Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Лексикалану құбылысы жəне атаулық тіркестер

Лексикалану мəселесі тілдегі көптеген мəселелермен, тіл бірліктерінің біразымен өзектес болып келеді. Осыған байланысты грамматикада сөз тіркесін синтаксистік тұрғыда оның құрамындағы сыңарларының құрамына ішкі грамматикалық мағынаның сақталу-сақталмауына орай еркін тіркес, тұрақты тіркес деп бөліп атау қалыптасқан. М.Балақаев «өзара байланыста тұрып, тобымен сөз тіркесінің құрамына енетін тіркестер түйдекті тіркестер болады» [1,30] – деп, түйдекті тіркесті синтаксистік тіркестің бір сыңары қатарында есептейді. Осы түйдекті тіркестердің өзін беске бөледі де, атаулық тіркес пен тұрақты тіркес түйдекті тіркес типіне енеді. Бұл М.Балақаевтың мына тұжырымы тұрғысынан қарағанда, түсінікті болады: «Сөз тіркесінің аясын былай дамытпай, сөз тіркесі емес басқаша тұрғыдан түйдекті тіркес, тіркескен сөздер (сочетания слов) дегендей етіп айырғанда, сөз тіркесі дегеннің оларға жəне сөйлем мүшелерінің тіркесіне қарама-қарсы қойылатын сипаттары мына анықтамаға сыйып кетеді, сөз тіркесі деп кемінде толық мағыналы екі сөзден құралып, бағыныңқы байланыста айтылған жəне белгілі синтаксистік қатынасты білдіретін сөздер тобын айтамыз» [1,99]. Яғни түйдекті тіркес, оның ішінде атаулық тіркес пен тұрақты тіркес сөйлеу кезінде жасалмайды, тілдегі дайын лексикалық мағына, сондықтан сөз тіркесінің бір сыңары саналады.

Ал С.Исаев зерттеулерінде жалпы тіркес атаулы: еркін (синтаксистік) тіркес, түйдекті тіркес, тұрақты тіркес болып бөлінеді де, тұрақты тіркестер фразеологиялық тіркес жəне атаулық тіркеске [2, 67-74] таратылады. Бұдан байқайтынымыз – тілде тіркес ұғымының тым кең мағынада, жалпы қолданылатыны, терминдердің бір ізге түспегендігі.

Алдымен, сөз тіркесі – синтаксиске тəн термин, сондықтан оқулықтарда оны еркін тір кес атауымен атаса, фразеологиялық тіркеске (тұрақты тіркеске) қарама-қарсы қабылданар еді де, тұрақталып қалыптасар еді, ал түй декті тіркес термині еркін тіркестің жай жəне күрделі болуына қарай, күрделену жолы ретінде көрсетілсе тиімді болар еді.

Осылардың ішінде лексикалану үғымымен көбірек байланысып келетіні – атаулық тіркестер. Атаулық тіркестер, яғни лексикаланған тіркестер, тілде қоғамдық өзгерістерге орай пайда болған. Орыс тіліндегі прение жарыс сөз, договор – уəде не шарт қағаз [2,67]. Ашық хат, күн тəртібі, ұлт мəселесі, еңбек ақы, еңбек кітапшасы, темір жол, соқыр ішек, сұрау белгісі т.б. көптеген атаулық тіркес осы орыс тілінің əсерімен пайда болған деп есептеледі.

