Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Мифопоэтикалық хронотоп

Қазіргі əдеби даму мен көркемдік ізденістер əдебиеттану ғылымының алдына күрделі міндеттерді шешуді қоюда. Сондай міндеттердің бірі əдебиеттегі мифологизм мəселесі, мифопоэтикалық құрылым, оның көркемдік-идеялық қызметі.

Əдебиеттегі мифологизм, мифопоэтика туралы пайымдаулар əлемдік əдебиеттану ғылымында өзінің бастауын əріден алады. Адамзат санасының алғашқы дəуіріне тəн деп саналатын мифологиялық ойлау уақыт өте келе көркемдік ойлауға негіз болды. Əдеби шығармадағы көркемдік шындықтың бейнеленуінде мифтік негіз де туындаған образдар мен сюжеттер жүйесі маңызды қызмет атқарғаны белгілі.

Ұлттық əдебиеттануымыз ұзақ уақыттар бойы мифопоэтика, мифошығармашылық, мифологизм сияқты түсініктерге бойлап ене алмады. Орыс жəне шетел əдебиет зерттеушілері бұл мəселеге тереңдей назар салып, қомақты зерттеулер жүргізсе де, əлі де болса аз қарастырылды дейді.

Қазақ ұлттық əдебиеттануда бұл мəселеге енді назар аударылуда. Ауыз əдебиеті үлгілеріндегі жəне əр дəуір əдебиеті нұсқаларындағы мифтік сарын, мифтік бейнелеулер туралы зерттеулер сирек кездеседі. Əдебиет пен мифологияның өзара байланысы зерттеу назарынан тыс қалып келе жатқаны да айдан анық. Мифтік дүниетаным, сол негізде туындаған аса бай ойлау жүйесі ұлттық дүниетанымымызды айқындап қана қоймай, сол мифтік сана жемістері бейнелеу жүйесіне көшіп, көркемдік тəсілдің үлкен бір арнасын қалыптастырды.

«Поэтикалық мифологияның эстетикалық негізделу сипатын былайша жіктеуге болады:

  • табиғат құбылыстары мен күштері тылсым күш иелері, құдіретті құдайлар дəрежесінде бейнеленетін мифтік сюжеттер;
  • мифтік мотивтер немесе жекелеген бейнелер – мифологемдер жүйесінің түзілуі;
  • жаратылыс негізінде айқындалатын əлемнің мифтік моделі (қалпы);
  • символдық, аллегориялық мəнге келтірілген мифтік бейнелеулер;
  • бейнелеуіш құралдарға негіз болған мифологиялық ойлау» [1, 18].

«Қазақтың халық поэзиясында табиғат суреті, жаратылыс көріністері үлкен орын алады. Бұлай болуы заңды да. Сахарада көшіп жүрген, күнделікті өмірі жазда, күзде тіпті жыл бойы дерлік кең далада, төңкерілген ашық аспан астында, өзен-судың жағасында өтетін елдің өзін ұдайы табиғаттың аясында, құшағында отырғандай сезінуі таңғаларлық нəрсе емес», – дейді академик З.Ахметов [2, 316].

Төмендегі кесте негізінде үш халықтың (қазақ, үнді, грек) мифологиясындағы ортақ мифопоэтикалық хронотоптарындағы өзіндік ұғымдары мен бейнелерін салыстыра қарастырайық.

Халық

Рəміздік-нышандық мəдениеттегі бейнелер

Қазақ

Бəйтерек

(Көктерек)

Қазығұрт Қаратау Сарыарқа

Жылқы (пырақ)

Төр түлік

Сүткөл

Үнді

Париджата

Меру

Піл / Өгіз

Сарасвати Ганга

Грек

Лавр ағашы

Олимп Геликон Парнас

Ешкі / Пегас

Стикс

«Ежелгі адам жансыз затты білмеді десе де болады, – деп атап көрсетеді А. Н. Афанасьев, – олар бəрінен ақыл мен сезімді, еркіндікті көрді. Орманның шуылынан, жапырақтардың сыбдырынан ағаштардың өзара құпияға толы əңгімелескенін естіді» [3; 138].

Қазақ аңыздарындағы Бəйтерек Жер мен Көктің тоғысқан жерінде алтын бұтақты, алқа жапырақты зор Бəйтерек өсіп шыққан. Бəйтеректің ұшар басы Үлкен Тəңір мекендейтін Жоғарғы əлемге дейін жетеді. Ол Жоғары əлем мен Төменгі əлемді байланыстыратын дəнекер ретінде сипатталады. Оның ұшар басында сиқырлы ғажайып құс Самүрық ұя салған делінеді. Ол əсем де асқақ құс бақыттың, бейбіт өмірдің, береке мен молшылықтың нышаны [4,27].

