Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Терминжасамның семантикалық тəсілі

Терминжасам мəселесінде лексика-семантикалық тəсілді атамаған терминолог ғалымды атау мүмкін емес. Олай болса, терминжасамда лексика-семантикалық тəсіл – ғылымда терминжасам тəсілі ретінде танылған тəсіл. Оған дəлел ретінде С.В.Швецованың өз еңбегінде келтірген Татаринов, Рудинскаяның лексика-семантикалық тəсілге берген анықтамаларын келтіру орынды саналды, олар төмендегідей: «Лексикосемантическое терминообразование – это такой способ языковой номинации, при котором основным средством создания нового термина является семантическое развитие слова» (Татаринов, 1996; 211). «Целесообразно различать такие типы семантического развития, как «...полный переход совокупной семантики во вновь образуемый термин или ее специализация расширение, сужение (терминологизация), частичное использование семантики слова в формировании значения нового термина (метафора и метонимия)...» (Рудинская, 1997)» [1, 30]. С.В.Швецова осы анықтамаларды ұстанып, лексика-семантикалық тəсілдің тілде омонимия тудыратынын дəлелдеген [1, 30].

В.П.Даниленко лексика-семантикалық тəсіл арқылы əдеби тілдегі бар сөздерден мағынасын өзгерту арқылы термин жасау əдеттегі жəне өнімді тəсіл деп санайды. Өйткені күнде қарқынды өсіп жатқан терминнің бəріне жаңа сөз табу, жасау өте қиын деп санайды. Сондықтан тілде бар сөздерден термин жасауға тура келген дейді [2, 24]. Бұл терминологиялық əрекетті ғалым былай түсіндіреді: «Лингвистический это вело к усложнению семантической структуры слова. Лексическое значение становилось недостаточным для выражения содержания научного понятия. Конкретизация его (расширение, сужение и др.) фактически приводила к отпочкованию нового слова со специализированным значением, к появлению семантического неологизма. Этот процесс мог проходить и при переводе на русский язык терминов из других языков (так, например, формировались термины физики: луч, свет, пространство, звук, скорость, сила и др.), и при терминологизации слова на собственно русской почве» [2, 24].

Мəселен, қазақ тіліндегі дайындық, бөгет, бəсеке, бүгу, жұлқу сияқты сөздер күнделікті өмірде қысқа дайындық, балаға бөгет болма, өтуге бөгет болма, көйлектің етегін бүгу, оны жұлқыма сияқты қолданыстардағы дайындық, бөгет, бүгу, жұлқу сияқты сөздер – қазір спортта белгілі мəндегі терминдер. Мысалы, жарысқа (чемпионатқа) дайындық. Мұнда жасалатын жұмыстың түрі тойға дайындықтан мүлдем басқа, бөгеттен секіру мен біреудің ісіне бөгет жасау бір емес. Көйлектің етегін бүгу мен күрескен адамның белін бүгу басқа əрекет. Адамды ояту үшін жұлқу мен күресте жұлқу екі басқа. Демек, тілдегі бұл сөздер спорт термині болғанда мүлдем басқа мағынаға ие болған. Сондықтан В.П.Даниленко олардың мағынасы терминде өзгергеніне сүйеніп, оларды неологизмдер санағаны жоғарыдағы үзіндіден көрінді.

Сөзжасамдық тəсілдің бұл түрі оқулықтарда лексика-семантикалық тəсіл деп аталып жүргені белгілі. Қазақ тіл білімінде бұл тəсілді алғаш рет семантикалық тəсіл деп атаған Ө.Айтбаев [3, 105]. Біз ықшам, қолданысқа жеңіл жəне мағынасына да сай осы терминді қолдануды жөн көрдік.

«Қазақ грамматикасында» бұл тəсілге мынадай түсінік берілген: «Лексика-семантикалық тəсілде сөздің құрамы, тұлғасы ешбір өзгеріске түспейді, өзгеріс тек сөздің мағынасында ғана болады. Сөз дыбыстық, морфемдік құрамын сақтай отырып, тілдегі бұрынғы қолданылып жүрген мағынасының үстіне жаңа мағына қосып алады, тілде жаңа мағынасында да қолданыла бастайды. Сөздің тек мағынасында өзгеріс болатындықтан, бұл тəсіл лексика-семантикалық тəсіл аталған» [4, 207].

