Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Метафоралық дүние бейнесінің ұлттық сипаты

Метафора адамның вербальдық жəне сезімдік – образдық жүйелерін бір – бірімен тығыз ұштастыра отырып, дүние бейнесін қалыптастыруға ықпал етеді.

Ұлт өкілдерінің айнала қоршаған дүниені тануында, оны тіл арқылы бейнелеуінде метафораның атқаратын қызметі ерекше. Ақиқат дүниеде орын тепкен мəлім заттар мен құбылыстардың атауларын, ерекшеліктерін, қасиеттерін беймəлім заттар мен құбылыстарға ауыстырып қолданудың лингвистикалық тəсілі саналатын метафора кез келген тіл мен мəдениеттің семиотикалық кеңістігінде өмір сүре алады. Алғашында тілдің ажырамас бөлігі саналған метафора, когнитивтік тіл білімінің пайда болып дамуына байланысты, сананың да ажырамас бөлігі ретінде қарастырылатын болды. Қазіргі тіл білімінде метафораға деген қызығушылықтың күрт артқанын дүниенің тілдік бейнесін танып білу мен оны түсіндірудегі жаңа көзқарас, тың ойлардың белең алуымен байланыстыруға болады.

Байлық – кедейлік, жастық – кəрілік, қуаныш – қайғы, өмір – өлім сияқты тірек концептілердің мазмұнын айқындау үшін тілдік репрезенттермен қатар, ментальдық репрезенттерге де иек артуға тура келеді. Мұндай репрезенттер метафоралық қолданыстар төңірегінен табылады.

М.М. Маковский, метафораны түрлі мəдениет өкілдерінің санасында өзінше көрініс тапқан, нақты мəдени қауымдастық өкілдерінің санасында түрлі кезеңдерде өзгеріске ұшырап отыратын, дүниенің өзгеше бір бейнесі санайды (1,9). Бұл оймен толық келісуге болады.

Аталған концептер төңірегіне топтасқан метафоралық үлгілерде ұлттық дүние туралы білімдердің жинақталғанын көреміз. Олар көбіне, перцепивтік, танымдық, аффективтік процестерге негізделген. Бұл жердегі метафора лық қолданыстардың қызметінің ең алдымен, ақиқат дүниедегі заттар мен құбылыстар жайлы білімдерді тілдік мазмұнға көшірумен айқындалатынын атап өту керек.

Кедейлердің образы ретінде байдың көшкенде жұртына тастап кететін ескі ыңыршық, тозған қауға, жыртық жабуларының алынуын ұлт өкілдерінің санасындағы мəдени – ұлттық семантиканың вербальдануы деп білеміз: "Жаңағы Құнанбай, Бөжей, Байсал, Сүйіндік, Қаратайлардың көшіне ере алмай, керегіне жарамай қапты. Солардың жұртына тастап кететін ескі ыңыршық, тозған қауға, жыртық жабулары болмаушы ма еді? – деп, үлкен əжуа жасап күлді" (М. Əуезов). Мəтінде қолданылған метафоралардың коннотациясында мүгедек, қауқарсыз, науқас, қартайған сияқты мағыналар жатыр. Олар ассоциациялық білімдер негізінде пайда болған, персонификацияланған заттық бейнелер. Ыңыршық, қауға, жабу қазақтардың тұрмыс – тіршілігіне тəн заттық мəдениет атаулары. Уақыт өте келе дүние бейнесінде пайда болған өзгерістердің əсерінен олардың ұлт өкілдерінің күнделікті қолданысынан шығып қалғаны мəлім. Сондықтан, олардың кейбірінің, мəселен ыңыршықтың (ыңыршақ) бүгінгі ұрпаққа түсініксіз болуы мүмкін. Оған берілген Қазақ тілінің түсіндірме сөздігіндегі мағынаға үңілсек, өгізге жүк арту не міну үшін салатын, ағаштан жасалған биік ер деген интерпретацияға кезігеміз (2,945).

