Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақ тіліндегі құпия түсініс тəсілінің шартты тілдер арқылы берілуі

Тілдің пассив лексикасының бір тобы саналатын арго мен жаргондар белгілі бір шағын əлеуметтік топтың қарым-қатынасын реттейтін қатынас құралы қызметін атқарады. Шағын топтың коммуникативтік қызметін жүзеге асыратын арго, жаргондардың жасырын мəнді беруде де жұмсалатынын зерттеу барысында байқадық. Мəселен, Ғ.Қалиев пен Ш.Сарыбаев еңбектерінде «шағын ғана əлеуметтік топтарға қызмет ететін, сол топтардың ұнатуына сай келетін арнаулы сөздер мен сөйлемшелер»[1,65] деген ортақ анықтама беріліп, «жаргон көбінесе дворяндық аристократия мен буржуазияның жоғарғы топтары арасында қолданылады. Ал «арго тілі төменгі тап өкілдеріне тəн. Арго жасырын əрекетті, құпия сырды бүркемелеу мақсатынан туған»[2,8] деп көрсетілсе,

А.Махмұтов: «Жаргон үстем топтың жоғарғы топтарының тіл ерекшелігі болса, арго əлеуметтік төменгі топтарға тəн ерекшелік. Арго жасырын əрекетті, құпия сырды сөйлескенде оны басқаларға білдірмеу мақсатынан келіп туған. Арго халыққа түсінікті сөздер негізгі мағынадан ауытқып, аз ғана топтың шартты белгісіне айналады. Арго элементтері қазақ тілінде де кездесіп отырады. Мысалы, апсаржапсар (нəрсе жапсарда тұр), ылдым-жылдым (нəрсені тез ал) т.б. [3,139], деп жазады. Ал І.Кеңесбаев, Т.Жанұзақов еңбектерінде «Арго» өзінің сөйлеу нормасы арқылы ерекшеленген белгілі бір əлеуметтік топтың шартты тілі, жаргон сөзі, ал жаргон шағын ғана əлеуметтік топқа қызмет ететін, өзіне тəн грамматикалық құрылысы мен сөздік қоры жоқ, жалпы халыққа түсініксіз жасанды тіл. Бұл арго деп те аталады» [4, 20] деген сипаттама беріледі. Орыс тіл білімі ғалымдары Д.Э.Розенталь жəне М.А.Теленковалар бұлар туралы: «Арго французша argot жаргон. Язык отдельных социальных групп, сообществ, искусственно создаваемый с целью языкового обособления (иногда «потайной» язык), отличающийся главным образом наличием слов, непонятных людям непосвященным. Школьное арго. Студенческое арго. Спортивное арго. Арго картежников. Воровское арго» [5,20] деп, ал «жаргон (франц, jargon) то же, что арго, но с оттенком уничижения) [5,75], дейді. Мысалы: Мыналар үйіме пугай жіберіпті, деп қолымен жоғары қабатты нұсқады. «Пугайына» сəл түсінбегендік сыңай білдіріп едім, Əне, қызыл кепкілер жүр ғой, əне, деп баспалдақ жақты көрсетті. Осындағы «пугай» жаргон сөз.

Ресейдің Б.А.Ларин, Е.Д.Поливанов, Д.С.Лихачев, В.М.Жирмунский, Л.П.Якубинский секілді ғалымдар арго мəселесін зерттеуге ерекше көңіл бөлді. Сөйтіп, 50-інші жылдардан бастап түрлі оқулықтарда жаргон, арго мəселесі кеңірек сөз етіліп, зерттеле бастады. Мысалы, А.И.Поповтың 1957 жылы шыққан «Из истории лексики языков, восточный Европы» еңбегінде:

«Шартты-профессионалдық арго жайлы сөз етіп, мұндай сөздердің тілімізде көп еместігін, олардың басты қасиеті құпиялылығы мен тұйықтығы екендігі [5,101] айтылады. Бұл пікірден арго сөздердің белгілі бір нəрсені құпиялау мақсатында қолданғандықтан, таралу шегі тұйық сөздер екендігі ап-айқын аңғарылып тұр. „Арго белгілі бір мамандық иелеріне ғана түсінікті болып, сөздің астарын құпияландырады [5, 88], деген пікірді В.И.Кодухов еңбегінен кездестіреміз.