Осы түсініктемеде бұл тəсілдің мағынаға ғана, мағыналық өзгеріске ғана қатысты екені дұрыс айтылған. Бірақ ғылымның соңғы жетістіктерінде бұл мəселеге жаңалық қосылды. Ол төмендегідей.

Жоғарыда айтылғандай жаңа мағынаның ешбір тілдік бірліктің қатысынсыз жасалуы орыс тіл білімінде алғаш безсуффиксный способ деп аталып жүрді. Оны үзінді арқылы көрсетейік: «Довольно продуктивным является среди имен существительных также и безсуффиксный способ словообразования. Этим способом в современном русском языке существительные образуются лишь от глаголов и только со значением действия» [5, 253].

Кейінірек бұл мəселе толығырақ сипатталатын болды. 1988 жылғы грамматикада ол «Безаффиксный способ» деген тақырыппен беріліп, арнайы мағлұмат берілген. Онда қосымшасыз сөзжасам төмендегіше сипатталған: «Безаффиксный способ словопроизводства можно определить как способ производства слов, когда образующая основа без добавления каких-либо аффиксов становится основой имени существительного» [6, 235].

Грамматикада бұл тəсілмен зат есім етістік пен сын есімнен жасалады делінген.

Сонымен бірге, грамматикада сөзжасамның, лексика-семантикалық тəсілі де берілген, ол төмендегіше анықталған: «С помощью лексикосемантического способа словопроизводства новые слова образуются в результате изменений в смысловой стороне того или иного слова, путем расщепления или распада слова, на два слов-омонимов, а значит, и образования новых слов проявляется в языке в силу того, что лексическая единица, получая какое-либо новое значение, продолжает (если не одновременно, то, по крайней мере, какое-то время) употребляться и в своем старом значении.

Лексико-семантический способ словообразования заключается, таким образом, в том, что разные значения одного и того слова превращаются в разные слова, осознающиеся этимологически как совершенно самостоятельные и независимое, или в том, что за существующим в языке словом закрепляется значение, которое с ранее ему своиственным как производственное и основное не связано.

Расщепление слова на два слова – омонима протекает постепенно» [6, 226].

Тіл білімінде кейін қосымшасыз сөзжасам нөлдік морфема арқылы сөзжасам деп танылды. Бұл идеяны орыс тіл біліміне кіргізген В.В.Лопатин. В.В.Лопатин «Нулевая аффиксация в системе русского словообразования» деген мақаласында өз идеясын дəлелдеген [7].

Осы жылдан бастап нөлдік суффикс орыс тілі грамматикаларына кіре бастады.

Мəселен «Русская грамматика» кітабында нөлдік жұрнақпен байланысты мынадай тақырыптар берілген: 1) префиксальные существительные с нулевым суффиксом [5, 238]; 2) сложные существительные с нулевым суффиксом [5, 250]; 3) префиксальные прилагательные с нулевым суффиксом [5, 318]. Бұл теория орыс тіл біліміне кең тарап, ғылымда əбден орнықты. Ол туралы ғалым А.Омарова былай деп жаз ған: «Нөлдік жұрнақ (нулевой суффикс) терминін алғашқы қолданғандардың қатарында А.И.Смирницкийді атау орынды.

Кейін сөзжасамдық нөлдік жұрнақ терминін орыс тіл білімі ғалымдары кең қолданды. Ол сөзжасамға қатысты ғылыми еңбектерде өте жиі қолданылды жəне барлық тілдік оқулықтарда қолданыс тапты. Нөлдік жұрнақ терминін А.И.Смирницкийден бастап, сөзжасамның ірі ғалымдары – Лопатин, Улуханов, Торопцев, Земская, Моисеев, Шведова т.б. ғалымдар қолданды. Бұл нөлдік сөзжасам теориясының ғылымда танылғанын білдіреді» [8, 203].

Нөлдік сөзжасамдық жұрнақ теориясы семантикалық тəсілмен тікелей байланысты. Семантикалық тəсілде сөздің құрамында ешқандай өзгеріс болмай, өзгеріс тек сөздің мағынасында болады деп саналады.

