Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

І. Жансүгіров поэмаларындағы көнерген сөздердің қолданылу ерекшеліктері

Аннотация: Мақалада І.Жансүгіровтің поэмаларындағы көнерген сөздер қарастырылады. Тарихи шығармаларды жазуда көнерген сөздерді қолданудың маңызы зор. Суреттеліп отырған заманның кейпін көнерген сөздерсіз сипаттау мүмкін де емес. Аталмыш мақалада Ілияс поэмаларындағы көнерген сөздерді қолданудың себептері көрсетіліп, талданған. Поэмалардан терілген мысалдар бірнеше түрге бөлінген. Айтылған пікірлер мен ойлар сол мысалдар арқылы дәлелденіп, оларды қолданудағы ерекшеліктер көрсетілген.

Тілімізде күнделікті пайдаланылып, барша халыққа бірдей түсінікті болатын актив қабаттағы сөздерден басқа көп қолданылмайтын, тіпті кейбіреуі мүлдем ұмытылып, кейінгі ұрпаққа түсініксіз болып қалған пассив қабаттағы сөздер бар. Бұл сөздер бірнеше күн немесе жыл ішінде ғана ескіріп, қолданыстан шыққан жоқ, талай жылдар бойы жалғасқан процесс нәтижесінде болған құбылыс. Тілімізде мұндай сөздерді көнерген сөздер деп атайды.

Көнерген сөздер – қазақ тілінің лексикасында өз орнын тауып, тіл тарихымен, осы тілде сөйлеуші ұлт тарихымен байланысты оқиғаларды сипаттауда, зерттеуде қолданысы аса маңызды болып табылатын атаулар екені белгілі.

Көркем шығармада көнерген сөздер сол қоғамның белгілі бір кезеңдегі тарихи шындығын танытады. Көнерген сөздер автор қолданысында кейіпкер бейнесін, сол ортаны жан-жақты ашуға жұмсалады, өйткені тұтас көркем ой жасау үшін көнерген сөздердің қосатын үлесі зор.

Көнерген сөздер көбіне тарихи шығармаларда негізгі элементтің қызметін атқарады. Сондықтан, ақын Ілиястың өнер тақырыбына арнаған «Күйші», «Құлагер» поэмаларының лексикалық қабаты көнерген сөздерге өте бай. Бірақ бұлардың қолдану жиілігі бірдей емес. Мәселен, хан, қара, төленгіт, шекпен, ішік, мәсі, жендет, би, даяшы, садақ, сұлтан, найза, төре, ноян, жуан, құн, тақсыр, нөкер, шабуыл, жортуыл, жанат, мақпал, манат, алдияр, ханыша, ханзада, қылыш, қазаншы, т.б. көптеген лексиканың пассив қабаты қатарындағы сөздер Ілиястың жоғарыда аталған шығармаларының көркемдік әсерін молайтады.

Ә.Болғанбайұлы Ғ.Қалиевпен бірігіп жазған «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы» атты еңбегінде көнерген сөздерді көнеру сипаты мен тілдегі қолданылу ерекшеліктеріне қарай архаизмдер және историзм деп екі түрге бөледі.

«Архаизмдер халықтың күн көріс тіршілігіне, салт-сана тұрмысына, әдет-ғұрпына, дүниетанымына қарай әр дәуірде өзгеріп, басқаша сөздермен ауысып отырған немесе ескіріп біржола қалып қойған сөздер жатады»[2]

Ғалымдар архаизмдердің 7 түрін атап көрсетеді:

Cоған сүйене отырып, І.Жансүгіровтің өнер тақырыбындағы шығармаларында кездесетін архаизмдерді мынандай топтарға бөлуге болады:

А) мата-кездеме атауларымен байланысты архаизмдер төмендегі жолдардан кездеседі:

Ілініп ханның байлау, матауына, Азат бас айналды оңай ата құлға. Күйшіні ертіп келіп есік ашты, Мақпал бау, манат ойған отауына («Күйші»)

Мұндағы мақпал – жылтыр, түкті, жұмсақ, қалың мата, ал манат – сырткиімдік құнды матаның атауы. Бұл көне маталар сол заманның тұрмысын, дәлірек айтқанда хан ұрпағаның тұрмысындағы құнды заттарды көрсету мақсатында жұмсалып тұр.

