Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жоо-ларда «кəсіби қазақ тілі» элективті курсын оқытудың өзектілігі

Бүгінгі таңда еліміздің жоғары оқу орындары кредиттік оқыту жүйесіне көшіп, əлемдік білім беру кеңістігінде дамудың өзіндік бағыт-бағдарын айқындап алды. Бұл бағытта қыруар жұмыс атқарылып жатқандығы да белгілі. Солардың бірі – оқу бағдарламаларына білім берудің жалпы стандартына сəйкес базалық курстардан бөлек элективті курстардың енгізілуі. Элективті сөзінің шығу тегіне келер болсақ, латынның electus деген сөзінен шыққан. Яғни, «таңдамалы, таңдаулы, қалаулы» деген ұғымды білдіреді екен[1]. Базалық курсқа кіретін міндетті пəндерден негізгі айырмашылығы элективті курс пəндері студент таңдауына негізделген. Яғни, аталмыш курс – студенттердің белгілі бір тобының талап-тілектерін қанағаттандыруға бағытталған курс. Ал енді студенттің мүддесін анықтап, оның қойған талаптарының үдесінен шыға білу – кез келген оқытушының кəсіби мүмкіндіктеріне байланысты іске асатын шаруа. Жалпы элективті курс мəселесі ЖООларда əлі де болса өз шешімін таппай келе жатқан, талқылау мен қарастыруды көп қажет ететін басы ашық мəселелердің бірі десек қателеспейміз. Бұл тұрғыда курстың мазмұны, мақсат-міндеттері, қол жеткізуге боларлық нəтижелері турасында ойлану қажет. Біздіңше, ең алдымен, бұл мəселені жалпы элективті курстарға қойылатын талаптар тұрғысынан сараптаған жөн. Ал талаптар мынадай бағыттарда қаралып жүр:

  1. Артықтық (олар көп болуы керек)
  2. Қысқа мерзімділік (6-16 сағат)
  3. Ерекше назар аударарлық мазмұны мен атының болуы
  4. Курс белгілі бір нəтижемен аяқталуға тиіс

(эссе, жоба, ...)

  1. Стандартсыздық
  2. Элективті курстың жобасын педагогтар дайындауы тиіс[2].

Енді осы бағыттардың əрқайсысына тоқталып, оларды іс жүзінде қаншалықты қолдануға болатынын саралап көрелік.

Ең алдымен, артықтық дегенде оқу материалдарының көлемі меңзелсе керек. Элективті курс пəндерінің бір ерекшелігі ондағы оқытылатын оқу материалы көлемінің шектелмеуінде. Яғни, пəнді таңдап отырған студенттердің белгілі бір тобының мүддесіне толық жауап беру үшін материалдың молдығы аса қажет. Жəне ол материалдың қандай деңгейде, қандай көлемде берілуге тиіс екендігін де айқындауға тиіс. Студенттің белгілі бір тақырыпқа деген қызығушылығы, оны игеру дəрежесі осы мəселені шешуде маңызды рөл атқарады. Мəселен, берілген тақырып студенттерге аса тартымды көрініп, олар ға осы тақырыпқа бөлінген 3 сағат жеткіліксіз болуы мүмкін немесе, керісінше, екінші тақырыптан қажетсіздігі үшін олар мүлдем бас тартуы мүмкін. Сондықтан да міндетті оқу пəндеріндегідей алдын ала белгіленген тақырыптық жұмыс жоспары элективті пəндер үшін онша сай келе бермеуі мүмкін. Таңдау пəні болғандықтан, өз қажетіне қарай таңдау мүмкіншілігін студенттерге де беру қажет.

Қысқа мерзімділікке келетін болсақ, бұл пунктпен келіспеуге болады. Өйткені студенттің белгілі бір пəнді меңгеруіне 6-16 сағат немесе 1 кредит өте қысқа мерзім. Біздіңше, элективті курс ерекшеліктерін ескерсек, бұл мерзім 3 кредиттен кем болмауы керек.

Ерекше назар аударарлық мазмұны мен атының болуы элективті курс пəндері үшін міндетті шартқа айналуға тиіс. Өйткені таңдау пəні болғандықтан, ол өзінің атымен-ақ студенттің ынтасын оята білу керек. Яғни, бұл жерде элективті курс пəні студентке ұсынылып отырған тауар іспеттес, ал тауардың өтімділігі үшін оған лайықты «тауарлық сипаты» болу қажеттігі бəрімізге белгілі. «Тауарлық сипатты» құрайтын компоненттер: пəннің аты мен мазмұны. Осы орайда экономика саласында жиі айтылатын «Сауданың қозғаушы күші – жарнама» деген сөздер еріксіз ойға оралады. Элективті курс пəнін жан-жақты сипаттайтын оның аты мен мазмұны, яғни, оқу-əдістемелік кешені шын мəніндегі жарнама рөлін атқарады десек, қателеспейміз. Сол жарнаманы өз дəрежесінде ұсына білу педагогтың кəсіби біліктілігінен туындайды.

