Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Көркем аудармадағы «шығармашылық еркіндік» ұғымы

Қазақ көркем аударма теориясында өзге де аударма түрлерімен қатар «Еркін аударма» түсінігі термин ретінде қалыптасты деп айта аламыз. «Еркін аударма – түпнұсқаның тілін жетік білмеуден, немесе сол түпнұсқаның (оригиналдың) ұғымды болуынан көрі, өзіне тиімділігін-оңайлығын көздеуден туады» деген анықтама да жиі айтылады. «Түпнұсқаның тілін жетік білмеуден туады» – деуге толығымен келісуге болмайды. Себебі, еркін аударуда да белгілі бір мақсат көзделеді. Мəселен, ХІХ ғасырдың ІІ жартысында Ы.Алтынсарин мен А.Құнанбаев сынды тұлғаларымыз қазақ топырағына алғашқы аударма əдебиеттің үлгілерін əкелді. Олардың аудармалары аударманың еркін аударма түріне жатқызылады. Бірақ, жоғарыдағы анықтамада айтылғандай Ыбырай, Абайлар өзі аударып отырған туындысының тілін түсінбеді деп айта алмаймыз. Мейлі түпнұсқадан аударсын, мейлі ара тілден аударсын аударатын шығарманы ағартушылық қызметке пайдалану себепті, тəржімаларына өз идеяларын, өз көзқарастарын қосып, соған үндегені анық. Еркін аударма түрімен, аудармадағы шығармашылық еркіндікті шатастырмауымыз керек. Аударма барысында еркіндік болмаса, яғни, аудармашы өзін еркін сезінбесе аударманың сіресіп шығатыны айқын. Бізде көркем аудармаға баға берген кезде, аударманың түпнұсқадан сəл ауытқығаны, немесе əр сөз, азат жолдардың дəл берілмеуі байқалса «аударма идеясы түпнұсқадан ауытқымағанымен, бұл еркін аудармаға жатқызылады» деп шартты түрде кесіп айтушылар бар. Бұл қате пікір. Еркін аударма түрі деп, Абай, Ыбырай аудармаларын мысал ретінде алуға болады. «Алтынсариннің еркін аударған шығармаларында кісі аттары да өзгертіліп, қазақша алынған жерлері де бар» [1, 214-б.]. Бір айта кетерлігі, қазақ аудармашыларыларының аудармаларында шығармашылық еркіндік басым. Сондықтан да болар, түпнұсқаға қарағанда аудармалардың көлемі де үлкен болып келеді. Яғни, суреттеу, бейнелеу жағынан еркіндік басым түсетіні рас. Шығармашылық еркіндікті аударматанушы əрі аудармашы Ə. Сатыбалдиевтің анықтамасына сүйене отырып түсіндірейік. Ə. Сатыбалдиевтің интерпретациялық ұстанымы – түпнұсқаны барынша дəл жеткізу. «Аудармашының түпнұсқа шеңберінен шығып кетуге қақысы жоқ. Түпнұсқа мəтіні қандай аудармашыға болмасын бұлжымас заң. Ал, аударма үдерісінде кейбір еркіндіктер, мəселен, бір сөзді немесе бір ұғымды басқа сөзбен беру кейде түпнұсқа əрпінен аулақтау – бұлар ауытқу емес,

сапалы аударма жасаудағы əдіс-амалдар болып табылады» [1, 214-б.]– дей отырып, Ə. Сатыбалдиев түпнұсқа мəтіннің коммуникативтік ақпаратын дəл жеткізеді. Аудармашының орыс, өзбек тілінен жасалған қай көркем аудармасын алсақ та, оқырман жүрегіне төл туындыдай əсер етері анық. Өйткені, ол көркем аударма шарттарын жақсы меңгерген. Шығармашылық еркіндікті қай дəрежеде қолданылғандығын байқау мақсатында аталмыш аудармашының аударған шығармаларының түпнұсқасы мен аударма мəтіндерін қатар ала отырып қарастырайық. Өзбек жазушысы Ш. Рашидовтың «Дауылдан да күшті» романын аудару барысында еркіндік пен дəлдікті шебер ұштастыра отырып, қазақ тіліне жатық жеткізеді.

Романда «Тың жəне тыңайған жерлерді игеру» науқанына байланысты, шұрайлы да, жазық жерлерді игеріп, гүлстанға айналдыру мақсатындағы күресті күндер сипатталады. Басты кейіпкерлер: Айқыз, Əлімжан, Жорабаев, Погодин, Смирновтар тау мен шөл даладағы жайсыз үйлерде тұратын колхозшыларды жаңа жерлерге, үй салып көшіріп шаруа мен мəдениетті көтеру, мемлекеттің ақ алтынын байыту жөніндегі ұсыныс-тілектері, халықтың тірнектеп жиған табысын өзі ғана иеленіп отырған колхоз басшысы Қадыровқа ұнамайды. Қарсы шығып, кедергі келтіргенімен жеңіліс табады. Жанқиярлық еңбектің нəтижесінде, мидай жазық далаға сəнді үйлер бой көтеріп, дала ақ алтынға толды.

