Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақ тіліндегі фузия құбылысының табиғаты жайында

Қазіргі күні тілдердің грамматикалық құрылысына, əсіресе агглютинацияға соғатын жағдайларда көнерген, көбіне қате көзқарастар түпкілікті ұстанымға айналмауы басты мəселе саналуы керек. Агглютинация мəселесі оның синхронды қалпы О.П.Суниктің пайымдауынша, бірқатар дəстүрлі түсінік пен олардың анықтамаларын байыппен қайта қарау арқылы шешілуі тиіс. Жаңа ұғым – түсінік пен олардың анықтамаларын, сипаттамаларын қалыптастыру қазіргі ғылыми əдіс-тəсілдер тұрғысында терең талданған тілдік деректер негізінде жүзеге аспақ [1,10]. Б.Сағындықұлы «жалын» сөзінің бойындағы өзгерісті үнемдеу заңдылығын жүзеге асыратын құбылыстардан іздейді, яғни «Қазіргі түркі тілдерінде сөз ортасында, сөз аяғында дыбыстардың түсіп қалуы көбірек байқалса, аса ежелгі дəуірде, керісінше, сөз басында үнемделу едəуір шамада болғандығы аңғарылады [2,80], дейді. Ғалымның ойына қарағанда, «жалын» сөзінің фонетикалық, семантикалық өзгерістері сөз басындағы «ж» дыбысының элизияға ұшырауынан ұштасып жатыр. Жалын – «жанған оттың лапылы, ыстық қызуы», жалау, жалаула осы түбірден тарайды. «Ж» дыбысы түсіп қалған алау – «лаулап жанған от», алас – «отқа табынумен шыққан от деген ұғымның атауы», аласта – «ауруды отпен ұшықтап емдеу», аласұр – «жанталасып қиналу, арпалысу», ал 

«қызыл, ашық қызыл», ал қызыл –«ашық қызыл түс». Осыдан «Бөлініп алынған лексикасемантикалық топтың ортақ түбірі жал түрінде қалпына келетіндігі, мұның өзі «оттың жалыны» деген ұғымды білдіретіндігі аса зер сала қарағанда аңғарылады. Бұл – алау, алас, ал сөздерінен «ж» дыбысы элизияға ұшырап түсіп қалған деген сөз» [2,80], деп түйіндейді.

...Түнгі дала ұйқыдан шошып оянғандай. Болат мұнарға сел арасынан қорғасын бытырадай сырт-сырт соққан əлденелер жылтжылт ұшқын шашыратқандай еді, ізінше моторлы будка жақтан қып-қызыл от жарқылдап, күп-күрең жалын сүйреңдей бастады.

Оқ тіліде, от тілі де шолақ. Күрең жалын қас пен көздің арасында тұтаса алаулап, мұнараға бір-ақ лап берді. Өрт түрі əрі жан шошырлық қатерлі, əрі ертегідей ғажайып сұлу. Сүйреңдеген ал қызыл жалын арасында тулап аққан қара көк толқын бар. Өрт əлі алаулап жатыр. Қабен, Жанар, Азамат – бəрі соған, ал қызыл жалынға қарады. Қабен аспан мен жердің арасын тұтастыра лаулаған күрең жалынға құмарта көз тікті (З.Қабдолов «Жалын»). Бұл үзіндіден «жалын» ұғымына қатысты басқа да сөздерді көреміз. Синхронды жағдайда жалау – қалыпты түсті матадан істеліп, сап бекітілген ту [ҚТТС, 1978, 3-т,564б] мағынасын білдіреді де, одан жалаулы, жалаудай, жалаула, жалаулат т.б. сөздер туындайды. Б.Сағындықұлы жалау сөзінің пайда болу ізін ежелгі дəуірдегі адамдардың өмір сүру жағдайындағы салтынан таратады. Олар түнгі жорықтарда бірін-бірі көру үшін от жағып жүретін болған. Ағаш сапқа байланған мата жалау сол от жалаудың символы болуы мүмкін, жалау (ту) ұғымды емес, дыбыстық құрамды сақтап қалған, сөздің толық формасы жалағу, алайда ол оттың атауы емес, лапылдап тұрған бөлігі – алаудың аты деп есептейді. Бұдан əрі Б.Сағындықұлы оттың ескі атауы – «та(м)», «от» сөзі де, «жалын» сөзі де «та»(там) формасынан туындаған деп түсіндіреді [2,80].

