Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Сана жəне тілдік сана

Сана жəне тілдік сана ұғымдары əртүрлі ғылыми жұмыстардың зерттеу пəніне айналды. Айталық, психология, философия, логика, лингвистика ғылымдарының əрқилы салаларында жан-жақты сөз етіліп жүрген аталмыш ұғымдар ғылыми термин ретінде əрқалай түсіндіріліп жүргендігі белгілі. Оның себебі бұл ұғымдардың күрделі табиғатынан болса керек. Əр ғылым саласы сана ұғымының өзіне тəн ерекшеліктерін айқындауға талпынуда. Осы уақытқа дейін сана мен тілдік сана бір нəрсе ретінде қарастырылып келсе, қазіргі таңда сана мен тілдік сана арасында теңдік белгісін қоюға болмайтындығына көптеген зерттеушілер назар аударып отыр.

Психологияда «сана» ұғымы «адамдардың қоғамдық-тарихи əрекетінің жалпыға бірдей формаларымен сипатталатын объективтік əрекетке қатысты адамға тəн амал. Сана – əлемнің объективтік заңдылықтары, қасиеттері мен мүмкіндіктері жайлы біліммен дүниеге деген көзқарас» [1, 361-362 бб.] ретінде анықталады. Сана көптеген пəндер үшін ақиқатты мінсіз қайталау қабілетін, сондай-ақ əртүрлі деңгейде механизмдер мен формаларды білдіретін негізгі ұғым болып табылады. Өткен ғасырда сана мəселесі тек гуманитарлық ілімдер пəні, соның ішінде əсіресе философия мен психологияның пəні болып табылады деп есептелді. ХХ ғасыр бұл шеңберді айтарлықтай кеңейтті. Көптеген жаратылыстану жəне гуманитарлық ғылымдар да сананы зерттеумен айналысып, оның кейбір заңдылықтарын айқындады. Философия мен психология үшін сана мəселесі негізгі зерттеу нысандарының бірі болып саналады. Ал тіл білімін сананың тілдік сипаты қызықтыратыны сөзсіз, осы тұрғыдан лингвистиканың қарқынды дамып келе жатқан жас бағыттарының бірі психолингвистика үшін «тілдік сана» ұғымы орталық ұғымдардың біріне айналып үлгерді, оның себебі де жоқ емес. Тіл – сана мазмұнын білдіретін негізгі құрал болып табылады. Тілдің өзі тіл білімінің жас бағыты психолингвистикада арнайы бейнеде əлемді бейнелейтін жəне адамдардың айналадағы ақиқат жайлы ұғымтүсінігін қалыптастыратын тірі құрал ретінде түсініледі.

Қазіргі лингвистикада да тілді антропологиялық аспектіде, яғни адаммен, оның санасы мен, ойлаумен, рухани-практикалық əрекетімен тығыз байланыста қарастыру қажеттігі атап көрсетіледі. Тіл иесі – сөйлеуші адамның ішкі əлеміне назар аударуды місе тұтқан көптеген зерттеулер тұтас лингвистикалық парадигманың өзгеруіне əкеп соқтырды, сөйтіп ғалымдардың назары сөйлеу құралдарының көмегімен жүзеге асатын күрделі адами өзара қатынастардың жиынтығына ойысты. Қазіргі лингвистикалық ғылыми парадигманың антропоцентризмі тілді сөйлеу, когнитивтік, əлеуметтік жəне оны қолданушының басқа да қызмет түрлерімен байланыстыра зерттеудің бірқатар бағыттарына бастау алды.

Қазіргі лингвистикада тіл табиғатын қарастырудағы түбегейлі өзгерістердің себептері көп-ақ, солардың бірі тілді жəне оның қарым-қатынастық қызметін тек формалық құрылым тұрғысынан зерттеу арқылы тіл табиғатын толық əрі жан-жақты тану мүмкін еместігі болып отыр. Жиырмасыншы ғасырдың аяғында тілге деген антропоцентристік көзқарастың нығая түсуіне байланысты лингвистердің зерттеу мүдделері тіл – əлеуметтік ақиқат, болмыспен тығыз байланысты құбылыс тұжырымында тоғысты. Антропоцентристік ғылыми парадигма тілді статикалық жүйе ретінде зерттеумен шектеліп қалмай, тіл мен қоғамның өзара байланысын қарастыруға дейінгі ғылыми зерттеулердің шекарасын кеңейтетін лингвистикадағы жаңа бағыттарға негіз болды.