Үнді мифтеріндегі Париджата деген атпен белгілі болған қасиетті ағаш жайында: «Индра құдайлардың əміршісіне арналып аспанда Париджата деген ғажайып ағаш пайда болды, оның гүлдерінің хош иісінен əлем тамаша күйге бөленеді. Париджата қыста да, жазда да жапжасыл желекке бөленіп, гүлдеп түрады. Оны Индра өзінің сүйікті жары Шачиге сыйға тартқан еді» [5,32].

Грек халқындағы қасиетті ағашқа айналған Лавр ағашы əлі күнге дейін киножүлделерде, олимпиада мен түрлі өнер салаларында жеңімпаздардың басына тəж кесебінде кигізіледі. Ал оның қасиетті де қастерлі ағашқа айналдғаны жайында гректерде «Дафна» аңызы сақталған:

«Эрот алтын қанаттарымен серпіп жіберіп Парнас тауынан екі жебе алып шығады. Махаббатты оятатын, жүректі жаралайтын жебені Аполлонның, ал сезімді өлтіретінін өзен құдайы Пенейдің қызы нимфа Дафнаның жүрегіне атады.

Күндердің күнінде Аполлон сүлу Дафнаны кездестріп, ғашық болып қалады. Бірақ Аполлонды көрген бетте Дафна желдің жылдамдығымен қаша жөнеледі.

Тоқташы, сұлу нимфа, сен неге қасқыр көрген қозыдай менен қашасың? Сен бүркіттен құтылатын көгершіндей зымырадың. Мен саған жау емеспін ғой! Мен жай бақташы емеспін, найзағай құдайы Зевстің ұлы Аполлонмын!

Бірақ Дафна одан сайын қатты жүгіреді. Қатты демігіп, шаршаған қыз əкесі Пенейге жалбарынады:

Əкешім! Жер, сен ажырап, мені жұтып қойшы! Менің бұл бейнемді тартып алыңдаршы, ол маған қасірет əкеледі!

Осы сөздерді айтысымен-ақ оның мүшелері жансызданып қалады. Нəзік денесін қабыршақ қаптап, шаштары жапырақтарға, аспанға көтерілген қолдары бұтақтарға айналады.

Əбден қапаланған Аполлон:

Сен жасыл желегің менің басыма əшекей болсын. Лавр, сен мəңгі жасыл болып жайнап тұр!»[5, 14-15].

Көшпенді халықтың өмірінде жылқының маңызы өте зор болғандықтан, халқымыздың салтдəстүрлеріндегі жылқы түлігінің алар орны ерекше. Халықтың салт-санасында жылқы жоғарғы əлем, интеллект белгісі, ата-бабалар символы. Мəселен, батырлар жырында, жылқы тек көлік қызметін атқарушы ғана емес, ер қорғаны, ақылшысы ретінде көрініп, иесін қорғап-қоршап жүреді, тіпті адамша сөйлеп, ақыл-кеңес те береді. Осы орайда Г.Гачевтің пікірінің маңызы ерекше. Ол өзге жануарлар адамға қызмет етеді, ал жылқыға адам қызмет етеді жəне оны ар санамайды, өйткені жылқы – тəңірдің тірі бейнесі, нұры, жылқы əлемнің жоғарғы бөлігі/ Жылқыдан өзге жануарлардың бэрі жерлік, олар жерге тартылады, жерге қарайды, ал жылқы алдына, жоғарыға қарайды, ат үстіндегі адам да жоғары əлем мүшесі, сондықтан ол да жер мен оның тартылысынан босаған дейді.

Жалпы жылқыға табынушылық, дəріптеушілік тек қазақ халқы ғана емес, басқа да көптеген халықтардың тарихында да (мысалы, ежелгі римдіктерде, гректерде, қытай елінің тарихында, ежелгі үнді еуропа елдерінде) кездесетін құбылыс. Көптеген елдердің мифологиясында да жылқы ерекше қасиетті түлік ретінде бейнеленеді. Мысалы, елдігіміздің белгісі елтаңбада қанатты тұлпар бейнесі кескінделген. Тұлпар күннің, қозғалыстың, тұрақтылықтың символы.

