Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақ және монғол тілдеріндегі есімдерден зат есім тудыратын жұрнақтар

Зат есім аффиксациясының тарихын салыстыра талдауда аталмыш екі топқа бөліп қарастыру салтқа айналса да, аффикстер тарихына көз жүгірткенде олардың кейбіреулері тілдердің даму барысында есімнен де, етістіктен де зат есім жасайтындығын байқаймыз.

Есімдерден зат есім жасайтын қазақ тіліндегі ең өнімді жұрнақтың біреуі -шы, -ші. А.Ысқақов -шы, -ші жұрнағы арқылы жасалатын төмендегідей зат есім мағыналарын ұсынады:

    1. Кәсіп иелерінің я мамандықтардың атауларын, белгілі бір кәсіппен шұғылданатын адамды білдіреді. Мысалы: қой-шы, тіл-ші, әдебиет-ші, тарих-шы т.б.
    2. Адамның белгілі бір дағдыға айналған іс-әрекеті мен қабілет-қасиеттерінің аттарын білдіреді. Мысалы: аңду-шы, бастау-шы, барлау-шы, тергеу-ші т.б.
    3. Қоғамдық ағымды я көзқарасты (идеяны) жақтаушының және белгілі бір ұйымға қатысушының атын білдіреді. Мысалы: спортшы, жақаев-шы, иванов-шы т.б.[1].

Монғол тілінде қазақ тіліндегі -шы, -ші жұрнағына тұлғалас, әрі мазмұндас -ч / -чин жұрнақтары бар. Монғол тіліндегі бұл жұрнақтар да белгілі бір кәсіппен шұғылданатын адамды білдіреді. Мысалы: зураг-ч (суретші), жолооч (шофер), тэмээ-ч (түйеші), хонь-чин (қойшы), загас-чин (балықшы), мал-чин (мал-шы), тариачин (егінші), тэмээ-чин (түйеші), үхэр-чин (сиыршы), урхи-ч (тұзақшы), эл-чин (елші), эм-ч дом-ч (емші домшы) т.б.

Дағдыға айналған іс-әрекет пен қабілетқасиеттерді де атап білдіретін сөздер кездеседі. Мысалы: үүсгэг-ч (бастаушы), туршуул-ч (барлаушы), баицааг-ч (тергеуші).

Алтай тілдеріндегі «-шы / -ші»-ге мағыналас жұрнақтардың тек аздаған фонетикалық ерекшеліктері ғана болмаса, көне түркі жазба ескерткіш тіліндегі -чы / -чі жұрнақтарынан айырмашылықтары соншама айтарлықтай дәрежеде емес.

«Монғолдың құпия шежіресінде» мынадай жыр жолдары кезігеді:

Темүчин аид аа! (Темужин, достым!)

Ууланд шахан бууя, (Тауға қарай барайық,)

Адуучинд гэр болтугай! (Жылқышыдан үй болады!)

Голд шахан бууя (Өзенге қарай барайық,)

Хоньчинхургачин нарт (Қойшы-қозышы-дан)

Хоол болтугай! (Тамақ болады!)

Адуу-чин (жылқышы), хонь-чин (қойшы), хурга-чин (қозышы) сөздеріндегі -чин жұрнағы қазіргі монғол тілінде де өте өнімді жұрнақ. Мысалы: ав-чин (аңшы), агнуур-чин (аңшы), айлчин (қонақ), айраг-чин (қымызшы), жуул-чин (жолаушы), шагаа-чин (асық қағушы), оедол-чин (тігінші).

Ал бурят тілінде -шан формасы қолданылады. Мысалы: хүдэлмэри-шэн (жұмысшы), түлхүүр-шэн (кілтші), загаһ-шан (балықшы). Қазақ тілінде кездесетін -шын жұрнағы өнімсіз. Әрі мағынасы да басқаша. Бұл жұрнақ арқылы жасалған құлақ-шын, буыр-шын сөздері ғана кездеседі. Мысалы:

Буыршынның бұта шайнар азуы, Бидайықтың көл шайқаған жалғызы [2; 28].

