Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Тілдік тұлға сəйкестігінің психолингвистикалық жақтары

Тілдік тұлға сəйкестігі өлшемінің бірі болып табылатын ұлттық сəйкестікте түпкі негізді танытатын лексикалық қордың түрлі дəуірлер бойындағы тілдік санадан жаппай көрініс табуы маңызды деп ойлаймыз. Мұнда түпкі негізді танытатын лексикалық қормен бірге, этникалық тұтастыққа, этникалық сəйкестікке қызмет ететін ұлттық-мəдени реалийлерді, рухани ұғымтүсініктерді білдіретін лексикалық бірліктердің түрлі дəуірлер бойында тасымалдана келіп, қазіргі тілдік санадан көрініс алу деңгейінің анықталуы тілдік тұлға жəне оның ұлттық сəйкестігі бойынша мəселелердің шешіміне үлес қосады.

Негізгі сөздік қор я түпкі негізді танытатын лексикалық қор туралы мəселеге келгенде, антропологиялық лингвистика бағытында қолданылған глоттохронология жəне лексикостатистика əдістері негізінде қол жеткізілген мəліметтер тұрғысында ойлануға тура келеді. Барлық тілдердегі сөздік қордың тұрақты жылдамдықпен (шамамен 1 000 жылда) өзгеріп жаңаратын негізгі бөлігі осы глоттохронология əдісінің көмегімен анықталып, шағын тəжірибелік тізім түрінде танытылатыны Г. Хойер тарапынан көрсетілген. Негізгі лексикалық өзекті əмбебап мағыналарға ие, тарихи өзгерістерге жəне кірме сөздерге қатынасында тұрақтылығымен сипатталатын жəне мейлінше жоғары жиілікте кездесетін сөздер мен морфемалар құрайды. Мұндай сипаттағы бірліктердің көлемі, шамамен, 200 лексема. Он үш тілге жүргізілген Г. Хойердің талдауы бұл лексемалардың сақталу коэффициенті 81 – 86 %-ға тең екенін көрсетеді [1: 51]. Осы көрсеткіштерге сүйене отырып, В.В. Наумов тұтастай барлық индивидтердің ана тілі бойынша сөздік қорының негізін осы лексикалық өзек құрайды деген болжам жасайды жəне «лексикалық өзек – ойлау жүйесінің материалдануы деп қорытады. Өз ойын, яғни лексикалық өзек пен ойлау ядросының тығыз байланысын Т.Л. Калентьеваның пікірі негізінде дəйектей түседі: «қандай-да болсын барлық түрленушілік өзгерушілік жағдайында, ойдың қалыптасуы мен рəсімделуі (формаға түсірілуінің) амалдарында қайбір өзек бар, ол мезгілдік жағынан жəне түрлі əрекетқызмет жағдайында да сақаталып, сөйлеу тіліне қайталанбайтын индивидуалдық сипат береді» [2: 30]. Лексикалық өзекті анықтау тұрғысында жасалған бұл эксперимент нəтижелері тұлғаның тілдік сəйкестігін анықтау мақсатында қолданылғанын аңғарамыз: егер лексикалық өзектің сыналушы тұлға тарапынан қолданылмауы

«Мен» – креативтілік көрінісі ретінде қабылданады, я бұл тілдің сыналушы тұлғаның ана тілі болып табылмайтынын көрсетеді.