К.Ахановтың зерттеулерінде атаулық тіркес құрама сөз деп аталады, оны еркін тіркеспен шатастырудың себебі олардың сыртқы ұқсастығында деп түсіндіріледі. Ұқсас болуының себебі де бір, өйткені құрама сөз шығу тегі жағынан еркін сөз тіркесіне барып тіреледі. Ғалымның тұжырымынша, еркін тіркес арасындағы бастапқы анықтауыштық, толықтауыштық, пысықтауыштық қатынас бірте-бірте күңгірттеніп, ақыр аяғында жойылады да, бүтіндей сөз тіркесі лексикаланады, соның нəтижесінде біртұтас күрделі атау (сөз) жасалады [3,76-77]. Сыңарларының арасындағы ішкі синтаксистік қатынас жойылғанымен, құрама атаудың өзінің шыққан тегімен, яғни сөз тіркесімен сырттай ұқсастығы сақталады. Бұлардың қатарына: боз торғай, қара торғай, ащы ішек, тоқ ішек, кəрі жілік т.б. бірліктер жатқызылады. Ғалымның құрама сөз деп отырғаны – күрделі сөздің бөлек жазылатын түрі – тіркесті түбірлер. Жоғарыда көрсетілген сөздердің қазір бірде бөлек, бірде бірге жазылып, орфографияның ғана қиындығы болмай, сөз типтеріне қатысты да əртүрлі көзқарас тудырып жүргені белгілі. Осы тұрғыдан алғанда, атаулық тіркестер – құрама сөздердің өзі емес, солардың үлгісімен жасалған атаулар. Олардың жасалуын қоғам қажеттілігі тудырады, бұл қатарға төлқұжат, елтаңба, елорда, отбасы т.б. көптеген атауларды қосуға болады. Бұлар бірден біріккен сөз үлгісінде, қалыбында жасалады, сондықтан бірге жазылады, сөзжасамдық уəжі, жолы айқын болғандықтан, күмəнді пікір туғызбайды, Ал осы үлгідегі сөздердің тұлғасына зер сала қарағанда, сыңарлар арасындағы ықшамдалудың із-үлгісін айқын аңғаруға болады. Бұл мəселеге орай, Қ.Жұбановтың «ерте құралып, арасының жігін жоғалтып кеткен сөздерді кіріккен сөздердің көнесі дейміз. Жаңадан құралып, əлі жігін жоғалтпағандарын – жаңасы дейміз» [4,170], дейтін түсініктемесін келтіру орынды. Мұндағы «көнесі» ұзақ уақыт бойы қолдану үстінде лексикаланып, сыңарларының тұлғасын өзгертіп алғандары (белбеу, омырау, күндіз, ашудас т.б.), ал «жаңасы» осы үлгіде жасалған жаңа атаулар (жермай, бесжылдық, күнбағыс, асқабақ т.б.). Ғалым осы соңғыларының əртүрлі жазылып жүргенін де ескертеді. Қалай жазылса да, атаулық тіркес (құрама сөз) аталатын топқа жататын бірліктердің ішкі грамматикалық қатынасы жойыл ған, олар жиналып, тұтасып бір ғана ұғым атауын жасайды. Ішкі мағыналық байланыстың жойылуы лексикалану үдерісінсіз өтпейді.

Аталған бірліктердің көнесі (ішінара жаңасы да) бастапқыда зат, құбылыстың ерекше белгісін, айырықша қасиетін білдіру үшін қолданылған. Түркі тілдерінің, қазақ тілінің белгілі заттың басқа зат, құбылыстан өзгешелігін көрсету үшін қолданылатын тəсілінің негізгісі – анықтауыштық қатынас. Мысалы, қарлығаш (қара ала құс), көкжөтел (көк жөтел), биыл (бұл жыл), ала-өкпе (алаөкпе) т.б. бірліктердің бірінші сыңарлары зат құбылыстың өзгешелігін көрсету, ажырату мақсатында қолданыла келе, тұтастыққа айналған. Көкжөтел, алаөкпе → ауру аттары. Жөтелдің түрі көп, соның ішінде ұзаққа созылатын, адам жөтелген кезде дем ала алмай көгеріп кететін түрі, сондықтан халық емдік заттарды көк түспен байланыстырады. Мұндай атаулардың қалыптасуының тереңінде адамның танымдық ақпараты жатқаны анық, лексикалануға жетелейтін де аялық білімдер жиынтығы. С.Исаев осы мəселе бойынша, «Атаулық тіркестердің басыңқы немесе тіркес құрауға ұйытқы сөзі көрініп тұрады. Ол негізінен анықталушы сөз болады» [2,13], деген түйін жасайды. Тіркес осы ұйытқы сөз атайтын зат, құбылыстың қасиеттерін даралау үшін құралады. Алтыбақан – алты бақанның басын үш-үштен біріктіріп, арқан байлап, əткеншек теуіп ойнайтын ойын аты; атауыз – аттың аузына ұқсайтын өрнек; аққала – қардан жасайтын тосқауыл, қоршау (ҚТТС, 1) аталатын бірліктердің анықтауыштық қатынас арқылы берілетін сандық, ұқсастық, қызметтік мағыналары сол заттың атауына айналуына уəж болған. Мұндай тіркестер толықтауыштық (орынбасар), пысықтауыштық (айналсоқтау) қатынастарда да құралады, дегенмен анықтауыштық қатынас жиі кездеседі.