«Ол геральдистер тілінде арыстанның жүректілігін, қыранның қырағылығын, өгіздің ғаламат қара күшін, еліктің ғажайып көзге ілінбес шапшаңдығын, қырмызы қызыл түлкінің қалай да болса жауын жер соқтырар айлакерлігін білдіреді». Ал қанатты тұлпар қазақ поэзиясында асқақ арманның, шабыттың белгісі. Жылқы, сонымен бірге, асқан байлықтың (алалы жылқы), сəн-салтанаттың да белгісі.

Сонымен, атқұмар, атжанды қазақ халқы үшін жылқы қозғалыс көзі, өмір сүру, тіршілік ету формасы. Жылқы әлемнің жоғарғы бөлігіинтеллект белгісіата-бабалар символыЖылқы тэңірдің тірі бейнесі, нұры. Жылқы -күнніңқозғалыстыңтұрақтылықтың символыҚазақ поэзиясында асқақ арманныңшабыттың белгісіБайлықтыңсән-салтанаттың да белгісі -жылқыЖылқының мынадай атаулары киелі мəнді болып келеді: қаралы ат, тұл ат, егей аты, өздік ат, қаза аты, асқа қоя берген ат (асына арналған ат), маңдайға басқан ат жəне т.б. Сондай-ақ құрамында негізгі сөз ат болып келетін тіркестердің де ырымдық семантикасы бар: ат құйрығын майлау, атын тұлдау, аттың басын кебіндеу, аттың басын жерлеу, аттың қу басын жастанып жату жəне т.б.

Ш.Уəлиханов былай деп жазады: «Ертерек кездерге тұмар мал, құс сүйектерінен немесе тастардан жасалатын.

Жануардың сүйектерінде құдіретті күш бар. Қазақтардың ойынша, қары жілік малды итқұстан сақтаушылық қасиеті жағынан бақташыдан кем түспейді. Ұры-қарыдан, қасқырдан аман сақтайды, ол бірақ өлім-жітімнен аман алып қала алмайды деп Ильминский мырза қате түсінік береді (қараңыз: Археологиялық қоғам Шығыс бөлімшесінің Хабарлары, 1860, №5 шығ.). Жілікті қазақ үйге тура монғолдар сияқты жасап, орналастырады. Гомбаевтың айтуынша, монғолдар жұқа екі сүйектің арасына шөп тығады. Сүйек осы күйде құрық ұстаған бақташыға ұқсайды. Қазақтардың таным-сенімдерінде, қары жілік адамға ұқсаған бейнесімен ұры-қарыдан сақтайды. Қазақтар бұл сүйекті қары жілік дейді. Қары өзгертілген хариту сөзінің баламасы емес пе екен? Осы қары жілікті қазақтар ер-тұрманның əбзелі есебінде жəне ат пен ер-тоқымды сақтаушы деген нанымда, ердің алдыңғы қасына іліп қояды.

Қазақтардың мифологиялық түсініктерінде жылқы – желден, түйе – сордан, қой – оттан, сиыр – судан, ешкі – тастан жаратылған деп есептеледі. “Қияли, идеалды түлікті түйеде – жампоз, жылқыда – тұлпар, сиырда – тынжы, адамда – алып атаған. Түлікте кездесетін “асылдарды” қаратіл (сиырда), желмая, тұлпар, келепан деген» [ 7,176].

Сондай-ақ грек халқында Пегас деген жылқының ақындар шабыты нышанына айналғанын білеміз. Грек мифологиясындағы қанатты тұлпар Персей жеңіп, басын кескен Горгона Медузаның денесінен (қаны тамшысынан) жаралған. Ол Океанның жанында пайда болғандықтан, pegasos (pegai) – қазақша мағынасы «буырқанған», «бұлақ», «көз». Оның тұяғының тақылынан Геликон тауында Гиппокрена бұлағы шықты, ол бұлақтан ақындар шығармашылық өнер пен шалқар шабытты иеленген.

Қазақ халқы секлді үнділерде де жылқыны пір тұтқан. Ол туралы «Мифы древней Индии» еңбегінде былай делінген: «Уччайхшравас – зооморфтық нышан, аспандық ақ тұлпар. Ол əуелгіде Индраның (найзағай құдайы) мінген аты болды. «Мұхиттың тасуы» мифінде: «Мұхит тұңғиығынан ақ түсті ғажайып ат пайда болды, ол адамның ақылы мен қиялы секілді жүйрік, əрі шапшаң еді. Қазіргі жылқы тектес жануарлардың түп атасын да Индра өзіне тұлпар етіп мінді» [5, 32]. Кейін «Рамаянада» Күн құдайы – Сурьяның сенімді серігіне айналды [5, 209].