«Тұлғаның қандай-да бір тілде жүгірте сөйлеу қабілеті оның осы тіл бойынша лингвистикалық білімі, яғни оның негізгі ерекшеліктерін, жүйесін, онда ұдайы түрде болып жатқан үдерістер тұрғысындағы білімінен мəлімет бермейді» [3: 96]. Біздің ойымызша, тұлғаның тілдік сəйкестігін анықтауда бұл өлшемді қолдану субординативті билингвтерге қатынасында қолдануға болғанымен, координативті билингвтерге қатысты қолдану аса нəтижелі болмауы мүмкін. Сондықтан бұл пікір əлі де дəйектей түсуді керек етеді деп ойлаймыз. Себебі, екі тілді, яғни өз ана тілін жəне онымен бірге тағы бір немесе бірнеше тілді жүгірте сөйлеу тұрғысынан ғана емес, сол тілдердің «негізгі ерекшеліктерін, жүйесін, онда ұдайы түрде болып жатқан үдерістер» тұрғысында да терең меңгерген лингвистикалық тұлғаларды жоққа шығара алмаймыз.

«Өзге тілдегі спонтанды сөйлеу əрекеті психикаойлау үдерісінің тілдің жүйелік жəне нормативтік талаптарымен абсолютті үйлесімін (гармония) талап етеді. Ал бұған үйрену мүмкін емес, өйткені тіл ерте ме, кеш пе, бөтен тұлғаны сол тілдің иеленушісі емес жанды аңғарады» [2: 32].

Біздің ойымызша, ғалымның психикаойлау үдерісінің тілмен байланыстылығы тұрғысындағы пікірін негізсіз деуге болмайтын сияқты. Себебі өзге тілді еркін меңгерген тілдік тұлға сол тілдің өзі өмір сүріп отырған кезеңіне сəйкес қалпында толық меңгеруі мүмкін. Алайда ол тілдің өткен ғасырлардан бүгінге жетпей қалған ерекшеліктерінен басқа, В.фон Гумбольдттың сөзімен айтқанда, сол тілде көрініс табатын «ұлттық тілді иеленушілердің барлығына бірдей тəн ойлау жəне психикалық қызметін» түйсіне алмауы мүмкін. Құмарынан шығу, құмары қану, аңсары ауу, əуестігі ұстау сияқты тілдік бірліктер терең семантикалық қабаттарында қайбір эмоционалдық күйді я жағдаятты сипаттаудағы ойлау механизмдерінің ерекшеліктерін, тұтас бір үдерісті көз алдына елестете алу түйсігімен орайлас жатыр.

Мұндай бейвербалды ойлау кезеңі туралы мынандай дəйектер келтіріледі: «Тілдегі сөздер менің ойлау механизмімде, менің ойымша, өздері жазылатын я айтылатын формада ешқандай рөл атқармайды. Психикалық мəністер, байқауымша, ойлаудағы элементтер ретінде қызмет етеді, психикалық мəністер қайбір белгі немесе азды-көпті түрде бейнелер болып табылады да, «өз еркінше» жаңғыртылып, қиюласады» [4: 35]. Біздің ойымызша, өзге тілде сол тілдің иеленушісі сияқты сөйлеп, оны терең меңгеруге болғанымен, бұл сияқты қайбір белгі, бейне түрінде ойлауда қызмет ететін психикалық мəністерді меңгеруге болмайтын сияқты. Бұл қасиет тұлға жаратылысына оның ұлттық түп негізі арқылы берілетін болуы керек. Төмендегі мысалдарда құмары қану тіркесінің қолданылуы кейбір ұлттық ерекшеліктермен тығыз байланысты жатыр. Батырлық қанын ішкен бұлағынан, Қайратың көк құрыштай суарылған. Жай күнде жас баладай жан екенсің, Көргенде шықтым сені құмарымнан (С. Мəуленов) немесе Сілке киіп тымақты, насыбайды Бір атасың көңілің жайланғанда. Таудан жиде тергендей ала берсе, Бір жасайсың құмарың əр қанғанда (Абай).

