Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Тұрмыстық дәстүрлер атауларының лексика семантикалық сипаты

Қазақ халқы ай аттарын арабша немесе жұлдызнамалық (зодиакальный) белгілермен атаған. Бірақ олар әдеттегі жыл маусымдарын белгілі бір шамамен ғана айтады және көбінесе қыр өміріне тән дағдылы кезеңдерге, оқиғаларға байланыстыра сипаттаған. Мысалы, науырыз айы – жыл басы «месяц март – начало года», қой қоздады – сәуірдің басы «овцы ягнятся – начало апреля», бие байлайды – сәуірдің аяғы және мамыр «кобыл доят для кумыса – конец апреля и май», құралай – көктемнің суық жаңбырлы күндері, ол мамыр айының бірінші жартысында 8 мен 16 арасында өтеді, басқа бір күн санау жүйесі бойынша мамыр айының 3 және 6 жұлдызы арасына сәйкес келеді «холодное и дождливое время весной, от 8 до 16 дней во второй половине мая, по другим в первых числах мая от 3 до 6 дней».

Сондай-ақ, ғалым құралай сөзінің лексикалық мағынасын түсіндіре отырып, бұл мерзімді мамыр айының оныншы жұлдызы шамасында басталатын желді, жаңбырлы жыл мезгілі деп түсіндіреді. Ал атаудың қалыптасу себебін қазақ арасында былай түсіндіріледі дейді: «Башқұртша құралай «жабайы ешкінің төлі», ол осы желдеткен қара суық күндері туа сала нөсер жаңбырдың суына шомылады, сөйтіп желмен жарысып жүгіруге машықтанадымыс» – дейді [1,74 б.].

Осы маусымның тағы бір атауы болып табылатын мамыр сөзі сөздікте мамыр ат, мамыр құс деген тіркесімдер арқылы түсіндіріледі. Л.З. Будаговтың түсіндіруінше, алғашқы тіркесім аяғы ауырған жылқының нық баса алмай мамырлауына қатысты болса, мамыр құс – семіздіктен шаялап қалған немесе жаңа қауырсындары күзге дейін қатаймауы себепті ұша алмай қалған құсты білдіреді. Осыған байланысты бұл маусым мамыр ай деп аталған деген этимологиялық мағынасын жасайды.

Л.З. Будагов сонымен бірге Н.И. Ильминскийге сілтеме жасай отырып, осы түбірден жасалған етістік тұлғалы мамырламақ тұлғасын салыстыра көрсетіп, оны орысша охрометь, быть неспособным летать [1,200 б.] деп береді «ақсау, ұшуға қабілетсіз болу».

Суыр базары «торг сурками бывает в мае месяце при г. Оренбурге». Л.З. Будаговтың бұл түсіндірмесіне қарағанда суыр базары тіркесімі Орынбор маңы қазақтарының жергілікті қолданысы болуы ықтимал. Алайда біз оны мамыр айының маусымдық сипатын танытатын ауыспалы мағынасында қолданылып тұрғанын қарастырып отырмыз.

Бес қонақ «холодное время с 1 по 5 апреля». Бұл номинация негізінен Қазақстанның батыс аймағында жиі қолданылады. Л.З. Будагов бұны «пока бес қонақ не сойдет, с зимовки не кочуют и зимнего платья не оставляют» деп түсіндіреді. Бұл жерде сәуір айының 1 мен 5 арасы деген анықтаманы ай санаудың ескі календарына сәйкес деп түсіну қажет. Бес қонақ жайында ел аузында көптеген аңыз әңгімелер бар. Ақтөбе өңіріндегі сондай түсініктердің бірі бес қонақтың жоғарыда аталған мерзімінен не бес күн бұрын, немесе бес күннен кейін келуі де ықтимал делінеді. Сөйтіп көктемде келетін жауын-шашынды, қарлы-боранды бұл маусым тек бес күн емес, он бес күнге созылуы ықтимал деп есептелінеді. Халық арасында бес қонақтың өтуін күтпей қойдың жабағы жүнің қырқып, қыстаудан ұзап көшіп кеткен кейбір ауылдар осы бес қонақтың ызғарына ұшырап, жас төлдері қырылып, қырыққан қойлары суыққа шалдыққаны жайында талай мысалдар айтылады. Тосыннан келіп қалатын бұл салқын кезең Жетісу жерінде (Алматы облысында) айтылатын құс қанаты атты табиғат құбылысына ұқсастау, бірақ Жетісудің жері жылы болғандықтан, жыл құсының қанатына ілесіп келген жауын-шашын малшы ауылдарға батыстағыдай әбігер әкелмейтін болуы керек.