Осы сияқты тұжырымды Ф.П.Сорокалетовтің «Словарь русских народных говоров» кітабынан да кездестіруге болады. Мұнда: «арго құпия жасырын хабарларды жеткізу амалы болғандықтан, күнделікті ауызекі сөйлесу тіліне кең түрде ене алмайды» [6,34]деп көрсетеді. Ауызекі сөйлеу тіліне кең түрде ене алмау себебі, бұл сөздердің көпшілік жағдайда аргоны ойлап тапқан топтар арасында ғана белгілі болып, сол топтардың құпия коды ретінде қызмет атқаруына байланысты екені сөзсіз. Ал А.С.Бархударов: «Жаргон мен арго шағын əлеуметтік топтың жалпыхалықтық тіл лексикасынан өзгеше жəне жеке грамматикалық жүйесі жоқ шартты тілдер» [7,45], деп біршама толық анықтама береді. Мысалы, аквариум қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде: қолда балық өсіру үшін əдейі жасалған, су құйылған шыны ыдыс болып түсіндірілсе, аквариумның ішкіштер арасында арақ ішетін ыдыс мағынасында жұмсалып, шағын топтың ойлап тапқан жаргондық нұсқасы болып тұр.

Ядринцевтің «Лингвистический энциклопедический словарь» кітабында: «арго бір немесе бірнеше табиғи тіл элементтерінің мағынасын өзгертіп, жеке қарым-қатынас құралына айналдыру. Қоғамның басқа мүшелері түсінбейтіндей қолданылатыны айтылған. Өйткені бұлар, біздің түсінуімізше, жалпыхалықтық қарым-қатынас мұқтаждықтарына емес, қандай да бір ахуалға байланысты не сөз ойнатым ыңғайында пайда болғандар сияқты. Демек, бұлар əр кезеңде, əр халықта болған жаңалық. Сондықтан да олар ерекшелену мақсатында қолданған таптанған ортаның, яғни, қылмыстылар əлемінің тілі. Арго басқа тілден енген сөздер негізінде жасалады. Жаргон адамдардың қоғамдағы жағдайына, қызығушылығына, жасына, мамандығына қарай жинақтайтын, ауызекі сөйлеу кезінде əлеуметтік топ тілінің əрқилылығын көрсететін шартты тіл» [8,43], деген анықтама береді. Мəселен, шуба аргосы қауіпқатердің таянғаны жөніндегі хабарды білдірсе, степуха, пенсия деп степендияны атау жастарға тəн. Бұл мысалдардың біріншісінің бойында құпиялылық мəн бар, демек, ұрылар арасында қауіп-қатердің таянғаны шуба сөзі арқылы жеткізіледі екен. Бұдан аргоға айналған сөз жалпыхалықтық қолданыстағы мағынасынан толығымен айрылып, екінші бір мағынада қолданылатынын көреміз. Ал екінші мысалдағы степендия сөзінде жоғарыдағыдай атауды көпшілік жастарға тəн деп қарауға болады. Ұрылар тілін зерттеген, саралаған, белгілі ғалым Д.С.Лихачев ұрылар жаргоны немесе қылмыскерлер тілі кездейсоқтықтан туған емес; «Бұл қылмыскерлерге берген табиғаттың сыйы» [8,7], деп тұжырым жасады. Шынында да, осы арго сияқты жасырын, шартты тілдердің көмегімен алдарына қойған мақсаттарын іске асырып отырған.

Шартты аргоның синхрондық құпиялылығы тым өзгермелі болып келеді. Мəселен, қылмыспен күресушілер бұл тілді жақсы меңгерген, ал қылмыскердің қылмыс құрбаны алдында арго тілінде қарым-қатынас жасау тым қарапайым құбылыс болып келеді. Ол үшін нақты қылмыстық қауымдастықтарда арнайы код-сөздер жасалады. Мұндай сөздерді кинофильмдерді қарап отырсақ, ашық түрде хат алмасуда жау агенттері мен совет тыңшылары пайдаланады. Ал бұл жағдайда қарапайым сөздерге ерекше құпиялық мəн үстетіліп, күдік тумас үшін, мұндай сөздердің қалыпты нормативті лексикалық мағыналары алыстатылмайды. Қылмыскерлер тілінің құпиялылығы көп жағдайда алданбалы, əдейі көтеріңкі болып келеді де, бұл жағдайда, көбіне «өзіміз жəне өзгелер» деген қарама қайшы топқа бөлінуі көзделеді. Мысалы: жүгіру ұрлық жасау. Жүгіру жалпыхалықтық лексикада бар сөз. Егер жүр жүгірейік десе, бұл таза ауада жүгіріп қайту емес, ол осы сөз арқылы өздерінің ұрлық жасауға аттанатындықтарын білдіреді.

