Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазіргі қазақ тіліндегі үстеу сөз табының сөзжасамдық жұрнақтары

Қазіргі қазақ тіліндегі үстеу сөз табының сөзжасамдық жұрнақтары жан-жақты зерттеліп, əр қырынан талданып жүр. Мəселен, көпшілікке белгілі А.Ысқақовтың «Қазіргі қазақ тілі. Морфология» оқулығында үстеудің 8 түрлі жұрнағы бар деп, мына жұрнақтар берілген: 1)-ша, -ше (құсша); –лай, -лей, -дай, -дей, -тай, -тей (екіншілей, жастай, күздей); –дайын, -дейін, -тайын,

-тейін (түлкідейін, жорғадайын); шалық, -шама (мұншалық, соншама); -лап, -леп, -дап, -деп, тап, -теп (жаяулап, темірлеп); -шылап, -шілеп (сиыршылап, Бейсеншілеп); –қары, -кері (ішкері, сыртқары); -ын, -ін, -сын, -сін (қысын, жазын, ертеңгісін) /1. 338-339/.

1989 жылы баспадан шыққан «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі» атты монографияда үстеу сөзжасамы мəселесін тіл білімінің зерттеуші ғалымы Қ. Есенов үстеу сөзжасам жұрнақтарына қатысты тың пікірлер айта отырып, көптеген жаңалықтар қосқан. Атап айтқанда, үстеудің сөзжасамдық жұрнақтарының құрамына байланысты тың пікірлерін тілдік материалмен дəлелдей отырып, ғалым ағамыз үстеудің 29 жұрнағына талдау жасаған. Олар төмендегідей: ын/-ін: қысын, жазын, əшейін, жырын (кеткен); ман/-мен: ертемен, бермен; -лы / -лі: ертелі; -дай/-дей: жаздай, жебірдей, бүтіндей, екіншілей; -ша /-ше: қазақша, қоңырша; -лап / леп: абайлап, ақшалап, емізектеп; -латып /летіп: түнделетіп, күндіздетіп; -лата /-лете: біржолата, жаяулата, борандата; -рақ / -рек: əрірек, бертінірек, артқарақ; -лау /-леу: қызылдау, жұпынылау;– ең: кешең; -ау / -еу: кешеу; -сыз / -сіз: доғарусыз, абайсызда; -ғай / гей: желбегей, елбегей, көбінекей; -ы / -і: əуелі, ақыры, дəйімі, арнайы; шаң / -шең: киімшең, жейдешең, күтімшең, дамбалшаң; -са / -се: көбінесе, əлесе; -лас / -лес: арналас, еншілес, қарбалас; -ыс /-іс: асығыс, қағыс; -кірім / құрым: кешқұрым, кешкетұрым, кешкірім; -дыз

/діз: күндіз; -ғаш / -геш: алғаш; -дық / -дік: əредік; -ай / -ей: жолай; -нау / -неу: көрнеу; –би немесе -бей: бейтарап, бибарақат, бижай; ыртын / -іртін: астыртын, үстіртін; –қары /кері, -ғары/-гері: тысқары, жоғары, ішкері /2. 331-341/.

2002 жылғы «Қазақ тілінің сөзжасамы» оқулығында мына жұрнақтар үстеудің сөзжасамдық жұрнақтары деп берілген: –ша,-ше: балаша,

биылша, қазіргіше; -ай: жолай, солай; –сын, сін: кешкісін, ертеңгісін; –ын, -ін: қысын, жазын, жырын; –ең: кешең; –қары, кері: тысқары, ішкері; –рақ, рек: жоғарырақ, төменірек; –дай, дей, тай, -тей, -лай, -лей: бүгінгідей, ойдағыдай; –лықты: оншалықты; –латып, -летіп: қарлатып, борандатып, түнделетіп; –ыртын, іртін: астыртын, үстіртін; –шама: осыншама, соншама; –лық: осыншалық, соншалық; –ты: осыншалықты, соншалықты; –лап, леп: ондап, жүздеп, əдейілеп; –ақана: қасақана; -а: жорта

/3. 159-161/.