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде бес қонақ сөзінің мағынасы «жаз бен күз арасында болатын ызғырық, суық күн» деп [2,98 б.]ал диалектологиялық сөздікте бесқонақ 1) марттың 14-терінен 20-22-сіне дейін соғатын ыстық жел;

  1. шешек ауруының жеңіл түрі. Мысалы, Бесқонақ қана болып шыққан ғой дәрігердің көмегімен. [3,126 б.]; деп көрсетілген. Кей ғалымдардың зерттеуінше, бесқонақтың тағы бір сыры болуы мүмкін. Есепшілердің пайымдауынша, бес қонақ тоғыз есебіне байланысты. Ертедегі күнтізбе жүйесі бойынша, бес қонақты таратудың мынадай түрі кездеседі.
  2. қонақ – 31 наурызда; қазіргі күнтізбе бойынша, 21 сәуір – көктем мейрамы, еңбек мейрамы;
  3. қонақ – 31 мамыр, қазіргі күнтізбе бойынша, 31 ақыл, өнер, парасат күні;
  4. қонақ – 31 маусым, қазіргі күнтізбе бойынша, 22 шілде – жаз мерекесі немесе рухқа тәжім ететін күн;
  5. қонақ – 31 шілде, қазіргі күнтізбе бойынша, 22 тамыз – тіл мерекесі және ұлттық дәстүр күні;
  6. қонақ – 31 тамыз, қазіргі күнтізбе бойынша, 22 қыркүйек – күз мерекесі немесе сабантойды мерекелейтін берекелі күн.

Қозы күзем «стрижка ягнят», около 15 и 20 июля, яғни бұл маусым, шілденің екінші жартсында бір бескүндік шамасында өтетін науқанды білдіреді. К.К. Юдахин қырғыз тілінің екі тілді сөздігінде күзем сөзін қозыға байланыстырмай, жалпы қой қырқу деген мағынада түсіндіреді. Ол реестрдегі күзем сөзінің бірінші мағынасы «стрижка – осенняя овечья шерсть», екінші мағынасы «сезон осенней стрижки овец» дейді. Бұл түсініктеме қазақ тіліндегі «бірінші қырқым» және «күзде қырқылған қойдың жүні»; екінші мағынасы «қой қырқудың күзгі маусымы» дегенді білдіреді. Бұған қарағанда қырғыз тілінде қой қырқу жалпы ұғым болғанымен, қазақ тіліндегі қозы күзем тәрізді дербес маусымдық атау қолданылмайтын секілді [4, 459 б].

Талданып отырған мысалдар қазақ халқының әлемнің тілдік бейнесін таңбалаудағы өзіндік ерекшелігін көрсетеді. Әлемнің ұлттық бейнелерін зерттеген ғалым Г. Гачев оларды Космо-психо-логос деп анықтайды. Оған әсер ететін жағдайлар – табиғаттың типі, ұлттық мінез және ерекше ойлау екенін жазады. Шынында да, қозы күзем деген атау тек қазақ халқына тән маусымдық атау. Өйткені қозының жүнін осы уақытта қырқатын және оған үлкен мән беріп, белгілі маусымның белгілі сәтін атайтын тек қазақ халқы.