Метафоралық қолданыстағы ассоциативтік байланыстар көбіне жалпы ұлттың когнитивтік санасында қалыптасқан сипатта кездеседі немесе автордың жеке көзқарасына негізделіп жасалады. Оған дəлел ретінде "Күлдіреуіш арасынан құндақтаулы балалардың кішкене қара көздері жылтырайды" (Ғ. Мүсірепов); "Андрей ол қамытты əкесі өлгеннен кейін киді""Есін білгелі киген нəлет қамыт ол бейшараның да мойнынан түскен жоқ. Ол да осы бейнетпен өтеді енді, дүниеден" (С. Мұқанов); "Дала байларының ат майы мен сауыны, несиесі мен қарызы көп адамдарды əлденеше жылға арқандап қоятынын Ушаков əзір жете түсінбеген еді" (Ғ. Мүсірепов) т.б. мəтіндерді келтіруге болады. Автордың арқандау мен қамыт арқылы кедейлердің өмірінің адам төзгісіз ауыр екенін меңзеп, оларды малмен теңестіріп тұрғанын аңғарамыз. Келтірілген мəтіндерден кедейлік концептісінің индивидтің санасында қайғы концептісімен ұштасатынын имплицитті түрде байқаймыз.

Бұл жерде өзіндік бояуымен ерекшеленіп, кедейлік концептісінің шеңберіне кіретін метафоралық қолданыстағы құлдықты – қамытпен, арқандаумен, кедейлікті – күлдіреуішпен ассоциациалап тұрған бірліктер дүние бейнесінің бір орында тұрып қалмаған, табиғаты жағынан үнемі өзгерісте, даму үстінде болатын құбылыс екендігін дəлелдей түседі. Қамыт пен күлдіреуішті қазіргі таңда күнделікті өмірде жиі қолданылмайтын лексемалар қатарына жатқызуға болады. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде қамытқа аттың мойнына кигізілетін, имектеу келген ағаш жақтаулары бар арба шана əбзелі (2,469) деген сипаттама берілсе, күлдіреуіш шаңырақ тоғынының үстінен түндікті көтеріп тұратын, түтін шығып, жарық түсіру үшін айқастыра бекітілген ағаш, шаңырақтың керегекөз боп түйісетін шыбықтары (2,427) ретінде интерпретацияланған.

Кедейлердің образы қазақтардың санасында затсыз, тексіз құлдар ретінде сипатталады. Мысалы: "Жерлерге қабырғалы би баратын, Бұл күнде затсыз, тексіз құлдар барды" (С. Мұқанов). Затсыз, тексіз құлдардың коннотациялық мазмұны шықққан тегі белгісіз немесе шықққан тегі төмен тəрізді мағыналарды айқындайды. Кедейді адам санатына қоспау, менсінбеушілік қазақтардың дүние бейнесінде балақтағы биттің образы арқылы нақтылады. Ал, оның балақтан басқа секіруі, əрине, уақыт өте келе қоғамда орын алған əлеуметтік өзгерістердің сипатын білдіреді. Бұл аталған метафораның танымдық мазмұнына жатады. Мысалы: "Ақырында көресімді балақтағы басқа секірген биттен, жалшым Еркіннен көрдім" (С. Мұқанов). Бит зоонимдік метафорасы адамның қоғамдағы əлеуметтік орнының өте төмен екенін аңғартып, арамтамақ, қажетсіз дегенге саяды.

Иелеріне қуаныш нұрын шашқан байлықтың танымдық құрылымында қоғамдағы төңкеріске орай қайғының да орын алатындығын мына мəтін аңғартады: "Өткен күнде талайды зарлатқан, талайды қуантқан, талайды күңіренткен ақ орданың иығы түсіп, бұрынғы аруағы кетіп, елсіздегі моланың қабырғасынан жел гуілдегендей боп, бүгін өзі күңіренеді. Күзгі қарасуық кəрлі жел, өз обалың өзіңе дегендей болып, екпіндеп – екпіндеп соғып ақ орданы құлата жаздап, солқылдатады" (Е. Бекенов). Бұл жерде байлықтың иығы түсіп, аруағы кетіпелсіздегі моланың қабырғасынан жел гуілдегендей, күңіренген адамзат баласы тəрізді суреттелсе, кедейліктің де антропоцентристік бағыттағы тəсілмен сипатталғанын байқаймыз. Онда қоғамдағы əлеуметтік, саяси өзгерістің, атап айтқанда Қазан төңкерісінің əсерінен кедейліктің образы сипатында екпіндеп – екпіндеп соғып, ақ орданы құлата жаздап, солқылдататын күзгі қарасуық кəрлі жел алынып тұрғанын көреміз. Келтірілген мысалдар қоғамдағы əлеуметтік, саяси, таптық өзгерістерге орай, байлық пен кедейліктің де прототиптік образдарының ұлт санасындағы стереотиптерінің бұзылғанын дəлелдейді. Бұл жердегі гуілдеу, солқылдату, күңірену, т.б. етістіктерінің көмегімен сипатталып отырған нысандарды ұлт өкілдерінің соносферасынан хабар беретін дыбыстық бейнелер ретінде қабылдаймыз.