Əрине, оқулықта аталған кейбір жұрнақтарға байланысты талас пікір айта аламыз. Мəселен, – шама, -шалық, -шалықты құранды жұрнақтарының құрамындағы жұрнақтардың əрқайсысын дара жұрнақ деп берген. Біз бұл пікірге қосылмадық. Оған мына мəселелер себеп болды:

  1. түркі тілдерінің біразында олар құранды жұрнақ деп танылған. Мəселен, қарақалпақ тілінде: ушунғалак, анчалық, ошончаук деген туынды үстеулер –чалық жұрнағы арқылы жасалған деп саналады. Қазақ тілінде де олар құранды жұрнақ деп танылып жүр /1. 339/.
  2. –шама жұрнағының құрамындағы –ма тек

–ша жұрнағымен бірге ғана үстеу жасайды, жеке өздігінен үстеу жасамайды: соншама, осыншама, мұншама. Сондықтан –шама құранды бір жұрнақ деп танылды.

  1. –шалық жұрнағындағы –лық жұрнағы да

–ша жұрнағынсыз үстеу жасамайды. Мысалы: соншалық, оншалық, мұншалық, осыншалық. Сондықтан ол біртұтас құранды жұрнақ деп танылды.

  1. – шалықты жұрнағының құрамындағы ты жұрнағы да жеке тұрып үстеу жасамайды, тек осы құрамда ғана туынды үстеу жасайды. Сондықтан ол да осы құрамда үстеу жұрнағы деп танылды.

Осындай себептерге сүйеніп, оқулықта –ша, ма, -лық, -ты жұрнақтарын дербес жұрнақ деген пікірге дау айта аламыз.

Қазақ тіліндегі үстеу мəселесін ғылыми еңбек тұрғысында зерттеген еңбектерді зерделей келе, бұл мəселеде ғалымдар арасында тұрақталмаған, яғни ғылыми тұрғыда дəлелденіп, бір шешімге келмеген мəселелерге назар аударуды жөн санадық. Біріншіден қазақ тіл біліміндегі зерттеулер мен оқулықтарда үстеудің сөзжа-

самдық жұрнақтары туралы пікір алалығы болса, екіншіден, кейбір еңбектерде үстеудің сөзжасамдық жұрнақтары мүлдем жоқ деп, əр сөз табының тілдік бірліктері арқылы қалыптасқан сөз табы деген пікірлер де жоқ емес. Бұндай пікірді ғалым Ж. Сарбалаевтың еңбегінен кездестіруге болады /4. 30-31/.

Бұл мақалада ғылымдағы сөзжасам ілімінің бай теориялық жаңалықтарына, қазақ тілінің бай тілдік деректеріне сүйене отырып, оларды талдау, сұрыптау нəтижесінде қазіргі қазақ тілінде үстеудің 47 сөзжасамдық жұрнағы бар деп айта аламыз. Бұндай пікірге келмес бұрын, түркі жəне қазақ тілдеріндегі зерттеу жұмыстары мен оқулықтар материалдарында көрсетілген үстеу сөзжасам жұрнақтары туралы пікірлерді көркем əдеби шығармалар тіліндегі материалдармен салыстыра отырып, осындай пікірге тоқтадық. Үстеудің сөзжасамдық жұрнақтарына мына жұрнақтарды жатқыздық: -ғары/-гері,– қары /-кері, -ары, ері: ілгері, тысқары; -ры, -рі,