Мұндағы буыршын төрт жастағы еркек түйенің атауы. Буыр «бурыл» сөзімен түбірлес, яғни түбірі «бур». Түркі тілдеріндегі «боз» сөзі бұрын «бор» мағынасында қолданылған. Тақтаға жазу жазатын ақ балшықты да «бор» дейміз. Мұнда конверсиялық сөзжасам тәсілі қолданылған. Ал монғол тілінде сұрғылт түсті «борогчин» дейді. Олай болса, «буыршын» сөзі

«бор» түбіріне -шын жұрнағы қосылу арқылы жасалған.

«-шын» жұрнағы туралы нақты болжам айту қиын. Дегенмен де -сын/-сін жұрнағының (бұл да өнімсіз) нұсқасы болуы мүмкін. Қазақ тілінде су-сын, қауыр-сын, самыр-сын сөздері бар.

«Самырсын» сөзін біз бүтін тұлға ретінде қарастырып жүрміз. Оның түбірі «самыр» монғол тілінде «самар» түрінде кездеседі, мағынасы – жаңғақ. Ал «самырсын» сөзі монғол тілінде «нарс» деп аталады.

Тіліміздегі ең өнімді жұрнақтың бірі – «лық / лік, -дық / -дік, -тық / -тік». Аталмыш жұрнақ қазақ тілінде нақтылы лексикалық мағыналы есімдерден абстракт ұғымды атау сөздер туғызады. Мысалы: ер-лік, бала-лық, батыл-дық, өткір-лік, көрім-дік т.б.

Монғол тіліндегі -лаг / -лэг, лог / лөг жұрнағы да тура осындай қызмет атқарады. Мысалы: Хөрөнгөлөг (дәулеттілік), нийгэмлэг (қоғамдастық), сэлэг (сыйлық), бөмбөлөг (доңғалақ, дөңгелек, домалақ), бөмбөлөг боордог (домалақ бауырсақ), мөшголөг (бұрмалаушылық, қудалаушылық, жалақорлық), хөвонлөг (үпілдек, биязы), хөлөглөг (жүрдек).

Және әр алуан мекендік, мезгілдік мағыналарды білдіретін есімдер екі тілде де осы жұрнақ арқылы жасалады. Мысалы: айлық, шабындық, егіндік; үдэшлэг (кештік), өглөөлөг (таңертеңгілік) т.б.

«-лығ» жұрнағы көне түркі тілінде де жиі қолданылған: ат-лығ (атты), баш-лығ (бастық), ердем-ліг (қуаттылық).

Қазақ тілінің академиялық сөзжасамында

«-лық» жұрнағы арқылы жасалатын он шақты мағына берілген. Мұның өзі тіліміздегі «-лық» жұрнағының аса өнімді екендігін білдіреді. «лық» жұрнағы тек зат есімнен ғана емес, сын есімнен де, сан есімнен де зат есім тудырады. «лық» жұрнағы туа түбірге қарағанда, туынды түбірге аз жалғанады. Мысалы: көшірмелі-лік, тыңшы-лық, жыршы-лық, жырау-лық, зерттеуші-лік т.б.

«-лық» қосымшасы арқылы сын есімнен зат есімнің жасалуын монғол тілінде сирек кездестіру қиынға соқты. Дегенмен, мына мысалдарды келтіруге болатынына күмән жоқ: сэдлэг (жаңалық), үзлэг (балгерліқ, сәуегейлік), баатарлаг (батырлық, ерлік), баялаг (байлық), тослог (майлық), онцлог (ерекшелік, өзгешелік, айрықшалық), урлаг (шеберлік, іскерлік).

Бұл жұрнақтың үстеуге қосылып зат есім жасауы монғол тілінде өте өнімді тәсіл. Мысалы: үдэш-лэг (түстік), өглөө-лөг (таңертеңгілік) т.б.

«Монғолдардың құпия шежіресінде»:

«Үдэш нар шингэснший хойио оготор хонгор мориндоо тавагнуудыг дааж ядтал ачиж явгал хөтөл ирэв» (Түстерде жаудың солтүстігінде келте құла атқа аяқты әрең артып, атқосшы болып келдік) деген сөйлемдегі «үдэш» сөзінің түбірі «үд» түс мезгілін білдіреді.

