Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жер-су атауларының ұлттық таныммен байланысы (Ғ.Мұстафиннің «дауылдан кейін»романы бойынша)

Этнолингвистика – белгілі бір тілді сол халықтың этногенезі, тұрмыс салты мен əдетғұрпы, күнделікті тіршілігі, басқа халықтармен тарихи-мəдени байланысы, материалдық жəне рухани мəдениеті тарихымен тығыз байланыста зерттейтін тіл білімінің жаңа салаларының бірі.

«Кез келген этностың тілінде оның басып өткен бүкіл ұзақ өмірінің өрнегі жатыр. Оның кейбір нұсқасы бүгінгі ұрпаққа тас мүсіндер мен жартастарға қашалған жазулар арқылы ескі архитектуралық ескерткіштер мен ғимараттар арқылы жетуі мүмкін. Бірақ, бұлар өткен мəдени рухани өмірдің мың да бір елесі ғана, ал этностың шын мəніндегі болмысы мен дүниетанымы оның тек тілінде ғана сақталады»деген Ə. Қайдар пікірін [1, 34-б.] басшылыққа ала отырып, тіліміздегі топонимдерді лингвомəдени тұрғыдан зерттеу – бүгінгі таңда ономастиканың келелі мəселелерінің біріне айналып отыр. Əсіресе, ұлттық топонимия этникалық мəдениеттің құрамдас бөлігі болып табылады. Сондықтан жер-су атауларын жүйелеу арқылы халықтың қоршаған ортаға көзқарасы, дүниетанымы, этикалық дəстүрі, эстетикалық талғамы, ұлттық психологиясы, тұрмыс салты, əдет ғұрпы мен танымы туралы мағлұмат алуға, яғни ұлттық этнографияның пішім бейнесін толық аңғаруға болады.

Əрбір географиялық атаудың ішкі формасының пайда болуына себепші болған лингвистикалық жəне экстралингвистикалық факторларды қарастыру барысында оним мен ақиқат шындықтың бейнесі аралық ұштастық анықталады. Онимнің аппеллятивтік негізінің денотаттық, коннотаттық, сигнификаттық т.б. мағыналық құрылымының өзіндік сипаты арасындағы байланыс сараланады. Бір халықтың таным əлемінің индивидуалдық сипаты мен ұлттық таным арасындағы сабақтастық, олардың əрқайсысына тəн өзіндік белгілер т.б. тілдік құбылыстардың сан алуан қыры айқындалады. Өйткені тілдік таңба ретінде халық обьектінің түрін, түсін, пішінін, көлемін көзбен көру арқылы қабылдаған. Бұл қабылдауда ұлттық нышандар болады. Олар тіл иесінің көркем ойлау жүйесінің нəтижесі ғана емес, ұлт тіршілігінің барлық саласын қамтитын этномəдени құбылыс, тілдік деректер. Демек, лингвомəдениеттанымдық аспектіде анықталатын тілімізде қолданылып жүрген жер-су атаулары жалпы халықтың өмір сүрген əр кезеңінен ақпарат жеткізетін тарихи, мəдени жəне рухани əлеуметтік сипат арқалаған тілдік бірліктер деп те, қазақтың таным əлемі мен ат қою дəстүрі аралық қатынасты танытатын тіл деректері деп те санауға болады.

Ұлттық топонимдердің сипаты тек тілдік фактілермен ғана ерекшеленбейді, сонымен қатар белгілі бір аймақтық физикалық, географиялық жағдайына, жергілікті халық өмірінің этникалық мəдени ерекшеліктеріне жəне сол аймақтың əлеуметтік тарихына байланысты қалыптасқан себептермен де ерекшеленеді. Кез келген аймақтың топонимиясын зерттеуде дəстүрлі түрде үшке бөліп қарастыру дағдысы қалыптасқан:

  1. Географиялық фактор;
  2. Этногрфиялық фактор;
  3. Тарихи-əлеуметтік фактор. 

Ғ.Мұстафиннің «Дауылдан кейін» романының ономастикалық кеңістігіне жер-су, ру, ел, тайпа аттары да енеді. Шығарма тілінің топонимиялық кеңістігі көркем туындыда өрбитін оқиғаға сай жазушы тарапынан таңдалынып алынған нақты өңірдің жер-су атауларына негізделеді. Ғ.Мұстафиннің «Дауылдан кейін» романына негізінен Қарағанды өңірінде кездесетін топонимдер арқау етіледі. Ғ.Мұстафиннің «Дауылдан кейін» романындағы топонимдерді үш топқа бөлуге болады:

  • белгілі субъект немесе субъектілермен байланысын білдіретін топонимдер;
  • белгілі объект немесе объектілермен байланысын білдіретін топонимдер;
  • объектінің сын-сипатын білдіретін топонимдер.

Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде ауылдың аты сол елді мекенде өмір сүрген атақты байдың немесе ауыл ақсақалының құрметіне қойылатыны мəлім. Шығармада Мақаш қорығы, Мақаш құдығы, Мақаш қыстағы, Шерубай, Бабатай, Таласбай ауылы, Құлымбет, Нұрбай, Жылқыбай ауылы сияқты топонимдер соның айғағы.

«Мақаш қорығы» атауына тоқталатын болсақ:

«Мақаш қорығының»айналасы ат шаптырым кең қорық. Шабын ат бойы өседі. Көпене мен көпене арасы есік пен төрдей, шошақ маялар арасы арқан бойы болады. «Мақаш қорығының» ең шұрайлы, Мақаш пен Шəкеннің шауып жүрген жері. Енді бөліске түседі. [2, 45-б.].

Қорықтардың жайылымға қатысты мағынасының өзін қазақтың мал шаруашылығын ұйымдастыру сипатынан іздеу қажет деп ойлаймыз. Бұған дəлел ретінде бұрынғы Қостанай, Павлодар уездерінде қорықтардың болғандығын айғақтайтын деректерді келтіре кетуді жөн көрдік. Қостанай уезінде ХІХ ғасырда «əр қыстаудың жанындағы шалғындар, жалпы шөбі шүйгін жерлерді ауыл болып малдың таптап кетуінен қорғаған, сондықтан мұндай жерлерді», «қорық жер» деп атаған.

Келтірілген дерек негізінде құрамында «қорық» сөзі кездесетін жер-су аттарының барлығын бірдей қазіргі мағынасындағы қорық сөзі тұрғысында ғана емес, «бұрынғы қоршалған жайылым, шабындық» деген мағынасында да саралау қажет деп тұжырым жасаймыз. Осы тұрғыдан келгенде Мақаш қорығы топонимінің фондық негіздеріне шаруашылық қажеттіктерден туындағын табиғи жағдайларды сипаттауды, қазақ халқының мал шаруашылығын жүргізу ерекшеліктерін айшықтауды, халықтың табиғатты тану арқылы оны тиімді пайдалануды жатқызуға болады.

Көркем шығармада сонымен қатар автордың өзі берген сипаттамасы да орын алады. Бұл Мақаш құдығы, Мақаш қорығын романдағы кейіпкер есімімен аталғанын шығарма сюжетінен – ақ білуімізге болады. Қаламгер қарт туралы шығармасында жан-жақты айтады:

...Көктің көлінде қымыз екеш қымызды есепсіз бермейтін сарабдал Шəкеннің Мақашқа бере беруі де, Мақаштың сұрай беруі де есепсіз емес-ті. Мақаш ру басы, кезінде болған кісі. Қартайған шағында байлық пен биліктен бірдей айрылып, ата-аруағын, сақал ағын саудалуға кірісті. Мал кеткен соң жер де кетті. Мақаш қорығы аталатын кең бидайық, Мақаш құдығы аталатын сүтті құдық Шəкен атына əзір көшпесе де, Шəкеннің пайдасына көшіп болған [2, 48-б.]. Топоним семантикасы географиялық объектінің түрін, объектінің орнымен басқа объектіге қатысын да көрсетеді. Мұнда топоним құрамындағы жалпыхалықтық географиялық термин объектінің түрін көрсетіп қана қоймайды, топонимнің негізгі сипаттамасын жасауға қатысады жəне объектінің сын-сипатын да танытады. Мысалы: Қымыздықты сай, Итжон, Көкөзек, Қызылжар, Құмкөл Майөзек, Күйгенжар, Мыңшұқыр т.б.

Қандай да болмасын шығармадағы оқиға белгілі бір жер, көл, ру, ел атауларымен байланыстырыла суреттеледі. Сондай-ақ əрбір жер-су атауының өзіндік туу тарихы да бар.

«Дауылдан кейін» романында елді-мекендердің тарихи атауларымен қатар, кейін қалыптасқан көбіне орыс империясы кезінде таңылған атаулар қатарласа кездеседі. Мысалы: Петропавл – Қызылжар, Қызылорда – Ақмешіт, т.с.с.

Кез келген тілдің лексикалық қорының негізгі қабатын жалқы есімдер құрайды. Жалқы есімдерсіз адамзатта да қарым-қатынас болуы мүмкін емес. Белгілі ғалым-топонимист Э.М.Мурзаев бойынша: «Қазіргі əлемдегі географиялық атауларсыз елестету мүмкін емес. Пошта, телеграф, темір жолдар өз қызметтерін тоқтатады, ұшақтар əуежайда, кемелер аты жоқ кемелер тоқтайтын жерлерде тұрып қалған болар еді. Ал газеттер жер шарының əр жерінде болып жатқан оқиғаларды қалай жеткізер еді?» [3, 100-б.]. Бұл ойды əрі қарай дамытып, кісі аттары, жануарлар, ғарыш, планеталар, шығармалар атауын да атауға болады. Бізді қоршаған дүниелерді ажырату үшін тілімізде осы қызметте ерекше жұмсалатын сөздер бар. Мұндай сөздер заттарды, ұғымдарды, құбылыстарды ажырататын жалқы есімдер болып табылады.