Сондықтан қайбір белгі, бейне түрінде ойлауда қызмет ететін психикалық мəнісі бар тілдік бірліктердің тұлға сөзінде түрлі ситуацияларды сипаттауда немесе сол жағдаятқа сəйкес орынды үйлестіріле қолданылуы маңызды. Əрине, мұнда сол тілдің өз иеленушісінің де өз тілін қатпар-қатпарымен терең меңгермеуі мүмкін. Бірақ бұл жағдайда оның психикалық түйсіктік сезінулері, яғни тілден тыс факторлардың оның сыртқы іс-əрекетінен, бейнесінен көрініс беруі мүмкін: Қаланың у-шуына əбден көндіккен жуас жылқы малының басындағы жүген мен шылбырының қалай аталатынын білмейтін, жеңіл автомашина сияқты «айдап кеткісі» келетін Мақсаттың бойындағы бөлекше құлшынысты, жанарында пайда болған нұрды байқаған қарт өз-өзіне риза кейіпте тұр. Бəлкім, қарттың күткені де немересінің қуанған осы бір бақытты шағы болар!? [5: 16]. Мұнда немересі мен атасының психикаойлау үдерісінің ұлттық түп-текпен тамырлас жатқаны түсінікті болып тұр. Жылқы малының қасиеті, ұлттық танымдағы орнын терең сезінетін қарттың да, жылқы малы жəне оның əбзелдері туралы бəлендей түсінігі жоқ баланың да осы жануарға байланысты ерекше ықылас, қатынастарын психикалық түйсіктік сезінулер негізінде түсіндіруге болады. Жалпы психикалық түйсіктік сезінулердің де тұлғаның ұлттық-этникалық сəйкестілігі үшін маңыздылығын халық ертеден аңғарған. Сондықтан болса керек тілде «бойында қазақтың қаны бар» сияқты тіркестер, «бөрінің бөлтірігін қанша асырасаң да, орманға қарап ұлиды» түріндегі мақал-мəтелдер орын алып, жəне олар тұлғаның тектік сəйкестігі үшін қолданылған. Мысалы: Төрт түлік малдың қадір-қасиеті төмендеп тұрған мына қымқуыт заманда бойында қазақтың қаны бар бүлдіршін балалардың жылқыға қызығушылық танытуы немесе ...Жұрт амалсыз тарауға айналды. Осы кезде Қазақстанның өнер қайраткері, белгілі жыршы, термеші «Қаны бар қазақтар қалыңдар, үгітке ергендерің кете беріңдер», деп жұртты тоқтатып, ғарышкерді қолдауға шақырды деген газет мақалаларынан алынған үзінділерде тұлғалардың ұлттық-этникалық сəйкестігінде өз ана тілін терең мегеруі / меңгермеуі немесе тұлғаның қай тілдің иеленушісі тұрғысындағы өлшемді емес, ұлтқа қатыстылығы жағынан психикалық түйсіктік сезінуді өлшем етіп, соны нұқсап тұрғанын білдіредіЯғни осы сөздерді айтушы тұлғаның сөйлеу əрекетінен, сөзінен оның ойлау жүйесінің психикалық механизмдерін танимыз.

Бұл тұрғыда психология мен тілдің арақатынасын бағалауда туралы тіл біліміндегі ғылыми тұжырымдамаларды сараптау аса қажет болып табылады. В.П. Даниленко психолингвистикалық бағыт өкілдерінің бірі М. Лацарустың «Халық психологиясы халық рухы туралы ғылым ретінде, яғни халықтың рухани өмірінің элементтері мен заңдылықтары туралы ғылым ретінде негізделуі тиіс. Ол өмірде, өнерде, ғылымда көрініс беретін ішкі халық рухы мəнісінің жəне қызметінің қайнар көзі болып табылатын заңдылықтарды ашуы керек. Тіл – рухтың жарыққа шығуын, танылуын, анықталуын қамтамасыз ететін мүше, оның қанат жайып, өрістеуіндегі тетік. Егер индивидтің тілі оның индивидуалдық рухының көрінісі əрі өлшемі болса, ал халық тілі халық рухының көрінісі əрі өлшемі» деген пікіріне талдау жасайды, жəне Г. Штайнталь мен М. Лацарустың тілді тек тұтас халықтың психикалық ерекшеліктерін зерттеу үшін қажет материал ретінде ғана қарастырғанын атап өтеді [4: 35].