«Үд» сөзінен мынандай сөздер туындайды: үд-лүүлэх – (1. түстендіру (дамылдату); 2. түскі үзіліске шығу; 3. түскі қой келтіру), үд-лэг – шығарып салу (қонақты), үд-лэл – шығару, үдлэх – түстену, үд-үүлех – шығарып салдыру, үдэш – кеш, үд-эшлэг – кештік.

Ал қазақ тілінде уақытпен байланысты үде, үдемелі, үдеру, үдерілу, үдемелі, үдету, үдеу сөздері кезігеді.

«Үдеу» сөзінің аудармасы монғол тілінде

үгдлүүлэх, үгдлэх сөздерімен беріледі. Және

«үгд» түбірінен тараған үгдрүүлэх (асқындыру, үдету), үгдрэх (асқыну, күшею), үгдрээх (ұлғайту) сөздері бар.

«Үгд» түбіріндегі «г» дауыссызының түркі

тілдерінде абсорбциялануы жиі кездеседі. Мысалы: бігіз – біз, еге – ие, егер – ер.

Қазақ тіліндегі «үдере» сөзі де «тез» деген мағынаны береді. Қазақ тіліндегі сөз аяғында ұяң дауыссыздың қатаң дыбысталуын ескерсек, түбірді «үт» деп алуға болады [3;296].

Ө ~ ү сәйкестілігін ескерсек, «өт» деп те дыбыстай аламыз. Ал «өт» түбірінен тараған, өту (үдлэг (шығарып салу) салыстырыңыз), өткінші, өткізу (үд-эш (кеш) салыстырыңыз), өтілу, өтімді (тез сатылады) сөздерін айтуға болады.

Бұл мысалдардан анығы, «үд» өлі түбірлердің қатарынан орын табады. Ал «үд», «өт»,

«үт» түбірінің осыншама туынды сөз жасауы конверсиялық тәсілдің нәтижесі.

Қазақ тіліндегі -лақ / -лек, -тақ / -тек, -дақ

/ -дек жұрнақтары тұлғалық қызметі жағынан «-лық» жұрнағымен сәйкес.

Бұл жұрнақтар арқылы мойын-тақ, бауырын-тақ, жаурын-тақ сияқты сөздердің туатындығы айтылған [4; 123]. Біздіңше, бұл сөздер – біріккен сөздер. Дене мүшесіне етістік қосылып жаңа сөз туындап тұр. Баурынтақты бауырға тақса, жаурынтақты жаурынға, мойынтақты мойынға тағылады.

Тай-лақ, бор-дақ, мұз-дақ сөздерін синтетикалық тәсіл арқылы жасалды деуге болады. Монғол тілінде тайлақ – тором, бордақ – бодоо, мұздақ – мөлүүн.

«-лық / -лік» жұрнағы бурят тілдерінде «лиг» түрінде де кезігеді. Мысалы, тэр-лиг (халат), зар-лиг (жарлық), баатар-лиг (батырлық). Ал көне түркі тілінен «-лағ» жұрнағын кездестіреміз. Мысалы: кыш-лағ.

А.Есенқұлов «-лағ» жұрнағын «-ла» мен «к / -г»-нің қосындысы ретінде таниды. Бұл жұрнақ басқа да түркі тілдерінде кездеседі.

Азербайжан тілінде: буз-лағ, дуз-лағ, от-лағ;

Өзбек тілінде: құн-дақ.

М.Қашқари сөздігінде ав-лағ, ағ-лағ, қышлағ сөздері бар.

Тілімізде «-шылық / -шілік» құранды жұрнағы бар. «-шылық / -шілік» жұрнағы тілімізде бертін пайда болған. Бұл жұрнақ зат есімнен де, сын есімнен де туынды зат есім жасайды. Мысалы: жұрт-шылық, шығарма-шылық, қазақшылық, күң-шілік, тоқ-шылық, бар-шылық, аңшылық, егін-шілік, терім-шілік, т.б. Алайда «шы» және «-лық» жұрнақтарының бұлай бүтінделіп кездесуін монғол тілінен кездестіре алмадық.

