Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ауа-райы болжамы – телевизия саласының ерекше жанры

Халқымыз табиғат тылсым құпиясын ерте заманнан-ақ түсініп, оны өзінің тұрмыстіршілігіне арқау етіп, қолдана да білген. Солардың бірі – халықтың ауа-райын болжау тəсілдері еді. Қысы-жазы далалық өмірде тіршілік еткен халқымыз өздері тұрған өлкенің табиғи ерекшелігі мен құпиясын терең білгені сондай, айсыз түнде жұлдызға қарап жол тауып, көз аштырмас боранда жердің шөбіне қарап ел тауып, құс, жан-жануар, құрт-құмырсқа тіршілігіне зер салып ауа-райын күні бұрын болжап, ерте қам жасап отырған.

Заман өзгерген сайын, халық сұранысы да өзгереді. Бұрыңғы кездерде адамдар табиғат құбылыстарына қарап ауа-райын өздері болжайтын еді. Қазіргі заман жаңа технологиялар заманы. Көптеген жаңа өлшеу, тексеру құралдары пайда болғалы, ауа-райын болжау осындай құралдар негізінде жүзеге асады. Ал алынған ақпаратты халыққа тез арада жеткізу үшін бұқаралық ақпарат құралдарының орны ерекше. Ауа-райы болжамы телевизия саласының ерекше жанры болып табылады. Мені ауа-райы болжамының жанры, телекөрсетілімдерінің ерекшеліктері ғана қызықтырған жоқ, өзімнің ғылыми зерттеу жұмысымда ауа-райы болжамының мəтіндерін үш тілде салыстырамын. Сөздік қорын анықтап, ауа-райы болжамының қазақ, ағылшын жəне орыс тілдеріндегі терминологиясын бір жүйеге келтіру деген мақсатты көздеп отырмын.

БАҚ күнделікті өмірде ауа-райы болжамы туралы толық мəлімет береді. Халықтың назары нақты қысқа мерзімді жəне ұзақ мерзімді ауарайы болжамдарына түседі. Қазіргі таңда ауарайы болжамы тақырыбы кеңінен тараған. Ал ақпаратты кез келген жерден табуға болады: интернеттен, тіпті ауа-райына арналған арнайы сайттар да аз емес. Күтілетін ауа температурасы кесте ретінде, циклон ауысыуы сызбалар түрінде, жел жылдамдығы жəне басқа да нақты мəліметтер беріледі. Алайда ешқандай сурет те, сызба да, кесте де тіл байлығын көрсете алмайды.

«Тілден биік асқар жоқ, тілден асқан байлық жоқ, тілден терең теңіз жоқ», – деді Ғабит Мүсірепов. Тіл – тек адамға ғана тəн, аса құдіретті құрал. Сондықтан, тілді қадірлеудің, əрбір сөздің мағынасын, мəнін ұғып, оны орынды пайдалана білудің мəні зор.

Ауа-райын болжау – ауа-райын алдын ала ғылым негізінде анықтау. Алдымен синоптикалық процестер ауа массалары, антициклон, атмосфера шебі т.б анықталады, соның негізінде метеорологиялық өлшемдердің таралуы жəне атмосфералық құбылыстар жауын-шашын, тұман, боран т.б болжанады. Уақыт ұзақтығына байланысты ауа-райы болжамы өте қысқа, қысқа 1-2 тəулікке, орта 3-10 тəулікке жасалады [1, 539 б.].

Қазақ тілі білімінде теледидар тілін зерттеуге əлі де аз көңіл бөлініп келеді. Бұл тақырыпты қарастыруға арналған арнайы, жүйелі теориялық еңбектер де аз. Қазақ тілінде теледидарға қатысты берілген мақалалардың көпшілігі тіл тазалығына байланысты. Қазақ тілінде теледидар тілінің стиліне, тіл тазалығына, тіл нормаларын сақтау ерекшеліктеріне байланысты мəселелері Р. Сыздықова, М. Серғалиев, Ш. Құрманбайұлы, Н. Уəлиев, Б. Омарұлы, Г. Смағұлова сынды ғылымдар мен қоғам қайраткерлері ғылыми мақалаларында арқау етеді.

