Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Діни əлемдегі жүрек концептінің қызметі (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің материалдары бойынша)

Əлемдегі адамзат танымына сүйенсек жүрек – адам денесінің орталығы. Адам денесінің осы мүшесі оның өмір сүруінің негізгі күші, егер жүрек өзінің соғуын тоқтатса – онда адам да өзінің тіршілігін, яғни өмір сүруін тоқтатады. Сонымен қатар əлем тілдерінің барлығында жүрек концепті адамның рухани өмірінің орталығы болып саналатын сезімді білдірудегі басты ұғым ретінде қызмет атқарады. Жүрек адам бойындағы тек сезімді, эмоцияны ғана емес, адам танымындағы əртүрлі іс-əрекеттерді: күлу, қуану, ренжу, қорқу, сезу, сезіну, жылау, ойлану, өз еркімен шешім қабылдау, махаббаттың оянуын, ар-намыстың сезімдерін т.с.с реттеп отырады. Жүрек адам өміріндегі физикалық жəне рухани дүниетанымының негізгі көзі болып табылады.

Діни тұрғыдан алғанда жүрек – иманның тұрағы, Алла Тағалаға сенім мекені. Ислам дінінде жүрек адамның өзегі, дəні болып саналады. Адам жүрекпен жетіледі, бойындағы бар игі қасиет жүректен шығады. Жүрек қандай болса, адам да соның ыңғайына қарай қалыптасады. Жүрек адамның ішкі жан дүниесін бойлаумен қатар, тылсымды түсініп, ғайыпты сезінеді, шабыт алып қанағаттанады. Əлеммен тілдесетін жүрек шекара дегенді білмейді. Шығыс философтарының пікірінше, жүрек əрі дене мүшесі, əрі адамның рухани өзегі. Сондықтанда жүрек адамның ең жоғарғы жəне ең төменгі болмысын біріктіреді. Жүрек адам денесінің барлық мүшелерімен тығыз байланыстағы басты рөлді атқарады жəне «мемлекет əміршісі» ретінде оларға билік жүргізетін мүше.

Адамның ішкі адамгершілік қасиеттерін анықтайтын негізгі концептілердің бірі жүрекпен байланысты тілдік бірліктердің діни əлемдегі қолданыс аясы ерекше деуімізге болады: Мысалы: жүрегі таза; жүрегі кірлі (қара); жүрегі дертті, міні бар; қара жүрек, қара жүректі. Бұл тіркесімдердің Абай, Шəкəрім шығармаларындағы қолданыс жиілігі өте тығыз. Мысалы: жайнаған таза жүрек, талапты жас; жүрегіңде мін болса, тазарып жүрек кірінен, өртейін деп отқа көмдім, т.б. Сонымен қатар, жүрегі жылы; жүрегі суық; ақ жүрек; қара жүрек, т.б. сияқты антонимдік тіркестерді Шəкəрім шығармаларынан байқауымызға болады. Мысалы: ақ жүрекке кезіксең өзге түкке қайрылма, қылсаң адал еңбек, айнымайтын ақ жүрек пен таза ақылды адамның. Тең болмас ақ жүрек пен сұм залалкес.т.б. Мұнда жүректі ақ жүрекке, яғни тазалыққа теңеген, əрі соған құрылған

Қазақ ұғымындағы: аузын ашса жүрегі көрінеді «ақкөңіл, ақ жүрек адал, үлкен жүректі, жаманшылығы жоқ адам» мағынасында айтылатын тіркес кездеседі. Сол сияқты ыстық жүректі тіркесі «жақсы қасиетті» білдіретін мағынада қолданылса, қара жүрек «нашар, жағымсыз іс əрекеттерді» білдіретін мағынада қолданылып, нашар адамдардың бейнесін бейнелеген. Одан өзге өңі қандай қара болса, жүрегі де сондай қара «мысық тілеулі нашар адам, жақсылық емес, жаманшылыққа бейім» дегенді білдіреді.

Қазақ менталитетіндегі адамның діни нанымсенімге беріктігін, Аллаға, Алла ісіне, Алла жолына адалдығын жеткізетін тіркес – жүрегі Аллада 1, 390 б.. Абай, Шəкəрім шығармаларының ішінде жиі кездесетін сөздердің біріне жүрек жатады десек, сол тіркестердің көбісінің беретін мағынасы діни тұрғыдан беріледі. Мысалы: Абайдың: Жүректің көзі ашылса, һақтықтың түсер сəулесі.

