық деген мәселелерді қарастырдық.
Қазақ елі тәуелсіздікке қол жеткізген 1991 жылғы атаулы күннен жаңа қоғамдық дәуір, жаңа тарихи кезең басталды. Осыған орай, тәуелсіздік жылдарындағы қазақ поэзиясының мақсат-мұраты, тыныс демі, өрнек айшықтары да жаңаша, өзгеше болып қалыптасқаны заңды болатын. Алдымен кешегі Кеңестік замандағы идеалогия келмеске кетті. Тәуелсіздік мұраттарын тәуелсіздік алғаннан кейін қалай жырлау керектігі жөнінде қалыптасқан қағида, дайын қалып жоқ -тұғын. Қазақ поэзиясы өзінің дәстүрлі даму арнасынан ауытқымаса да, мазмұндық, көркемдік, идеялық жаңа шешімдер табуға ұмтылды. Тоқсаныншы жылдардың бас кезінде-ақ ұлттық мүдде, елдік мұрат дейтін ұғымдарға ерекше екпін түсіріле бастаған.
Тоқсаныншы жылдардың орта тұсына дейін жарық көрген көптеген жыр кітаптары еліміз егемендік алғанға дейінгі дәуірде жазылған өлеңдерді құрайды. Яғни, бірен саран туындылар болмаса, негізінен, өткен кезеңнің жәдігерлері. Оның себебі ақындық дауыстың тоқсаныншы жылдардың басында өте бәсең естілуінен, рухани дағдарыстың салдарынан, кітап шығару ісінің тоқырауынан, т.б. іздестірген жөн. Тәулсіздіктің алғашқы жылдарында қазақ поэзиясы да дағдарысты кезеңді бастан өткерді. Тек мерзімді баспасөзде, теле-радио арналарында ғана ақындардың үні құлаққа емісеміс естілді.
Тоқсаныншы жылдардың орта тұсынан бастап шыққан жыр жинақтарында тәуелсіздіктің тыныс демі сезіле бастаған. Оны біз идеялық –танымдық деңгейде жүйелеп (мәселен, тәуелсіздік тақырыбының жаңа мазмұнында көрініс табуы, идеялық-көркемдік ізденістердің өмір шындығынан өрбуі, тіл тағдырының толғантуы, мемлекеттік нышандардың жыр арқауына айналуы, т.б.)
Егемендік пен тәуелсіздік алған жылдары ең алдымен тарихи санананы ояту арқылы басталды десек, қателеспейміз. Жаңа қоғам құру үшін өткен қоғамдағы тарихымызда нендей құндылықтар ескерусіз қалып еді, нендей асылдарымызды жарқыратып көрсете алмадық деген мәселелерді қарастыра бастадық.
Тоқсаныншы жылдардағы қазақ поэзиясындағы идеялық-көркемдік ізденістерге көңіл аударғанда біз мұндай ұғым түсініктегі жаңа өлшемдерді өзгешелеу сараптаймыз. Қазақ жырында да кеңес дәуіріндегі шек пен шекарадан аспау, идеалогиялық қалыптың шеңберінен шықпау дағдысы бірте-бірте жойылып келе жатқаны аңғарылады. Тәуелсіздігімізбен бірге елімзізге рухани жаңару, яғни дініміздің қайта оралуы ақындар поэзиясына өз үлесін қосты.
ХХ ғасырдың соңы – тоқсаныншы жылдары қазақ поэзиясына жас таланттар әкелді. Бұлар өте бір қиын кезеңде әдебиет табалдырығына аттаса да, дәстүрлі қазақ жырының жүгін иықтарына артып, мәртебелі сөз өнерінің ажарын ала келді. Олар үлкендермен үзеңгі қағыстыра, үлестерін сұрай ілгері ұмтылды. Ойлы сөзді образды айтуға, іңкәр сезімді отқа орап жеткізуге тырысты. Мәртебелі поэзияның кешегі жағалауын ертеңге, яғни бүгінгі жағалауға қосқан алтынкөпірліктер поэзиясы шын мәнінде алтын көпір бола білді. Алтынкөпірліктер поэзиясын Маралтай Райымбекұлы, Батырболат Айтболатұлы, Бақыт Беделханұлы, Дәурен Берікқажыұлы, Бақытжан Алдияр, Алмат Исаділ, Алмас Темірбай, Танакөз Толқынқызы, Бердалы қазақ поэзиясына өзіндік қолтаңбасымен елеулі үлес қосқан ақындар бүгінгі қазақ әдебиетіміздің рухани байлығы ретінде тәуелсіздік көзқараспен саралана отырып, ақындардың өзіне тән суреткерлік қолтаңбасы айқындалады.