Ә) Ілияс Жансүгіровтің поэмаларындағы салт-сана, әдет-ғұрыпқа қатысты архаизмдерді өз ішінен бірнеше топқа бөліп қарауға болады:

Мәселен, келесі шумақтарда кездесетін архаизмдер жаугершілік заманға байланысты қолданылып, кейіннен ескірген:

Ол емес және өзінің малын баққан, Жалшы емес және байдың отын шапқан. Кісіні ат етінен жек көретін,

Дау қуып, арыз айтып, биге шапқан. («Құлагер»)

Ақын лексикасындағы дау қуу, арыз айту және биге шағу тіркестерінің соңғысы тіркес пассив қабатқа еніп, қазіргі кезде алдыңғы екі сыңары ғана қолданылып жүр. Яғни биге шағу – биге шағымдану мағынасын білдіреді. Ал бұл тіркестің архаизмге айналуының себебі – «би» сөзінің ескіріп, біржола қалып қойған сөздердің

қатарына еніп кетуі. Осы жолдардағы архаизмге айналған сөздердің бірі – «жалшы» сөзі. Байдың есігінде жүріп, күнін көретін кедейлерді бір заманда осылай атаған. Бұл сөз толығымен жоғалды деуге де болмайды, себебі қазіргі қоғамда да мұндай адамдар жоқ емес, сондықтан бұл сөзді дәуірі өзгеріп, басқа сөзбен ауыстырылған сөздер қатарына жатқызамыз.

Аулақ тарт, аттың басын Алтайымнан, Келмейтін кедей-серей бақайымнан.

Жала қып, барымтаға бәйгемді ұстап, Жеріңді көріп тұрмын бата айырған! («Құлагер»)

Барымта – жауласқан екі рудың бірінің-бірі мал-мүлкін іштен тартып алып, кек қайтаруы. Өштескен адамынан кек алу, құн төлеу мақсатымен ұйымдастырылатын бұл әрекет көбіне жылқы малын айдап әкетумен іске асырылатын. «18 ғасырдың аяғы мен 19 ғасырдың басында қазақ елі Ресейдің қол астына қарап, отарлық өктемдіктің күшеюіне, дала халқын билеп-төстеудің жаңа әкімш.-құқықтық тетіктері енгізілуіне орай, көптеген әдет-ғұрып қағидалары өзінің бастапқы мән-мағынасын жоғалтты. Әсіресе, құн өтеу амалы — барымта мал ұрлау мен талан-тараж, шапқыншылық ретінде айыпталады»[2]. Уақыт өте келе мағынасынан айырылған сөз мүлдем қолданыстан шықты. Ақын поэмасындағы осы сөздің қолданысы оқиғаның қай дәуірде болғандығын көрсетіп еді. Поэманың «Қара күш» бөлімінде кездесіп отырған «барымта» сөзі тура мағынасында келіп, оқырманның көз алдына ескі заманды елестетеді. Аталмыш сөздің бұл поэмадағы жалпы саны – үшеу.

Мұнымен қатар, поэмада жаугершілік заман кейпін суреттейтін «ел шабу» және «ердің құны» тіркестері де кездеседі. Ел шабу – тыныш жатқан елге шабуыл жасап, қырып-жою деген мағынаны берсе, ердің құны деген тіркес – кісі қолынан өлген азаматтың құны.

Қарғады мұны халық, азарлады, Әркім-ақ тұс-тұсынан бажаңдады. Кесілсін ердің Құны Құлагерге!

Тартатын тоғыз айып сазақ бар-ды! («Құлагер»)

Ақынның үзіндіде Құлагерге адам құны төленсін демей, ердің құны кесілсін деуінің басты себебі – ер адамның құны әйелдердікінен екі есеге артық болған. Құлагер өлімін адам өлімімен теңдестіре отырып, оның бағасын көр-сетеді. Автордың көнерген сөздерді поэмаларында орынды қолдана білуі оның ақындық шеберлігін ғана танытпай, сонымен бірге өз халқының арғы-бергі мәдениеті мен тарихи болмысын терең білетіндігін, аса қадірлейтіндігін де танытады.

Халықтың әдет-ғұрып, сал-дәстүрінен сыр шертетін «жоқтау» сөзі поэманың келесі жолдарында кездеседі:

Жұрт жоқтап қапыда өлген қайран атты, Әр жақта ел бұлбұлы сайрап жатты.

Ішегі домбыраның сыңсып жылап, Әншілер «Құлагерге» бай-байлатты. («Құлагер»)

Жоқтау – қазаға ұшыраған адамның артында қалған жақындарының қайғылы сарынмен айтатын зары, мұң сөзі.