Д. С. Лихачев аргоның пайда болуы мен өмір сүруінің тағы бір маңызды себебін көрсетеді. Ол былай дейді: «Ұрылар ойлауының ерекшелігі олардың қоғамға деген көзқарастарында магиялық элементтердің ұшырасуында алғашқы қауымдық магиялық қабылдау тілде де көрініс тауып отырады. Мəселен, уақытында сəтсіз аяқталған сөз сəтсіздікке ұшыратып, барлық істі тоқтатып тастауы мүмкін. Мысалы:

«хаза» алғашында ұрылардың жасырынатын жерлерін білдірсе, кейін бұл сөздің мағынасы ашылып жастар милиция қызметкерлерінің арасында көрініс табады. Осыған орай, қылмыстық əлемде қарапайым сөздер арго сөзі мен алмастырылады жəне олардың өмір сүру кезеңі өте қысқа болады. Д. С. Лихачев: „плодвитость воровской речи напоминает плодовитость рыб-чем больше они несут икры, тем больше погибает„ [8,8] деп жазды. Яғни арго сөздер мағынасы жағынан өте тұрақсыз болып келеді. Мысалы: ұрылар тілі (батя) түрмедегі аспазшы мағынасын білдіреді. Базар даулы əңгіме т.б. сияқты сөз қолданыстары кездеседі. Бұл айтылғандардан аргоны қылмыстылардың құпия тілі деп, жаргонды жекелеген топтың тілдерінде бар сөздер сөзойнатым ыңғайында əдейі өзгеріске түсіріп қолданған сөздердің жиынтығы деп түсіну жөн сияқты.

Аталған анықтамаларға мазмұны жағынан ұқсас тұжырымдар Э.Д.Сүлейменова, Ю.С.Маслов, Н.В.Васильева, В.И.Беликов еңбектерінде де берілген.

Ал қазақ тілі білімінде жастар жаргоны жайлы Ə. Хасеновтың «Тіл білімі» кітабында қысқа түрде сөз етілді, ал газет журнал беттерінде бұл мəселе жайлы сөз етілген жоқ. Себебі, қазақ тіл білімінің лексикалық қабатында мұндай сөз қолданыстары кездескенімен, олардың ара-жігі ажыратылған емес. Тіпті кейбір тілші-ғалымдар бұларды əдеби тілдің нормасына кері əсер ететін, тіл мəдениетіне зиянын тигізетін сөздер ретінде қарап, олардың қолданысын мүлде құптамайды. Дегенмен, белгілі бір мамандық иелерінің, жас мөлшері шамалас адамдар мен мүддесі бірлердің қарымқатынас кезінде қолданылатыны белгілі.

Алайда, көптеген студент, оқушы жастар ауызекі сөйлеу тілінде жаргон сөздерді қолданатындықтары байқалады.

Жастар жаргонын дөрекі, ерекше бір көтеріңкі леппен айтылатын сөздер деп екі топқа бөліп қарауға да болады. Бұл туралы Шарль Баллидің: «Люди обычно придают арго некое символическое значение; арго непроизвольно вызывает в нашем сознании представление об определенной среде, которой своиственна вульгарность, низкая культура [9, 28] – дегенінен шартты сөздердің астарында дөрекілік мəннің бар екенін байқаймыз.

  1. Мұғалімдерді сындыру (зачетка, көндіру), шеге қылу (жұмыс бітіру), таракан болмашы (қыстырылма), мешок (күреске икемсіз адам), тақалып кет (жолық), қашып кетші былай тұршы. Мысалы, сен осы жерден қашып кетші деген дөрекі естіледі. Асан сен маған тақалып кетші. Сен маған жолығып кетші дегенге қарағанда дөрекі. Сен өзің бір барып тұрған мешок екенсің деген сөйлемде «икемсіз адам екенсің» дегеннен гөрі экспресивтік мəнге ие. - «Асқар таракан болмай кетші». «Асқар бұл жерге қыстырылмасаңшы» дегенге қарағанда дөрекі естіледі.
  2. Мысалы, стешка, античка, мастер экспресивті мəнге ие. Жастар жаргоны заттың атын алмастырып өзгерту үшін; ауа, капуста, тиын, уақыт деп ақшаны атаса, алтын көпір, қыл көпір емтиханды атаса, стрелка кездесетін жер, бармақ үй күйсіз қаңғырған бұзық, қышыма конфет.
  3. Іс-əрекетке байланысты: тема қозғау (əңгімелесу), құстар ұшты (қыздар келді), мұғалімді сындыру (зачетка көндіру), зачет сындыру, мұз қылу (зачет алу); шеге қылу (жұмыс бітіру), бұтақтарын қағып тастау (ұру), құлаққа теппеші, құлаққа лапша ілмеші, əңгіме айтпа, ұйықтатып кеттім, өтірік айтпашы. Лақтырып кетті тастап кетті, тиын көтеру біреудің ақшасын алып қою. Мысалы: «Əдеке, кəрі сүйегім сырқыраған жоқ па? «жаңбыр жауам дей ме қайтеді?» деп əзіл тастаған.