Кез келген курстың белгілі бір нəтижемен аяқталуға тиіс екендігі, бұл – дəлелдеуді қажет етпейтін аксиома. Сол сияқты элективті курс пəндері де қандай нəтиже бере алады деген сұрақ кім-кімді болса да толғандырмай қоймайтыны анық. Базалық пəндер бағдарламалары белгілі бір жүйеге негізделіп, оқу материалдарында бірізділік байқалады. Ол материалдар студенттерге ұсынылатын əртүрлі шығармалар, мəліметтер, деректер, ұғымдар мен ережелерді қамтиды. Ал элективті курстар студент не біліп шығады деген мəселені емес, не үйреніп, қандай шеберлікті меңгереді деген мəселені алға тартады. Сондай-ақ студенттерден міндетті үлгерім көрсеткіштерін талап ету элективті курстарға тəн емес. Белгілі бір уақыт аралығында қабілеті мен мүмкіндіктері əртүрлі студенттерден бірдей нəтиже күту, əрине, қиын мəселе. Бұл мəселенің дұрыс шешімін элективті курс пəндерінің оқытылуынан іздеген жөн. Бір ғана элективті курс əртүрлі студенттерге əртүрлі нəтиже беруі мүмкін. Элективті курс материалдары негізінде қалыптасқан шеберлікті əр студент əртүрлі қарқынмен меңгереді. Ал нəтижені бағалау да міндет тұрғысынан емес, студенттің мүддесі тұрғысынан іске асады. Яғни, осылайша олардың біреуі шығарма жазса, екіншісі шағын зерттеу жобасын қорғайды, ал енді бірі реферат дайындайды. Мұның бəрі оқытушы мен студенттің екеу ара келісімі арқылы шешіледі.

Дəстүрлі оқу бағдарламалары, негізінен, стандартты болып келеді. Олар əдетте заңда бекітілген оқу стандарттарына сай жүзеге асып отырады. Қазіргі стандарттар пəннің мазмұнын барынша сипаттайды. Өйткені олар біртұтас оқу кеңістігін қалыптастыруға қызмет етуі жəне не оқытылады деген мəселелерді нақтылап алуы тиіс. Сондықтан да бұл стандарттарға пəлендей өзгерістер енгізудің өзі оңай шаруа емес. Ал элективті курс пəндерінің ерекшелігі – бұл стандарттардан тыс өмір сүре алатындығында. Яғни, таңдау пəндеріне стандартсыздық тəн. Бұл пəндер базалық пəндерді мазмұндық жағынан толықтырып, оларды жаңа қырынан таныта білуі керек. Элективті курс пəндерінің бағдарламалары студенттердің белгілі бір тобының талаптарын қанағаттандыруға бағытталғандықтан, сол студенттердің құрамына қарай шамалап құрастырылады. Əрине бұл жерде де оқытушының кəсіби біліктілігі шешуші рөл атқарады.

Элективті курстарды жобалауды оқытушылар өздері жүзеге асыруы керек. Жобалау жұмысы барысында мынадай мəселелер негізге алынуы керек:

  • Элективті курстардың мазмұны базалық курстар мазмұнымен салыстырғанда несімен ерекшеленеді? (Мұнда қосарланушылыққа жол бермеу керек).
  • Курсты қандай оқу материалдарымен қамтамасыз етуге болады?
  • Əрекеттің қандай түрлерімен жұмыс істеу əлдеқайда тиімді?
  • Өзінің болашақ мамандығы саласында табысты болуы үшін студенттер бұл курста қандай жұмыс түрлерімен айналысуы керек?
  • Курс барысында студенттің дербестік дəрежесі қандай болмақ, ол жігерлілік таныта ала ма?
  • Курсты оқытуда бағалау критерийлері қандай болады?
  • Студенттер үшін курс қандай нəтижемен аяқталады?[2]

Ал енді жоғарыда айтылған жобалау мəселелерін қазіргі таңда ЖОО-ларда оқытылып жүрген элективті курстардың бірі – кəсіби қазақ тіліне қатысты қалай жүзеге асыруға болады деген сұраққа жауап іздеп көрелік.