Тамызық – қазіргі күні «от тұтататын кепкен, қураған отын» (ҚТТС,8,179,180) мағынасында, түбірі – тамыз саналады, бұл түбір етістік ретінде оның грамматикалық категорияларымен, етіс жұрнақтарымен түрленіп жұмсалады. Ал тамызық зат есімінен тағы тамызықта, тамызықтық сөздері туындайды. Б.Сағындықұлы мұндағы –ық жұрнағын көне – уғ/уқ тұлғасының қысаңдаған формасы санайды. Алғашқыда «тамызық отын» тіркесі түрінде жұмсалып, кейін конверсияланып, зат есімге айналған. «Тұтандыру, жандыру» семантикасы – ыз жұрнағында, оны көне жазбалардағы тамдур (зажигать, разжигать) (ДТС,530) етістігі арқылы анықтауға болады деп есептейді. Б.Сағындықұлының пайымдауынша, «аса ежелгі –ур~урз семантикаға бай, -ыз жəне –ур – осы урз формасының варианттары. Бұлар «тұтану, жандыру» мағынасын бере алады. Сонда «от» ұғымы «там» түбірінде болып шығады» [2,150] да, тамға сөзінің ариесемасында «күйдіру, шыжғыру» əрекетінің ізі тұрады.

«Көне түркі сөздігінде» тамға сөзінің «печать, отпечаток» мағынасы да осы от ұғымымен байланысты, өйткені ежелгі түркілер малдарына т.б. таңбаны темірді отқа қыздырып басатыны белгілі. Қазақ жүздерінің, руларының өзіндік таңбалары бар [3,8-20]. Н.Аристовтың ойынша, орхон жазуларындағы 38 таңбаның 29ы түркілердің таңбалық белгілеріне ұқсас, оларды таратушылар наймандар мен керейлер болған. Түркілердің таңбаларының шығуын Н.Аристов мифтік хан оғыздың баласының əрекеттері туралы аңыздар таратады. Яғни Күн хан түркі руларының арасында əр түрлі даужанжал, қақтығыс болмас үшін олардың табындары мен үйірлеріне белгі салып берген. Осыған байланысты түркі халықтарына тамға мен ұранды Шыңғыс хан белгілеп берді, Шыңғыс хан заманында пайда болды дейтін пікірді жоққа шығарады [4,410]. Сонымен қатар Махмұд Қашқари «Түркі тайпаларының бірі оғыздардың жиырма екі ұлық; əрбірінің айырым белгілері мен малға басатын таңбалары бар. Руларды, бірбірлерінің малын сол таңбаларға қарап таниды» (МҚ,1,85-87), деп, жиырма екі рудың малдарының таңбасына сипаттама береді.

Ғ.Қалиев кереге, босаға, дəдеге тəрізді үй құрылысы атауларындағы –ға, -ге жұрнағын сөз тудырушы типтердің жабық жүйесіне жатқызады, өйткені бұл жұрнақтардың көмегімен осы типтес негіздерден қазіргі күні сөз жасалмайды [5,26]. Э.В.Севортян оны –ғы жұрнағымен біртектесс деп қарайды жəне де есім негіздерден етістік тудырушылар қатарына жатқызады. Ғалымның тұжырымы бойынша, -ға өзінің сөзжасамдағы өнімділігін түркі жазбалары кезінде жоғалтқан, ал мүлдем өлі түбірге айналғандығы туралы дерек аз, керісінше забырка (қырғ.)іска, бұлға, толға, қарғы, шайқа, қозға, тарқа тəрізді сөздердің есім мен етістік негізділігі түркі тілдері дамуының орта кезеңіне тəн [6,238-243].

Көне түркі жазба ескерткіштерінде тамду, тамдук тұлғалары «от, жалын» мағынасында берілген, ал тамға (печать, отпечаток), таму, тамуғ ~ тамуқ (ад, преисподняя) (ДТС,530 531). Осы мағыналарына қарап, Б.Сағындықұлы олардың көне заманда «от» ұғымын бергенін анықтайды. Сол кездің өзінде та+м болып түбір мен морфемаға бөліне алған деп есептейді.