Құдай сақтасын, өкшем таза – деді Есентай сенімнен шығып қалдым ба деп қапалақтап. Осы мысалда «өкшем таза» тіркесі арқылы «соңыма түскен ешкім жоқ» деген ақпаратты жеткізіп тұр. Бұл тіркес жалпыхалықтық қолданыста да бар, бірақ дəл осы тұста қоғамның өзге топтарына түсініксіз, тек адамдардың келісімі нен туындап барып, жасырын хабарды жеткізіп тұр.

  1. Көңіл күйге байланысты: бес болмашы өзіңше болмашы, ауа тар болып кетті (ұнатпау), жанып кету (ұялу) т.б.

Қарап отырсақ, жастар жаргон сөздерді нəрсенің атын өзгерту үшін ғана емес, кейбір ісəрекеттің өту барысына байланысты қолданылатыны көрсетіледі.

Деректерге қарасақ, жастар арасында ақша ауа, капуста, уақыт жаргондармен аталады екен. Бұларды жасырын хабарды жеткізу үшін қолданған. Бір мысал:

Айша мен Сəуле кейде өздері бұлардың бір бөлмелі пəтерлеріне келетін. Сондай кездерде Тойжан мен Қасымжан бір-бірінен:

-Уақытың бар ма? деп сұраушы еді. Қыздар екеуі бір-бірінен «қыдыруға уақытың бар ма?» деп сұрап тұрған шығар деп аса мəн бермеуші еді. Ал шын мəнінде бұл сұрақтың астарын екі жігіт қана білетін. Олар бір-бірінен

«ақшаң бар ма?» деп сұрап жатпас үшін алдын ала осылай келісіп алған. Осы үзіндідегі уақыт сөзі жаргон. Екі жігіт алдын ала ақшаны осылай атауға келісіп, керек сəтінде қолданған. Бұл жерде уақыт сөзінің құпиялық мəні бар. Себебі, екі бала өздерінің құрбы қыздарынан ұялып, бір-бірінен қыздарды қыдыртуға ақшаның бар-жоғын уақыт сөзі арқылы біліп тұрған (С.Мұратбеков).

Кейбір жастардың арасында қолданылатын «сүпен» сөзі «сүйкімсіз» деген мағынаға ие. Осы сөздің өзін жастар көбінесе бір адамды ұнатпай тұрған уақыттарында қолданады.

Əңгіме айту өтірік айту, əңгіме айтпашы деген сияқты сөз тіркесін күнделікті тұрмыста кездестіруге болады. Бұл секілді «базар жоқ» жаргоны -келісу сөзі арқылы берілсе, «тақалып кет» жолығып кет. Мəселен, Асқар маған жолығып кетші дегенді. Асқар маған тақалып кет деп айтады. «Феня» -жақсы адам. Бұл өзі феня екен, яғни, бұл өзі жақсы адам екен дегенде жақсы адам сөзінің орнына «феня» жаргонын қолданғандарын байқауға болады.

Студент жастар арасында оқу барысымен байланысты жаргон сөздер қолданылады. Мəселен, шпор шпоргалка бұл жаргон «шпоргалка» сөзінің қысқартылуы арқылы жасалады. Осы сияқты «гос» «мемлекеттік емтихан», зарубежка зарубежная литература, «античка» - «античная литература», автомат емтихан тапсырмай-ақ алынатын баға, құйыршық уақытында тапсырылмаған емтихан, зачет «алтын көпір» емтихан, «танк», «крыша» -бұл жоғарыда танысы бар студент; «степуха», «пенсия», «стешка» деп степендияны айтады.