Ішкі рухтың, психиканың тілде жекелеген тілдік бірліктер негізінде анықталуынан гөрі, тұтас сөйленістен я контекстен көрініс беретінін байқауға болады: – Немерем, кешелі бері «Ата, атқа мінгім келеді!» деп мазамды алып бітті. Өзінің əке-шешесіне айтпайды, маған келіп қыңқылдай береді. Теледидардан атқа мініп, шауып жүргендерді көріп аңсары əбден ауды ғой деймін. Жазда ауылға өзіммен бірге алып кетіп, атқа мінгізіп құмарынан бір шығармасам ба? – деді қарт кісі. Мұнда баланың атқа мінгісі келетіні туралы өз əке-шешесіне айтпай, атасына айтуынан оның индивидуалдық психикалық түйсіктік сезінулері көрінеді. Бала өзінің бұл қалауын əке-шешесіне қарағанда, атасының құптайтынын түйсінген болса керек. Осы мақала авторының «Ата, атқа мінгім келеді!» деген бала сөзін мақаланың өзегі ретінде ерекшелеп, оны ірі əрі майлы қəріптермен беруінде де, өзінің, мақала кейіпкерлері болып отырған – қарт кісі мен оның немересінің ұлттық-этникалық сəйкестікке қатысты психикалық түйсіктік сезінулерін нақты жағдаят негізінде көрсету мақсатын жүзеге асыру көзделген деп ойлаймыз.

В.фон Гумбольдт тілдің құрылымын ұлттың ойлау жəне менталдық ерекшелігімен байланысты түсіндірді. Ол: «Тілге ішкі сезімдік көңілкүй (көңіл бұрушылық) ерекше ықпал етеді. Ол қадала ойға шомуда оңашалану жолын тəуір көретін халықта жəне тілдің делдалдығын өздерінің сыртқы əрекетінде өзара түсіністікке қол жеткізу үшін керек ететін ұлтта түрліше орын алады» деп көрсетеді [6: 61]. Оның бұл тұрғыдағы ойларын В.В. Наумов келесі түрде талқылайды: «Ұлы немістің пікірінше, құрылымы бойынша «қадала ойға шомуда оңашалану жолына» сəйкес келетін флективті тілдер жағына тартқан, бір кездері Гумбольдтты ұлтшылдық тұрғысынан сынап, айыптауға түрткі болған оның атақты реверансы, шындығында, тілдің жеткізу өресіндегі өзіндік ұлттық авторлығын ғана көрсетті», сондай-ақ ол «Гумбольдттың «Тіл – бұл халықтың рухы» деген жалпыға мəлім тұжырымы ұлттық тілді иеленушілердің барлығына бірдей тəн ойлау жəне психикалық қызметінің дыбыстық материалдануындағы ерекше формасын айтып отыр. Ұлттық тілді танытатын рух (яғни, индивидтің ішкі табиғаты) жаңа тілдік құрылымдар мен формаларды тудыруы, жаңғыртуы мүмкін. Олардың тілдік жаңашылдықтың маңыздылығымен байланысты анықталатын узуста таралуына қарай, олардың тілдік жүйенің мүмкіндіктері мен нормативтік шектеулеріне сəйкестігіне қарай тілдік ұжымның тұтастай жəне, оның ішінде, нақты индивидтердің тілдің жаңаша білдіру формаларына қатынасы орнығады. Бірақ кез келген жағдайда тілдің индивидуалды интерпретациясы ұлттық санада қалыптасқан (орын алған) тілдік стереотиптермен негізделген дей келіп, тілдің индивидуалдық сипатының ұлттық негізін мына түрде дəйектейді: «тіл иеленушісі сөйлеу үстінде қолданылатын тілдік бірліктердің нормаға сəйкестілігін (немесе сəйкессіздігін) түйсікпен (интуитивно) сезінеді. Оның нақты формаларды я олардың жүзеге асырылу тəсілдерін білмеуі де мүмкін, алайда оның бұл біліксіздігі əр ұлттың өз ережелері бойынша жасалатын тілдік санасымен орнына келтіріледі, толықтырылады» деген тұрғыда пікір білдіреді [2: 78].