Тіл жəне санамен қатар сана мен ойлау, тіл мен мəдениеттің өзара байланыс мəселелері Э. Сепир, А.А. Потебня, Л.В. Щерба, Л.В. Выготский, А.Н. Леонтьев, А.А. Леонтьев, А.А. Залевская, Е.Ф. Тарасов, Н.В. Уфимцева жəне т.б. секілді əртүрлі ғалымдардың еңбектерінде əрқилы ғылыми жəне əдіснамалық тұрғыдан түсіндіріліп жүр. Ғалымдардың аталмыш мəселені жан-жақты талдауы арқылы «тілдік сана» ұғымының күрделілігін байқауға болады. Көптеген зерттеулердің барлығына қарамастан бірегей тұтас тілдік сана теориясы бар деп айта алмаймыз. Тілдік сананы талдау амалдарының ортақ нəтижесі көрсетіп отырғандай, тілдік сана тіл арқылы көріністенеді. А.Н. Леонтьев сананы «қоғамдық тұрғыдан қалыптасқан тілдік мағына, ұғымдар арқылы санада түсінілетін ақиқаттың көрінісі» деп анықтайды [2, 232 б.]. Ал А.А. Леонтьев «тілдік сана» ұғымын «əлем бейнесі» ұғымымен салғастырып, «əлем бейнесін» «индивид психикасындағы заттық мағыналар мен сəйкес когнитивтік сызбалар арқылы жəне саналы рефлексияға бағынатын заттық əлемнің бейнеленуі» ретінде анықтайды [2]. Ол əлем бейнесі əлемнің өзі секілді көпқырлы, ал əлем туралы білім əлемдегі біздің əрекетімізбен ажырағысыз екендігін атап көрсетеді. Т.Н. Ушакова тілдік сана туралы былай дейді: «Тілдік сана» ұғымының өрісі кең, оның екі түрін айқындауға болады: динамикалық – сананың жай-күйін вербалдық түрде білдіру, санаға сөйлеу арқылы əсер ету, сондай-ақ құрылымдық – субъектінің менталдық тəжірибесінің, оның санасының əрекетінің нəтижесінде қалыптасатын тілдік құрылымдармен жасалады» [3, 13-23 бб.]. Сөйтіп сананың дамуын тілдік деректерсіз зерттеу мүмкін емес екендігіне көптеген зерттеу нəтижелері куə болып отыр. Н.В. Уфимцева тілдік сананы «тілдің көмегімен тіркелген адам санасы» деп сипаттайды. Сананы құрайтын мағына болып табылады. Тіл мен сана «адамның рефлекстік болмысының сəйкесетін екі түрі» ретінде қарастырылады [4]. Е.Ф. Тарасов сана тікелей бақыланбайтындығын атап көрсетеді, ал сананы білдіру құралдары, ең алдымен, вербалдық құралдар болып табылады [5]. Е.Ф. Тарасов тілдік сананы тілдік құралдардың көмегімен – сөздердің, еркін жəне тұрақты сөз тіркестері, сөйлем, мəтіндер жəне ассоциативтік өрістердің көмегімен құралып, көріністенетін сана бейнелерінің жиынтығы ретінде анықтайды: «Тілдік сана – тілдік құралдармен – субъектілердің өзі сөйлеу қатынасы барысында туындататын ілім ретінде жəне заттық іс-əрекетте сезім мүшелерінен алынған перцептивтік деректерді қайта өңдеу нəтижесінде санада пайда болатын сезімдік ілімдер ретінде жекелеген лексемалармен, сөз тіркестерімен, фразеологизмдермен, мəтіндермен, ассоциативтік өрістермен жəне ассоциативтік тезаурустармен бейнеленетін сана бейнелері» [5, 24 б.]. Е.Ф. Тарасовтың бұл пікірімен толықтай келісе отырып, тілдік сана мазмұнын айқындау амалдарының бірі еркін ассоциативтік экспериментте тіл иелері реакцияларынан құралатын ассоциативтік өрістер болып табылатындығын атап көрсетеміз. Тіл мəні оның бірегей екі қызметімен айқындалады, олар – қарымқатынас құралы жəне ойлау құралы қызметі. Сана мен тіл тұтастықты құрайды, олар бірге өмір сүре отырып, бір-бірін толықтырады, тіл – ой мен сананың тікелей болмысы, ақиқаты. Сана тек айқындалып қана қоймай, тілдің көмегімен құрылады. Оларды бір-бірінен бөлуге болмайды. И.А. Стернин тілдік сананы когнитивтік сананың бөлігі ретінде, адамның сөйлеу əрекеті механизмдерінің «меңгерушісі» ретінде анықтайды, алайда адамның сөйлеу əрекетінің өзі неғұрлым кеңірек ұғым – адамның коммуникативтік əрекетінің бөлігі болып табылады. Осыған орай тілдік жəне коммуникативтік сананы ажырату қажеттігін атап көрсетеді. Мысалы, тілдік санада сəлемдесу формулалары жайлы ақпарат, ал коммуникативтікте – қалай сəлемдесу керек екендігі жайлы ақпарат бар [6, 13 б.].

