Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жарнамадағы түр-түс атауларының берілу сипаты

Түр-түс – өмірдің көптеген салаларын қамтитын көп қырлы ұғым. Түртүс табиғаты – адамзат мəдениетінің ажырамас бөлігі. Түр-түс табиғаты – қай заманнан да əртүрлі ғылымдардың зерттеу нысаны.

Түр-түстің лингвистикалық тұрғыдан зерделенуі жалпы тіл білімінде – Б. Уорф, А. Мэтьюз, Р. Фрумкина т.б., түркологияда – А.Н. Кононов, Э.В. Севортян, А.М. Щербак т.б. есімдерімен байланысты. Қазақ тілінде түр-түс атауларының арнайы зерттелуіне Ə. Қайдаров, З. Ахтамбердиева, Б. Өмірбеков авторлығымен жарық көрген «Сырға толы түр мен түс», «Түр-түстердің тілдегі көрінісі» еңбектері арналған. Мұның біріншісінде түсті физикалық табиғаты тұрғысынан қарастырса, екіншісі түр-түске жүйелік құрылымдық сипатта тілдік талдау жасауға бағытталған [Аитова 2006: 12].

Соңғы уақыттарда қазақ тіл білімінде түртүс категориясы əр қырынан зетттеу нысанына алынып, жан-жақты сипатта қарастырылуда. Бұл сөзімізге Ш. Жарқынбекованың «Языковая концептуализация цвета в казахском и русском языках» атты докторлық диссертациясы, Ж. Бекетаеваның «Прямое и образное цветообозначение», Ж. Калымованың «Фразеологизмы с компонентами цветообозначения в казахском языке» кандидаттық диссертациялары, Н. Аитованың «Қазақ тіліндегі түр-түс атауларының когнитивтік семантикасы» оқу құралы, сондай-ақ Ф. Ахметжанова, А. Əбдірахманов, Е. Жұбанов, Е. Қойшыбаев, А. Махмутов, М. Нұржігітова, Ұ. Серікбаева, Р. Сыздықова еңбектері айқын дəлел бола алады.

Алайда қазақ тіл білімінде жарнама мəтіндеріндегі түр-түс атаулары күні бүгінге дейін лингвистикалық тұрғыдан баяндалған емес. Ал жарнама мəтіндерінде түр-түске қатысты сөздер көптеп кездеседі. Байқап қарасақ, олардың кейбіреуі түр-түс ұғымын білдірсе, кейбірі түртүске қатысы жоқ басқа, ауыспалы мағынаны аңғартады.

Жарнама мəтіндерінде кездесетін түр-түс атауларына сипаттама бермес бұрын, алдымен жарнама ұғымына қысқаша болса да тоқталып өткеніміз жөн болар.

Қазіргі таңда əлеуметтік, экономикалық тыныс-тіршілігімізді жарнамасыз көзге елестету мүмкін емес. Жарнама əрбір адамның өміріне еркін еніп, қоғам тіршілігінің бір құрамдас бөлігіне айналды.

Жарнама (жар + нама; жар – «жария етті, мəлімдеді; хабар тараттты, жариялады»; нама – араб-парсы сөзі «жазылған хат, шығарылған бəйіт, дастан») – қазақ мəдениетінде кең қолданылған ұғым, дефинициясы айқын термин. Жарнаманың мəн-мағынасы баршаға белгілі, əйтсе де көпшілік мақұлдаған бірыңғай анықтамасы жоқ. Зерттеуші Ғ.Ə. Солтанбекова өз еңбегінде жарнама жөніндегі барлық анықтамаларды ескере отырып, мынадай тұжырымға келгендігін айтады: «Жарнама – терминдік ұғымдық көлемі кеңейген жаңа мазмұндағы қоғамдық-əлеуметтік термин; нарықтық қоғамның бір бөлігі, ұсыныстар мен ойларды, тауарларды насихаттайтын, əрбір өндірістің, ұйымның тиімді қызмет етуіне ықпал жасайтын, бəсекелестікті дамытатын форма; бұл оның экстралингвистикалық сипатына қатысты анықтама» [Солтанбекова 2001: 45].