Абай Қара сөз. Поэмалар / Книга слов. Поэмы. Алматы: Ел, 1993 жылы жарық көрген еңбектен Абайдың он төртінші жəне он жетінші қара сөздерінде жүрек концептінің қызметіне діни тұрғыдан толық мəлімет алуға болады:

Он төртінші қара сөз. Тірі адамның жүректен аяулы жері бола ма? Біздің қазақтың жүректі кісі дегені – батыр дегені. Онан басқа жүректің қасиеттерін анықтап білмейді. Рақымдылық, мейірбаңдылық, уа əрбір түрлі адам баласын өз бауырым деп, өзіне ойлағандай ойды оларға да болса игі еді демек, бұлар – жүрек ісі, асықтық та – жүрек ісі. Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды. Амалдың тілін алса, жүрек ұмыт қалады. Біздің қазақтың жүректісі мақтауға сыймайды. Айтқанға көнгіш, уағдада тұрғыш, бойын жаманшыдықтан тез жиып алғыш, кештің соңынан итше ере бермей, адасқан көптің атының басын бұрып алуга жараған, əділетті ақыл мойындаған нəрсеге, қиын да болса, мойындау, əділетті ақыл мойындамаған нəрсеге, оңай да болса, мойындамау – ерлік, батырлық осы болмаса, қазақтың айтқан батыры əншейін жүректі емес, қасқыр жүректі деген сөз.

Қазақ та адам баласы ғой, көбі ақылсыздығынан азбайды, ақылдының сөзін ұғып аларлық жүректе жігер, қайрат, байлаулылықтың жоқтығынан азады. Білместігімнен қылдым дегеннің көбіне нанбаймын. Білімді білсе де, арсыз қайратсыздығынан ескермей, ұстамай кетеді. Жаманшылыққа бір ілігіп кеткен соң, бойын жиып алып кетерлік қайрат қазақта кем болады.

Осы жұрттың көбінің айтып жүрген мықты жігіт, ер жігіт, пысық жігіт деп ат қойып жүрген кісілерінің бəрі – бəлеге, жаманшылыққа еліртпек үшін, бірін-бірі «айда батырлап!» қыздырып алады да, артын ойлатпай, азғыратұғын сөздері.

Əйтпесе, құдайға терістіктен, не ар мен ұятқа терістіктен сілкініп, бойын жиып ала алмаған кісі, үнемі жаманшылыққа, мақтанға салынып, өз бойын өзі бір тексермей кеткен кісі, тəуір түгіл, əуелі адам ба өзі? [2, 33 б.].

Он жетінші қара сөз. Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі өнерлерін айтысып, таласып келіп, ғылымға жүгініпті.

Қайрат айтыпты: Ей, ғылым, өзің білесің ғой, дүниеде еш нəрсе менсіз кəмелетке жетпейтұғынын; əуел өзіңді білуге, ерінбей, жалықпай үйрену керек, ол менің ісім, құдайға лайықты ғибадат қылып, ерінбей, жалықпай орнына келтірмек те – менің ісім. Дүниеге лайықты өнер, мал тауып, абұйыр, мансапты еңбексіз табуға болмайды. Орынсыз, болымсыз нəрсеге үйір қылмай, бойды таза сақтайтұғын, күнəкəрліктен, қөрсеқызар жеңілдіктен, нəфсі шайтанның азғыруынан құтқаратұғын, адасқан жолға бара жатқан бойды қайта жиғызып алатұғын мен емес пе? Осы екеуі маған қалай таласады? – депті.

Ақыл айтыпты: Не дүниеге, не ахиретке не пайдалы болса, не залалды болса, білетұғын – мен, сенің сөзіңді ұғатұғын – мен, менсіз пайданы іздей алмайды екен, залалдан каша алмайды екен, ғылымды ұғып үйрене алмайды екен, осы екеуі маған қалай таласады? Менсіз өздері неге жарайды? – депті.

Онан соң жүрек айтыпты:

Мен – адамның денесінің патшасымын, қан менен тарайды, жан менде мекен қылады, менсіз тіршілік жоқ. Жұмсақ төсекте, жылы үйде тамағы тоқ жатқан кісіге төсексіз кедейдің, тоңып жүрген киімсіздің, тамақсыз аштың күйжəйі қандай болып жатыр екен деп ойлатып, жанын ашытып, ұйқысын ашылтып, төсегінде дөңбекшітетұғын – мен. Үлкеннен ұят сақтап, кішіге рақым қылдыратын – мен, бірақ мені таза сақтай алмайды, ақырында қор болады. Мен таза болсам, адам баласын алаламаймын: жақсылыққа елжіреп, еритұғын – мен, жаманшылықтан жиреніп, тулап кететұғын – мен, əділет, нысап, ұят, рақым, мейірбаншылық дейтұғын нəрселердің бəрі менен шығады, менсіз осылардың көрген күні не? Осы екеуі маған қалай таласады? – депті.