Монғол тілінде зат есім тудырушы өнімді саналатын «-вч» жұрнағы бар. Қазіргі қазақ тілінде дәл бұл тұлғада жұрнақ жоқ.

«Монғолдың құпия шежіресінде» бұл жұрнақ мынадай тұста кезігеді:

Харвах суманд (Атылған оққа) Халхавч болсон (Қалқан болған,) Сурхирак суманд (Суылдаған оққа) Саравч болсон. (Қалқа болған.)

«-вч» жұрнағы қазақ тілінде зат есім тудырушы жұрнақ түрінде әр түрлі тұлғада келеді. Мысалы: 1) хаяавч (іргешік, ірге жапқыш), 2) хаяавч (ұпайшы, ұпай есепші), хоолоивч (көкірекше, алқымдық, иекше), хулгавч (құлақшын, құлақ жапқыш), магнаивч (маңдайша, төбелдірік), сугавч (қолтықша).

Ал бурят тілінде «-бша» түрінде кездеседі. Кейде «-бша» кішірейту мән үстейді. Қазақ тіліндегі кішірейту мәнін үстейтін «-ша / -ше» жұрнағы да кей жағдайда сөз тудырады. Мысалы: хан-ша, тамыр-ша, жүрек-ше, бөлім-ше, белдем-ше, т.б.

«-хан» жұрнағы монғол тілінде сөз тудырушы да қызмет атқарады. Мысалы: хүү – хүүхэн (бала – қыз бала), идэр – идэрхэн (жас – жас балғын).

Бұл жұрнақ қазіргі қазақ тіліндегі «-қан / кен» зат есімнің рең мәнін тудырушы, кішірейту мәнідегі жұрнақпен сәйкес келеді. Мысалы: қоша-қан, бота-қан, бала-қан, бұзау-қан.

Ал «қошақан» сөзінің түбірі «қоша» кейбір түркі тілдерінде «кошқар» мағынасын береді: әзірбайжан тілінде «точ», түрік тілінде «коч», хакас тілінде «хуча». Оған жалғанған жұрнақ тек кішірейту мәнін үстейді.

Бұл жұрнақты өз еңбегінде ғалым Ш.Сарыбаев та жан-жақты талдады [5; 60-61 ].

«Қобыланды батыр» жырында мынандай шумақтар кездеседі:

Алтыннан бесік ойдырып, Ақ торғынға бөлеген,

Өлгенде көрген көбеген... [6;95].

Осында кездесетін «көбеген» сөзінің этимологиясын жасаған Ш.Сарыбаев бұл сөздің түбірі «көбе(к)» болу керек дейді.

Көбе / көбей / көпе / кепе деп қазақ тілінің әр жерінде ерте туған қозыны, не басқа малдың төлін айтатынын қөрсетеді, ал «-ген» кішірейткіш мағына беретін -қан / -кен, -қана / -кене (кіш-кене) жұрнағының өзгерген түрі деп танытады. Сонымен қатар бұл зерттеуші қазақ тіліндегі «-қай» жұрнағын да талдайды.

Қазақ тілінде өнімсіз саналатын «-қай» жұрнағы арқылы «бала-қай» сөзі жасалады. Ал монғол тілдеріндегі «-хай» өнімдірек. Мысалы: шувуу – шувуухай (құс – құсша), дүү – дүүхэй (бауыр – бауыртай), хүбүү – хүбүүхэй (бала – балақай), алцан – алцанхай (алшақ – алшаңқы).

Қазақ тілінде кішірейткіш мағынада жұмсалатын «-шақ / -шек» монғол тілдерінде «-цаг, цэг, -цог,-цөг» түрінде, ал «-дай / -дей, -тай / тей», «-тай / -дэй» түрінде беріледі. Мысалы: тагал – тагалцаг (бақай – бақайшық), хуурцаг (қобдиша, абдыраша, қобдишық, абдырашық), хявцаг (қыпшақ), янгирцаг (ыңыршақ, сиыр не жылқыға тоқитын жүк артуға арналған ершік), буурцаг (бұршақ)

Бұл жұрнақтардың қазақ тілінде «-ша, ше» түрінде де келе береді: Мысалы: хөх – хөхдэй (көк – көкетай, самұрықша, самұрық тәрізді, жүні бес түрлі түспен құбылып тұратын көкшіл құс), хайрцаг (қобдиша).

