Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақ тіліндегі пысықтауыш жайылмаландырғыштар

Тұрлаусыз мүшелер ішінен сөйлемнің формалдық құрылымын жайылмаландыруда, сол арқылы оның жалпы семантикасын кеңейту де алдыңғы орында тұратын толықтауыштан кейінгі мүше – пысықтауыш. Бұл сөйлем мүшесінің сөйлем құрамында жиі қолданылуы оның мағыналық жағынан алуан түрлі болуымен байланысты. А. Байтұрсынов: «Пысықтауыш сөздер деп амал пысықтау үшін айтылатын сөздерді айтамыз. Сөйлем ішінде нəрсенің амалын көрсететін сөз – баяндауыш. Сондықтан пысықтауыш сөздер баяндауышты пысықтайтын сөздер болып шығады», – дей келіп, ғалым пысықтауыштың бес түрін (мезгіл, мекен, сын, себеп, мақсат) атап көрсетеді [1, 282-285]. Міне осы бес түрлі пысықтауыш қазірге дейінгі қазақ грамматикаларында аталып келеді жəне осы түрде арнайы зерттеу нысандарына да айналған.

Осындай зерттеулердің нəтижесінде пысықтауыштардың басқа тұрлаусыз мүшелерге ұқсас жақтары мен олардан ерекшелендіретін белгілері нақты айқындалған. Ондай ерекшеліктерді жинастыра келе былай жіктеп көрсетуге болады:

  • пысықтауыштың қызметтік жағынан анықтауышқа ұқсастығы бар: пысықтауыш мүше қимыл-əрекеттің белгісін, орындалу сапасын білдірсе, анықтауыш заттың əр алуан сапасын, меншіктілік-тəндік қатынаста болуын білдіреді;
  • пысықтауыштың толықтауышпен формалық жағынан ғана (барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінде келуі, етістікке меңгерілуі) ұқсастығы болмаса, мағыналық жағынан əр басқа;
  • пысықтауыш та басқа тұрлаусыз мүшелер тəрізді сөйлемді жайылмаландырушы мүше болып табылады;
  • пысықтауыш үнемі етістік баяндауышқа немесе етістіктен болған сөз таптарына қатысты болады;
  • пысықтауыш қызметінде үстеулер, үстеу мəндес есімдер, сапалық есімдер жəне мекендік, мезгілдік, мақсаттық, амалдық мағыналарда жұмсалатын септеулі зат есімдер жұмсалады.

Орыс ғалымдарының көрсетуінше, пысықтауыштың сөйлемді жайылмаландырудағы толықтауыш пен анықтауыш мүшелерден басты ерекшелігі оның детерминанттық қызметте жиі қолданылуы болып табылады [2, 547]. Нақтырақ айтқанда, олардың сөйлемде берілетін хабарды мағыналық-мазмұндық жағынан жайылмаландыруға бейім келетіні. Мұның өзі – берілетін хабардың мағынасы баяншының еркіне сай субъективтік көзқараспен толықтырылады деген сөз.

Əдетте, пысықтауыштар етістік баяндауыштардың алдынан тіркесіп, солармен грамматикалық та, мағыналық қатынаста болады. Бұлай тіркесу хабардың ерекшелігіне қарай əр түрлі ыңғайда болады [3, 43]. Мысалы, басқа тұрлаусыз мүшелермен қабаттаспай, сөйлемнің предикативтік құрылымына тек бір немесе бірнеше пысықтауыш мүше қатысады жəне олар бірде сөйлемнің тема бөлігінде болса, бірде рема бөлігінде, ал кейде екеуі бірдей рема бөлігінде бола береді. Пысықтауыштың бұл қасиеті, əрине, баяншының танымдық ерекшелігі белгілеген хабардың мазмұнына байланысты болады. Мысалы: 1. Мұнара уəделі уақытта бітті (Ж.Д.). 2.Үшеуі де үнсіз отырып қалды (Ж.Д.). 3. Біз хал-жағдайыңызды білгелі келдік (С.Мұқ.). 4. Дастархан басында жалғыз өзі қалыпты (Р.М.). Осы төрт сөйлемнің ішінде бір-бірден пысықтауыш мүше бар. Алғашқы сөйлемдегі пысықтауыш (уəделі) мезгілдік мағынаны, келесі сөйлемдегі пысықтауыш (үнсіз) амалдық мағынаны, үшінші сөйлемдегі пысықтауыш (көмекші боп) себептік мағынаны, соңғы сөйлемдегі пысықтауыш (дастархан басында) мекендік мағынаны білдіреді.

