Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Тұрақты тіркестер жəне бейнелік-аялық негіз

Фразеологизмдердің басым көпшілігі адамның дүниедегі құбылыстарды немесе сол құбылыстарға өзінің қатынасын бейнелі түрде сипаттап жеткізудегі талпынысынан туындайды. Халықтың күнделікті тіршілігінде əр түрлі құбылыстарды өзара салыстыра, бір заттың көзге түсер ерекшелігін екінші заттың ұқсас белгісіне балап, бір-біріне теңей сөйлеу тəжірибесінен, ойды тыңдаушыға əсерлі етіп жеткізу мақсатынан тіл-тілде алуан түрлі бейнелі сөз орамдары қалыптасқан.

Бейнелі тілдік орамдардың тілде қалыптасып, тұрақтану тетіктері мен ішкі мазмұнын анықтауда, ең алдымен, тұрақты тіркестердің уəждеуші жəне бейнелік-аялық негіздерін саралау мəселесі тұрады.

Фразеологизмнің материалдық негізін құрайтын еркін тіркестердің мағынасы халық өміріндегі объективті шындықты, оны қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстар, түрлі жағдаяттар бейнесін қамтиды. Фразеологизм “тамыры” сонау ерте заманғы ел тарихынан басталып, даму барысындағы халықтың дүниетанымын, наным-сенімі мен дүние жайлы түсінігін тілдік қабатта сақтап, бейнелі түрде ұрпақтан-ұрпаққа жеткізеді.

Əртиптес тілдердің фразеологиясын салғастыру барысындағы басты мəселелердің бірі осы тілдердің фразеологиялық жүйесіндегі ұқсастықтар мен ерекшеліктерді анықтау болып табылады. Ал бұл, өз кезегінде, фразеологиялық мағынаның негізіне қаланатын тілдік бейнелердің жиынтығын, тірек мүше компоненттерін, еркін жəне ауыс мағынадағы тіркестер мен осылардың барлығының басын құрап, фразеологизм жасайтын ассоциативтік қатынасқа құрылған адамның ойлау əрекетін, тіптен, тұтастай ұлт менталитетін салғастыруды қажет етеді.

Алайда осындай ауқымы кең, сан-салалы мəселелердің барлығын бірдей қарастыру, қамту мүмкін емес. Сондықтан да, фразажасамдағы логика-ассоциативтік ойлау механизмдері мен күрделі семантикалық процестерден бастау алатын фразеологизмдердің уəжділігі (мотивированность), уəждеме, фразеологизмнің ішкі формасы, бейнелік-аялық негіз секілді ұғым, пайымдауларға тоқталмақпыз.

Тіл білімінде фразажасам мəселесіне байланысты эволюциялық жəне эволюциялық емес тəрізді екі түрлі көзқарас қалыптасқан. Эволюциялық емес бағыт жөнінде пайымдаулар алғаш рет орыс лингвистері И.С. Торопцев пен Ю.Л. Бурмистрович еңбектерінде айтылды. Мұнда фразажасам ұғымы жеке адамның ономасиологиялық бағыттағы, яғни, дүние құбылыстарын атау мақсатындағы психологиялықтілдік іс-əрекетімен байланыстырылды. Фразеологизмдердің пайда болуын олардың жасалуы тарапынан гөрі, бір адам арқылы жасалып, дайын күйде тілге енуі жағынан қарастырады да, тілдің фразеологиялық қорына еркін тіркестің кез-келген окказионалды (метафоралық) қолданысын жатқызды.

Фразеологизмдердің бірден жасала қоймағаны, уақыт озған сайын біртіндеп қалыптасқаны, еркін тіркестердің негізінде жасалғаны өз-өзінен түсінікті. Олардың сол дəуірдегі нақты өмір шындығына, халықтың ерте кездегі ұғымына, ой-санасына сай келуі де сөзсіз. Қоғамдық факторларға, тілдің ішкі заңдарына байланысты белгілі бір сөз тіркесінің негізгі, номинативті мағынасы мен туынды, коннотативті мағынасы ауыс-түйіс өзгеріп отырған. Сондықтан да фразажасам теориясын түсіндірудегі А.В. Кунин ұсынған эволюциялық бағыт кең қолдау тауып отыр.

