Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Көркем мəтін тақырыптарындағы эмоция (М. Мақатаев шығармалары бойынша)

Тілдегі сөздердің негізгі қызметтерінің бірі адам ойындағы, жан-дүниесіндегі түрлі құбылыстарды жеткізу. Тіл мағыналы сөздер арқылы тұтас ойлардың сөйлем арқылы жеткізілуіне, сөйлемде қолданыс табуына негіз болады. Тілдік бірліктердің түрлі мағыналық реңктері мен қолданылу өрісін айқындауға, адамзатқа тəн белгілі бір категорияның қандай тілдік бірліктер арқылы бейнеленетіндігін саралауға негіз болатын тілдік деректердің қайнар көзі ,əрине, көркем əдебиет. Көркем əдебиеттегі жеке тұлғалардың тілі туралы ой айтып, пікір білдіру, зерттеулер жүргізу, өзіндік қолтаңбасын айқындау – филология табиғатына тəн құбылыс. Олай болуы заңды да, өйткені əдебиет тіл арқылы өмір сүреді, тіл – əдебиеттің бірінші элементі. Жазба əдебиеті ерте дамыған халықтардың филология ғылымында бұл үрдістің, яғни, əдеби тілдің функционалды стильдерінің бірі ретінде көркем əдебиет тіліне талдау жасаудың, соған орай əдеби тілдің даму бағыттарын зерделеп отырудың ғасырлық тарихы бар. Орыс тіл білімінде аталған тақырыпқа А.Н. Веселевский, В.В. Виноградов, Г.О.Винокур. А.И. Ефимов, Н.М. Шанский, Л.И. Тимофеев, Л.В. Щерба т.б. ғалымдар өзіндік үлес қосты.

Көркем шығарма – күрделі механизм. Күрделі механизмде əрбір тетік өзіндік рөл атқарумен бірге бір-бірімен тығыз байланыста болады, ортақ мақсатқа қызмет етеді. Көркем шығармада тақырып пен идея таңдау, сюжеттің өрбуі, кейіпкер бейнесінің, автор бейнесінің қалыптасуы өзіндік маңызға ие бола отырып, біртұтас бірлік ретінде шығарманың бүкіл болмысын анықтайды. Біз М. Мақатаев шығармаларындағы эмоцияның тіл арқылы бейнеленуі деген мəселе аясында оның кішкентай бір элементі – сұрақ белгісіне, нақтылай айтқанда сұраулы құрылымдардың тақырып ретіндегі қызметіне тоқталмақпыз. Сұрақ белгісі, сұраулы құрылымдар үлкен шығармашылықтың кішкентай бір элементі болғанымен, ақын шығармашылығында үлкен рөл ойнайтындығын тілдік деректерге талдау жасау барысында, ақын шығармаларының тереңіне үңілгенде байқауға болады.

М. Мақатаев қазақ поэзиясына өз үнімен, өз əуенімен келіп қосылған белгілі лирик ақындардың бірі. Ақын өлеңдері тереңнен сыр тартар нəзіктігімен ерекшеленеді. Мұқағали поэзиясының қайнар көзі, шабыт тұғыры – туған елі, өскен жері, Отан тағдыры, замана тынысы, замандастарының аңсар арманы, адамның ішкі сезім иірімдері, сан түрлі көңіл-күйі мен жан тебіренісі. Осының бəрін Мұқағали қайталанбас шеберлікпен, поэтикалық мінсіз үйлесіммен, əр жүрекпен тіл табысар, сыршыл да шыншыл сезіммен, нағыз поэзияға ғана тəн бейнелі образдармен бедерлеп отырады. М. Мақатаев шығармалары қазақ поэзиясын жаңа биіктерге көтеріп, мазмұнын байытты, қазақ халқының сезімін байытып, кісілігін биіктетіп, парасатын кемелдендіре түсті.