-ра: ары, бері, соңра; нөлдік жұрнақ: бірге, зорға, алда, арттан, алдан;–ғай, -кей: жапатармағай, ыңғай, шалғай, көбінекей, қырқай; – лай, -лей, -дай, -дей, -тай, -тей: қыстай, жаздай, күздей;–ман, -мен: əрмен, бермен, арман, өлермен; –ай: жолай, солай, олай;–бай: жолшыбай; ре: үдере; –еу: шетеу; –шау, -жау: оқшау, шанжау;– ын: қысын, жазын, ақырын, жасырын; – ғаш: алғаш, қиғаш; –сын, сін; кешкісін, ертеңгісін, едəуірдесін, кешегідесін;– е: іле; тын, -тін: əртін, бертін; –бей, -би: бижай, битарап, (бейтарап); –ы, -і: үнемі, ақыры, арнайы, ұдайы, өмірі, ғұмыры; -ша, -ше: орысша, адамша, мұнша; -латып, -летіп: борандатып, шулатып, желдетіп;–аң, -ең: желең; –са, -се: тарса, көбінесе;–діз: күндіз;–кірім: кешкірім, кешқұрым, кешкітұрым; -зде: ілезде; –шама: мұншама, соншама, осыншама; –шалық: соншалық, мұншалық осыншалық; –лы, -лі: жаяулы (жалпылы), шандулы, жабулы, бағаналы; – лап, -леп, -дап, -деп, -тап, -теп: қасықтап, дəлдеп; –лата, -лете: жақындата, қалыңдата, борандата; –шылап, -шілеп: сиыршылап, күйеушілеп; –бегей, -егей: желбегей, елегей; – лана, -лене: зорлана, шыдамсыздана; –сыз, сіз: байқаусыз, қимылсыз, ықтиярсыз;–ыс, іс: қағыс, бұрыс; –ар, -ер: азар, əзер, бетер; –и: жори; –та: жорта; -ақана: қасақана; -шалықты: оншалықты, осыншалықты; –дық, -дік: əредік; – шаң, -шең: өміршең, күтімшең; –нау, -неу: көрнеу; -ыртын, -іртін: астыртын, үстіртін; – дайын, -дейін: түлкідейін, қыстайын, сұңқардайын; –ық, -ік: дүрік (соққан жел), толық (тапсырды); –ыл: ғұпыл (қалма), қапыл (қалма).

Əрине, бұл жұрнақтардың мағынасы да, сөзжасамдық қабілеті де сан алуан. Үстеу жұрнақтарының мағынасы бай, бір жұрнақтың өзі əр түрлі мағынада қолданылатынын айта кеткен жөн. Сөзжасамдық жұрнақ мағынасын ашу үшін, алдымен олардың жалпы мағынасын ашу қажет. Сондықтан үстеудің сөзжасамдық жұрнақтарын жалпы мағынасына қарай топтап алу керек. Жалпы мағына деп отырғанымыз, үстеу сөз табының мағыналық топтары, яғни жұрнақтарды үстеудің мағыналық топтарына қарай топтастырып алдық. Олар: 1) мекен мəнді жұрнақтар; 2) мезгіл мəнді жұрнақтар; 3) мөлшер мəнді жұрнақтар; 4) сын (бейне) мəнді жұрнақтар; 5) мақсат мəнді жұрнақтар; 6) күшейту мəнді жұрнақтар; 7) себеп – салдар мəнді жұрнақтар. Үстеудің сөзжасамдық жұрнақтарының жалпы мағыналары үстеудің мағыналық топтарына сəйкес келеді. Бұлай топтастыру арқылы үстеудің əр мағыналық тобының қандай жұрнақтар арқылы жасалатыны анықталды.