Сонда ғылым бұ үшеуінің сөзін тыңдап болып, айтыпты:

  • Ей, қайрат, сенің айтқаныңның бəрі де рас. Ол айтқандарыңнан басқа да көп өнерлеріңнің бары рас, сенсіз болмайтұғыны да рас, бірақ қаруыңа қарай қаттылығың да мол, пайдаң да мол, залалың да мол, кейде жақсылықты берік ұстап, кейде жамандықты берік ұстап кетесің, соның жаман, – депті.
  • Ей, ақыл! Сенің айтқандарыңның бəрі де рас. Сенсіз еш нəрсе табылмайтұғыны да рас. Жаратқан тəңіріні де сен танытасың, жаралған екі дүниенің жайын да сен білесің. Бірақ сонымен тұрмайсың, амал да, айла да – бəрі сенен шығады. Жақсының, жаманның – екеуінің де сүйенгені сен; екеуінің де іздегенін тауып беріп жүрсің, соның жаман, – депті.
  • Сен үшеуіңнің басыңды қоспақ – менің ісім, – депті. Бірақ сонда билеуші, əмірші жүрек болса жарайды. Ақыл, сенің қырың көп, жүрек сенің ол көп қырыңа жүрмейді: Жақсылық айтқанына жаны-діні құмар болады. Көнбек түгіл қуанады. Жаманшылық айтқаныңа ермейді. Ермек түгіл жиреніп, үйден қуып шығарады. Қайрат, сенің қаруың көп, күшің мол, сенің де еркіңе жібермейді. Орынды іске күшіңді аятпайды. Орынсыз жерге қолыңды босатпайды. Осы үшеуің басыңды қос, бəрін жүрекке билет,
  • деп ұқтырып айтушының аты ғылым екен.

Осы үшеуің бір кісіде менің айтқанымдай табылсаңдар, табанының топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам сол.

Үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтадым.

Құдайшылық сонда, қалпыңды таза сақта, құдай тағала қалпыңа əрдайым қарайды деп кітаптың айтқаны осы, – депті [2, 38 б.].

Орыс тілінің əлемдік бейнесінде жүрек дінде маңызды рөл атқарады:

Господь смотрит на сердце «Тəңірім жүрегіңе қарайды». Мысалы: Господь сказал Самуилу:

Have a heart! «Аяушылық етіңдер! Рақым етіңдер!»;

Love your heart = Lord love your heart! «құдай алдында, сұра!»;

For my heart «Өлтірсең өлтір, маған бəрібір»;

Dear heart! (God или Lord bless your heart!) Cross one's heart; «Құдайым-ай!; сүйіктім; ант ішу, құдай алдында ант ішу (жүректі шоқындыру)»;

Bless my heart and soul «Тəңірім! Құдайым!

Шын сөзім!».

Інжіл кітапта жүрек пен жанның түсінік тері кейде бірін-бірі ауыстырып отырады. Б.П. Вышеславцев көрсеткендей: жүрек діни қайғырудың негізгі мүшесі болып саналады». Жүрексіз адам махаббатсыз жəне дінсіз адамдар бар, бірақ дінсіздік соңына келе қатыгездікке алып келеді» [3, 64 б. ]. Əрі қарай автор жүрек құдайдың сөзін жəне əулие рухтар дың сыйын қабылдайтын мүше, одан құдайдың махаббаты төгіліп тұрады деп айтқан. Онда кісінің қадір қасиетінің орталығы көрсетіліп тұрады.

Я смотрю не так, как смотрит человек, ибо человек смотрит на лицо, а Господь смотрит на сердце. 1 Царствие. 16.7. (Михельсон М.И.).

Одна душа – одно и сердце «жаның біреу –жүрегіңде біреу»; Единое сердце, единая душа «жүрегі бірдің, жаны бір». Мысалы: У множества же yвeровавших было одно сердце и одна душа: и никто ничего из имения своего не называл своим, но все у них было общее. (Деяния Апостолов. 4.32. Михельсон М.И.).

Ағылшын тілінде жүрек концептімен байланысты көптеген таңқалдырулар көрсетілді: Мысалы: байғұс, сорлы «Poor heart».

Негізінен көп мөлшерде діни сипаттағы ерекшеліктер таңқалдырады: Мысалы:

 

  1. Момынова Б.К. Шəкəрім поэзиясының тілі. – Алматы: Арыс, 2008. – 144 б.
  2. Абай. Қара сөз. Поэмалар / Книга слов. Поэмы. – Алматы: Ел, 1
  3. Вышеславцев Б.П. Сердце в христианской и индийской мистике // Вопросы филисофии. – 1990. №4. – С. 62-87.
  4. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. / Бас. ред. Ə.Нысанбаев. – Алматы: Қазақ энциклопедиясының бас редакциясы, 2002. – 4 том. – 752 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.