Бұл бағыт бойынша, тұрақты тіркес ешқашан да “материалдық” құрамы түзіліп, қолданыла бастауының алғашқы сəтінде бірден пайда болмай, уақыт өте келе қалыптасады [1,8]. Тұрақты тіркестің қалыптасуы барысында алдымен еркін тіркес түзіліп, одан кейін тұрақтануы мүмкін окказионалды немесе потенциалды фразеологизм қалыптасты.

Осы орайда, Н.Д. Петрова окказионалды фразеологизмдердің пайда болуын фразожасам процесінің басталуы деп пайымдайды. Бұл негізсіз емес, себебі өзіне тəн ерекше белгілерден басқа, аталмыш фразеологизмдер тұлға ықшамдылығы, тұтастығы, бейнелілігі секілді фразеологизмдердің категориалды қасиеттеріне де ие болуға тиіс. Алайда тұрақтануға қажет тілдік жағдайлар жасалмаса, потенциалды фразеологизмдер уақыт өте келе тұрақты тіркеске айналмауы да мүмкін.

Тілдік орамның тұрақты тіркес болып қалыптасуы үшін, окказионалды немесе потенциалды фразеологизмдер, бір жағынан, окказионалды фразеологизмге тəн (бір реттік қызмет, қайта жасала алу, мағынасының контекске тəуелділігі, жеке адам арқылы жасалу т.б) қасиеттерден арылып, екіншіден, бойына фразеологизмдерге тəн белгілерді жинақтап, сақтайтындай жағдай тууы қажет.

Фразеологизмдер, біріншіден, қандай да бір құбылысты атаудағы (номинация тарапынан) олқылықтың орнын толтыру, екіншіден, тілдің коннотативтік қорын байыту мақсатында жасалады. Фразеологиялық орамдар тек ономасиологиялық қызмет атқарып қана қоймай, сонымен бірге, экспрессивті-коммуникативті рөл де атқарады. Мысалы, ағылшын тілінде at a snail’s pace (с.с.а.: ұлудың адымындай) фразеологизмінің “өте баяу” деген коннотативтік семантикасы лексикалық единица беретін мағынаға қарағанда анағұрлым көркем, əсерлі.

Лексика мен фразеологияның бір-бірін өзара толықтырып отыруы негізінде лингвистикада “толықтыру, толықтырушылық, үстемелеу қағидасы” (“принцип дополнительности”) дейтін ұғым қалыптасты. Бұл мəселе жөнінде белгілі ғалым А.Д. Райхштейннің: “… в целом система словесных комплексов функционирует в языке как дополнительное средство, выражающее преимущественно те значения и выполняющее те функции, с которыми “не справляются основные средства номинации – лексические и структурно-синтаксические” деген ой-тұжырымдарымен толық келісуге болады [2,33].

Сонымен фразеологизмнің жасалу тетіктері болып табылатын еркін сөз тіркестері фразеологизмдердің, яғни мағыналық тұрғыдан жаңа тілдік единицалардың туындауына арқау болатын тілдік прототиптер ролін атқарады. Бұл тілдік прототиптердің, яғни фразеологизмдердің жасалу көздерінің мағыналары, ішкі мазмұны осы мəселеге қатысты кейбір ғылыми зерттеулерде “фразеологизмдердің уəжделу негізі (мотивирующая база)” немесе “фразеологизмнің уəждемесі (мотивировка фразеологизма)” деп көрсетіледі. Бұл мағына фразеологиялық бірлікте материалданып, бекітіліп, оның ішкі формасының негізін құрайды.

Бірқатар тіл мамандары фразеологизмнің ішкі формасын уəждеуші ономасиологиялық белгі (мотивирующий ономасиологический признак) деп те атайды, себебі фразеологизмнің ішкі формасын ашуда біз əрдайым ассоциативті салыстыру негізінде айрықша қасиет, белгі ретінде таңдалып алынып, жаңа ұғымның негізіне қаланатын сипатқа сүйенеміз.

Уəждемені фразеологизмнің ішкі формасынан бөліп алып қарастыру мүмкін емес. Ішкі форма – ұғым негізіне жинақталған бейне

немесе фразеологизмнің этимологиялық мазмұны. Жалпы, уəждеме форма мен таңба арасын жымдастыратын байланыс қызметін атқарады. Ғалым И.С. Торопцев уəжденудің үш түрлі тəсілін ұсынады:

а) ұқсату арқылы уəждену;

ə) белгі-қасиеті арқылы уəждену; б) мазмұны арқылы уəждену.