Əлемдік тіл біліміндегі əйгілі ғалым Фердинанд де Соссюр таңба теориясын ашқаны белгілі [9]. Фердинанд де Соссюр тіл таңбалардан құралады, таңба белгілеуші мен белгіленушіден тұрады. Белгілеуші сөздің құрамы, белгіленуші мағына деген. Бұл екеуі қатыспайтын тілде ешбір таңба жоқ деп дəлелдеген. Бұл теория əлемдік тіл білімінде қабылданған.

Фердинанд де Соссюр орыс тіліндегі родительный падеждегі рук сөзі мен рука сөзін салыстырып, мағынадағы айырмаға назар аударған, сол айырманың қосымшасыз тууына байланысты кейін шəкірттері нөлдік морфема теориясын жасаған, қосымша болмағанмен, мағына өзгерген болса, оны нөлдік морфема жасаған болады. Өйткені тілдік таңба міндетті түрде дыбыстық құрам мен мағынадан тұрады. Сөздің дыбыстық құрамында өзгеріс болмай, мағынада болған өзгеріс ғылымда нөлдік морфема арқылы жасалады деп саналады.

Қазақ тіл білімінде бұл мəселені алғаш көтеріп, кейін оны бірнеше еңбектерінде дамытқан, соңында оқулыққа кіргізген ғалым – Н.Оралбаева. Н.Оралбаева 1976 жылы Бүкілодақтық түркологиялық конференцияда «Проблема нулевой формы и нулевого слова в грамматическом строе тюркских языков» деген тақырыпта баяндама жасады [10], бірнеше мақалалар, ғылыми еңбек жазды, морфология оқулығына кіргізді.

Н.Оралбаеваның нөлдік морфема теориясын ғалымның шəкірті А.Омарова дамытып, жоғары сатыға көтеріп, оған нөлдік жұрнақ арқылы сөзжасам теориясын қосты. Бұл үлкен жаңалық болды. Өйткені А.Омароваға дейін нөлдік жұрнақ арқылы сөзжасам мəселесі зерттелмеген болатын.

А.Омарованың еңбегінен осы мəселеге байланысты үзінді келтірейік: «Сөзжасамдық нөлдік жұрнақтар қазақ тілінің сөзжасамдық жүйесінен белгілі орын алады жəне ол ерте замандардан тілдің сөзжасам жүйесінде белгілі қызмет атқарып келеді. Сөзжасамдық нөлдік жұрнақтар арқылы жасалған туынды сөздер түрлі сөз таптарының сөзжасамынан орын алып, олардың жаңа сөздермен толығуына қызмет етіп келеді. Оларды атасақ, төмендегідей: 1) зат есім, сын есім, 3) есімдік, 4) үстеу, 5) одағай» [8, 206].

Ғалым еңбегінде оны сөз таптарындағы нөлдік жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді, яғни нақтылы тілдік деректер арқылы өз пікірін дəлелдеген.

Біз ғалымның пікірімен толық қосыламыз жəне бұл пікір терминжасамға қатысты екенін білдіреміз. Бұл пікірді терминжасамның семантикалық тəсілімен байланысты келтіріп отыруымыздың себебі бар.

Сөзжасам тəсілдерінің бəрінің өз сөзжасамдық бірліктері бар. Сөзжасамдық бірліксіз сөз жасалмайды. Бұл – заңдылық. Мəселен, синтетикалық тəсілде уəждеме сөздің мағынасын сөзжасамдық жұрнақ өзгертіп, жаңа сөз жасайды. Демек, жұрнақ – сөзжасамдық бірлік, ал мұндағы сөзжасамдық тəсіл – синтетикалық тəсіл.

Аналитикалық сөзжасамда – сөз жасаушы бірліктер екі не онан да көп уəждемелер. Олар арқылы жаңа сөз жасаушы тəсіл – аналитикалық тəсіл.

Тек, семантикалық тəсілде ғана сөзжасамдық бірлік аталмай, сөз мағынасы өзгеретіні айтылады, мағынаны не өзгертетіні айтылмайды. Сөзжасамдық тəсіл мен сөзжасамдық бірлік бір емес екені жоғарыда дəлелденді. Олай болса, семантикалық тəсілдің де өз сөзжасамдық бірлігі болу керек. Өйткені Фердинанд де Соссюр мағына бар жерде оны білдіруші бар деп, тілдік таңба белгілеуші мен белгіленушіден тұрады деп дəлелдегені айтылды. Осы теориямен байланысты белгілеуші дыбыстық құрамнан көрінбегенде, ол нөлдік морфема болады деген пікірі бүкіл əлемге тарағаны айтылды.