Үстеудің əр мағыналық тобының ішкі мағыналық ерекшеліктері бар, ол еңбекте жалпы мағынасы бір əр жұрнақтың өз мағыналық ерекшелігі арқылы, яғни модельдегі сөзжасамдық типтің мағынасы арқылы көрсетілді. Мысалы, «З +-ыртын, -іртін моделі. Бұл модель арқылы астыртын, үстіртін үстеулері жасалған. Бұл үстеулер қимылдың жеңіл-желпі, жасырын жасалған мəнін көрсетеді. Мысалы, астыртын хабарластың, астыртын келісті, үстіртін жасады, үстіртін бітірдік т.б. бұл мысалдан қимылдың жасырын жасалғанын білдіріп, қалай хабарластың? қалай жасады? деген сұрақтарға жауап беріп, сын (бейне) үстеуін жасағанын аңғару қиын емес. Бұл модель сын (бейне) мəнді жұрнақтар тобында берілген, одан осы жұрнақ арқылы жасалған үстеу сын (бейне) үстеуіне жататыны байқалды. Екіншіден, осы жұранқ арқылы жасалған сөзжасамдық тип қимылдың жасырын, жеңіл-желпі жасалатынын білдіреді. Сонымен, əр модель, яғни сөзжасамдық тип белгілі мағынаны білдіретіні байқалды. Сол арқылы үстеудің əр мағыналық тобының ішкі мағыналық ерекшелігі ашылады. Сондықтан жұрнақтар мағыналық топқа бөлініп берілумен бірге, түрлі модельдер, сөзжасамдық типтер қолданылды.

Айталық, мекен мəнді жұрнақтар тобында 14 модель, яғни 14 сөзжасамдық типтің бары; мезгіл мəнді жұрнақтар тобында 21 модель, яғни 21 сөзжасамдық типтің бары; мөлшер мəнді жұрнақтар тобында 8 модель, 8 сөзжасамдық типтің бары; сын (бейне) мəнді жұрнақтар тобында 22 модель, яғни 22 сөзжа-

самдық типтің бары; мақсат мəнді жұрнақтар тобында 5 модель, яғни 5 сөзжасамдық типтің бары; күшейту мəнді жұрнақтарда 6 модель, яғни 6 сөзжасамдық типтің бары, себеп –салдар мəнді жұрнақтарда 2 модель, яғни 2 сөзжасамдық типтің бар екені анықталды. Үстеудің 7 мағыналық тобын жасайтын 47 жұрнақ осы жеті мағыналық топта 78 сөзжасамдық тип жасаған, ол 78 түрлі сөзжасамдық мағына дегенді айғақтайды. Бұл үстеу жалпы 7 мағыналық топтан құралғанымен, олардың əр мағыналық тобы іштей бірнеше мағыналық реңктен құралады дегенді білдіреді.

Үстеу жұрнақтарының қолданысы, өнімді, өнімсіздігі туралы мəселеге көңіл аударайық. Үстеудің сөзжасамдық жұрнақтарының тілдің сөзжасам жүйесінде атқаратын қызметі əр түрлі. Өте өнімді, тілге көп туынды үстеулер қосқан сөзжасамдық жұрнақтар да бар, өте аз, тіпті бірлі-жарым туынды үстеулер де қосқан жұрнақтар да бар. Олар құрамы жағынан да əр түрлі.

С. Исаев бұл туралы мынадай пікір айтқан:

«Сондай-ақ сөзжасамның жеке-жеке үлгілерінің жаңа сөз жасауда, сөйтіп, тілдің лексикалық құрамын байтуда рөлі бірдей, біркелкі емес. Бір сөзжасам үлгілері арқылы жүздеген, мыңдаған жаңа сөздер жасалып, тілдің сөздік құрамынан берік орын алады, ал екінші бір сөзжасам үлгілері негізінде бірлі-жарым ғана жаңа сөз жасалған болып шығады» /5. 282/. Осы мəселеге байланысты ғалым өнімді, өнімсіздік мəселесін сөз етеді: «Өйткені солардың нəтижесінде туған лексемалар тілдің сөздік құрамын жалпы байытып қана қоймайды, сонымен бірге нақты сандық жағынан да көрініп, əрбір үлгінің сөзжасамдық қатарының ұзақ қысқалығын көрсетіп отырады» /5. 283/.

