Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жүйелік жəне ауыспалық құбылыс – тілдің басты белгілері

Сырттай қарағанда айналамызды қоршаған сан алуан заттар мен құбылыстар ретсіз, шашыраңқы дүниедей көрінгенімен, олар бірбірімен табиғи болмысымен белгілі бір заңдылықтарға бағынып, біртұтас бір реттелген дүниені құрайды. Дүниедегі заттар мен құбылыстар үнемі қозғалыста, дамуда болғандықтан, олардың арасында ауысулар, өзгерістер болатыны белгілі. Олай болса, əлемде болып жатқан құбылыстардың бейнесі болып табылатын тілге де мұндай құбылыс жат емес. Тілдің біртұтас жүйе ретінде өмір сүруінде тілдік ауысулардың, өзгерістердің жəне т.б. үрдістердің болуы заңдылық. Тілдің тарихи даму барысында жүйе элементтері жеке дара өмір сүрмейді, олар үнемі қозғалыста болып, бірбіріне ауысып, бірін-бірі толықтырып отырады. Яғни, тілдік құбылыстардың арасында бола тын ауыспалық үрдіс тілдің біртұтас жүйе ретінде танылуында маңызды қызмет атқарады.

«Системность и переходность взаимосвязанные понятия, предполагающие друг друга» /1,15/.

Жүйелілік – тілдің басты белгісі. «Жүйсіз нəрсені жадыңда сақтау қиын. Егер тілде жүйе болмаса, егер ол бір-бірімен байланыссыз, ретке (тəртіпке) келтірілмеген, ұымдаспаған, бөлшектері бүтінге бірікпеген, бытыраңқы элементтер күйінде болса, онда тіл адамның жадында (санасында) сақталмаған болар еді, қатынас құралы, пікір алысудың құралы болып қызмет етеуге де жарамас еді. Тілде жүйелілік қасиет бар. Сондықтан да оның жүйесі сол тілде сөйлейтін адамның жадында (санасында) жатталып, сақталып қалады. Тілдің жүйелілік қасиеті оны (тілді) меңгере білуге жəне қатынас құралы, пікір алысудың құралы ретінде пайдалануға мүмкіндік береді» /2,67/.

Тілдің жүйелілік қасиеті оның белгілі бір құрылымы мен қызметінің өз ара қатынасынан аңғарылады. Яғни, тілдік жүйе белгілі бір заңдылықтар бойынша байланысқан элементтерден (дыбыс, морфема, сөз, сөйлем) құралады.

Ал жүйені құрайтын элементтердің арақатынасынан жəне бірлігінен тұратын құрылымның деңгейлерден (ярустардан) тұратыны белгілі. Тілдік əрбір деңгейдің (фонетика, лексика, морфология т.б.) өзіне тəн жүйесі болады да, əрбір жүйенің тілдік бірліктері өз ара байланысында сол жүйенің мүшелері ретінде қызмет етеді. Мəселен, тілдің фонетика саласында дыбыстардың дауысты, дауыссыз болып бөлінуі, дауысты дыбыстардың тілдің, еріннің, жақтың қатысына қарай жауан жəне жіңішке, еріндік жəне езулік, ашық жəне қысаң болып топтасуы, дауыссыз дыбыстардың дауыстың қатысына қарай, жасалу орнына қарай, айтылу жолына қарай қатаң, ұяң, үнді т.б. болып бөлінуі тілдегі дыбыстардың белгілі бір жүйеге негізделетінін көрсетеді.

Тілдің жүйелік сипаты тіл білімінің барлық саласында көрінеді.