Құрылымдық жағынан алғанда сөйлемнің барлығы да бастауыш пен баяндауыштың қатынасынан тұратын, пысықтауыш мүшесіз де сөйлемдік дəрежедегі сөйлемдер (Мұнара бітті. Үшеуі де отырып қалды. Жалғыз өзі қалыпты. (Мен) келдім.). Алайда, пысықтауыш мүшелердің қай-қайсысының да хабардың мағыналық құрылымы үшін аса қажеттігі байқалады. Бұл қажеттілік, негізінен, баяндауыштың мағынасынан туындайды. Мысалы, біту етістігі қандай да бір атқарылған іс-əрекетке қатысты айтылады, соның аяқталғанын білдіреді. Ал істің орындалуы қандай да бір уақыт шегінде өтеді. Сөйлеуші немесе баяншы алдына мұнараның жай ғана біткенін, яғни, іс-əрекеттің орындалғанын ғана емес, оның келісілген уақыт ішінде біткенін жеткізу мақсатын қойған. Сондықтан, сөйлем ішіндегі пысықтауыш əлсіз де болса баяндауышпен грамматикалық жағынан байланыса отырып (меңгеру), біріншіден, сөйлемнің рема бөлігінің құрылымын кеңейтуге (уəделі уақытта бітті), екіншіден, сол арқылы сөйлемнің мағыналық жағынан жайылмалануына септігін тигізіп тұр. Хабарды қабылдаушы да осы арқылы толық мəлімет алады. Егер сөйлем бастауыш пен баяндауыштың қатынасына ғана құрылған болса, қабылдаушыда қашан? деген сұрақтың туындары əбден мүмкін болар еді де, баяншы оған жауап беруге тура келер еді, тағы бір сөйлем құрастырылар еді. Баяншы осыны ескере отырып, қабылдаушыда күмəн, сұрақ туғызырлық жағдай туындамас үшін сөйлем құрамына мезгілдік мағынадағы сөзді енгізуді дұрыс деп табады.

Сондай-ақ, екінші сөйлемнің де мазмұны субъектілердің қимыл-əрекет қалпының қандай сипатта болғанын, яғни отырып қалу əрекетінің қалай болса, солай емес, үнсіз болғанын білдіру арқылы субъектінің психологиялық сипатын аңғартып тұр. Баяншы хабарының басты мақсаты да осы.

Үшінші сөйлемде мақсат пысықтауыштың (хал-жағдайыңызды білгелі) баяндауыш алдынан берілуі субъекті қимылының белгілі бір мақсатпен болғанын нақты көрсету талабынан туған. Егер бұл пысықтауыш болмаса, келу қимылының мақсаты анықталмас еді. Осы тұрлаусыз мүшенің баяндауышпен синтаксистік байланысқа түсуі (қабысу) баяндауыштың да, сол арқылы сөйлемнің де мазмұндық жағынан жайылмалануына басты себеп болып тұр.

Бұл үш сөйлемдегі пысықтауыштардың рема құрамында болып, баяндауышпен тығыз байланыста болуы əрі екпінді қабылдауы оларды əмбебап мүшелер қызметінде болуға жағдай жасаған.

Соңғы сөйлемде баяншы субъектінің басқа субъектілерден ажырап жалғыз қалу орнын көрсету арқылы оқырманның психологиясына əсер етіп, оның себебін білуге ынтықтырады, қызықтырады. Егер сөйлемді бастауыш пен баяндауыштың ғана қатысынан құрылған түрде берсе (жалғыз өзі қалыпты), оқырман одан ештеме ұқпас еді. Ал мекен пысықтауыш (дастархан басында) қосылғаннан кейін, осыдан сəл бұрын дастархан басында бірнеше кісі болғанын, бірақ сəлден кейін қимыл иесінің жалғыз қалғанын біледі де, басқалардың неге кеткенін, мына кісінің неге жалғыз қалғанын білуге деген ынтасы пайда болады. Оқырман осы сұрағына жауап табу мақсатында мəтінді одан ары оқуға кіріседі.