Семантикалық тəсіл терминжасамда үлкен орын алады. Семантикалық тəсілмен нөлдік жұрнақ арқылы жасалған терминдер тұлғасы жағынан əдеби тілдегі уəждеме сөзден айырмасы болмайды. Олардың осы əрекетін Ш.Құрманбайұлы терминдену деп атайды, одан терминге көшкен деген ұғым туындайтыны байқалады [11, 142-151]. Терминге көшу деген мағынада болатын үлкен өзгерісті онша аңдатпайтындай болып көрінуі де мүмкін. Сондықтан семантикалық тəсіл арқылы нөлдік жұрнақ пен терминдердің жасалуы деген қолданыс сөзжасам теориясына дұрыс деп саналды. Əдеби тілдегі байырғы сөздерден семантикалық тəсіл арқылы нөлдік жұрнақпен термин жасалғанда уəждеме сөз мағынасында үлкен өзгеріс болады. Мысалы,

Ой жоқ боп, жүрек шоқ боп, құр екпін боп,

Сұңқардай сорғалаған келді Баян.

Желдей жынды есалаң екпінді боп, Заулап тұрған отқа өзім түспедім бе?!

Бір мезгіл екпіндетіп, долдандырып, Бір мезгіл жыны буып күбірлетті.

(М.Жұмабаев) Осы келтірілген үш мысалда əдеби тілдегі екпін сөзі жəне одан жасалған екпінді екпіндетіп туынды түбірлерінің қолданысы келтірілді.

Олардың мағынасы түсінікті, талдауды керек етпейді.

Ал екпін сөзінен фонетиканың бір мəселесі нөлдік жұрнақпен термин жасалды. Қазақ тіл білімінде екпін сөзіне ғылыми мəн беріп, термин жасаған – Қ.Жұбанов. Ғалым алғаш оны сөз екпіні деп қолданған. Оған төмендегі үзінді дəлел: «Сөздің əр буыны жуан да, жіңішке де бола алатыны секілді, күшті де, əлсіз де болып айтылады. Əр сөзде, осындай бір буынның алабөле күшті айтылуын сөздің екпіні дейміз. Күшті айтылған буынды екпінді буын дейміз» [12, 206].

Демек, сөз екпіні, екпінді буын терминдері фонетика саласының бір мəселесінің атауы (номинациясы) болып, ғылыми ұғымды білдіретін, анықтамасы (дефинициясы) бар термин болған. Ол жоғарыда əдеби тілдегі қолданыстағы мағынадан мүлдем басқа мағына.

Алғашқы грамматикалар тобына жататын І.Кеңесбаев пен С.Жиенбаевтың 1942 жылғы мектеп оқулығы «Қазақ тілі грамматикасында» сөздің екпіні термині дауыс екпіні түрінде қолданылған. Оқулықта дауыс екпініне берілген анықтама мынадай: «Сөз ішінде бір буынның айрықша күшті айтылуын дауыс екпіні дейміз. Күшті айтылып, екпін түскен буынды екпінді буын дейміз» [13, 43].

Ал 1953 жылғы Н.Сауранбаевтың педучилищелерге арналған оқулығынан бастап бұл термин тек екпін түрінде қолданылатын болған, оны осы оқулықтан алынған үзіндіден көруге болады: «Екпін. Сөздегі дыбыстар я буындар біркелкі айтылмайды, олардың біреуі басым айтылады, қалғандары бəсең, кейде тіпті күңгірт айтылады... Сөздегі бір буынның басым айтылуын екпін деп атайды» [14, 47].

1960 жылғы педучилищеге арналған Ғ.Əбухановтың оқулығында «Сөз ішіндегі буынның өзге буындардан ерекшеленіп күшті айтылуын екпін дейді» деп берілген[15, 54].

