Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақ тіліндегі дисфемистік метафоралар

Қазақ тілінде ақын-жазушылар қаламынан туындаған жеке қолданыстағы дисфемизмдерде баршылық. Бұл туралы:

“Дисфемизмдер көркем шығармада көбінесе ауызекі сөйлеу тілінің үлгісі ретінде кейіпкерлердің тілінде беріледі. Сол арқылы әр жазушы өзінің қаһармандарының мінез-құлқын, білім дәрежесін, іс-әрекетін бір сөзбен айтқанда, нақтылы шынайы образын жасайды” [1, 234 б.].

Жазушылар, ақындар, жалпы алғанда, қалам қайраткерлері халық шығармашылығынан нәр алып өзінің туындыларын байытып отырады. Олар сыпайы, әдепті сөздердің орнына тұрпайы, анайы сөздерді қолданудың неше түрлі үлгісін жасап, өз творчестволарының көркемдік сапасын арттырады. Осы ретте ғалым С. Негимов: “Ақындар халықтың ғасырлар бойы жасаған рухани-мәдени байлықтарын ана сүтіндей бойларына сіңіріп жатулары тиіс. Олар эпос тілінің дархан шалқарлығын, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып қалған ділмар поэзияны символикалық белгілері, көркемдік, мәнерлегіш құрал-әдістемелердің алуан түрлі, сан қилы үлгілерін, қанатты, жатық тіркестерді меңгеруге, игеруге ұмтылады”, – дейді [2, 13 б.].

Жазушы әдетте сөздердің табиғи мүмкіндігін пайдаланумен қатар олардың ауыспалы, келтірінді мағынадада пайдаланады. Көркем әдебиетке тән әр алуан көріктеу, шеберлік тәсілдері барекені белгілі. Олар: теңеу, эпитет, метафора, метонимия, синекдоха т.б. амал-тәсілдер жатады. Көрікті ойдың көркем суретін салуға жұмсалатын амал-әрекеттің әрқилы бедері, көркемдік кескіні, эстетикалық әсері болады. Бұлардың шегі жоқ. Қай тілде жазылған көркем әдебиет болсын, оның қаншама еңсесі биік, тарихы ұзақ болғанмен тілдің ішкі мүмкіндіктерін сарқа пайдаланып, тауысуға біткен жері осы деп отыруға болмайды. Оларды әр жазушы өзінше, түрлі құрамда, әр түрлі ыңғайды, кейде бірін-бірі қайлап та қолдана береді. Соның ішінде тек дарынды ысылған, қаламы әбден төселген сөз шеберлігінің туындылары ғана өзінің сонылығы мен даралығын жоймайды. Әдетте жеке жазушының тілі туралы әңгіме оның өз қаламына тән шеберлік тәсілдерімен өзге де жеке тұлғалық ерекшеліктерін талдау болып келеді. Осының бәрін түптеп келгенде, жазушының үлкен талғампаздығын, өз дүниесіне өзгенің көзімен қарап, тірнектеп жинаған дүниелеріне әлсін-әлсін қайта оралып отыратынын, өңдей түсуден ешқашан жалықпайтын сұңғыла суреткер екенін көрсетеді.

Ана тілімізде таза поэтикалық метафоралармен қатар дисфемистік мағынада жұмсалатын метафоралар да кездеседі. Айырмашылығы мән-мазмұны, коммунативтік қызметі жағымсыз сипатта қолданылатындығында ғана. Жалпы алғанда, метафора заңы бойынша, белгілі бір зат немесе құбылыс ұқсастықтарына қарай екінші бір заттың немесе құбылыстың атауымен аталады. Алайда біз ұқсастықты кең мағынада түсінеміз: кейде түрі, түсі, пішіні, көлемі ұқсас болып келсе, кейде дәл бірдей ұқсамауы да мүмкін. Бұл туралы В.Н. Телия: “При существенном различии структурно-семантического строения составных названи специфической и общей их черто является такое обозначение нового объекта, которое осуществляется за счет выделения в нем постоянного для него признака, называемого переосмысляемым значением слова” ,– деп түсіндіреді [3, с. 57]. Кейде деректі заттың атауы дерексіз заттың атауына ауысып кетуі ықтимал т.б. А. Байтұрсыновтың айтуынша: “Қиял ісі – меңзеу, яғни ойдағы нәрселерді белгілі нәрселердің тұрпатына, бейнесіне ұқсату, бейнелеу, суреттеп ойлау” [4, 147 б.].