Фразеологизмдердің жасалуының ең бір өнімді тəсілі – мағынаның ассоциативті-бейнелік (метафоралық, метонимиялық) жолмен тасымалдануы, ал олардың фразеологиялық мағынасы ішкі формасындағы бейне арқылы уəжделеді. А.А. Потебняның үш элементтен тұратын формалды логикалық категория ретінде салыстыруға негізделген əйгілі анықтамасына сүйенетін болсақ, фразеологизмдердің жасалуындағы:

а) сипаттауды қажет ететін ұғым – тіркестің толық мағынасы;

ə) сипаттаушы ұғым – оның ішкі формасы; б) осы екі ұғымның арасында “көпір”

қызметін атқаратын байланыстырушы элемент, логика-психикалық тұрғыдан – ассоциативтік қатынастар, ал таза тілдік тұрғыдан келсек, үшінші элемент – уəж, уəждеме болып табылады. Фразажасамдағы “уəждену” ұғымына түсінік беруде бірқатар қиыншылықтарға кезігеміз. Бұл ішкі форма мен уəжденудің семантикалық қызметінің, демек бұлардың фразеологиялық мағына түзуіндегі алатын орнының жүйеленбеуіне, уəждену түрлерінің арасындағы шекараның күңгірттігіне байланысты.

Сондай-ақ фразеологиялық номинация теориясында ішкі бейне, символдық бейне, бейнелік-аялық негіз, уəждеме, уəждеуші бейне ұғымдарын көптеген ғалымдар зерттеу объектілеріне байланысты əртүрлі жағдайларда қолданғанымен, көбіне ұқсас мазмұнға ие болып жүр.

Фразеологизмнің ішкі формасын аталып отырған құбылыстың сипаты немесе атауға негіз болып отырған құбылыстың айрықша белгілерінің көрінісі ретінде қарастыру, сонау В. Гумбольдтың тілдік тұжырымдарында да кездеседі. Бүгінгі таңда бұл ұғымды зерделеуде көбіне фразажасамның тілден тыс жатқан негіздеріне, яғни уəждеуші белгілер (мотивирующий признак) ретінде көрініс беретін денотаттың ерекше белгілерін зерттеуге көбірек назар аударылуда. Фразеологизмдердің ішкі мəнін саралаудағы мұндай ағым тұрақты тіркес пен еркін сөз тіркесінің арасындағы немесе компоненттер мағынасы арасындағы байланысты қарастырумен шектеп қоймай, фразеологиялық орам жасалуындағы тілдің өз ішіндегі (интралингвистік) себептермен бірге, тілден тыс жатқан (экстралингвистік) негіздердің де рөлін анықтауға жол ашады, фразеологизмнің мағыналық уəжденуі теориясын қалыптастыруға негіз болады.

Уəждеме ұғымын негізінен фразеологизмнің ішкі формасы айқын көрініп тұрғанда пайдалану тиімді. Ал мағынасы күңгірт тұрақты тіркес-

көрінісін, дүние құбылыстарын тұрақты тіркестер арқылы бейнелеудегі стереотиптік ойлауынан, бейнелі қабылдауынан туатын ұқсастықтар мен ұлттық-мəдени ерекшеліктерді саралауда академик Ə.Т. Қайдардың, белгілі башқұрт фразеологы З.Ураксиннің, ғалым Н. Уəлиевтің ізімен ауқымы кең ұғым ретінде бейнелік-аялық негіз (образно-фоновая основа) ғылыми атауын қолдануды дұрыс деп танимыз.

терді, мысалы: ағылшын тіліндегі a flyіng pіg,

crocodіle tears, go round lіke a horse іn a mіll, cow wіth the іron taіl секілді қолданыстардың сырын, жасалу төркінін тілдің ішкі заңдылықтарынан гөрі экстралингвистикалық факторлардан, қала берді, этимологиядан іздеу қажет. Сондықтан, қазақ жəне ағылшын халықтарының əлемнің

 

 

  1. Кунин А.В. Пути образования ФЕ //Ин.яз. в шк. М. – №1. – 1971. – С.8.
  2. Райхштейн А.Д. Сопоставительный анализ немецкой и русской фразеологии. – М., 1980.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.