Тұлғаның ұлттық-этникалық сəйкестігінде белгілі тарихи тұлғалардың, қоғам, ғылым, өнер, мəдениет қайраткерлерінің орны ерекше. Мына үзінді мазмұнынан (пропозициясынан) түрлі тұлғаларды ұлттық, халықтарға қатыстылығы жағынан сəйкестендірудің нақты индивидке байланысты жүзеге асырылуы көрініс тапқан:

...Əлгі тілшінің ойсыздығына, күллі түркі халқының, исі мұсылманның мақтанышына айналған асыл азаматты кеудеге итерген келеңсіздігіне налыдық. Мұнда сөз болып отырған асыл азамат – ғарышкер Тоқтар Əубəкіров. Мысалға келтіріліп отырған осы сөздің авторы ғарышкер Тоқтар Əубəкіров арқылы күллі түркі халқын, исі мұсылман халықтардың барлығын өзара, сонымен бірге ғарышкерді түркі, мұсылман халықтарымен сəйкестендіреді. Ал оның өзін өзі сəйкестендіруі бұл контексте эксплицитті түрде орын алмағанымен, оның тарапынан айтылған осы сөйленіс мазмұынына, экспрессивтік-эмоционалдық реңкіне қарап өзін түркі, мұсылман халықтарымен сəйкестендіруі тұрғысынан болжам жасауға болар еді. Мұнда ғарышкер тұлғаның ұлттық-этникалық сəйкестігіне байланысты индивид санасының шындығы, түсінігі бейнеленсе, келесі контексте əлеуметтік-аймақтық сəйкестіліктің тұрғысындағы жайттарды аңғарылады:

...Алайда Тоқтарға залдағы белгісіз біреуден

«Сіз бұл жаққа неге келдіңіз, неге сайлауға түстіңіз?»деген жазбаша сұрақ түскенін естігенде айран-асыр қалдық. Кездесуде сөз сұрап мінбеге шыққан Қазақстанның еңбек сіңірген ауыл шаруашылығы қызметкері, белгілі су маманы Меделхан Нəлібаев жиналған халық атынан ғарышкерден əлгі сұрақ үшін кешірім сұрады, «балалардың білместігін» көңіліне алмауын өтінді. Алғашқы сөйлем сайлауға түсуші тұлға сəйкестігінде өзіндік рөл ойнайды, оның мазмұнынан сайлауға түсуші тұлға бұл жақты емес екені түсінікті болады.

Сайлауға түсуші тұлғамен кездесуді баяндауға құрылған мақаланың бұл үзіндісі келесі түрде жалғасын табады: ...Алайда сорақысы соңында болды – бұл сөйленіс баяндалатын оқиғаны бағалау мəнін қамтыған мəлімет ретінде рөл атқарады. Ал «Сөз сұрап мінбеге шыққан халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің облыстағы тілшісі Бейбітбек Бүркітбаев:

«Сіз бұл жақтан неге түстіңіз, неге келдіңіз? Біздің мүддемізді жергілікті азамат, қаланың бұрынғы əкімі Қожахмет Баймаханов қорғайды. Сол кісіге дауыс береміз. Еліңізге қайтыңыз», деп ежірейді» [7] деген контексте оқиға туралы мəліметпен бірге авторлық теріс эмоционалды реакция да, субьективтік пайым да «ежірейді» етістігі арқылы беріледі, яғни автордың айтылған ойды қолдамағаны, жақтырмағаны жанама түрде жеткізіледі. Бұл мақала авторын сайлауға түсушіні қолдаушы тұлға ретінде сəйкестендіруге мүмкіндік берумен қатар, сайлауға түсуші тұлғаның өзін бұл аймақпен біреулердің сəйкестендірмейтінін, аймақтық жағынан жергілікті азаматтарды сəйкестендіретінін танытады. Яғни, тұлға сəйкестігінде ауызша немесе жазбаша тұлғаның сөзі ерекше орын алады деуге болады.