Мектеп грамматикаларында ол өте ықшам анықтама жəне тек екпін түрінде ғана қолданылды: «Сөз ішіндегі бір буынның күшті айтылуын екпін дейміз» [16, 20]. «Қазақ грамматикасында» «Екпін» деген үлкен тақырып беріліп, онда екпін мəселесі туралы мағлұмат берілген [4, 99-104].

Бұған қарағанда, Н.Сауранбаев бастаған терминді тек екпін деп атау оқулықтарда қалыптасқан деуге болады. Бұдан əр терминнің өз авторы, өз қалыптасу тарихы бары анықталды жəне қазақтың байырғы сөздерінің терминжасам қабілетінің күштілігі əдеби тілде қаншама заманнан белгілі мағынада қолданылып, əбден қалыптасқан екпін деген тілдің байырғы сөзінен нөлдік жұрнақпен семантикалық тəсіл арқылы ғылыми ұғымды білдіретін терминологияның тіл білімі саласының термині жасалды жəне ол ғылымда орныққаны жоғарыда дəлелденді.

Демек, терминжасамның семантикалық тəсілі деп тілдегі жай сөздерден нөлдік жұрнақ арқылы термин жасау аталады.

Семантикалық тəсілмен нөлдік жұрнақ арқылы жасалған терминдер тілде өте көп, олар терминологияның əр саласында жеткілікті. Тек қазақ тіл білімінің саласында қаншама. А.Байтұрсынұлының семантикалық тəсіл арқылы жасаған терминдеріне мысал келтірейік: сөз, сөйлеу, сөйлем, буын, дыбыс, түбір, жұрнақ, қосымша, жалғау, шылау, үстеу, демеу, одағай, жазу, ереже, деректі, дерексіз, жалқы, жалпы, тəуелдік, септік, рай, ноқат, дауысты, көшіру, буындау, жаттау, əдіс, оқу, əңгімелесу, жіктеу, ашық, тұйық, жуан, жіңішке т.б.

Терминжасамның семантикалық тəсілі қазақ тіл білімінде жалғастырылды. Мысалы, бунақ ырғақ, мағына, есім, шақ, жақ, мезгіл, мекен, қабысу, жанасу, меңгеру, матасу, ұғым, қиысу т.б.

Семантикалық терминжасам терминология салаларының бəрінде белгілі дəрежеде қызмет атқарады. Мысалға «Геология, геодезия жəне география» сөздігінен мысалдар келтірейік: адырлар, айдын, аймақ, ақық, алаң, алтын, алмас, аңғарлар, аңызақ, арай, арна, асу, аудан, ауыл, аяз, əк, баған, батпақ, батыс, бедер, бел, белдеу, бөген, бөгет, буалдыр, бұйрат, бұршақ, дауыл, ел, жаға, жазық, жар, жон, жота, жұт, жылға, жыңғыл, кезең, кен, кесек, кешен, кешу, көгал, көшкін, кірме, қабат, қайнар, қайраң, қатпар, қаусырма, құйын, қысым, мүйіс, мұнар, мұхит, найзағай, нəсіл, атырап, ойпаң, ойпат, ойық, өзек, өзен, өлке, өртең, сағым, саз, сай, сор, тау, теңіз, тоғай, тоң, төбе, тұз, тұмсық, түбек, үңгір, шат, шатқал, шың, шық, ылди т.б.

Мəселен, аңғар деген сөз тілде бірнеше мағынада қолданылады. Мысалы, Мына бізге тап берген аттыны да енді ғана аңғардым (Ə.Сəрсенбаев). Соттың үйін элеватор деуге де, кейде аңғар немесе үлкен склад, əлде тіпті баржа десе да сиярлық (М.Əуезов). Сарынды сөз аңғарын біл, қарағым (Ғ.Орманов).

Ал географияда аңғар – тау аралығы, сайсала арасы деген ғылыми ұғымды білдіретін семантикалық тəсіл арқылы нөлдік жұрнақпен жасалған термин.

Сондай-ақ, əдеби тілде бөгет деген сөз де түрлі мағынада қолданылады. Мысалы, Сонда енді баруыма не бөгет деп сұрамақсыз ғой (Б.Соқпақбаев). Біз де үнсіз тыңдаймыз. Сəл бөгелсе, «Тағы да. Тағы да айт» деп қинаймыз (Қ.Ыдырысов). Ағайын, саған разымын, жолыма бөгет болмаңдар (Ж.Саин).