Ең алдымен, кəсіби қазақ тілінің негізгі қызметі – міндетті түрде оқытылатын қазақ тілі пəнінің мазмұнын одан əрі дамыту. Өйткені қазақ тілін оқыту ең аз жалпыға білім беру деңгейінде жүзеге асады, сөйтіп, мемлекеттік тілді үйренуге жəне оны дамытуға мүдделі студенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайды. Ал кəсіби қазақ тілі – осындай кемістіктің орнын толтыратын бірден-бір жол. Ал оның мазмұны өзектілігі мен жүйелілігі жағынан да, тақырыптық жəне əдістемелік сипаты тұрғысынан да əлдеқайда терең əрі бай болуы керек.

Əрине мұндай курсты жүргізу үшін соған лайықты оқу материалдары қажет. Бүгінгі таңда қолда бар оқу материалдары кəсіби қазақ тілін студенттерге ұсынуға əлі жеткіліксіз. Кəсіби қазақ тілінің педагогикалық мүмкіндіктерін барынша іске асыру үшін оқытушы тарапынан үлкен алдын ала дайындық пен жауапкершілік талап етіледі. Ол дайындық курстың оқу-əдістемелік кешені арқылы көрініс табады. Сондықтан да осы пəнге арналған арнайы оқу бағдарламаларын, оқу құралдары мен оқу-əдістемелік құралдар дайындауды тез арада қолға алу керек. Кəсіби қазақ тілі бағдарламаларының бір ерекшелігі – онда түсіндірме хаттың орын алуы. Оқу бағдарламалары нормативтік құжат болып есептелетіндіктен, бұл заңды да. Ал түсіндірме хат оқу бағдарламасының айнасы десек, қателеспейміз. Онда бағдарламаның өзектілігі, мақсаты мен міндеттері, логикалық құрылымы, мотивациялық (қызығушылығын ояту) мүмкіндіктері, оқу процесінің жалпы сипаты, пəнаралық байланыстары сияқты мəселелер қамтылуға тиіс. Ал басты назарды бағдарламаның өзектілігіне аудартуымыз керек. Жалпы өзектілік жоқ жерде проблеманың да туындамайтыны анық. Кəсіби қазақ тілін оқытудың өзектілігіне келер болсақ, ол қазір өздігінен мен мұндалап тұр емес пе? Біз бұл бағдарламаның қажеттігін, ең алдымен, Президентіміздің Қазақстан халқына Жолдауының білім беру мен тілдерді дамыту бөлімдерімен жəне елбасының «Нұр Отан» партиясының XIII съезінде сөйлеген сөзімен негіздей аламыз. «Біздің міндетіміз – 2017 жылға қарай мемлекеттік тілді білетін қазақстандықтар санын 80 пайызға дейін жеткізу. Ал 2020 жылға қарай олар кемінде 95 пайызды құрауы тиіс. Үкіметке ЖОО-лардың инновациялық қызметке көшу тетігін қалыптастыруды тапсырамын» деген елбасының сөздері кəсіби қазақ тілін оқытудың өзектілігі мен мақсатын барынша айқындап тұрғандығы талас тудырмаса керек [3]. Олай болса, осындай негіздемеге құралған түсіндірме хат кəсіби қазақ тілі пəнінің визит карточкасына айналуға тиіс.

Кəсіби қазақ тілі сабақтарында əлдеқайда тиімді нəтижеге жету үшін оқытушыға да, студентке де жұмыс істеудің оңтайлы əрекеттерін таңдап алудың маңызы өте зор. Ал мұндай əрекеттер интербелсенді оқыту арқылы ғана жүзеге аспақ. Өйткені интербелсенді оқыту дегеніміз, ол əрекет арқылы оқыту, яғни, оқытушы мен студенттің өзара əрекет жасауы арқылы білім игеруді ұйымдастыруы. Студент кəсіби қазақ тілін өзіндік əрекеттер арқылы ғана тиімді түрде меңгере алады. Ол үшін оқытушы студентті белсенді əрекеттерге баули білуі керек. Сонымен, кəсіби қазақ тілін оқытуды мынадай əрекеттер арқылы жүзеге асыруға болады: рөлдік, іскерлік жəне блиц оқу ойындары; пікірталастар, кейс-стади, презентациялар, интервью, сауалнама[4].

Жалпы элективті курстардың бір ерекшелігі оқытылып жатқан пəн бойынша білім игертіп қана қоймай, университет қабырғасынан тыс кездесетін өмірлік проблемаларды шешуге қажетті білік-дағдыларды меңгертуге де бағытталған. Сол сияқты кəсіби қазақ тілі пəні де студенттің болашақ мамандығы саласында барынша табысты болуын қамтамасыз етуді көздейді. Бұл мақсат та интербелсенді оқыту арқылы жүзеге асады. Ол үшін студент кəсіби қазақ тілі сабақтарында жұптық, топтық жұмыстар; жеке жəне бірлескен зерттеу жұмыстары; ақпарат көздерімен жұмыс жасау (кітап, Интернет, құжаттар, мұражай, т.б.); шығармашылық жұмыстар сияқты жұмыс түрлерін орындай алады[4].