Қатарлап қаладайын үйлерді ылғи, Көше боп көк майсаға тігілген үй. Айтылған қыстай сауын, ұлы дүбір, («Құлагер»)

Сауын айту – ас берумен байланысты күнілгері немесе бір жыл бұрын айтылатын хабар. Жоғарыда аталған ұғымдар қазіргі қоғамда сақталғанымен, дәл бұрынғы кейпінде емес. Мәселен, жоқтау сөзін архаизмдер қатарына жартылай енген сөздердің бірі деуге болады. Ертеректе арнайы ұйқасты текспен, әуенмен айтылатын болса, кейіннен жоқтау айтушылар тек дауыс шығарумен шектелетін болды. Ас берушілер де күнілгері астың өтетіндігі туралы хабар айтса да, мұны «сауын айту» деп атайтындар өте сирек. Сондықтан да бұл ұғымдар лексикамыздың пассив қабатына еніп, көнерген сөздер қатарын толықтыруда.

Ұлттық ойындарға қатысты Ілияс шығармаларынан бәйге, бәйге ат, бәйгеге қосты, бас бәйге, көкпар сөздерін атауға болады.

Сырласты Сері атына шапқан бала, Бәйгені шапқан сайын қаққан бала. Құланын құланында ойнап өскен, Серігі сенімді боп жаққан бала («Құлагер»)

Бәйге – қазақ халқының дәстүрлі ат жарысы. Бәйге ат– бәйгеге қосылатын жүйрік ат. Бәйгеге қосты –атты жарысқа жіберді. Бас бәйге – жарыста берілетін басты сый.

Сарыны қара көкпар лақ қылды, Ұршықтай үйіріне ылақтырды. Екеуі өлерменге жеткен кезде,

«Айыр!» деп, халыққа ояз жұбан қылуы. («Құлагер»)

Көкпар – бауыздаған ту серкені не ешкіні екі жікке бөлініп, ат үстінде тартысатын ұлттық ойын. Кезінде пассив лексика қатарына қосылған бұл сөз, заманымызға сай қайта жанданып, актив лексикаға оралды.

Мен де адам, расында ол дағы адам, Бір-бір қой шешемізді қалжалаған.

«Шығар!» деп дау қараның дікектеуі, Тимейді тікті жеңіл ол да маған. («Құлагер»)

Халықтың бұрынғы өмірі, тұрмыс жағдайы туралы шығарма жазуда автор сол кезгі сөз үлгілеріне, сол уақытқа тән әр түрлі атауларға зер салып, сол өзі суреттеп отырған уақыттың тілімен сөйлетеді. Көркем әдебиет стилінде қолданылатын көне сөздердің мағынасы қазіргі оқушыға, әсіресе жастарға көбінесе түсініксіз болып келеді. Сондай атаулардың бірі қолданыстан шыққан киім-кешек, ыдыс-аяқ атаулары. Поэмаларда сәукеле, шекпен, ішік, саба, саптыаяқ деген көне атаулар кездеседі.

Үй іші сап-сары ала, жапқан зері, Ақ күміс, ауыр тұман, кім зергері? Ұстасы Көкшетаудың күміс шапқан Бақан тұр сырға қылып сәукелені («Күйші»)

Сәукеле – қазақ қыздары ұзату тойында киетін оқалаған сәнді, әшекейлі баскиім. Қазіргі екезде сәукелеге осылай анықтама беріледі, бірақ ертеректе сәукеле қыздардың жиын-тойларда, мерекелерде немесе тағы басқа ерекше саналатын күндері киетін бас киімі болатын. Ал, бүгінгі күні қыздар сәукелені өмірінде бір рет ғана киюі мүмкін. Бұл киімді киюдің себебі өзгергендіктен, атауын да пассив сөзге жатқыза аламыз. Ал, поэмада сәукеленің сол замандағы көп киілетін киімдердің бірі екендігі көрініп тұр.

Ақ отау, асыл бұйым тұмшаланды, Бір үйге жия берген мұнша малды. Қол жетпес қазынаны көрген шақта, Өзінің шекпеніне құсаланды («Күйші»)

Жамылып орман ішік иығына, Күлкі алып қалам қастың қиығына,

Оралтып шайы көйлекті судыратқан, Мәсілер зер тоқытқан жұлығына («Күйші» поэмасы).