Үнді халқында ерекше құрметке ие болған жануар піл. Индраның алып, аппақ, бұлт сияқты пілі Айравата қалаға кіре берісті күзетіп тұрады. Ол сүтті теңізден жаралған, сондықтан да киелі болып саналған. Одан тараған дигнат-пілдер жер шарын төрт жағынан ұстап тұрады екен [5,33]. Сондай-ақ Турдан басқа қолға үйренген үй бұқасының да суреті кездеседі. Ол жер жыртқан кездегідей соқаға немесе арбаға жегілуі күйде бейнеленген.Үндістан мен Иранның мифтері мен діни əдебиетіне сүйенсек, күн құдайы Митра — құрбандыққа шалған бұқаның мүшелерінен жасалған делінеді.Сондықтан Митра бұқамен қатар қойылады. Сонымен, бұқа — құнарлылық, құдырет пен қуаттың бейнесі.

Андроновтықтардың жартасқа салған суреттерінде жиі кездесетін бейне — ай мүйізін алға кезеп, шоқтығы күдірейіп, алып денесі шиыршық атып, əлеуетті аяқтарымен жер тіреп тұрған турдың — жабайы бұқаның суреті. Ғалымдардың зертеулеріне сүйенсек, бұл бейнелер неолит дəуірінде пайда болған.

Қасиетті су туралы қазақ мифтерінде: «Сумер (Хан Тəңірі) тауында жердің киесі, жер мен судың иесі Жер-Су тұрады.

Сумер тауының ұшар басында Сүткөл бар. Сүткөлдің шығысына қарай қызыл сулы үлкен көл орналасқан. Бұл көл жай көзге көрінбейді екен. Сол суда Кер балық, яғни теңіз жануарларының иесі тіршілік етеді екен. Оның ішінде жан-ұрықтар жаратылады. Кер балық қажеттілігіне қарай жан-ұрықтарды жер мен судың иесі

Жер-Суға беріп отырады» [8,15].

Стикс грек мифологиясындағы Арония тауының аңғарымен ағатын өзен. «Ол Океан мен Тефиданың қызы болған. Бір миф бойынша, титан Паланттан бірнеше балалары болады. Титандармен соғыс кезінде Стикс Зевске көмектеседі. Оның қалауынша, өзеннің антымен ол құдайлар мен адамдарға ең қасиетті əйел болады. Өзеннің суымен ант берген құдай бір жылға үйқыға кетеді, ал одан кейін тоғыз жылға Олимптен құп алады. Бұл мифте судың құдіретті күші жайында айтылады. Стикс атауын алған өзен Аркадийге дейін ағып жатады» [9,165].

Үнді мифтеріндегі киелі деп танылған өзен Сарасвати. Оны күнəларды жуып-шаятын киелі орын деп санаған. Өзеннің мұхитқа құятын жерінде жуынған адам барлық күнəларынан арылады деп есептелген. Бұл өзеннің аты Сарасвати деген өнер мен ғылым құдайы, Брахманың жұбайының құрметіне қойылған. Сол сияқты Ганг өзені жайлы да қызықты, тартымды мифтер мен аңыздар баршылық. Мəселен«Теософиялық сөздікте»:

«Ганг Индияның негізгі киелі өзендерінің бірі. Ол жайындағы мифтер екі арнадан туындайды: бірінші – Ганга құдай-ана өзенге айналып, Вишнудың бас бармағынан ағады; екінші – Ганга Шиваның құлағынан бастау алып, Анаватепта көліне құяды, одан шығып, күміс сиырдың аузынан (Гомукха) бүкіл оңтүстік Индияны бойлап, Оңтүстік Мұхитқа құйылады. Эйтельдің пікірінше, Ганг өзені Иордан мен Крещение өзендері секілді адамдарға күнəдан, ауру-сырқаудан арылуға септігін тигізеді. Расында да, Ганг өзені бүгінгі таңға дейін қасиеттілігі мен емділігін жергілікті халыққа ғана емес, бүкіл əлем туристеріне паш етуде.

Қасиетті тауларға келетін болсақ, қазақ халқында ерекше орын алатын тау Қазығұрт екені баршамызға аян. Ол туралы мынандай аңыз бар: «Жасаған түу баста жер мен көкті жаратқанда Қазығұрт тауы да бірге жаралған. Өзі аласа тау болса да, таулардың қасиеттісі, Жер жүзін топан су басып кеткенде аман қалған екен. Қазығұрт тауының күн батыс жағында азырақ тегіс жер бар. Ол жер Нұх пайғамбардың кемесінің орны дейді.