Әлемнің ұлттық тілдік бейнесі үлкен факторларға жіктеле алады. Солардың ішіндегі ең негізгі фактордың бірі – уақыт факторы екені белгілі. Біз қарастырып отырған сөздіктер негізінен ХІІІ-ХІХ ғасырларда жазылған еңбек болғандықтан атаулардың мағыналық және ұғымдық ерекшелігі де сол заманның нақты ойлау жүйесі мен халықтық дүниетанымынан хабар беретіні анық.

В.В. Радлов өзінің «Опыт словаря тюркских наречий» атты сегіз кітаптан тұратын төрт томдық әйгілі сөздігінде жоғарыда Л.З. Будагов атаған маусымдарды түгел келтіре отырып, оларға «известные дни года у западных киргизов» деген жалпылауыш тақырып қояды. Ол маусым атауларын жан-жақты түсіндіріп жатпай-ақ, олардың білдіретін негізгі ұғымдарын атаумен шектелген. Оның мәліметінде қой қоздады «начало апреля»; бие байланды «конец апреля»; құралай «холодное время во второй половине мая»; бес қонақ «от 2-4 апреля»; қозы күзем «от 15-20 июля»; соғым «в декабре» [5, 3-8 бб.].

Қазақтың халықтық тілінде “ай” сөзі қосылып айтылатын күнтізбелік атауларды Л.З. Будагов тіркес түрінде емес, жалаң сөзді номинация етіп берген. Мысалы: шілде (шілде айы) «сорок дней жарких, после куралая, с 25 июня по 5 августа»; тамуз (тамыз айы) «удушливо жаркое время с 10 июля, продолжается 30 дней в которые ночи прохладные»; қазан (қазан айы) «глубокая осень с 5 октября до 10 ноября»; согум (соғым айы) «режут скот на зимний запас – в начале декабря». Ал “айға” қатыссыз соғым сөзінің өзін Л.З. Будагов былай түсіндіреді: соғум от глагола соқмақ «резать скот – мясо заготовленное на зиму» при наступлении зимы киргизы режут скот – лошадей и коров, впрок, часть которого солят, соғум уақыты «время приготовления мяса на запас», соғумға беру «подарить скот на согум, на убой», – дей келе, Н.И. Ильминскийден мынадай түсініктеме келтіреді: «было обыкновение при ханах, и после покойного Джангир-хана осталось для внутренней, букеевской орды, постоянным налогом, наравне с зекятом» [1, 708 б].

Қазақ тілінде қ, й дыбыстарының сәйкестігі негізінде жасалған соққы сойлым, соғым, сойыс тұлғалы синонимдер бар. Бұның алғашқы екеуі «қару, құрал» мағынасын білдіреді де, соңғы екеуі «союға лайықталған малды» атайды. Түсіндірме сөздікте бұл материалдық мәдениет атаулары осы мағынада берілген: сойыл «қару ретінде ыңғайлы етіп жонып жасалған мықты ұзын ағаш» [6, 575 б.] одан әрі осы сөздің ұясында сойыл салым, сойыл соғар, сойыл соқты үлгісіндегі тіркестер келтірілген. Ал соққы синонимінің мағынасы сөздікте деректі зат есебінде түсіндірілмей, «жаудың бетін қайтару, тойтарыс беру, шабуыл» деген дерексіз мағынада сипатталған. Бірақ осы сөздің ұясындағы тіркестерде соққы берді деген дерексіз ұғыммен қатар соққыға жықты, соққы жеді деген нақты мағыналар да келтірілген. Ал соғым және сойыс малдарының сойым деген синонимі газеттен алынған мысалмен түсіндіріледі [6,573-575 бб.]. Біз бұл деректі келтіргенде, Л.З. Будаговтың соғым сөзі соқмақ етістігінен жасалған деген пікірінің негізсіз еместігін атай кету қажет.