Əдетте, орыс ғалымдары детерминант қызметіндегі мүшелер, соның ішінде, əсіресе пысықтауыштан болған мүшелер хабардың темасы болатын орынды иеленеді деп есептейді [4, 112]. Бұл жерде де осы пікірдің қазақ тіліне жат емес екенін көруге болады. Себебі, бұл жердегі мекен пысықтауыш баяндауышқа тікелей қатысты болып тұрған жоқ. Оны мынадан байқауға болады: сөйлемді Дастархан басында қалыпты деп бастауышсыз құруға болмас еді де, оның есесіне Дастархан басында жалғыз өзі деген сөйлем түрінде де құруға əбден болар еді. Немесе Жалғыз өзі дастархан басында деп бас мүшелердің орнындарын ауыстыруға да болады. Өйткені, жатыс септігіндегі сөздің баяндауыш болуы – қазіргі тілімізде орныққан құбылыс. Сөйтіп, бұл пысықтауыштың детерминант мүше екендігінде дау жоқ.

Пысықтауыш мүшелер сөйлем ішінде бірнешеу болып та кездесе береді. Əрине, бұл да баяншы беретін хабар мазмұнына байланысты. мұндайда олардың біреуі, тіпті кейде екеуі де детерминант мүше қызметін атқарады. Сөйлем құрылымында бас мүшелерден басқа екі пысықтауыштың қатар келген түрін талдап көрейік: 1.Сол күні Əкбар ауық-ауық ұйқысырап шықты (Көз). 2. Қосөткелде Сəлиманың қызы екеуі қалай тату ойнаушы еді...(Б.Н.). 3. Қыр басында Шынаркүл əлі тұр екен (Д.Д.).

Кештетіп шаһарға жетті (Ж). Осы сөйлемдердің бəрінде де екі-екіден пысықтауыш бар. Олардың бірі сөйлемнің басында тема құрамында келсе, екіншілері рема құрамында баяндауышқа іргелес орналасып екпінге ие болған. Құрылымдық синтаксис өкілдері айтатындай, барлық сөйлем құрылымынан пысықтауыштарды шығарып тастағаннан сөйлемнің кіші құрылымына аса залал келе қоймайды.

Өйткені, бастауыш пен баяндауыш предикативтік қатынас құрап тұр деп есептеледі. Алайда, сөйлемнің мағыналық құрылымы, яғни коммуникативтік қызметі бұл тұрлаусыз пысықтауыш мүшелердің болуын қажет етеді. Дегенмен, олардың сөйлем ішіндегі басқа мүшелермен (баяндауышпен десе де болады) қатынасы жəне содан туатын сөйлем мағынасына əсері əр басқа болады. Мəселен, баяндауыштың алдындағы актуальданған пысықтауыштарға қарағанда, тема құрамындағы пысықтауыштардың екпіні əлсіз, сондықтан бұлар синтаксистік құрамға енбеуге бейім келеді. Сол себепті де ол мүшелерді баяндауышты емес, жалпы сөйлем семантикасын жайылмаландырып, сөйлемнің мағыналық құрылымы үшін маңызды міндет атқарып тұр деуге болады. Сырттай қарағанда, осы пысықтауыштардың орындарын ауыстыруға болатын тəрізді жəне олардың жайылмаландырушы қызметтері де өзгеретін сияқты көрінеді. Бірақ, сөйлемдерді баяншының осылай құруының үлкен мəні бар. Мұнда ол сөздердің өзара жəне баяндауышпен мағыналық қатынастарын да, сол қатынастар арқылы қандай мазмұнды жеткізу қажеттігін де ескеріп отыр. Мысалы, алғашқы сөйлемде мезгіл жəне сынқимыл пысықтауыштар бар. Осы сөйлемнің темасы құрамындағы мезгіл пысықтауышты баяндауыштың алдына əкеліп, Əкбар ауық-ауық сол күні ұйқысырап шықты деп құруға болмас еді, өйткені баяншы беретін хабарда ұйқысырау əрекетінің əуелі мезгілі содан соң барып, сол мезгілге қатысты əрекеттің сипаты берілу мақсаты қойылған, екінші жағынан бұл пысықтауыштардың орнын ауыстыру сөйлем құрылымында да стильдік олқылық туғызатыны аңғарылады. Сол себепті баяндауыш əуелі мезгіл атауымен, содан кейін сипат атауымен байланысады. Осы кезде сипат атауы (ауықауық) рема құрамына енеді де, əрі баяндауышты, əрі сол арқылы сөйлем мағынасын жайылмаландырушы əмбебап мүшеге айналады.