Ғылымда бұл бөгет сөзінен өзен суын бөгеу үшін жасалған гидротехникалық құрылыс ұғымын білдіретін термин семантикалық тəсіл арқылы нөлдік жұрнақпен жасалған.

Найзағай сөзі əдеби тілде найзағай жарқ етті, найзағай түсті, найзағай ойнады сияқты мəнде қолданылады. Мысалы, Қаражарға найзағай түскен, өрт содан кетті (З.Шашкин). Ал найзағай терминіне ғылымда мынадай анықтама берілген: жауын-шашын кезінде ауада жиналған электр зарядтарының бір-біріне соқтығуынан пайда болатын күшті жарқыл.

Семантикалық тəсіл арқылы терминнің жасалуы терминологияның барлық саласына қатысты. Мысалы, көз, тері, тұқым (биология); ақыл, қайсар, тəлім, тəрбие (педагогика); əскер, əмір, ант, нысана (əскери іс); жол, бекет, көпір, сал (көлік жəне қатынас жолдары); дəреже, есеп, қате (математика); ақау, аспап, астар, бағдар, құрал (физика), жатыр, қан, оба, сүзек (медицина); ауқым, жаға, қойма, саға (су шаруашылығы); ереуіл, əлем, күң, нəсіл (тарих); алқа, кесте, мата (жеңіл жəне тоқыма өнеркəсібі); бояу, қалайы, мырыш, сілті (химия); білік, жарық, қыр, мұнай (жалпы техника); арқау, саға, ернеу (кен ісі жəне металлургия); əсіп, бал, дүкен, жаңғақ (тамақ өнеркəсібі); айна, əн, күй, ою (мəдениет жəне өнер); айыр, арпа, баспақ, дəн, жабағы (ауыл шаруашылығы); əк, еден, есік, қабат (сəулет құрылысы); алмас, бүйір, сауыт, тетік (машинажасау); балуан, батпан, бəсеке, күрес (дене тəрбиесі жəне спорт); алау, бұлақ, күл (энергетика); арқа, аумақ, дақ, ереже (механика); дін, ел, еңбек, қарар, құн, мадақ (философия).

Бұл терминологияның түрлі саласынан семантикалық тəсіл арқылы нөлдік жұрнақпен жасалған терминдерге келтірілген мысалдар семантикалық тəсілдің терминологияның барлық саласының терминжасам жүйесінде қызмет ететінін толық дəлелдеді. Тек əр салада семантикалық тəсілдің белсенділігі əр түрлі.

Келтірілген мысалдардың бəрі де – қазақтың байырғы сөздерінен семантикалық тəсіл арқылы жасалған терминдер. Бұл байырғы сөздік қорымыздың байлығы алуан түрлі ғылыми ұғымдарды білдіретін терминдерді жасап, өзінің бай мүмкіндігін, орасан зор қабілетін дəлелдеп тұр. Олай болса, бұл мүмкіндікті сарқа пайдалана білу – басты міндет. Өйткені тіліміздің бай сөздік қоры – терминжасамға қызмет етуге мүмкіндігі мол, бай тіл.

Семантикалық тəсіл арқылы терминжасамға уəждеме болған сөз көбіне тілде бұрынғы өз мағынасында қолданыла береді. Осыдан семантикалық тəсіл арқылы жасалған термин мен əдеби тілдегі оған уəждеме болған, бірақ тілде өз мағынасында сақталған сөз бір-бірімен омоним сөзге айналады. Өйткені терминнің уəждеме болған сөзден мағынасы өзгерген, себебі ол – ғылыми, техникалық ұғымның атауы, оның тілдегі жай сөзден өзіндік ерекшелігі бар. Ол туралы В.П.Даниленко жақсы айтқан, ол төмендегідей: «Природа термина как знака, т.е. семиотическая его сущность, не совпадает полностью с обычным словом общелитературного языка. Она сложнее, чем у слова общего употребления.

Демек, омоним термин мен жай сөз – мағынасы, атқаратын қызметі, тіл салаларына қатысы, қолданыс аясы жағынан басқа-басқа сөздер. Бірақ олардың бəрі де сөздік қорымыздың байлығына жатады.