Кəсіби қазақ тілі пəнінің негізгі ұстанымдарының бірі – студентті өзінділік пен дербестікке баулу. Бұл қағида дəстүрлі репродуктивтік білім емес, құрастырылған (конструктивтік) білімге негізделген. Яғни, студенттің дайын ақпаратты есте сақтап, қабылдауы, оған дайын жауап беруі еш қуатталмайды. Керісінше, одан берілген ақпаратты белсенді əрекеттер арқылы жанжақты қарастырып, зерттеуі талап етіледі. Студентті кез келген мəселеге байланысты өзіндік ой-пікір құрастыруға, сыни ойлау дағдысын қалыптастыруға ынталандыру көзделеді. Кəсіби қазақ тілі сабақтарында əр студент – жеке тұлға. Сабақ барысында берілген жауаптар дұрыс немесе бұрыс деген тұрғыдан бағаланбайды,

өйткені мұнда айтылған əрбір ой құнды. Мұндай атмосферада жұмыс істеген студент, əрине жігерлілік те таныта алады.

Кəсіби қазақ тілін оқыту интербелсенді оқытуға негізделгендіктен, ондағы бағалау ерекшеліктері де осы процеспен тығыз байланысты. Яғни, дəстүрлі оқытудағы бағалау критерийлері бұл пəнді оқытуда жарамсыз болып қалады. Сондықтан бұл мəселе студенттердің білімін бағалауда да жаңаша əдістемені талап етері сөзсіз. Кəсіби қазақ тілі пəнінде мынадай білім мен біліктіліктер бағалануға тиіс: студенттің белсенді əрекеттерді қаншалықты меңгергендігі, проблеманы танып, оны шешудің жолдарын айқындауы, өзіндік ой-пікірін қалыптастыруы, ойының дəлдігі мен нақтылығы, өз көзқарасын

  • өзіндік көзқарасын таныта білу, оны дəлелдеп, қорғай білу;
  • мемлекеттік тілде шешен сөйлеуге дағдылану;
  • өзінің алған білімі мен білік-дағдыларын, сөздік қорын үнемі дамытып отыру.

Сонымен, кəсіби қазақ тілі элективті курсын оқыту көп еңбекті қажет ететіні сөзсіз. Оның авторлық болжамасын дайындауды қолға алған жөн. Бұл курсты студенттерге презентациялаудың жолдары қандай болмақ деген мəселе де ойлануды талап етеді. Қалай болғанда да, осы бағытта жұмыс істеу біздер, яғни оқытушылар қауымы үшін қосымша тəжірибе жинақтап, кəсіби біліктілігімізді арттыруда маңызды фактор бола алатындығы анық.

дəлелдеп, қорғай білуі. Ал енді осындай білік-

дағдыларды бағалау үшін жазбаша жұмыс үлгілері (шығарма, эссе), портфолио, тестілеу, интервью, сауалнама, өзін-өзі бағалау, есеп беру сияқты тəсілдерді қолданған жөн[4]. Бағалаудың мұндай тəсілдері, бір жағынан, студенттің курсты оқу барысында қандай жетістіктерге жеткендігін көрсетсе, екінші жағынан, оны одан əрі жігерлендіріп, ынталандыра түседі.

Бағалаудан келіп нəтиже деген мəселе туындайды. Яғни, қандай нəтиже бағалануы керек, студент үшін курс қандай нəтижемен аяқталуға тиіс?

  • қазіргі мол ақпараттар толқынынан өзіне қажеттісін таңдап алып, оны өмірде қолдана білу;
  • кез келген жағдайда өз бетінше шешім қабылдай білу;
  • проблеманы танып, оны шешудің жолдарын айқындау;

 

  1. www.zaitseva-irina.ru/.../f1093455595.html
  2. edu.of.ru/attach/17/8459.doc
  3. 2011 жылы Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы. www.zerde.gov.kz/poslanie_prezidenta/5564/2 Өзіңнің тарихыңды, ана тіліңді, шығу тегіңді білмей, нағыз патриот бола алмайсың. «Нұр Отан» халықтықдемократиялық партиясының кезекті XIII съезінде Мемлекет басшысы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөйлеген сөзі. Ана тілі: №7 (1052), 17-23 ақпан, 2011ж.
  4. Əлімов А. Интербелсенді əдістерді жоғарғы оқу орындарында қолдану. Алматы, 2009. 66, 164-беттер

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.