Теледидар табиғатын зерттеу қызықты да күрделі мəселе. Себебі оның құрылымы əртүрлі жанрларды қамтиды. Əдебиеттану ғылымы бойынша «жанр – шығармалардың жеке түрлері, көркем əдебиет салалары» деген анықтама беріліп, əдебиетте «орныққан жүйе бойынша эпостық жанр, лирикалық жанр жəне драмалық жанр» бар екендігін көрсетеді. [2, 752 б.] Тілтануда, лингвистикада қолданылатын жанр термині функционалдық стильдердің, соның ішінде, əсіресе газет-публицистикалық, теледидар, радио стильдерінің ішкі шағын стильдерін ажырату үшін қолданылады. Ауа-райы болжамы – телевизия саласының ерекше жанры ретінде қарастырылады. Телевизия үшін жанр құрылымы үлкен практикалық мағынаға ие, бірақ қазір көбінесе теориялық тұрғыдан зерттелінеді. Телевизиядағы кез келген бағдарламаны белгілі бір жанрға жатқызу нақты практикалық мағынаны құрайды.

Телевизия жанрларының топтастырылуы туралы жарты ғасыр бұрын Р.А. Борецкий «Информационные жанры телевидения» атты еңбегінде жазды. Телевизия жанрларының қазіргі типологиясы бірнеше деңгейді құрайды. Олардың тек екеуі ғана негізгі болып табылады: ақпараттық жəне публицистикалық. Айта кетерлік жайт, публицистикалық жанрға қарағанда ақпараттық жанр əлі де зерттеулерді қажет етеді. Кадр ішіндегі ақпараттық көрсеткіш (түсіндірмелер, репортаж, сұхбат, əңгімелесу, пікірталас, баспасөз жиындары); көркем очерк, деректі фильм, видеофильм. Кез келген көрсетілім, яғни оқылатын немесе айтылатын мəтін алты сипатқа ие болу керек. Осы ерекшіліктерді ескере отыра телетуынды құрылымдық мəн-мағынасын жоғалтпау керек. Оларға:

  • автор бекітуы;
  • бағыттылық;
  • сұраныс;
  • автордың қолданылатын стилі;
  • жанр түрі;
  • шығу мерзімі жатады [3, 17 б.].

Телевизия саласында ауа-райы болжамы ақпараттық жанрға жатады жəне ақпараттық бағдарламалардың қызметі мен міндетін атқарады. Ақпараттық бағдарламалардың қоғамдық мəні өте зор. Ол халыққа қызмет етеді, яғни халық қажеттілігін өтейді. Елімізде, таяу шет ел, шет елдерде болып жатқан саяси, əлеуметтік, мəдени жаңалықтар легін күнделікті жеткізіп отыру – теледидар, басылым, радионың тікелей қызметі. Мұның ішінде, əсіресе, телеарнада берілетін ақпараттық бағдарламалардың орны ерекше. Ол халыққа аудиалды, визуалды тұрғыда əсер етеді. Ақпарат жеткізудің негізгі құралы теледидардың маңыздылығы жөнінде ғалымдардың өзіндік көзқарастары бар. Мысалы, орыс ғалымы В.В. Егоров: «Теледидар дегеніміз – бұл тек бейне мен дыбыс жеткізудің техникалық тəсілі ғана емес, ол сонымен қатар бағдарлама жасау барысындағы өзіндік талаптары мен оларды адамның түйсінуіне қатысты психологиялық əсер етуінің заңдылықтары бар ақпарат жеткізудің ерекше саласы», – десе [4 , 196 б.],

А. Юровский: «Басқа ақпарат құралдары, басқа өнер түрлері немесе публицистикамен салыстырғанда теледидар басым жағдайда адамға қоғамның, халықтың рухани тұрмысымен тыныс алуына, басқа адамдармен етене араласып, олардың ойы, іс-əрекеті, мақсаты мен арманы туралы білуіне мол мүмкіндік береді. Міне, оның қоғамдық мəні де осында. Кез келген өнер салалары сияқты теледидар саласы да қоғамның қызығушылығынан, оның қоғамдық қызметінен тыс өмір сүре алмайды», – деп жазды [5 , 118 б.].