Тірек (ұйытқы) сөздің көрініп тұруы атаулық тіркестердің басқа тіркес атаулыдан айырмашылығын тануға мүмкіндік береді:

  • атаулық мəндегі тіркестердің тұтас мағынасы сыңарлар мағынасының қосындысынан шығады, яғни зат, құбылыстың табиғатында екі сыңардың да мағыналық белгілері болады (қаптесер, тасбақа, жермай, жерсағыз т.б.);
  • атаулық тіркестер көп жағдайда терминдік сипатта келеді, тура мағынада жұмсалады, зат, құбылыстың бірден-бір атауы; синонимі болмайды;
  • атаулық тіркестер зат атауы ретінде тек номинативті қызмет атқарады [3,71], фразеологизмдердегідей эмоционалды-экспрессивті қызмет жоқ, рең, бояу болуы мүмкін;
  • атаулық тіркестер фразеологизмдерге тəн семантикалық тұтастық, морфологиялық тұтастық, синтаксистік тұтастық белгілеріне ие, морфологиялық, синтаксистік жағынан мүшеленбеуі семантикасына байланысты, семантикалық жақтан бөлінбеу лексикалану арқылы жүзеге асады, соның нəтижесінде тіркес лексема деңгейіне көтеріледі;
  • олай болса, тілде номинативті тіркес, атаулық тіркес аталып жүргендердің бəрін өз атымен атаған жөн; бұлар – лексикалану нəтижесінде жəне осы үлгіде қалыптасқан сөзжасам моделі арқылы жасалған тілдік бірліктер – күрделі сөздер, олардың сыңарларының арасындағы лексикалану үдерісі қолданыс қажеттілігіне қарай жүре беруі де мүмкін; күрделі сөздердің түрі белгілі болғанымен, олардың бірге жазылуы, бөлек жазылуы, қосарлануы мəселесін де қолданыс жиілігі айқындайды.

Анықтауыштық қатынастағы тіркестердің лексикалануы түркі тілдері сөздік құрамын байытудың бір жолы саналады [5,57], көп жағдайда мұндай үлгідегі сөздердің қолданысқа енуі белсенді түрде жүретіндіктен, зерттеушілер назарын да көбірек аударады.

 

  1. Балақаев М. Қазақ əдеби тілі. –А:, 1987. – 272б.
  2. Исаев С. Қазақ əдеби тілінің Совет дəуірінде дамуы. – А.Мектеп, 1973. – 195б.
  3. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. – А.; Мектеп, 1972. – 215б.
  4. Жұбанов Қ. Қазақ тіліндегі зерттеулер. – Алматы: Мемлекеттік тілді дамыту институты., 2010. – 608б.
  5. Баскаков Н.А. Историко-типологическая морфология тюркских языков. – М,; Наука, 1979. – 274.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.