Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ауызша аударма тарихы

Тарихи деректерден белгілі болғандай, гректер басқа халықтарға менсінбеушілікпен қарап, оларды варварлар деп атады. «Жыртқыштардың» тіліне де аса мəн бермеді, ықыластана қоймады. Гректер өздерінің сыртқы əлеммен қатынасы үшін сол жырқыштардың арасынан грек тілін білетін жалдамалы тілмаштардың қызметін пайдаланды. Мұндай аудармашылар жайлы тіпті əдеби ескерткіштер де, Флавий Филостраттың (б.д.д 2 ғ) «Аполлон Тианскийдің өмірі» атты романында атап өтілген.

Гректерден бір ерекшелігі ежелгі римдіктер аудармамен кеңінен айналысты. Сондықтан шетелдіктерден, «сыртқы» тілдерден аударма жасау басым орын алды. Мұның өзі антикалық дəуірде рим мəдениетінің қалыптасуына айтарлықтай рөл атқарды. Тіпті ежелгі рим мəдениеті грек мəдениетінің жүйелі түрдегі «аудармасы» деген көзқарастар да болды. Алайда ежелгі Рим ескерткіштерін терең зерттеу барысында Рим мəдениеті алғашында өзінің қалыптасу кезеңінде грек мəдениетінің көрінісінде қуатты қолдау ала отырып, өзінің дербес даму жолына түсті.

Əйтсе де, Рим өзінің қалыптасуының бастапқы сатыларында Грециямен анағұрлым тығыз байланыс жасады. Аударманың ауқымды бөлігі грек тілінен жасалғаны да осыны қуаттайды. Бір қызығы римдіктер де өзінің тілін жыртқыштар тілі санап, грек тілін қатты құрметтеді, сол тілді білуге ынтықты, сол тілде жазуға дағдыланды. Мəселен, алғашқы римдік тарих жазушылар (б.д.д. 3 ғ. ) Квинт Фаабий Пиктор тəрізділер грек тілінде жазды. Грек тілін білу білімділіктің кепілі, гректермен дипломатиялық қатынастар қоғамдағы жоғарғы мəртебе саналып, сол кезде де аудармамен қамтамасыз етілді. Мұны Римнің ықпалды азаматтары атқарды. Бізге мəлім ең алғашқы ауызша аудармашы бұл сенатор Гай Ацилий. Сонау 155 жылы Римге Корнеад, Диоген, Криптолай т.б. философтары бар грек елшілігі келгенде ол сенатта тəржімешілік қызмет жасады.

Ауызша аударманың тарихы жазбаша аудармаға қарағанда терең. Өйткені, жазу өнері қалыптасып, дамығанша, ел мен елді, ұлт пен ұлтты өзара жақындастыруда, ортақ тіл табыстыруда ауызша аударманың үлкен үлесі болғаны анық. Əрине алғашқы аудару барысында ойды ұғыну мақсатында сөздерді мүмкіндігінше мағынаға сай жеткізу оңай болмағанда шығар. Ауызша аударманың біртіндеп қалыптасу аясында сөздерді неғұрлым дəл, айқын жеткізу, айтылған ойды айнытпай түсіндіру де біртіндеп сипат ала бастады. Ауызша аударма сыртқы байланыстарда (сирек жағдайда ішкі байланыс, Вавилондағы тəрізді) қызмет етті. Ауызша аудармалар (мəселен Египеттегі сияқты) кəсіби касталарды құрауы да, не болмаса бұл рөлді жол-жөнекей атқаруы да мүмкін. Мысалы Римдегідей бір мезгілде ірі қоғамдық қайраткерлер болуы немесе Грециядағы тəрізді (варварлар) жыртқыштар қатарынан қажеттілікке сай жинақталуы мүмкін. Қалай дегенде де ауызша аудармашының қай дəуірде де дəурені жүріп тұрды. Мысалы ежелгі уақытта еуропалық мемлекеттердің қалыптасу аралығында дипломатиялық байланыстарды орнықтыруда олар айтулы орын алды. Бүгін дəлелденіп жүргеніндей, шығыс мəдениетінің, ғылымының шарықтай көтеріліп, Еуропаға қарай біртіндеп таралуының түпнегізінде тəржімешілік, тілмаштық қызметтің рөлі айқын. Ежелгі саяхатшылардың жазып қалдырған еңбектерінде көз-көрген оқиғалардан басқа дерек, мəліметтердің келтірілуі, сөз жоқ, арадағы дəнекер ретінде бірден-бір тіл білетін, жол білетін тілмаштар ықпалы болғаны шындық. Бір ғана мысал: грек, рим ақын-жазушы, философ, тарихшыларының еңбегінде сақ (скиф) елі жайлы қандай да бір деректің кездесіп отыруы жайданжай емес. Тарихи дерек куəландырып отырғандай, олар шет елдік (яғни сақ, ғұн аудармашыларын) пайдаланып отырған.