Немесе:

Сұрша тал – сұлу қолдың саласындай, Қып-қызыл қайың – қыздың баласындай. Жамылған жанат ішік, мөлдір сұлу, Көзінің Көкше көлі шарасындай («Құлагер»)

Үзінділерде келтіріліп отырған киім атауларының бірі байдың киетін киімін сипаттаса, екіншісі төменгі таптың тұрмыс жағдайын көрсетеді. Мәселен, шекпен – жай ғана иірілген жүннен тоқылып тігілген сырыткиім, ал ішіктің жанаттан, яғни бағалы материалдан тігілгені оның қымбаттығын көрсетеді. Контекстегі жаннат ішік тіркесі Көкшенің көркін сипаттау мағынасында қолданылған. Яғни ақын көнерген сөздерді тек кейіпкерлер мен заманды сипаттау үшін ғана емес, табиғатты сипаттауда да пайдаланғандығын көреміз. Осы арқылы ақын сол заманның ерекшелігін, оқиғаның ертеде болғандығын жан-жақты суреттейді.

Жан-жақтан ағытылды сабаны артып, Түсіріп, дүрілдетіп жүр табақ тартып. Кісіге шыпылдады ақ ордалар,

Қалың ат ер-тұрманы етіп жалт-жұлт. («Құлагер»)

Қаудырап аппақ қудай сақал, шашы, Қалтырап жынданғандай қолы, басы. Сағынай саптыаяққа сиіп өлді,

Тоқпақтай тоқсан төртке жетіп жасы («Құлагер» позмасы).

Аталған ыдыстардың бірі саба – жылқының тұтас терісінен жүнін қырып илеп, ыстап жасалған, қымыз ашытатын сыйымды ыдыс. Ал, саптыаяқ – ағаштан шауып жасалған аяқ, ыдыс. Поэмада саба сөзі бес жерде кездеседі, соның төртеуі тура мағынасында қолданылып ыдыс атауын білдірсе, бесіншісі құрсақ сөзімен тіркесіп, кең құрсақ, үлкен қарын деген мағынада жұмсалып отыр. Бұл ыдыстар қазақ халқының малдан өндіретін сусындарын құю үшін жасалынатын, ал поэмадағы қолданылуының мақсаты сол замандағы хатықтың ұлттық тағамдарын көрсету.

Поэмада әр түрлі ұғымдарға қатысты шабуыл, жортуыл, тақ, дат, құн, құл, күң, тоқал, түскиіз секілді әр түрлі ұғымға қатысты архаизмдер кездеседі. Ақынның осы көнерген сөздерді қолданудағы мақсаты – сол замандағы халықтың тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпын, дәстүрін көрсету.

Көркем әдебиетте архаизмдердің қолданылуының арнайы стильдік ерекшелігі бар. А.Айғабылұлы осыған байланысты үш түрлі мақсатты атап көрсетеді:

«1) Ең біріншісі, автор суреттеп отырған белгілі бір дәуірдің колоритін жасау, анық тарихи шындықты оқырманның көз алдына елестету үшін қолданылады.

2) Архаизмдер автордың көтеріңкі стиль жасау мақсатымен де қазіргі дәуірді суреттеген шығармаларда қолданылуы мүмкін.

3)Кейде архаизмді ирония, сатира, комедия туғызу үшін арнайы тілдік құрал ретінде жұмсайды»p[3]. Біз қарастырып отырған Ілияс шығармаларындағы архаизмдер ғалым көрсетіп

отырған мақсаттардың біріншісіне сәйкес келеді. Себебі, ақын поэмаларында Ақан дәуірінің, Қобызшы Молықбай шал дәуірінің, сонау хан Кене өмір сүрген заманның колоритін жасау мақсатымен жоғарыда аталған архаизмдерді қолданып, тарихи шындықты оқырманның көз алдына елестетеді.

Тарихи сөздер дәуірі өтіп, сол ескі заманның өзімен қоса жоғалған сөздер. Тарихи сөздердің көнеруі тарихи атаулардың құрып бітуімен, біржола жоғалуымен байланысты болады. Көркем әдебиетте тарихи сөздер әлеуметтік тұрмысты ашып суреттеу үшін қажет. Тарихи сөздерді де бірнеше топқа бөлуге болады:

Әкімшілік, ел басқарумен байланысты туған тарихи сөздер: хан, ханыша, сұлтан, ауылнай, т.б.

Әскери атақ пен қару-жараққа қатысты тарихи сөздер: садақ, жақ, жебе, дулыға, т.б.