«Жақ», «жан», «жалын» лексемалары «там» дыбыстық комплексімен түбірлес, одан жа ~ та параллелі пайда болады, бұлардың силлабофонема екендігі даусыз санайды. «Мұның ұштығы флексиялық құрылым өмір сүріп тұрған дəуірге барып тіреледі. От сөзіндегі т дыбысы лексикалық мағына арқалап тұр десек, от~та~жа тұлғаларындағы а мен о дауыстылары флексия элементтері» дейді [2,150]. Ал өрт сөзінің мағынасын ірі сын есімінің «үлкен, майда емес» мағынасымен салыстырады, өйткені «өрт – қаулай жанған жалынды от; өр түбірі өрші (үдей түсу, күшею) етістігінің құрамындағы өр формасы болуы мүмкін деген де болжам айтылады. Сонымен қатар, ірі сын есімі құрамындағы ір морфемасы да мағына жағынан өр морфемасымен үйлесе алатындығын ескеріп, ежелгі өрт сөзіндегі ұғым – «өршіп жанған от, көлемі үлкен от» деп болжайды.

Өрт – сөзі М.Қашқарида «жанған, өрт», өртенді – «жанды» мағыналарында ашылған. Өrtendi пең нəрсе өртенді, өртепүр, өртенмек тұлғаларында кездеседі. Күн батқаннан кейін бұлт қызарса – «Bulut өrtendi: Бұлт өртенді» дейді.

Түріктер мұны жақсылыққа жориды, ал «Тaңda bulut өrtense evde jaғы kirmiшше bolur» Таңда бұлт өртенсе, үйге жауы кіргендей болар» дейді де оны жақсылыққа жорымайды. Ежелгі түркі танымында қызыл – оттың түсі екені, оның атқан таң, батқан күнмен ассоциациясы көрінеді. Осыдан «кешқұрымда бұлт өртенсе (қызарса), қатыны ұл тапқандай болады, Таңда бұлт қызарса, үйіне жау шапқандай болады» деген мақал туған (МҚ, 1,384-385).

А.Салқынбай «та» этимон түбірі «ат» тұлғасының флексиясы нəтижесінде дами келе, «ТА-ДА» тұлғаларына жіктеліп жеке ұғымдық мағына беретін түбірлер жасалады» [7,119], деп, оның тұлғалық, мағыналық даму жолын көрсетеді. «Та» сөзімен төркіндес там лексемасы туралы диалектілік лексикаға байланысты М.С.Атабаева оның жалпытүркілік қабатқа тəн екендігін қолданылуына қарай қазақ сөйленістерін екіге бөлетінін айтады: бірінші – үй, баспана, екінші – мола, бейіт. «Сөздің бірнеше мағынада əр аймақта көрінуі оның көнелігінің о баста ортақ негізі болғандығының көрінісі» [8,28] деп есептейді.

Көне түркі ескерткіштерінде там – қабырға (ДТС,524), Махмұд Қашқари сөздігінде: 1)есік тіреуіш; 2)қабырға; 3)үйдің төбесі, шатыры; 4)үй (МҚ,3,218). Сөйленістерде там жалпы үй атауы емес, оның дымқыл топырақтан соғып жасалған түрі, балшықтан салынған үй (ҚТАС,644), тоқал там тіркесі «Тауық құсқа ұшу жоқ, там үйлерге көшу жоқ» мақалы (Алм.Жамб.) да қолданылады. Ал «бейіт, зират» мағынасы оның формасына қарай төрт құлақты там, шошақ там тұлғаларында ұшырасады. (Қост.Жанг.). Ресейдің Орынбор жағында мола сыртындағы қорған да там аталады. (Бұл жерде тамды көбіне тастан салады (Орын.Бөр.).