Тілмаштар қалыптасқаннан кейін, аудармашылықтың күнделікті өмірге, ел тірлігіне, мəдениетіне, экономикасына, саясатына, сауда ісіне сан-салалы қарым-қатынасына жарап, қызметі де, мəртебесі де артты. Ол біртіндеп ресми қызмет аясына еніп, мемлекеттердің бірбірін тануында рөл атқарды. Мысалы XVIII ғасырда Еуропада алғаш рет ауызша аудармашы қажеттілігі сезілген жағдайда шынайы ынтаықылас туғызған заңгер Петрус де Боско болды. Ол Парижде шығыс тілдерінен аударатын ауызша аудармашылардың арнайы жоғары мектебінің ашылуына тікелей ықпалын тигізді. Сонымен бірге Филипп IV патшаға мұндай мектепті құрудың қажеттілігіне негізделген еуропалық мəдениеттің Шығысқа қысым көрсете бастауына куəландыра келе, оқытудың үлгілі бағдарламасын ұсынды.

Ауызша аударма əркез бір ғана негізгі мақсатты көздеді, ол – адамдарға барынша түсінікті ұғымдағы ақпаратты жеткізу. Бұл үшін қалыптасқан дағды, білім, білік, қабілет, сөйлеу шеберлігі талап етілді. Ауызша аудармашы қызметінің аясы əлі күнге шектеулі. Шектеу лі болу себебі, ол қажеттілікте ғана қолданылады.

Аударманың жасалу мүмкіндігіне ХХ ғасырдың басында лингвистикадағы психологиялық бағыттарды қалыптастыруға байланысты күмəн туындады. Көп жағдайда ауызша аудармада оның дəлдігіне, жақындығына, мағыналық сəйкестігіне белгілі бір дəрежеде нашар орындалған жағдайда күмəн қалыптасқаны да белгілі.

Қазақ хандығының, қазақ елінің ежелден көрші елдермен кең ауқымда сауда, экономикалық, саяси, дипломатиялық қарым-қатынастарында тілмаштық қызмет үлкен рөл атқарған. Тіпті кейбір хандарымыз (Абылай хан) көрші елдердің тілдерін жақсы білген. Ресми хаттарда да жазу мəдениетін жақсы меңгерген. Көрші мемлекеттермен елшілер арасындағы кездесулерде арада екі тілді білетін тілмаштар жүрген. Солардың есімдерінің де тарихта қалмауы осы үлкен жауапкершілігі зор кəсіптің қадірін кезінде жете түсінбеушілік болса керек. Дегенімен, сол тілмаштар ел мүддесіне, ханға шынайы берілген адамдар болған. Өйткені ел тарихында қандай хандық дəуірде де елдік мүддені сатып кеткен, болмаса, елшілік дауын туғызған тілмаш жайлы дерек кездеспейді. Ресейдің қазақ жерін отарлау саясатына байланысты тілмаштардың қызметі мен беделі арта түскені белгілі. Өйткені патша əкімшілігі тілмаштарды өз мақсатына пайдаланған. Мол ақша жəне жергілікті бай-болыстардың қомақты тартуына дəніккен тілмаштар үшін ел мүддесінен гөрі билеушілердің зұлым пиғылдарын қолдап, қоштау басым еді. Сондықтан да Абайдың:

«Я тілмаш, я адвокат, Болсам деген бəрінде ой» деп күйінетіні де – аудармашылық өнерді меңгеріп, ел мəдениетіне қызмет етуден гөрі, тілмаштық кəсіпті жеке басының баюына құрал ететіндерге қарсылық. Абайдың: «Ойында жоқ бірінің Салтыков пен Толстой»

деп əдебиет əлеміне бет бұрғызуының астарында көркем аудармашылыққа ден қоюды көздеп отырғаны анық.