С. Аманжоловтың диалектологиялық сөздігінде соғым реестрі де, оның сойыс варианты да есепке алынбаған. Бәлкім, автор бұл атауларды диалектизм есебінде қарастырмайтын болар. Ал, С. Аманжолов сөздігінің алғашқы басылымынан (1959) он жыл бұрын жасалған қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі де соқ// сой түбірлі етістіктерден жасалатын соғым// сойыс синонимдерін реестрге алмаған [7, 293294 бб.] қаңтар (қаңтар айы) «январ»; ақпантоқпан (ақпан айы) «самые холодные дни, крещенские морозы». Басқа реестрде Л.З. Будагов негізгі атауға “ай” айқындауышын қосып та қолданған. Мысалы: қырман айы және айт айы два главных праздника мусульман; ара айы «промежуток между ними».

Бұл анықтамаларға қарағанда автордың қырман айы деген мезгілі қазақ арасында қырман той деп аталатын, қырман көтерілгеннен кейін, жиын-терін аяқталған соң, ел ұшыр, бітір, зекет салықтарын өтеп барып өткізетін күзгі той-мереке мезгілі болуы мүмкін деп шамалауға да болады. Мәселен, С. Аманжолов осы қырман сөзімен келетін бірнеше тіркестерді өзінің диалектілер сөздігінде бере отырып, былайша түсіндіреді: қырман көтеру «егінді жинап алу – убирать хлеб или урожай»; қырман тастау «астық ұшыру – веять ворох зерна»; қырман қосу «қырман бастау – производить молотьбу»; қырман қыру «ақша табу, мал табу – зарабатывать» [7, 260 б.].

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде қырман, қырмандау, қырмантүр деген үш реестр сөз тіркелген. Алғашқы қырман сөзі «астық бастыратын, тазалайтын ашық алаң» деп түсіндіріле келіп, сол ұяда қырман басты деген сөз тіркесін – «дәнді масағынан бөлді, қауызын ажыратты» деп түсіндіріледі, ал қырман толсын деген тіркесім – «астық мол болсын» деген тілек ретінде келтірілген. Қырмандап тұлғалы етістіктің көсемше формасы қырман ету мағынасында екендігі айтылса, соңғы қырмантүп тіркесімі этнографизм ретінде «қырман аяқталар кезде кәде бойынша елге берілетін азынаулақ астық» деген анықтамамен берілген [6,438 б.].

Ал қазақ тілінің диалектологиялық сөздігінде жоғарыда аталған қырмантүп этнографизмі біріккен сөз емес, сөз тіркесі ретінде беріліп, «қырманда ең соңғы жағында қалатын астық» деген дефинициядан соң, Жамбыл, Шу деген белгішемен «Екі кісі ортақ болса, қырман түпті астықты айдап, суғарған кісі алады; қырман түпті сұрап келгендерге де береді» деген мысалдармен фраземаның мағынасы ашыңқырап түсіндіріледі [7, 224 б.].

Алайда, бұл соңғы мәліметтердің ешқайсысы да Л.З. Будагов сөздігіндегі қырман айы деген тіркесімге жанаспайды. Осымен байланысты бізге басқаша бір ай тудыратын нәрсе ретінде өзіміз сөз етіп отырған лексеманың екі түрлі орфографиялануы деп атап көрсетуге тиіспіз. Өйткені, сөздікті өз еңбегінің І томында “ай” сөзімен келетін тіркесімдер қатарында нысанадағы сөзді араб әрпімен (крман) бергендіктен, біз оны қысаң дауысты ы/ұ бірін қосып, қырман түрінде де, құрман түрінде де оқуға мәжбүр болсақ, аталған сөздіктің ІІ томында Л.З. Будагов бұл сөзді кир деген белгішемен курманъ деп беріп, оның арабша нұсқасы курбан деп ескерткен. Қазіргі қазақ тілінде бұл атау курбан//құрман, құрбандық//құрмандық// құрмалдық түрінде дыбысталатының ескерсек, бұл лексеманың арабша түпнұсқасынан өзгеріп, қазақ тіліндегі қырман есіміне кей тұста үндесіп те кететіндігін мойындауымыз қажет болады.