Там ағашы – үй төбесіне салатын ағаш мағынасында Ауғанстан, Иран оралмандары қолданады. Сөйтіп ежелгі түбір там синхронды сипатта бірнеше ұғым атауын жəне бірқатар сөздерде этимон түбір қызметін атқарып жүргені айқындалады. Осындай тілдік құбылыстар туралы Б.Сағындықұлы: «Қарапайым сөзбен айтқанда, форманы тақтаға, ал мағынаны тақтаға бормен жазылған жазуға ұқсатуға болады. Тақтадан жазуды өшіріп, басқа бір жазу жазуға болады. Түбір форма да дəл осы тақта сияқты қызмет атқарады: бір заманда бір ұғымды, екінші заманда оған ұқсамайтын екінші бір ұғымды білдіре береді. Демек, белгілі бір дыбыстық комплекстің жүктеп тұрған лексикалық мағынасы шартты. Мұндай шарттылық грамматикалық тұлғаларға да тəн. Тұлғасын өзгертпей-ақ олар да əр түрлі грамматикалық қызметті атқара алады» [2,104], дейді.

А.Салқынбай «там» сөзінің М.Қашқари көрсеткен қабырға мағынасы қазір кездеспейді деп көрсеткен екен, бұл мағына сөйленістерде бар, сақталған «тамда ілулі тұр; үйдің тамын тұрғыздық» тəрізді тіркестер мағынаның жоғарыда айтылғандай түркі тілдері дамуының жалпытүркілік кезеңінен бастау алатынын дəлелдейді. Сонымен қатар, А.Салқынбай «тамтық, тамұқ, тамам» сөздерінің мағыналарын семантика-генетикалық жағынан «ТА» этимонымен ұштастырады. Осы ұштастық «күн» мағынасын сақтаған – таң сөзінен көрінеді:

1) рассвет, заря; 2) чудо, удивмтельное необычное (ДТС,582). «Таң лексемасынан туындайтын таңсəрі, таңертең, таң саз берді т.б.[7,122] қазіргі тілде кең қолданыста.

Осы сөздердің қатарында көңіл аударатын тағы бір сөз – қыз, қызар, қызыл. «Қыз» (giz) түбірінің түркі тілдеріне ортақ мағынасы «быть горячим, раскаленным, накаливаться, раскаливаться, краснеть, пламенеть, багроветь» ауыспалы мағынада «разярятся, сердиться, возбуждаться, горячиться (ДТС,450)

Қазақ тілінде қыз омоним түбір. Оның етістік (жылыну, ысу) мағынасынан: 1) қызар, қызарақта, қызараңда, қызбалан т.б. етістік тұлғалары; 2) қызба, қызарыңқы т.б. сын есім; қызғалдақ, қызамық т.б. зат есім тұлғалары туындайды. Бұлардың бəріне ортақ негіз ретінде қыпшақ тілдеріне тəн қыз түбірін көрсетуге болады (Севортян, 1962,378). Э.В.Севортян қызық тұлғасының түрікмен, өзбек, қырғыз, қазақ тілдерінде «интересоваться, увлекаться, любоваться» мағыналарында жұмсалуымен қатар қыз етістігі өзінің («нагреваться, увлекаться») негізгі мағыналарына қоса метафоралы (раздражаться, возбуждаться, сердиться) қолданысқа ие болатыны жайлы да айтылады. Бұл мағыналары азербайжан, түрік, татар, қазақ т.б. түркі тілдерінде кездеседі. Қызық (гызық)

«интерес», «увлечение», өзбек тілінде бұған қоса «забава шут, клоун, интересный, забавный» мағыналарында жұмсалатыны, бұл мағыналардың қазақ, қырғыз, татар тілдерінде де қолданылатыны белгілі.

Ə.Т.Қайдар бір буынды қыз түбірінің төрт мағынасын көрсетеді, оның үшеуі жоғарыда аталған мағыналарға жақын, қыз (giz) II: қызыл<қыз+ыл, қызар<қыз+ар, қызғылт

<қыз+ғыл+т. Мұндағы қырмызы мағынасын қыр>қырмызы көне түркілік тұлғадан алады, giz – краснеть, пламенеть, багроветь». Қызған < қыз+ған – ревновать, завидовать; қызық <қыз+ық синкретті деп есептейді, қызба <қыз+ба сөзін қыз+ба бөлшектеріне бөлген [9,231] бұдан ой, -ба сын есім тудырушы жұрнағы туралы екені аңғарылады.