Шығармада бірнеше оқиғалар тізбектеліп берілген. Қай жағынан алсақ та, түпнұсқа мен аударма мəтін бір-біріне сəйкес келеді. Оқырман үшін аударма түпнұсқаның жазылған кезеңінен хабар беріп отыруы керек. Көркем аудармадағы ақпараттарды қабылдау арқылы мəтінмен жеке байланысқа түседі. Яғни, қабылданған мəлімет рецепторға терең ықпал етеді. Демек, оқыр ман мен мəтін арасында коммуникативті əсер пайда болып, прагматикалық байланыс орнайды. Ə. Сатыбалдиев аударма барысында шығармашылық еркіндікті қолданғанымен, негізгі ойдың желісінен ауытқып кетпеген. Көркем туындыны аударған кезде соншалықты көп күрделі сұрақтар туындайды, олардың тамырына үңіліп, түпнұсқаның рухын сезіне отырып, өз көңілін қалағандай аударған дұрыс. Жалпы, аударма теоретигі ретінде Ə. Сатыбалдиевтің бағыты да осы. Аудармада шығармашылық еркіндіктің түп-нұсқаның шеңберінен шықпай, автордың бар стилін сақтай отырып, аударманы оқуға жеңіл жəне тартымды етіп шығаруды, сондай-ақ, түпнұсқаның ықпалына түсіп кетпей, оның барлық бояуын, ырғағын, ой астарын ана тілінің заңды жүйесінде жеткізе білу керек екендігін басты орынға қойып, бұл ойын көркем шығармаларды аудару барысында ұстанады. Мысалы, «Қатартал қыстағына көктем ерте шықты. Бірнеше айлар бойы тау баурайын көрпедей қымтап, тұтаса жауып жатқан қалың қар əлдеқашанақ еріп кеткен. Жақпар тастар мен төбелердің теріскей жағында, ой-шұқырларда жасырынып қалған қар пəршелері көктем күнінің ыстық лебімен қазанға түскен майдай еріп, сай-жылғаларды қуалай сарқырап ағып жатыр» [2, 3-б.]. Аудармашы романды осылайша Қатартал қыстағын суреттеуден бастаса, түпнұсқада өрік ағашының астындағы биік сəкіде жатқан Мұратəліні таныстырудан басталады. Демек, аудармашы қазақ оқырмандарына шығармада маңызды орын алатын Қатартал жерін қазақ оқырманына жақынырақ таныстыру үшін, бейнелі түрде еркін жеткізуді мақсат еткен. Сондай-ақ, оқырман үшін түпнұсқадағы ойды айқындап беру мақсатында мəтінге аудармадағы ұлғайту əдісінде еркін қолданады. Ə. Сатыбалдиевтің өз сөзімен айтқанда, «кейбір сөз ауыстыру, қосарлау, үстемелеу деген сияқты нəрселер шығарманың көркемдік бояуы мен эмоциялық əсерін жеткізе түсу мүддесімен келген» [1, 148-б.]. Бұл ойы келесі мысалдар да аңғарылады.

«...Қатартал қыстағының табиғаты да тез-ақ жанданып, күннен күнге құлпыра бастады. Тау бөктерлері мен сай-салалар көктемнің еркетайы болған гүлдер мен көк балаусаға малынып, тамылжи бастады. Күн ысыған сайын өсімдік те қоюлана түсті, бірте-бірте өсіп, ұлғайып, көріктене берді. Сайдың екі бетіндегі сирек біткен ағаштар да енді-енді бүршік ата бастаған еді» [2, 3-б.]. Аудармашы ішкі түйсігіне сүйене отырып, мəтінге бір азат жол қосу арқылы дəл нысанаға тиіп, табиғатқа жан бітіреді

Түпнұсқада: «Олтинсой чуллари теп-тегис, ерлари қуйруқдай семиз ва серхосил, қуриқ ва буз ер очишнинг харажати оз» [3, 16-б.]– деп белгілі бір ойды аяқтап, келесі оқиғаға көшеді. Ал, аудармада: «Алтынсай жазығы мидай дала; топырағы шұрайлы да құнарлы, ал мұндағы тың жəне тыңайған жерлерді игерудің шығыны да аз» дей отырып, «Соны ойлаған Айқыз, қыстақ советіне қарасты колхоздардың бар мүмкіншіліктерін терең зерттеп, есеп-қысабын алғаннан кейін, диқандармен, механизаторлармен, басшы қызметкерлермен кең түрде əңгіме жүргізді де, тың жəне тыңайған жерлерді игеру жұмысын осы көктемнің өзінде-ақ бастап жіберген жөн болар деген қорытындыға келді» [2, 15-б.], – деп өз жанынан қосып, түпнұсқадағы ойды айқындай түседі. Себебі, романның басты мотивітың жəне тыңайған жерлерді игеру жолындағы Айқыздың бастамасын беру. Өжеттілігін, еңбекқорлығын көрсету болса, аудармашы оны дəлелдермен нақтылайды.