Ұлттық топонимия қазақ халқының эволюциялық даму үстіндегі дүниетанымының, салтдəстүрінің нақтылы көрінісін беретін рухани мəдениеті мен тұрмыс-тіршілігінің ізін танытатын, уақыт ағымындағы үлкен тəжірибемен екшеленген материалдық мəдениеті негізінде қалыптаса келіп, көптеген зерттеулер тарапынан қолдау тапқан «атау дегеніміз мəдениеттің туындысы жəне көрінісі» деген қағиданы нақтылай түседі [4, 25-б.].

Жалқы есімнің тілдік таңба ретіндегі өзіндік ерекшелігіне орай топонимдердің семантикасы да өзін жалқы есімдерден ажыратып көрсететін ерекше белгілерге ие. Жалқы есімнің семантикасы деп негізінен экстралингвистикалық сипаттағы оның құрамдас компоненттерінің тіркесімін ұғынамыз, жалқы есімнің семантикасы ақпараттан жинақталады, ал ақпарат тілдік, сөйлеу жəне арнайы ономастикалық функциялардан, стилистикалық жəне эстетикалық маңыздылықтардан құралады.

Тіліміздегі жалқы есімдердің өн бойында лингвоелтанымдық, лингвомəдениеттанымдық потенциял бар. Олардың көмегімен өлкетанымдық ақпарат алуға, туған жерге, ана тілге деген сүйіспеншілік тудыруға болады. Сондай-ақ, əр жазушы өз шығармасын жазу барысында жер-су аттарын өзінің туған жерінен немесе балалық, жастық шағы өткен жерінен алатын сияқты. Қазақ жазушысы Ғабиден Мұстафин «Дауылдан кейін» романындағы қолданған жер-су аттарында оның туған жері мен жастық шағы өткен жерлер кездеседі. Сонымен қатар көркем мəтіндегі суреттелген жайттар өзі өмір сүрген дəуірінің деректі шежіресінен алынған. Ономастикалық атаулар қаламгердің өскен ортасы мен дүниетанымы тұрғысынан ұлттық болмысқа

Халықтың ұлттық танымын «кіндік кесіп, кір жуған» ата жұртының əр нүктесіне, географиялық обьектіге берген атаулары арқылы анық байқауға болады. Мұның өзі ұлттық таным мен жер-су атаулары арасында үзілмейтін байланыс барлығын білдіреді. Кез келген жер мен суға берілген атау көнеден хабар бере алатын тарихи мұра болып табылуы да сондықтан болар.

Тілдің ономастикалық жүйесі толық əрі жеткілікті шамада этностың тілден тыс өмір шындығы мен ұлттың болмысын бейнелейді, яғни, қазақ тіліндегі жалқы есімдер жүйесі халықтың ұлттық бейнесін көрсете алады, халықтың дүние көрінісі атауларда жинақталады. Басқа бір қырынан алғанның өзінде кез келген лингвомəдени тұрғыдағы болмыс белгілі бір дəрежеде күрделі диалектикалық өзара байланыс тілдік берілім жəне ұласу арқылы іске асады, өйткені жер-судың тілдік бейнесі белгілі бір дəуірге тəн ойлау-сөйлеу қызметінің тəсілін рухани, мəдени жəне ұлттық құндылықтарын көрсетеді.

Қазақ ономастиконы жалқы есімдердің жиынтығында көшпелі мал шаруашылығымен байланысты мəдени-образдық жиынтық беретін қосымша мағыналары семиотикалық тұрғыда бекітілген. Қазақ этносының шаруашылық ішіндегі осы бір негізгі дəстүрлі типімен байланысты ұлттық – мəдени семантика көптеген қазақ топонимдерінде орын алған: Түбек, Асанқайғы, Қымыздықты сай, Көкөзек, т.б. негізделген. Əсіресе бұл ретте көркем шығармадағы жалқы есімдер – поэтонимдердің, соның ішінде топонимдердің орны бөлек. Мысалы, Қарағанды, Шарықты, Шерубай, Нұра, Құмкөл, Асанқайғы болыстарында болдым [2, 106-б.].

 

  1. Қайдар Ə.Т. Қазақ тілінің өзекті мəселелері. Алматы: Ана тілі, 1998. –304.
  2. Ғ.Мұстафин «Дауылдан кейін» Алматы. Жазушы, 1982. –390-б.
  3. Мурзаев Э.М. Тюрские географические названия. – Москва, 1996. –153с
  4. Керимбаев Е.А. Этнокультурные основы номинации и функционирования казахских собственных имен: Автореф. д.ф.н. Алма-Ата., 1992. –48 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.