Жастық пен кəріліктің образдарын сомдағанда ұлт өкілдерінің санасында бүкіл адамзат баласына ортақ, яғни əмбебап болып келетін энциклопедиялық білімдермен қатар, өздерінің дербес немесе ұлттық білімдерінің қатар жүретіндігі байқалады: " − Өмір шіркін жасыңда қырдың қызыл түлкісі секілденгенмен, қартайғаныңда бір сиқы кеткен кəрі қотыр қой тəрізді көрінеді екен, − деді Сары əңгімелері аяқталып келе жатқан кезде бір күрсініп" (І. Есенберлин) деген мысал айтылған ойды дамыта түседі. Бұл жердегі қырдың қызыл түлкісі, сиқы кеткен кəрі қотыр қой зоонимдерінің коннотациялық мазмұнына үңілсек, жастықпен астарласқан қызыл түлкінің ең алдымен, қызықпен, қуанышпен, сұлулықпен ассоциацияланатынын байқаймыз. Ал, сиқы кеткен кəрі қотыр қойдың коннотациясы, əрине керексіз, қажетсіз, көріксіз, дімкəс, қызықсыз дегенге саяды. Келтірілген метафоралық қолданыстардың төркінінде эмоционалдық белгілер басым, сондықтан оларды экспрессоид сөздер ретінде танимыз. Кəрілікті сипаттаушы образдың бағалаушылық тұрғыдан алғанда жағымсыздықпен астарласатынын көреміз. Бұл мысалдан адам ағзасындағы кəріліктің физиологиялық өзгерістерінің пайда болуының қайғымен байланыстырылғанын байқаймыз. Ол кəріліктің мазмұнының ұлттың когнитивтік санасында қайғымен ұштасатынын дəлелдейді. Сондай − ақ, кəрілік концептісінің мазмұнындағы зоонимдердің көмегімен жасалған метафоралық қолданыстардың көбіне жағымсыз коннотациямен сипатталатынын айта кеткен жөн. Прагматикалық əсерді күшейту мақсатында автор жастық пен кəрілікті бір − біріне қарама − қарсы қойып портреттеп тұр.

"Бұрынғы əжім дегендері енді көп киілген кенеп шалбардың тақымдығындай қатпар – қатпар" (Ғ. Мүсірепов) т.б. тəрізді мысал көркем шығармаларда қолданылатын метафоралық номинациялардың көбіне референттің тұлғасының сыртқы белгілеріне қарап жасалатынын көрсетеді. Бұл жерде автордың назарының кəрілікті суреттеуге пайдаланып тұрған референті кенеп шалбардың бір бөлігі – тақымдықтың жиырылған аумағына ауып тұрғанын байқаймыз. Келтірілген мəтіндегі метафоралық қолданысты автордың ұлттық дүниесінің тілдік бейнесі ретінде қарастыруға болады. Ұлттық дүниенің дербес тілдік бейнесін, ақиқат дүниені жеке адамның, басқаша айтқанда, нақты ұлт өкілінің тілдік санасының көмегімен сипаттаудың нəтижесі ретінде қабылдар болсақ, кəріліктің айнымас компонентінің бірі терінің тозу əрекеті, яғни əжімнің образы ретінде кенеп шалбар тақымдығының жиырылған аумағының алынғанын көреміз. Кəрілік концептісінің мазмұнын кеңейткен бұл қолданыстың, автордың санасындағы кəрілік туралы ментальдық репрезенттерінің вербальдануының нəтижесінде пайда болғанын аңғартады.