«Олтинсойликлар оммавий чиқишга тайёрланардилар. Хар бир ховлида ва устахонада кетмон ва белкуракларни чархлар эдилар, кийм тиктириб, этик ва ботинка хозирлардилар» [3, 44-б.], – деген, сөйлемнің алдына: «Өмірде не бір салтанатты кезеңдер болады. Ол кездерде кісінің жүрегі қайрат-жігерге толып, еңбекке деген зауқы, ықылас, ынтасы арта түседі» – деп, Алтынсай тұрғындарының тың жəне тыңайған жерлерді игеру үшін қандай көңіл-күйде, қандай дайындықта жүргендерін түсіндіру мақсатында оқиға алдына кіріспе қосады. Жоғарыдағы сөйлемге «Сол сияқты, алтынсайлықтар да тың жəне тыңайған жерлерді игеру жолындағы жаппай жорықтың басталуын ұлы мейрамды күткендей-ақ шыдамсыздана күтіп жүр. Əрбір аула мен шеберханада кетпен мен күректер қайралуда, киім тіктіріліп, етік, ботинкелер сайлануда» [2, 42-б.], – деп, аудармашы қандай жорық екені түсінікті болу үшін əсерлеп, көркемдеп ойды ұлғайтып береді де, əрмен қарай тұрғындар дайындығын түпнұсқадағыдай дəл аударып береді. Əрине, бірден өзбек тіліндегідей, «Алтынсайлықтар жорыққа шығуға даярлануда» деп бірден бастаса, қазақ оқырманына түсініксіз болар еді.

«...Бу пайтда водийдаги ерлар анча исиб қолган эди. Аллақачон қорлар эриб, ерлар қуриб, бахор хиди анқиб турарди. Тоғда булса, эртаюкеч изғирин эсиб турар, совуғи суяк-суякка утиб кетарди. Бироқ, олтинсойликлар аччиқ совуқни хам, изғирин шамолни хам писанд қилмай, ёнбағирларни хайдаб, дон сепишда давом қилардилар» [3, 12-б.].

Аудармасы: «...Бұл кезде қырдағы жазық жерлер едəуір қыза бастаған еді. Əлдеқашан-ақ қар еріп, жер құрғап, көктемнің исі аңқып тұрған-ды. Тау жақта болса, ертелі-кешті ызғырық соғып, суығы кісінің сүйек-сүйегіне өтеді. Бірақ алтынсайлықтар жай суықты да, ызғырық желді де елемей, тау беткейлерін айдап, егін егуге кірісіп кетті» [2, 113-б.]. Автор Алтынсай тұрғындарының еңбекқор екендігін көрсету үшін, сол сəттегі күннің суықтығын суреттеу арқылы ұтымды тəсіл қолданған. Аудармашы да автордың бейнелеу тəсілін сақтап аударғандықтан, аударманың көркемдігі жоғары болып шыққан.

Кейде тəжірибелі жəне мəтінді терең түсінген аудармашының өзі авторды қабылдай алмай қиналуы мүмкін. Сондай кезде қаншалықты тырысқанымен аудармашы автор стилінің терең иірімдерін таба алмай, тамаша үйлесімділік тудыра алмайды. Мұндай кемшілік Ə. Сатыбалдиев аудармасында кездеспейді. Себебі, аударма үдерісі кезінде аудармашы түпнұсқадағы ақпараттарды толықтай қамтып бере алады. Аударылып отырған ел мəдениетін, тілін, тарихын салт-дəстүрін жақсы білгендіктен, автордың сезімі мен ойын оқырманға жеткізу үшін пайдаланған тілдік құралдары да сəтті шыққан.

Сонымен, тəржімашы аударма барысында туындыға шығармашылық еркіндікпен қалам тербегенімен, түпнұсқаның жазылған кезеңін, қабылдаушы оқырман деңгейін, екі елдің тілдік психологиялық, жекелеген категорияларын ескере отырып, ең бастысы, түпнұсқа ойынан, автор идеясынан ауытқып кетпеуі тиіс.

 

  1. Сатыбалдиев Ə. Рухани қазына. – Алматы: Жазушы, 1987. – 229 б.
  2. Сатыбалдиев Ə. Дауылдан да күшті. – Алматы: ҚМКƏБ, 1959. – 286 б.
  3. Ш. Бурондан кучли. – Тошкент: Ғ. Ғулом номидаги Адабиет ва саньат нашриети, 1979. – 289 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.