М. Мақатаев шығармалары қазақ əдебиеттану ғылымы мен тіл білімі ғылымында ғана емес, соңғы жылдары психологиялық, философиялық тұрғыда да зерттеле бастады. Біртуар дарын М. Мақатаевтың қаламынан туған қанатты жырлар қазақ халқымен бірге мəңгі жасай беретіні, оның творчествосы əлі де талай ғылыми-зерттеу жұмыстарының нысаны болары сөзсіз. Біз бұл шағын мақалада М.Мақатаевтың 1991-1993 жылдары «Жазушы» баспасынан шыққан үш томдық шығармалар жинағынан іріктеліп алынған поэзиялық туынды тақырыптарына, оның ішінде ақынның сұраулы сөйлемдер арқылы берілетін тақырыптарына лингвистикалық талдау жасамақшымыз. Мəтін тақырыптары орыс тіл білімінде ХХ ғасырдың елуінші жылдарынан бастап ерекше тілдік бірлік ретінде танылып, зерттеу нысанына айнала бастаған болса, қазақ тіл білімінде соңғы жиырма жыл көлемінде ғана арнайы зерттеле бастады.

Бұл зерттеулерде тақырыптардың номинациялық тəсілдеріне, грамматикалық тұлғаларына, экспрессиялық қасиеттердің берілу тəсілдеріне, синтаксистік ерекшеліктеріне, функционалдық типологиясы мен семантикасына талдау жасалды.

Мысалы, Э.А. Лазарева «Заголовок в газете» [1], А.С. Попов «Синтаксическая структура современных газетных заглавий и ее развитие» [2], В.П. Вомперский «К изучению синтаксической структуры газетного зоголовка» [3], Н.Е. Бахарева «Структурно-функциональное развитие заголовков» [4], В.Г. Костомаров «Из наблюдений над языком газеты: газетные заголовки» [5] Г.К. Ихсанғалиева «Функционально-прагматический анализ заголовков (на материале казахстанских газет и телепрограмм)» [6], Р.Т. Қожабекова «Баспасөз бетіндегі тақырыптардың фразеологиялану ерекшеліктері» [7] т.б.

В.П. Вомперскийдің еңбегі Қазақстандағы орыстілді газеттердің тақырыптарына арналса, Г.К. Ихсанғалиеваның еңбегінде Қазақстандағы газеттер мен телебағдарламалар тақырыптарына талдау жасалған Р.Т. Қожабекованың еңбегінде газет тақырыптарындағы фразеологиялық үдеріс диссертациялық жұмыстың зерттеу нысаны ретінде алынады. Лингвистикалық зерттеулерге жасалған шолу ғалымдар тарапынан жасалған зерттеулердің басым бөлігі газет тақырыптарына қатысты екендігін көрсетіп отыр.

Аталған зерттеу жұмыстарында мəтін тақырыптарына берілген анықтамалардың көпшілігінде мəтін тақырыптарының ішкі мазмұны мен сыртқы формасы арасындағы байланыс, мəтін тақырыбының өзіндік сипаты мен ерекшелігі, ең негізгі белгілері айтылады. Əр зерттеуші тақырыптың ең негізгі деген ерекшелігін баса айтып, тақырып ұғымын мүмкіндігінше ашуға ұмтылады. Мысалы, А.С. Выготскийдің пікірінше тақырып əңгіменің бүкіл құрылымын анықтайтын доминант болып табылады [8]. В.С. Мужевтің анықтауынша:

«Тақырып – мəтін мазмұнына жасалған сілтеме» [9,89]. Келтірілген шолу қазақ жəне орыс тіл білімінде көркем мəтін тақырыптарына арнайы лингвистикалық талдау жасалған зерттеу жұмыстары көп болмаса да, публицистикалық, көркем əдеби мəтін тақырыптары туралы бірқатар еңбектің бар екендігін көрсетеді.

М. Мақатаев шығармаларының жинағынан дереккөз ретінде жиналған тақырыптарға түрлі белгілеріне қарай классификация жасағанда ең алдымен ерекше көзге түскені сұрақ белгісі қойылған тақырыптар болды. Мысалы, «Жырласам ба екен?», «Мен бе екем?», «Қарлығашым келдің бе?», «Бала едік, ə?», «Қарғам-ау, қайдасың сен, жүрсің бе есен?», «Нені аңсаймын?»«Самұрыққа міндім бе?», «Арманың бар ма?», «Неге ертерек суалдың?», «Көңілсізсің, көңілің қаяулы ма?», «Сыбағам қайда?», «Қайда қайтып барасыңдар, тырналар?», «Сен əлі тірі ме едің?», «Кетер ме екем?», «Қайдан білсін?», «Құлыным қайда?», «Нені аңсаймын?», «Несін?», «Нені көрдім?», «Адам қайдан жаралған?» т.б. Адамның əр қилы көңіл-күйі түрлі лексикалық бірліктер арқылы ғана емес, түрлі тəсілдер арқылы да беріледі. М. Мақатаев шығармасындағы эмоцияны берудің бір тəсілі – сұраулы сөйлемдер. Сұраулы сөйлемдер ақын шығармашылығында тек тақырып түрінде ғана емес, мəтін мазмұнында да айқын көрінеді. Сұраулы сөйлемдер арқылы ақын жан-дүниесіндегі өкініш, сағыныш, аңсау, қайғы-мұң, шарасыздық, жиіркеніш пен сүйініш сияқты сезімдерді ұтымды, бейнелі, əсерлі жеткізеді. Мысалы,