Кезінде А.А. Реформатский метафора туралы былай деген еді: “Метафора буквально “перенос” т.е. самый типичный случай переносного значения. Перенос наименования при метафоре основан на схотстве вещей по цвету, форме, характеру движения и т.п.” [5, с. 54].

Қазақ тіл білімінде метафораны жан-жақты зерттеген ғалым Б. Хасанов метафора туралы ұғым-түсінікті былайша кеңейтеді: “Метафора – дәстүрлі процесс, тарихи элемент. Тілдің даму дәрежесіне қарай олар да сапалық өзгеріске түсе береді. Көне жазба нұсқалардағы метафораларды қазіргі метафоралармен қатар қоюға болмайды, сапасы төмен, сан жағынан да көп емес. Бірақ қазіргі қазақтың метафоралық желісінің басы ертедегі көне түркі жазба нұсқаларынан басталады. Метафора – халықтың тұрмысының, кәсібінің, ой-өрісінің көрсеткіші. Біздіңше, кейбір жазба нұсқалардың метафораларына қарай отырып, қай дәуір, қай заманның туындысы екендігін толық білуге болады. Немесе шығармадағы метафоралардан сол халық мекендеген жердің жаратылысын, экономикалық жағдайы мен шаруашылық жайларын әбден анықтауға болады”, – дейді [6, 61 б.].

Тілші Н.В. Черникованың пікірін келтірейік: “Оперирование образно-ассоциативными сущностиями привносит в новое значение следы того вспомогательного образа, который ассоцируется с исходным значением переосмысляемого слова. Образ, лежащий в основе метафоры, играет роль внутренней формы с характерными именно для данного образа ассоциациями. Любая метафора на стадии формирования представляет собой образ, так как образным является принцип ее формиравания и способ выражения” [7, с. 22].

Адамзат метафораны дүниенің барлық саласын ойлау мен танып білудің ғажайып құралы ретінде жұмсайтыны белгілі. Бұл туралы: “…метафора возникает не потому, что она нужна, а потому, что без нее невозможно обойтись, она присуща человеческому мышлению и языку как таковая” – деген болатын тілтанушы В.Г. Гак [8, с. 12].

Әдетте тіл білімінде қай топтаманы алсақ та, тура мағынадан басқа кез келген келтірінді мағыналардың тууы көбінесе метафораның негізінде пайда болатындығы айтылады. Тіліміздегі дисфемистік метафора да осы жолмен жасалады, өзгешелігі, жоғарыда айтылғандай, тұрпайы қолданысында. Көбінесе, көркем шығармаларда кейіпкерлер бейнелі, әсерлі тілде сөйлейді. Оны жазушы әдетте дисфемистік метафора арқылы жеткізеді. Бұл тәсіл жағымсыз кейіпкер бейнесін сомдауда таптыртпайтын құрал. Дисфемистік метафорадан халқымыздың ұлы ақыны Абай өлеңдері де кенде емес. Мысалы:

  1. Ел бұзылса табады шайтан өрнек, Періште төменшіктеп қайғы жемек. Өзімнің иттігімнен болды демей, Жеңді ғой деп болар көмек.
  2. Естілер де ісіне қуанбай жүр,

Ел азды деп надандар мұңаймай жүр. Ала жылан, аш бақа күпілдектер Кісі екен деп ұлықтан ұялмай жүр.

  1. Қатының сені сүйсе, сен де оны сүй, Қоржаң суық келеді кей сасық ми. Ері ақылды, қатыны мінезді боп,

Тату болса, рай үстіндегі үй.

  1. Ақ көйлекті, таяқты Ақсақал шығар бір шеттен: Малыңды əрі қайтар деп, Малшыларға қаңқылдап.
  2. Саудагер қашты бұл елден, Несиесін жия алмай. Бұралқылар сандалды, Жуандарға сия алмай.
  3. Күлмеңдеп келер көздері, Қылжыңбас келер өздері. Кекектеп, секек етем деп, Шошқа туар сөздері (Абай).

Жоғарыдағы асты сызылған дисфемистік метафораларды ұлы ақын өз замандастарының, соның ішінде бай-болыстардың кем-кетіктерін сынауда қуатты поэтикалық құралға айналдырған десек, қателеспейміз.