Ұлттық жəне əлеуметтік өлшемдердің əрқайсысының тұлға сəйкестігіндегі орнын анықтау мəселесінде Бодуэн де Куртенэнің кейбір ойларын басшылыққа алуға болады деп есептейміз. Ол ұлттық тілдің тек идеяда өмір сүретінін тұжырымдай отырып, индивидтің тілдік тұрғыдан тек басқа индивидтермен өзара

ықпалдастығында ғана дамитынын алға тартады, сондықтан индивидуалдық тілдің əлеуметтік сипатына көңіл бөлуді ұсынады [8: 71].

Тілдік тұлға белгілі бір тілдің иеленушісі ретінде өзінің ұлттық сəйкестілігін танытса, сол тілдің құрылымы мен нормаларының үдесінен

саралауы ғана емес, сонымен бірге орын алған жағдаятқа тітіркеніс (реакция) білдірулерінде де өзіндік дағдылары қалыптасқан. Мұнда тітіркеніс білдірудің əрекет түрінде ғана емес сөз арқылы да жеткізілетіні біздің назарымызды əсіресе аударады.

шықпай отырып сөйлеуі кезінде немесе ойын

жеткізуде қайбір жағдаятты саралаудағы өзіндік ойлау жүйесінің ерекшеліктері арқылы индивидуалдық сəйкестігін көрсетеді. Мысалы, анықталған контексте айтылған «Олар қазақша дұрыс түсінбейді немесе қазақша білмейді» сөйленісін бір тұлға қарым-қатынас орнату үшін қиындық туғызатыны тұрғысынан айтылды деп түсінсе, екінші бір тұлға олардың тілді білмеуіне орай айтылған кемсітушілк деп түсінеді. Жалпы бұл сипатта, яғни тұлғалардың қайбір жағдаятты саралаудағы əрқайсысының өзіне тəн ойлау жүйесі олардың индивидуалдық сəйкестіліктеріне негіз болады. Бұл тұрғыда мына пікір орынды деп есептейміз: «Тіл өз иеленушілерінің психикалық жəне ойлау ерекшеліктерінің барлық көріністерін тіркейді» [2: 81].

Тұлғалардың қайбір жағдаятты өзінше

 

  1. Хойер Г. Антропологическая лингвистика // Зарубежная лингвистика. М., 1999. Т.2. с. 44 – 67.
  2. Наумов В.В. Лингвистическая идентификация личности. – М.: КомКнига, 2006. – 240 с.
  3. Уорф Б. Отношение норм поведения и мышления к языку // Зарубежная лингвистика. М., 1999. Т.1. с. 58 – 106
  4. Даниленко В. П. Общее языкознание. Курс лекций. 2-е изд. – Иркутск, 20037
  5. Өтеш Қырғызбай. Ерде отырған баланың көзіндегі нұрды көрдім // Алматы ақшамы газеті, 21 наурыз, 2010 №33-34 (4125).
  6. Гумбольдт В.фон. Избранные труды по языкознанию. 2-ое изд. М., 2001
  7. А.Əбсадықов. Əкімге еріп ғарышкерді «ғайбат-тады» // Жас алаш, №106,4.ІХ.2004.
  8. Бодуэн де Куртенэ И.А. Избранные труды по общему языкознанию. М., 1963. T. 1-2. T.2

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.