Жүйе элементтері (мүшелері) біртектес, бірыңғайлас элементтер ретінде бір-бірімен мағыналық, ұғымдық жағынан байланысты болып келеді. Жүйенің бір элементі өзіне ұқсас екінші элементтің болуын аңғартады. Мысалы, қадірлі, құрметті, ардақты, аяулы, қымбатты сөздері синонимдер, олар мағына жағынан бірбіріне жуық, өзара мəндес сөздер. Ал осы сөздердің өз алдына бір синонимдік қатар құрау үшін екінші бір синонимдік қатардың (мысалы, күшті, мықты, əлді, қайратты, қарулы, қажырлы сөздері) болуын керек етеді, басқаша айтқанда, бір синонимдік қатар синонимдер жүйесін құрай алмаған болар еді. Жүйе болу үшін, оның құрамындағы элементтердің біртектес болуы жеткіліксіз, оларға қарама-қарсы қоятын элементтердің болуы міндетті. Яғни, синонимдердің өз алдына жеке жүйе деп танылуы, оларға қарама-қарсы құбылыс – омонимдердің болуы. Ал омонимдердің өз алдына жеке жүйе ретінде қарастырылуы олардан басқа тілімізде синоним, антоним сөздердің болуы. Сонымен, лексиколоияны тіл білімінің өз алдына жеке бір тілдік жүйесі десек, синоним, омоним, антоним оның əр тектес элементтері ретінде қарастырылады да, оны əр алуан бөлшектерден құралған жүйенің жүйесі деуге болады. Жалпы лексикалық құрылымның жүйесін анықтау белгілі заңдылықтарға негізделеді. Сөздердің арасындағы мағыналық байланыстарды анықтауда тақырыптық топтар мен лексика-семантикалық топтарға бөліп қарастырудың мəні зор. Бұлай топтастыру əдісі Ф.П.Филиннің, А.А.Уфимцеваның, Д.Н.Шмелевтің, М.Оразовтың т.б. ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапқан.

Тіл кіші жүйелердің бірлестігінен тұратын құбылыс болса, сол кіші жүйелердің бірі – синтаксис. Синтаксис – сөз тіркестері мен сөйлемдердің белгілі бір заңдылыққа құралған тұрақты жүйелерінің жиынтығы. Яғни, синтаксистік жүйеде сөздердің байланысу тəсілдерінің қиысу, матасу, меңгеру, қабысу болып белгілі бір заңдылықтар бойынша топтасуы мен сөйлемнің айтылу мақсаты мен құрамына қарай бірнеше түрге бөлінуі қарастырылады. Кез келген тілдік деңгейді іштей бөліктерге (компоненттерге) жіктелетін жүйе деп қарауға болады. Оны жүйелеуге əр түрлі топтау əдістері негіз бола алады. Морфология саласында сөздерді грамматикалық категорияларға жіктеумен (зат есім, сын есім, үстеу т.б.) қоса, сөздердің жеті септікте септелуін жəне олардың бірінші, екінші, үшінші жақта жіктелуі мен тəуелденуін, яғни сөздердің өзгеріп түрленуін жеке жүйе ретінде бөліп қарастыруға болады. Бұл жіктеулердің қай-қайсысы да тіл жүйесіндегі заңдылықтарды анықтау үшін маңызды болып саналмақ. Стилистикада стильдің бірнеше түрге бөлініп, қарастырылуы да жүйелілік принципінен туындайды.

Сонымен, тіліміздегі сөздер қалай болса солай жинақтала салмаған, олар белгілі бір құрылым бойынша жүйеге түскен. Сөздердің белгілі бір заңдылықтар, тəсілдер, формалар бойынша өзгеруі, түрленуі, бір-бірімен тіркесуі, сөйлем құрауы жəне сөзде тілдің лексикалық, фонетикалық, грамматикалық жақтарының ұштасуы мен олардың бір-бірімен өзара тығыз байланыста болуы белгілі бір жүйе арқылы іске асатындығының көрінісі.