Абай поэзиясын арнайы зерттеген фольклорист Қ.Ж. Жұмалиев метафораның қолданылу мақсаты жөнінде айта келіп: “Метафора поэтик тілдердің басқа түрлеріне қарағанда ой-сезімге тікелей әсер етеді. Жалпы ақындардың, соның ішінде Абайдың өлеңдерінде көп кездесетінінің бір себебі осы болуға тиіс. Және теңеу мен метафораны сезімге әсер ету жағынан алғанда метафораның ерекшелігі де осы ой-сезімге әсер етуде”, – дейді [9, 228 б.].

Бұл жоғарыдағы мысалдардан көріп отырғанымыздай, ұлы Абай қазақтың ұлттық сөз саптау өнерін ұтымды пайдалана отырып, дүниеге сан алуан дисфемистік метафоралар әкелген. Өз заманындағы надан адамдардың портретін, оның жағымсыз іс-әрекет, қылықтарын сомдау үшін осындай өрнектерді өте орынды қолдана білген.

Әдебиеттанушы Зәки Ахметов Абайдың метафорамен келген образдар арқылы нені сипаттайтынын дәлелдейді, ұйқасқа алынған сөздердің поэтикалық жүгін танытады [10, 179 б.].

Абай қолданған дисфемистік метафоралар негізінен адамның жағымсыз мінез-құлқын, жалпы көңіл-күйін сөз етуге арналған. Жағымсыз әрекеттер мен қылықтардың өзін атап қана қоймай, олардың орындалу сипатын көрсетуді де нысана еткен. Академик Р. Сыздықтың сөзімен айтқанда: “Ақын Абай өз тұсындағы қазақ қауымындағы сөзуар, білгіш, закөншік, көргіштерді”, “қу старшын, аш билерді”, “малдан басқамұңы жоқтарды”, “тобықты молыққан пысықтарды” көріп, солдардың бойындағы ең жағымсыз қылықтардың бірі -“көлгірсуді”, “іші залым, сырты абыздыққа салынуды” сынайды. Дәлірек айтсақ, ақын білмесе де, бір нәрсені білгенс тін, “мұрнын қисайта тартып” тұрып әсемситін, “елін мығымдап ұстай алмаса да”, өтірік қайраттысып, қамқорситындарды “бойы бұлғаң, өзі жылмаң бола тұрып” бір міні жоқ пендеситіндерді әшкерелеп, түзетпек болады” [11, 51-60 бб.].

Абай поэзиясындағы дисфемистік метафоралар, өзі өмір сүрген қоғамдағы кейбір адамдарға көңілі толмағандықтан пайда болған, контексте белгілі бір жүк арқалап, реті келгенде айтылмақ ойға жағымсыз ой үстеген.

Ұлы ақын өзі өмір сүрген замандағы байларды, болыстар мен шен-шекпен иелерін, ашық сынайды, мысқылдап әшкерелейді, сүреңсіз бейнелерін әсерлі әрі дәл етіп суреттейді. Мұны академик Р. Сыздық былайша жеткізеді: “Сырт қарағанда мұндай сөздер поэзия тілін “тәтті” етіп тұрған жоқ сияқты күлтесі көз тарататын раушан гүлінің сабағына біткен тікенектерге ұқсайды. Сірә, раушан гүлі жарып шығып, құлпыруы үшін табиғат шіркін тікенектерді керек етіп жаратқаны сияқты өлең тілі тұтасымен көңіл толтыруы үшін поэзия табиғаты керек жерінде “ащы-тәтті” сөздерді шебер қолдануға да баратын болар. Құлаққа түрпідей, ауызға қышқылдай тиетін мұндай “дөрекі” сөздердің Абайдағы қолданысы стильдік мақсатпен орнымен келгендер (ғылым тілімен айтқанда, мотиві-уәжі барлар) болып табылады. Ақын тілінің көркемдік құны сұлу “тәтті” сөздердің ғана шоғырымен танылмайды. Ақын тілін сөз еткенде, көркемдік пен шеберлік қатар әңгіме болмаққа керек” [12, 73 б.].

“О языке казахской поэзии” деген зеттеуінде З. Ахметов Абайдың поэтикалық тілін дәстүр мен жаңалық проблемасына жанастыра қарастырады [13, 65 б.]. Абай өлеңдеріндегідей дисфемистік метафоралық сөз саптау үлгісін өткен ғасыр басында өмір сүрген Домалақ шешеннің поэзиясынан да кездестіруге болады. Мысалы:

Алаштың адамының бәрі малғұн, Кім қалды таразыға тартылмаған. Қаңқылдап сахарада көшкен қазақ, Заманың енді келмес салқындаған.