Қазақ поэзиясындағы азаттық, тәуелсіздік аңсары 1991-2001 жылдар аралығында өзінің бұрыңғы асқақ ұлттық рухын қайта тапты және тәуелсіз Қазақстанның алғашқы апыл-тапыл басқан қадамын қалтықсыз қадағалап, рухани демесін, сүйеніш бола білді.
Тоқсаныншы жылдардың орта тұсына дейін жарық көрген көптеген жыр кітаптары еліміз егемендік алғанға дейінгі дәуірде жазылған өлеңдерді құрайды. Яғни, бірен – саран туындылар болмаса, негізінен, өткен кезеңнің жәдігерлері. Оның себебі ақындық дауыстың тоқсаныншы жылдардың басында өте бәсең естілуінен, рухани дағдарыстың салдарынан, кітап шығару ісінің тоқырауынан, т.б. іздестірген жөн. Тәулсіздіктің алғашқы жылдарында қазақ поэзиясы да дағдарысты кезеңді бастан өткерді. Тек мерзімді баспасөзде, теле-радио арналарында ғана ақындардың үні құлаққа емісеміс естілді. Тоқсаныншы жылдардың орта тұсынан бастап шыққан жыр жинақтарында тәуелсіздіктің тыныс –демі сезіле бастаған. Оны біз идеялық – танымдық деңгейде жүйелеп (мәселен, тәуелсіздік тақырыбының жаңа мазмұнында көрініс табуы, идеялық-көркемдік ізденістердің өмір шындығынан өрбуі, тіл тағдырының толғантуы, мемлекеттік нышандардың жыр арқауына айналуы, т.б.)
Қазақстанның тәуелсіздік алуына байланысты қазіргі қазақ поэзиясында алдыңғы буын ақындары тоталитарлық тәртіптің қысымымен айта алмаған тақырыптық желілі ер тақырыптық желіліер (ұлттық сананы ояту сезімі) бой көтерді. Ұлттық мінез ақындық тұлға арқылы ұлтжандылық, терең ұлттық мазмұн айқын көрінеді. Ұлттық мінездің динамикасы, тарихы халық тарихымен байланыстыра жырланады. Ақындар өлеңдерінде сыншылдықтың басымдылығы анықталды.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қоғам мен адамға түскен ауыртпалықтың сырын ашып, қазіргі қоғамдағы жастардың басына түскен түрлі әлеуметтік мәселелер ақындардың поэзиясында көрініс тапқан. Тәуелсіздік жылдарындағы әдебиет үшін ең қиын мәселе жалпы әдебиет қоғамға керек пе немесе қажетсіз бе деген екіұшты ұғымды бірізге түсіруден басталғанын білеміз. Қоғамдық ортада материалдық қажеттіліктер алдыңғы қатарға көтерілген уақытта, рухани құндылықтардың мәні төмендей түскені анық. Қоғамда қалыптасқан әлеуметтік психологияның шығармашылық иесіне әсері.
Сонымен қатар әдебиеттің дамуына сыртқы және ішкі факторладың әсер еткенін білеміз. Бұл ретте қоғамдық қоршаған ортаның маңызы өте зор. Сыртқы факторлар ретінде ата-бабамыз ертеден аңсаған егемедік, азаттық. Ал ішкі факторлар олар саяси-әлеуметтік жағдайдың тұйыққа тірелуі, адамдардың, соның ішінде шығармашылық субъектілерінің өздерінің әлеуметтік жағдайларының нашарлауы тәуелсіздіктің ішкі жағындағы кедергілерді көрсетсе керек. Ақындармыз сыртқы факторларды сіңіре отырып, олардың трансформациялануы арқылы жаңа туындыларды дүниеге әкелді. Осыдан барып жалпы поэзиялық шығармаларды жайлаған мұңлы сарын, қиналыс пен күйзеліс, қатулы қабақкүй пайда болды. Мысалы: Б. Алдиярдың
Тағдырымның ап-ащы тамшылары, Терезесін жанымның сан шылады. Қоғамды адам, адамды қоғам алдап, Жорамалдап күн кешу таңсық әлі. Мұқтажық пен толса өмір мұңға, Мойын бұрар өлең мен кім ғазалға?! Көк бөрідей тараған көркем халық, Ертең барып тұра ма «құлбазарға» [1,31]
Ақындардың тәуелсіздік жарияланғаннан кейінгі қоғамда көрініс алған әлеуметтік тұрмысты, ұлт тағдырын, халық жағдайын баяндайды Аталған өлеңнен ақынның азаматтық тұлғасы мен позициясы айқын көрінеді. Қоғамның мұндай ашық сипатты суретін жиырмасыншы ғасырдың басындағы алаш ардақтыларының жазып қалдырған шығармаларынан көреміз. Өткен ғасыр басындағы қазақ зиялылары төңкеріске дейін және одан кейінгі халық өмірінің барлық тұсын ашық айтуға тырысты.