«Тілдік жүйе элементтері бірлігі белгілі бір тəртіпке, ретке келтірілген, бірімен-бірі жалғасып, бірінен-бірі туындап өрбіп, ұлғайып жататын өзектес, өрістес, бірінсіз бірі өмір сүре алмайтын шартты қатынастағы біртұтас бірлік. Өзара бірлікте тұратын салалардың құрылымы жағынан да, атқаратын қызметі, мəн-мағы-

налары жағынан да бір-бірінен елеулі өзгешеліктері бар, оның құрамына енетін элементтер белгілі тəртіпте сала-сала, жүйе-жүйе болып, ұсақтары бірлесіп кесек тұлғалар жасап, кесектері өздерінен төменгі элементтерге бөлшектеніп, бір-бірімен сабақтасып жатады» /3,129/. Мəселен, сөзжасамдық ұя, сөзжасамдық қатар, сөзжасамдық парадигматика мен синтагматика, сөзжасамдық үлгі мен қалып, сөзжасамдық тізбек, сөзжасамдық мағына, туынды сөз, негіз сөз, екіншілік сөзжасамдық мағына т.б. сияқты негізгі теориялық бірліктер сөзжасамды жүйелі ұйымдастыруда маңызды рөл атқарады. «Тіл – барлық элементтері бір бүтінді құрайтын жүйе. Ал бір элементтің маңыздылығы тек өзгелеремен қолданылғанда ғана айқындалады» /4,146/. Мəселен, сөзжасамдық бірліктердің ішінен сөзжасамдық ұяны алып қарастырайық.

«Сөзжасамдық ұя дегеніміз – жаңа сөзжасамдарға негіз болатын, ортақ, өзек мағына қалыптастыратын сөздердің жиынтығы» /5,17/. Сөзжасамдық ұядағы түпкі түбір сөзден басқа сөздердің бəрі түбірлес туынды сөзге жатады. Мысалы, дау – даула – даулас – дауласу – дауласушы. Осында бір сөзжасамдық ұядан (дау сөзінен) тараған туынды сөздердің (даула, даулас, дауласу, дауласушы) мағынасында түпкі түбірдің мағынасы сақталады. Сөзжасамдық ұя – өте күрделі құбылыс. Ол сөзжасамдық тізбек, сөзжасамдық саты, сөзжасамдық жұп, сөзжасамдық тарамдардан құралады. Сондықтан кез келген ұяны осы бірліктердің жиынтығы ретінде сипаттауға болады. Бір сөзжасамдық ұядағы бірінен-бірі туындаған туынды сөздердің барлығы жасалу ретімен бір бағытта, бірінен кейін бірі, бір түзу сызық бойына орналасып, сөзжасамдық тізбек жасайды. Сөзжасамдық тарам да сөзжасамдық ұяның күрделі бірлігі болып табылады. Сөзжасамдық тарам тік қатарда бір түбірден бір сатыда өрбіген туынды сөздерден тұрады.

Тілді жүйе деп тануда тілдік бірліктердің арасындағы байланыстың орны ерекше. Тіл білімінде тілдік қатынастардың негізінен екі типі ажыратылып жүр. Олардың бірі – парадигмалық, екіншісі – синтагматикалық қатынас. ... Бұл қатынастар біріне–бірі қарсы қойылатындықтан, олар бір–біріне перпендикуляр түсірілген екі түзу сызық арқылы белгіленеді де көлденең сызық (→) – синтагматика, тік сызық (↓) – парадигматика деп ұғынылады /6,57/. Бұл тілдік қатынастар сөзжасамдық ұя құрамындағы туынды сөздердің ара қатынасын айқындайды. Сөзжасамдық тізбек құрамындағы туынды сөздердің бірінен–бірі туындап, көлденең бағытта байланысуын синтагиматикалық қатынас білдірсе, сөзжасамдық тарамда туынды сөздердің тік бағытта байланысуын парадигматикалық қатынас білдіреді. Тілдік қатынасты білдіру үшін сөздердің арасында байланыстың болу қажеттігі бір байланыстың тілдік қатынас бола алмайтындығы, яғни синтагматикалық қатынас болуы үшін парадигматикалық қатынастың, керісінше парадигматикалық жүйе болуы үшін, синтагматикалық қатынастың болуы жүйеге тəн сипат.