Бəрі есімде –

Мекен-жай, тұрағым да, Тек есте жоқ,

Күлдім бе, жыладым ба?! [Отыз бесінші көктем].

Тұмшалап қойдың несіне сонша қаусырып,

Шандудан бөлек қалған ба шараң таусылып? [Бұлқынып жатыр].

Сағынып, аңсап барғанда,

Сағына күткен жан бар ма? [Сағынып,

аңсап барғанда].

Көңілге салып неше мұң,

Жүрегім кімді жоқтады?! [Сағынып, аңсап барғанда].

М. Мақатаев шығармалары мəтіндеріне қойылған тақырып, тақырыптардағы сұрақ белгісінің мəні сол жерде аяқталмайды, мəтіннің мазмұнынан, идеясынан одан сайын айқын көрініп, тереңдей береді. Ақын шығармалары тақырыптарындағы сұрақ жеке өлеңнің ғана емес, ақынның бүкіл шығармашылығының мазмұнынан көрініс тауып отырады. С.Д. Кржижановский мəтін мен тақырыптың ішкі байланысын, мағыналық бірлігін зерттеу барысында жасаған талдауларын тұжырымдай отырып: «Оқыған сайын бірте-бірте ашылып, бірте-бірте қалыңдай беретін, бірте-бірте көбейе беретін кітап беттері сияқты, кітапты оқыған сайын тақырып та ашылып кітапқа айнала бастайды. Кітап – аяғына дейін ашылған тақырып, ал тақырып – екі-үш сөзге сыйдырыл ған кітап», – деген түйінді ой айтады [10, 9 б]. С.Д. Кржижановский пікірі мəтін мен тақырыптың ішкі байланысы мен мағыналық бірлігін дəл көрсетеді. М. Мақатаев шығармашылығы, сұраулы тақырыптар ақынның қоршаған ортадағы, тұрмыс-тіршіліктегі сан-қилы жағдайға байланысты туындайтын, жағымды, жағымсыз эмоцияларының көрінісі. Жалпы тақырыптардан ақын шығармашылығының бейнесін, ақын шығармашылығынан ақынның өз бейнесін көруге болады. Ақынның ішкі күйзелісінің жауабын таба алмай шарқ ұруы, жанын ұғар жан іздеп сабылуы, рухани жалғыздықтың себебін іздеп сергелдеңге түсуі – шығарма тереңіне бойламай жатып-ақ, тақырыптардың ішкі сырына үңіле бастағанда-ақ, жауап табылмаған сан сұрақ қойыла бастағанда-ақ көрінеді. Ақынның

«Өмір жайлы» атты өлеңіндегі:

Өмір жайлы сұрай берме сен менен, Өмірді мен əлі зерттеп көрмеп ем. Өмір жайлы білгің кесе, қартқа бар,

Қан майданнан жалғыз ұлы келмеген, – деген жолдардан ақынның ішкі күйін, өміріндегі сан сұрақтың жауабын өзі де таба алмай жүргендігін аңғаруға болады. Түрлі эмоцияға толы ақынның ішкі толғанысы аталған өлеңде ары қарай:

Содан сұра, содан сұра өмірді, Нені көріп, нені сезді, не білді. Неге ақылды ақымақтан жеңілді,

Біреу жылап, біреу неге көңілді? – деп жалғасады.