Кеңес тұсында пайда болған тарихи сөздер: нарком, губком, совдеп, отарба, т.б.

Ілияс поэмаларындағы әкімшілік, ел басқарумен байланысты туған тарихи сөздерді екі топқа бөліп қарауға болады: бірі ақсүйектер мен хан тұқымынан шыққандар, екіншісі төменгі таптың өкілдері.

Қамаудың хан ауылы қыр жағында, Аңқытып ақ орданың бір жағында, Күйші отыр домбыраны дүрілдетіп, Құмар ғып тартқан күйдің ырғағына («Күйші»)

Немесе:

«Тыңдасын домбырамды хан тағында» –

Деп келген сорлы күйші атағына. Айтылып хан жарлығы кете берді,

Қақтығып орданың бір шатағында

(«Күйші» поэмасы)

Үзіндідегі хан сөзіне түсіндірме сөздікте мынандай анықтама беріледі: «феодалдық дәуірдегі кейбір түрік және монғол халықтарында болған ел билеуші шонжар». Хан сол дәуірдегі ең бірінші адам, себебі барлық халық түгелімен сол адамға бағынатын. Келесі лауазым иелері түгелдеq хан тұқымының мүшелері мен ұрпақтары:

Қарашаш ақылы дария, алтын басы, Әйелдің ақ сұңқары, ханзадасы.

Өз басын мың қараға теңгермейтін, Кененің кеңесінде ақылдасы («Күйші»)

Ханзада – арғы заты, шыққан тегі хан тұқымынан тараған ұрпақ.

«Дат!» деді ханның өжет Қарашашы, Немере, хан Кененің қарындасы.

«Ханыша, не датың бар?» деді Кене, Аңырап тұрып қалды айналасы («Күйші»)

Ханыша – хан тұқымынан шыққан әйел жынысты адам, ханның қызы, ханның қарындасы. Поэмада осы сөзге синонимдес ханшайым деген лауазым кездеседі.

Аман ел аумай жатқан қонысында, Жетеді мен-мендікке сонысы да.

Қарада өркөкірек болмай ма екен? Төрені теңгермейтін қонышына? («Күйші»)

Төре – көне. Қазақ қауымындағы үстемдік еткен ақсүйек.

Сонымен қатар, хан тұқымына қатысы жоқ, бірақ архаизмге айналған жоғарғы лауазым иелерінің де атаулары кездеседі:

Ақ отау іші-сырты зер кестелі, Бір тозаң тимегендей ел көшкелі.

Қазына – жібек, жанат, алтын, күміс, Не патша, не хандардың берместері («Күйші»)

Немесе:

Арманды ел ақ патшаға арыз қылған, Арыздан борыш басып, қарыз қуған. Жер мұның, елдің шерін өлең қылып, Ақан да жанның бірі жаны ауырған («Құлагер»)

Патша – революцияға дейінгі Ресей монархының титулы.

Тұрмаймын құса болып бұл қылыққа! Итшілік, жігітшілік, тырқылыққа. Сұлтанның сүйегіне лайық па, Ханзада қалай шыдар бұл қорлыққа? («Күйші»)

Сұлтан – шығыс елдеріндегі жергілікті билеушілердің лауазымы.

Сол үшін тау пәлені басына үйген, Тартқан ол тауқыметті болыс, биден. Соқпадым онысына осы арада,

Бар ма деп жолдастарым жазып жүрген…

(«Күйші»)

Болыс – бұрынғы кездегі аумақтық-әкімшілік бір болыс елдің әкімі, басқарушысы.

Ақбоз ат жалт-жұлт басып келді көпке, Ханыша тұрды сөйлеп би мен бекке:

«Баласы Ұлыжүздің разымын, Түспедің бірің ара бұл тентекке! («Күйші»)

Бек(тар) феодалдық қоғамдағы үстем тап өкілі, рубасы, ел билеушісі.

Нән, ноян, жуан, жүйрік, саңлақ ылғи Жиналды Әлімқұлға Датқа мен би.

Үйсіннің өңшең құсы ұшып жетті –

Тау бүркіт, күшігендер, мықи, қырғи.

(«Күйші»)

Жуан – үстем тап өкілдері: бай, би, төре.

Сіресті сезге қарай сірі садақ, Асынды ақ алмастар алтын сағақ. Тұр датқа, төбеге шық, тұрғанын көр Аулыңа зеңбіректің аузы қарап

(«Күйші»)

Датқа(тарихи сөз) – Қоқан мен Бұқар хандықтарындағы полковник дәрежесіне тең жоғары лауазым.