Бұл үзіндіде қазақтың бұрынғы дәурені өтіп, ауыр заманы туды деген ойды ғана ұғуға болады [14, 62 б.]. Ақын өлең жолдарындағы малғұн, қаңқылдап деген дисфемистік метафораларды ескі қоғамдағы рулық құрылысты аяусыз сынға алу мақсатында пайдаланған.

Әсет ақында «Байларға» деген сықақ өлеңінде дисфемистік метафораны Абай стилінде жұмсайды.

Бай құмар сайлау болса, шен алмаққа, Болыс боп үш жыл тұрып демалмаққа. Қайратын, адал малын сарып қылып Парадан, ұрлықзорлық жем алмаққа.

Дисфемистік метафоралар өзге де жазушылардың шығармаларында көп ұшырасады. Қазақ көркем прозасында жағымсыз образ жасауда кейіпкер тілінде экспрессивтік-эмоциялық жүк көтеріп, өзіне соншалықты үлкен міндет артып тұратындығы байқалады. Мысалы:

  • Мылжыңдама, қу түлкі (З. Жәкенов).
  • Телібайың нағыз көк есек екен (Б. Нұржекеұлы).

Бұл мысалдардағы қу түлкі, көк есек дегендер адам мағынасында жұмсалған. Бұл сөздер арқылы қаламгер кейіпкердің іс-әрекетінен, мінез қырларынан, ішкі жандүниесінен хабар берген. Тіліміздегі метафоралардың қолданылуы туралы Б. Хасанов былай дейді: “Қазіргі дәстүрлі метафоралардың түп атасы бар. Біздің осы күнгі ауыс мағына алған метафоралар дейтініміз бұрыңғы кездегі белгілі бір жүйрік тілді шешеннің терең толған ойлы сөз саптауынан қалған. Бертін келе көптің қолдауымен “халықтық ортақ меншікке айналған”. Мысалы, “есек” сөзінің жануар мағынасымен қатар “ақымақ, топас” мағынасы, “түлкінің” қу мағынасы бар” [15, 23 б.].

Дисфемистік метафораны жазушыларымыз кейіпкердің тіліне, оның мінезіне, психологиясына және өскен ортасына, кәсібіне, оқиға болып жатқан жағдайға байланысты үйлестіре қолданады. Тағы да мысалдар келтірелік:

  • Мана кету керек еді, әлгі төбеттер тап беріп өлтіріп тастай жаздады ғой, – деді Таңат (Қ. Қараманұлы).

– Ақсақ иттің көңілі ар жақта – деді ол (О. Бөкеев).

– Мамырды қасиетсіз көк тұқыл төбет аңдып тұр (К. Оразалин).

– Ұялас ит қой, жараларын жалап тарасады (С. Бердіқұлов).

  • Сөмпиіп тұрысын мына күшіктің – деп айқай салды (С. Бердіқұлов).

Берік бір қыз үшін күшік күйеу болып, орыс шалының үйіне кіріп алыпты,–дегенді өзінше ашыныңқырап айта келіп, – мұсылманшылықты былай қойғанда, қазақтың әдет-ғұрпын ұмытып, ата салтын аяққа басты, шоқынып кетті, – деп сөкті (З. Жакенов).

  • Әттеген-ай ұялас иттер мені алдап соққан екен ғой (З. Жәкенов).
  • Топас атаманның дөрекі төбеттері көздеріне көрінгенге ғана тап берген.
  • Қаланы әзірге бір топ салпаң құлақ төбеттерге тастап кетіп жатырмыз (Х. Есенжанов).

Осы мысалдарға зер сала қарасақ, асты сызылған дисфемистік метафоралардың барлығы да адамға қатысты айтылған. Жай ғана айтылмай жағымсыз кейіпкерлерді итке теңеген. Қазақ тілінде ит, төбет, күшік сөздері метафораға соның ішінде дисфемистік метафораға жиі айналады. Мұның негізі ерте кезде-ақ қаланған.

Батыр деген барақ ит,

Екі долы қатынның бірі табады. Би деген бір бұлақ,

Қатынның ілуде бірі табады (Төле би).