Бұл сөйлемді Əкбар сол күні / ауық-ауық ұйқысырап шықты күйінде де құруға болады. Бірақ, мезгіл атауы бəрібір тема құрамында қалады да, баяндауышпен алшақ байланысады. Осыған байланысты мезгіл пысықтауыш сөйлем мағынасы үшін детерминант мүше қызметінде қала береді.

Екінші сөйлемнің құрамына мекен пысықтауыш пен сын-қимыл пысықтауыш енген. Мұнда да мекен пысықтауыш сөйлемнің тема бөлігінде орналасқан, сондықтан детерминант мүше қызметінде. Ал пысықтауыш қызметіндегі сын есім қимылдың сипатын білдіретіндіктен, баяндауышпен қабыса байланысып, екпінге ие болу арқылы əмбебап мүшеге айналған. Бұл екеуінің де орнын ауыстыруға болмайды. Мекен пысықтауышты баяндауышқа жақын орналастыру поэзияда болмаса, прозада тіпті мүмкін емес (Сəлиманың қызы екеуі қалай тату Қосөткелде ойнаушы еді...).

Үшінші сөйлемдегі мезгіл пысықтауышты (əлі) сөйлем басындағы мекен пысықтауыштың (қыр басында) орнына əкелу мүмкіндігі жоқ, бірақ бастауыштан кейін орналастырғаннан сөйлем мазмұнына нұқсан келмейді. Осындай жағдайда екі пысықтауыштың орындарын ауыстыра беруге болады: Шынаркүл қыр басында əлі тұр екен // Шынаркүл əлі қыр басында тұр екен. Бірақ, мұнда сөйлемнің тема-ремалық қатынасында өзгеріс болады: Шынаркүл қыр басында / əлі тұр екен // Шынаркүл / əлі қыр басында тұр екен. Алғашқы вариантында мекен пысықтауыш тема құрамында, сондықтан ол детерминант мүше бола алады. Ал, соңғысында екі пысықтауыш та рема құрамында, сондықтан екеуі де баяндауышпен синтаксистік жағынан да, мағыналық жағынан да байланысты болады. Əйтседе, осы екі вариантта да мезгіл үстеуі екпінге ие болып тұрғаны айқын. Оның мынадай себептері бар деп ойлаймыз: бірінші варианттағы мезгіл үстеуінің екпінге ие болуы түсінікті – ол баяндауыштың алдынан іргелес келіп тұр; екінші вариантта да екпінге ие болуының себебі одан кейінгі жатыс жалғаулы мекен пысықтауыштың баяндауыш болуға бейім екендігінен (Мысалы, Шынаркүл əлі қыр басында) болса керек. Сондықтанда осы мекен пысықтауыш баяндауышпен бір ырғақта айтылады да, мезгіл пысықтауыш екпінге ие болып, барлығы тема құрамына енеді. Бірақ баяншы үшін ең маңыздысы субъектінің белгілі бір орында тұруы емес, оның ұзақ уақыт бойы тұрғандығы. Сондықтан баяншы бұл мүшені детерминант мүше ретінде баяндауыштан мүлде алшақ орналастырады.

Бұл үш сөйлемнен бір байқағанымыз – баяндауышпен қабыса байланысқан сөздерден жасалған пысықтауыштар септік жалғаулы сөздерден жасалған пысықтауыштармен қатар келгенде соңғысы детерминанттық қызмет атқаруға бейім болады. Өйткені, бұл пысықтауыштар алдыңғылармен орын ауысып, баяндауышпен іргелес тіркесе алмайды. Мұның өзі баяншының хабарға артар мазмұнына байланысты болады.