Ресей отарлығы кезінде тілмаштардың дүмбілезділігі, бұра тартушылығы, ақшаға, малға малданып, отарлаушыларға қызмет еткені сол кезді баяндайтын шығармаларда да аз айтылмайды.

XX ғасырдың басында тілмаштық кəсіпті қалай ермек еткендер жайлы А. Байтұрсынов та жазған: «Бұлардың 5-6 жыл оқып білгені шалашарпы орыс тілі, шала-шарпы орыс жазуы... Переводчик, хатшылық орын-морын табылса жарады, табылмаса елде тұрып, тіл де, жазу да ұмытылып, оқымаған қалпына түседі... «аз білімін көпсініп, көп қазаққа епсініп», переводчик я хатшы болса, пысықсып тінектейтіндер осылардан шығады». Бұдан сол кездегі тілмаш тың бет-бейнесі аңғарылады. Өркениетті, озық елдер аудармашылықты ішкі саясатта, мəдениет, білім, ғылымда қолданумен бірге, басқа мемлекеттерде өз мүддесін жүргізуге де пайдаланған. Аудармашылық кəсіпке фашистік Германиямен болған соғыс жылдары ерекше көңіл бөлінді.

Қазіргі уақытта халықаралық саяси ірі шараларда аудармашылар жұмысының маңыздылығы арта түсуде. Озық, өркениетті елдер аудармаға ерекше мəн берген. Əлем халықтарының, көрші елдердің тілін білу, үйрену мəселесін ыждаһатты түрде қолға алып отырған. Сондықтан оларда аударма түрлері дамып, аудармашылық мектептер қалыптасып, жетілдірілуі елді өзге мемлекеттермен байланыстыруға əрі өзге елдерге сол мемлекетті жете таныстыруға негізделген.

Жазба өнері қалыптасқанға дейін де, ел мен елдің, адам мен адамның өзара қарымқатынасында, байланысында ауызша аударма қызмет жасады. Ауызша аударма тарихын зерттеуші М.Снекл-Хориби Ежелгі Египетте аудармашыға соншалықты менсінбей қарау оның жексұрын жыртқыштар (варварлар) тілінде сөйлегендігінен деп санайды. Көп уақытқа дейін оған жеккөрінушілік көзқарас қалыптасты. Мұнда тілмаштар белгілі кəсіби қауымды құрады. Египетте бірінші аудармашы – Анхурмес (Тунистің жоғары абызы).

Бүкіл əлемде аудармашылар кəсіби одаққа, қауымдастық пен бірлестікке біріккен. Мұндағы мақсат – кəсіби құқықты қорғау, мəртебені нығайту, ақпарат алмасу, кəсіби тəжірибе алмасу. Солардың арасында анағұрлым белгілі халықаралық ұйымдар: Аудармашылардың Халықаралық федерациясы, Ауызша аудармашылардың халықаралық қауымдастығы, Əдеби аудармашылардың европалық қауымдастығы. Аудармашылар одағы əр елде бар. Мысалы АҚШ-та Американ аудармашылар қауымдастығы, Германияда ауызша жəне жазбаша аудармашылардың федералдық одағы жəне көркем жəне ғылыми əдебиеттер аудармашыларының федералдық одағы бар. Ресей аудармашылар одағы 1991 жылы құрылып, 1993 жылы Халықаралық аудармашылар федерациясы құрамына кірген.

 

  1. Алексеева И.С. Профессиональный тренинг переводоведения: Учебное пособие по устному и письменному переводу. СПб., Изд. «Союз», 2003 – 288 с.
  2. Миньяр-Белоручев Р.К. Как стать переводчиком. М., 1994.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.