Лингвистика мен психолингвистикада əлі күнге дейін адамның сөйлеу əрекетін, адамның өз тілі жайлы білімінің жиынтығын қамтама сыз ететін сөйлеудің психикалық механизмдері дұрыс терминдермен берілмей жүргендігіне тоқталу маңызды. Біздіңше, дəл осы механизмдер мен білімдер адамның тілдік санасын құрайды. Олай болса дəстүрлі лингвистика да тілдік сананы зерттейді – тілдің қолданылу ережелері, нормалар, тілдік бірліктердің санада реттелуі жəне т.б., бірақ ол іс жүзінде орындалатын сипаттаулардың психологиялық ақиқатын зерттемейді. Дəстүрлі тіл білімінің даму тарихының бір кезеңінде мұның өзі жеткілікті болатын: мұның өзі тілді оқытудың дəстүрлі əдістері үшін де жеткілікті. Алайда қазіргі таңда коммуникативтік, антропоцентристік бағыт лингвистикада үстемдік етіп отырғанда, жаңа зерттеу əдістері пайда болып отырған шақта, оның ішінде психолингвистикада, зерттеушілердің тіл иесінен алшақтанған «өлі тілге», сөздіктер мен грамматикада ғана көрінетін тілге емес, тірі тілге деген, нақты коммуникацияда қоладыналатын тілге деген қызығушылығы айтарлықтай өсті. Бұл коммуникация, тілдің психикалық механизмдері, ассоциативтік-вербалдық желілер, ассоциативтік өрістер жəне т.б. саласындағы зерттеулердің жедел қарқынмен дамуына алып келді. Осыған орай тілдік сананы сөйлеудің шығу, түсінудің менталдық механизмдерінің жəне тілді санада сақтаудың жиынтығы деп түсіну ұсынылады, яғни адамның сөйлеу əрекеті үдерісін қамтамасыз ететін менталдық механизмдер.

Сөйтіп тілдік сана – сөйлеу əрекетінің механизмдерін қамтамасыз ететін сананың бір бөлігі: сөйлеудің тууы, сөйлеуді қабылдау жəне қосарымыз өте маңыздысы – тілдің санада сақталуы. Əрқилы мағыналары бар тілдік бірліктер жүйесі санада сақталады жəне тілдік сананың керекжарағы болып табылады, ал сана феномені ретіндегі тіл жүйесін зерттеу тілдік сананы зерттеу деген сөз.

Тілдік сананы дəстүрлі лингвистикалық сипаттау деңгейі мағыналардың жəне сөйлеуші адамның психологиясынан жəне орындалатын сипаттаудың психологиялық ақиқатынан оқшау тілдік бірліктер мен құрылымдардың қолданылуын жинақтап сипаттауды болжайды. Дəстүрлі, классикалық сипаттау лингвистикасы тілді бірліктер жүйесі жəне олардың қолданылу ережелері ретінде қарастырады. Мұндай бағдар тілде бар нəрсені, мəтіндерде, сөздіктерде, жазбаша жəне ауызша сөйлеуде тіркелгенді, анықталып, жалпыға бірдей қабылданғанды, тұрақталғанды сипаттауды болжайды.