Зерттеушінің айтуы бойынша, қазіргі кезде қазақ жарнамалары негізінен төмендегідей тақырыптарды, салаларды қамтитын көрінеді:

  1. Экономика: өндіріс, сауда, қаржы, жұмыс күшін ұсыну, жұмыс іздеу т.б.
  2. Тұрмыстық қызмет көрсету: жөндеу, тігу, тұрмысқа қажетті бұйымдар жасау, демалуға қажетті заттарды жасау т.б.
  3. Интеллектуалды қызмет: білім, медицина, кітаптар, баспасөз, бал ашу, туризм т.б.
  4. Мəдени шаралар: цирк, театр, концерттік бағдарламалар, көрмелер т.б.
  5. Дін: діни плакаттар (мысалы, Амантай қажының «Аттан» партиясының үндеулері), діни салт жоралары шараларына шақыру т.б.
  6. Саясат: сайлау қарсаңында кандидаттарға дауыс беруге үгіттеу, бұқаралық жиындар дың, шерулердің, манифестациялардың үндеулері т.б.
  7. Заң қызметі: жоғалғандар туралы хабарламалар, қылмыскерлерді іздестіру, сот үдерісіне шақыру т.б.
  8. Өмір салты: темекіге, нашақорлыққа, араққа қарсы акциялар т.б.
  9. Ғылым жəне экология: ағартушылық бағыттағы жарнама, үндеухаттар, плакаттар, проспектілер, буклеттер арқылы ғылыми көпшілікке жария ету т.б.
  10. Отбасындағы жəне адамдар арасындағы қатынастар: танысу, некеге тұру хабарландырулары, бірлесіп саяхат жасауға, бірлесіп қызмет жасауға шақыру т.б.
  11. Қайырымдылық: қайырымдылық акциялары туралы хабарлау, құрмалдық жасауға үгіттеу т.б. [Солтанбекова 2001: 51].

Жарнама мəтіндерін қарастырғанда біз зерттеуші Ғ.Ə. Солтанбекованың еңбегін басшылыққа алғанды жөн санадық. Себебі автор зерттеуінде жарнама қамтитын қызметтің түрлері жан-жақты, кеңінен қамтылған.

Ахроматты түстерді білдіретін лексемалар

Қазақ жарнама мəтіндерінде ақ, қара, аппақ, қоңыр, қызыл, көк, көгілдір сияқты сөздер жиі қолданылады жəне бұлардың мəн-мағыналары да сан түрлі. Сондықтан біз бұлардың кейбіреулеріне, атап айтсақ, ахроматты түстерді білдіретін лексемалар – ақ жəне қара сөздеріне арнайы тоқталғанды жөн көрдік.

АҚ. Тілімізде ақ сөзі сан алуан мағыналарда қолданылады: а) қардың, сүттің түсіндей түс;

  1. таза, кіршіксіз; адал, шыншыл, тамаша;
  2. мал сүті жəне одан алынатын айран, қымыз, шұбат тəрізді тағамдар; 4) ақиқат, шындық;

5) судың ілгері, төмен жылжуы (ағуы); 6) жұмыртқаның белогы; 7) көздің аласы, көздің ағы;

  1. мөлдір, тұнық т.б. [Шойбеков 1990: 14].

Жарнама мəтіндеріндегі ақ сөзі де басқа түртүс атаулары секілді тура жəне ауыспалы мағыналарда қолданылады.

    1. Жарнама мəтіндері құрамында ақ сөзінің тура мағынасында жұмсалуын төмендегідей мысалдар арқылы білуге болады:
  • Гарньер Колор Нэчралс маған жарайды ма?
  • Иə, егер Сіз қанықты жарқын төзімді реңк іздесеңіз
  • Иə, егер Сіз ақ шашыңызды толық бояғыңыз келсе
  • Иə, егер Сіз жай түбірлерін боямақ болсаңыз.

(Гарньер Колор Нэчралс жарнамасы) Жарнама мəтінінен аңғарғанымыздай, мұн-

дағы ақ сөзі негізгі түр-түстік мағынасында қолданылған. Басқа емес, жарнама мəтініне нақты ақ сөзінің таңдалынып алынуы да жайдан-жай емес. Осы сөз арқылы тұтынушыға «ақ шашыңыздың өзіне сіз қалағандай реңк беріп, қашан да жас, сұлу көрінуіңізге жол ашады» дегендей ойға жетелеп, сатып алуға итермелейді.