Жастар поэзиясындағы әлеуметтік тақырыптардың бірі – баспана. Бұл тақырып қоғамдағы ең өзекті мәселе болып табылады. Баспана тақырыбына байланысты өлеңдер жас ақындардың шығармаларында көп кездестіреміз. Б. Алдиярдың «тас көшелер», «тас тұлғалар», «тас үйлер» деген әлеуметтікфилософиялық реңктегі тосын тіркестер қоғамдағы суықтық, қаталдықты көрсетсе, А. Исаділ «Қай бұрышта тұрмадым пәтер жалдап», «Тар көрпеде қалайша көсілем» [3,160] деген теңеулері әлеуметтік өмірдің ең бір өзекті мәселелеріне, қоғамның рухани келбетін шамалауға сыншылықфилософиялық тұрғыдан келді. Бұл ақындардың өз қоғамын саяси-рухани нормаларын терістеу философиясы өлеңдеріндегі сыншылдық пафосқа нұсқанын тигізе алған жоқ.
М. Райымбекұлы «Муза» өлеңінде [4,357]:
«Басса да жер дүниені көшкін мейлі, Сен ғана өлмейтін де, ескірмейтін.
...Құдай мен Құраннан соң бір өзіңсің, Тұрмайды басқа нәрсе тырнағыңа», -
деп шарықтаған жолдар бар.
Ақын Музаны ұлықтайды, жырлайды. Өйткені, Музаақын жанының жыр-күші.
Маралтайдың да алғашқы сезімінен сыр шертетін «Алғашқы сезім» [5,358-359] (Гүлбануға) өлеңінде махаббаттың ұлы құдіреті қарапайым һәм әсем жеткізіледі.
«Мен сен үшін батыр болғам сол кезде,
Мен сен үшін ақын болғам сол кезде» деген жолдар бар. Расымен де махаббат не істетпейді. Сонымен қоса:
« ...Өзгелермен ойнай қалсаң қызғанып, Өтуші еді жүрегімді мұз қарып.
Бар баланың мұрнын бұзғым келетін,
Қызғаныштан туып кейде қызбалық». Бұл өлеңдерінде ақын өз балалық шағымен байланыстырады, екі кезеңді де, Кеңес дәуірін де, Тәуелсіздік шағын да көрген ақын жыры.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін, қоғамдағы болған әлеуметтік, саяси, мәдени өзгерістер қазақ поэзиясына үлкен серпіліс әкелді.
«Тәуелсіздік жылдар» деп аталатын кезеңнен басталған жаңаша пайымдаулар рухани түлеудің жаңа бір кезеңі болды да, қазақ әдебиетінде көркем ойлаудағы жаңа ұстанымдарды алып келді. 1991-2010 жылдар көлемінде қазақ поэзиясында әлемдік өзгерістер мен қоғамдағы қайшылықтар, атап айтар болсақ, саяси, әлеуметтік-философиялык, рухани психологиялық мәселелер түрлі формада көрініс тапты.
Әдебиеттер
- 1 Бақытжан А. Қазығұрттың қоңыры . Алматы: Жалын, 2012. – 31 б.
- 2 Исаділ А. Жолдар, жолдар. – Алматы: Жазушы, 2001. – 158 б.
- 3 Исаділ А. Көкжиекке сіңген жол. – Алматы: Жалын, 2012. – 160 б.
- 4 Райымбекұлы М. Кентавр. – Алматы: Жалын, 2008. – 357 б.
- 5 Райымбекұлы М. Кентавр. – Алматы: Жалын, 2008. – 358-359 б.