Аталмыш лауазымдардан басқа төменгі тап қатарындағыларды мына шумақтардан кездестіруге болады:

Қоршаған хан қасында қошеметші, Даяшы, төлеңгіті, би, жендеті.

Ауылы Бақанастың өлкесінде, Арқадан Алатуға ауған беті («Күйші»)

Даяшы – қожайынның жарлығын орындап отыратын басыбайлы қызметші.

Жендет өлім жазасын орындаушы, баскесер.

Кене хан разы болып қылған сыйға, Білдірді разылығын Әлімқұлға.

Қарашаш нөкерімен, күйшісімен Сауықтап салтанатпен қайтты ауылға. («Күйші»)

Нөкер – хан мен бек, сұлтандардың қасында жүретін қызметшісі, серігі.

Көңілден керуендеп күй көшкендей, Әркімніңөз көңілімен тілдескендей. Батыр да, хан да, қыз да, қазаншы да – Бәрі бір домбыраға мінгескендей. («Күйші»)

Қазаншы – қоста қалып тамақ әзірлейтін адам.

Берілген архаизмдермен қатар поэмаларда тақсыр, алдияр атаулары мәртебесі жоғары хан, төрелер мен сұлтандарға жалыну, құлдық ету мақсатында қолданылған.

Қару-жарақ атаулары да сол заманда қажеттілік болған. Аталмыш өмірді жан-жақты қамтыған Ілияс поэмаларында қарудың бірнеше түрінің атауы кездеседі:

Келелі кеңестер не? Ақ найза не?

Не тоқтау толқып жатқан айдын көлге? Көтерген Абылайлап ала жалау, Шақыртқы ту бола ма тозған елге?...

(«Күйші»)

Найза – ұшын темірден істіктеп жасаған ұзын сапты ескі соғыс құралы, сүңгі.

Ат сайлап, қылыш қайрап сарбаз ерлер, Зеңбірек атанға артқан найзагерлер

Жарқылдап сыбызғылы күй тартқандай, Алатау берік қорған, жұмақ жерлер. («Күйші»)

Қылыш – болаттан істелген, өткір жүзді қару.

Сарбаздар саңлақ мінген, шоғырланған, Жасақтар жалаң қаққан жауға арналған. Семсерлі сері, талай найзагерлер, Болаттар тас тілуге ожарланған. («Күйші»)

Сарбаз – жасақшы қол; әскер, жауынгер.

Семсер – болаттан істелген екіжүзді өткір қару.

Найзагер – найзашы, найза өнеріне шебер.

Тізіліп сапқа тұрған сірі садақ,

Ақ сары алдаспандар жалақ-жалақ. Сықылды Ержан, Науан ерлер де жүр, Мұз балақ, қаңтардағы қырау қабақ. («Күйші»)

Садақ – ағаштан иіп жасалған соғыс құралы, жақ.

Алдаспан – сабында көлденең салынған болат қалқасы бар семсер.

Өмірде солардайын қорлық тартқан, Сұм заман өткір жанды қор қып баққан. Жаралап ер жүрегін жау қанжары, Ысқырып жылан өмір жанын шаққан («Құлагер»)

Қанжар – белге байлап жүретін, қос жүзді үлкен пышақ(қару).

Қорыта келгенде, тарихты арқау еткен бұл шығармалар – халқымыздың өткенінің айнасы. Сондықтан ертедегі халық өмірі мен олардың әрекеттерін, сөздері мен әдет-ғұрыптарын, салты мен дәстүрін, пайдаланған заттарын мен киген киімдерін тарихи атаулар мен архаизмдерді қолданбай жеткізу мүмкін емес. Ақынның тарихтағы парақ беттерін көркем түрде ұрпаққа толықтай жеткізіп, өз мақсатына жеткеніне куә болғандаймыз.

 

Әдебиеттер:

  1. Болғанбайұлы Ә. Қалиұлы Қ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. – Алматы, 1997. – 153 б.
  2. Дауленова С. Барымта и ее ликвидация в первые годы Советской власти в Казахстане. Проблемы казахского обычного права. – А, 1984.
  3. А. Айғабылұлы. Қазақ тілінің лексикологиясы. – А, 2007. – 66 б.
  4. Жансүгіров І. Бес томдық шығармалар жинағы, екінші том. – Алматы, 1987. – 341 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.