Сонымен қатар жастар арасында басқа тілден енген сөздерді (ағылшын, француз, ұйғыр, молдова, орыс т.б.) қолдану кездеседі. Мəселен, ұйғыр тілінен енген сарац жаргонын «жынды» сөзінің орнына қолданса, яқ болмайды, ұғыл-ұл, яқ жоқ. Молдова тілінен енген фуш сөзі – «кет» деген сөздің орнына қолданғандары байқалады. Ағылшын тілінен енген супер сөзін «керемет», «күшті» сөздерінің орнына қолданады. Жалпы тіліміздегі жаргон, арголардың көбіне орысша қолданылатыны немесе калька түрінде пайда болатыны анық байқалады. Айталық, рэкитшілер тіліндегі крыша (басқа пана болатын, басты сақтайтын, қорғайтын адам), быки (топ, бригада мүшелері), кидать (ету, алдап кету); əскери тілдегі дедовщина, машина жүргізушілер тіліндегі баранка, жастар тіліндегі общага, бакс, бабки т.т. базардағылар тіліндегі мент – сатушылардан да, алаяқтардан да алым алатын «мықты», шпана – қалта тазалаудың маманы, кидала – біреулердің ұрлап əкелген заттарын саудагерлерге тарататындар, студенттер тіліндегі «құлап қалу» емтиханнан жаман баға алу, «құйыршық» қайта тапсыратын емтихан т.б. осындай сөздер.

Қазақ тілі энциклопедиясында қазір ұрлыққа байланысты 160, алдау-арбау, қашыппысуға байланысты 85 сөз бен сөз тіркесі бары айтылады. (26,140)

Отан соғысы жылдарындағы мұндай əскери əлеуметтік топ тіліндегі өзара түсінісетін жасырын, құпия мағыналы сөздер, яғни сөйлеу тілі лексикасына жататын əдеби нормадан тыс тұрған жаргонизмдер болуы əбден заңды. Мысалы, «Ұрланған тілдің хабары бойынша партизандар, полицайлар мен старосталардың саны қанша екенін біліп, өш алу үшін түн жамылып орманнан шыға бастады (184)» деген сөйлемдегі «Ұрланған тіл (кейде шығармада «тіл əкелу», «тілді қолға түсіру» болып та қолданылады), яғни жау жақтан нақты мəлімет алу мақсатында олардан «қолға тірі адам түсіру» деген мағынадағы тіркес екені айқын аңғарылады. Бұның əскери лексикаға көптен сіңісті болып кеткен тіркес екені туралы академик Б.Хасанов: «Соғыс кезінде «тіл əкелу» деген тіркес жиі қолданылатын. Мұндағы тіл – адам, бірақ жалпы адам біткен емес, жаудың солдаты не офицері, яғни дұшпан жөнінде мəлімет беретін адам», деп нақты түсінік береді [10,10].

Сондықтан да бұл сөз соғыс тақырыбына жазылған шығармалардың көпшілігінде-ақ кездесіп отырады. Мысалы, А.Қошқарбаевтың «Шешуші шабуыл» («Штурм») повесіндегі комбат Твердохлеб те: «Лейтенант, бұл сірə, Сіздің қолға түсірген алғашқы тіліңіз болса керек», дейді (71 бет).

Өзге мысалдарды көрейік: … Отрядта бұл топты «кішілер тобы» деп атады. Бұл атақ оларға берік танылды. Тіпті ресми бұйрықтарда да оларды «кішілер тобы» дейтін еді (263). Бұл сияқты ауыр, қауіпті барлауды «кішкентайлар тобына» тапсыру қатер болар еді (288)» деген сөйлемдердегі «кішілер тобы», «кішкентайлар тобы» тек əскери басшыларға ғана белгілі, партизан құрамасының бір топ жас жауынгерлері туралы айтылатын тіркес екен. Бұл құрамаға Малый Букрин селосының он екі баласы ғана қабылданыпты. Топ командирі Иван Гаманның жасы 19-да, оның орынбасары Илько Витряктің жасы 12-де ғана көрінеді. Сөйтіп, бұл атаудың мағынасын басқа адам толық білмепті. Бұлай атаудың астарында партизандардың осындай да топтары бар екенін жау білмесін деп немесе олар абайсызда не басқа себептермен жау қолына түскен жағдайда, жас жауынгерлер ауыр азапқа шыдамай, бірінің есімін бірі, не басқа құпияларды айтып қойып жүрмесін деген сыр жатқан сияқты.