Сонымен, Л.З. Будагов кырман деп арабша транскрипцияланған сөзді қырман емес құрман деп оқу қажет деп білеміз. Сонда жоғарыда келтірілген құрман айы деген тіркесімді

Л.З. Будаговтың құрман «жертва»; құрман шалу «жертвоприношение»; құрман мейрамы «праздник жертвоприношения»; құрман айы «последний мусульманский месяц» деген мағынада қабылдаймыз [1,77 б.]. Осыған орай жоғарыда Л.З. Будаговтан келтірілген ара ай ораза айы мен қырман тойдың аралығы емес, рамазан айы мен құрбан айттың арасы деп түсінеміз. Ал, айт айы ораза айтқа немесе құрбан айтқа байланысты салт-дәстүр мерекесі болуы ықтимал. Сонымен қатар, Л.З. Будагов сөздігінде кир деген белгішемен мынадай түсінік берілген: айт «праздник после Рамазана», айт айы «месяц Рамазана в который мусульмане постятся» [1, 198 б.].

Бұдан біз араб тілінің ғайд болып айтылатын сөзі қазақ тіліне созылыңқы ғ дыбысын түсіріп, айт тұлғасында енгенін көрсек, Л.З. Будаговтың айт айы дегені рамазан айында келетін ораза айтына байланысты екендігін байқаймыз. Ал мұсылман жыл санауы бойынша оразаның басы жыл санын өзгертіп отыратын болғандықтан, күзгі қырман тойымен ораза айттың ара қашықтығы да бірде ерте, бірте кеш болып өзгермелі келетіндігі мәлім. Осыған байланысты Л.З. Будагов мұсылман қауымының ең басты мерекесі өтетіндігін ескерткен және оның мерзімін дәл көрсетпей, ара ай деген екі мүшелі тіркесіммен берген. Бұл қолданыс біздің шамалауымызша қазіргі тілімізде екі маусымның аралығы деген ұғымда қолданылатын өлі ара тіркесіне жуықтайды деп білеміз. Басқа халықтардағы, мәселен орыс тіліндегі мертвый сезон атты маусым да осындай салтдәстүр ұғымына байланысты болса керек. Ал, «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» құрбан сөзіне Т. Жанұзақов былай деп түсінік береді: құрбан араб тілінен енген діни сөз, бірінші мағынасы: «құдайға, аруаққа арнап садақаға соятын мал, құдайы»; екінші мағынасы: «бір нәрсенің жолына арналған садақа, пида»; үшінші ауыс мағынасы: «белгілі бір мақсатты орындау жолында жанын қиып, қаза болған адам», деп түсіндірсе, тағы бір төртінші ауыс мағынасын: «шығын, зиян» деп береді. Одан соң құрбан айт деген тіркесімге мынадай түсінік береді: ораза өткен соң, жетпіс күннен кейін өткізілетін мұсылмандардың діни мейрамы.

Мұсылмандардың мұндай үлкен мейрамы жыл бойы екеу-ақ: ораза мен құрбан айт. Оразадан кейін 70 күн өткен соң мұсылмандар үлкен айт – құрбан айтты тойлайды. Құрбан болды (етті, қылды) «алға қойға белгілі бір мақсатты орындау жолында жанын қиды, пида етті». Құрбан шалды «аруаққа, құдайға арнап мал сойды» [2, 504 б.]. Осындағы құрбан айт деген тіркесімге байланысты берілген түсініктеме жоғарыда келтірілген Л.З. Будаговтың түсіндірмесі сәйкес келетіндігін атап айтқанымыз жөн.

 

Әдебиеттер:

  1. Будагов Л.З. Сравнительный словарь турецкотатарских наречий. СПб., 1869-1871. – 1056 б.
  2. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. – Алматы, 5 т. 1986. – 485 б.
  3. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Бас. ред. Ысқақов. – Алматы, Т. 1 1982. – 509 б.
  4. Юдахин К.К. Киргизско-русский словарь. Фрунзе, Т. І. 1965. – 450 с.
  5. Радлов В.В. Киргизское наречие. – СПб., 1871. – 506 б
  6. Қазақ тілінің сөздігі. – Алматы, 1978. – 506 б.
  7. Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі. Алматы, 1996. –196 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.