Қоғамдық өзгерістерге байланысты тілімізде туған жаңа сөздер, жаңа ұғымдарды қазір толық түсініп білу мүмкін емес. Адам өміріне енген жаңа ұғымдар халық ұғымында толық ізін қалдырып, айқын бейнеленіп бірден сіңісіп кете қоймайды. Осы жағдайларда да ұғымға қойылатын ат кездейсоқ болмайтыны белгілі. Көбінде тіпті бір ұғым бірнеше атпен де аталып жүреді. Терминдік лексиканы қалыптастыруда сол дəуір баспасөзінің орны ерекше. Өйткені қандай да болмасын жаңалық алдымен баспасөз, радио, теледидар арқылы жарияланады. Мерзімді баспасөз сол қоғамдағы əлеуметтік саяси, ресми қаулы-қарарларды өз беттерімен жариялап тұратын ақпараттар ағыны. Осы мəселе тұрғысы нан Б.Қ. Момынова: «Қазіргі кездегі өркендеп дамыған бұқаралық ақпарат құралдары оқылатын (визуалды) мерзімді басылымдар, тыңдалатын (аудиалды-радио), аудио-визуалды-теледидар, деректі кино болып үш түрге бөлінеді. Бұлардың коммуникативті құрылымдарындағы кейбір айырмашылықтар болмаса, атқаратын қызметтері ұқсас», – дейді [6, 267 б.].

Ауа-райы болжамының жанрлық ерекшеліктерін ескере отыра, телекөрсетілімдерге қойылатын негізгі талаптар ретінде мыналарды жатқызуға болады:

  • нақтылық. Айтылатын əр қала атау, сан, градус, жауын-шашын мөлшері нақты болуы тиіс;
  • дыбыс. Түсініктілікпен қысқа мəтін қарапайым сөзбен айтылу қажет. Тыңдармандар мен көрермендерге деген құрмет мəтін арқылы көрініс табады;
  • дауыс. Дауыс ырғағы орта деңгейде болу шарт. Тыныс естілмеген жөн. Мəтін анық айтылу қажет;
  • айтылыс. Əрбір сөз қатесіз айтылу міндетті. Ол үшін жүргізішінің қасында қашанда екпін сөздігі болу керек.

Мысалы американдық журналистика оқулықтарында, бір сөйлемде 13 сөзден артық сөздер қолданбау керек делінген, өйткені сөйлем қаншалықты қысқа болса, сонша түсінікті болады. Қазақстан жəне Ресей журналистикасында, əсіресе телевизия саласында, осындай ерекшеліктер ескеріледі.

Осы талаптарға сай болу үшін қазақ, ағылшын жəне орыс тілдеріндегі ауа-райы болжамының көрсетілімдері бір-бірінен ажыратылады. Қазақстан, Ұлыбритания жəне Ресейде ауа-райы болжамының тарату жиілігі əртүрлі. Мысалы Ұлыбританияда ауа-райы болжамы жаңалықтардың соңында ғана емес тəуілік бойы бір сағат сайын көрсетіледі, Ресейде екі сағат сайын, ал Қазақстанда тек қана жаңалықтар соңында беріледі. Ауа-райы болжамы көрсетілімінің ұзақтығы да үш елде əртүрлі. Қазақ тілінде ауарайы болжамы бір жарым-екі минутты құрайды, орыс тілінде екі-екі жарым минутты, ал ағылшын тілінде бір жарым минуттан-төрт минутқа дейінгі уақыт аралығында беріледі. Осы айырмашылықтын бірден бір себебі – сол елдің географиялық орналасу ауқымы, яғни қалалардың көп не аз болуы жəне кез келген аймақтың климаттың айырмашылығы. Ауа-райы болжамының нақты қалыптасқан терминологиясы да осыған байланысты. Мысалы, орыс жəне ағылшын тілінде арнайы ауа-райы терминдері бар, қазақ тілінде жоқ, ауа-райы мəтіндері орыс тілінен қазақ тіліне тікелей аударылады, өйткені метеорологиялық орталықтардан БАҚ-на ақпарат тек орыс тілінде жіберіледі.