Осы тұрғыдан келгенде, үстеу жұрнақтарың ішінде жоғарыдағы талдауда үстеудің -ша, -ше жұрнағы бірнеше сөзжасамдық үлгі ғана емес, одан да күрделірек бірнеше сөзжасамдық тип арқылы талай туынды үстеу жасағаны анықталды. Сонымен бірге -ша, -ше жұрнағы ең көне жазба ескерткіштер тілінен бастап, түркі тілдерінің бəрінде, оның ішінде қазақ тілінде əлі белсенді түрде сөзжасамдық қызмет атқарып келеді. Міне, осы ұзақ уақыттың ішінде -ша, -ше жұрнағы қолда бардеректерге сүйенсексегіз жүздей туынды устеу жасаған, бірақ ол дерек тілдегі -ша, ше жұрнағы арқылы жасалған үстеулерді толық қамтымауы да мүмкін.Сондықтан С.Исаев айтқандай ол мыңдаған туынды үстеу жасаған жұрнақ қатарына жатуы да мүмкін. Қалай болғанда да, -ша, -ше жұрнағы бірнеше

сөзжасамдық тип арқылы ұзақ уақыт ішінде тілге мол туынды үстеу қосқан өте өнімді жұрнақ. Үстеу жұрнақтарының ішінде өнімділігі жағынан бұл жұрнаққа еш жұрнақ тең келе алмайды, сондықтан ол өте өнімді жұрнақ деп танылды.

Үстеудің тағы бірсыпыра жұрнақтары өте өнімді деп танылды, олар –елуден аса жүзге тарта туынды үстеу жасаған жұрнақтар. Туынды үстеу жасайтын өте өнімді жұрнақтар деп мына жұрнақтар танылды:

–лап, -леп, -дап, -деп, -тап, -теп;

  1. –латып, -летіп, -датып, -детіп, -татып, -тетіп;
  1. –лата, лете, дата, дете, -тата, -тете.

Бұл жұрнақтардың мағыналары жақын, сондықтан олар сөйлеуде бірінң орнына бірі қолдануға болатын кездері де бары байқалды. Осы жұрнақтардың əрқайсысы жүзге тарта туынды үстеу жасаған. Алайда, аталған жұрнақтардың ішінен өте өнімді жұрнақтардың бірі –лап, -леп жұрнағы арқылы жасалған туынды үстеулерді мысалға келтірейік: жұмалап, айлап, күнделеп, апталап, тəуліктеп, кешелеп, бүгіндеп, сағаттап, минуттап, секундтап, қазандап, кебежелеп, шанаштап, шелектеп, шəшкелеп, шөміштеп, шөпшектеп, қасықтап, бөтелкелеп, қырмандап, деңгейлеп, дендеп, даралап, тонналап, килолап, грамдап, тиындап, теңгелеп, мысқалдап, тəшкелеп, тостағандап, жырымдап, егіздеп, жүздеп, мыңдап, миллиондап, екеулеп, үшеулеп, ондап, елулеп, отыздап, жиырмалап, ақырындап, баяулап, бөлектеп, түбегейлеп, топтап, қиюлап, сыналап, оюлап, мұншалап, осыншалап, үстемелеп, біртіндеп, біртелеп, қазақшалап, орысшалап, өзбекшелеп, ұйғыршалап, қырғызша лап т.б.

Əрине, үстеу жұрнақтарының бəрі мұндай өнімді емес.Біраз жұрнақтар жиырмадан аса туынды үстеу жасаған, оған өнімді жұрнақтар саналды, оларға мына жұрнақтар жатады: -дай, дей, -сыз, -сіз нөлдік жұрнақ, -лана, -лене, дайын, -дейін. Бұл жұрнақтардың əрқайсысы жиырмадан аса туынды үстеу жасаған.