Махмұд Қашқари сөздігінде қыз – алдымен, адам (менің қызым), ev қыzы – үй қызы; үйде отырған қыз; jinке кыz – бойжеткен қыз мағыналарын білдіреді. Бұл сөз қолға түскен күң қыздарға да қолданылған, қыз қырқын – «күңдер» деген мағынада. Сонымен қатар, қыz кіші – сараң, қытымыр кісі мағынасы да бар (МҚ, 1,384-385). Қыz кіші sovы jorығlы bolmas мақалы – «Сараң кісінің аты (атақ-даңқы) шықпас» деп аударылған. Сөздікте қыzыl (қызыл) – бір нəрсенің қызылы, яғни түс мағынасы мақалда қызыл қырмызы жібек тіркесінде жарасымды қылық, əдемілік ұғымын сипаттау үшін қолданылған.

Б.Сағындықұлының пікірінше, силлабофонема болғандықтан от~та~жа тұлғалары жарық, жарын, ертең, ерте, таңертең, таң тəрізді бірқатар сөздердің жасалуына негіз болған. Мұндағы [а], [о] дауыстылары флексия элементтері. Дауыстылардың мүлдем өшіп кетуі

иелерінің арғы тегі өзін қоршаған ортамен қандай қатынаста болды, оны қалай танып білді, тұрмыс-тіршілігінің өзегін не құрады деген көптеген сұрақтарға жауап табуға, ата-бабалардан қалған құндылықтардың қадір-қасиетін түсініп, қастерлеуге болады. Бұл сөздердің (атаулардың) түп төркініде тіл дамуына негіз болар ақпарат жатыр.

де флексиялық құрылымның бір ерекшелігі [2,150].

Аталған деректер түркі тілдерінде «аффиксацияға дейінгі кезең» ұғымын орнықтырады. Яғни аффиксацияға дейін түркі тілдері флексия құбылысын бастан кешкен, оның нақты көрінісі – қазіргі бөлініп жарылмайтын фузияланған түбірлер. «Явление полифункциональности корней в тюркских языках – рефлекс доаффиксальной стадии пратюркского словообразования, восходящий к более ранним эпохам дописменного функционирования» [10,243], деп жазады бұл жөнінде Е.Қажыбеков.

Осы фузияланған түбірлерді қалпына келтіру арқылы үнемдеу заңдылығының (ықшамдау) сырын ашуға болады. Көне формалардың қазіргі əбден абстракцияланып кеткен жаңа формалардан айырмашылығы бары байқалады. Көне формалар заттың, нəрсенің, қимылдың, процестің о бастағы сапасын, күйін, белгісін нақты көрсете алады [2,81].

Сөздерді қалпына келтіру, яғни жаңғырту үнемдеу ықшамдау үдерісінің өту күйін, қалпын білу үшін ғана қажет емес, есте жоқ ескі заманда қалыптасқан сөздердің мағынасы арқылы тіл

 

  1. Суник О.П. Проблема агглютинации в алтайских языках// XXY Международный конгресс востоковедов. Доклады делегации СССР. – М. Восточная литература, 1960. – 11с.
  2. Сағындықұлы Б. Қазақ тілі дамуының этимологиялық негіздері// Таңдамалы туындылар. – Алматы: Үш қиян, 2009. – 11-163 бб.
  3. Аманжолов С. Вопросы диалектологии и истории казахского языка. – Алматы, 1959. – 452 с. .
  4. Аристов Н. Опыт выяснения этническго состава киргиз-казахов Большой орды и кара-киргизов на основании родословных сказаний и сведений о существующих родовых делениях и родовых тамгах, а также исторических данных и начинающихся антропологических исследований // Живая страна, вып. III – IY, Спб, 1894
  5. Қалиев Ғ. Қазақ тіліндегі сөзжасам мəселелері. – Алматы: Ғылым, 2002. – 190 б.
  6. Севортян Э.В. Аффиксы глаголообразования в азербайжанском языке. – М: Восточная литература, 1966. – 643с.
  7. Салқынбай А. Тарихи сөзжасам. Семантикалық аспект. Алматы: Қазақ университеті. 1999-309 б.
  8. Атабаева М.С. Қазақ тілі диалектілік лексикасының этнолингвистикалық негізі. – Алматы: Білім, 2006. – 208 б.
  9. Кайдар А.Т. Структура односложных корней и основ в казахском языке. – Алматы: Арыс, 2005. – 307с.
  10. Кажибеков Е.З. Глагольно-именная корреляция гомогенных корней в тюркских языках. – Алматы: наука, 1986. – 272 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.