Микрогранулалары бар жаңа Orbit Professional White сіздің тісіңіздің табиғи ақ қалпына келуіне көмектеседі жəне тіс тазалығының шынайы сезіміне бөлейді.

(Orbit Professional White жарнамасы)

Бұл мысалдағы ақ сөзі негізгі түстік, тура мағынасында жұмсалған. Тіс түсінің ақтығы – табиғи нəрсе. Жарнама мəтінінде тіс түсі негізге алына отырып, сол сөз арқылы тұтынушыларға жағымды əсер туғызу ниеті көзделгендігі байқалады. Себебі адам санасында ақ – тек тіс түсінің табиғилығы ғана емес, сонымен қоса кіршіксіз пəктіктің, тазалықтың символы. Ал адам жанының қашан да тазалықты, шынайылықты қалайтындығы белгілі жайт.

Қызыл талдан жонылып, ақ киізбен жабылған, басқұр шашақ, шалма тағы басқа əшекейлері өрнек салып термеленіп тоқылған қазақ үйін сатамын. Үйдің керегесіне ұстайтын шиі, киіз сыртынан ақ кенептен қаптамасы бар. Мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Куратов атындағы көше, 42 үй.

(Алматы ақшамы, 7.06.1995)

Ақ сөзінің бұл жарнама мəтінінде де өзінің негізгі түстік, реңктік мағынасында жұмсалғандығын байқау қиын емес. Жарнама берушінің киіз түсінің, кенептен тігілген қаптама түсінің басқа емес, нақты ақ түсті екендігінен хабардар етуді мақсат еткендігі аңғарылады. Осы тəріздес мысалдарды көптеп келтіре беруге болады.

Жарнама мəтіндерінде ақ сөзінің ауыспалы мағынасында жұмсалуы.

Ақ үнемі түр-түс ұғымын білдіре бермейді.

«Ақ атауының ақ түске қатысы бола тұрса да, одан алшақтап кеткен, тіпті логика-семантикалық байланысын, қатыстығын мүлдем үзген (метафоралық, метонимиялық) ауыс мағыналары мен символикалық мəнде қолданыстары тілімізде жиі кездесетін құбылыс» [Қайдаров 1992: 60].

Ақ түс – қазақ ұғымындағы ең қасиетті, ең ардақты, ең сүйкімді, ең жұмсақ бояулардың бірі. Сол себепті де ақ түс жалпы жақсылық, ізгілік, адамгершілік, пəктік, сүйкімділік секілді ұғымдардың бəрімен де шектесіп, астарласып жатады.

Басқаша айтқанда, аталмыш ұғымдардың барлығы да осы ақ түспен ассоциацияланады. Мысалы, ақ көңіл, ақ жүрек, ақ ниет, ақ тілеу, ақ бата, ақ өлім, ақ жол, ақ тамақ, ақ білек, ақ маңдай, ананың ақ сүті тəріздес толып жатқан тұрақты тіркестер ассоциациялық процестің нəтижесінде дүниеге келіп, əбден тұрақталып қалған [Ахметжанова 2000: 47].

Жарнама мəтіндері құрамынан да осы сипаттағы мысалдарды жиі кездестіруге болады. Мəселен, 

Құрметті

Күлгені келтіретін кешке шырай, Қызымыз сырын ашты еш жасырмай. Отыр ол ақ босаға аттағалы, Жүрегінің қалауы шешті осылай.

Баяғы ата-баба жүрген ізбен, Құдалар қолқа салды іргемізден. Тілеулес, құрбы-құрдас, дос, ағайын, Қызықты бөлісіңіз бірге бізбен.

Сіздерді аяулы қызымыз Əсемнің ұзату тойына шақырамыз

Ақ түр-түстік мағынаны білдірмей, тілек сөзімен тіркесе келіп, адал ниет, таза, ізгі көңіл қалауы деген мағынада қолданылып тұрғандығы мəтін мазмұнынан аңғарылады.

Тойтұмар

Ақ тілегіңізді жырмен өріп, ең қадірлі адамыңызды арнау өлеңмен құттықтағыңыз келсе, бізге хабарласыңыз.

Мерейтойлар мен мүшелтойларға, туған күндер мен үйлену тойларына, алтын-күміс тойларға құттықтау папкілерінің мəтіндерін даярлаймыз.