Төртінші сөйлем құрылымдық жағынан үшінші сөйлемге ұқсас болып келеді. Алайда, бұл сөйлемнің де өзіндік ерекшелігі бар. Мұнда баяншы мекен пысықтауышқа қабылдаушы назарын аудару мақсатында оны (шаһарға) баяндауыштың алдына əдейі орналастырады. Оған көсемшеден болған мезгіл пысықтауыш (кештетіп) мүмкіндік береді. Тіпті, осы екі пысықтауыштың орын ауыстырғанынан сөйлем мағынасына еш нұқсан да келмейді (Кештетіп шаһарға жетті // Шаһарға кештетіп жетті). Əйтсе де сөйлемнің баяншы құрған үлгісінде мезгіл пысықтауыш детерминант мүше қызметін атқарады. Ал мекен пысықтауыш баяндауыш үшін де (немесе іс-əрекеттің орындалуы үшін), жалпы сөйлемнің мағынасы үшін де (коммуникативтік құрылымы үшін) өте қажет екені анық байқалады. Оны осы екі пысықтауышты сөйлем құрамынан кезек-кезек шығарып байқауға болады. Мысалы, (Ол) шаһарға жетті десек, субъектінің қозғалысы (жету) белгілі бір мекенге бағытталғаны айқын, яғни етістік мағынасы мекендік мағынадағы сөздің болуын қажет етеді, осыдан да сөйлем толық мағыналы құрылымда деп есептеледі. Ал, (Ол) кештетіп жетті дегенде, жету əрекетінің орындалуы үшін қажетті мекен (бағыт) мағынасындағы сөз болмағандықтан, сөйлем құрылымы мағыналық жағынан олқы екені айқын. Сондықтан, мезгіл пысықтауыш баяншы тарапынан тек сөйлем мазмұнын мезгілдік жағынан кеңейту үшін ғана ендірілген болады.

Бесінші сөйлемде (Сен Алматыға / ойнауға келген жоқсың, оқып білім алуға келдің (Ғ.Мүс.)) мекен пысықтауыш пен мақсат пысықтауыш қатар келген. Бірақ мекен пысықтауыш тема құрамында да, мақсат пысықтауыш рема құрамында. Сондықтан баяншы үшін де, қабылдаушы үшін де субъектінің қайда келгені емес, не үшін, не мақсатпен келгені маңызды көрінеді. Сондықтан мекен пысықтауышты детерминант ретінде сөйлемнің мазмұнын ғана жайылмаландырушы мүше деп тану қажет.

Ал, алтыншы сөйлемде (Қуанғаннан Қарекең орнынан қозғалмай қалыпты (Ғ.Мүс.)) себеп пысықтауыш тема құрамында келген де, мекен пысықтауыш рема құрамында баяндауышпен іргелес келген. Сондықтан, мұнда мекен пысықтауыш əмбебап мүше қызметін атқарып тұр да, себеп пысықтауыш детерминант мүше қызметін атқарып тұр.

Сөйлем барлық уақытта тек осындай қарапайым құрылымда бола бермейді. Сөйлесім кезіндегі берілетін хабардың барынша толық əрі түсінікті болуы үшін сөйлем құрылысына тұрлаусыз мүшелер молырақ араласады. Хабардың тема жəне рема бөліктерінде тұрлаусыз мүшелердің көбірек жəне жүйелі қатысуы берілетін сөйлемді синтаксистік те, мағыналық та құрылымдарын кеңейте əрі күрделендіре түседі. Сөйлемнің күрделене түсуі, бір жағынан баяншының танымдық деңгейімен жəне соған сай өз ойын жеткізе білуі үшін тілдік бірліктерді қалай пайдалана алуымен байланысты болса, екінші жағынан, баяншы осы сөйлемді қабылдаушының да танымдық деңгейін есепке алуы тиіс. Сондықтан да тұрлаусыз мүшелердің сөйлем құрылымына қатысы мен құрамы да алуан түрлі болады. Мысалы: Түске таман үйге имене басып бір топ аппарат қызметкерлері келді (Т.Ш.). Бұл сөйлемнің құрамындағы қарамен терілген тіркестер олардың баяншы белгілеген семантикалық құрылымдарының тема-ремалық қатынастағы негіздері. Ал қалған мүшелер сөйлемнің мағыналық құрылымын жайылмаландыру мақсатында қосылған детерминант мүшелер. Сонда осы сөйлемдердің құрамындағы тұрлаусыз мүшелердің қайсыбірі сөйлемнің негізгі бөлігінде болса, қайсыбірі детерминант мүшелер екені байқалады. Олардың басым көпшілігі пысықтауыш мүшелер екенін көреміз. Сонда сөйлемнің негізгі мағыналық құрамына енген қандай тұрлаусыздар деген сұрақ туады жəне осы тұрлаусыз мүшелер сөйлемнің семантикасына қалай əсер етеді. Ол үшін сөйлемді талдап көрейік.