М.Мақатаев шығармаларында жағымды көңілкүй, құбылыс, əдет бейнесі жеке лексикалық бірліктерден ғана емес сыртқы тұлғасы жағынан да, ішкі мазмұны жағынан да ерекше ұйымдасқан біртұтас күрделі құрылым ретінде танылатын мəтіндерден де көрінеді. Бірақ ақын шығармаларының эмоциялық мазмұнына талдау жасау барысында жағымды күйден гөрі, лағы-

неттеу, шошыну, өкіну, кею, ренжу, қамығу, қайғыру, қапалану, ашулану, күйіну сияқты реңктердің басым түсетіндігін байқауға болады. Ақын өлеңдерінің тақырыптарындағы сұрақ, сан сұрақ өлең мəтіндерінде тағы да, тағы да қойылады:

Аңқылдаған не таптым ақ көңілден,

Несіне ердім сайтанға жат көрінген?!

(Өмір деген біреу бар).

Не күтем?

Не керек осы маған? (Кетер ме екем?)

Əуелде неге жараттың,

Көпсінсең мені көк пен жер?! (Санаулы менің сағатым)

Не істемекпін?

Жаным-ай, саған шипа істемек кім?! Жаралғанда бүтін ем, үш бөлекпін: Жүрегім – Африка, бауырым – Кипр. Миым – мұзды мұхиттай...

Не істемекпін?.. (Емханада).

Көркем шығарма тақырыптарының функциясы мен құрылымын зерттеуші Н.К. Кожина:

«Заголовок способен дать читателю дополнительное к названию представление: о стиле, жанре, композиции и тональности художественного текста, о тех смысловых кодах, которые следует активизировать в читательском сознании для полного восприятия художественного произведения» [11,15].

Тақырыпқа қатысты жазылған ғылыми еңбектерге шолу жасай отырып тақырыптардың адресатқа мазмұндық жəне прагматикалық бағдар берудің жалпыға бірдей қызмет ететін тілдік норма ретінде қабылданған тəсілі екендігін байқауға болады. М. Мақатаев шығармаларындағы мəтін тақырыптары тек шығарма мазмұнын ашып қана қоймайды, адамның ішкі жан-дүниесінен сана мен болмыстағы өзгерістерден де хабар беретін тілдік бірлік қызметін атқарады. Кез келген мəтінде қолданылатын тілдік бірліктердің прагматикалық деңгейі түрліше болатыны белгілі. Тілдік бірліктердің прагматикалық маңызы туралы сөз қозғағанда ең алдамен тақырыптардың рөлі басты назарда болуы керек. Себебі, жоғарыда айтылғандай мəтінге қатысты ең алғашқы ақпарат олардың тақырыптары арқылы беріледі.

М. Мақатаев шығармаларындағы мəтін тақырыптарының ерекшелігін зерделеу мақсатында жиналған тілдік деректер ішінен сұраулы мағынадағы тақырыптарға тоқтала отырып, адамға əсер ету мақсатында қолданылатын əр тілдік бірліктің ықпал ету қызметінің өз алдына ерекше екендігін байқауға болады. Зерттеуші Г.В. Ким атап көрсеткендей: «Прагматический значимым может быть использование единиц разных уровней, от звука до предложения. Прагматика языковых единиц разных уровней, от звука до предложения. Прагматика языковых единиц содержательна. Кроме того, умение соотнести языковое явление с тем значением, которое оно получает в конкретном тексте или придает высказыванию в определенной речевой ситуации, – важное условие выбора точных и эффективных языковых единиц для выражения мысли» [12, 82 б].

«Прагматизм» ғылым мен философиядағы теориялық идеялардың нəтижесінде ғана емес, қоғамдық-əлеуметтік қатынас жағдайында ғылымның іргелі, қолданбалы салаларында нақты практикалық міндеттерді шешу мақсатынан да туындады. Мұндай міндеттер коммуникативті əсер етудің ең тиімді деген жолдарын, стратегиясы мен тактикасын көрсетуді талап етті. И.М. Копыленко: «Тіл білімінің қазіргі жай күйі қарым-қатынастың түрлі жағдайындағы тілдік бірліктердің қызметін талдауға ерекше мəн берілуімен сипатталады», – деп жазады [13, 132 б.].