Тіліміздегі байырғы сөздердің осындай түрлі лексикалық бірлік дəрежесіне жетуі – семантикалық сөзжасам тəсілінің, нөлдік жұрнақтың сөзжасамдық қызметінің нəтижесі.

Термин именует специальное понятие.

Специфика этого понятия в том, что оно не должно терять своей целостности, какими бы средствами и способами ни передавалось его содержание.

Термин, будь то слово (простое или сложное) или словосочетание (весьма разные по степени разложимости составляющих компонентов), представляет собой о д и н з н а к, которому соответствует одно понятие. Обладает сложной внутренней семантической структурой, термин является единой, отдельной, самостоятельной единице наименования» [2, 35-36].

Омоним терминдерді жай сөздерден айыру қиын емес. Өйткені олардың мағынасы да, қолданылу аясы да, қолданылу ортасы да басқа.

Алдымен терминдер ғылыми техникалық ұғымдарды білдіретін болғандықтан, олар жай сөздер сияқты кез келген адам күнделік өмірде қолдана бермейді жəне олардың мағынасы елдің бəріне түсінікті емес. Ал жай сөздерді бір тілде сөйлейтін адамдардың бəрі де қолдана береді. Олар бір тілде сөйлейтін адамдардың бəріне ортақ, оны түсіну үшін сөздік іздеудің қажеті жоқ. Термин омоним сөзді маман емес адам түсіне алмайды. Терминге уəждеме болған жай сөзді оның терминнен басқа барлық қолданысында əркім де түсінеді. Олай болса, омоним термин мен жай сөздің қолданылу ортасында үлкен айырма бар. Омоним терминді қатысты мамандығының адамдары қолданады. Яғни омоним терминдердің қолданыс аясы шектеулі, тар. Ал онымен омоним жай сөзді əркім де қолдана береді. Терминнің омонимі жай сөздің қолданыс аясы кең, онда ешқандай шек жоқ.

Омоним термин сөз бен омоним жай сөз тілдің екі түрлі саласына жатады. Омоним термин сөз тілдің терминология саласына, оның белгілі бір саласына жатса, оның омонимі жай сөз тілдің лексикология саласына жатады.

 

  1. Швецова С.В. Лингвистический анализ способов терминообразования в современной английской офтальмологической терминосистеме. Дис. КФН. – Иркутск, 2004.153 с.
  2. Даниленко В.П. Русская терминология. Опыт лингвистического описания. – М., 1977. 246 с.
  3. Айтбаев Ө. Қазақ тіл білімінің мəселелері. –Алматы: Арыс, 2007. 624 б.
  4. Қазақ грамматикасы. –Астана, 2002. 784 б.
  5. Русская грамматика. –М.,1982.
  6. Современный русский литературный язык. – М., 1988, 670 с.
  7. Лопатин В.В. Нулевая аффиксация в системе русского слово образования. //Вопросы языкознания. М., 1966. №1, С.76-78.
  8. Омарова А. Қазіргі қазақ тіліндегі нөлдік морфема. –Алматы, 2004. 253 б.
  9. Фердинанд де Соссюр. Курс общей лингвистики. 1933. Перевод А.М.Сухотина. – История языкознания ХІХХХ веков в очерках... Часть І, 1961.
  10. Оралбаева Н. Проблемы нулевой формы и нулевого слова в грамматическом строе тюркских языков. – Советская тюркология и развитие тюркских языков в СССР. Тезисы докладов и сообщений. – Алма-Ата, 1976, 358 б.
  11. Құрманбайұлы Ш. Терминқор қалыптастыру көздері мен терминжасам тəсілдері. –Алматы: Сөздік – Словарь, 2005. 240 б.
  12. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. –Алматы: Ғылым, 1999. 581 б.
  13. Кеңесбаев І.Жиенбаев С. Қазақ тілі грамматикасы. 1-бөлім. Фонетика мен морфология. Орталау жəне орта мектептердің V-VІ кластарына арналған. –Алматы, 1942. 164 б.
  14. Сауранбаев Н.Г. Қазақ тілі. Педучилищелерге арналған. –Алматы, 1953. – 219 б.
  15. Əбуханов Ғ. Қазақ тілі. –Алматы, 1960. 366 б.
  16. Аханов. Қазақ тілі оқулығы (5-6). –Алматы, 1971.242 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.