Бұл сөйлемнің кіші құрылымдық түзілісі: Үйге / аппарат қызметкерлері келді. Тема – үйге, рема – аппарат қызметкерлері келді. Егер құрылымдық синтаксис өкілдерінің пікірін негізге алсақ, онда аппарат қызметкерлері келді сөйлемнің кіші құрылымдық үлгісі деп есеп-

бірліктерінің тіркесімен беріледі. Ал осы сөйлем құрамына баяншы тарапынан ендірілген мезгіл пысықтауыш (түске таман) осы семантиканы мезгілдік жағынан, сын-қимыл пысықтауыш (имене басып) – қандай сипатта болғаны жағынан жайылмаландырып, толықтырып тұрса, ал анықтауыш (бір топ) субъектіні сандық жағынан анықтау арқылы сөйлемнің мағыналық жағынан тыңдаушыға барынша толық, анық, түсінікті жеткізілуіне қызмет атқарып тұр. Бұл жерде анықтауыш (бір топ) бастауышпен қабыса байланысуына сай əмбебап мүше қызметін атқаруына да болар еді, бірақ субъектінің көптік тұлға арқылы жасалған мағынасы бұл сөздің детерминант қызметінде қолданылуына мүмкіндік берген.

Сонымен, сөйлемнің синтаксистік құрылымындағы тұрлаусыз мүшелердің (оның ішінде пысықтауыштың да) рөлі тек бас мүшелердің мағынасын толықтырумен, соны анықтаумен ғана шектелмейді. Олар сөйлемнің баяншының мақсатына сай қабылдаушыға мағыналы да мазмұнды, толық та мəнді хабар жеткізуде зор қызмет атқарады. Сөйлем құрылымындағы пысықтауыш мүшелер де басқа тұрлаусыз мүшелер тəрізді сөйлемді мағыналық жағынан болсын, синтаксистік құрылымы жағынан болсын жайылмаландыруға белсене қатысады. Мұнда олар сөйлемнің коммуникативтік ерекшеліктеріне сай жəне соған байланысты баяншының сөйлесім мазмұнына салар салмағы негізінде түрлі позицияда келіп, детерминант немесе əмбебап мүшелер қызметінде жұмсалады.

телер еді. Біздіңше, бұлай етсек, субъектінің

қозғалыс қимылының бағытталған орны белгісіз болады. Коммуникативтік құрылым тұрғысынан сөйлемнің кіші құрылымдық үлгісінің өзі мағыналық толымдылықта болу керек. Сондықтан сөйлем семантикасы үйге сөзінің болуын қажет етеді. Сонымен, бұл сөз баяншы хабарында тема орнына орналасады. Өйткені, баяншы кімдердің үйге келгендігін емес, үйге кімдердің келгендігін білдіргісі келеді. Сөйтіп, автордың ойындағы хабар мазмұны (пікір) – белгілі бір мекенге бағытталған субъектілер қозғалысын білдіру семантикасы мекен пысықтауыш – бастауыш – баяндауыш тілдік

 

 

  1. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. − Алматы, 1992.
  2. Шведова Н.Ю. Детерминирующий объект и детерминирующее обстоятельство как самостоятельные распространители предложения // Вопросы языкознания. 1964. № 6.
  3. Бектаева Ш.. Қазіргі қазақ тіліндегі тұрлаусыз мүшелердің орналасу тəртібі. –Алматы, 1970.
  4. Бабайцева В.В. Система членов предложения в современном русском языке. –Москва, 1989.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.