Сондай-ақ, ұлттық діни мейрам саналатын айт күні мен түңлік лингвокультуремаларының да қуаныштың ұлттық мазмұнын айқындай алатынын мына мəтін кеңістігінен көреміз: "Қатын − балаға шейін айт күніндей сергек, дырдулы, шулы, күлкілі, нөсерлі, дауыл алдындағы құйындаған жел лебімен желпілдеген түңліктей, жайлау − жайлаудың бəріндегі кəрі − жас, еркек − ұрғашы, бой сергітіп сілкінгендей, құлшынғандай болды" (С. Мұқанов). Бұл жерде қуаныштың бейнесі ретінде нөсерлі, дауыл алдындағы құйындаған жел лебімен желпілдеген түңлік алынып тұр.

Қайғының образы болып иесіз қалған моланың алына алатынын келесі мəтін көрсетеді: "Ақ орданың оң жағындағы ақ отау əлі сол орнында, бірақ азырақ күңгірт тартқан сияқты, бұрынғыдай отауға топырлап қыз − келіншек, бозбала, саяқ қатындардың көбі кірмейді. Иесіз қалған мола сияқты болады да тұрады" (Е. Бекенов).

"Есіл ер осылай қырық сегіз жасында бірте – бірте сөнген майы таусылған шамдай дүние салады, деді Күнтуарға Жақыптың өлімін айтқан жігіт" (І. Есенберлин), тəрізді мысалдан адамның өмірінің аяқталуының бірте – бірте сөнген майы таусылған шамға теңеліп тұрғанын көреміз. Көшпенді халықтың айнымас серігі болған май шам ұлт санасында сақталып қалған тұрмыс қажеттілігінің бірі. Оның коннотациясында наны таусылып, тіршілікпен қош айтысу деген терең мазмұн жатыр. Өлімнің бейнесі ретінде майы таусылып, бірте – бірте сөнген шамның образының алынуында да ұлттық танымның өзіне тəн мазмұны жатыр. Осы тəріздес метафоралық қолданыстар жазушы танымында ассоциативтік білім көздерінің бейнелі түрде көрініс таба алатынын тағы бір дəлелдейді.

Ақиқат дүниедегі заттар мен құбылыстарды бейнелеу мен оларды ұлттық тұрғыдан түсіндіру қызметін атқаратын концептердің мазмұнындағы бірліктердің уақыт өте келе көнеріп не өзгерістерге ұшырап, даму үстінде болатынына мына мəтін дəлел бола алады: "Кезінде тиісті шара қолданбасаң қайғы – қасірет симфониясы басталады" (І. Есенберлин). Бұл жерде музыкалық термин саналатын симфония лексемасы қайғыны сипаттауға қатысып тұр. Келтірілген метафоралық қолданысты жаңа заманға байланысты туған метафоралар қатарына жатқызып, əуеннің, яғни дыбыстың көмегімен болған образ ретінде қабылдаймыз.

Аталған концептердің мазмұны белгілі бір деңгейде, ұлт өкілдерінің қоршаған ортадағы физикалық нысандарды, табиғат құбылыстарын, адамдар мен жануарлар тіршілігін, өсімдіктер əлемін тану, көру, сезіну нəтижесінде пайда болған білімдеріне негізделген концептуалдық метафоралармен айқындалады. Метафоралар концептердің танымдық, семантикалық, образдық құрылымдарын қалыптастыратын антропоморфтық, зооморфтық, фитоморфтық, заттық модельдердің шеңберіне топтасады.

Тірек концептілердің əрқайсысының төңірегіне адамның санасындағы ақиқат дүние жайлы білімдер мен көзқарастардың белгілі бір жүйеге келтірілген образдары жинақталатынын байқадық. Олардың басым көпшілігі генетикалық тұрғыдан, яғни, салт – дəстүрмен, тұрмыс – тіршілікпен адамның санасына сіңісіп, əбден кірігіп кеткен образдар.

Түрлі мəтін кеңістігіне жасалған талдау метафоралардың образдық, танымдық жəне атауыштық қызметтерінің аталған концептер төңірегінде когнитивтік құрылымдардың ұлттық үлгісі мен дербес үлгісін жасауға бағытталатынын көрсетеді.

 

  1. Маковский М.М. У истоков человеческого языка. – М.Высшая школа, 1995. – 159 с.
  2. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі / Жалпы редакциясын басқарған Т. Жанұзақов. − Алматы: Дайк − Пресс, 2008. − 968 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.