Тілдік фактілерді психолингвистикалық сипаттау деңгейі эксперименталдық зерттеу нəтижелерін көрсетеді, атап айтқанда, əртүрлі ассоциативтік эксперименттер мен көптеген басқа эксперименталдық процедуралардың көмегімен орындалған нəтижелер, олар тілдік таңбалар мен құрылымдардың мазмұны тіл иесі санасында нақты қай түрде болатындығын айқындап, сипаттауға мүмкіндік береді, сондай-ақ түсіну, сақтау жəне сөйлеу туындыларының шығуы үдерістеріндегі тілдік бірліктер мен құрылымдардың өзара əрекеттесу сипатын анықтайды.

Тілдік сананы лингвистикалық та, психолингвистикалық та деңгейде зерттеуге болады. Екі бағдардың да өз əдістері бар, олар тіл жүйесін сипаттауда бір-бірін толықтырады. Дəстүрлілингвистикалық сипаттамалардың шынайылығы егер олар психолингвистикалық сипаттаулар нəтижелерін қосып алатын болса жоғарылай түспек.

Қорытындылай келе, Е.Ф. Тарасовтың айтқан мына пікірін келтіргенді жөн көрдік: «бірдей ұлттық мəдениет жоқ, оның үстіне бірдей жəне сол бір мəдени затты сипаттайтын біркелкі сана бейнелері жоқ. Егер мəдени зат бір ұлттық мəдениеттен екіншісіне тасымалданған болса да, онда сезімдік бейне бірдей болуы тиіс еді, бірақ бұл олай болмайды, себебі оның қалыптасуы үшін тек бұл затты сезімдік қабылдауда алынған перцептивтік деректер ғана емес, сондай-ақ табиғаты жағынан концептуалдық, мəдени білімнен тұратын априорлық білімдер де қолданылады. Бұл заттың ақыл-ой бейнесінде (бір мəдениеттен екіншісіне ауысқан) əрқашан ұлттық-мəдени айрықшылық элементтері болады» [7, 19 б.].

Демек, бөтен мəдениетке жетуде алынған жаңа білімдер адамның өз жəне өзге мəдениеттің бейнелері арасындағы айырмашылықтарды іздеу жəне бұл айырмашылықтардың мəнін айқындау қажеттілігін сезінгенде ғана қалыптасады, ал бұл танылған бейне əлі толық танылмаған бөтен ретінде қабылданған жағдайда ғана болмақ. Бөтен мəдениетті танудың мұн дай амалында жаңа білімдер талдап отырған субъектінің ескі білімдерінен қалыптасатындығын есте ұстау қажет.

Білім мəдениет құбылысы ретінде танымның ортақ үдерістерімен де, мəдениеттен қалыптасатын ақиқаттың ұйымдастырылу жəне мəнін ұғыну формаларымен де байланысты өзіндік даму заңдылықтарына ие. Бұл, ең алдымен, қабылдау жəне кеңістік, уақыт, қозғалыс, себепсалдарлық байланыстардың мəнін ұғыну құрылымдарымен байланысты білімнің категориялық-семантикалық формалары.

 

  1. Психологический словарь. – М., 1998. – С. 361-362.
  2. Леонтьев А.А. Основы психолингвистики. – М., 1999. – 287 с.
  3. Ушакова Т.Н. Языковое сознание и принципы его исследования // Языковое сознание и образ мира. – М., 2000. – С. 13-23.
  4. Уфимцева Н.В. Археология языкового сознания: первые результаты // Язык. Сознание. Культура / Отв. ред. Н.В. Уфимцева, Т.Н. Ушакова. – М., 2005. – С. 205-215.
  5. Тарасов Е.Ф. Актуальные проблемы анализа языкового сознания // Языковое сознание и образ мира / Отв. ред. Н.В. Уфимцева. – М., 2000. – С. 24-32.
  6. Стернин И.А. (2002) Коммуникативное и когнитивное сознание // http://www.comch.ru.
  7. Тарасов Е.Ф. Межкультурное общение – новая онтология анализа языкового сознания // Этнокультурная специфика языкового сознания / Отв. ред. Н.В. Уфимцева. – М.1996. – С. 7-22.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.