Жалпы ит сөзінің ауыс мағынада қолданып метафораға айналуы туралы С.Қ. Сансызбаева өзінің кандидаттық диссертациясында былай

Жоғарыда келтірген мысалдарымыздағы қасқыр жаман мағынаны білдіріп тұр. Бұл қолданыстарда қасқырдың жабайы хайуандығы, түсінің сұр, қара болуы есепке алынбастан, жыртқыштығы мен тойымсыздығы дисфемистікметафоралы қасқыр сөзінің мағынасын жасап, жағымсыз эмоцияда жұмсалып тұр. Жалпы қасқыр сөзі қазақта тіке айтылмай қашанда ауыспалы табу мағынасында қолданылған. Мал шаруашылығымен айналысқан ата-бабамыз қасқырды “қасқыр” деп өз атымен атамай, ит-құс, бөрі, түз тағысы деген. Ал, қасқыр сөзінің жоғарыдағыдай дисфемистік метафоралы мағынасы – жеке қаламгерлердің сөз саптауы, жалпыхалықтық қолданыс емес.

Бұл қаламгердің кейіпкерлер тілі арқылы олардың сүреңсіз бейнесін жасаудағы шеберлігі. Қасқыр сөзі жағымсыз образ табиғатын ашуда маңызды көркемдік құралдың бірі болып тұр. Қорыта келгенде,дисфемистік метафораларды зерттеу бүгінгі тіл біліміндегі өзекті мəселелердің бірі. 

деп жазады: “Поскольку образное употребление названия животного собака нашло широкое в сапоставляемых языках, образуя наиболее крупное семантическое поле, целесообразно рассмотреть данную метафору подробнее. Следует отметить, что метафора собака в описываемых языках представлено, в большей степени, негативными коннотативными признаками, чем положительными. В русском языке широко распросранены коннатации “злой” “грубый”, “сварливый”, “хищный”, презренный” и др.” [16, с. 49].

Адамдар өз бойындағы жағымсыз қасиеттерді көбінесе итке телиді. Ит үй жануары, ол жыртқыш емес, бірақ метафоралы мағынада қолданылғанда, жаман, оңбаған мағынасын білдіріп, дисфемистік метафора бола алады. Тілімізде бұдан басқа адамға қатысты айтылатын дисфемистік метафоралардың бір – қасқыр. Мысалы:

  • Қорқау қасқырлар енді Мақпалды таламақ қой,– деп күбір-күбір етеді, осының бәрін Кәкен өршіткен пәле.
  • Мына үйірлі қасқырларға қарындасын талата қоймас ара түсер – деді.
  • Беріккен зәрлене қарап: – “Салдақы қатын Мақпалдың бөлтірігі екенсің ғой” (З. Жәкенов).

 

 

  1. Болғанбаев. Ә. Қазақ тіліндегі синонимдер. – Алматы: Ғылым, 1970. – 234 б.
  2. Негимов С. Ақын-жыраулар поэзиясының бейнелілігі. – Алматы, 1991. – 213 б.
  3. Телия В.Н. Типы языковых значений. Связанное значений. Связанное значение слова в языке. – М.: Наука, 1981. – 157 с.
  4. Байтұрсынов А. Шығармалары. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 147 б.
  5. Реформатский А.А. Введение в языкознание. – М.: Учебно-пед. изд., 1960. – 254 с.
  6. Хасанов Б. Қазақ тіліндегі сөздердің метафоралы қолданылуы. – Алматы: Мектеп, 1966. – 261 б.
  7. Черникова Н.В. Семантические неологизмы в современном русском языке: (80-90 годы ХХ в.)Автореф. канд. дис. филол. наук: 10.02.02. – М., 1977. – 22 с.
  8. Гак В.Г. Метафора в языке и тексте. – М.: Наука, 1988. – 212 с.
  9. Жұмалив Қ. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Абай поэзиясының тілі. – Алматы: Мектеп, 1960. – 228 б.
  10. Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. – Алматы: Жазушы, 1973. – 179 б.
  11. Сыздық Р. Абайдың сөз өрнегі. – Алматы: Арыс, 2004. – 207 б.
  12. Ахметов З. О языке казахской поэзий. – Алматы: Ғылым, 1970. – 265 с.
  13. Шындалиева М. Сөз өнерінің бастауы. – Алматы: Ғылым, 2001. – 162 б.
  14. Сансызбаева С.К. Метафоры – фреквенталии в сфере «животное–человек»: Дис. канд. филол. наук.– Алматы, 2001. – 49 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.