Шығармашылықпен айналысатын талапкер- лерге поэзиялық, прозалық қолжазбаларды редакциялап, кітап даярлауға көмектесеміз.

Орыс, ағылшын тілдерінен қазақша ау- дармалар жасаймыз.

Ақысы келісімді.

Байланыс телефонымыз: 328-21-96.

(Алматы ақшамы, 14.02.2009)

Ақ тілеулі, ақ ниетті халқымыздың табиғатынан хабардар ететін мұндай тіркестердің жарнама мəтіндерінде де кездесуі заңды құбылыс болса керек.

Дертіне дауа іздеушілер назарына! Бисмилла

− иррахман − рахим!

Алланың пайдакүнемдік, арамзалықтан аулақ ақ жолымен өмірдегі жолы ауырлап, жаны ауырып, тəні түрлі сырқат-кеселдерге душар болған адамдарға шипа-шарапатын дары- туға құштар, мемлекеттік лицензиясы бар теопсихобиоэнерготерапевт Сара Қыбырай- қызы емделуге, жеңілденуге, салауатты да саламатты, берекелі де бақытты өмір-тұрмыс үшін күресуге шақырады.

Емші ішкі құрылыс, жүйке жəне қозғалыс жүйелері, жүрек қан тамырлары, тыныс алу жолдары, тері, жыныс ауруларын биоөрісінің қуаты, құран оқып, дем салу арқылы емдеп, айықтырады...

(Алматы ақшамы, 30.10.1998)

Зерттеу барысында байқағанымыздай, осы сипаттағы (емделуге шақыру) жарнамалардың көбісінде дерлік ақ жол тіркесі қолданылады екен. Бұл мəтіндегі ақ жол тіркесі – ақиқат, əділ жол дегенді аңғартады.

Қыз ұзату

Қазақ ұғымында ақ босаға – таза, қадірлі, жаңа мағынасында игіліктің, жақсылықтың нышаны ретінде жұмсалатын тіркес. Босаға тура ұғымында: үйдің кіре берісі, кең ұғымында – үй, отбасы. Қазақтар жас жұбайларға: «Босағаңнан береке кетпесін», – деп тілек айтады. Осы үрдіс жарнама мəтінінен де көрініс тапқанын аңғаруға болады.

ҚАРА. Тілімізде көп мағыналы сөздердің бірі – қара. Бұл сөздің: 1) күйенің, көмірдің түсіндей (түс, бояу); 2) дəл не екені айқын емес, қарайып көрінген нəрсе; қарайған; 3) сиыр, жылқы, түйе сияқты ірі мал; 4) қарапайым халық арасынан шыққан адам, қара халық, бұқара; 5) ес, серік, тірек, сүйеу; 6) арам, қара ниет, зұлым т.б. мəнінде қолданылатындығы белгілі [Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі 1982: 36, 6том].

Жарнама мəтіндеріндегі қара сөзі де тура жəне ауыспалы мағыналарда қолданылады.

  1. Жарнама мəтіндері құрамында қара сөзінің тура мағынасында жұмсалуын төмендегідей мысалдар арқылы дəлелдеуге болады:

Сатып аламыз

Жұмыс киімдерін: малақай, мақталы шалбар, жүннен тоқылған шұлық, қара түсті болғаны дұрыс.

(Аруана, 21.10.1994)

Бұл мəтіннен көріп отырғанымыздай, қара сөзі өзінің негізгі түстік мағынасында қолданылған. Осы жарнамада нақты аталып көрсетілген қара сөзі арқылы қарапайым жұмысшы бейнесі ассоциацияланады.

Жасым 42-де. Бойым 175 см. Мамандығым – мал дəрігері. Өзім Астана қаласында мемлекеттік қызметте жұмыс істеймін. Адамгершілік қасиеттерден кенде емеспін.

Болашақта жасы 30-40 аралығындағы ақылды, бұрын некеде болмаған, Астана қаласында үйі

бар, қара шашты, қара көзді қазақтың қарапайым бикешімен танысқым келеді.

(Қазақстан əйелдері, қаңтар, 2005 жыл)

Бұл мысалдағы қара сөзінің де түстік мағынасында қолданылып тұрғандығы айқын аңғарылады. Мұнда жарнама беруші танысқысы келген адамының шашының, көзінің түсінің қара болғандығын қалайтынын білдірген. Тағы бір айта кетерлігі, осы мəтіндегі қара шашты, қара көзді деген тіркестен атап айтпаса да қазақ қызы жайлы айтып отырғандығын білуге болады.