Мəтін тақырыптарына ерекше тілдік бірлік ретінде талдау жасау, оны негізгі прагматикалық компоненттердің бірі ретінде қарастыру бұл мəселеге жаңаша көзқараспен қарауға септігін тигізеді. Мəтін тақырыптары – жүйелі түрде қолданылатын тілдік бірлік. Олар кез келген мəтіннің құрамдас бөлігі ретінде мəтіннің мазмұнын ашатын, мəтіндегі алғашқы ақпаратты жеткізетін тілдік таңбаның ерекше түрі. Олар мəтін тақырыбы қызметінде жұмсалып, шығарманың мəнін ашатын ерекше құрал қызметін атқарады. Тақырыптарға қатысты жазылған ғылыми еңбектердің барлығы да тақырыптардың мəтінінің мағыналық доминанты болып табылатындығын көрсетіп отыр.

Мəтін тақырыптары құрылымына, құрамына қарамастан үш негізгі қызметті атқарады. Олар: атауыштық, ақпараттық жəне прагматикалық. Бұл негізгі үш қызмет бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Мəтін тақырыбының атауыштық қызметі мəтіннің белгілі бір атаумен таңбалануымен, мəтіннің аты ретінде қолданылуымен байланысты. Ал ақпараттық қызметке тоқталатын болсақ, тақырып ең алдымен оқушыға мəтін мазмұнының не туралы екендігінен қысқаша мəлімет беріп, сілтеме жасап тұрады. Тек мазмұны туралы ғана емес сол мəтіннің қай стильде жазылғаны, тіпті кей жағдайда қай жанрлық түрге жататындығы туралы мəліметті де мəтін тақырыбынан алуға болады. Кез келген мəтін тақырыптары мəтіннің жалпы прагматикалық бағытын жасай алады. И.Р. Гальперин атап көрсеткендей «əр мəтін туралы белгілі бір деңгейдегі ақпарат сол мəтіннің тақырыбы арқылы да алдын ала беріліп отырады» [14, 19 б.].

 

  1. Лазарева Э.А. Заголовок в газете. – Свердловск: Изд-во Уральского университета, 1989. –96 с.
  2. Попов А.С. Синтаксическая структура современных газетных заглавий и ее развитие // Развитие синтаксиса современного русского языка. –М.: Наука, 1966. –С. 95126.
  3. Вомперский В.П. К изучению синтаксической структуры газетного заголовка // Искусство публицистики. –Алма-Ата: Казахстан, 1966. –С.82-85.
  4. Бахарев Н.Е. Структурно-функциональное развитие заголовков (на мат. заголовков из газет и журналов за 1903-1907, 1935-1939, 1965-1970 годы): Автореф. дисс. канд. филол. наук. –Алма-Ата, 1971. –26 с.
  5. Костомаров В.Г. Из наблюдений над языком газеты: газетные заголовки // Из опыта преподования русского языка нерусским. –М.: Мысль, 1965. –С. 163-181.
  6. Ихсангалиева Г.К. Функционально-прагматический анализ заголовков (на материале казахстанских газет и телепрограмм): Дис. канд. филол. наук. – Алматы, 2000. – 135 с.
  7. Қожабекова Р.Т. Баспасөз бетіндегі тақырыптардың фразеологиялану ерекшеліктері: Филол. ғыл. канд. дис. – Алматы, 2002. –140 б.
  8. Выготский А.С. Психология искусства. –М.: Наука, 1965. –206 с.
  9. Мужев В.С. О функциях заголовка // Ученые записки МГПИИЯ имени М.Тореза. –М., 1970. Т.55. –С.8694.
  10. Кржижановский С.Д. Поэтика заглавий. –М.: Никитинские субботники, 1931. –С.32.
  11. Кожина Н.А. Заглавие художественного произведения: структура, функции, типология (на материале русской прозы ХІХ-ХХ): Автореф. дис. канд. филол. наук. – М.1986. – 22с.
  12. Ким Г.В. Репрезентация прагмасемантической стороны языковых явлений – условие эффективности обучения // Русский язык в Кыргызстане. – Бишкек: Кыргызско-Российский Славянский университет, 2003. – С.8185.
  13. Копыленко И.М. Опыт выявления прагматики частиц // Русский язык в Кыргызстане. – Бишкек: Кыргызско-Российский Славянский университет, 2003. – С.132138
  14. Гальперин И.Р. Текст как объект лингвистического исследования. – Москва: Наука, 1981. –139 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.