Сондай-ақ тілде бірден онға дейін ғана туынды үстеу жасаған өнімсіз жұрнақтар да бар, олар тілде бірсыпыра, ол топқа мына жұрнақтарды жатқыздық: -шама, -шалық, -шалықты, -ыс, -іс, -ын, -ін, -шылап, -шілеп,

ыртын, -іртін,-тын,-тін,-лы,-ғары, гері, би

(бей),шаң –шең, -сын, -сін, -ман, -мен, -аң, -

ең, -ғай, -діз, -кірім, -зде,-дік, -аң, -ең, -а, -е, й,

-бегей, -егей, -ар, -нау, -неу, -ы, -і, -и, -та, -ры,-

рі, ай, бай, -ре, -еу, -шау, -ғаш, -са, -се, -лы, -

лі, -лана, -қана, -ық, -ік, -ыл, іл.

Осы жұрнақтардың да іштей айырмасы бар, бұлардың ішінде бір –екі ғана туынды үстеу жасап, өзінің сөзжасамдық қызметін тоқтатқан, бірлі-жарым туынды үстеулердің құрамында ғана сақталған жұрнақтар бар, олар өлі жұрнақ саналды. Олар мыналар: бай (жолшыбай), -ре (үдере), -еу (шетеу), -шау (оқшау), -ғаш (ал-

ғаш), -е (іле), -ең (желең), -діз (күндіз), -кірім

(кешкірім), -зде (ілезде), -и (жори), -та (жорта), ақана (қасақана), -дік (əредік), -неу (көрнеу), ыл (қапыл).

Сөзде өлі жұрнақ бары көбіне түбір сөзге қарап ажыратылады. Бұл өлі жұрнақпен қолданылған уəждеме сөздердің бəрі – тілде бұл

өте өнімді, сөзжасамда белсенділік қызмет атқарады деп саналды.

Барлық сөз табының құрамында кездесетін өнімсіз жұрнақтар үстеуде де бар. Үстеу жұрнақтарының бір ерекшелігі – мұнда өлі жұрнақтар көп болып шықты. Бұл тіл дамуының тағы біререкшелігі, үстеудің көне сөзжасам жүйесінің бір көрінісі.

Сонымен, жүзден мыңға дейін туынды үстеу жасаған жұрнақтары бар үстеуді морфологиялық тəсілмен жұрнақ арқылы туынды үстеу жасамайтын сөз табы деп санаудың қате пікір екені нақтылы тілдік деректер дəлелдеді.

жұрнақтарсыз қолданылып жүрген сөздер, сол арқылы олардың уəждемелік қызмет атқарып тұрғаны анықталды. Мысалы, жолшының тілегі, үдей түсті, шет кетті, оқтын – оқтын келеді, (оқ бойы алыс), алда отыр, ілуде біреу, іле кетті, желдей есті, күн сайын, кеш батты, жоражолдас, қас адам, əрі жүр, мынаны көр, қапы қалма. Мұнда өлі жұрнақпен қолданылған уəждеме сөздердің ол жұрнақтарсыз тілде қолданылатыны дəлелденді. Алайда, тілде үстеудің өлі жұрнақтары көп екені анық байқалды.

Қорыта келгенде, үстеуде өте өнімді жұрнақтар бары, олардың кейбірі арқылы жасалған туынды үстеулер саны мыңға тарта екені анықталды. Мұндай дерек бұрын ешбір жұрнақ туралы ғылымда кездеспеді. Осыған қоса жүздің маңында туынды үстеу жасаған жұрнақтар да

 

  1. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. Университеттер мен педагогикалық институттың филология факультеттеріне арналған оқу құралы, «Мектеп», А., 1991. 381 б.
  2. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. Алматы: «Ғылым». 1989. 367 б.
  3. Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. А., 2002. 189 б.
  4. Сарбалаев Ж. Сөзжасам мəселелері (оқу құралы). -Алматы: «Арыс». 2002. 148 б.
  5. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. Алматы. «Рауан», 1998.303 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.