Алматы қаласының Əуезов ауданында орын алған кісі өлтіру фактісі бойынша

Хабарлаймыз

2001 жылы 3-желтоқсанда сағат 10.40 кезінде Алматы қаласының Əуезов ауданында Алты Алаш елді мекеніндегі жекеменшік үй- лердің бірінде, сол жердің тұрғындары Сар- мановтар жанұясының өлі денелері табылды...

...Осы қылмысты жасаған деген күдікпен, бұрын кісі өлтіргені үшін жəне қарақшылық шабуыл жасағаны үшін сотталған, 1961 жылы Өзбекстан Республикасы Нүкіс қаласында туған Ж. Боуединов деген азаматқа іздеу саламыз...

Киімі:

  • Қысқа, қара түсті былғары куртка;
  • Қара шалбар;
  • Қара қыстық етік;
  • Қара түсті, торлы кепка...

(Алматы ақшамы, 6.12.2001)

Зерттеу барысында анықталғандай, заң қызметінің қылмыскерлерді іздестіруді жарнамалайтын осы тəріздес жарнамаларда қара сөзі ең жиі қолданылатын сөз екен. Мұндағы қара сөзінің негізгі түстік ұғымында қолданылуымен қатар, аталмыш сөз арқылы қылмыскер бейнесі ассоциацияланатынын білуге болады.

  1. Жарнама мəтіндерінде қара сөзінің ауыспалы мағынасында жұмсалуы. 

қандай: «Біз екеуміз үндемелік, домбыра бір сөйлесін...», қазақтың қара домбырасымен армансыз тілдесетін кеш қызығынан құр қалмаңыз, көрермен!

(Алматы ақшамы, 26.05.2000)

Домбыра – қазақ халқының екі шекті музыкалық аспабы. Мəтін құрамындағы қара – домбыра түсінің қаралығын білдіретін сөз емес. Қазақ ұғымында қара домбыра – əбден тұрақталған, бөліп-жаруға келмейтін тіркес. Бұл тіркестегі қара сөзі қадірлі, қастерлі, қасиетті деген мағынаға саяды.

Наурыз келсе бусанады қара жер, Тəтті іздесе «Рахатқа» барады ел. Бізде бəрі: драже мен зефир де,

Мармелад пен ирис жəне карамель.

(«Қазақ əдебиеті» газетінен алынды)

Бұл мəтіндегі қара сөзі түстік мағынасында жұмсалмай, жер сөзімен тіркесе келіп, қара жер– жер беті деген мағынада қолданылған.

Сонымен, түр-түс атауларының біраз сыры жарнама мəтіндерінде де байқалады екен. Жоғарыда келтірілген тілдік деректер тіліміздегі түр-түс атауларының үнемі түр-түстік ұғымды білдіре бермейтінін, жарнама мəтіндерінің құрамында келу арқылы халқымыздың салтсанасынан, эстетикалық талғамынан елес беретінін көрсетеді.

 

  1. Аитова Н.Н. Қазақ тіліндегі түр-түс атауларының когнитивтік семантикасы: Оқу құралы. – Ақтөбе: Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті, 2006. – 161 бет.
  2. Қайдаров Ə.Ахтамбердиева З., Өмірбеков Б. Түртүстердің тілдегі көрінісі. – Ана тілі, 1992. – 160 бет.
  3. Ахметжанова Ф.Р., Қайырбаева Қ.Т. Түр-түске байланысты тұрақты сөз тіркестері. / Шығыс Қазақстан мем. ун-ті. – Өскемен, 2000. – 136 бет.
  4. Шойбеков Р.Н. Кейбір түр-түс атауларының мағыналары // Қазақ ССР ҒА Хабарлары. Филология сериясы, 1990, №3.
  5. Солтанбекова Ғ.Ə. Қазақ жарнамалары: тілдік сипаты жəне олардың ықпал ету қызметі. Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дəрежесін алу үшін дайындалған диссертация. Алматы, 2001.
  6. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 6том. ҚазақССР-нің «Ғылым» баспасы, 1982.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.