Қазығұрттың басында бір үңгір болса керек, ол үңгірдің үстіне шаншып қойған ағашты Қазығүрт атаның моласы дейді екен. Басқа жерлерде бұлт болса да, Қазығұрттың басын бұлт шалмайды» [4,13].

Үнді елінде гректердегі Олимпке сəйкес ерекше əспеттелетін тау Меру. Қасиетті тауды Күн, Ай жəне ғаламшарлар айналып жүреді дейді.

Миф бойынша: «Ол жердің дəл ортасында, яғни Джамбудвипа құрлығында орын тепкен. Құрлықтың жан-жғын тағы алты материк жəне алты мұхит қоршайды. Оның биіктігіне тіпті адамның қиялы жетпейді, шыңдары аспан күмбезіне тіреліп, күн шуағын шашады. Оның таңғажайып ағаштары мен шөптері көздің жауын алады, ағынды өзендері төменге қарай ағады, жартастары асыл тастармен əшекейленген. Онда кү-дайлардың керемет сарайлары орналасқан. Меруде құдайлар дем алатын Нандана бағы бар [5,41].

Əлем жаратылысы туралы мифтер мен аңыздар негізінде эпос, лирика, драма, саз өнері сияқты көптеген өнер жанрлары мен түрлері қалыптасты. Қазіргі таңда да архаикалық мифтер мен аңыздар сюжеттеріне құрылған көптеген өнер туындылары дүниеге келуде. Халықтың шарықтаған қиялы мен шексіз ойынан туындаған мифтер мен аңыздар əрдайым бізді еліктіріп, қызықтыра беретіні анық.

Мифтік таным қабатында этнотарихи мазмұн да басым. Мифтік əңгімелердің астарында тарихи кезеңнің шынайы оқиғалары, қоғамның əлеуметтік-саяси қалпы жатыр. Белгілі бір халықтың басына кешірген тарихи оқиғалары миф түрінде əңгімеленіп, сол əңгіме мазмұнына жаңа мағына үстеді.

Қазығұрт – киелі қорған немесе адамзат бесігі. «Шымкент-Ташкент-Самара» жолында таудың басында орналасқан ағаш пен металдан жасалған «ұшатын» кеме көрініп тұрады. Қазығұрттың таңғажайып табиғаты мен заңғар таулары талай аңыздарға арқау болған. Мұнда рəміздік мəдениеттің көптеген ескерткіштері сақталған. Тау бөктерінде Ақбура, Тамшы бастау, Кеме қалған, Қазығұрт атаның моласы секілді киелі орындар бар. Үңгірде салынған мешіт, жер асты қорғандары мен Шелтір ата, Əңгір ата, Оспан аталардың мазарлары да тарихи-этнографиялық құндылықтарға толы. Осы жерде өнегелі өмірімен Орта Азияда əйгілі болған ата-баба əруағын əспеттеуші дана, жебеуші қарт Қошқар атаның мазары орналасқан. Тіпті өңірдегі Қошқар ата бұлақты өзенінің пайда болуын Шымкентте қарттың қасиеттілігімен байланыстырады. Ал грек халқындағы Олимп тауы құдайлар мекені болған. Ол аспанның ұшар басында орналасқан. Онда мəңгілк мамыражай жаз болған. Бақтары хош иісті гүлдерге толы екен.

 

 

  1. Əлмұханова Р. Қазақ фольклорындағы антикалық сарындар. Монография. Алматы: Арыс. − 2009. − 320 б.
  2. Ахметов З. Поэзия шыңы – даналық. – Астана: Фолиант, 2002. – 408 б.Афанасьев
  3. А. Н. Поэтическое воззрение славян на природу. В 3 т. – т. 2. – М., 1994. – 356 с.
  4. Қазақтың аңыз-ертегілері. Шыңжаң: Ұлттар баспасы, 2002.
  5. Мифы древней Индии. Москва:«Наука», 1975.-238с.
  6. Кун Н.А. Легендыи мифы древней Греции. АлмаАта, Жалын, 1985.
  7. Уəлиханов Ш. Таңдамалы.Алматы: «Жазушы», 1985.
  8. Жанайдаров О. Ежелгі Қазақстан мифтері. Алматы: «Аруна» баспасы, 2008. 256 бет.
  9. Мифы народов мира. Москва. Советская энциклопедия. 1988. 2-том. К-Я.
  10. Иманғазинов М.М. Антика əдебиеті. Алматы, 2009.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.