Монғол тіліндегі мұндай жұрнақтар арқылы жасалған сөздердің кейбірін қазақ тілінде жұрнақ түрінде келтіре алмаймыз, дегенмен қос сөз түрінде түсінуге болады. Мысалы: намбаанацаг (көр-жер, ұсақ-түйек, анау-мынау), ялиатай (ұсақ-түйек, бәкін-шүкін, уақ-түйек нәрселер).

ағын (нөсер), йығ-ын (жиын), екін, тугун (түйін).

Монғол тілдеріндегі «-нцар (-нцэр, -нцор, нцөр)» жұрнақтар «зээнцэр», «гучинцар» сияқты туыстық атауларды туғызады. Бұған қарағанда қазақтағы «жиеншар» сөзінің құрамындағы «шар»-ды жұрнақ деп топшылауға болады. Мысалы: бүлэнцэр (бөлешар, бөленің бөлесі, екі бөледен туғандар), зээнцэр (жиеншар, жиен туыс), жич (шөбере, немереден туған бала) – жичинцэр (шөпшек, әкеге өзінен кейінгі төртінші бала, яғни бала, немере, шөбере, шөпшек), гучинцар (шөпшекшар, шөпшектен туған қыз).

Жұрнақтарды тек есім сөздерден, я болмаса, тек етістіктен зат есім тудырады деп айыру қиын. Қазақ және монғол тілдеріндегі зат есім тудырушы жұрнақтардың мұндай өнімділік қасиетіне есімдерден зат есімдерді тудыратын қосымшаларды қарастыру арқылы көз жеткіздік. Қазірге дейін салыстырған деректеріміздің өзі екі тілдің туыстығына дау тудырмайды, оны айқындай түседі.

Монғол тілдерінде «-ж / -жин» жұрнағы зат есімге қосылып, малдың ұрғашылығын көрсетеді. Мысалы: гуна гунж, дөнө дөнж. Қазақ тілінде де құн(ан) + жын, дөн(ен) + жін сөздері бар.

Көне түркі тілінде «-м, -ым, -ім, -ум, -үм» жұрнағы кездеседі. Мысалы: кед + ім = киім«м, -ым, -ім, -ум, -үм, -ем» (ақым, сағым, атым) түрінде берілген. «-ым, -ім» жұрнағының зат есімге қосылып, туынды зат есім жасауы сирек. Тек қайыр-ым, мейір-ім, қар-ым сөздерін атауға болады. Монғол тілдерінде де «-м» жұрнағы есім сөздерден санаулы сөз ғана тудырады. Мысалы: улам (ақыл), хадам (қайын).

«-н» жұрнағы монғол тілдерінде сирек болса да, зат есім тудырады. Мысалы: сааль – саалийн (сау – сауын), салхи – салхин (жел – боран), бөөн=бөөм (жиын), дүгнэлт (түйін).

Бұл жұрнақ Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінде есімге де, етістікке де жалғанып, зат есім тудырады. Мысалы: келіп, болуп, ақуп. М.Қашқари сөздігінде бұл жұрнақтың «-н, -ын, ін, -ун, -үн» варианттары ұшырасады. Мысалы:

 

 

  1. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. –Алматы, 1974.-408б.
  2. Бес ғасыр жырлайды: Екі томдық. -Алматы:Жазушы, 1989. -384б.
  3. Кайдаров А.Т. Структура односложных корней и основ в казахском языке. -Алма-Ата, 1986.
  4. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. -Алматы: Рауан, 1998.-340б.
  5. Сарыбаев Ш.Ш. К вопросу о монгольско-казахских языковых связях // Қазақ тілі тарихи диалектологиясы мәселелері. -Алматы, 1980.-Б. 34-71.
  6. Төрт батыр.-Алматы: Жалын, 1990.-216б.
  7. Базылхан Б. Монғол-казах толь. -Өлгий, 1984.-886б.
  8. Қашқари М. Түркі тілінің сөздігі. 3 т. (Қазақ тіліне аударған: А. Егеубаев). -Алматы: Жалын, 1997.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.