Ауа-райы болжамының ақпараттық ретін алдымен жауын-шашын жағдайы құрайды. «Без осадков» сөз тіркесі жауын-шашын мөлшері 20%-дан төмен болған кезде қолданылады. Орыс тілінде дайындалатын ауа-райы болжамында «будет», яғни «болады» деген сөз қолданылмайды. Көбінесе мəтінде «скорее всего, произойдет то-то и то-то…» сөздері қолданылып, нақты пайымдаулардан алшақ болады. Орыс тіліндегі ауа-райы болжамының ерекшелігіауарайын анықтайтын процесті көрсету жəне ол неге, қалай өзгеретінін түсіндіру болып табылады. Қазақ тіліндегі ауа райы болжамында келер күнде жауын күтілмесе мəтінде «жауын-шашынсыз» деп ғана беріледі. Орыс тілімен салыстырсақ қазақ тілінде келер шақ етістіктері көбірек қолданылады жəне ауа-райы нақты өзгеретіні немесе өзгермейтіні көрсетіледі. Егер метеорологиялық орталықтан келген ақпарат тек тəуіліктің бір бөлігіне ғана берілсе, түскі иə кешкі уақыта күтілетін ауа райын айту үшін «болуы мүмкін» немесе «ықтимал» деген сөздері қолданылады. Мысалы, «Тұман түседі. Жаңбыр жаууы ықтимал». Ағылшын тіліндегі ауа-райы болжамы қазақ тіліндегідей екі жолмен түсіндіріледі. Біріншіден, жай ғана «will» келер шақтың көмекші сөзі арқылы нақты ақпарат беріледі «It will rain», екіншіден, ақпарат нақты болмаса немесе тəуілік бойы ауа райының өзгеруі күтілсе онда мəтінде ағылшын тілінің грамматикалық ерекшеліктеріне сай модальді етістіктер қолданылады: «It may rain. Tomorrow must be cold. Sunny day can change to foggy one».

Ертеңгі ауа-райы қандай болатыны туралы қашанда халықтың назарында болған. Ал өзгермелі ауа-райы болжамын табудың ең оңай тəсілі əрі жолы – əлі де Бұқаралық ақпарат құралдары болып табылады. Телехабарда белгілі бір жанрды қолдану үрдісі адресант пен адресаттың қатысуына қарай жүзеге асады. Теледидарда адресант-мəтін-адресат факторы да өзінің маңыздылығы мен ерекшелінеді. Адресатқа да, адресантқа да –бəріне ортақ əрекет – байланыс, қатынас. Ал байланыс, тілдік қатынас тіл арқылы іске асады. Адамдар арқылы өзара байланыс болмаса, сөйлесім əрекеті де жүзеге аспайды. Байланыс – тілдік қатынастың негізін жасайтын, оны іске асырушы өзек, адамдар арасындағы тілдік қарым-қатынастың қажетті шарты. Осы тұрғыдан алғанда, қарым-қатынас орнату барысында хабар жеткізуші – адресант, ал хабарды қабылдаушы – адресат болады. Адресант өз сөзінің тигізер ықпалын болжай отыра, өзінің түпкі мақсатына жету үшін тыңдарман қабылдауына тиімді баяндау стратегиясын ойластырады жəне адресаттың білім дүниелерімен санасады. Сөйтіп, күнделікті өмірде телевизия саласындағы ауа-райы болжамы тек ақпараттық тұрғыдан ғана хабардар етпей, сол елдің дəстүрі мен мəдениеті туралы толыққанды мағлұмат бере алады.

 

  1. Қазақ ұлттық энциклопедиясы. 1 Том. – Алматы, 1998. 539 б.
  2. Қазақ əдебиеті энциклопедиясы. Бас ред. К.Хұсайын. – Алматы: Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі, Қазақстан даму институты, 1999. 752 б.
  3. Борецкий Р.А. Информационные жанры телевидения. – М., 1960. 17 б.
  4. Егоров В.В. Телевидение и зритель. – М: Мысль, 1997. 196 б.
  5. Юровский А.Л. Телевидение – поиски и решения.М.: Искусство, 1983. 118 б.
  6. Момынова Б.Қ. Газет лексикасы (жүйесі мен құрылымы): Филол. ғ. д-ры дис. – Алматы, 1999. 267 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.