ғана түсінікті көк киімділер (неміс солдаттары), қара киімділер (Отанын сатып басқыншыларға қолшоқпар болған полицайлар), сары киімділер (неміс солдаттарымен бірге бізге қарсы соғысып жүрген венгр солдаттары), далалық сот (жоғарғы жақтан арнайы үкім күтпестен, партизандардың жауға құрған өздерінің соттары т.б.) сияқты сөз қолданыстар да бар. Бұл қарастырылған сөз топтары тəрбие, адам қарымқатынасындағы жасырын сырлы сөз алмасу, яғни тіл құпиялылығы, ғылым тілінде, криптолалия, «құпия тіл» терминімен де аталатын көрінеді (10,211). Ал қазіргі бейбіт өмірде бұл жаргондық атаулардың көркем шығармаларда немесе тарихи естеліктерде ғана не өзіндік құпиялылығы бар нысандарда т.б. болмаса, жалпыхалықтық тілде, əрине, қолданылмайтыны белгілі.

Айта кетейік, сірə, қауіпсіздік тұрғысынан маңызды болып есептелетіндіктен де шығар, ақпарат орталығы, вокзал сияқты нысан ұжымдары тілінде де өзара түсіністе қолданылатын біраз сөз, сөз тіркесі барын білдік.

Түйіндей келгенде, қазақ тіліндегі құпия түсіністің жаргон, арго сияқты шағын топ арасында ғана қолданылатын сөздер арқылы берілетінін байқадық.

Жаргонизмдердің табиғатына зер сала

отырып, олардың барлығы бірдей төменгі стиль туғызатын сөздер емес, жоғарыда айтылғандай, белгілі бір əлеуметтік топтар тіліндегі жасырын мағыналы сөздер екенін түсіндік. Мысалы, кейде газет-журналдардан милиция қызметкерлерінің іс-қимылдарына байланысты «бүркіт» операциясы, «екінші бағыттағы операция» деп жазылған мəліметтерді оқимыз.

Сөз жоқ, бұлар да жалпыға жақсы түсінікті іс-қимылдар емес жəне жаргонизмдердің кейбірі өз міндетін атқарған соң, өмір сүруден қалатыны да анық байқалады. Мысалы, «Бір күні «Н» объектісіндегі екі этажды казармаға орналасқан фашист жендеттерін жоюға Үлкен жерден тапсырма алдық (221). Подполковник Мергенбаев Жомарт үшінші Украина майданының «К» бөлімшесінде полк командирі екен» (368) деген сөйлемдердегі «Н», «К» əріптерімен белгіленгендер – уақытша қойылған əскери құпия атаулар. Мүмкін, тіпті Үлкен жер, Кіші жер атаулары да осылай шығар.

Сол секілді аттары құпия сақталатын əр түрлі соғыс техникалары немесе географиялық атаулар, бағыт т.б. кейін жалпы халыққа белгілі болған соң, олардың да жаргонизм ретінде өмір сүруден қалатыны аңғарылады. Партизандарға

 

 

  1. Қалиев Ғ. Қазақ диалектологиясының мəселелері. Алма-Ата, 1960, 8.
  2. Махмұтов А. Қазақ тіліндегі көнерген сөздердің басқа лексикалық топтармен қарым-қатынасы. Қазақ тілі тарихы диалектологиясының мəселелері. 5 – шығ. –Алматы, 1963, 139.
  3. Кеңесбаев І.Жанұзақов Т. Русско-казахский словарь лингвистических терминов. -Алма-Ата, 1966, стр.136.
  4. Розенталь Д.Э., Теленкова М.А. Словарь – справочник лингвистических терминов. -Москва, 1985, стр. 20, 75.
  5. Попов А.И. Из истории лексики языков, восточный Европы. Ленинград, 1957
  6. Сорокалетов Ф.П. Словарь русских народных говоров. Ленинград, 1968.
  7. Сүлейменова Э.Д.. Словарь социолингвистических терминов. Алматы, 2002. -170.
  8. Ядринцев.Лингвистический энциклопедический словарь. Москава, 1998. Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы, 1998, 140.
  9. Ахманова О.С. Словарь лингвистических терминов. Москва, 1966.
  10. Хасанов Б. Қазақ тілінде сөздердің метафоралы қолданылуы. Алма-Ата, 1966, 10.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.