Ауыспалық тілге тəн негізгі заңдылық. Тілдің біртұтас жүйелі құбылыс ретінде жұмсалуын оның элементтерінің бір-біріне ауысып, бірін-бірі толықтырып отыруынан көруге болады. «Тілдің əрбір деңгейінің өзіне тəн жүйесі болуымен қатар, тілдің барлық деңгейлері бір– бірімен белгілі заңдылықпен байланысып жатады» /2,64-65/. Тілдік құбылыстардың өзара ауысып отыруы, түптеп келгенде, тілдің дамуы жүйелі түрде болатындығын аңғартады. Бұл туралы ғалым В.В.Бабайцева: «Переходность это универсальное свойства языка, отражающее взаимосвязь и взаймодействие языковых фактов и скрепляющее их в целостную систему» /1,15/,

болатын ауысулардан ғана емес, барлық деңгейлердің элементтерінің бір-біріне ауысуынан да көруге болады. Тілдің жүйелі дамуында синтаксис пен лексикологияның арасындағы өзара ауысулардың болуын аңғаруға болады. Тілдің тарихи даму барысында əрі жиі қолданудың нəтижесінде еркін тіркестердің біразы күрделі сөздерге ауысып, сөздік қорды толықтырып жатады. Мысалы «... аяқкиім десек, аяққа киілетін қызметіне қатысы болса да, жалпы киім атаулының бір түрін білдіреді. Сол сияқты теміржол да темірден жасалғанын, солай аталуына темір семасының қатысы барлығын білдірсе де, жалпы жол атаулының бір түрін көрсетеді. Сондықтан сыңарлардың арасындағы синтаксистік байланыстар күңгірттеніп, жекежеке синтаксистік қызметтері жойылған. Сөйтіп, бір заттың атауы қызметіне көшкен, сөз тіркесі болудан қалған» /8,148/. Əрине, тілдік бірліктердің өзара ауысулары бірден бола салатын құбылыс емес, ұзақ уақыт аралығында болатын үрдіс.

Сонымен, тілдің жүйелі құбылыс ретінде танылуында тілдік бірілктердің арасында болатын ауысу үрдісінің алатын орны ерекше.

деп көрсетеді. Ауысулар тілдің ішкі даму жүйесіндегі əр түрлі процестің нəтижесінде болатын құбылыс. Мəселен, морфология деңгейінде болатын ауысуларға сөз таптарының бір-біріне өтуін жатқызуға болады. Олар қалай болса солай ауыса салмайды, белгілі бір заңдылыққа бағынады. Сөз таптарының өзара ауысуларынан тілде жаңа сөздердің жасалуы конверсиялық процесс негізінде орындалады. «Мысалы, зат есімдер құрамындағы субстантивтенген шырай формаларын (қырат, сызат, дөңес, құмас, бұйрат, шөлейт), қимыл есім, есімше тұлғаларын (көсеу, тұсау, шапқы, шалғы, төлеген, сұраған, қайнар жəне т.б.), сын есімдер тобындағы адъективтенген қимыл есім, есімше формалары (бұралқы, жинақы, жүдеу, бедеу, қызу, ағар, қашаған, сүзеген, еріншек, сүріншек жəне т.б.), есімдіктер қатарындағы прономиналданған сан есім тұлғасын (біреу) жəне т.б. толып жатқан басқа да фактілерді жатқызуға болады» /7,55/.

Тілдің жүйелігін тек бір деңгей көлемінде

 

  1. Бабайцева В.В. Явления переходности в грамматике русского языка /В. В. Бабайцева. – М., 2000.
  2. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А., 1993.
  3. Қордабаев Т. Жалпы тіл білімі. А., 1999.
  4. Соссюр Ф. де. Курс общей лингвистики //Труды по языкознанию. М., 1977.
  5. Салқынбай А. Тарихи сөзжасам (семантикалық аспект). А., 1999.
  6. Қалиев Б. Қазақ тілінің көкейтесті мəселелері /мақалалар жинағы/. А., 1997.
  7. Сарбалаев Ж. Сөзжасам мəселелері (оқу құралы). А., 2002.
  8. Қасым Б. Қазақ тіліндегі заттың күрделі атауларының теориялық негіздері (ф.ғ.д. ... диссер.). А., 2002.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.